Ма алала жи а ы халы а их л ы ы да І


ҚАЗАҚТЫҢ ТАРИХЫН КӨПТОМДЫҚ ЕТІП



Pdf көрінісі
бет3/21
Дата15.03.2017
өлшемі1,54 Mb.
#9900
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

ҚАЗАҚТЫҢ ТАРИХЫН КӨПТОМДЫҚ ЕТІП 
ЖАЗУЫМЫЗ ҚАЖЕТ
–  Хангелді аға, тарих төңірігендегі пікірталастардың 
белсенді түрде жүргеніне оншақты жыл болды. Таяуда Мем­
лекеттік хатшы М.  Тәжин арнайы алқалы кеңес өт кізіп, 
алда қауымдасып атқаратын бағыт­бағдарды ортаға сал­
ды. Енді саланың жұмысына қаншалық жаңа серпін келеді 
деп ойлайсыз? Қазақ халқының жаңа тарихын зерделеу қа­
лай жүруі керек?
– Қазақ – тарихқа, әсіресе төл тарихына құштар, аңыз­
әфсаналарды ұрпақтан ұрпаққа аманаттаған, тарих 
пен 
жас 
 
ты да, кәріні де тәрбиелеген халық. Тоталитарлық­
идео 
 
логиялық өктемдік тұсында әлсірегенімен, біржолата 
үзіл меген бұл дәстүр азаттықтың келуімен қайта түледі. Қо­
лына қалам ұстағанның бәрі тарихшы болуға шақ қалды. 
Біреулері қисынсыз елес қуды, Шыңғыс ханның қазақ екенін, 
қайда жерленгенін білетін болып шықты. Екіншілері айдай 
ақиқатты бекерлеумен, «атың шықпаса, жер өртенің» кебін 
киді. Мәселен, Абылай ханның ешқашан хан болмағанын 
«дәлелдеп», бүгінге дейін әуреленуде. Қазақ тарихын көпе­
көрнеу бұрмалаушыларды да осы топқа жатқызуға болады. 
Үшіншілер ұлттық тарихымызды әсіре бояп жіберуге бейім. 
Ауылы мен руының деңгейінен аспаған батырды немесе биді 
Төле мен Қазыбектің, Қабанбай мен Бөгенбайдың шыққан 
биігіне көтергісі келеді. Бізге керегі ақиқаттан аттамаған, 
ғылыми танымның заңдылықтарымен дәйектелген, деректік 
негізі бекем кемел тарих. Осы ниетпен 1998 жыл«Ұлттық та­
рих жылы» деп жарияланған еді. Тәуелсіздіктің кезеңдерінде 
Қазақстанның кемел тарихын жазуға олжа салған ғалымдар 
шоғыры қалыптасты. Сол шоғырды Елбасымыз Н. Назар­

35
баев бастап келеді. Тұңғыш Президентіміздің қаламынан ту­
ған «Тарих толқынында» кітабы – мыңжылдықтар үдерісін, 
тағылымы мен тәлімін әлемдік және ұлттық тұрғыдан зер­
делеудің, методологиялық жаңаша ізденістің тамаша үл­
гісі. Мемлекеттік хатшы М. Тәжин өткізген алқалы кеңес 
президенттік бастаманың келесі кезеңін, жаңа серпінін бей­
нелеген нышанды сәт деп ұғамын. Осы жолы ғалымдары­
мыз уақыт үдесінен, талап межесінен шыға алса, ұлттық 
тарихымыздың шынайы келбетін түзген биіктен көрінеріміз 
сөзсіз. Бұл – ғасырлар қарызын өтегенмен пара­пар. Осы­
лайша ғана бүгінгі күнге жетпеген, бірақ барша ғұмырын 
ұлттық тарихға арнаған нағыз дүлдүлдер әруағы риза болады, 
«Қазақстан – 2050» Стратегиясын жүзеге асыруға лайықты 
үлес қосылады.
Түптеп келгенде, қазақ халқының тарихын зерделеу Ұлы 
Даланың қай дәуіріндегі болмасын ұлттық, мемлекеттік, гео­
саяси мүдделерімен ажырағысыз байланыста жүзеге асуы 
қажет. Өйткені тарих қаптаған оқиғалар мен өзгерістер­
дің тізбегі емес, ол – елішілік, аймақтық, құрлықтық, тіпті 
әлемдік геосаяси факторлар ықпалымен, халықтың бейбіт 
тіршілікті жалғастыру мақсатындағы іс­әрекетімен, билік 
пен билеушілердің қоғамдағы, мемлекеттегі, халықара лық 
қатынастардағы үдерістерді реттеуімен, ішкі­сыртқы саяса­
тымен түзілетін ілгерілеудің, іркілістің, өшудің жиын тық 
көрінісі. Ұлттық тарих әлемдік тарихтың құрамдас бөлігі 
екенін қабылдаған жөн, ал оған бөтеннің көзімен, өлшем дері­
мен, ұстанымдарымен қарау оңбай адастыратынын ұғатын 
кез келді.
– Қашаннан бері қозғалған тақырыптың бірі – қазақ­
тың шығу төркіні, алғашқы мемлекетті құру кезеңі жа­
йын нақтылау, тың мәліметтермен толықтыру тағы 
ай тылды. Аталған мәселеге орай сіз де талайдан бері ой 
қосып, пікірталастырып жүрсіз. Алдағы зерттеудің жаңа 
бағыты қалай болмақ? Бұл тұста бізге қатысты тосын 
мәліметтерді қай тұстан, қайбір мемлекеттерден іздес ті­
руіміз керек?
– Тарих – сан­салалы, қалың қатпарлы құндылық. 
Оның зерттелгенінен зерттелмеген тақырыбы көп. Тарих­

36
қа материалистік көзқарас салтанат құрып тұрған дәуір­
де қоғамдық­экономикалық бағыттағы зерттеулерге – мен­
шік, өндірістік қатынастар, таптық құрылым, тап кү ресі, 
халықтар достығы, революциялар, соғыстар, т.б. басым дық 
берілді. КОКП қалауымен тарих ғылымы жойдасыз сая­
саттанғандықтан,  идеологияландырылғандықтан  Қа зақ стан
саяси  картада  пайда  болған  сәттен­ақ  Ресейге  қо сы  лу   дан, 
социалистік құрылыс жолына түсуден басқаны қа 
был 
 
­
дамағанға саятын ұғым­түсініктер санаға сіңірілді, оқу лық ­
тарда ұлықталды. Сондай қыспақтың өзінде Ә. Марғұлан, 
К. Ақышев, Е. Бекмаханов, М. Қозыбаев, Р. Сүлейменов, 
Х. Ар ғынбаев, Х. Алпысбаев сынды ғалымдар ұлттық тари­
хы мызға тән жауһарлар мен ерекшеліктерді, мәселе форма­
цияларда емес, халықтың, тұлғалардың қилы тағдырын­
да жатқанын айта алды, халықтың құрметіне бөленді. Ал 
азаттық шығармашылық еркінділікті орнықтырғанда осынау 
озық дәстүрмен жағаласа бірен­саран жағымсыз жағдаяттар 
бой көтергенін сөзіміздің басында айттып кеттік. Бұдан да 
басқалары бар. Мәселен, көптеген ЖОО­да Қазақстан тарихы 
кафедрасы жабылып қалды. Өзектілігі шамалы көр­жерді, 
ұсақ­түйекті зерттеу, таптаурын тақырыптарды қайталау, 
біреудің жазғанын көшіріп алу (плагиат) әлі құрдымға кете 
қойған жоқ. Ендігі жерде осының жолын кесу керек. Өз алды­
на дербес Қазақстан тарихы, Қазақ тілі кафедралары ашыл­
маған бірде­бір ЖОО болмасын. Бүгінде кандидаттық жә не 
докторлық диссертациялар қорғау тоқтатылғаны белгілі. 
Орнына философия докторы (PhD) атағына диссертация қор­
ғау басталды. Бұдан былайда басты назар салатын, бақылау ға 
алатын сала – осы. PhD докторантурада орындалатын зерт­
теу тақырыптарын елеусіз қалдырсақ, жүрдім­бардым бе кіте 
салсақ, кешегі күнімізге зар боламыз. 
Алдағы уақыттағы зерттеулердің жаңа бағыты тарих 
ғылымының мамандығына қарай анықтала жатады. Мә­
селен, археологтар үшін тас дәуірі мен қола дәуірі екі бө­
лек дүние, этнографтар үшін Қытай қазақтары мен Ресей 
қазақтарының арасындағы айырмашылық маңызды ойта­
мызық, деректанушылар тастағы жазудың да, ауызша та­
рихтың да құпиясын білгісі келеді. Ал енді осылардың 

37
бәрінің басын қосатын, бары мен жоғын анықтайтын, тіпті 
Қазақстанның әлемдік тарихтағы орнын тиянақтайтын бір 
ғана мүмкіндік бар. Ол – халықтың, мемлекеттің тарихын 
көптомдық форматта жазу. Әрине, тарих тек деректік негізде 
жазылады. Менің ойымша, бізге қатысты деректердің негізгі 
дені белгілі. Себебі Ш. Уәлихановтан бері есептесек, ұлттық 
тарихтың деректерін анықтаумен тарихшылардың 6­7 буыны 
айналысқан екен. «Мәдени мұра» аясында табылған дүниелер 
қаншама. Азды­көпті тосын мәліметтер тарихшыларымыз 
енді ғана бара бастаған Қытай, Иран, Түркия, араб елдеріндегі 
кітапханалардан, архивтерден, жекелеген қорлардан шығуы 
бек мүмкін, шыға да береді. Бір ғана мысал келтірейін. Біздің 
Институттың ғалымдары З. Жандосова мен Н. Атығаев енді 
ғана ғылыми айналымға енген, ХVІІ ғасырда парсы тілін­
де жазылған авторы белгісіз «Алам­ара­йи Шах Исмаил» 
кітабынан Қасым хан туралы тамаша мәліметтер тапты. Онда 
ХVІ ғасырдағы қазақ билеушісі шетелдік әріптесін қалай 
қабылдағаны тәптіштей суреттеліпті: «Преодолев долгий 
путь, Джанибек­султан прибыл в Степь. Касим­хану доложи­
ли о прибытии Джанибек­султана. Касим­хан отправил ему 
навстречу степных аксакалов, и те, оказав Джанибек­султа­
нудолжный почет и уважение, препроводили его к Касим­ха­
ну. Приглядевшись, он [Джанибек­султан] увидел Касим­ха­
на, который, как свирепый див, восседал на Чингизхановом 
троне, сделанном из чистого золота; и четыре угла этого трона 
были сделаны в виде льва, леопарда, тигра и дракона. На го­
лове у него была украшенная драгоценными камнями корона 
Чингиз­хана стоимостью в семьдесят тысяч туманов. У него 
были очень светлые глаза, густые черные брови, длинные усы 
и несколько длинных волосин на подбородке, и еще три очень 
длинных волоса – один на правом соске, другой на левом, и 
третий над пупком, и все это – признаки настоящего преем­
ника Чингиз­хана. У кого из потомков Чингиз­хана волосы 
растут таким образом, тот и становится его преемником. Ты­
сяча двести эмиров сидели вокруг на скамьях. Бирум­аталык, 
советник, сидел по левую руку, а справа на красивом сиденье, 
поджав ноги, сидел сын его [Касим­хана], Абул­Хайр­хан. 
На голове унего была узбекская шапочка, обернутая чалмой 

