Бақыт жайлы баллада
...Бір күлермін ғарыш жаққа кетерде,
Көп кещеге мен несіне кектенем.
Бізге бақтың, сірә қолы жетер ме,
Мұқағали, Төлегенге жетпеген.
Жұматай Жақыпбаев
Тағдыр, билік еркіндігін шектеген,
Ғарыш жаққа олар босқа кетпеген.
Бақыт, бағың керек емес маған да,
Қолы кеше Жұматайға жетпеген.
Өткен күндер көз алдымда көлбеген,
Сағыныштың саздарымен тербеген.
Пәтеріңді, қызметіңді неғылам,
Қасым менен Жұматайға бермеген.
Құлазумен Кеңсай жаққа қарадым,
Іздегенмен таппай өтіп барамын.
Ұлт бақытын таба алмадым шарқ ұрып,
Бәлкім түбі сен табарсың, қарағым.
Жадымда әлі алыс қалған кез де ескі,
Сезіп өстім тірі пенде сезбесті.
Он алтымда мөлдіреген қыз болып,
Бақыт маған бірақ рет кездесті.
Ол ақырын ұзай берді қасымнан,
Ұзай берді... іздеп келем жасымнан.
255
Маған қайтып жолықпады сол бақыт,
Жанжағына шуақ болып шашылған.
Елес болды сан сәулелі шақтарым,
Бәрін жиып көкірегімде сақтадым.
Сыйлар едім о, адамдар, сендерге,
Бақытты іздеп жер бетінен таппадым.
Өмір – майдан, шатыласың, шатасың,
Тағдыр жолы… кетіп бара жатасың.
«Бақытты бол, бақытты бол, балам» деп,
Шалдар маған беріп жатты батасын.
Ащысында, тұщысын да татасың,
Жазықсыздан таяқ жеп те жатасың.
«Өмір жолың ұзақ болсын, балам» деп,
Әжелерім беріп жатты батасын.
Түптүзу деп айта алмаймын жолдарым,
Қара қайғы көкірегімді торладың.
Адамдарға тек жақсылық тілеген,
Қалқам, неге мен бақытты болмадым?
Ойша шолып өмірімнің жолдарын,
Сырлас болғандарыңдарды қолдадым.
«Бақытты бол» деді маған қанша адам,
Қалқам, неге мен бақытты болмадым?
Қиял шіркін қияларға шарқ ұрды,
Ұстап өттім әдет, ғұрып, салтымды.
Бақытсыздық себебін сен сұрасаң,
Бақытты деп кім айта алар халқымды.
Бір аңыздан құралады, бір аңыз,
Бақытсыздық себебін сіз сұраңыз.
Бақытты деп кім ойлайды мына қыз,
Не сыйлайды білесіз бе, мына күз?
Құйтырқылау сұрақ қойды, қағытты,
Дарынсыздар бар билікке жағыпты.
Туған елі болса егер бақытсыз,
Шын ақындар бола алмайды бақытты.
Өтті бастан қанша көктем, қанша ақпан,
Тіршілік бұл құлазытқан, шаршатқан.
Жұматайды оқығандар біледі,
Биікпіз біз, байлық пенен мансаптан.
256
Уақыт түбі барлығынан шектейді,
Осы бір ой көкейімнен кетпейді.
Бірақ рет берілетін өмірде,
Бақытыңның қолы маған жетпейді.
257
Бейбіт ҚОЙШЫБАЕВ
ҚАЗАҚ ЖЕР-СУЫ ҮШІН КҮРЕСКЕН ҚАЙРАТКЕР
Революцияға дейінгі ұлт қайраткерлерінің өмірі мен қыз
метіне шұқшия көз салуым өткен ғасырдың 80жылдарынан
басталған еді. Бұл әуестігіме, әсіресе «Социалистік Қазақ
стан» газеті үшін Бірінші орыс революциясының 80 жылды
ғы на орай мақала әзірлеу барысындағы ізденістерім ерекше
серпін берді. Бүгінде жұртшылыққа кеңінен әйгілі Қоянды
петициясын сонда мұрағат қорынан кезіктірген едім. Азаттық
қозғалысының ғасыр басындағы көріністері 1905 жылы за
ман талабына сай жаңаша өрістеу жолына түскенін алғаш
сол тілекхаттан шамаладым. Мәселеге қызығушылығым
арта түсіп, қозғалыс қайраткерлері мен олардың ісәрекеттері
жайында көбірек біліп алуға тырыс
тым. Білгендерім мен
қорытқандарым кезінде белгілі дә ре жеде мерзімді басылым
дарда жарияланып тұрды. Қа зірде де солай. Кейіпкерлерім
нің арасында қазақ дала сындағы әділет, теңдікті көксеген
ХХ ға сыр басындағы ұлт тық қоз ғалыс көшбасыларының бірі
Бақытжан Бисәліұлы Қа ратаев та бар. Мен бұл кісінің өмір
жолын, ол бел ортасында жүрген оқиғаларды түрлі еңбектер,
зерттеулер, ес теліктер, қайраткердің өз жазғандары арқылы
жанжақты қарастырдым. Қарастыра келе, оның алғашқы
революция жылдары қазақ мүддесі жолында аянбай күресіп,
нақты істер тындырған үлкен күрескер болғанына көзім
жетті. Осы жа йында айтқым келеді.
Көзіқарақты оқырманға көптен мәлім, Бақытжан Қа ра
таев Императорлық СанктПетербург университетінің заң
факультетін есімі бетіне ойып жазылған алтын медальмен
1890 жылы бітірген. Жас маман билік жасаушы сенатта қал
дырылады. Сонда бір жылдай жұмыс істейді. Одан Кутаи
сиге тергеушілік қызметке жіберіледі. Ол қоғамдықсаяси
170192
258
тыныстіршіліктің астанадағы буырқанысын студенттік
шақтан білетін, біліп қана қоймай, араласып та жүрген, соны
сы үшін полиция тарапынан бақылауда болып, ескерту алып
та үлгерген. Ал Кавказда грузиндердің саяси қозғалысын өз
ынтасымен қатар, қызмет бабына орай да жанжақты таны
ды. Көптеген қоғам қайраткерлерімен тікелей таныс болды,
империядағы ұлт мәселесін терең тани түсті. Алты жылдан
кейін туған өлкесіне, Қазақ елінің батысына оралғанында,
отарлық озбырлықтың мұнда бұрынғыдан да өрши түскенін
көрді. Ішкі губерниялардан шаруаларды қазақ жеріне әкеліп
қоныстандыру үшін қазақты үйреншікті жерсуынан түрлі
әдіспен ығыстыру әрекеттері көз алдында жүзеге асырыла
бастады. Отар қамытын киген қазақтың соңғы наразылық
көтерілістері Қаратаевтың бала кезінде, 18691870 жылда
ры империяның қарулы күшімен тұншықтырылған еді, со
дан бері іштен тынған халық енді атақонысынан амалсыздан
көшіп жатқан. Қаратаев мұндай заңсыздыққа ара түсе алма
ды. Бәлкім, ара түспек әрекеттерінің салдарынан болар, оған
өлкеде білімбілігіне сәйкес қызмет тұтқасы ұстатылмады.
Сондықтан жеке адвокаттық кәсіппен шұғылданып жүрді.
Империядағы революциялық қозғалыстың дүмпуі оны
нақты саяси жұмысқа араластырды. Үкіметтің шегіністерге
баруы нәтижесінде туған 1905 жылғы құжаттар – халықтан
мұқтаждықтары көрсетілген петициялар қабылдау (18 ақ
пандағы), елде ождан бостандығын қамтамасыз ету (17 сәуір
дегі) туралы патша рескриптері мен заң шығаруға кеңесшілік
жасайтын жоғарғы мекеме құру жөніндегі ішкі істер министрі
ұсынған жоба – ұлт қайраткерлерінің, соның ішінде Бақытжан
Бисәліұлының да қоғамдық белсенділігін арттырды. Ол Орал
облысы қазақтары тарапынан министрлер кабинетіне пети
ция берілуін ұйымдастырды. Халық бастан кешіп жатқан
рухани қыспақ пен жер таршылығы баян етілген, болашақ
Мемлекеттік думада қазақ өкілдеріне де орын берілуі жа
йында ел өтініші тұжырымдалған талаптілектерін зиялы
лар делегациясымен бірге 1905 жылғы жазда императордың
қабылдауына кіріп те білдірді. Бұл әрекетті большевизм идео
логтары тарих сахнасынан кеткендерінше «атқамінерлердің
патшаға жағымпаздануы» деп бағалаудан танбады. Мәселен,
259
Зейнеп Бақытжанқызы Қаратаеваның әкесінің қызметін
жұрт шылыққа дұрыс түсіндіруді сұраған хатына орай рес
пуб лика Партия тарихы институтының директоры Жоғарғы
Кеңес Төралқасына 1986 жылғы 16 сәуірде қайтарған жауа
бында: «Б.Б. Қаратаев Қазақстанның Октябрь кезеңіне де
йін
гі феодалбай интеллигенттері лидерлерінің бірі, кадет
пар
тиясының мүшесі болған. 1905 жылғы шілдеде қазақ
байфеодалдары мен кадеттерінің делегациясын басқарып, ІІ
Николай патшаның мұрагерінің тууымен құттықтауға барды.
Қабылдау кезінде патшамен бірге суретке түсті», – деп жазды.
Шынтуайтына келгенде, Қаратаевтың зиялылар өкілде
рімен патша алдына барып өтініш білдіруі империядағы
жал пы наразылық қозғалыстарын үстемелей түсіп, әйгілі 17
қазан манифесінің тууына өз деңгейінде ықпал етті, сөйтіп,
шақырылмақ Мемлекеттік думаға қазақ арасынан да депу
таттар сайлануына олар қол жеткізді деп сеніммен айтуға бо
лады. Аталмыш хаттағы патшаны мұрагерінің туған күнімен
құттықтауға Қаратаевтың «қазақ байфеодалдары мен ка
дет терінің делегациясын басқарып» барғаны хақындағы тір
кеске мұқият назар салсаңыз – республика партия та рих
шыларының әсірелеу мен бұрмалауға тарих сахнасынан кетер
алдында да оң иығын беріп тұрғанын аңғарасыз. Делегация
ІІ Николайдың қабылдауына кірген шақта кадет пар тиясы
әлі ұйымдаспаған болатын.
Конституцияшылдемократтар партиясы 17 қазан мани
фе сімен қатар өмірге келді. Қазақ зиялылары бұл саяси
оқи
ғаға үлкен үміт арта қарады. Тарихта айтылатын «бес
қазақ облысының өкілдері» Орал қаласында Бақытжан Қа
ра таевтың бастауымен бас қосып, сондай саяси ұйым құру
қажеттігі жайында ақылдасты. Олар, бірақ, тарихи ең
бектерде әсіреңкі баға беріп айтылып жүргендей, партия
ны құрумен шұғылданған жоқ. Қазақ конституциялықде
мократиялық партиясы 1905 жылғы желтоқсанның екінші
жартысында Орал қаласында өңір аймақтары өкілдерінің
жиналысында құрылып, оның Бақытжан Қаратаев бастаған
Орталық комитеті сайланды. Сондай ұйымның 1906 жылдың
басында Семейде ұйымдасуы ықтимал еді, бірақ, «бес қазақ
облысы өкілдерінің» Оралдағы съезіне қатысушы Әлихан
260
Бөкейханов Семейде өтпек жиналысқа бара жатқан жолын да
тұтқындалды. Ол кадеттер партиясы мен оның бағдарла ма сы
жайында өзі Мемлекеттік думаға депутат болып сайланған
нан кейін, 1906 жылдың жазында, Петербургке жүрер ал
дында өткен жиналыста әңгімеледі. Бірақ онда партия құру
немесе жұрт жалпы бағытын мақұлдап тұрған партияның
бөлімшесі ретінде рәсімделу тұрғысынан ешқандай ісәрекет
жасалмағанды. Сондықтан да Оралда 1905 жылы Бақыт
жан Қаратаевтың басшылығымен құрылған қазақ кадеттері
нің ұйымы Қазақстан аумағындағы тұңғыш және жалғыз
ұлттық саяси партия болды. Қазақ конституцияшылка
деттері өз партиясының бағдарламасына империя астана
сында шаңырақ көтерген кадеттер ұстанымын негіз етіп
алғанмен, оның кей бабын ұлт мұқтажына орайластырып,
қайта тұжырымдады.
Жоғарыда аталған 1986 жылғы хатында Қазақстан Пар
тия тарихы институты Қаратаевты «аграрлық мәселеде ца
ризмнің отарлау саясатын қуаттады» деп күстәналап, нақты
жағдайды бұрмалаған еді. Ал іс жүзіндегі ахуал басқаша
болатын. Империя құрсауына түскелі Қазақ елінде жер
мәселесінің мейлінше өзекті болып кеткені Оралға партия
құру жиналысына жиналған делегаттардың баршасына аян
болатын. Еділді, Жайықты алған орыс патшасы қазақтың
атамекенін қусырып келе жатқалы талай жыл болған. Қазақ
халқы ормантоғай, шалғынды жерсудың көбінен айрылды.
Жаулаушылар жайылымды тарылтып, қоныстарды бірінен
соң бірін өз қарамағына алды. Үкімет өзінің заңдарымен
қазақ жерін мемлекет меншігі етіп жариялады. Мемле
кет меншігі деп тапқан шұрайлы аумақтарға ішкі жақтан
ауған келімсектерді орналастырды. Ал тіршілікке қолайсыз
өңірлерге ауысқан жергілікті халық күн өткен сайын кедей
лене берді. Сондықтан да қазақ партиясы байырғы атабаба
жерін өзіне қайтарып алу және оны сақтау жолында күреседі
деп ұйғарылды. Бұл үшін бағдарламада аталмыш мақсат бы
лай тұжырымдалды: «Қазақ халқының жері мен суы мәңгілік
өзіне тән, қазақ жерінің заңды қожайыны – қазақ және оған
ешкімнің ортақтығы жоқ». Қазақ партиясы әнеміне депу
таттар сайланғалы тұрған Мемлекеттік думада жасалуға тиіс
261
империяның негізгі заңына осы ақиқаттың еш бұлтақсыз
жазылуы үшін күреседі. Қаратаев пен оның үзеңгілестері
үкіметтің қазақ жеріне қарашекпендер мен мұжықтарды
көп теп көшірудегі мақсатының ішкі облыстарда жер тап шы
лығына байланысты туындап жатқан жанжалдан өз алпау
ыттарын құтқарып алу екенін бек түсінді. Мұны қазақ жер
суы есебінен жасаудың бұрыстығын, мұқтаждарды жер мен
қамтамасыз ету ісін өз аймағында да реттеуге болатынын
атап көрсетіп, партияның бағдарламасына «орыс мұжықта
ры
ның жері өздерінің отырған жерлерінде көбейтілсін»
деген талапты тұжырымдап қосты. Алғашқы ұлт парти
ясын құрушылар «қазақ жері мәңгілік өз қарамағында
қалсын, оны өздерінің рұқсатынсыз ешкім ешқашан ала
алмайтын болсын» деген сенімде еді. Олар сол сенімдерінің
негізгі заңға кіргізілуі үшін күресуге құлшынды. Байқалып
тұрғандай, тұңғыш ұлттық партияны мақсатты түрде ар
найы құрып отырған Қаратаев «патшалықтың отарлау
саясатын қолдады» деудің қисынсыз жала екенін бұдан
оңай аңдауға болады. Рас, СанктПетербургтегі кадеттер
партиясының көсемдері қазақ кадеттерінің жерсу хақында
мұндай еркінсуін көтермеді, ащы сынға алды. Бәлкім,
сондықтан да болар, Қаратаев Екінші Думаға депутат болып
сайланып келгенінде, парламенттің кадеттер фракциясына
емес, мұсылмандар фракциясына тіркелді. Бірақ бұл өздерін
«Халық бостандығы» партиясы деп атаған кадеттермен
оның мүлдем ат құйрығын үзіскені деген сөз еместі, ол алға
қойған мақсатын орындау үшін олармен де, октябристер
мен де, социалдемократтармен де қызметтес болып жүрді.
Ал Қаратаевтың ІІ Мемлекеттік дума құрамында жұмыс
істеген кезінде күйттеген басты шаруасы – қазақ халқының
пешенесіне жазылған өткір де өзекті мәселені, бабалар ама
нат еткен атамекеніндегі шұрайлы жерсуын озбырлықпен
орынсыз отарлаудан қорғауға тырысуы еді. ІІ Дума мүшесі
Бақытжан Қаратаевтың бұл ретте атқарған ісі оны сол
тұстағы ұлт қайраткерлерінің ең озық ойлысы, ең шоқтығы
биігі етіп көрсетеді. Парламенттік күрес жолында мүмкін
болғанның бәрін жасаған белсенді де беделді қайраткер
екенін танытады.
262
Қаратаев өткір де дәл пайымдарымен билікке көп қо
лайсыздық туғызған болатын. Ол, Орал облысынан сайланып
келген депутат, Екінші Мемлекеттік думаның мүшесі ретінде,
жер мәселесін әрдайым жалпықазақ мәселесі етіп қойып
отырды. Қазақ даласының әр облысынан сайланған өкілетті
өкілдерді (Ақмоладан молда Шәймәрден Қосшығұлов, Се
мейден болыс Темірғали Нұрекенов, Торғайдан заңгер Ах
мет Бірімжанов) бастап, бас министр Столыпиннің алдында
қоныс аударушыларға беріліп жатқан Семей, Орал, Торғай
облыстарындағы жерлерді қорғауға тырысты. Жерге орналас
тыру және жер өңдеу істерінің бас басқарушысы князь Василь
чиковке кіріп, осынау ауыл істері министріне олар кейінгі
жылдары орын алып отырған жерсуға қатысты мәселелерді
өздері өкілдік етіп отырған өңірлердегі ахуалмен байла
ныстыра әңгімеледі. Қазақ Даласына орталықтан ашқұрсақ
шаруаларды тоғыту ісін доғарса, переселен қозғалысын
уақытша болса да тоқтата тұрса, ішкі губерниялардан қоныс
аударушыларға жер беруден бұрын, бірінші кезекте, қазақ
халқын жермен қамтамасыз етсе деген тілек айтты.
Думадағы қазақ қайраткерлерінің ұдайы ізденістері нә
тижесінде, министрлер кеңесінің төрағасы Столыпин Дала об
лысы қазақтарын жерге орналастыру мәселесі бойынша Ішкі
істер министрлігі жанынан комиссия құруға мәжбүр болды.
Переселен істерін қазақ халқының нақты мұқтаждықтары
мен мүдделеріне үйлестіруді көздеуге тиіс бұл комиссияның
алғашқы отырысы 1907 жылғы 24 наурызда өтті. Оған Қа
ратаев бастаған қазақ депутаттары да қатысып, өз жерсу
ларын қорғайтын сөздер айтты. Жергілікті халықтың әдет
тегі өмір салтын, шаруашылық қалпын өрескел бұзып жат қан
қоныс аудару мәселесін реттеуді төтесінен қойды. Қаратаев
Екінші Думаға мүше болғаннан кейін, конститу цияшыл де
мократтармен ескі байланысын жаңғыртты. «Халық бос
тандығы» партиясының төрағасы Петрункевич орталық
комитеттің 1 сәуірдегі отырысында Қаратаевты серіктерімен
бірге тыңдады. Олар сол жолы кадеттік орталық комитетке
Орал, Торғай, Семей облыстарында үкіметтің переселен сая
саты салдарынан орын алған қазақтың ауыр ахуалы жайын
да айтты. Депутация көтерген бұл мәселе жөнінде кадеттер
263
партиясының орталық комитеті таяудағы күндердің бірін
де арнайы мәжіліс құрмаққа уәде етті... Князь Васильчиков
қуынушы Қаратаевқа алдына алғаш келгенінде ХХ ғасырда
мал соңында көшіп жүрудің қалыптағы құбылысқа жатпай
тынын айтқан. Сондықтан көшпенділерді отырықшы ету ке
рек деген, яғни үкіметтің переселен саясатын өте дұрыс деп
есептейтінін аян еткен. Алайда Қаратаевтың иланымынша,
үкіметтің сол тұстағы саясаты қазақтарды отырықшы ету
ге емес, керісінше, құнарсыз шөл далаларда мәңгі босып,
көшіп жүруге итермелейтін... Үкімет басы Столыпин Ду маға
алғаш 6 наурызда келгенінде, патшаның қалауымен жаса
лып отырған өзгерістердің бәрі Ресейді құқықтық мемле
кетке айналдыруға тиіс дегенді. Үкіметтің міндеті ретінде
шаруалардың мұқтаждықтарын заңды жолмен шешу ретін
көрсетуді айтқан. Шаруаларға жағдай жасау үшін, оларға
мемлекет жерлерін бөліп беретінін, жерді шаруалардың
емінеркін сатып алу мүмкіндігін арттыруға Шаруа банкі
жәрдемдесетінін әңгімелеген.
Шаруалардың общиналардан шығу мүмкіндігін қамта
масыз ету, олардың жеке қожалық құру және хуторлық ие
лікке көшу мүмкіндіктерін жеңілдету үшін арнайы заңдар ой
ластырып отыр, олардың бәрі үкімет тарапынан Мемлекеттік
Дума мен Мемлекеттік кеңестің қарауына ұсынылады. Осын
дай хабарламасын премьер Столыпин: «Ұлы Мәртебелінің
үкіметі таза орыстық үкімет болуы тиіс, солай болады да», – деп
аяқтады. Оны Кутаиси депутаты Церетели, Думаның басқа да
солшыл мүшелері қатты сынады. Үкіметтің Бірінші Думаны
жерсу мәселесіне бола қуғанын еске алды.
Жерді мәжбүр ету жолымен бөліп алу жайында мәселе қо
йылған кезде, үкімет басакөктеп, помещиктердің мүддесін
қорғап шыға келді деді. Сол әдетін Екінші Думада да жал
ғастырып тұрғанын айтты. Одан фракциялар өкілдері өз
мәлімдемелерін жасады. Соларды талдай келе, Дума мін
бесіне үшінші рет көтерілген Столыпин солшылдарды «мем
лекеттілігімізге қарсы тұрушылар» деп бағалады, олар «ра
дикализм жолын, мәдени дәстүрлерден азат болу жолын
таңдағысы келеді. Түсініңіздер, оларға ұлы сілкіністер керек,
ал бізге ұлы Россия қажет!» – деді. Үкіметтік бағдарламаны
264
қостаған октябристдепутат Тетеревенков сөзінде: «Мен қоныс
аударушылық қозғалыс тек егінші халық мүддесі үшін емес,
сонымен бірге, шет аймақтарды отарлау үшін өрістетілуге
тиіс деп санаймын, – деген пікір білдірді. – Біз өзіміздің шет
аймақтарымызды өз адамдарымызбен қоныстандырып бол
майынша, ол жерлерді өз қарамағымызға нық бекітіп ала
алмаймыз... Сондықтан да Мемлекеттік Дума қоныс аударту
қозғалысын ретке келтіру үшін барлық шараны жасауы тиіс,
өйткені, шаруаларды Дала өлкесіне көшіріп, қоныс аударту –
жер мәселесін шеше отырып, диқандарды жермен қамтамасыз
ете отырып, сонымен бірге, Россияға оның шет аймақтарын
мәңгі тиесілі етіп бекітіп береді». Осындай тұжырымдардан
кейін сөз кезегі әрең дегенде Қаратаевқа тиді. «Мырзалар,
бұл мінберден қазақ халқының атынан ешкім сөйлеген жоқ,
– деді ол. – Соған қарамастан, біздің мемлекетіміздегі әбден
шиеленіскен аграрлық мәселені шаруаларды Дала облыстары
аумағына, атап айтқанда, Орал, Торғай, Ақмола, Семей және
Жетісу облыстары аумағына көшіру арқылы шешіп тастамақ
болуда. Аграрлық дағдарыстың шешіміне шаруаларды Орта
Азияға қоныстандыру жолымен қол жеткізуге біздің оң жақ
орындықтарда отырған бауырларымыз айрықша құмарлық
көрсетті».
Осы «оң жақ орындықтарда отырған бауырлардың» көз
қарастарын жер өңдеу мен жерге жайғастыру жұмыс тары
ның бас басқарушысы князь Васильчиков пен Министрлер
Кеңе сінің төрағасы Столыпин парламентте қорғап отырғанын
атап айтты. Одан: «Бірақ қазіргі уақытта Мемлекеттік Дума
мүшелерінің ешқайсысы мыналарды сұраған жоқ, шындап
келгенде білуге де тырысар емес: шаруаларды көшіріп апарып
қоныстандырарлықтай артық жерлер қазіргі сәтте азиялық
облыстарда бар ма, ол жаққа шаруаларды қоныс аудар туға
есілдертіңмен жаныңды салып кірісерліктей дайынды
ғың бар ма, табиғитарихи, шаруашылыққа жарамдылық,
топырақ пен ауа райы жағынан Дала облыстарының барлық
бөлігі түгелдей зерттелді ме, жоқ па? Ешкім мына мәселені
ойлап басын қатырған жоқ: осы қоныс аударту шаруалардың
өздерінің де, қазақтардың да шектен шыға қиналуымен аста
сып кетпес пе екен, осы қоныс аударту туземдік қазақтардың
265
қожалықтарының күйреуімен және қожырауымен астасып
кетпес пе екен? – дей келе, – Жергілікті халық мүддесімен
үйлестірілмеген қоныс аудару, қалай болғанда да, әділдік
ретінде құрметтеле алмайды. Ол әрқашанда күштінің әлсізге
зорлықпен күш көрсетуі ретінде ғана бағаланады», – деген
ойын айтты. Содан соң үкіметтің «қазіргі таңда... шаруалар
ды әлденақ тек көшіріп апарумен ғана» емес, «сонымен бір
мезгілде бұл ведомство қазақтарды олардың бауыр басқан
ұяларынан, олардың үйлерінен топтобымен қуып шығарып
жіберумен» шұғылданып отырғанын нақты мысалдар кел
тіріп әшкереледі. Үкіметтің «помещиктік мүддені... қор
ғау мақсатында жеріне шаруаларды көшіріп апарып қо
ныс
тандыру арқылы қазақтарды жәбірлеп отырғанын»
ше гелеп көрсетіп, «жекеменшік иеліктердегі жерлерді мәж
бүрлеу жолымен иеліктен шығарып алуды қалайтын бар лық
оппозициялық фракцияларға қазақтардың әрқашан тілек
тестікпен қарайтынын» жария етті. 1907 жылғы 16 мамырда
жасалған бұл батыл мәлімдеме жарты айдан кейін орын алған
«3 маусым» төңкерісіне ұласты...
Қаратаевтың аграрлық мәселедегі ұстанымы большевик
тер көсемі В. Лениннің назарына іліккені мәлім. Ол өзінің
«Социалдемократияның 19051907 жылдары болған бірінші
орыс революциясындағы аграрлық бағдарламасы» атты
мақаласында Бақытжан Бисәліұлының Думадағы сөзінен
үзінділер келтірді. Дума тарқағаннан кейін, патшалық тың
Оралдағы әкімшілігі оны, үкімет бағытына кереғар көз
қарасына бола, қабылдаудан қашқақтады. Бірақ Қаратаев
қазақ жерсуын қорғау әрекеттерін жалғастыра берді. ІІІ
Мем лекеттік Думаға Мұсылмандар фракциясы арқылы «Қа
зақтарды жерге орналастыру туралы» арнайы заң жобасын
енгізу әрекетін жасады. Ол сәтсіз аяқталған соң, шұрайлы
жерсудан мүлдем айырылып қалмаудың тиімді жолы ретінде
үкіметтің заңдары ауқымында отырықшылыққа көшу жо
лын ұсынды. Оны көзі ашық, оқыған интеллигенция өкілдері
«Айқап» журналында жарияланған мақалаларында қолдады.
Жерсуды ұстап қалудың жолы ретінде Бақытжан Қаратаев
1910 жылы бір болыс қазақтарына жер үлесін кестіріп алып,
отырықшылық қалыпта егін салып, мал бағудың жаңа үлгісін
266
нақты ісімен өзі көрсетті. Бұл жайында баспасөз арқылы:
«Енді Шідерті болысының қазақтары шүкір етеді: ортамызға
қарашекпенділерді кіргізбедік, пайдалы жерімізді өзіміз
алып қалдық», – деп хабарлап, сол үлгімен халықты «қала
салып отырықшы» болуға, «көшпелі атақтан құтылып,
шаһарлы отырықшы атануға» шақырды. «Өйткені, – деді
ол, – көшпелі болып жүре берсек жерден, судан айырыла
тын көрінеміз». Алайда қазақ интеллигенциясының екінші
беделді тобы бұл бастаманы қолдамады. Сол жылдары мүмкін
болған эволюциялық жолмен отырықшылыққа көшпеген
қазақ елінің большевиктік солақай реформалар кезінде қан
дай қасіретке душар болғаны баршаға белгілі...
Бақытжан Қаратаевтың жер мәселесіндегі көзқарасы
мен атқарған істері оның империя ішіндегі қазақ мүддесін
мейлінше ұтымды жолдармен қорғауға тырысқан аса көрнекті
тұлға болғанын айғақтайды. Ол ағартушылық жұмыстармен,
баспасөз ісін жолға қоюмен, қазақтың діни иланымын қорғау
істерімен шұғылданды. Алда тұрған міндеттерді айқындау
үшін жалпықазақ съезін шақыруды қолдады. Бұл мәселеде де
зиялылардың екі жарылғаны мәлім. Ақыры, қазақ съезі мо
нархия құлағанша жиылмады...
Қаратаев Кеңес өкіметін қолдап, оны орнатушылардың
қатарынан табылды. Оралда ақтардың түрмесінде отырды.
Қазақ жастарынан әскери жасақ құрды, әйгілі Чапаев ди
визиясы атты әскер бригадасының саяси комиссары және
командирі болды. Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы
Лениннің қолынан Қазақ революциялық комитетінің мүшесі
екенін куәландырған мандат алды. Қазақстан Кеңестерінің
І және ІІ съездеріне делегат болды. Жасы ұлғайған шағын
да ғылымизерттеушілік жұмыстармен айналысты. Орал
губерниясындағы революциялық қозғалыстан, Алашорда
тарихынан, Әліби Жангелдиннің әйгілі жорығынан елеулі
еңбектер жазды, Орал қаласын ақтардан азат ету, Чапаевтың
қаза табуы жайында құнды естеліктер қалдырды. 1934 жылы
Ақтөбе қаласында дүниеден өтті. Оның бір ұлы (Шәміл, ол
кеңестік ірі әскери қайраткер болды, саяси қуғынсүргін
жылдары репрессияға ұшырады) – қызылдардың, енді бір
ұлы (Мұрат) Алаш әскері қатарында қызмет етті. Екеуі де,
267
әкесі Бақытжан Бисәліұлы тәрізді қазақтың музыкалық
мұрасын жинаушы Александр Викторович Затаевичке ән
күйлер жаздырған болатын. Қаратаевтың өмірі мен қызме
тіне кеңестік кезеңде орын алған ресми көзқарасты шет
жағалай айта кеттік, ал тәуелсіздік дәуірінде түрлі зерттеулер
жүргізіліп, бертінде ғылыми конференция өтті. Дегенмен, есі
мін сіңірген еңбегіне сай ардақтау ісі әлі де өз кезегін күтіп
тұр...
268
Қоғабай СӘРСЕКЕ
Достарыңызбен бөлісу: |