М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет12/32
Дата03.03.2017
өлшемі3,01 Mb.
#6694
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   32

Әдебиеттер

1. Письмо Ф.М. Достоевского // Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений в 

пяти томах. – Алма-Ата: Главная редакция Казахской советской энциклопе-

дии: Т. 5. – 1985. – 528 с. – С. 176–179.



176

Қазақтардың рухани әлемі: 

әл-Фарабиден Абайға дейін

2. Потанин Г.Н. Чокан Чингизович Валиханов // Валиханов Ч.Ч. Собра-

ние сочинений в пяти томах. Том 1. – Алма-Ата: Главная редакция Казах-

ской советской энциклопедии, 1984. – 528 с. – С. 90–94.

3. Ядринцев Н.М. Воспоминания о Чокане Валиханове //Валиханов Ч.Ч. 

Собрание сочинений в пяти томах. Том 1. – Алма-Ата: Главная редакция 

Казахской советской энциклопедии, 1984. – 432 с. – С. 95–99.

4. Пыпин А.Н. О Чокане Чингисовиче Валиханове // Валиханов Ч.Ч. Со-

брание сочинений в пяти томах. Т.1. – Алма-Ата: Главная редакция Казах-

ской советской энциклопедии, 1984. – 432 с. – С. 82–84.

5. Стрелкова И.И. Горячий патриот своего народа //Чокан Валиханов и 

современность:  (Сборник  материалов  Всесоюзной  научной  конференции, 

посвященной 150-летию со дня рождения Ч.Ч. Валиханова) – Алма-Ата: На-

ука, 1988. – 320 с. – С. 61–64. 

6. Валиханов Ч.Ч. Записка о судебной реформе // Валиханов Ч.Ч. Собра-

ние сочинений в пяти томах. Том 4. – Алма-Ата: Главная редакция Казах-

ской советской энциклопедии, 1985. – 462 с. С. 77–104.

7. Валиханов Ч.Ч. Следы шаманства у киргизов // Валиханов Ч.Ч. Собра-

ние сочинений в пяти томах. Т. 4. – Алма-Ата: Главная редакция Казахской 

советской энциклопедии, 1985. – 462 с. – С. 48–70.

8. Валиханов Ч.Ч. [Заметки по истории южносибирских племен] // Вали-

ханов Ч.Ч. Собрание сочинений в пяти томах. Том 1. – Алма-Ата: Главная 

редакция Казахской советской энциклопедии, 1984. – 528 с. – С. 294–307.

9. Аристотель. Метафизика // Аристотель. Сочинения в четырех томах. 

- Т.1. Ред. В.Ф. Асмус. – М.: Мысль, 1975. - 550 с. – С. 63–367.

10. Абай (Ибрагим Кунанбаев). Слова назидания (Пер. с каз. С. Санбаева. 

– Алма-Ата: Жалын, 1982. – 160 с. 

11. Валиханов Ч.Ч. О мусульманстве в степи // Валиханов Ч.Ч. Собрание 

сочинений в пяти томах. Т. 4 – Алма-Ата: Главная редакция Казахской со-

ветской энциклопедии, 1985. – 462 с. – С. 71–75.

12. Стратегия «Казахстан – 2050»: новый политический курс состоявше-

гося государства. Послание Президента Республики Казахстан – Лидера на-

ции Н.А. Назарбаева народу Казахстана. – Алматы, 2012. – 109 с. 

4.2.  Ыбырай Алтынсарин шығармашылығындағы 

қазақтардың рухани өмірі мәселелері

Қазақстан  Республикасының  қазіргі  егеменді  мемлекет  ретінде 

даму кезеңіндегі дамуы бізге ұлтымыздың рухани құндылықтарын, 

мәдени мұрасын сақтауды басты бағдарлардың бірі ретінде алға тар-

туда. Біздің ұлттық тарихымызда із қалдырған тұлғалар аз емес, ал 

олардың ішінде ХІХ ғасырдың екінші жартысының өкілдерінің орны 

бір  бөлек.  Осы  кезең  тұлғаларының  ішінде  өз  заманындағы  қоғам-

дық өзгерістер үшін талмай күрескен, халқының игілікті істері үшін 



4 Қазақ ағартушылығы дәуірі қазақ халқының руханилығының  

дамуы кезеңі ретінде

177 


аянбай  еңбек  еткен  ағартушы-демократ  Ы.  Алтынсариннің  есімі 

Қазақстандағы қоғамдық ой-пікірдің даму тарихында ерекше орын 

алады.  

Ыбырай  Алтынсарин  1841  жылдың  20  қазанында  Қостанай 

облысының Аманқарағай (қазіргі Затобол) болысында, ауқатты от-

басында  дүниеге  келген.  Әкесінен  ерте  айырылып,  атасы  Балғожа 

би  Жаңбыршиннің  қолында  тәрбиеленген.  Оның  атасы  Орынбор 

шекаралық  комиссиясының  қызметінде  болып,  билік  топтарының 

арасында үлкен беделді иеленген. Ыбырайдың кәсіби көзқарастары 

ХІХ  ғасырдың  60–70  жылдары  Ресейде  кеңінен  таралған  қоғамдық-

ағартушылық  қозғалыс  ықпалында  қалыптасты.  Дәл  осы  кезеңде 

Ресей Империясында жаңа оқу орындары ашылып, білім беру сала-

сында жаңашыл дидактикалық бағыттар дамытыла бастаған еді.  

Ы. Алтынсариннің еңбектерін заман талабына сай терең зерде-

леп, олардың мазмұнын жан-жақты ашу оңайға түспесі анық. Ол үшін 

Ы.  Алтынсариннің  көзқарастарын  заманның  қоғамдық  болмысы-

ның  қарама-қайшылықтарымен  қоса  қарастырып,  педагогтың  бай 

мұрасын  өткеннің  прогрессивті  қозғалыстарымен,  сол  ғасырдағы 

қазақ  халқының  қажеттіліктерімен,  мұң-мұқтаждықтарымен  терең 

идеялық сабақтастықта алып зерттеуіміз қажет. 

Ыбырайдың  дүниетанымы  халық  ауыз  әдебиетінің,  озық  үл-

гідегі  орыс  мәдениетінің,  европалық  ойшылдардың  еңбектерінің 

ықпалымен  қалыптасты.  Ыбырай  арнаулы  философиялық  тақы-

рыптарға  еңбектер  жазбағанымен,  оның  ағарту  ісіне  арналған  шы-

ғармаларында жазушының өзіндік ерекшелігі бар дүниені түйсінуін 

байқауға болады. 

Ыбырай Алтынсарин ағартушылық идеясын бар күш-жігерімен 

қолдады. Ол қазақтың ірі ағартушысы ғана емес, жаңашыл-педагог, 

жаңа  мектептерді  ұйымдастыру  ісінің  көшбасшысы,  сондай-ақ,  эт-

нограф, фольклортанушы, ақын, жазушы және орыс классиктерінің 

шығармаларының аудармашысы ретінде де танымалдыққа ие бол-

ды. Ыбырай Қазақстандағы халықтық білім берудің идеяларын жа-

риялап,  Қазақ  даласында  мектептер  ұйымдастыру  жүйесін  жасап 

шығарып, оны іс жүзінде пайдалана білді. Қазақ халқын Европаның 

озық мәдениетіне жақындастыру ісіндегі батыл да, шешімді қадам да 

оның есімінен басталады [1, 25 б.].

Алтынсариннің  қоғамдық-саяси  көзқарастарына  шын  мәнінде 

терең демократияшылдық пен өз халқының мүдделерін қорғау тән. 

Өзінің  патша  өкіметінің  отаршыл-әкімшілік  реформасына  деген 

наразылығын ол «Қырғыздардың бақытсыздығы» («Несчастье кириги-



зов») мақаласында білдіреді. «Нағыз реформа қандай болуы керек?» 

178

Қазақтардың рухани әлемі: 

әл-Фарабиден Абайға дейін

деген сұраққа ол Ш. Уәлихановтың «Сот реформалары жазбалары» 

шығармасында  айтылған  ойларға  барынша  жақын  тұрғыда  жауап 

береді. Тарих пен қоғамдық құбылыстың өзара байланысы пробле-

маларын шешуде, дамыған қоғам құрудың дұрыс жолын таңдауда 

Алтынсарин  бірінші  кезекте  ғылым  мен  ағартудың  күшіне  үлкен 

үміт артты.  

Қазақтарға  қажетті  озық  іс-әрекеттердің  бірі  деп  ол  оты-

рықшылыққа  көшу  мен  жер  өңдеумен  айналысу  керектігін  тани-

ды.  «Қырғыз  даласындағы  аштық  мәселесі»  деген  мақаласында 

ол  қоғамдық  прогресті  объективті,  заңдылықты  құбылыс  ретінде 

түсіндіреді.  Алтынсариннің  пікірінше,  қазақ  қоғамы  табиғи 

түрде  дамып,  шаруашылықтың  ескі  сатысынан,  қоғам  дамуының 

жаңа  басқышына  көтеріледі,  ал  бұл  өз  кезегінде  еш  күштеу  мен 

мәжбүрлеусіз жүретін болады, себебі, «табиғат заңдарында жас ба-

ланы  бірден  ересек  адамға  айналдыру  тәжірибесі  жоқ»  [2,  100  б.]. 

Алтынсариннің  осы  ойлары  Добролюбовтің  «өмірдің  де  табиғат 

секілді өзіндік логикасы бар» [3, 25 б.] деген пікірімен үндес, оның 

өз заңдары бар. Адам өмір ағымына өзінің субъективті қажеттілікте-

рін  күштеп  таңа  алмайды.  «Прогрессивті  даму»  идеясын,  немесе, 

Алтынсариннің  сөзімен  айтқанда  көшпелілердің  отырықшылық 

пен  егіншілікке  өтуінің  «табиғи  жолын»  ол  қоғамның  бір  сатыдан 

екіншісіне  қарай  дамуы  кезектестікте  жүретіндігімен  және  әрбір 

саты  өз  бетінше  прогрессивті  құбылысты  білдіретіндігімен  байла-

нысты деп санайды. Қоғам өмірі заңдылықты даму процесін көрсе-

теді. «Адамға жақсылыққа ұмтылу тән», бұл «жаңа, табиғи жолмен 

жүретін  қатынастардың  құрылымына  қарай  бет  алу,  ұмтылу  –  біз 

прогресс деп атап жүрген нәрсенің баршасының мәнін қамтиды...» 

[2, 100 б.]

.

Алтынсариннің  шығармашылық  мұрасымен  танысу  оның 

қоғамның  экономикалық  және  рухани  өмірі  мәселелеріне  деген 

көзқарастарының дұрыс екендігін көрсетеді. Ол өз заманына сай озық  

дүниетанымды меңгерген ғалым болды. Егер оның өмір сүрген қазақ 

қоғамының экономикалық және мәдени деңгейін еске алар болсақ, 

оның саяси терминологияның мәнін ұғынып, меңгеруінің өзі (социа-

лист, капиталист, саясат, экономика, рухани қажеттіліктер, прогресс, 

өркениет және т.б.) ойшылды өз ортасынан бөлектеп тұрғандай. 

Алтынсарин  патша  өкіметінің  өзге  халықтарға  қатысты  зия-

нын көре білді. Осыдан келіп, ол қазақтарды отырықшыландыруға 

мәжбүрлеу  шаралары  қарастырылатын  патша  шенеуніктері 

құрастырған  жобаға  қарсы  тұрды.  Тұтас  халықтың  тұрмысын 

олардың  өмір  сүруінің  табиғи  жағдайларымен  санаспай  мәжбүрлі 



4 Қазақ ағартушылығы дәуірі қазақ халқының руханилығының  

дамуы кезеңі ретінде

179 


түрде сындыру, деп жазады ол, «ең қабілетті деген ұлттың өзін апа-

тиялық түрге келтіруі мүмкін», мұндайға қай халыққа қатысты бол-

масын жол беруге болмайды 

[2, 103 б.].

Оның  патша  үкіметінің  шовинистік  саясатына  қатысты  нара-

зылығын  білдірген  кездері  де  аз  болмады.  «...Ресей  халықтарын 

жасанды  түрде  жақындастырудың  мұндай  тәсілі  –  деп  жазады 

ол,  –  бұған  дейін  ешбір  тиімді  нәтижеге  әкелген  жоқ,  оның  мыса-

лын  татарлармен,  башқұрттармен  және  өзге  де  «бұратаналармен» 

жүргізілген істің мысалынан көре аламыз... Сондықтан, орыстардың 

қазақтармен жақындасуына табиғи сипаттағы мүмкіндіктер берген 

дұрыс болмас па еді...» 

[4, 41 б.]

.

Еңбекші  халықтың  құқығын  жақтай  отырып,  Алтынсарин  шұ-

райлы  жерлерді  күшпен  басып  алуға  бағытталған  патша  билігінің 

реакциялық сипатын әшкереледі. Осыған орай ол өңдеуге қолайлы 

жерлерді еңбекші халықтың болашақта отырықшы тұрмысқа көшуі 

үшін  сақтау  керектігін  ескертіп,  «қазақтар  түптің  түбінде  өздері 

отырықшылыққа жетеді» деп атап көрсетті. Қазақ қоғамының өмір 

сүру  жағдайларын,  тұрмысын  жақсартуға,  олардың  прогрессивті 

дамуына  бағытталған  істерінде  Алтынсарин  мәдениет  пен  білімге 

үлкен  мән  береді.  Ол  мұнан  қазақтардың  «рухани,  экономикалық 

және саяси жақындасуының жалғыз ғана жолын» көрді. 

Оның  көзқарастарындағы  кейбір  қайшылықтарға  қарамастан 

ағартушы  Қазақ  даласындағы  прогрессивтік-демократиялық  идея-

ларды алға апарушылардың алдыңғы сапында болды. Ол қоғамның 

негізі  және  қозғаушы  күші  еңбекші  халық  деп  санап,  тек  адал  ең-

бектенген  ел  ғана  болашаққа  үлкен  үмітпен  қарайтынына  сенді. 

