М080 – «Биология» Құстар туралы жалпы сипаттама Құстар лат. Aves



бет3/3
Дата27.11.2023
өлшемі3,13 Mb.
#129689
1   2   3
Байланысты:
Ашык сабак

Құстардың тыныс алу жүйесі
Тыныс алу органдарының — өзіндік ерекшелігі және ауада ұшуға ыңғайлылығы, басқа ішкі органдарға қарағанда анағұрлым күштірек және өте айқын көзге түседі. Кемекей саңылауы кеңірдекпен жалғасады, оның жоғарғы бөлімін көмекей деп атайды. Көмекей бір оймақ тәрізді және екі ожау тәрізді шеміршектен тұрады.
Дыбыс шығару қызметін төменгі көмекейдің атқаруы тек қана құстарға тән ерекшелік. Төменгі кемекей кеңірдектің екі өкпеге тарамдалатын жеріне орналасады, оған тірек болатын сүйек тектес сақина бар.
Құстардың өкпесі тығыз көпіршікті дене тәрізді болып көккірек қуысының арқа жақ қабырғасына бекиді. Бронхылары өкпе ішіне еніп, бірнеше ұсақ тарамдарға бөлінеді. Олардың кейбір салалары өкпені тесіп етіп, ауа қапшықшалармен жалғасады.
Бронхылардың тарамдары жұқа қабы бар ауа қапшықтарын құрайды. Мұндай ауа қапшықтарының көлемі өкпенің көлемінен бірнеше есе үлкен болады. Ауа қапшықтары түрлі ішкі органдарының аралығында орналасады. Ауа қапшықтарының ең басты маңызының бірі құстар ұшқанда олардың тыныс алу механизмін реттейді. Жерде отырғанда құстарда кеуде қуыстарының үлкейіп және кішірейуі арқылы тыныс алады.

Құстардың қан айналым жүйесі

Құстардың қан айналым жүйесі


Құстардың жүрегi төрт (камера) бөлiмнен: олар екi жүрекшеден және екi қарыншадан тұрады. Оң жақ қарынша мен жүрекше сол жақ бөлiмдерiнен бөлiнген. Сондықтан жүректiң оң жақ жартысындағы вена қаны сол жақ жартысындағы вена қаны сол жақ жартысындағы артерия қанымен араласпайды. Құстарда артерия және вена қан тамырларының өз алдына жiктелуiнiң нәтижесiнде барлық мүшелерi артерия қанымен қамтамасыз етiлiп отырады.
Кiшi қан айналым шеңберi. Оң қарыншадан бiр ғана қан тамыр өкпе артериясы жүректе бiрден бөлiнiп, оң және сол өкпеге вена қанын апарады. Өкпеден шыққан артерия қаны өкпе венасы арқылы сол жақ құлақшаға құяды.
Үлкен қан айналым шеңберi. Дененiң алдыңғы бөлiм (басы мен қанаты) қанды қолқаның оң жақ доғасының тармақтары болып табылатын ұйқы артериясының бұғана асты қанат артерияларынан алады. Сонымен қатар, қолқа доғасы алдыңғы жағынан дененiң арқа бөлiмiне қарай оң жақтағы бронханы айналып өтiп, арқа қолқасы сияқты омыртқа жотасының бойымен артқа кетедi.
Дененiң артқы бөлiмi қарынға, бүйректерге кететiн арқа қолқасы тарамдарының қандарымен жабдықталады. Сонымен қатар, арқа қолқасы аяқтар мен дененiң құйрық бөлiмiне қан жеткiзушi жұп мықын артериясы мен тақ құйрық артерияларында да тармақталады
Құстардың зәр шығару, жыныс органдары
Құстардың жыныс жүйесінде өздеріне тән ерекшеліктер болады. Олар іштей ұрықтанады. Ұрықтану құстардың мекиендерінің жұмыртқа жолының ішінде жүреді. Аталықтарында жұп аталық безі, жұп тұқым жолы болады. Ал мекиендерінің жыныс мүшелері, яғни аналық безі де, жұмыртқа жолы да, сыңар жолы да тек сол жағында ғана болады. Оң жағындағы жыныс мүшелері жойылған.
Құстардың ұрықтарында мезонепрос — дене бүйрегі болса, ересектерінде метанепрос — мықын бүйрек деп аталатын бүйрегі болады. Денесімен салыстырғанда, құстардың бүйрегінің көлемі, рептилилер мен сүт қоректілердің бүйрегінвн де үлкен болады. құстар бүйрегінің үлкен болуы, олардың денесінде зат алмасу процесінің актив жүруіне байланысты. Несебі зәр шығару системасы арқылы тез ағып етеді.
Назарларыңызға рақмет!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет