Қазақтардың рухани әлемі:
әл-Фарабиден Абайға дейін
көзқарасында европалық қоғамдық философиялық ойды үлгі тұтып,
католицизмді шынайы руханилық пен құндылықтық-мәндік идеал-
дарды сақтаушы ретінде қарастырды, сондықтан да ол «христиандық
социализм» деп сипаттаған ұстанымға келген.
Концептуалдық тұрғыда Ш.Ш. Уәлихановтың қазақ қоғамының
келешектегі прогресивті әлеуметтік-саяси өзгерісі мен оның арт-
та қалушы мешеулік жағдайдан шығуы әлемге, адам мен қоғамға
деген көзқарастың өзгеруіне тәуелді, яғни қазақ қоғамы мен оның
өкілдерінің дүниетанымының өзгеруімен, оның білімді болуымен
байланысты деген көзқарасы, батыс европалық Ағартуға ұқсас
келетін. Ол былай деп жазған:»...біздің тұжырымымыз европалық,
әрісі жалпы адам баласына тән ғылым-білім бұлағынан нәр алу-
да, сол мақсатқа жету жолындағы бөгеттермен батыл күресу.
Бұл дамуға, мәдениетті өрістетуге қабілетті қандай да болмасын
халықтың түпкі мақсаты болу керек... Қырғызды европалық қайта
туындау идеясын қабылдайтын қабілеттілігін арту үшін, оған ал-
дымен білім беру арқылы ой қабілеттілігі мен жүйке жүйесін
жетілдіру керек» [6, 80 б.].
Ш.Ш. Уәлихановтың ағартушылық идеологиясы жалпы қоғам-
ның және оның әрбір жеке өкілінің дүниетанымының өзгеруі
арқылы қоғамдық сананы өзгерту туралы тезисті негізге алған. Оның
пікірінше, жаңа идеяларды енгізу арқылы әрбір адамға білім беріп, са-
насын өзгерту арқылы қоғам мен адамның материалдық-экономика-
лық жағдайын, әлеуметтік-мәдени дамуын, құндылықтық-мәндік
мазмұнын және практикалық қызметін өзгертуге болады. Білім,
қоғамға ағарту арқылы білімді сіңіру – міне, бұл Ш.Ш. Уәлихановтың
ағартушылық қызметінің бастауы әрі теориялық өзегі.
Әлем мен адамға деген жаңа көзқарас қоғам өміріндегі мәнді
қарама-қайшылықтарды байқап, оларды туғызатын қайнарды
түсінуге, қоғамды әлеуметтік және мәдени жетілудің бұрынғыдан
басқа деңгейіне шығаратын жаңа өзгерістердің мәнісін негіздеуге
мүмкіндік бермек. Уәлихановтың ой қуатының дәл осы жер-
де шоғырлануын оның «Қазақтардағы бақсылықтың қалдығы»,
«Сахарадағы мұсылмандық туралы», «Сот реформасы жайында хат»
сияқты толысқан кезде жазған шығармаларынан анық байқаймыз.
Бұл тұста оның классикалық ағартушылықтан айырмашылығы бар
ма? Жоқ. Бірақ оны Ағарту идеологиясының принципті-түбегейлі
ұстанымын қайталағандардың бірі деуге болмас. Ол ерекше тұлға
және Уәлихановтың ерекшелігі – оның қоғамдық ой тарихында
алғашқы рет қазақ қоғамының дүниетанымының мәнісі неде? және
оның негізінде не жатыр? деген мәселені көтеруінде.
4 Қазақ ағартушылығы дәуірі қазақ халқының руханилығының
дамуы кезеңі ретінде
161
Ш.Ш. Уәлихановтан бұрын ресейлік ғылыми қауымда да,
батысевропалық шығыстануды айтпағанда, орыстың шығыстану-
ында да ешбір адам мұндай мәселелерді көтермеген еді. Олар
«қырғыздар шаманизммен араласқан Мұхаммед дінін ұстанады»
деген қарапайым дерекпен шектелетін. Мұндай деректі білетіндер
қалыптасқан пікірдің тар шеңберінен шықпайтын, ал бұл қазақ
қоғамы қаншалықты ислам дініне берік және қандай исламды
ұстанады деген сұрақтарға жауап іздеуге мүмкіндік те бермейтін.
Ш.Ш. Уәлихановтың пікірінше, мұндай сұрақтарға жауап ал-
май, әлеуметтік прогреске қарай жылжу үшін қоғам мен жеке
адамның қоғамдық санасы мен дүниетанымын қалай өзгертуге бо-
латынын түсіну де мүмкін емес. Өзгеретін нәрсенің мәнісін ұғынбай
өзгерістерге қалай, қандай құралдар арқылы жетуге болады де-
ген сауалдарға жауап алу мүмкін емес, яғни өзгерістің үдерісін де,
оның тәсілдерін де, түрлері мен мақсатқа жету жолдарын да зерттеу
мүмкін болмайды.
Ш.Ш. Уәлиханов қазақ қоғамы үшін қандай дүниетаным тән
болған және оның когнитивтік, құндылықтық-мәндік маңызы неде
деген сауалдарды қойғанда, мұндай анықтаманы берген кезде оның
мазмұнын да таратып ашып беру керек деген өзіне тән пікірін
айтады. Дегенмен де, қазақтар мұсылман деп айтатындардың
ешқайсысы қазақтардың дүниетанымында бақсылықтың араласу
қандай сипатта болғанына мән бермеген. Ал бұл, оның пікірінше,
өте маңызды мәселе, өйткені аталған құбылыс ол кезде ашық
жатқан және зерттелуі кем кеңістік болатын, онда белгісіз нәрселер,
қара дақтар, жабық жерлер көп еді, бір таңқаларлығы олар қазірге
дейін сақталып отыр.
Қазақтардағы шамандықтың (бақсылықтың) бір ерекшелігі
оның қазақ дүниетанымына етене сіңіп кетуінде және ол
монғолдарда сияқты буддизмнің әсерімен теріске шығарылып,
сырттап қалған жоқ. Керісінше, ол «исламдық» деп анықталатын
дүниетанымның өзегіне, дүниетанымдық негізіне айналды.
Ш.Ш. Уәлихановтың пікірінше, қазақтарда шамандық салт-сана
«мұсылмандық наныммен мидай араласып, ортақ – мұсылман атты
дінді құрайды. Қазақтар әуелде Мұхаммедті білмей тұрғанда да
Алла мен аруаққа бірдей табынды, мұсылман әулиелерінің басы-
на құрбандық шалып, бақсылардың құдіретіне де сенді, пайғамбар
ұрпақтары қожаларды да құрмет тұтты. Халық отқа табынды, ал ша-
мандар болса онгондармен қатар, мұсылмандардың періштелерін
де шақырып, Алланы да мадақтады» [7, 49 б.].