Тәрбие  берудегі  еңбектің  ролі  проблемасына  арналған  танымал 

ғалымдардың  еңбектеріне  сүйене  отырып  Алтынсарин  бұл  идея-

ларды  өзінің  әдеби  және  педагогикалық  қызметтерінде  алға  қоя 

білді  және  адамның  ең  қайырымды  қасиеттері  болып  еңбек  пен 

жомарттық танылады деп санады.

Өз  халқын  шексіз  сүйген  Ыбырай  оны  алдыңғы  қатарлы  ха-

лықтардың қатарында көргісі келді. Мәселен, патша өкіметі Орын-

бор өлкесінің әкімшілік бөлінісін таратуды көздеген кезде Ыбырай 

Алтынсарин  «Оренбургский  листоктың»  редакциясына  мақала 

жіберіп,  ол  «Торғай  болысы  даласынан»  деген  атпен  басылып 

шықты.  Бұл  мақаласында  Ыбырай  Торғай  облысының  қоғамдық 

құрылысы  мен  экономикалық  ахуалына  сипаттама  беріп,  былай 

деп жазады: «Айтылған мәселелерді қорыта келіп, Торғай болысы-

ның қырғыздарының (қазақтарының – А.Т.) жақын уақытта жұт пен 

аштықтың залалды әсерін басынан өткергендігін және бұл апаттың 


180

Қазақтардың рухани әлемі: 

әл-Фарабиден Абайға дейін

салған терең жараларының түбегейлі жазылмағандығын айта кету-

ді өзіміздің борышымыз деп санаймыз. Әрине, қырғыздар (қазақтар 

–  А.Т.)  шыдауда,  себебі,  бұл  жара  ешқандай  әр  текті  басқарумен, 

формалистикамен,  тәртіптермен  қысымшылыққа  түспейтін  ар-

найы қырғыз әкімшілігінің мүлтіксіз күш салуының және бір-біріне 

туыстас  уездердің  өзара  көмек  беруінің  арқасында  жүзеге  асады 

деген үміт болған еді. Мұнан әрі қырғыз халқы (қазақ халқы – А.Т.) 

қияли ойлардан азат екендігін және осы тұрғыдан өзге діндестерінен 

алыс  тұрғанын;  бұл  халықтың  барша  пайдалы  нәрсені  бойына 

сіңіре  алатын  және  де  оның  болашағымен  жергілікті жағдайларды 

біліп  әрекет  ететін  адамдардың  айналысқан  жағдайда  келешегінен 

үлкен үміт күттіретін халық екенін айтпай кетуге болмайды, сөйтіп 

қырғыздардың ортақ Отанымызға пайда әкелетін, оның сенімді, адал 

және қабілетті мүшелеріне айналатын күн де алыс емес.  Бірақ, жаңа 

әкімшілік  абайсыз  қолымен  олардың  табиғатына  зорлық  жасап..., 

қырғыздарды  ешбір  мәжбүрлеусіз  түскен  тура  және  дұрыс  жолы-

нан  бұрып  жіберетін  болса,  бұл  жас  халықтың  тағдыры  аянышты 

болары сөзсіз».  

Сол  замандағы  қазақ  қоғамының  әлеуметтік-экономикалық 

жағдайларын  саналы  және  дұрыс  тұрғыдан  сараптай  отырып  Ал-

тынсарин  өз  халқының  шынайы  патриоты  болып  қала  береді. 

«Алтынсариннің  озық  демократиялық  мәдениетіне  деген  сүйіс-

пеншілігі оның өз Отандастарына деген терең махаббатымен, оларға 

сеніммен, шынайы қызмет ете білуге деген ыстық ықыласымен үй-

лесімділікте бола білді»

 [5], – деп жаза

ды профессор А.Ф. Эфиров.   

Тарихи  принципке  жүгіне  отырып  Ы.  Алтынсариннің  өмірін 

оның  заманынан  бөлектеп  қарастыра  алмаймыз.  Ағартушылықты 

ол  барша  ұлтты  онсыз  дамыту  мүмкін  болмайтын  рухани-мәдени 

прогрестің  құрамдас  бөлігі  ретінде  түсіндірді.  Ал  білімділікті  да-

мыту өз баспаң мен кітап басу ісінің құрылуынсыз алға бармас еді. 

Сонымен  қатар  өркениет  игіліктері  қазақ  халқы  үшін  пайдасымен 

қатар  зиянын  да  әкелетін  еді,  оның  ішінде  көшпелілерді  күштеп 

отырықшыландыру  мен  шүйгін  жайылымдарын,  құнарлы  егіндік 

жерлерін тартып алуға әкеліп те жатты. Ғасырлар бойына қазақтар-

да өзінің мәдениеті түзілген еді, ал Ы. Алтынсарин оны көпшілікке 

таныта  білді.  Өкінішке  орай  сол  заманның  қоғамдық-саяси  ахуа-

лы  ұлттық  мәдениеттердің  дамуына  қолайлы  орта  туғыза  алмады, 

сондықтан біз барлық күш-қайратымен оны сақтауға және нығайтуға 

ұмтылған алғашқы қазақ ағартушылары мен публицистеріне бүгінгі 

таңда ерекше құрметпен қараймыз. 

Ы.  Алтынсарин  егер  адамдардың  еңбек  етуінің  жемістері 

олардың  өмір  сүруінің  негізі  болып  табылатын  болса,  санамен 


4 Қазақ ағартушылығы дәуірі қазақ халқының руханилығының  

дамуы кезеңі ретінде

181 


танылған  таным  нәтижелері  олардың  қоршаған  ортада  бағдар  ала 

білуіне  жағдай  жасауы  тиіс  деп  санады.  Бұл  көзқарасты  ол  былай 

тұжырымдайды: «Қай кезде болмасын, бір істі бастар алдында ой-

мен жұмыс бастауға ұмтылыңыз. Ал ойыңыз бір шешімге тоқтаған 

кезде, оған көз жеткізіңіз; тек ақылмен шешіп, бұл істің орындала-

тынына көзіңіз жеткеннен  кейін ғана тіліңіз бен қолдарыңызға ерік 

беріңіз» 

[5,  52–54  бб.].  Білімнің  өзін  Алтынсарин  табиғаттың  затта-

ры мен құбылыстары туралы ілімдер ретінде қарастырды, білімнің 

объектісі табиғи дүние деп есептеді. Ол 

адамның тану қабілеті мен 

халықтардың  шығармашылық  мүмкіндіктеріне  терең  сеніммен  қа-

рады. Алтынсарин көпшілік үшін «шынайы білімдер мен пайдалы 

ғылыми  ақпараттар  бере  алатын» 

[6] 

прогрессивті  әдебиеттермен 

жарақтандырылған  алғашқы  кітапханаларды  да  ұйымдастырды.  

Қазақтарды «беймәлім құпияларды

 біліп, өмірді тануға» мүмкіндік 

беретін  білімдерді  меңгеруге  шақыра  отырып,  ол  жастар  бойында 

ғылымға  деген  қызығушылықты,  еңбексүйгіштікті

  қалыптастыруға 

ерекше көңіл 

бөлді. Сөйтіп, оларға білімнің әлеуметтік әділетсіздік-

пен  күресте  күш  беретіндігін  талмай  түсіндіріп,  алдыңғы  қатарлы 

идеяларды сіңіре білді. 

Өзінің  «Залым  төреге»,  «Араз  бол  кедей  болсаң  ұрлықпенен», 

«Таза  бұлақ»  және  басқа  да  шығармаларында  ол  әлеуметтік  әді-

летсіздіктің себебін ашып, оларды ең алдымен надандықпен байла-

ныстырады.  Ол «Залым төреге» өлеңінде:



Ай, тақсыр, бұл дүние өтер, кетер,

Мал иесі де артыңнан қуып жетер.

Жарлылар да бір табар әділ қазы,

Таразылар күн болса, арыз етер!.. – дейді.

Оның  танымдық  көзқарасы  барлық  уақытта  да  білімге  деген 

түсінігінен туындап жатты. Ол 1883 жылы Торғайдағы қолөнер мек-

тебін  ашу  кезіндегі  сөйлеген  сөзінде:  «Бізді  табиғатынан  ақылды, 

іскер халық деп санайды, біз болсақ бұл пікірдің рас екенін іс жүзінде 

көрсете білуіміз қажет. Табиғи ақыл тек оны қоршағанды ғана қамти 

алады, ал оны дамыту мен көрмегенді білуге қабілетті ететін тек зия-

лы білім ғана» 

[2, 80–82 бб.] – деп тұжырымдайды өз ойын.

Алтынсариннің  этикалық  және  эстетикалық  көзақастары  ерек-

ше құндылыққа ие. Мәселен, оның «Жаз» және «Өзен» өлеңдерінде 

жазушы табиғат сұлулығын ерекше бояулармен, күмістей таза аққан 

суды, көк орман мен көк аспанның қанық бояуын шебер суреттейді. 

Ағартушылық мәселесіне қатысты еңбектері мен хаттарында жазу-

шы қазақ балаларына музыка, сурет сабақтарын оқыту проблемала-


182

Қазақтардың рухани әлемі: 

әл-Фарабиден Абайға дейін

рын  қозғайды.  Айтылғандар  Алтынсариннің  эстетикалық  тәрбиеге 

үлкен мән берген жоғары мәдениет иесі екендігін көрсетеді. Ыбырай-

дың жоғарғы интеллектісі, тәрбиелілігі мен қарапайымдылығы оның 

барлық  хаттарынан  көрініп  тұрады.  Ол  өзінің  хаттарын  әріптесі       

Н.И. Ильминскийге арнаса да, шәкірті А.А. Мазохинге арнаса да, бол-

маса достары мен жақындарына арналып, тіпті олардың қателіктері 

мен кемшіліктері көрсетілген хаттарының өзі де кешірім сұраумен 

аяқталып отырған.  

Қазақ  ағартушысы  сыртқы  дүниенің  заңдарын  тануға  бола-

тындығына,  адам  санасының  құдіретіне,  ағарту  ісінің  қуатына 

қалтқысыз сенді. Ойшыл қазақ халқының мәдениеттің биік шыңына 

жететініне  сеніммен  қарады.  Бұл,  –  деп  санайды  ол,  –  талай  рет  іс 

жүзінде дәлелденген және мойындалған жайт.  

Алтынсарин  өз  заманының  философиялық  әдебиеттерімен 

жақсы таныс болды. Оның үй кітапханасында орыс және Батыс Ев-

ропа  әдебиетінің  классиктерінің  шығармаларымен  Белинскийдің, 

Чернышевскийдің,  Жан-Жак  Руссоның,  Гегельдің,  Бокльдің  және 

өзгелерінің  философиялық,  саяси-әлеуметтік  мазмұндағы  туынды-

лары қатар тұрды. Қазақ даласында мектептер ұйымдастыруға күш 

сала  отырып  Алтынсарин  бұл  мектептер  адамды  қоршап  тұрған 

дүние  жайында  шынайы  білім  беруі,  халықты  рухани  азғындыққа 

жібермеуі тиіс деп санады.  

 Кезінде сол заман зиялылары жергілікті газеттерде жариялан-

ған  мақалаларында  Ыбырай  Алтынсаринді  қазақ  халқының  көр-

некті  мәдениет  қайраткері  ретінде  бағалаған  еді.  Оның  жан-жақты 

қызметінің  жалғыз  ғана  мақсаты  –  өз  халқының  қоғамдық  деңге-

йін  көтеруге  күш  салып,  оған  алдыңғы  қатарлы  демократиялық 

мәдениетке кірігу, надандықты жеңе білудің жолдарын көрсету бол-

ды. Мұның барлығы оған айналасындағы достары мен жолдастары-

ның  ғана  емес,  барша  қазақ  халқының  құрметі  мен  ілтипатын 

көрсетуін тудырды.  

Ыбырай  Алтынсарин  өзінің  барша  ғұмырын  Ұлы  Далаға  ғы-

лым  мен  білім  әкелетін  демократиялық  зиялылардың  алғашқы 

кадрларын  даярлауға  арнады.  Ол  төрт  екі  сыныптық  мектеп,  жеті 

болыстық  мектеп,  Ор  қаласында  мұғалімдер  мектебін,  Торғайда 

қолөнер училищесін, Ырғызда қыздар мектебін ашты. Алтынсарин 

ашқан  қазақ  халық  мектептері  қалың  бұқараға  алдыңғы  қатарлы 

демократиялық  мәдениетті  таратудың  алғашқы  тірек  нүктелеріне 

айналды.  Ол  тәрбиелеп  шығарған  қазақтардан  шыққан  алғашқы 

халық  мұғалімдері  кейін  ағартушы  негізін  салған  прогрессивті  істі 

жалғастырушы көшбасшыларға айналды.



4 Қазақ ағартушылығы дәуірі қазақ халқының руханилығының  

дамуы кезеңі ретінде

183 


Ыбырайдың  пікірінше  әдебиет  ісі  халықты  сауаттандырып  қа-

на  қоймай,  оны  алдыңғы  қатарлы  мәдениет  пен  ғылымға  тартып, 

олардың бойында өмірге көзқарастарды тәрбиелеп, қоғамдық сана-

ны ояту мен дамытуға күш салуы тиіс болды. Алтынсарин әдебиет 

адамдарды қараңғылықпен, надандықпен күресу және онан азат болу 

жолдарын  көрсетуі  тиіс  деп  санады.  Ғалым  шығармашылығының 

осы  бір  ерекшелігі  оның  барша  қоғамдық  және  педагогикалық 

қызметінің мақсаты мен бағдарының негізгі сипатын көрсетеді. Оның 

шығармаларына  сол  заман  ақындарының  қайсы  біреулеріне  тән 

болған негізсіз қиял, пессимизм, төменшектеу мүлдем тән емес. Ой-

шыл күнделікті өмірдің оқиғаларын көрсетіп, оларды прогрессивтік 

тұрғыдан бағалауға ұмтылды, әдебиеттен қоғамда жаңа идеяларды 

кеңінен таратудың әрекет етуші құралын көре білді. 

Қоғамдық бостандықтан айырылған халықта, – деп жазды Герцен, 

–  әдебиет  өз  наразылығы  мен  ар-ұжданының  жан  айқайын  естірте 

алатын  жалғыз  ғана  мінбер.  ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысындағы 

қазақ әдебиеті қазақ халқының «жалғыз мінбері» бола отырып, өзінің 

ең  озық  өкілдерінің,  оның  ішінде  Ыбырай-дың  да  шығармалары 

шынайылықты  реалистік  тұрғыдан  көрсету,  прогрессивтік  қоғам-

дық  мақсаттарды  шынайы  білдірудің  деңгейі-не  дейін  көтерілді.                                      

Ы.  Алтынсариннің  «Қазақ  хрестоматиясы»  шын  мәнінде  оның  өзі-

нің озық шығармалары мен аудармаларының жинағы еді. Кітаптың 

кіріспесі ретіндегі екі өлеңнен-ақ («Кел, балалар, оқылық!» пен «Өнер-

білім бар жұрттар...») біз ағартушының өмірлік ұстанымдарын көре 

аламыз. 


Алтынсариннің  көптеген  шығармалары  жергілікті  дәстүрде 

жазылса  да,  идеялық  тұрғыдан  сол  заманның  алдыңғы  қатарлы 

ойшылдарының шығармаларымен үндес еді. «Бай баласы мен жарлы 

баласы», «Қыпшақ Сейітқұл», «Киіз үй мен ағаш үй», «Надандық», 

«Лұқпан  Хакім» 

[7] 

және  басқа  да  шығармаларында  ол  қазақ 

қоғамындағы  аса  өзекті  әлеуметтік,  мәдени-танымдық  мәнді  про-

блемаларды қозғайды. Қазақ қоғамында болып жатқан құбылыстар-

ды  терең  ашып  көрсету,  ондағы  әлеуметтік  теңсіздік  мәселелері 

Ыбырайдың әдеби шығармаларынан көрініс таппай қоймайды. Ол 

оқырман сүйіспеншілігіне бөленген көптеген жағымды кейіпкерлер 

бейнесін де сомдады. Бұнан ағартушының халықтың қуатына, оның 

жарқын болашағына деген сенімін көруге болады.

Қазақтың  көркем  мәдениетінің  тарихында  да,  халық  ағарту 

ісінде  де  Ыбырайдың  алатын  орны  ерекше.  Ол  алдыңғы  қатарлы 

демократиялық  бағыттың,  қазақ  балалар  әдебиетінің  негізін 

салушылардың  бірі  болды.  Ыбырай  Алтынсарин  ең  алдымен 



184

Қазақтардың рухани әлемі: 

әл-Фарабиден Абайға дейін

қазақ  оқырманының,  оның  ішінде  жастардың  санасына  қандай 

шығармалар, қай әдеби жанр  арқылы ықпал ете алатындығын  ой-

лады.  Ол  мәселенің  күмәнді  тұстарын  жеңе  біліп,  әдеби  тұрғыдан 

да, оқу-әдістемелік тұрғыдан да қажетті мысалдарды қолданды. Бұл 

жерде мәселе оны бүге-шігесіне дейін қарауда емес, қазақтың бала-

лар және оқу-әдістемелік әдебиетін құрудың алғашқы қарлығашы – 

Ыбырай Алтынсариннің қандай қиындықтар көргенін түсіне білуде 

жатыр. Қазақ Кеңестік әдебиетінің негізін салушылардың бірі Сәкен 

Сейфуллин Ыбырай Алтынсариннің шығармалар жинағына жазған 

алғысөзінде: «Алтынсариннің әндері, оның терең мәнді сұхбаттары 

мен  новеллалары  жоғарғы  дәрежедегі  көркемдікте  жазылған  және 

жалпы  қазақ  мәдениеті  тарихына,  оның  ішінде  әдебиет  саласына 

өзінің мазмұны бойынша да, формасы бойынша да жаңаша сипат 

әкелді»

 [8]

 – деп жазады. 

Ағартушы өзінің шығармаларында тұлға бойындағы, қоғамда-

ғы  материалдық  және  рухани,  әлеуметтік  және  психологиялық 

ерекшеліктердің  ара  қатынасы  туралы  мәселені  дұрыс  шеше 

білді.  Осыдан  келіп  оның  шығармаларының  кейіпкерлерінің 

реалистік  сипаты,  типтік  және  әлеуметтік  мәнге  ие  болуы  туын-

дайды.  Адамдар-дың  түрлі  тарихи  типтерін  көрсетуге  нақты  та-

рихи тұрғыдан келу Ыбырай Алтынсаринге адам және азаматтың 

жағымды  қасиеттерін  дұрыс  анықтауға  мүмкіндік  берді.  Мұндай 

қасиеттерді ол өмірге деген белсенді көзқарастан, гуманизм мен па-

триотизмнен көре білді, оларды ажырамас диалектикалық бірлік-

те  қарастырды.  Алтынсариннің  патриотизмі  гуманистік  сипатта, 

оның кейіпкерлері өз Отанын, өз халқын сүйеді. Жазушының гума-

низмі тек эстетикалық сипатқа ие болып қана қоймай, қоғамдық-

саяси  күш  ретінде  де  маңыздылыққа  ие  бола  түседі.  Қатардағы 

еңбекші  бойынан  жоғары  интеллектуалды,  психологиялық  және 

шығармашылық мүмкіндіктерді таба отырып, ағартушы-демократ, 

өзінің  қазақ  халқының  болашағына  терең  сенімінің  бар  екенін 

мәлімдейді.  Қазақ  әдебиетіне  қарапайым  адамдар  бейнесін  де 

кіргізген осы Ыбырай Алтынсарин.  

Ыбырай  шығармаларының  қалың  бұқараға  түсінікті  сипатта, 

мағынада жазылғанының бір дәлелі – «Таза бұлақ» әңгімесі.  Онда 

бұлақ  басында  кездескен  үш  жолаушының  оның  жанындағы  тасқа 

жазылған: «Әй, жолаушы, болсаң осы бұлақтай бол!» – деген жазу-

ды оқитындығы айтылады. Олар жазудың мағынасы жайлы таласа 

келіп  ақыры  оның  «Көңіліңді,  бойыңды  осы  бұлақтай  таза  сақта, 

нешік бұлаққа қарасақ күн түссе күннің, шөп түссе шөптің сәулесін 

көреміз,  көңілің  сол  реуішті  сыртқа  ашық  көрініп  тұрсын»  де-


4 Қазақ ағартушылығы дәуірі қазақ халқының руханилығының  

дамуы кезеңі ретінде

185 


ген мағынада, сөйтіп адам ниетінің де таза болуы керектігі туралы 

жазылғанын тұжырымдайды. 

Алтынсарин  шығармаларының  реалистік  мазмұны  халық 

бұқарасына  түсінікті  де  жақын  шынайы  тілді  де  талап  етті. 

Сондықтан,  ойшылдың  басты  сіңірген  еңбегі  –  оның  жаңашылдық 

жолға  түсе  отырып,  өмірдің  қайнаған  ортасынан  алынған  осы  бір 

тілді таба білуінде деп білеміз.

Ыбырай  жазушы  шеберлігін  ағартушылық  міндеттермен  ұш-

тастыра  білді.  Өзінің  әңгімелері  мен  өлеңдері  арқылы  ол  заман 

шындығына  ықпал  еткісі,  жастардың  күш-жігерін  онымен  күреске 

бағыттауды  армандады.  Алдыңғы  қатарлы  мәдениеттің  жаршысы 

бола  отырып  Ыбырай  Алтынсарин  жастардың  бойында  ғылымға, 

еңбексүйгіштікке  деген  қызығушылықты  қалыптастыруға  ерекше 

көңіл аударып, оларды халық үшін қызмет етуге шақырды, олардың 

бойларында  адам  сүйгіштік  пен  әділеттілік  сезімдерін,  руханилық 

пен  мәдениетті  дамытуды  көздеді.  Тәжірибелі  педагог  ретінде  бұл 

қасиеттердің  барлығы  да  адамға  ерте  жастан  сіңірілуі  керектігін 

түсініп,  өзінің  бар  күші  мен  білімін  жастарға  берді.  Дұрыс  тәрбие 

беру мәселелері барша әлемнің озық ойлы адамдарының назарында 

болғаны рас. Ал осыдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын  көшпенді 

халықтың  арасынан  өскелең  ұрпаққа  прогрессивті  идеяны  сіңіруге 

талпынған,  ғылым  мен  өнерді,  мәдениетті  дәріптеген  оның  тама-

ша  өкілінің  шығуы  Алтынсариннің  өз  Отаны  мен  халқын  қалай 

шексіз сүйгендігін көрсетеді. Сол заман тәртіптерін сынай, білімнің, 

ғылымның,  техниканың,  өнердің  жетістіктерін  жырлай  отырып 

ол  мәдени  прогрестің  қоғамға  беретін  үлкен  артықшылықтарына 

баса  назар  аударады.  Ыбырай  Алтынсариннің  кез-келген  өлеңі  – 

оның  болашаққа  деген  шексіз  сенімінің  айқын  дәлелі.  Өзінің  «Ар-

нау»  өлеңінде  ол  білімдіге  техникалық  болсын,  өндірістік  болсын 

процестің түрін меңгеру оңайға түсетінін дәлелдейді. 

Өзінің  шығармашылығымен  қазақтың  қоғамдық-мәдени  және 

ғылыми  ойларының  алдыңғы  қатарында  тұрып  Алтынсарин  этно-

публицистиканың  іргетасын  қалады,  бұл  Қазақстан  Республика-

сының    Тәуелсіздігінің  25-жылдығында  ерекше  маңызға  ие  болуда. 

Қазіргі  таңда  жастар  арасында  көптеген  қатыгездіктер  орнығып, 

тәрбиелілік пен мәдениеттілік жетіспей жатқаны жасырын емес. Бұл 

ахуалды қалыпты жағдайға келтіру туралы ойға келгенде біз бұған 

кейбір жауаптарды Алтынсарин шығармашылығынан табуға бола-

ды деп ойлаймыз.

Тарихи дамудың кешегісі мен оның қазіргі күнгі өзгерісін теоре-

ма түрінде дәлелдей алмаймыз. Қоғам дамуы мен тарихи процестер-


186

Қазақтардың рухани әлемі: 

әл-Фарабиден Абайға дейін

дің  даму  заңдылықтары  адамдардың  саналы  іс  әрекеттерімен 

тығыз  байланыста.  Адамдар  санасына  өткен  заман  өзінің  ерекше 

ізін  қалдырады,  сондықтан  да  қоғамдық  тәртіптің  құбылыстары 

табиғат  пен  жаратылыстану  ғылымдарының  заңдары  секілді  оған 

сөзсіз  ықпал  ете  алмайды.  Сол  себепті  Ыбырай  Алтынсариннің 

жеке  тұлғасына,  оның  шығармашылығына,  эпистолярлық  және 

публицистік  мұрасына  жаңа  мыңжылдықта  –  ХХІ  ғасырда  қайта 

көңіл аудару сөзсіз қажетті іс. 

Алтынсарин  XIX  ғасырдың  70-жылдарының  өзінде  қазақтың 

жаңа  көркем  әдебиетінде  жаңаша  бастаманың  негізін  салды.    1868 

жылы  ол  алғашқы  прозалық  және  этнографиялық  шығармалары: 

«Орынбор ведомствосы қырғыздарының құда түсу мен үйлену тойы 

кезіндегі  әдет-ғұрыптарының  очеркі»

  және 

«Орынбор  ведомство-



сы қырғыздарының 

жерлеу және ас беру 

кезіндегі әдет-ғұрыптары-

ның очеркін» [4, 41 б.] жазып, оларда сол замандағы қазақ халқының 

шынайы  өмірін,  тұрмысы  мен  дәстүрлерін  көрсетті.  Тақырып  пен 

әдебиет  жанрын  таңдауда  ол  ең  алдымен  оқу-тәрбие  жұмыстарын 

басшылыққа алды. 

Қазақ  халқының  өмірін,  сонымен  бірге  сол  қоғамның  түрлі 

әлеуметтік  жіктері  мен  топтарының  психологиясын  жақсы  білген 

Ыбырай  проза  жанрында,  оның  ішінде 

–  «Олақтық»,»Надандық», 

«Қара-батыр»,  «Жәнібек-батыр»,  «Жиренше-шешен»,  «Ізбасты», 

«Байұлы», «Қарақылыш» «Байсалдылық», «Лұқпан Хакім», «Масақ» 

секілді  қысқаша  әңгімелерінде  –  мақтаншақтық,  сараңдық,  надан-

дық,  өтірікшілік,  ақымақтық,  сөзге  тұрмаушылық,  менмендік  се-

кілді  адам  бойынан  кездесуі  мүмкін  жаман  әдеттерді  сынға  алады. 

Ыбырайға  дейін  қазақ  әдебиетінде  ешбір  адам  көшпелі  қазақтар-

дың  тұрмысын  қарапайым  тілмен  және  кең  көлемде  түсінікті  етіп 

анық  түсіндіре,  оларға  тән  мінез-құлыққа  сипаттама  бере  алмады. 

Реалист жазушы өз оқырмандарының бойында шынайылыққа сыни 

тұрғыдан қарауды тәрбиелеп, оларды тіпті күнделікті құбылыстар-

ға ойлана қарап, жаңаша бағалауға итермелейді, ойына, танымдары-

на мол азық береді.

Алтынсариннің хаттары мен ол туралы естеліктерден Ыбырай-

дың  халықтың  рухани  өмірін  жіті  қадағалағандығы  мен  оны 

терең  түсіне  білгендігін  көре  аламыз.    Профессор  А.Ф.  Эфиров: 

«Алтынсарин  өз  халқының  патриоты  бола  білді»  [9],  –  деп  жаза-

ды.  Өз  халқын  сүйе,  оның  қайнаған  ортасында  бола  отырып,  ол 

халықтың дәстүрлері мен ғұрыптарын, ауыз әдебиетін мұқият зерт-

теп,  бұл  бақылауды  жүйелі  түрге  келтірді.  Оның  этнографиялық 

зерттеулерінің  нәтижесінде 

«Орынбор  ведомствосы  қырғыздары-



4 Қазақ ағартушылығы дәуірі қазақ халқының руханилығының  

дамуы кезеңі ретінде

187 


ның құда түсу мен үйлену тойы кезіндегі әдет-ғұрыптарының очер-

кі»


 және 

«Орынбор ведомствосы қырғыздарының

 жерлеу және ас 

беру 


кезіндегі әдет-ғұрыптарының очеркі»

 еңбектері жазылды. Олар 

ағартушылар  мен  ғалымдар  ортасында  жоғары  бағаға  ие  болды. 

Бұл баяндамалар алғаш рет оқылғанда Орыс география қоғамының 

Орынбор  бөлімшесіне  жиналғандар:  «Қырғыз  көшпелілерінің 

арасындағы  некенің  барлық  шарттары  мен  мәселелері  айтылған 

шынайылық,  әңгімелеудің  ақиқаттылығы,  онан  соң  түсіндірілу 

тілінің ұғынықтылығы – міне осының барлығы,  жалпы жиналыстың 

пікірінше  -  Алтынсарин  мырзаның  мақаласын  тұрмыстық  өмірі 

әлі аз зерттелген қырғыздар этнографиясы бойынша құндылықты 

зерттеуге  айналдырады.  Бұл  айтылғандардың  барлығын  ескере 

отырып жалпы жиналыс оның мақаласын Географиялық қоғамның 

мерзімді  баспасөзінде  жариялауға  ұсынады»  деп  баға  береді 

[10]


. 

1868 жылдың наурызында баспасөзде бұл жұмыс жарияланғаннан 

соң  рецензент  Вл.  Плотников  ол  турасында:  «Қырғыздардың  өмі-

рінің  тұрмыстық  ерекшеліктерін  сипаттайтын  мағлұматтардың 

молдығымен сөзсіз қызығушылық тудырады және бұл халықтың эт-

нографиясы үшін бай материалды қамтиды» 

[2, 20 б.] – деп жазды

Аталған еңбектер бүгінгі таңда қазақ халқының өмірі мен тұрмысын 

зерттеу  әлдеқайда  алға  басып  кетсе  де  өзінің  этнографиялық 

құндылығын жойған жоқ. Ол Ыбырай Алтынсариннің ғылымдық-

танымдық ізденістері шеңберінің әр алуандығын және оның тама-

ша қабілеттерін көрсетеді.

Этнография  саласы  аса  кең  көлемді:  оған  біздің  көзқарасы-

мыз  бойынша  шектеулі  сипатта  қамтитын  мәселелер  –  ертегілер, 

әндер,  мақалдар,  үйлену  ғұрыптары,  наным-сенімдер,  яғни  халық 

тұрмысының  археологиялық  және  сыртқы  жақтары  ғана  емес, 

оның қазіргі заманғы қоғамдық және экономикалық шынайылығы, 

қоғамдық діни түсініктері және ойлаудың халықтық сипаттарының 

қазіргі мазмұны да кіреді, бұл біздің өркениеттің болашақ жетістіктері 

арқылы  өзінің  дамытылуын  күтуде.  Ыбырай  Алтынсариннің  бұл 

аталған  еңбектерін  тек  этнографиялық  еңбек  деп  қана  қоймай 

философиялық көсемсөз бен қазақтың рухани мәдениетіне де қосқан 

құнды үлесі деп атауға болады. 

«Очеркте»  құда  түсу  мен  үйлену  ғұрыптары  аса  қызғылықты 

жазылған:  «...Күйеу  жігіт  қалыңдыққа  барар  кезде  барынша  сәнді 

де бай киініп, ең жақсы атқа мініп, ол атқа ең әдемі, таза күмістен 

жасалған,  ал  ол  болмаса  күміс  жалатылған  әбзелдер  тағылуы  ке-

рек...  Күйеу  жігіттің  жанында  екі,  немесе,  үш  жолдасы  болып, 

олардың біреуі, үлкендік мәртебесін иеленіп, шаруашылық жарлық 


188

Қазақтардың рухани әлемі: 

әл-Фарабиден Абайға дейін

міндеттерін атқаруы, мысалы сыйлықтар тарату және өзге де істерді 

басқаруы  тиіс.  Бай  күйеудің  серіктерінің  қатарында  бұлардан  өзге 

өлеңшілер,  әзілкештер,  күлдіргіштер  де  болады» 

[11]

.  Күйеудің 



қайын жұртына келуіне арналып той жасалады: мал сойылып, ойын-

сауықтар  болады,  бәйге  өтіп,  домбыра  тартылып,  ал  орындалған 

әндерде күйеуге, қалыңдыққа, олардың ата-аналарына мадақтаулар 

айтылып, ол үшін сый-сияпаттар алады...

Күйеудің қалыңдыққа алғаш ұрын келуінен соң қыздың ата-ана-

сы кілемдер, шапан-тон, ішік және басқа да сияпаттардан тұратын 

жасау  әзірлей  бастайды.  Жас  қалыңдықтың  неке  қиюға  арналған 

күмістелген сәукелесі бір жыл бойына әзірленеді. Әкенің міндеті бо-

лып табылатын басты жасаудан өзге, шешесі құпия түрде қызы үшін 

әйелге  қажетті  заттар:  білезік,  сырға,  көйлектер  және  басқаларын 

даярлайды. Жасаудың түрі бәрінде бірдей емес. Ауқатты қазақтар-

да жасау мөлшері күйеуден алынған қалыңмалға тең келеді. Түрлі 

дәстүрлер  жайлы  айта  келіп  Алтынсарин  қазақ  қоғамындағы 

басталған  таптық  жіктелу  мен  әлеуметтік  қайшылықтарды  да  жа-

сырмайды.  Оның  «Очерктерінен»  оқырман  кез-келген  ғұрыпты 

орындау  кезінде  адамның  мүліктік  мәртебесі  ескерілетіні  туралы 

біле алады.  

Дін мәселесі Алтынсариннің әдеби қызметінде ерекше орын ала-

ды. Ол халыққа барынша діннің объективті мәнін ұғындыруды өзінің 

парызы  деп  санады.  Дін  тақырыбына  жазылған  өзінің  бір  шығар-

масын  ол  «Надандық»  деп  атады.  Надандықты  әшкерелей  отырып 

ол білімді және мәдениетті насихаттайды. Бір-біріне қарама-қайшы 

екі бағытты салыстыра отырып Ыбырай халыққа ағартушылық иде-

яларын түсінікті тілмен жеткізеді. Ол оқырмандарды «летаргиялық 

ұйқы»  ұғымымен  таныстырып,  молдалардың    ұйқыдағы  жандар-

ды  көміп  тастаған  жағдайларын  баяндап,  бұл  сауатсыздықпен 

байланысты  екендігін  айтады.  Өз  көзқарастарын  насихаттау  үшін                             

Ы. Алтынсарин халыққа түсінікті аңыздарды пайдаланады. Ыбырай 

шығармаларындағы жағымды кейіпкерлер – бұл өз халқын сүйетін 

адал еңбеккерлер, ал жағымсыз кейіпкерлер жалқаулар, халықты ал-

даушылар және т. б.  

Ол  діннің  негізіне  қарсы  шықпады,  әйтпесе  ата-аналар  бала-

ларын  мектептерге  жібермеуі,  ал  жаулар  болса  оның  атеизмін 

Алтынсариннің  беделін  төмендету  үшін  пайдалануы  мүмкін  еді. 

Осындай пікірден Ыбырай 1884 жылы Қазанда өзінің редакциясымен 

«Мұсылманшылдықтың тұтқасы» («Шарият-ул-Ислам») 

кітапшасын 

жариялайды,  онда  өзге  пәндермен  бірге  оқу  бағдарламасына 

енгізілген діни уағыздар мен діни шартар жазылады.  



4 Қазақ ағартушылығы дәуірі қазақ халқының руханилығының  

дамуы кезеңі ретінде

189 


«Мұсылманшылдықтың  тұтқасы»  («Шарият-ул-Ислам»)  еңбе-

гінде  Ы.  Алтынсарин  мұсылман  құқығының,  моральдің  нормала-

рына,  діни  ережелер  мен  ғұрыптарға  объективті-сыни  тұрғыдан 

баға  береді,  себебі,  ол  діни  принциптерді  ғылыми  тұрғыдан  тү-

сіндірмей  халық  бұқарасын  фанатизм  мен  надандықтан  құтқаруға 

болмайтындығын ұғына білді.

Аталған  еңбегіне  жазған  алғысөзінде  ағартушы  адам  не  діннің 

алдында бас июі, немесе, оны мойындамауы керектігін айтады. Бұл 

кітап төрт бөлімнен тұрады: 

1) Иман, яғни, сенім, ол мұсылман ілімі бойынша неден тұра-

ды;  2)  құдайға  құлшылық  ету,  (агмал-захир)  яғни  намаз  оқу,  ора-

за  ұстау,  кедейлерге  садақа  беру,  қажыға  бару  жағы  көрсетіледі;                                                                            

3)  адамгершілік  жайы,  ізгі  жандар  мен  пайғамбарлар  туралы;              

4) намаз, ораза үстінде, басқа жағдайларда оқылатын арабша аяттар 

қазақ тіліне аударылып беріледі [11, 80 б.]. 

Алтынсариннің  айтуынша бұл кітап көптеген деректерді терең 

зерттеу,  сыни  тұрғыдан  талдау  негізінде  туындаған.  Мұсылманның 

бес  парызын  (сенім  мен  иман  келтіру,  бес  уақыт  намаз,  ораза,  зе-



кет,  қажылық)  қарастыра  отырып  ойшыл  түсінбеген  адамдар 

үшін олардың кейбір келеңсіз жақтарын да көрсетеді. Ыбырайдың 

еңбектерінде дін – негізгі себептері адами, өмірлік қатынастардан ба-

сталатын тарихи құбылыс ретінде қарастырылады 

[11, 105 б.]

.

«Мұсылманшылдықтың  тұтқасы»  («Шарият-ул-Ислам»)  кітабы 

Құранды діни-догматикалық тұрғыдан түсіндіруден ада, оның маз-

мұнын  талдау  кезінде  ойшыл  өз  назарын  Ислам  негіздерінің  діни-

насихаттық  уағыздарына  емес,  оның  моральдық-этикалық  жағына 

аударады.  

Бізге 

«Мұсылманшылдықтың  тұтқасы»  («Шарият-ул-Ислам») 



еңбегі  мұсылман  ілімі  туралы  оқулықтан  гөрі,  қазіргі  күні  діннің 

пайда болуы мен негізгі мақсаты объективті-шынайы тұрғыдан баян-

далатын діннің тарихы бойынша оқулықтардың бастапқы түрлері-

не  көбірек  келіңкірейтін  сияқты

.  Алтынсарин  өз  кітабында  қалың 

бұқараны  зайырлы  білім  алуға  шақыратын  дінтанушы  ретінде 

көрінеді.  Себебі,  ол  дін  тарихы  туралы  Батыс  Европаның,  сондай-

ақ  орыс  қоғамының  революциялық-демократиялық  ілімдерінің 

жетістіктерін жақсы білген 

[12]


.

 

Жалпы алғанда Ы. Алтынсарин өмірдің қай аспектісін қарастыр-

са  да,  ол  оны  халықтың  өмірімен  сөзсіз  байланыстыра  және  қазақ 

қоғамының алдында тұрған міндеттер көмегімен шеше білді. 

Ы. Алтынсарин: «Қазір қазақтардың қоғамдық ахуалын күйретіп, 

олардың болашағын бұзатын зұлымдықтың бәріне бірдей қарсы тұру 



190

Қазақтардың рухани әлемі: 

әл-Фарабиден Абайға дейін

мүмкіндігінің барлық жағын бірдей қарастыратын уақыт. Алланың 

еркі қандай болса да, мен өзімнің түпкі мақсаттарым – өз туыстары-

ма  соңғы  күшім  қалғанша  пайдалы  болудан  бас  тартпаймын»  [11,  

154 б.] – деп жазды және бұл күштің оның есімінің ғасырлар тезінен 

өтіп адамзат мәдениетінің құрамдас бөлігіне айналуға дейін жеткені 

де сөзсіз шындық. Оның сан қырлы іс-әрекеттері халқы үшін пайда-

сын келтірді. Ол тек идеяларды ұсынып, өз халқын экономикалық 

және мәдени қалыс қалушылықтан шығаруға ұмтылып қана қоймай, 

туған өлкесінің гүлденуі үшін де күресе білді. 

Ыбырайдың өмірден өткеніне бес жыл толуына орай 1894 жылы 

бір топ қазақ зиялылары «Оренбургский листок» газеті арқылы ол 

туралы: «Мұндай ағартушылық еңбектер ұмытылмауы керек, және 

біз қазақтар Алтынсарин мырзаға оның қазақтарға деген махаббаты 

мен сіңірген еңбегі үшін алғыс айту парызын мойнымызға аламыз. 

Біздерге,  көшпелілер  үшін  Ы.  Алтынсариннің  шығармалары  да, 

оның өзі де өте қымбат. Мұны Ресейдегі зайырлы әдебиеттің мәнін 

ұғатындар ғана түсіне алады. Біз Алтынсарин мырзадан халықтың 

барша  рухы,  оның  ақылы,  мінез-құлқы,  қасиеті  және  жалпы  бар-

ша  ғұмырының  тұтас  көрінісі  болатын  қаһарманды  көруге  да-

ярмыз.  Алдағы  уақытта  біздің  көшпелі  Азия  прогрестің  жолына 

түсіп, фанатизм мен көрсоқыр сенушілікті ысырып тастап, өмірге 

дұрыс қадам басу жолына түсті деген ойға келуге болады»

 [13]

 – деп 


жазды. А.Е. Алекторов осы ойды әрі жалғап «Ы. Алтынсарин, – өз 

тайпасының ортасына өркениет жарығын әкелген алғашқы қырғыз 

(қазақ – А.Т.) болды... Әдеби шығармашылық тұрғысынан қырғыз 

халқының ең жарқын өкілі деп Ы. Алтынсаринді атай аламыз» 

[5, 

306 б.] – дейді



.  

Бұл  жолдардан  қазақ  халқының  рухани  мәдениеті  мен  өміріне 

теңдессіз    үлес  қосқан  ағартушы-демократтың,  ақынның,  жазушы-

ның, Қазақстанның аса ірі мәдениет қайраткерінің сіңірген еңбегіне 

берілген жоғарғы бағаны анық көруге болады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет