1
2
УДК 821,512,122
ББК 84 Каз 7-44
М58 Менің ертегім.1-кітап.
Студенттердің ертегілер жинағы.
Алматы: «Қазақ университеті»,
2010. - 32бет.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
университеті журналистика факультеті ба-
спа ісі және редакциялау кафедрасы 204-
топ студенттерінің «Менің ертегім» атты
теория мен тәжірбиені ұштастыра отырып
топтастырған шығармашылық жинағы.
Бұл кітап кәсіби тәжірибелік, шыңдалу,
машықтану сабақтарында дүниеге келген
алғашқы туынды. Болашақта жалғасын та-
бар бұл кітап балаларға, жасөспірімдерге
арналған. Кітаптың мәтінін, терілімін,
безенін, қалыбын студенттердің өздері
жүзеге асырған.
Бұл еңбекті немесе оның бөліктерін автордың
келісімінсіз таратуға және авторлық құқық
жөніндегі нормаларға қайшы келетін басқа да
әрекеттерге тыйым салынады, әрі заң бойынша
жауапқа тартылады.
ISBN 9965-29-446-1
© Баспа ісі және редакциялау кафедрасы
204 топ студенттері.
© «Қазақ университеті» баспасы, 2010.
3
Б
аспа ісі мамандығы бойынша білім алып жатқан
студенттер шетінен әдебиетке құштар, өнерге
іңкәр.
Әдетте, «журналистика мамандығына түскендер
жазуға құмар келеді, жазушылық қабілет, ақындық да-
рын көбінесе соларға тән», - деген түсінікті біздің баспа ісі
кафедрасының студенттері бір емес, бірнеше рет бұзды.
Осыдан он жыл бұрын «Талаптың мініп тұлпарын» де-
ген кітап, одан соң «Әуелі бұл шіркінді бастау қиын», мұнан
кейін «Селтеткізер» деп аталатын болашақ баспагер-
редакторлардың тырнақалды туындыларының жинақтары
шыққан болатын. Ол жинақтар игі бастамаға жол ашқан
алғашқы қарлығаштар еді. Сол бастама баспа ісі және
редакциялау кафедрасының шығармашылық студенттері
арасында дәстүрге айналды. Былтыр ғана «Селтеткізер»
деген жинақты шығарған бірінші курс студенттері биыл
өздері балаларға арнап жазған ертегілер жинағын
шығаруды қолға алған.
Қолдарыңыздағы бірінші кітаптың ішіне он сегіз ертегі
кірді. Оларды әр студент өзі жазып, өзі теріп, өзі қалыптап,
өзі беттеп, баспаханаға өзі дайындады. Әр ертегіге
204-топтың студенті Зухра Рахимова тақырып ашар
оқиғалы суреттер салды. Бұл жинақ «Балалар басылым-
дарын шығару ерекшеліктері» деген пән бойынша өткен
тәжірибелік сабақтар үстінде дүниеге келді. Әр студенттің
шығармашылық қабілетін жетілдіруге, игі ықпалын тигізер
«Менің ертегім» жинағы болашақта да жалғасын табары
сөзсіз.
Алғашқы туындылары болғандықтан болашақта
жетіледі, толығады, шыңдалады деген зор сеніммен
оқырман қауымға ұсынып отырмыз.
Сағатбек Медеубекұлы
Баспа ісі және редакциялау
кафедрасының меңгерушісі
Алғы
сөз
4
...К
үндердің бір күнінде Ерке-
жан деген ерке ұл болып-
ты. Бірде анасы мен әкесі
оны көрші үйге тастап,
жұмыстарына кетеді.
Бала далада аққала жасап, ойнап жүрген
еді. Бір сәтте есіне әке-шешесі түсіп, оларға
барғысы келіп, жолға шығады.
Қалың қарды басып жүгіріп келе жатыр.
Ұзақ жолды артқа тастап, үйден де ұзап кетті.
Жүре-жүре орманнан бір-ақ шықты. Еркежан
адасқанын біліп, қорқа бастады.
Орманның іші шыршаға толы. Кенет бала
шыршадан-шыршаға секіріп, өзіне азық іздеп
жүрген тиінді көреді. Қасына жақындап қалғаны
сол еді, тиін ұстатпай, қаша жөнелді.
Еркежанның қорқынышы аздап сейілді,
ендігі бар ойы тиінмен достасып, оны өзіне
серік ету болды. Тиіннің соңынан еріп, ол қайда
секірсе сонда барып, біраз әуре-сарсаңға түсті.
Көп ұзамай Еркежан тиінді ұстап алды да, оны-
мен әңгімелесуге кірісті:
– Тиін, тиін, сен қайда тұрасың?
– Мен осы орманда тұрамын. Ал, сен ше?
– Қайда
тұратынымды
өзім
дұрыс
білмеймін.
– Бұл жерде қайдан жүрсің? Жалғызсың ба,
әлде қасыңда серігің бар ма?
– Жоқ, қасымда ешкім жоқ, жалғыз келдім.
– Қорықпайсың ба?
– Қорқамын, - деп жылап жіберді.
– Енді не істейсің?
Аты-жөні:
Ақтоты Әбдіғаниқызы
Туған жері:
Қызылорда облысы,
Шиелі ауданы
Сүйікті ісі:
Тамаша табиғат аясын-
да серуендеу, әсем ән
тыңдау, жұлдыздармен
сырласу
Мақсаты:
Қаламы қарымды, ойы
ұшқыр журналист болу
Сүйікті шығармасы:
Ә. Нұршайықов «Ма-
хаббат, қызық мол
жылдар»
Ұстанымы:
Әрбір сүрінгеніңді
бақытсыздық деп сана-
ма. Бәлкім, сенің шын
бақытың сол жерден
басталар
(Л. Толстой)
5
– Білмеймін, сен маған көмектесесің бе?
– Әрине, көмектесемін, бірақ сен жылама, жарай ма?
– Жарайды.
– Ендеше, сенің үйіңді бірге іздейік. Жүр, кеттік.
... Тиін талдан-талға секіріп, Еркежан да онымен ілесіп орманнан шығады.
Екеуі біраз жол жүреді. Бір кезде ол көк дарбазалы үйдің ауласындағы қара
талда ілініп тұрған әкесінің құстарға арнап салған ұясын көріп, қатты қуанып
кетеді. Өйткені, ол ұяны өткен жылы әкесі екеуі жасаған еді. Үйіне жеткеннен
кейін Еркежан тиінге:
- Тиін, саған көп рахмет! Сен болмасаң мен үйімді таба алмайтын едім,-
деді.
- Оқасы жоқ, сен секілді баламен дос болғаныма қуаныштымын, - деп
тиін де өз жөнімен кетті...
5
6
Ұ
ста шеберханасы. Шеберхана ішінде
тыныштық жоқ. Күндіз ұстаның
жұмысы қызу жүргендіктен, түнде осы
жұмысты істеуге қажетті дүниелер тыныштық
сақтамайды. Дүние дегеніміз – сонда тұрған
құрылыс затындары мен құрал-саймандар.
Күндердің бір күнінде құрал-саймандар арасын-
да «кім мықты, кімнің маңызы зор» деген сұрақ
туындап, өзара айтысып қалады.
Ара: - Ағаш атаулының барлығын, одан қалса
темірді кесемін, қазіргі заманға сай электронды
нұсқадағы бауырларым бар, - деді.
Балта: - Шабамын, қиын жұмыстарды менсіз
атқару мүмкін емес, - деп бір шалқайды. Кезек
балғаға келді: -Барлығыңның жұмыстарыңнан
менікі маңыздырақ. Сендердің кескендеріңнің
де, шапқандарыңның да менсіз ешбір қажеті
жоқ, барлығын соғып, біріктіретін менмін.
Осы кезде бір үй болып өмір сүріп, әрқайсысы
«мен-мен» демейтін шегелердің бірі жақындап,
өз ойын айтқысы кеп ұмтылып еді, балға оны
итеріп:
- Сенің не керегің бар, одан да өз жөніңді
біл, - деп шеттетіп тастады.
Жұмыс кезінде балға шегеге: «Мен сені
үнемі соғамын, ал сен шыдайсың да жүресің», -
деп тағы да қағытты. Жұмыс уақыты біткен соң
ұста барлық құрал-саймандарын жинауға кірісті.
Бірақ оларды қайда қоярын білмеді. Тез арада
ара, балта, балғаның саптарына ілгек жасады.
Қолға ілінген шегелерді бір-бірлеп қабырғаға
қағып, оларға ара, балта, балғаларды іліп
қойды. Сонда шеге балғаға кімнің күні кіммен
екенін түсіндіреді. Шеге болмағанда балға жер-
де жатушы еді. Балға өз қателігін түсініп, шеге-
ден кешірім сұрайды.
Аты-жөні:
Байжан Олжас
Туған жері:
Алматы
облы-
сы, Балқаш ауданы,
Бақанас ауылы
Сүйікті ісі:
Ұлттық жаңа техноло-
гиялар әлемін құру
Мақсаты:
Тарықпас
үшін
жалықпау керек
Сүйікті шығармасы:
Эрих Мария Ремарк
«Три товарища»
Ұстанымы:
Адам сөзі қара жерді де
еріте алады
7
Б
үгін жауын жауды. Айналадағы шаң басқан
шөптер мен ағаш жапырақтары өздерінің
жасыл түстеріне енді.
Жауын саябырсыды. Тек бір тамшы ғана ағаш
жапырағының үстінде қалып қойды. Жерге үзіліп
түскісі келмеді. Өз қадірін арттыруды ойлап, өзге-
лер ден ерекшеленгісі келді. Жерге сіңіп кеткен-
ше, жапыраққа тұнып қалуды армандаған. Арманы
орындалған. Бірақ, аспандағы бұлттар бұған рен-
жігендей түнеріп тұрып алды. Үш күн бойы күн көзі
көрінбеді. Тамшының да тілегені – осы.
Бүгін күн көзі ашылды. Сәске түс болғанда там-
шы жа пырақтың өн бойымен сырғанап, орта тұсына
келді. Сонда жапырақ:
– Жерге түскің келмей ме?-деп сұрады.
– Жерде не бар? Топыраққа сіңіп жоғалғанша
бәрін жоғарыдан тамашалағым келді.
– «Көппен көрген - ұлы той» демей ме? Неге өзге
тамшы-бауырларыңнан ерекше болғың келді?
– Ерекше болсаң, бәрі саған таңырқай қарайтын
болады.
– Сол үшін ғана ма?
– Әрине, сені бәрі көргісі келеді, саған қызығады.
– Қате ойлап тұрғаныңды мойындамайсың ба?
– Мен ойланып қойғанмын. Шешімім өзгермейді де.
Сол сәтте үп еткен самал жел жапырақты желпіп
өтті. Жоғары көтерілген жапырақ төмен иілгенде там-
шы сырғып түсіп тасқа түсіп жоқ болды. Мұны көріп
тұрған жапырақ:
– Не нәрсе де өз уақытында қадірлі. Бауырларыңмен
бірге жерге түскеніңде осы кезде жерді нәрлендіруге
үлес қосып та үлгеретін едің. Мен де бір күні үзіліп
түсемін. Бәріміз де уақыты келгенде үзілеміз. Бірақ
мен сен секілді ұзақ күттірмеймін,-деді.
Тамшы тасқа түссе бу, жерге түссе ну деген осы
болар?!
Аты-жөні:
Бимендиева Арай-
лым Жолдасбекқызы
Туған жері:
Қызылорда облы-
сы, Шиелі ауданы,
Тартоғай ауылы
Сүйікті ісі:
Қолөнерімен айна-
лысу, құрақ құрау
Мақсаты:
Рухани дүниемді
байыта отырып,
жақсы адам болып
қалыптасу
Сүйікті шығармасы:
Б. Соқпақбаев
«Менің атым Қожа»
Ұстанымы:
Көп тыңдай біл,
сөздеріңді таңдай
біл, ізгі ойларыңды
әз жүрекке жалғай
біл!
(Ж. Баласағұн)
8
Е
ртеде екі айна көрші тұрыпты. Бірі
маңғаз, үлкен болса, екіншісі кішкене ғана
қарапайым айна. Үлкен айнаның үйі кең,
биіктігі аспанмен таласқан хан сарайындай болса,
кішкене айнаның үйі де өзі секілді кішкентай болыпты.
Үлкен айна кішкене айнаны көрсе менсінбей, қағып
өте шығады екен. Қарапайым айна үлкен айнаның
мұндай көзқарасына үйреніп кетсе де, оның неге
бұлай жасайтынын түсінбепті.
Бірде кішкене айна аула тазалап жүріп, өтіп бара
жатқан үлкен айнаны көреді. «Осы мен көршіммен
неге сөйлеспеймін, болмағанда сәлемдесейін», -де-
ген оймен:
- Ассалаумағалейкум, көршім, - деп айқай салып-
ты.
- Астафралла, мынау кім еді?! Уағалейкум асса-
лам! Кім болсаң да бері шықсаңшы, түріңді көрейін,
- депті үлкен айна.
Кішкене айна көршісінің сәлемін алғанына қуанып,
ауладан атып шығып:
- Қайда жол тарттыңыз? - деп сұраған екен.
- Ой, сен бе едің! Менің сенімен сөйлесіп тұратын
уақытым да, құлқым да жоқ, - деп кейіп, үлкен айна
бұрыла бергенде, кішкене айна:
- Неліктен олай дейсіз?! Жаман да болсам,
көршіңізбін ғой. Тату-тәтті тұрғанға не жетсін,
айтыңызшы?! - депті.
- Жаман болсаң да, араласа берер едім, тек сіңірі
шыққан кедейсің! Менің достарымның барлығы өзім
сияқты ауқатты, төрт түлігі сай байлар, - деп, үлкен
айна мақтанып, кеудесін көтеріпті.
- Е, сол екен ғой! - деп, кішкене айна күрсінген
екен.
- Саған өңкей кедей қарап киінеді, таранады. Ал,
менің бетіме түрлі қымбат киінген байлар қарап,
сылаңдайды кеп. Бірін тастап, екіншісін киіп, ол
Аты-жөні:
Индира Бөлдекбаева
Құдайбергенқызы
Туған жері:
ШҚО, Зайсан ауданы
Сүйікті ісі:
Кітап қорын жинап,
күнделік жазу
Мақсаты:
Адам деген ардақты
атқа лайықты
ғұмыр кешіп, тарих
парақтарында өзіндік
қолтаңба қалдыру
Ұстанымы:
Азат басың болсын құл,
Қолдан келмес іске
ұмтыл.
9
ұнамаса, үшіншісін киеді. Бет-әлпетін бояп, шаштарын әдемілеп қыздары
жүрсе, отағасы сатып алған су жаңа костюмін киіп, әрі бері теңселеді. Мұндай
кереметті мен ғана көремін! Ал, сенің қожайының нанын әрең тауып жүр емес
пе? Әрі мен тұратын үйдің терезесі де кең. Сондықтан күн сәулесі бетіме жиі
түсіп, жылытады. Ал кәне айтшы, сен тұратын жаман лашықта өзіңе орын
табыла ма? - деп, кішкене айнаға қарапты. Ол да дес бергісі келмей:
- Сіздің ойыңызша, осы да бақыт па?! Менің иемнің кіші қызы әр таң сайын
бетіме еркелеп, жымияды, әдемі күлкісімен сыңғырлай күледі. Бұдан асқан
керемет болушы ма еді? Сіздің мәртебелі қожаңыздың қабағы қатулы, жүзі
суық. Үнемі қаһарлы жүзбен қарайды, - деген екен.
- Жә, болды! Біреу сенімен бірге тұрғанымды көріп қалса, ұят болар.
Кедей-кепшік досың екен деп, мені мұқатар. Қой, кеттім. Айтпақшы, енді
маған сәлемдесуді доғар! - деп, үлкен айна жөніне кетіпті.
Кішкене айна:
- Сәлемнің артығы не?! Қалауыңыз білсін, - деп қала берген екен.
Күндердің бір күнінде бай қожайын үйіне бұрынғысынан да әдемі әрі
үлкен айна сатып әкеліпті. Сөйтіп, ескі айнаның қажеті болмай, оны далаға
лақтырып тастапты. Зәулім сарайдан өзіне орын табылмағанына қатты
ашуланған үлкен айна беті шытынап жерде жата берген екен.
Күн көзінде ұзақ жатып, әбден әлсіреген үлкен айна талықсып ұйықтап
кетіп, түс көріпті. Түсінде бай қожайын оны үйіне қайта кіргізіп, жаңа айнаның
орнына қойыпты. Ал жаңа айнаны кедей көршісіне бере салыпты. «Бізге
ренжімеші, кешірші!»- деп қожайындары зыр жүгіріп, бетін сумен жуып жа-
тыр екен.
Дәл осы сәтте үлкен айна оянып кетіпті. Сөйтсе, жолда кетіп бара
жатқан кішкене айна құлап жатқан көршісін көріп, жанына жақындаған екен.
Тұрғызуға қанша талпынса да, оята алмай әлек болып, амалы таусылған
кішкене айна енді үлкен айнаның бетіне су шашуға кірісіпті.
Басын көтерген көршісін көргенде кішкене айна қуанышын жасыра ал-
май:
- Ассалаумағалейкум! - депті де, бұрын үлкен айнаның сәлемдеспеуді
өтінгені есіне түсіп, тілін тістеп қалыпты. Мұны сезген үлкен айна қызара
ұялып, кібіртіктеген екен.
Үлкен айнаның ұялып, жер шұқып тұрғанын байқаған кішкене айна:
- Ал, көршеке, дүние кезек деген. Бұрын сәлеміңе жарымаушы едім, енді
ажырамас дос болайық, әкел қолыңды! - деп, көршісін жаман лашығына
шақырып, тар үйін кең сарайдай көріп, жаңа тұрғынды құшақ жая қарсы
алыпты.
Үлкен айна қателіген мойындап, достың бай, кедейлікке қарамайтынын
түсініпті. Достық қолын ұсынып, төс қағыстырған екен.
Осы күннен бастап екеуі айнымас серік болыпты.
10
К
үні бойы көшедегі ойыннан қолы босамайтын
Әсем кеш бата үйге кіруші еді. Қартайып қалған
апасының еңбекқорлығына таңданғанымен,
оның осы қасиеттерін бойына дарыта қоймаған. Ойын
мен шаттықта өтіп жатқан күндердің бірі басқалардан
өзгеше болды...
- Әсем, ботақаным, мына инені сабақтауға көзім
жетпей отыр, көмектесіп жіберші, - деген үйреншікті
дауыс естілді. Маужырап жатқан Әсем төсек орнынан
тұруға ерініп:
- Апа, қойшы, мен қатты шаршап келдім, - деді.
Біраз уақыттан соң, бөлмеден бір дыбыс естілді. Шо-
шып кеткен Әсем сол жаққа қарай бет алды. Кіріп кел-
се, апасы инені бармағына кіргізіп алыпты. Тіл алмай-
тын еркелігінен ұялған Әсем өз бетінше өнер үйренгісі
келді ме, әйтеуір апасының бөлмесіне тығылып кіріп,
кішкентай инені қолына алғаны сол еді, оған тіл бітіп:
- Сен сияқты еріншек, кербез балалар бұл іспен ай-
налыса алмайды, орнына апарып қой! - деді бұйрықты
дауыспен.
- Жоқ, мен киім тігуді үйренгім келеді, - деді жалы-
нышты көздерін жыпылықтатып.
- Жарайды, бірақ барлығы сенің шыдамдылы-
ғыңа байланысты. Есіңде болсын, әрбір қателігің үшін,
бармақтарыңды шаншып отырамын! - деді де жұмысқа
кірісіп кетті.
- Мына түймені жейдеге қадап көрші, - деді ине өзін
ұсынып. Ине ұстауды білмейтін Әсемнің саусақтары
дірілдегендей болды. Дегенмен, берген уәдесі есіне
түсіп, түймені қадай бастады. Иненің шанышы қыздың
қолын ауыртса да, өз жұмысын тоқтатпай жалғастыра
берді.
- Ал, Әсем, мұның дұрыс болды. Енді маған жейденің
жеңіндегі жыртықты жамап бере қойшы.
-
Жамап көрейін, - деді Әсем.
Осылайша, Әсемнің бармақтарына кірген иненің
шанышы күннен-күнге азайып, екеуі дос болып кетті.
Достықтарының мықты болғаны соншалық, апасын
шәлі тігіп қуантты. Әсемнің еңбегіне тамсанып қалған
апасы, кейінгі күндері немересімен бірге жаңа үлгідегі
киімдерді тігетін болды.
Аты-жөні:
Есеева Ельнура
Туған жері:
Жамбыл облысы,
Байзақ ауданы, Бурыл
ауылы
Сүйікті ісі:
Әдеби кітаптар
оқу, интернет
әлемінде қызықты
ақпараттармен танысу,
би үйірмелеріне қатысу
Мақсаты:
ҚР-ның мықты және
еліне еңбегі сіңер
азаматша болып
қалыптасу
Сүйікті шығармасы:
Карамзин «Бедная
лиза» және М. Әуезов
«Абай жолы»
Ұстанымы:
Жанындағы адамдарды
11
Б
аяғы өткен заманда, көп балалы от-
басында Анаргүл есімді әдемі қыз бо-
лыпты. Жалқаулығына байланысты
жұрттың бәрі оны «Жалқаугүл» деп атап кетіпті.
Достары жалқау қызды жақын тартпағандықтан,
ол тышқандармен дос болған екен. Жалқаугүл
ұйқы құшағында жатқан кезде, оның кішкентай
тышқан достары іске кірісетін. Үйдегі дәнді –
дақылдарды ініне тасиды. Ұйықтап жата беретін
қыз олардың ұрлықтарын қайдан көрсін?
Оларға кедергі де бола алмайды. Сондықтан,
тышқандар оны жақсы көреді.
Күндердің бір күнінде әжесі Жалқаугүлге
жұмыс тапсырды. Кішкентай бауырларына
талқан жасау үшін тары езу керектігін айтады.
Әжесі кеткен соң, жалқау қыздың ештеңеге
зауқы соқпай, көмекке достарын шақырады.
Тышқандар жұмыс жасауға келіскен соң,
Жалқаугүл тәтті ұйқыға кетеді. Тышқандар қызу
жұмысқа кіріседі. Пысық тышқандар дайын
болған талқанның тең жартысын өз індеріне
білдірмей тасып алады.
Әжесі табақ толы тарыдан жасалған аз
ғана талқанды көргенде, ашуға булығып, ішке
кіріп кетеді. Ал Жалқаугүл болса, өз қателігін
түсінеді. Достарының қаншалықты арам, қу
екеніне көзі жетеді.
«Еңбек етсең ерінбей,тояды қарның
тіленбей»,- деген Абай атасының сөзін есіне
алған Жалқаугүл аянбай еңбек етуге бел
буды.
Аты-жөні:
Ханым Қуатова
Туған жері:
Атырау облысы,
Балықшы ауданы
Сүйікті ісі:
Кітап оқу, күнделік
жазу
Мақсаты:
Қазақ прозасын әлемге
таныту
Сүйікті шығармасы:
Ш. Айтматов «Жан
пида»
Ұстанымы:
Үш-ақ нәрсе адамның
қасиеті: ыстық қайрат,
нұрлы ақыл, жылы
жүрек
(А. Құнанбаев)
12
Ж
ұлдыздың үйі ыңғайлы, әдемі. Оған
қоса, жемісі мол бақшасы бар. Өсіп
тұрған жұпар иісті әсем гүлдер мен
жеміс ағаштары бақшаның сәнін келтіріп тұр.
Үйінде өзінен басқа кәрі әжесі, әке-шешесі,ағасы
мен әпкесі тұрады. Жұлдыздың әжесі өте
еңбекқор, парасатты, ақылды, сабырлы жан.
Қалиқа әжей таң атқаннан бақшаға кіріп кетеді.
Ондағы үлкен тұт ағашының түбіндегі орны-
на жайғасып, киім тоқиды. Оған сонау Алматы,
Астанада тұратын ауқатты адамдар арнайы тап-
сырыспен киім тіктіріп жатады. Біірде Жұлдыз
әжесііне барып:
- Әже, неге көп тоқи бересіз?-деді.Әжесі оның
мәнін түсіндіру үшін, өзімен бірге киім тоқуға
шақырды.
- Қызым, кел, сен де үйреніп көрсеңші!
- Әже, мен оны үйрене алмаймын, өте қиын
сияқты...,-деді онша ұнатпай.
- Қызым, талаптанып, ниет етсең болғаны,
тез-ақ үйреніп кетесің. Келе қой, отыр. Ана екі
ағаштың арасын жалғап тұрған өрмекке қарашы.
Өте әдемі, иә? – деді де, ары қарай тоқи берді.
- Иә, әдемі екен.
Жұлдыз әжесінің тоқымасына бір, өрмекке
бір қарады. Үңіліп көрсе, әлгі өрмек пен әжесі
тоқып отырған жемпірдегі сурет бір-бірінен ай-
нымайды. Жұлдыз мұны әбден байқаған соң:
- Әже, қалай айнымай қалған. Сіз тоқуды
қайдан үйрендіңіз? Сізге әжеңіз үйретті ме?
- Жоға қызым. Мен тоқуды өрмекшіден
үйрендім.
Достарыңызбен бөлісу: |