Татар және орта-азиялық дінбасылардың миссионерлік
қызметінің арқасында Сперанский басшылық еткен ресейлік
162
Қазақтардың рухани әлемі:
әл-Фарабиден Абайға дейін
әкімшіліктің қазақ даласына әкелген исламның формасы,
Ш.Ш. Уәлихановтың пікірінше, қазақ халқы үшін жат еді. Ол ха-
лық арасына тамырын тереңге жібере алмады, өйткені біріншіден,
«мұсылман заңдарын қырғыздар ешқашан қабылдамаған және олар
сахараға сыртқы бұйрықтардың бюрократиялық кереметтерімен
қоса үкіметтің бастамасымен келді» [6, 99 б.]. Екіншіден – қазақ
ағартушысы жазғандай, қазақ халқының көпшілігі қараңғы, сау-
атсыз және діндарлардың біразы да зиятты білімінің деңгейімен
ерекшеленбейді, сондықтан, Кітаптың дінін де, мәдениетін де олар
мазмұнына емес, сыртына қарап, жеңіл қабылдады. Сондықтан,
Ш.Ш. Уәлихановтың пікірінше, Құранның Сөзі далалықтар үшін ой
ретінде емес, тәңіріліктің көне ұғымдарын жасырып тұрған әуезді
дыбыс, түсініксіз сөздер тізбегі ретінде қабылданды [7, 49 б.].
Ол, сенім негіздері «мұсылмандық жалғыз құдайшылықтан
соққы алған» қазақтардың исламды үстірт, формалды, сырт-
тай қабылдағанын және олардың сенім негіздері шынайы мәнді
түрде қабылданатын дінге айналмағанын мойындады. Ұлтының ең
көрнекті өкілінің анықтамасы бойынша, қазақ халқы «екі сенімді
ұстану» жағдайында өмір сүрді және тарихи таңдаудың алдында
тұрды, ол туралы ол былай деп жазады: «Қазіргі кезде ескілік пен
жаңашылдықтың көзге көрінбейтін күшті күресі жүріп жатыр:
шығысқа еліктеуші мұсылмандықтың және орыстың» [8, 303 б.].
Көне Даланы мекендеп, көшпелі өмір сүру салтымен «кәміл тұ-
тастығында» және «байланысында» шамандық идеяны сақтап келе
жатқан қазақтардың «бақсылық» дүниетанымын қалайша сипат-
тауға болар еді?
Т. Карлейльді қайталай келе Ш.Ш. Уәлиханов та шамандықтың
идеясы – адамның табиғат күштерін көріп таңдануының аса биік
түрі – табынуы және ол жалпы да, жеке де алып қарағанда табиғатты
«құрметтеуі», «аялауы» болып шығады деген пікір айтады. Мұндай
дүниетанымда табиғат өзінің сезімдік әсерін ғана көрсетпейді, со-
нымен қатар ол – адамның сарқылмас және тұрақты таңдануын
шақыратын рухтандырушы өмірлік бастау. Ол – өмір мен өлімнің
жұмбағын жасырған құпия, әмбебап ғарыштық болмыстың ғажабы,
адамның өмірлік күш-қуатының қайнар көзі. Бұл контексте, «қазір де,
бұрын да таңдану адамдарды философиямен айналысуға шақырады»
дегенді айтқан, соған сүйеніп, ары қарай, ол – танымның бастауы
және адамға әлемді ашатын ақиқатты тануға деген ұмтылысының
қажырлы күш-қуаты деген Аристотель еске оралады [9, 69 б.].
Бұл дүниетанымның ішіндегі адамның өзі – тағы бір ғажап.
Біріншіден, бұл өмірде ол – өзі «уақыт сияқты мәңгі, ол өзі көк аспан,
4 Қазақ ағартушылығы дәуірі қазақ халқының руханилығының
дамуы кезеңі ретінде
163
көк тәңірі деп атаған тылсым күштің бар екенін байқаған» табиғатта-
ғы барлық нәрсеге табынып, таң қалатын жан [7, 50 б.]. Екіншіден, адам
өлгеннен соң өзінің ұрпақтарына ықпал ететін аруаққа айналады.
Фәни өмірде өзіне түсініксіз Көк Тәңірі күшінің ықпалы сон-
шалықты күшті болғандықтан «пәк сәбидей» адам, ал қазақ
Даласының адамы нақ осындай болған, өзінің ғарышпен қатынасын
реттейтін ережелерді орнатып, соларды сол күшпен қарым-
қатынаста басшылыққа алуы тиіс еді. Сондықтан тәңіршілдік – та-
биғатпен бірге өмір сүрген, оны қастерлеген, оған туған сәтінен ба-
стап өлгенше дейін табынған адам үшін шынайы әрі тірі дін.
«Ол табиғаттың ерекше қолдауымен ғайыптан жаралып, кейін
оның қаһарынан өлуі де мүмкін еді, – деп жазады Ш.Ш. Уәлиханов,
– бірақ өлгеннен кейін ол табиғаттың билігінен құтылып, аруаққа,
онгонға, еркін тәңірге айналып кететін» [7, 51 б.].
Сонымен, бұл дүниетаным дәстүрлі қазақ қоғамындағы «Адам
– Әлем» байланысын ұғынудың өзгешелігін танытады және ол,
Ш.Ш. Уәлихановтың пікірінше, бір жағынан материализм болса,
екінші жағынан – спиритуализм болып табылады, өйткені адам
өлгеннен кейін аруаққа айналады дегенге сенеді. Адам жер бетінде
өмір сүргенде Тәңірдің билігін мойындайды және о дүниелік өмірде
жазасын күтпейді, өйткені табиғат оны күнәлары үшін осы дүниеде
жазалайды, сондықтан адам табиғатта табиғи тіршілік етудің
адалдық кодексін жасап алады.
Өзінің бірқатар әдет-ғұрыптары мен салт-жоралары арқылы ол
табиғатпен үйлесімді қарым-қатынас жасауды бекітіп, оны орын-
дауды талап етеді, оны қастерлеп, оған құрметпен қарау этика-
сын дәріптейді, ал табиғи заттар әлемінен озғаннан кейін, тылсым
әлемге өзіне лайықты жолмен – рухани тіршілік иесі ретінде енеді.
Сондықтан, қазақ қоғамының дәстүрлі дүниетанымы үшін ата-ба-
балар аруақтарын құрметтеу, о дүниеге шығарып салғанда салт-
жораларды сақтау және т.б. ұжымдық көшпелі өмір сүру салтының
күрделі және қиын жағдайымен тікелей байланысты, қатар жүретін
ережелерді қатаң сақтау аса маңызды еді.
Тәңіршілдік адамды қоршаған табиғи ортаға негізделген көш-
пелі өмір сүру салты мен оның діни тәжірибесінің көрінісі, сол ор-
тада Ғарыш күндіз көшпендіні күннің жарық сәулесімен жылытса,
түнде Далаға Айдың суық жарығын түсірген, ал сансыз жұлдыздар
жайлаудан қыстауға аттанған көштің жолын көрсетумен қатар,
әлемнің шексіздігін терең сезінуге мүмкіндік беретін.
Бұл дүниетаным, Ш.Ш. Уәлихановтың және басқа да философия
тарихын зерттеушілердің пікірінше, «нәрестелік күйдегі» адамға
164
Қазақтардың рухани әлемі:
әл-Фарабиден Абайға дейін
тән, ол – табиғат пен адамдардың құрған қарым-қатынасында ашық,
табиғи болады және өз болмысын мәдениеттен үйренген айламен
жасыра алмайды және бұл дүниетаным қазақ қоғамының бірлігін
нығайтады. Ұзақ уақыт бойы ол қоғамды ұйытып, табиғаттың қиын
маусымдарына шыдас беруге, ыстығы мен суығын жеңуге, тіршіліктің
кепілі – малды сақтап, көшпенді өмірдің қиын жағдайында тіршілік
етудің негізі ретіндегі қоғамдық қатынастардың ұжымдық форма-
сын құқықтың, адамгершіліктің және қарым-қатынастың дәстүрлі
түрлерімен ұштастырып, қолдануға мүмкіндік берген.
Патшалық самодержавиенің қоғамдық санаға бюрократтық
енгізу тетіктерін зорлықпен қолданып, қазақ Даласында дәстүрлі
дүниетанымды әлсіретіп, оның орнын исламмен алмастыру-
ына озық ойлы ғалымның қарсы болуы заңды еді. Ресейлік
самодержавиелік билік қазақ Даласын уысында ұстау үшін
идеологиялық ықпал мен басқарудың жаңа түрін ислам діні
арқылы енгізе бастады және ислам діні кездейсоқ таңдалды,
өйткені оны халық әлі таңдауға дайын болмаған жерлерде енгізді.
Бұл таңдауды Ш.Ш. Уәлиханов түсінбеген.
Қазақ дүниетанымының төзімділігі мен балғын балалық аң-
қаулығын пайдаланып, діннің өзге түрін де енгізуге болатын еді,
мұны М.М. Сперанскийдің өзі де атап өтеді. Бірақ таңдау исламға
түсті, бәлкім, қазақ ағартушысының пікірінше, ресейлік бодандықты
алып, Ресей империясының бір бөлігіне пұтқа табынушы немесе
жікшілдікке бейім халықтың өтуі «сыпайылыққа» жатпас еді, ал
қазақтың ішіне христиандықты енгізу сол кезде саяси ағаттық болар
еді [6, 99–100 бб.].
Ш.Ш. Уәлихановтың ислам жөніндегі сыни пікірлері тым қатаң
еді. Кімнің тарапынан шықса да – татар молдаларынан ба немесе
орта азиялық миссионерлерден бе, бәрібір, ол надандыққа жаны қас
еді және ол надандықтың кез келген түріне қарсы шығатын, ол қай
жерде енгізілсе де, – көшпелі мектептегі балалар арасында ма (ау-
дармасыз және түсіндірусіз таяқ пен жаттау арқылы оқытатын), сот
ісінде ме, басқаруда ісінде ме, бәрібір. Ш.Ш. Уәлиханов барымта мен
ұрлықты жоюмен және Далада құқықтық реттеу жүйесін орнату-
мен айналысып жатқан ресейлік әкімшілікті қазақ ауылының білім
беру жүйесін ислам діндарларының қолына беріп қойғаны үшін
қатты сынады. Ал ол, негізінен, надан татар молдалардың қолында
еді. Тәжірибелік және экспериментальды ғылымды дамытудың
нәтижесінде алынған білімді емес, соқыр нанымдарды бекітетін
исламның қасаң қағидаларын басшылыққа алған олар, поэзияны, та-
рих пен философияны жоққа шығарып, қазақ халқының зиятты және
4 Қазақ ағартушылығы дәуірі қазақ халқының руханилығының
дамуы кезеңі ретінде
165
адамгершілікті дамуын жаңа деңгейге көтермеді, іс жүзінде оны па-
рамен, өтірікпен, екіжүзділікпен және «жабайы ырымшылдықпен»
бұзды [6, 100–103 бб].
Ш.Ш. Уәлиханов Даладағы ислам дінбасыларының әлеуметтік
рөлін сынаған жалғыз адам емес. «Бұл заманның молдалары хакім
атына дұшпан болады. Бұлары білімсіздік, бәлки, бұзық пиғыл,
әл-инсан ғәдду ләма жәһилгә хисап. Олардың шәкірттерінің көбі
біраз ғарап-парсыдан тіл үйренсе, бірлі-жарым болымсыз сөз бахас
үйренсе, соған мәз болып, өзіне өзгешелік беремін деп әуре болып,
жұртқа пайдасы тимек түгіл, түрлі-түрлі зарарлар хасил қылады
«һай-һой!» менен, мақтанменен қауымды адастырып бітіреді» [10,
124 б.], – деп жазған ұлы Абай да осы ойды айтқан.
Бірақ, шығармашылығында халыққа білім беру мен халықты
ағарту ісінде исламды діни институт ретінде енгізудің рөлдік және
функционалдық қырлары басым Ш.Ш. Уәлихановқа қарағанда,
Абайдың әлеуметтік философиясында ислам діні сынға ұшырайтын
мұндай сыртқы көрінісінен ғана қарастырылмайды, ол басқа – терең
метафизикалық тұрғыда қарастырылады. Ол адами болмысты
құдіреттің биігіне көтеріп, адамды адамгершілікке жат айыптардан
арылтып, әділ, шын және ізгі өмір сүруге мәжбүрлейді.
Ш.Ш. Уәлихановтың татар молдалары мен орта азиялық мис-
сионерлерін, олардың уағыздарын қатаң сынағанына қарап, оның
қасаң қағидалы, адамды топас қылатын исламға қарсы шыққанын
байқаймыз, өйткені ислам діні қоғамның жаңа рухани күшіне айна-
луы тиіс еді. Демек, қазақ қоғамының қоғамдық санасына енгізіліп
жатқан исламның дәл осындай түрін ол құптамайды, өйткені ол діни
қызметкерлердің білімді «алтыншы ғасырдағы көшпелі арабтардың
ырымы»[6, 102 б.] деңгейінде қасаң қағидалар түрінде қалай
уағыздағанын көрген еді. Сондықтан да болар Даланың реформато-
ры қызбаланған сезіміне ерік беріп, табандылықпен былай деп жа-
зады: «Бірақ біз, кез келген білімге жаны қас дінге үкіметтің қамқор
болмауын, үрей мен ұрып-соғуға негізделген теологиялық заңдарды
далаға зорлықпен енгізбеуін өтініп, талап етеміз» [11, 74 б.].