38
с желтой каймой, куда была вставлена булавка, украшен ная 
драгоценнымикамнями».
Керемет сән­салтанат емес пе!
– Тәуелсіздік тізгіні қолға тиген жылдардан бастап ше­
телдерден ағылған көшпен бірге бірталай білгір ғалымдар мен 
зерттеушілер де келді. Олар да ұлт тарихына байланысты 
соны деректер мен мағлұматтарды шығарып, пікірталас­
ты тағы да тереңдетіп жатыр. Бүгінде қандастарымыз­
ды мәліметтері қаншалықты ескеріледі, олардың тіл, жер, 
ел білудегі потенциялын пайдалану көзделіне ме? Шетел 
архивтерінде жатқан құнды деректерді алдыртудың жолын 
мемлекетаралық мәмілелер арқылы шешкен жөн шығар.
– «Кісідегінің кілті аспанда» демей ме қазақ даналы­
ғы. Мұндай кедергілер Ресейде де, Қытайда да зерттеуші лер 
алдынан шығатыны рас. Кейде мемлекетаралық келісім­
дер де септеспейтін жағдай болады. Менің ойымша, көзде­
ген мақсатқа жету үшін сол елдерден Қазақстан тарихы­
на қамқор, жанашыр пейілдегі азаматтар тауып, өзімізге 
тар 
туымыз керек. Қазақ диаспорасының әлеуетін кәдеге 
жаратсақ, қомақты нәтижелерге қол жеткізеріміз сөзсіз. 
Ай 
тып отырғанымның бәрі ғылымғы жат дүниелер емес. 
Мәселен, Ұлы Отан соғысынан кейін Кеңестер елі атом қа­
руын жасауға кіріскенде, Германия, Англия, АҚШ ға лым­
дарының зерттеулерін кең көлемде пайдаланды әрі мил­
лиардтаған рубльді үнемдеді. Басқа­басқа, архив қорлары 
Қазақстанда да толық ашылған жоқ. ҚР Президентінің ар­
хивіндегі, Ұлттық Қауіпсіздік комитеті архивіндегі біраз 
құжаттар зерттеушілерге берілмеген күйде жатыр. Бұл жай­
лы әріптестерім М. Қойгелді, Т. Жұртбай жетесіне жеткізе 
айтқандықтан, сөзді көп созбай­ақ тоқтайын.
Тарих ғылымы таяу­алыс шетелдерден оралған бауыр­
ларымыздың арқасында бір көтеріліп қалды. Қытайдан кел­
ген Бақыт Еженхан, Нәбижан Мұхамедханұлы мәнжүр, 
қы тай тілдеріндегі құнды­құнды деректерді ғылыми айна­
лымға қосып, тарихи танымымызды кеңейтсе, Моңғолиядан 
шыққан Қаржаубай Сартқожаұлы мен Нәпіл Базылхан, 
Қытай қазағы Тұрсынхан Зекенұлы отандық түркітануға 
соны серпін берді, Өзбекстаннан келген Әшірбек Момынов 

39
араб қолжазбаларын, кешегі Иран азаматы Ислам Жеменей 
парсы қолжазбаларын «қазақша» сөйлетті. Зардыхан Қи­
наятұлының Шыңғыс хан ұлысы тұсындағы Қазақстан жай­
лы зерттеулері – ұлттық тарихнамаға қосылған қомақты 
үлес. Барлық қандастарымызды атап шығу мүмкін емес, 
әрине. Бұлар ұлттық тарихымызды құлшына жазу үстінде. 
Өкініштісі – білетін тілдерін, әсіресе ортағасырлық тілдер­
ді әзірге  жастарға бере алмай жатыр. Әрқайсы 1­2 маманға 
өз дері білетін тілді, оқылуын, қыры мен сырын үйретсе, Қа­
зақстанның тарих ғылымы алдағы уақытта бәсекеге қабі лет­
тілігін сақтай алар еді. 
  Бұған дейінгі Қазақ хандығының тарихын түгендеу 
Кеңестік кезеңде жүзеге асқандықтан талай жағдаяттың 
жасырын немесе атүсті қаралғаны анық. Ұлт тарихын 
түгендеуде қандай тұстарға, қайбір кезеңдерге барынша 
мұқият қарауымыз керек. Осы тұрғыдан ой өрбітіңізші. 
Бәлкім Қазақ хандығының шығу төркінін 1465 жылдан емес, 
әріден бастайтын шығармыз...
– Ұлттық тарихтың әрбір дәуірі біз үшін қымбат. Ұлы 
Дала тарихындағы ең бағалы ерекшелік осынау кеңістіктегі 
мәдени­өркениеттік үдерістердің сабақтастығы мен жал­
ғастығы үзілмегенінде. Антропологиялық тұрғыдан бұл мә­
селе академик О. Смағұловтың зерттеулерімен жан­жақты 
тиянақталған. Демек қазақ халқы, оның мемлекеті өткені 
бұлыңғыр, алды көк тұман, қу тақырда пайда бола қалған 
жоқ. Тамыры тереңге тартқан өз негізінде өсіп шықты. 
М.Х. Дулати Қазақ хандығы құрылған мерзімді 1465­
1466 жылдар деп көрсетеді. Әзірге бұдан басқа нақты де­
рек белгісіз. Ал мемлекет оны құраушы халықтан бұрын 
шаңырақ көтермейді ғой. Сондықтан да сақтардан тартып 
Қазақ хандығы пайда болғанға дейінгі мыңжылдықтарды 
түркілену, исламдану, қазақтану дәуірі, бір сөзбен түйін де­
сек, Ұлы Даланың қазақты, оның мемлекетін дүниеге әке­
луге толғатқан ғасырлары десек еш қателеспейміз. Мұның 
сыртында қазақ даласында ғұмыр кешкен мемлекеттер та­
рихын, олардың өзара ұқсастығы мен ерекшеліктерін, Қазақ 
хандығына ықпалын, кеңестік мемлекетіміз бен қазіргі қа­

40
лыптасқан мемлекетіміздің болмысын зерделеу кезек күт­
тірмейтін өзекті ғылыми жоба ретінде танылуы керек. 
– Бүгінде баспаның барлығы жекеменшікте болған соң, 
әркім қалаған кітабын шығара беретін болды. Алайда кейбір 
әуесқой зерттеушілер мен түрлі пиғылды көздейтін та­
рихшылар ұлттың немесе тарихтағы белгілі тұлғалардың 
өміріне қатысты байыпталмаған, әр жерден жұлмаланған 
деректерді жиыстырып, кітап етіп басуды әдетке айнал­
дырды. Әрине, оның соңы дау. Осының алдын алу үшін баспа 
басшыларымен тарихи деректер қамтылған кітаптарды 
басар кезде өзара талқылау, келісімін беру сынды уағдалар 
жасауға бола ма? Мәселен қазір діни әдебиеттер сұрыптаудан 
өтуге көшті ғой.
– Қателеспесем, былтырдан бері ғылыми әдебиетті шыға­
ру үшін баспалар қолжазбаға ғылыми­зерттеу институтта­
рының сараптамалық қорытындысын алатын болды. Бірақ 
«шала Шекспирлер», «толмаған Толстойлар» жазған кітап­
тар болған, бола да береді. Жақсы мен жаманды, ащы мен 
тұщыны айыра білу үшін бұл да керек шығармүмкін. Түптің 
түбінде баспалар сапалы кітап шығаратын, сапасыз кітап 
шығаратын, бірде дұрыс, бірде бұрыс кітап шығаратын ба­
спалар болып жіктеледі. Оларды анықтайтын әділ бағасын 
беретін қауым оқырмандар болуы керек.
– «Ғылым беделге емес, дәлелге тоқтайды» деген дана­
лық сөз бар. Біздің тарихымызда да дәлелдеуді қажет ете­
тін даулы даталар мен тұлғалар бар. Осыларды бірізділен­
діру жүйелене ме, әлде жалғаса беру заңдылық па? Одан кейін 
жыл сайын ҰБТ кезінде тарих пәні оқулығынан шу шыға ды. 
Бі рақ сол шулар қаншалықты шындыққа жақын. Мұның 
бар лығы тарихтың беделін төмендетіп жүр. Соның салда­
рынан соңғы жылдары тарих пәнінінің сағаттары азайты­
лып, ка федралары қысқартылып жатыр. Енді кемшілік тер 
қаншалықты орнына келеді?
Мемлекеттік хатшы М. Тәжин өткізген жиыннан кейін 
тиісті министрліктерге нақты тапсырмалар берілді. Солар­
ды жүзеге асыру тарих ғылымының беделін көтеріп, қо ғам­
дық­гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі мәртебесін биік 
деңгейге көтереді деп отырмыз. Сонымен Қазақстанда тарих­

41
қа сұраныс, халықтық құштарлық баршылық. Мемлекеттік 
биліктің тікелей араласуымен сұраныс пен құштарлықты 
өтеуге қажетті тетіктер іске қосылуда. Ұлттық тарихты оқы­
тудың, зерттеудің, насихаттаудың жауапты миссиясы зия­
лылардың мойнына түсіп тұр. Не мойын кетеді, не құрық 
кетеді. Өз басым бәрі ойдағыдай атқарылатынына сенемін. 
Танымда шек жоқ. Бұрын­соңды беймәлім деректер де 
ашыла түсуі заңды құбылыс. Демек, даулы даталар мен тұл­
ғалар мәселесін бірізділендіру тоқтамайды. Бірақ бұдан ұлт­
тық тарихта ақтаңдақтар қалмайтын күн алда екен деген 
ой тумауы керек. Ақтаңдақтарсыз тарих жоқ. Ақтаңдақтар  
зерт теушіні ізденіске құлшындырмай ма.
– Кейінгі кездері тарих саласында кандидаттар мен 
доктарлардың азайып бара жатқандығын айтып, алаң­
даушылық білдіріп отырсыз. Мұны қалай түзейміз? Мемле­
кеттік тарихи институттарға да артылар мін, айтылар 
сын аз емес. Жиырма жылды аяқтап, келесі ондыққа аяқ сал­
дық қой, нені түзеуіміз қажет, нені түбегейлі жоюға тиіс­
тіміз?
– Бұрынғы ереже бойынша диссертациялар қорғау тоқ­
тағандықтан, тарих ғылымдарының докторлары мен кан­
дидаттары азая бастағаны рас. Жастары да ұлғайып келеді. 
Мұны түзеудің бір­ақ жолы бар. Ол – PhD докторантураға 
қабылдауды арттыру. Ал тарихшылардың әлеуметтік аху­
алына келсек, олар үшін түзілген арнайы бағдарлама жоқ. 
«Көппен көрген – ұлы той»деп жүріп жатыр. Мемлекеттік 
органнан ерекше назар қоюды талап ету заңсыздық деп біле­
мін. Жастар саясатында түбегейлі бетбұрыс орын алып жатса, 
шарапаты жас тарихшы ғалымдарға тиіп қалуы мүмкін ғой.
Тарихтан төрт ғылыми­зерттеу институты жұмыс істеп 
тұр. Бұлардың зерттеу салалары да, хронологиялық ауқы­
мы да әр алуан. Тәуелсіздіктің алғашқы 10­15 жылында 
қаржыландыру, ресурстық қолдау қиыншылықпен жүрді. 
Айлық әлі де төмен. Мәселен, біздің институттағы ғы лым 
докторының жалақысы 100 мың теңгеге жетпейді. Жас 
мамандардікі 50 мың теңгеден аз. Штаттық кесте тым қыс­
қарып кеткен, 49 ғылыми қызметкер ғана бар. Әрине, жы­
лай беру жақсылық емес. Дей тұрғанмен, «жыламаған балаға 

42
емшек жоқ». Сапалы, бәсекеге қабілетті ғылыми нәтиже та­
лап ету үшін ғалымдарға жоғары айлық төлеу керек. Сонда 
ғылымға талантты жастар көптеп келетін болады. Бұл мен 
ашқан жаңалық емес. Дамыған елдер ғылымнан қаражат ая­
майды. Жемісін де молынан жеуде.
– Жақында жаңа бастама көтердіңіз. Тарихты насихат­
тайтын телеарна ашу турасында. Әзірге байқауымызша 
тарихи монографиялар мен жаңалықтарды жариялайтын 
жеке журнал мен сайт та жоқ сияқты ғой.
– Теледидардың адамға әсері мейлінше пәрменді. Осы­
ны неге игі іске пайдаланбасқа? Қазір қалың­қалың моно­
графияларды екінің бірі оқи бермейді. Ғылымның жа 
ңа­
лы ғын қысқа да нұсқа түрде, тартымды тілмен теледи дар 
арқылы таратсақ, қалың көрушінің тарихи санасын тәр­
биелеу мүмкіндігі артар еді. Есіңізде болса, қайта құру тұ­
сында марқұм Сағат Әшімбаев «Қарыз бен парыз» хабарлар 
дестесін, Ақселеу Сейдімбек пен Жәнібек Кәрменов «Асыл 
мұра» айдарымен қазақ әндері жайлы 8­9 телекеш өткізді. 
Сол хабарларда, кештерде айтылған тарих, талдау, пайым­
тұжырым көрермендердің санасы мен жүрегінен күні бүгінге 
дейін өшпеді. Тарих телеарнасы, егер ашыла қалса, осындай 
биіктен көрінгенін қалар едім.
Сайттар баршылық. Порталдар да ашылуда. Бұларға кә­
сіби тарихшылар бағыт­бағдар беріп отырса, нұр үстіне нұр 
болар еді.
Сұхбатыңызға рақмет!

43
Бүркітбай АЯҒАН 
ЖҰМЫЛА КӨТЕРГЕН ЖҮК ЖЕҢІЛ
Осы жылдың 5 маусымында Астана қаласында Қазақ­
стан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тә­
жиннің қатысуымен Ұлттық тарихты зерделеу бойынша 
ведо моствоаралық жұмыс тобының отырысы өткені белгілі. 
Оған отандық тарих ғылымының элитасы: тарихшы­ға лым ­
дар, ЖОО­ның ректорлары, ғылыми­зерттеу инсти 
тут 
та­
рының директорлары, факультет декандары, ка федра мең­
герушілері,  танымал  саясаттанушылар,  әлеумет та нушы лар, 
мәдениеттанушылар мен БАҚ өкілдері қатысты.
Мемлекеттік  хатшының  баяндамасындағы  тұжы рым да ­
малық идеялар тарихшылар арасында үлкен серпіліс ту ғыз­
ды десек қателеспейміз. Осынау кең ауқымды форум Қа зақ­
 стан ның халықаралық қауымдастықтағы жетістіктерін та­
ғы бір паш етті және отандық тарих ғылымын жаңа саты ға 
көтерді. Қозғалыс алгоритмі Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қа­
зақстан – 2050» Стратегиясына бағдарланды.
Тарихшы ретінде Жалпыұлттық кеңестің шақыры луын 
жақсылыққа жорыдым, зор қуанышпен қарсы алдым. Өйт­
кені бұған дейін елімізде Мемлекеттік хатшының қаты суы­
мен тарихшылардың осындай мәртебелі басқосуы бұрын­
соңды өткен емес­ті.
«Горбачевтық» кезеңнен бастау алатын тарихи бетбұ­
рыстың ықпалымен 1990 жылдардың ортасында айқындал­
ған міндеттердің басым бөлігі іске асырылды. Осы кезде 
ака   демик Манаш Қозыбаев бастаған тарихшылар қауымы, 
ұлттық тарихты зерттеумен айналысатын институттар мен 
қоғамдық бірлестіктер төл тарихымызды түгендеуге ат са лыс­
ты, өшкеніміз жанып, өлгеніміз тірілгендей болды.
Тарихшылардың күшімен оқулықтар, очерктер мен ака­
демиялық кітаптар, монографиялар, құжаттар мен мате­

44
риалдар жинақтары баспадан шықты. Шынайы тарихы­
мызды жазу жолында маңдай терін төккен ағалар рухына 
тағзым ете отырып, сол ағалар мектебінен түлеп шыққан 
әріптестеріміздің сіңірген еңбегін үлкен мақтаныш сезіммен 
айтуға тиіспіз.
Біз үшінші мыңжылдыққа Ұлттық тарихтың жаңа кел­
бетімен ендік. Бүгінге дейін жазылған төл тарихымыз та­
лай рет сынға да ұшырады. Бұл – заңды құбылыс, әрине. 
Ең маңыздысы, Ұлттық тарихымыз жазылды. Бұл орайда 
алда да кезегін күтіп тұрған істер аз емес. Ал оның негізгі 
жаңа лығы – қазіргі кезеңмен қамтылуында деп есептеймін. 
Өйт 
кені Қазақстан тарихы соңғы онжылдықтар тарихы­
мен толық ты. Тағы бір ерекшелігі, біздің елімізде тұратын 
өзге ұлттар 
дың тәуелсіз мемлекетімізді құруға және оны 
нығайтуға ат салысуы дер едім. Бұл тақырып та көптеген ең­
бектерде көрініс тапты.
Ахмет Байтұрсыновтың мынадай бір керемет сөзі бар: 
«Сөздің ең ұлысы, ең сипаттысы – тарих». Шын мәнісінде 
солай. Қай заманда болмасын, ұлы тарихты жазатын адам­
дардың жүгі ауыр болған. Оның себебі де түсінікті. Тарих 
қашанда халықтың ұлттық санасын қалыптастыру, мем ле­
кеттік идеологияны насихаттау, жас ұрпақты пат 
риотизм 
ру 
хында тәрбиелеу қызметін атқарады. Сондық 
тан тарих 
ғылымы барлық ғылымдардың атасы десек, ар тық айтқан­
дық емес.
2003 жылдан бастап «Мәдени мұра», сосын «Ғылыми қа­
зына» сияқты Мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, қар­
жыландыру мәселесі шешілді. Құпия саналатын мұрағат 
қорлары ашылып, тарих беттері тың деректермен толықты. 
Жоғарыда айтылғандай «сындарлы он жыл», одан кейінгі 
«жасампаздық пен бейбітшілік жылдарын» қамтитын Тә­
уелсіздік тарихының маңызды оқиғалары жүйеленіп, ғы­
лыми айналымға енді. Ғылым саласын басқарудың жаңа мо­
делін бекіткен «Ғылым туралы» Заң да ғалымдарымыздың 
беделін арттырды. Енді бізге «жоғарыдан» нұсқау күтпей­
ақ, осы мемлекеттік бағдарламалардың аясында нақты іспен 
айналысу қалды. Біздің күш­жігеріміз тарих толқынының 
пәрменін күшейтуге бағытталуы тиіс.