Жоғарыдағы пікірлерге қарап, Ш.Ш. Уәлиханов діни мәдениет
пен діндарлықтың кез келген түріне қарсы болған немесе ол ате-
ист болған деп айта аламыз ба? Немесе ол пұтқа табынушылықтың
өзгеше жаңа түрін жақтаған ба? Ш.Ш. Уәлиханов өзінің ой стихия-
сында еркін еді, ол – еркіндікті жақтаушы және догмалық ойлаудың
кез келген түрі мен көрінісіне қарсы. Өз халқының мәдениетінің
нағыз өкілі ретінде тәңірілікті – «нәрестелік күй» кешкен адамға
өмірлік, рухани қуат беретін күш деп білген және ондай күш белгілі
166
Қазақтардың рухани әлемі:
әл-Фарабиден Абайға дейін
бір ырымдардың болуына қарамастан, тәжірибесіз болса да білімге
құмар ақылға танымның жаңа көкжиектерін ашып, жаңа ғылыми
білім алуға мүмкіндік беретін.
Бұған қоса, Уәлихановтың пікірінше, «біздің қоғамдық даму
түрлері ең биік мәдени дамудың нәтижелеріне өте ұқсас өнерсіз
кезеңде тұр», [6, 81 б.], сондықтан ол тарих әлі өзінің ең асқақ
жетістіктерін жазуы мүмкін ашық парақ тәрізді. Дәл осы себептен
қазақ Даласының ағартушысы әрі прогрессті жоқтаушы мынадай
сауал қояды: «Қырғыздарды бұрынғы жағдайында қалдырған дұрыс
сияқты. Олардың табиғи дарындары – тұрақтылығы мен елгезек
ақылы – әрекет еткен кезде діннен тастай тірек табады, кейін быт-
шыты жығып жатады, және ...және олардың көпшілігінің прогресі
адымдап алға жылжыса да, кейбірі кері кетіп, теріс жолға түсіп жа-
тады» [8, 303 б.].
Бұл мәнде өзінің таңдану рухымен әлемге өміршеңдік көз-
қарасымен қарайтын қазақтардың дәстүрлі дүниетанымы бур-
жуазиялық қоғамның әлеуметтік прогресін соңына ерткен
ғылымдағы ізденгіш ақылдың жаңалық ашуға құштар рухына, мы-
салы жаңа европалық жаратылыстанудағы ашылған жаңалықтарға,
жақын тұратын. Ал, Қазақстанда енгізіліп жатқан ислам бұдан тым
алшақ еді. Ш.Ш. Уәлиханов бұл туралы қапаланып былай деп жа-
зады: «Сахарадағы жаңа діни бағыттың болашақ үшін берекелі бо-
ларын Құдайдың өзі біледі... Даланың еліктегіш ұлы болған қырғыз
белшесінен батты (исламға) және Құранға қайшы келетін басқа
нәрсеге иланбайды. Ән айту, ежелгі аңыздар, күрес, әйелдің еркіндігі,
жұртпен бірге көңіл көтеруі – бәрі қолданыстан қалып барады...
Қариялар жаңашылдыққа шағым айтуда; әйелдер шалдардың пікірін
жасырын қолдаса да, жастардың көпшілігі екі ойлы...» [8, 303 б.].
Ол қазақ даласына исламды енгізу үшін жақтастарының жүре-
гін жаулап алу мақсатында ислам дінбасылары қолданатын түрлі
зорлықшыл әрі әуесқой тәсілдерді де құп көрмеді. Мұндай сын-
ды қолдаған жөн, өйткені осындай жолмен жаңа дүниетанымды
телу қазақ қоғамын прогреске шығармай, тұралауға әкеліп, оның
прогресивті дамуының ең маңызды шарттарын жойып жіберетін.
Бірақ, басқа жағынан алғанда, татар молдалары мен орта азиялық
миссионерлердің әрекеттері отаршыл білікке халықты ағарту,
материалдық дәулетін арттыру мәселесіне басын ауыртпай,
керісінше, оны топастандырып, өзіне қолайлы бағытта басқаруды
жеңілдетуге мүмкіндік берді.
Дегенмен де, Қазақстанда ислам дінін енгізуге байланысты атал-
ған дүниетанымдық және әлеуметтік-мәдени жағдай, Уәлихановтың
4 Қазақ ағартушылығы дәуірі қазақ халқының руханилығының
дамуы кезеңі ретінде
167
пікірінше, Қазақстандағы әлеуметтік гуманитарлық дамуды тежеп,
оның әлеуметтік прогресіне бөгет келтірген екен, ал біздің назары-
мызды қазіргі заманға аударады, яғни Қазақстанның байтақ даласы-
на ислам дінінің ренессанстық қайта оралуына, қазақстандықтардың
жүректері мен ақылдарын жаңадан жаулап алу мәселесіне аудара-
ды. Бұл тұрғыда Ш.Ш. Уәлиханов ерекше өзекті болып көрінеді.
Тоталитарлық идеологияның темір құрсауынан шығу, қоға-
мымыздың идеологиядан арылу кезеңі, әлемдік және жергілікті
ауқымдағы дағдарыстар ең жоғары құндылықтық-мәндік бағдар-
лардан айырылу одан да зор шығындарға жолықтыруы мүмкін
екенін көрсетті және олар тәрбие мен мәдениетті ғана емес, қоғамның
қаржылық-экономикалық дамуына да әсер етеді. Жеке тұлға да,
қоғам да ішкі рухани мазмұнсыз толыққанды қызмет ете алмайды,
ал ондай мазмұнның қайнар көзі әдебиетте әртүрлі түсіндіріледі.
Егер қоғам мен адам руханиятының қайнар көзі тек қана дінде
және діни тәжірибенің нәтижесінде ғана руханилыққа қол жеткізуге
болады және рухани мазмұн жүзеге асады деген көзқарасты
құптасақ, онда дін және діни ұйымдар өкілдерінің, әсіресе, ислам
өкілдерінің барлық адамдардың ақылы мен жүрегін жаулап алғысы
келетін ұмтылысы түсінікті болар еді. Өйткені Қазақстан бұрыннан
бері ислам тараған аймаққа жатады. Егер де, руханияттың қайнар
көзі мәдениетте және оның ең маңызды бөліктері – өнерде, музыкада,
философияда және т.б. деген көзқараста болсақ, онда руханилықты
қалыптастырудағы діннің орнын, діни танымның шекарасын анық-
тап алуымыз қажет болады.
Бүгінде бірінші көзқарасты жақтайтындар исламның қазақ
мәдениеті мен дәстүрлі қазақ қоғамында тарихи тамырлары бар
дегенді алға тартады. Және біз Қазақстан жерінде исламның еніп,
мемлекеттік идеологияға айналған тарихи кезеңдерін де жақсы
білеміз. Ол дін ханафия мазхабы түрінде қабылданды және Қазақстан
бір кезде ислам әлемі мойындаған сопылықтың орталығы болған.
Сондықтан да қазақтардың ұзақ тыйым салу кезеңінен кейін, ең ал-
дымен, ислам дініне, ислам құндылықтарына бет бұруы, бүгінгі ис-
лам ренессансы – тарихи шындықты және адам құқығын қалыпқа
келтірген заңды құбылыс.
Екінші көзқарастағылардың пікірінше, қазақ қоғамы мен қазақ
мәдениетінде, Қазақстанда исламның тарихы тереңде жатыр деген-
дермен келіспей, исламның тамыры соншалықты терең емес дегенді
айтады. Бұған қоса олар қазақ халқының рухани мәдениеті үшін
ислам шектелген, үстірт құбылыс дейді, дәл осылай бұл туралы өз
заманында Ш.Ш. Уәлиханов та жазған және біздің тарихымыздың
168
Қазақтардың рухани әлемі:
әл-Фарабиден Абайға дейін
идеологиялық дамуындағы атеистік кезең мұндай пікірді одан әрі
асқындырып жіберді.
Егер XIX ғасырда Ш.Ш. Уәлиханов қазақтың ақылы мен жүре-
гіне терең бойлаған исламды көрмесе, онда XIX ғасырдың екінші
жартысындағы, толығымен ХХ ғасырда, ХХІ ғасырдың жиырма-
сыншы жылдарында оның тарихында, мәдениетінде, әлеуметтік-
экономикалық жағдайында болған революциялық өзгерістердің
ықпалымен оның тіпті болуы да мүмкін емес қой. Жалпы қазақ
халқы исламға төзімділікпен, дұрыс қарайды. Ол жоғарыда айтылған
ислам формасына енген дәстүрлерді жалғастыруда, бұл оның діни
тәжірибесінен, салт-жоралғыны орындауынан, мысалы сүндетке
отырғызу, жерлеу т. б. діншілдігінен көрініс табады.
Ш.Ш. Уәлиханов бүгінде әлі өзекті, дүниетанымымыз үшін
қажет, өйткені ол алғашқы болып қазақтардың дүниетанымының
мәнісі туралы, оның діншілдігінің сипаты туралы мәселе көтеріп,
бұл құбылыстарды терең ұғынуға шақырды. Ал кеңестік әдебиет жар
салғандай ол атеист болды ма? Оның исламды сынауы жаугершілік
материализм сипатында ма? Сондай-ақ, оның ағартушылық қызметі
дінге қарсы сипатта болды ма? Біз бұл сауалдар төңірегінде қайта ой-
ланамыз, бірақ оларға жауапты Қазақстанның ең жаңа тарихы, оның
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы контекстінде іздейміз.
Қазақ ағартушысының бүкіл шығармашылығы мен қызметі –
«пәк сәби күйіндегі» аңғал халық арасында дін қызметкерлері та-
ратып жүрген надандықпен аяусыз күресі, халқына ғылыми білім
беріп, адам ойының алып жаңалықтарын көрсетіп, мешеуліктен
қалай да алып шығам деген қажырлы ой-арманы. Оның «өткенді
ойлап, болашақтың қамын жеу» деген өмірлік ұстанымына қарап,
оның дүниетанымы – болашақтың үні, Қазақстанның қазіргі
әлеуметтік-гуманитарлық дамуының мақсатына, яғни жоғары зият-
ты ұлтты қалыптастырып, білімді қоғам құрамын деген ұмтылыс.
Демократиялық даму жолындағы Қазақстанның алдында тұрған
бұл міндеттерді Ш.Ш. Уәлихановтың ағартушылық дәстүрін жалғас-
тыру және ары қарай дамыту ретінде қарастыруға болады.
Ш.Ш. Уәлихановтың осылай ұғынылған ағартушылық мақсаты
мен ұстанымдар бағдарының қазақ Даласын лайықты дәулет пен
білімге жеткізу үшін жасалатын өзгерістердің тетіктері жөніндегі
мәселе көтеруі заңды еді. Бұл, ең әуелі, Далада исламды бюрократтық
түрде енгізу мәселесіне тікелей тірелетін халыққа білім беру жүйесін
құру шаралары, сондай-ақ, дала өлкесін ұтымды, жүйелі басқаруға
мүмкіндік беретін өзін-өзі басқарудың бастауларына негізделген
әкімшілік басқару шаралары. Бұл мәселелер Ш.Ш. Уәлихановтың
4 Қазақ ағартушылығы дәуірі қазақ халқының руханилығының
дамуы кезеңі ретінде
169
«Сот реформасы жайында хат» деп аталатын еңбегінде қамтылған
және бұл оның жалпы әлеуметтік прогресс мәселесі мен қазақ
халқының әлеуметтік прогресі мәселесіне деген әлеуметтік-фи-
лософиялық көзқарастарының жиынтығы болып саналады.
Неліктен Ш.Ш. Уәлиханов өзінің даланы өзгерту туралы дә-
лелдері мен ұсыныстарын Ресей әкімшілігіне жеткізуді өзінің бо-
рышы деп санаған? Өйткені, олар патша империясының шалғай
жерлері үшін тым күрделі әрі маңызды болатын, сонымен қатар
олардың ауыртпалығы да мол еді, ал жергілікті ерекшеліктерді
ескермейтін реформалар шалғай өлкелердің қиын жағдайын одан
әрі ұшықтырып жіберетін.
Дегенмен де, бұлардың ішіндегі ең маңызды және күрделі
мәселе – әкімішілік реформа туралы мәселе және ол туралы үстірт,
жанама айтуға болмайтынын қазақ реформаторы атап өтеді,
өйткені ол қазақ Даласы үшін тым «жіңішке» және «маңызы зор».
Өзінің мәні бойынша әлеуметтік реформа жасау – жүзеге асырудың
көптеген факторларды, басты үзбені анықтап алып, «бүкіл тізбекті
суырып алатын» объективті және субъективті қырларды ескеретін
шығармашылықты талап ететін үдеріс. Бірақ ресейлік әкімшілік
бұған аса мән бермей, басқаруда Ш.Ш. Уәлиханов қазақ қоғамының
әлеуметтік прогресін тежейтін, жергілікті өзін-өзі басқарудың
қағидаларын бұзатын деп сынаған бірқатар кемшіліктерге жол
берді. «Орынбор дала басқармасының негізгі кемшілігі, – дейді
ол, – орда шенеуніктерін халықтың сайлауымен емес, шекара
бастықтарының қалауымен тағайындауында. Орта жүз қазақтарына
басшыларын сайлауға берілген правоның ішінде біз бағалай білетін
право да бар, бірақ оны қалай болса солай, әділетсіз пайдаланып
отырмыз» [6, 104 б.].
Орыс самодержавиесінің отарлау саясатының бір бөлігі бол-
ған қазақ Даласы қазақ қоғамы патриархалдық-феодалдық қаты-
настардың орнына мал өсіретін көшпелі өмір сүру салтына емес,
отырықшы жер айдаушы өмір сүру салтына негізделген қатынас-
тар орныққан әлеуметтік-экономикалық және мәдени өмірінің
дәстүрлі түрлерінің қирауының күрделі кезеңін бастан кешіп жат-
ты. Шаруашылық жүргізудің, рухани-адамгершілік мәдениетінің
түрлері мен мазмұны өзгеріп жатты. Тұрақсыздық, ретсіздік және
«қос билік» жағдайын туғызып, жаңа мен ескінің құндылықтары
өзара күреске түсіп жатты.
Ресейдің өзі де капиталистік қатынастарға өтудің, крепостной-
лық құқықты жоюдың қиын үдерісін бастан кешіп жатты, ал
оның билеуші элитасы Даланы жылдам өзгерту мақсатымен жаңа
170
Қазақтардың рухани әлемі:
әл-Фарабиден Абайға дейін
заңдар мен актілерді енгізгенде, шалғай өңірлерді басқару үдерісіне
түсіністік пен жанашырлықпен емес, көбінесе, елемей, жақтырмай
қарады.
Ресейлік империя, өз территориясына кіретін және славяндар-
дан қатты ерекшеленетін әртүрлі «бұратана» қауымдастықтарының
конгломераты болғандықтан, Уәлиханов, ең әуелі, өлкенің ерек-
шелігін, әсіресе қазақтардың менталитетін, ұлттық сана-сезімін,
шаруашылық құрылысы пен тұрмысын ескеру туралы мәселені
көтерді. Егер ондай білім болмаса өлкені әкімшілік басқару
жөніндегі шаралардың бәрі мәнсіз болмаса да, сәтсіз аяқталар еді,
өйткені ресейлік топырақтан қазақ жеріне тікелей әкелінгендіктен
және оның ерекшеліктерін ескермегендіктен олар зиянды болатын.
«Зорлықпен танылған, құрғақ теорияларға негізделген неме-
се басқа халықтың өмірінен алынған реформалар, – деп жазады
Ш.Ш. Уәлиханов, – осыған дейін адамзатқа ең үлкен апат әкелген
[6,
79 б.].
Ш.Ш. Уәлихановтың қазақтардың дәстүрлі билер сотын әйгілі
қорғауында, оның Даладағы қоғамдық қатынастарды реттеудегі
тарихи орындылығы мен өзекті пайдалануын негіздеуінде бұл
ұстаным-ның ерекше өткірлігі мен пайымдылығы анық байқалады.
Билер соты және оны қолдану туралы мәселені жан-жақты
қарастырғанда ол, Қазақстандағы модернизациялық үдерістерге
сай келетін са-модержавиелік үкіметтің прогресивті форма ретінде
ұсынған бітістіруші соты бірқатар өлшем бойынша билер сотымен
салыстырғанда регрессивті болатынын дәлелдеп береді. Жалпы,
дәстүрлі заңдар Ресейдегі, Қытайдағы, ислам Шығысындағы елдер-
ден әлдеқайда адалдыққа жақын болып шығады. «Қазақ заңдарында,
– деп жазады Ш.Ш. Уәлиханов, – ең жаңа европалық кодексте сіресіп
тұрған ескертетін, қорқытатын шаралар жоқ. Қырғыздарда тән жаза-
сы ешқашан болған емес. Ру заңы бойынша, туыстардың бірінің ісін
бірі жауап беретін руластық жағдай ру қатынасында іс жүзінде көп
пайда келтіріп отыр»
[6, 94 б.].
Оның Қазақстанда «халықтық реформаларды» жүргізудің
өзіндік түсінігін баяндауының, зерттеу мүддесінің әдіснамасының
кілті – абстрактілі емес, бүтін, мазмұны нақты ұстанымында
еді. Мұндай ұстанымда зерттелетін заттың мәнін, оның пайда
болу жолын, оның пайда болуына әсер еткен алғышарттар мен
жағдайларды, оның даму мақсатын, оның қалыпты қызметі үшін
қажетті нәрсені түсініп, зерттеу қажет еді. Бұл әдіснама ұзақ уақыт
бойы философияның ішінде жасалып, ақыры германдық трансцен-
дентализм философиясында шарықтау шегіне жетеді. Қоғамдық-
4 Қазақ ағартушылығы дәуірі қазақ халқының руханилығының
дамуы кезеңі ретінде
171
тарихи прогресті даму идеясы арқылы тануға болады, ал даму
идеясы Германияда философия дискурсына кіріп, сонда өзінің
негіздемесін табады. Гегель философиясында, оның ойлау теория-
сы мен әлемді түсіндіру тәсілі ретіндегі логикасында ол өзінің ең
айқын формасын табады. Бірақ, диалектиктің тарихи үдеріс туралы
ілімі оның пайымдауларындағы ең осал тұс еді, өйткені дәл сонда
адамзаттың тірі тарихы логикалық схемаға, абстрактілі құрылымға
айналды.
«Тарих философиясы» деген терминнің өзі Франциядан шық-
қан. Оны М.-Ф.-А. Вольтер ұсынған, ал оның отандасы Ш.-Л. Мон-
тескье қоғамдық прогресті негіздеудің табиғи себептерін табуға
талпынады. Француздық Ағарту философиясы негізінен қазіргі
шаққа және оның алдында болған өткенге қызығушылық танытты,
ал тарих пен бағзы заманға жағымсыз көзқарас қалыптастырды.
Дегенмен де, бұл үрдіс қазір еңсеріліп, тарих философиясы өткен
уақыттың маңызды екеніне көз жеткізіп келеді. Оның ауқымы да
кеңейіп, адамзаттың бүкіл тарихы біртұтас нәрсе ретінде тағылық,
жабайылық пен балалықтан өркениетті қоғамға қарай жылжуында
қарастырыла бастады.
Енді Ж.Б. Виконың тарихқа деген көзқарасында айтылған
идеялар маңызды рөл атқара бастады, онда ол ұлттардың ортақ
табиғатын негіздеп, тарих түсінігін адамзат мәдениетінің тари-
хы ретінде және әрбір ұлттың үш – құдіретті, ерлік және адами
дәуірлердегі дамуы ретінде көрсетеді және ол тарих ғылымын
адамдардың өз шығармашылығы нәтижелерін пайымдауы деп
түсіндіреді. И.-Г. Гердердің «Адамзат тарихы философиясының
идеялары» деп аталатын еңбегінің де бұл ой процесінде елеулі
маңызы бар. Бұл еңбекте ол адамзат тарихының төмен форма-
лардан жоғары формаларға ілгері даму идеясын, «адамгершілік»
ұғымын, дамудың сыртқы және ішкі факторлары, материалдық
жағдайлардың маңызы мен қызметі, бүтіннің бөліктен маңызды бо-
латыны сияқты басқа да ұғымдарды дамыту арқылы негіздеген.
Орыстың гегельшіл, шеллингшіл, фихтешіл ғалымдары герман
трансцендентализімінің диалектикалық идеяларын зерттеп, олар-
ды ресейлік философияның дискурсына енгізген. Оның зиятты ор-
тасына антропологизм идеяларын дамытқан Л. Фейербахтың идея-
лары да кіреді, ал Н.Г. Чернышевский оларды құптайды. Ол, адам
табиғи әлемнің, оның эволюциясының бір бөлігі және ол белгілі бір
қоғамдық-тарихи жағдайда тіршілік етіп, өзінің «саналы эгоизміне»
еріп, жеке және қоғамдық мүдделердің бірлігіне қол жеткізеді
дегенді айтып, адамның екіжақты табиғатына, материя мен рухтың
қарама-қарсылығына қарсы шығады.
172
Қазақтардың рухани әлемі:
әл-Фарабиден Абайға дейін
Қазақ ұлтын зерттегенде Уәлиханов органикалық теорияны
қолданады, ол ұлтқа белгілі бір климаттық және географиялық
жағдайда, белгілі бір материалдық база мен әлеуметтік негізде
тіршілік ететін тірі жаратылыс, тірі қоғамдық ағза ретінде қарайды.
Осыған қарап, қазақ ағартушы ғалымның өз ізденістерінің рухани
ахуалын қоғамның белгілі бір ағза ретінде түсіндірілу идеясының
тарихи қайталануы деп ұғынуын байқаймыз. Тіпті, ол үшін био-
логия терминдерін де пайдаланған. Қоғамды ағза ретінде түсіндіру
философия тарихында ертеден келе жатқан дәстүр, бұл орай-
да Платон, әл-Фараби, Гоббс және т. б. атап өтуге болады, бірақ
XIX ғасырдың екінші жартысындағы Европалық философияда ол
жаратылыстанудың дамуы мен ғылымда ашылған жаңалықтардың
әсерімен қолданысқа түсе бастады.
Бұл жерде қазақ ағартушысы сол тарихи кезеңде болған қоғам
мен қоғамдық дамудың сан алуан тұжырымдамалар арасында
экономикалық және әлеуметтік реформалардың рөлі мен маңызын
негіздейтіндердің саны басым екенін атап өтеді. Бұл түсінікті жайт,
өйткені, оның пікірінше, материалдық ауқаттылық қоғам мен
адамның қызмет етуі мен гүлденуінің негізі, оның дамуының басты
шарты.
Буржуазиялық қоғамның теориялары мен тұжырымдамалары-
ның, олар туралы жоғарыда айтып өттік, осындай қорытындыға
келуі заңды. Осындай тұжырымдамалық ұстанымның кейінгі да-
муы принципті түрде марксизм философиясында ары қарай да-
мытылып, өзінің шырқау биігіне ресейлік ой өрісінде жетті, ол
«материалдық базис», «қоғамдық-экономикалық формация»,
«өндірістік қатынастар», «өндіруші күштер» сияқты ұғымдарды
қоғам мен қоғамдық прогресс теориясының аксиомалық қағида
дәрежесіне шығарады. Біз, Ш.Ш. Уәлихановтың бұл жайтты ескеруі-
не қарап, оның әлеуметтік-саяси салаға, қазақ халқының ауыр
тіршілігін жөндей алатын теориялар мен теориялық ережелерге
үнемі үздіксіз қызығушылық танытқанына куә боламыз.
Қоғамда қандай реформа маңызды және қайсысы аса қажет де-
ген мәселе Уәлиханов үшін бірден шешіліп қоймаған және оны бар-
лық халықтар мен қоғамдарға, барлық жағдайда аксиомалық түрде
қолдануға болмайды. Ол реформалардың жүзеге асырылуы мен си-
патын белгілі бір өзгерістерді қажетсінетін нақты тарихи жағдаймен
байланыстырып, реформаның халыққа пайдасы мен керектігін тари-
хи дамудың нақты жолы анықтайды деген пікір айтады.
«Қандай да бір өзгерісті енгізіп, кейін оны сақтап қалу үшін, –
деп атап өтеді ағартушы, – реформаның материалдық мұқтаждыққа
4 Қазақ ағартушылығы дәуірі қазақ халқының руханилығының
дамуы кезеңі ретінде
173
сай келгені жөн және ол өз пайдасын келтіретін қоғамның ұлттық
мінезіне де бейімделгені дұрыс. Бұл шартқа келмейтін кез келген
жаңалық зиян келтіреді және нормадан ауытқыған құбылыс ретінде
тек емі жоқ қоғамдық аурулар мен ауытқуларды туғыза алады» [6,
96–97 бб.].
Бұл жерде басқа дамыған елдермен салыстырғанда, дамудың
төмен сатысында тұрған халық, сәби-халық жасалып жатқан
реформалардың пайдасын дұрыс түсіне алмайды және олардың
жүзеге асырылуына орынды көзқарас танытпайды. Әлеуметтік
өзгерістерді жүзеге асырған кезде бұл оның пікірін өзіндік мәнінен
айырып, басым ете алмайды, дәл солай артықшылыққа ие таптардың
да пікірі ондай бола алмайды, өйткені олар – «шынайы халық
мұқтаждықтарының теріс көрінісі» [6, 78 б.].
Ш.Ш. Уәлиханов өзінің әлеуметтік философиясының басты пос-
тулатын негізге алады: партикулярлық мүдделер, оларды кім айтса
да – билер, хандар, шаруалар немесе қайсыбір сословие – бүтіндіктің
мүддесінен, бүкіл қазақ қоғамының мүддесінен биік бола алмайды.
Бүкіл ұлттың мүдделері кез келген сословиенің мүддесінен жоғары
тұруы тиіс.
Мұндай ұстанымның болмауы қазақ даласында реформалар-
ды жүргізген ресейлік әкімшілігін қателіктер мен кемшіліктерге
ұрындырды. Ш.Ш. Уәлиханов Даланы басқарған ресейлік әкімшілік
жергілікті тұрғындардың мүддесі мен мұқтаждығын елемейтіні
туралы батыл айтты. Қазақ халқына қамқор болмауды дағдыға
айналдырған әкімшілік сұлтандарды, билерді, атақты адамдар-
ды, оларды ел қалай бағалайтынына қарамай, өзінің күнделікті
қызметінде тіреу етіп алып, «үстем табы «қара бұқара» қаламайтын,
олардың мүддесіне қажет емес» өзгерістерді енгізумен болды [6, 81–
82 бб.].
Әңгіме қазақ халқының прогресивті дамуына қатысты болғанда,
Ш.Ш. Уәлиханов ресейлік империяның құрамына кірген басқа
халықтар мен ұлыстардың арасында қазақ халқының әлеуметтік
прогреске жету үшін ең қолайлы алғышарттары мен жағдайлары
бар екенін жақсы білген. Сан жағынан да, әл-ауқаты жағынан да,
прогресивті дамуынан үміт күттіретіндер де қазақтар, олардың бо-
лашағы бар. Олар бейбітшіл және төзімді, Уәлихановтың айтуынша,
бүкіл орта азиялық сауданы қазақ халқы жүзеге асырып отыр. Өзінің
менталитеті мен дүниетанымы бойынша олар – жаңалыққа ашық
халық және Алтын Ордадан шығатын тарихымен, орыс халқымен
тығыз байланыста. Сондықтан да қазақ ағартушысы Ресеймен одақта
болса өз халқының болашағы жарқын болатынына сенді.
174
Қазақтардың рухани әлемі:
әл-Фарабиден Абайға дейін
Орыс және қазақ халықтарының болашақта құруы мүмкін
одағын жемісті әрі берік ететін жағдайларды негіздейтін
Ш.Ш. Уәлихановтың дәлелдері, шын мәнісінде евразиялық идея-
сының өзектілігі мен маңыздылығын негіздеуі және Европаға ба-
ратын қазақстандық жолдың тарихи қайнарын негіздеу болып та-
былады – бұл идеяларды жаһанданған әлемдегі интеграциялық
үдерістер мен жаңа әлемдік мәселелердің туындауы жағдайында
қазіргі Қазақстан басшылыққа алып отыр. Біздің ұлы отандасымыз-
ды қазіргі тарих, жаһандық өзгерістер кезеңі, ең бастысы, Қазақстан
мен Ресейдің евразиялық қауымдастық ажырамас бөлігі болатын
көп полюсты әлем идеясын жасап, ары қарай дамытудағы достығы
мен ынтымақтастығының практикалық тәжірибесі қажетсініп тұр.
Бұл дәлелдер өзектілігін сақтап келеді, өйткені біз «Қазақстан-2050»
Стратегиясында көрсетілген болашақ дамуымыз туралы айтқанда,
Ш.Ш. Уәлихановтың басты өсиеттерін басшылыққа аламыз.
Қазіргі әлем – тұрақсыз және тынышсыз. Ол жаңа қиындық-
тарға жолығып, бұрынғыша қоғамдық прогресс мақсатын көздеп,
өз дамуында жаңа бағдарларды анықтайды. Біріккен Ұлттар Ұйымы
– әлемдегі халықтар мен мемлекеттердің күштерін біріктіретін аса
беделді халықаралық ұйым 1969 жылы Әлеуметтік прогресс пен даму
декларациясын қабылдады, онда әлеуметтік прогресс пен дамуға
жетудің негізгі принциптері, мақсаттары, құралдары мен тәсілдері
бекітілген. Онда ұлттың тәуелсіздігі мен әр халықтың өз тағдырын
өзі шешу құқығы әлеуметтік прогрестің ең басты шарты ретінде
мойындалған – бұл, қазақ патриотының азаматтық ұстанымына
іштей тән нәрсе және ол оны өз заманындағы қазақ қоғамының тари-
хи аренасында ең тәуір жолды таңдаса да, жүзеге асыра алмаған еді.
«Мәнгілік Ел» ұлттық идеясында іске асырылған қазақ халқының
ең тәуір идеялары қазақстандық қоғамның тарихи жады мен та-
рихи сана-сезімінің маңызды үзбесі болған Ш.Ш. Уәлихановтың
шығармашылық мұрасын баға жетпес және мәңгі қазына ретінде
сақтап қалды. Ол бізге өзінің мәдени байлығына шынайы, риясыз
берілудің, оны сақтап, көбейтудің үлгісін паш етті. Картограф әрі
суретші Уәлихановтың қолы, тарихшы, археолог, әскери адам, саяси
қайраткер Уәлихановтың ақылы, филолог әрі ойшыл Уәлихановтың
тілі тиген нәрсенің бәрі өз елі мен Ресейдің ғана емес, әлемдік
қауымдастықтың мәдени игілігіне айналды.
Оның Қашғардағы миссиясы, қырғыздың «Манас» эпосын
хатқа түсіруі, қазақ халқының эпикалық мұрасын жариялауы,
географиялық, тарихи-мәдени, этнографиялық және этномәдени
ізденістері адами ойдың ең ірі жетістіктеріне жатады. «Қазақстан
4 Қазақ ағартушылығы дәуірі қазақ халқының руханилығының
дамуы кезеңі ретінде
175
– 2050» Стратегиясында анықталған жаңа қазақстандық патрио-
тизмді қалыптастыру міндеті ұлттың генетикалық кодын – оның
дәстүрлері мен мәдениетін сақтауды талап етеді [12, 105 б.].
Ш.Ш. Уәлихановта басқа кім өз халқының алдында ғана емес,
әлемдік тарихтың, ғылым мен мәдениеттің алдында осындай биік
миссияны толығымен әрі тарихи айқындылықпен орындай алды?
Өзінің бүкіл өмірлік жолымен, белсенді азаматтық және жеке
ұстанымдарымен ол өзінің мәдени мұрасының тереңінен шығып
жатқан ұлттық рухтың қуаты мен өміршеңдігін дәлелдеп берді.
Ш.Ш. Уәлиханов және оның шығармашылығы – біздің генетикалық
кодымыздың ажырамас әрі біртұтас бөлігі.
Ш.Ш. Уәлихановтың еліміздің мәдени мұрасына қосқан үлесі
даусыз әрі баға жетпес. Ал «Қазақстан – 2050» Стратегиясы «өзі-
міздің ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрлеріміздің сан алуандығы
мен ұлылығын сақтап, өзіміздің мәдени мұрамызды тырнақтап
жинауымыз керек» [12, 105 б.] дегенді айтса, оны біз көрнекті
қазақ ағартушысының аруағы мен біздің бай мәдениетіміздің
алдындағы тарихи борышымыздың өтелуі деп түсінуіміз қажет.
Қазақстанның ғылыми қауымдастығына, оның ұлт зиялылары-
на, философиялық элитасына қазақстандық Шоқантануға оның
көпқырлы шығармашылығымен байланысты нәрселердің зерттелуін
жалғастырып, оларды қазіргі әлеуметтік-философиялық проблема-
ларды зерттеу контекстіне енгізу арқылы, оның бүкіл мұрасын қазақ
және ағылшын тіліне толыққанды аудару арқылы жаңа серпін беру
қажет. Бұл қазақ зиялы қауым өкілдерінің біздің бүгінгі күнімізге нәр
берген, ұлтымыздың тарихи санасының қалыптасуында маңызды
рөл атқарған өткеніміздің алдында ақталған борышымыздың бір
түйірі ғана болмақ.
Қазақ ғалымы, ойшылы, қоғам қайраткері және өз халқының
тағдыры мен әлеуметтік дамуы үшін әлем тарихының алдында
дат айтқан дарынды әрі біртума тұлға – қазақ және қазақстандық
мәдениет үшін ғана «аққан жұлдыз» емес. Ш.Ш. Уәлиханов
тағдырының көгіндегі жұлдыздар әрқашан көшпенді халқы үшін
жанған, ал қазір ол мемлекетіміздің мәңгі жолына жарық түсірген
өшпес жұлдызға айналды.
Достарыңызбен бөлісу: |