45
Жалпыұлттық кеңесте Мемлекеттік хатшы тарихшылар 
қауымына Ұлттық тарих мәселелерімен көп уақыттан бері 
нақтылы айналысып жүрген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан 
Әбішұлы Назарбаевтың «Тарих толқынындағы халық» деген 
атпен тарихи зерттеулердің арнаулы бағдарламасын жасауды 
ұсынғанын жеткізді.
Бүгінде Ұлттық тарихты ұлықтауда, әсіресе Тәуелсіздік 
тарихын жазуда Елбасының еңбектері мен сөйлеген сөздерін 
басшылыққа алудың маңызы айрықша болып отыр. Өйткені 
онда тәуелсіздік белестері кезең­кезеңмен толық қамтылған 
және еліміздің одан әрі өсіп­өркендеуіне дұрыс бағыт­бағдар 
беріледі. Мұндай тәжірибе, әзірге көршілес мемлекеттерде 
кездеспейді.
Жалпыұлттық кеңесте сөз алған шешендердің пайым­
дауынша, соңғы екі ғасырда Еуропаның тарих ғылымы екі 
методологиялық революцияны бастан кешірген, ал біздің та­
рих ғылымымыз ескі сарынмен жылжып келеді.
Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ас­
самблеясының ХХ сессиясында сөйлеген сөзінде: «…Қа зақ­
тардың ұлттық тарихы, олардың этногенезі мыңдаған жыл­
  дарға созылған бірегей ажырамайтын үдеріс ретінде қа рас­
тырылуы тиіс. Осы тұрғыда қазір гі заманғы Қазақстан Ұлы 
Дала өркениетінің ежелден келе жатқан шешуші мұра гер­
лерінің бірі ретінде заңды түр де көрініс табады», – деп қадап 
айтты. Бұл қазақстандық тарих шылардың қызметіне негіз 
болатын міндет деп білемін.
2013 жылдың басындағы мәліметтерге қарағанда, тарих­
шылар корпусын 192 ғылым докторы, 864 ғылым канди даты 
құрайды. Ал мектептер мен колледждерде 1786, жоғары оқу 
орындарында 1218 тарихшы жұмыс істейді екен. Бұл қа зіргі 
жаңа міндеттерді еңсеретін үлкен күш деп ойлаймын.
Екіншіден, тарих ғылымының даму бағыты кешенді зерт­
теулерге негізделуі керек. Бізге тарихты зерттеудің қазіргі 
методологиясы мен сапалық жаңа тұжырымдамасын жа­
сау, тарих ғылымын әлемдік тарихпен сабақтастыру, жа­
һандық үрдістердегі Қазақстанның орнын нақты көрсету, 
мемлекетаралық байланыс жүйесі мен дәуірлеу проблемасын 
шешу маңызды болып саналады. Отандық тарих ғылымының 

46
жетістіктерін әлемдік ғылыми кеңістікке шығаруымыз ке­
рек. Ғалымдар арасында жиі айтылатын «өсу дертінен» тез 
арада арылуымыз керек. Жалпыұлттық кеңес қоғамдық үр­
дістегі бетбұрысты қадам болды.
Үшіншіден, біз «баяғы жартас, сол жартас» дегендей, ай­
мақтық тарихтың ауқымын кеңейте алмай отырмыз. Дәл 
қазір Қазақ тарихының көкжиегін ұлғайтудың орайы келіп 
тұр. Көне түріктердің этногенез үрдістерін, Алтын Орда ха­
лықтарының, соның ішінде қыпшақтар тарихын зерттеуге 
бетбұрыс жасауымыз керек. Ол үшін жаңа тақырыптар ұсы­
нып, қосымша бағдарламаларға мұрындық болуымыз ке­
рек. Сол сияқты археологиялық зерттеулердің соңғы жаңа­
лықтарын көрсетіп отыруымыз керек.
Мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес Білім және ғылым 
министрлігі мен Мәдениет және ақпарат министрлігі бір ле­
сіп, үлкен ғалымдар тобын шетелдердегі мұрағат қорлары­
мен жұмыс істеуге жіберуді дәстүрге айналдырды. Біздің 
ғалымдарымыз көршілес Қытай мен Ресей және Иран, Түр­
кия, Араб елдері, Моңғолия, Ұлыбритания сияқты елдерде 
болып, ғылыми нәтижелерге қол жеткізіп жүр. Қазақстан­
ның рухани және материалдық мәдениетін жүйелі зерттеу 
жұмыстары одан әрі жалғасын табары сөзсіз.
Жалпыұлттық кеңесте тарихты жазу барысында антро­
пология, генетика саласының жетістіктерін кеңінен пай­
да 
лану қажеттігі айтылды. Құптарлық идея. Зерттеу жұ­
мыстары ғылыми­зерттеу институттарымен шектелмеуі тиіс, 
оған ЖОО­дағы тарих кафедралары, тарихшылардың қо­
ғамдық бірлестіктері, әсіресе Қазақстан тарихшыларының 
конгресі белсене атсалысуы керек.
Төртіншіден, қоғамды оқулық мәселесі алаңдатады. Бұл 
бағытта алдымен тарих оқулықтарының сапасын жақ сар­
тудың жолдарын қарастырғанымыз жөн. Одан кейін оқу­
лықтарда КСРО дағдарысы және оның құлдырау себептері, 
экономикалық және саяси реформалар тарихы сияқты бұ­
рын ғы бағыттарға қосымша қазіргі кезеңнің жаңа тақы рып­
та рын көбірек қамтыған жөн. Қазіргі оқулықтарымыз бір те­
бір те этноцентризм, еуроцентризм қағидаларынан ары лып 
келе ді. Әрине, оқулықтардың мазмұны тарихи білімді сая­

47
саттандырудан алшақ болуы шарт. Біз мектептердің бар­
лық сатыларына арналған Қазақстан тарихы оқулықтары 
мен хрестоматияларын шығаруымыз керек. Тіпті, төменгі 
сыныптарға арналған «Қазақ ертегілері» немесе «Қазақ­
тың аңыз­әңгімелері» сияқты атаумен кітаптар шығарсақ, 
балалардың ойлау қабілетін арттырар едік.
Жалпыұлттық кеңесте көтерілген тағы бір мәселе – Қа­
зақстан тарихын Әлем тарихының құрамдас бір бөлі гі ретінде 
оқыту. Келешекте ЖОО­ның барлық маман дық  тарында Қа­
зақстан тарихы пәнін дүниежүзілік та 
 
рих 
пен байланыста 
оқытуға көшуіміз керек. Сол кезде тарих оқулықтарының маз­
мұны мен пішімі өздігінен өзгеріп шығады.
Ал жаңа үлгідегі кітап жазу мәселесіне келсек, отырыс­
та тәуелсіздікке дейінгі және тәуелсіздік кезеңіндегі ұлт­
тық тарихты жазуға көшу туралы тың ойлар айтылды. 
Не гізі осындай кітапты жазу жұмысы басталып та кетті, ар­
найы ғалымдар тобы іріктелді, кітаптың алғашқы нұсқа сы 
әзірленуде. Бұл қолжазбаның мәтіні алдымен тарихшы лар 
қауымдастығының сараптамасына жіберіледі. Оған дейін 
ұлттық тарихты зерделеу бойынша ведомоствоаралық жұ­
мыс тобының шешімдері тарихшы ғалымдардың талқы сына 
ұсынылады.
Тұтас ұлттық тарихты қалыптастыруда ұйымдастыру жұ­
мыстары да маңызды іс болып саналады. Мемлекеттік хат­
шы атап өткендей, ЖОО­да әр түрлі сылтаумен Қазақстан 
тарихы кафедраларын қысқартуды тоқтату керек. Мысалы, 
кейбір университеттерде мамандандырылған Қазақстан тари­
хы кафедраларының жабылуын қалай түсіндіруге болады?! 
Тіпті, тарихшы емес мамандықтарда оқитын студент тер ге 
бөлінген сағаттарды қысқарту, барлық жеңілдіктерді алып 
тастау сияқты фактілер де кездеседі. Осы сияқты жағымсыз 
тенденциялар келешекте тарихшылар корпусына қатты соқ­
қы болуы мүмкін.
ЖОО­да даярланатын барлық мамандықтардың өз тари­
хы бар. Сондықтан әрбір мамандықтың ерекшелігіне сәйкес 
2­курстан бастап Қазақстан тарихынан қосымша элективті 
пәндерді оқыту артық болмайды. Сосын Қазақстан тарихын 
шетел тілінде (ағылшын) оқыту мақсатында тек Ұлттық 

48
университеттерде (Алматы, Астана) «тарих» мамандығына 
қосымша бір шет тілін оқытатын арнайы тарих бөлімдерін 
(спецотделение) ашуымыз қажет. Бұл білім беру жүйесінде 
бұрын болған, біз соны қайта жаңғыртуымыз керек. Өкінішке 
орай, бізде PhD бойынша диссертациялық кеңестерді ашу 
жұмысы ұзаққа созылып кетті, тағы да жалтақтауға көштік.
Қазіргі әлемнің көрінісі мүлдем бөлек, адамдардың көзі 
ашық, бәрі сауатты, әсіресе жастарымыз білімді, олар тарих­
ты өз беттерінше (БАҚ, интернет, кино, т.б.) танып бі лу де. 
Осы мәселеге орай «егер ашығын айтсақ, кәсіби та рих   шылар­
дың аудиториясы мен БАҚ аудиториясының ара 
 
 
 
сындағы
айырмашылық шамалы».
Жалпыұлттық кеңесте тарих ғылымының мүмкіндігіне 
қарай, ұлттық қауіпсіздік мәселелерін шешуге атсалысып, 
терроризммен, діни экстремизммен күрес сияқты мәселелерге 
көңіл бөлу қажеттігі назардан тыс қалмады.Біз қазір өтпелі 
күрделі кезеңде тұрмыз. 1991 жылдан басталатын Қазақ­
стан тарихындағы қазіргі кезеңде егемендік алдық. Тәуелсіз 
мемлекетіміз КСРО­ның қойнауында пайда болғанмен, жа­
ңа әлемдегі жаңа Қазақстан дамудың мүлдем жаңа бағытын 
ұстанды. Елбасының сөзімен айтқанда, Қазақстанның өз 
жо лы басталды. Қазіргі Тәуелсіз Қазақстан аспандағы жар­
қыраған жұлдыздай ерекше болып көрінеді.
Жалпыұлттық кеңесте біздің алдымызға қойылған жаңа 
міндеттер бізден мызғымас бірлік пен талмас күш­жігерді 
талап етеді. Біз жаңа өркениеттің куәгеріміз, біздің қоғамда 
еңбек ету, басқару, білім беру салалары елеулі өзгерістерге 
ұшырауда. Жалпы, тарих ғылымы дамудың жаңа кезеңіне 
қадам басты және жаһандық сын­тегеуріндермен текетіреске 
түсті деп нық сеніммен айтуға болар.
Қазіргі қоғам тарихи үрдістерді зерделеуді, жаңа тари­
хи ойлауды, жаңа тарихи ұстанымдарды талап етеді. Мы­
салы, бізде Қазақ мемлекеттілігі сияқты өзекті тақырып­
тар бойынша ортақ тұжырымдар әлі де қалыптаса қойған 
жоқ. Мемлекеттілік тарихын, оның дәуірленуін әртүрлі 
ай тамыз. Мемлекеттіліктің бастау көздерін біріміз сақ­ғұн 
дәуірінен, екіншіміз Түркі қағанатынан, үшіншіміз Ақ Ор­
дадан, төртіншіміз Алашордадан іздейміз. Ал дұрысы Ал­

49
тайдан Атырауға дейінгі ұлан­ғайыр жерімізді мекендеген 
түр кі мемлекеттері емес пе?! Терең зерттеулердің нәтиже  сін­
де біз осындай күрделі сұрақтардың жауабын таптық деп ой­
лаймын.
Тағы бір мәселе – өзінің дербес мемлекетін құрған рухы 
биік қазақ халқын дәріптеу. Қазақтардың еш уақытта ешкім­
ге қарсы соғыс ашпағаны, яғни бейбітшілік ұстанымда болға­
ны баршамызға аян. Сондықтан бізге тарих арқылы Қазақ 
ұлтын әлемге таныту өте маңызды іс. Ол үшін алдымен өзіміз 
қолда бар құжаттар мен материалдарды толық игеріп алуы­
мыз керек.
Әлемге әйгілі ойшылдардың пайымдауынша, «бұл дү­
ниедегі ең қиын нәрсенің бірі – адамның санасын өзгерту» 
екен. Бұл – ұлттық санамызды жаңғыртуға, төл тарихы
­
мыз 
ды зерделеуге қоғам болып күш салуымыз керек де­
ген сөз. Та рихшылар қауымы өнер адамдарымен (архитек­
тор, мүсіншілер, кино, театр, қылқалам шеберлері) бірігіп, 
кешенді зерттеу жұмыстарын қолға алсақ, алынбайтын асу 
жоқ.
Қазақ мемлекеттілігін айқындайтын ескерткіштің бірі – 
Алматы қаласындағы «Тәуелсіздік монументі», оның ұшар 
басындағы Сақ жауынгерінің бейнесі көне тарихты жаң­
ғыртып тұр, өте орынды. Ал Астана қаласындағы Керей мен 
Жәнібек хандарға арналған ескерткіш – хандық биліктің 
жарқын бір көрінісі. Егер хронологиялық жағынан кел­
сек, бізде осы екеуін сабақтастыратын түркілік дәуір мен 
Ал тын Орда заманынан бірде­бір ескерткіш жоқ. Түркі ха­
лықтарына ортақ тотем – «Көк бөрі», ол – тәңіршілдік пен 
қаһармандықтың белгісі. Әлекеңдер (Бөкейхан) жаңғырт­
қан Алаштың символы. Италиядағы ағайынды Ромул мен 
Ремді құтқарған Капитолий қасқырын қасиет тұтқан ежел гі 
римдіктер сияқты, біз неге «Көк бөрі» бейнесін сомдайтын та­
рихи ескерткіш орнатпаймыз?!
Ұлттық тарихымызға қатысты қате қоғамдық пікірлерге 
тойтарыс беру де тарихшылардың міндеті деп есептеймін. 
Біздің БАҚ­та ұлттық тарихты насихаттау көңілден шық­
пайды, оны мойындайық. Қазіргі тарихшылар мен журна­
листерге қойылатын талаптар өте жоғары, олар публицисти­
4­0192

50
каны игерумен қатар, интернет тіліне жетік болуы керек.
Қазақстанда Жас тарихшылар Қауымдастығын құрудың оң­
тайлы сәті келді деп ойлаймын.
Қорыта келгенде, 1995 жылғы «Қазақстан Республика­
сында тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасын да ғы» 
негізгі басым міндеттердің оң шешілуіне байланысты, осы 
құжатты мемлекеттік өлшемдерге сәйкес қайта қарап, оның 
толықтырылған жаңа нұсқасын әзірлеуді ұсынамын. Соңғы 
жылдары тарих бойынша жүздеген кітаптар шықты, соның 
ішінде тәуелсіздік тарихынан көптеген монографиялар бар. 
Сол сияқты дағдарысты еңсеруге бетбұрыс жасаған үш жүзден 
астам конференциялар ұйымдастырылды.
Тарих ғылымында тарихшы­ғалымдардың қартаюы мен 
кәсіби мамандардың тапшылығы байқалады. Соған сәй кес 
жас тарихшы ғалымдарды тұрақтандыру мақсатында мате­
риалдық ынталандырудың қосымша түрлерін қарастыру қа­
жет деп есептеймін. Мысалы, өзінің сапалы моногра фия сы 
мен ғылыми мақалалар топтамасын шығарған жас ғалым­
дарға қаржылай сыйақы тағайындауды ұсынамын. «Білімді 
мыңды жығады» демекші, біз гуманитарлық ғылымның бар  ­
лық өкілдерінің бірлескен күшімен ғана, жаһандық сын­те­
геуріндерге төтеп бере аламыз. Ал тарих ғылымын реформалау 
және оны іске асырудағы басымдық басқа емес, тарихшылар 
корпусына тиесілі екенін естен шығармайық, ағайын. «Бірлік 
бар жерде тірлік бар» дейді қазақ даналығы.
Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Тәуелсіз Қазақстанды 
өзге этностар Отаным деп таниды және мемлекетімізді ны ғай­
туға өз үлестерін қосуда. Ал керегесі кең қара шаңырақ тың 
иесі де, киесі де – қазақ ұлты. Сондықтан біз еліміздің тыныш­
тығы мен ұлттық қауіпсіздігімізді көздің қарашығындай 
сақтауға міндеттіміз. Бұл – біздің парызымыз.

51
Әбсаттар қажы ДЕРБІСӘЛІ

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет