Ма алала жи а ы халы а их л ы ы да І


ТАРИХЫҢ ТҮГЕНДЕЛМЕЙ, ТАНЫМЫҢ ТҮЗЕЛМЕЙДІ



Pdf көрінісі
бет5/21
Дата15.03.2017
өлшемі1,54 Mb.
#9900
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

ТАРИХЫҢ ТҮГЕНДЕЛМЕЙ, ТАНЫМЫҢ ТҮЗЕЛМЕЙДІ
«Тарихты жеңгендер жаздырады». Шын мәнінде біздің 
ғылыми тарих – жеңілгендердің тарихы. Тапсырысты өз­
гелер берген. Мұны мойындауымыз керек. Оны қайталай 
тұ жырымдау, реттеу, қалыпқа түсіру, шын тарихымыз­
ды жазу – бүгінгінің ең өзекті мәселесі. Мемлекеттік хат­
шының айтқан уәждері мен ойлары құптарлық. Енді соны 
қалай жүзеге асырамыз? Тарихшылар қалай жұмыс жасай­
ды? Мемлекеттік тұрғыдан нақты қандай көмектер, қол­
даулар болады? Соны нақтылау қажет.
Кеңес одағы кезінде біздің тарих төрт рет талқыға түс кен. 
Басқа бірде­бір республиканың тарихы мұндай сүзгіден өт кен 
емес. Голощекиннің тапсырмасы бойынша жазылған Алаш 
тарихына қатысты кітап талқыға түскен. Одан кейін орыс 
ғалымдары мен қазақ ағартушылары бірігіп жазған «Исто­
рия Казахский ССР» деген кітап Мәскеуде талқыға түсті. 
Оны талқылауға басшылық жасағандар Орталық комитеттің 
басшылары болатын. Сонда олар былай деген еді: «Біз тал­
қыға салатындай бұлар қандай таңдаулы халық?! Бұлардың 
тарихының соншалықты не кереметі бар?!». Ол кезде таң­
даулы халық біреу ғана еді, ұлы орыс ұлтынан өзгелерді олар 
мойындамайтын, басқаларының тарихын оқығысы да, білгісі 
де келмейтін. Кейін Ермұхан Бекмахановтың монографиясын 
ғылым академиясы тезге салды. Авторын 25 жылға соттап 
жіберді. Бұдан соң Олжас Сүлейменовтың «Аз и Ясын» сын 
тезіне алды. Әдебиет пен тарих институты бірдей жұмыла 
кірісті. Ұлтшылдық, бұрмалаушылық деп шүйлікті. Көрдіңіз 
бе, бір ғасырдың ішінде төрт рет талқыға түскен басқа ел­
дердің тарихы жоқ. Бұл нені білдіреді? Империяның қа зақ 
ұлтына жасаған қиянатын айқындайды. Осы төрт талқы 

70
қазақ тарихының түп тамырын індете зерттеуге кедергі бол­
ды. Шындықты бұрмалау, қолдан тарих жасау, ұлтымыздың 
өткенін ұмыттыру үрдісі басталды. Сол үрдіс әлі жалғасуда.
Биология ғылымында бір өсімдікті мүлдем жою үшін 
төрт­бес буынына ассимиляция ұрығын себу керек екен. 
Бірінші, екінші буынына өткенде, сәл өзгере бастайды. Со­
лайша жалғастыра берсе, барлық буынына өзгеріс уыты 
себілгенде, ол қайта тірілместей, қайта бұрынғы қалпына 
келместей өзгереді, басқа өсімдікке айналады. Ал егер соңғы 
буынына келіп тоқтаса, бәлкім оны бұрынғы өсімдік қалпына 
келтіру біраз басқышты қажетсінеді. Біздің қазақ та сондай 
басқыштарды бастан кешкен. Империялық режім біздің тамы­
рымыздан тартып, буын­буынымызға дейін ұлтсыздандыру 
уытын құйып келді. Тарихи жадымызды ұмыттыруға күш 
салды. Бірақ қазақ мүлдем ұлтсызданып кеткен жоқ. Тамы­
рымыз тереңде екен. Енді өзімізді­өзіміз феникс құс секілді 
тірілтудеміз. Тарихымызды түгендеу соның бір бастамасы деп 
білемін.
Тарихи сананы қалай түзейміз? Ең алдымен тарихи оқу­
лықтарды жазу арқылы. Ол жазылып жатыр. Өзім 10­11 сы­
ныптардың оқулығын құрастырушылардың жетекшісімін. 
Біреулер тарих сабағында кемшіліктер көп деп сынап жа­
тады. Меніңше, солардың көбі сол оқулықтарды оқыма ған­
дар. Кемшіліктер бар болуы мүмкін, бірақ күні кешегідей 
емес. Тарихты Тәуелсіздік ала салып, неге түзей салмадық 
деу ақылға қонбайды. Оны зерттеу керек. Зерттеп болған 
соң зерделеу қажет. Біз зерттеп те, зерделеп те жатырмыз. 
20 жылдың ішінде бәрін ретке келтіріп тастамадық деп сын 
таққанша, осы жиырма жылдағы тарихи зерттеулерді, мо­
нографияларды оқыған ләзім. Небір тың фактілер, шетел 
мұрағаттарындағы қолжазбалар, бұрын біз білмеген, білсек 
те, батылымыз жетпеген ақтаңдақ беттер ашылды. Қаншама 
монографиялар, салыстырмалы зерттеулер жасалды. Құдай­
ау, соның бәрін жоққа шығарғылары келетіндер бар. Марат 
Тәжин бәрін өртеп, жаңадан жазыңдар деп отырған жоқ. 
Қолда барды қорытындылап, тың тұжырымдар мен жаңа 
көзқарастар арқылы, заманауи техногендік жетістіктерді 
пайдалана отырып, өз тарихымызды жан­жақты зерттейік 

71
деп отыр. Мектеп, университет оқулықтарын осы бастаманың 
аясында қайта қараудың өзекті екені рас.
Тарихшы болу үшін не керек? Қазақ тілін білу жеткілік­
сіз. Ұрда­жық патриот болу, ол да жеткіліксіз. Шежіреден, 
рулық құрылысты білуің, өткенді аздап сараптай алуың да 
мардымсыз. Тарихшы – тарихшы болуы керек. Яғни, тарих 
ғылымының концептуалды үрдістерін білу керек. Негізгі 
білімі болмай, орта жолдан қосыла шабамын деу түкке 
тұрғысыз дүние. Сонан кейін ғылымды зерттеудің, жазудың 
жалпы методикасын, арғы өзегін ұғу қажет. Онсыз тарихшы 
бола алмайсыз. Қазір екінің бірі тарихшы болатын болды. 
Журналистер де, жазушы да, математик те, спортшы да тари­
хи монография жазатынды шығарды. Әуесқойлардың көптігі 
сонша, жұрт солардың жазғанына сенетінді шығарды. Кәсіби 
тарихшылардың жазғанын өздері ғана оқитын халге жетті. 
Біз бұған тоқтау қоюымыз керек. Әуесқойлар болсын­ақ, бірақ 
олар да оқуы, ізденуі керек қой. Кем дегенде, қазақ тарих­
шылары не жазып жүр? Осы тақырыпта кімнің қандай еңбегі 
бар? Соны білуге ұмтылса игі. Халық қайтеді дейсіз? Ақпарат 
құралдарының жазғанына ілеседі. Содан оқығанын нақты 
факті ретінде қарастырады. Өз руы мен тобының мүддесін 
қорғағансып, жоқты бықсытып, рушылдық пен жершілдіктің 
айналасынан шыға алмай жүргендер көп. «Оқыдың ба?» 
десең, кәсіби тарихшылардың ештеңесін ақтармаған болып 
шығады. «Оу, мұның қалай?» десең, ештеңе айтпастан бе зеді. 
Мұндайларды көп кездестіріп жүрміз.
Біз – бақытты халықпыз. Бұрынғыны айтпалық, ХХ ға­
сырдың өзінде қаншама қиындықтан өттік. Біздің орнымыз да 
өзгелер болса, баяғыда жоғалып кетер еді. Қазақты са қ та ­
ған – тарихи санасының тірілігі. Соны жоғалтып ал ғандай мыз 
қа зір. Қайта ояту керек. Ол үшін шын тарихты, бұрмалаусыз 
тарихты жазуға тиіспіз. Жеңгендердің тапсырысымен жазыл­
ған тарих қашанда жалғанға толы болады. Бүгінгі ұрпақ рух ты 
кезеңімізді де, ақтаңдақ мезетімізді де сол қалпында білуі тиіс. 
Ұлтымызға жасалған опасыздықтар мен сатқындықтардың се­
беп­салдарын ақтаратын күн жетті. Мемлекеттік тапсырыс бо­
луы тиіс ол үшін. Бізде ол жолға қойылмаған. Мемлекет мұ ны 
шешпей, кешенді зерттеу болмайды.

72
Түйін: Тарих жалғандықты кешірмейді. Қолдан жа салған 
тарих – болашаққа жасалған қиянат. Соны ұмыт пайық. Қазір 
әлдебір топтар Мемлекеттік хатшының баяндамасын үзіп­
жұлып, өз діттегеніне пайдаланғысы келіп жүр. Бұған жол 
бермей, нақты шараларды қолға алатын кез жетті. Тарихың 
түзелмей, танымың түзелмейді.

73
Меруерт ӘБУСЕЙІТОВА
БАЙ ТАРИХЫМЫЗДЫ ТҮГЕНДЕУІМІЗ ҚАЖЕТ
– Жақында қазақстандық бір топ тарихшылар Қытай 
Халық Республикасының Пекин және Сиань қалаларында 
археологиялық ғылыми іссапарда болып, Қытайдың Бірінші 
тарихи мұрағатымен келісімшарт жасап қайтты. Сапар 
қорытындысы туралы айта отырсаңыз...
– Шарт аясында бірқатар тың деректерге қол жетті. Атап 
айтсақ, Абылай, Уәли, Әбілпейіз хандардың Қытай бас­
шыларына жазған хаттары мен жіберген елшілері, XVIII­
XX ғасырлардағы қазақ­қытай қатынастары жайлы құжат­
тардың көшірмелері жасалды, VI­XIV ғасырлардағы несто­
риандық бойынша бірегей тарихи ескерткіштер, VI­IX ға  ­
сыр лардағы түркі тайпалары мен тарихи тұлғалардың эпи­
тафиялық ескерткіштері анықталды. Қазақ елі мен Пекин 
және Сиань қалаларына жасалған археографиялық ғылыми 
іссапардың басты мақсаты қазақ­қытай қатынастарының та­
рихы бойынша архивтік құжаттарды табу және жинақтау
несториандық жөнінде аса құнды тарихи ескерткіштерді, 
қа зақтардың тарихы мен мәдениетіне қатысы бар түркі тай­
паларының көне эпиграфикалық ескерткіштерін айқын дау 
болып табылады.
– Қытай мұрағатынан табылған дереккөздер қай ғасыр­
ларға қатысты?
– Әзірге Қытай мұрағаттарынан табылған дереккөздер 
1742 жылдан басталады. Одан да ертерек кезеңдерге қатысты 
біраз құжаттар бар. Қазақстанның Ирандағы елшілігі ар қы­
лы да біраз жұмыстардың басы қайырылды. Осы орайда Қы­
тай, Иран, Ұлыбритания, Швейцария, Франция елдеріндегі 
елшіліктеріміз зерттеу жұмыстарында қолдарынан келген­
ше көмектесіп келеді. Иран мұрағаттарында ХVI ғасырдың 

74
басындағы Иран билеушілері мен қазақ арасындағы алғашқы 
қақтығыс жайындағы құжаттар табылды. Парсы тіліндегі 
дереккөздер өте көп. Мысалы, Искандер Муншидің «Тарих­и 
аламара­ий Аббаси» және «Ахсан ат­тауарих» қолжазбалары, 
екіншісінде 1548 жылға қатысты Хақназарды хан ретінде 
атап көрсеткен ең алғашқы хабарлама кездеседі. Сондықтан 
біз бұлардың бәрін жинап, жүйелеп, бай тарихымызды 
түгендеуіміз қажет.
– Қазақ хандарының хаты қай тілде жазылыпты?
– Байқасақ, Қазақ хандары тек шағатай тілінде ғана емес, 
сонымен қатар парсы тілінде де сөйлеген. Тәуекелдің өлеңі де 
парсы тілінде. Осыдан біраз бұрын Қазақстанның Франция­
дағы елшісі Ақмарал Арыстанбекованың көмегімен Париж­
дегі Азия өнерінің Гимэ мұражайында жұмыс жасау мүмкінді­
гіне ие болдым. Гиме мұражайынан итальяндық қылқалам 
шебері Джузеппе Кастильонидің «Қазақтардың ат сыйлауы» 
атты суретін таптым. Джузеппе Кастильони Цяньлунның са­
рай суретшісі болған. Сурет 1757 жылы салынған. Оны фотоға 
түсіріп, көшірмесін кітапта жарияладық. Қазақстан тари­
хы жөнінде Францияда сақталған жалғыз сурет әзірге осы. 
Сол суреттің түпнұсқасын Қазақстанға әкеліп көрсетсе, та­
маша болар еді. Бүгінде жазба құжаттардан біз сол сәйгүлік 
сыйлаған елшілердің есімін білдік. Сонымен қатар суретте 
Цинь императорының уәзірлері Абылай ханға арнап жебе, 
алтын тостаған сынды сыйлықтар ұсынып тұрғаны бейнелен­
ген. Демек, бұл осы кезеңде қазақ­қытай арасындағы сенімді 
әріптестік қарым­қатынас болғандығын көрсетеді.
– БАҚ беттерінде «Қазір қолданыста жүрген Қытай кар­
таларында, оқулықтарында қазақ жерінің біраз бөлігі сол 
елге тиесілі деген деректер кездеседі» деген пікірлер жиі ай­
тылып жүр.
– Ол оқулықтар Қазақстан тәуелсіздігін алмай тұрып ба­
сып шығарылған. Қазір олар оқулықтарын қайта қарауда. 
Біз кездескен кезде оларға осы салада ынтымақтасуға дайын 
екендігімізді және оқулықтар шынайы нақты өмір ақиқатын 
көрсетуі тиіс екенін айтып, географиялық шекаралары, біз дің 
мемлекет­координаттары, біздің тарихымыз туралы дұрыс 
көзқараста болғанын қадағалаймыз.

75
– «Мыңжылдықтар көкжиегі» бағдарламасының шеңбе­
рінде сіз басқарып отырған институт пен Қытайдың Бі­
рінші тарихи архиві арасында Қазақстанның тарихы мен 
мәдениеті жөнінде жаңа архивтік материалдарды айқындау 
бойынша келісім жасалған еді. Нәтиже қандай?
– Қытайдан Қазақ хандығының тарихына қатысты Цинь 
империясының мұрағат құжаттарының көшірмелерін әкелді. 
283 томды құрайтын бірегей мұрағат құжаттарының басым 
бөлігін, негізінен, Қазақ хандығының көршілес мемлекет­
термен арадағы сауда­экономикалық байланыстар құрап 
отыр. 730 жылдың соңы мен 1911 жылдың ортасына дейінгі 
кезеңдерді қамтып, қазақ­қытай арасындағы сыртқы сая­
си және экономикалық қарым­қатынастар шеңберін аша 
түседі. Мұндай бірегей байланыстарды білдіретін мұрағат 
құжаттарын мұқият зерделеуге кірісіп жатырмыз. Ең басты­
сы, қазіргі таңда да үлкен мәнге ие мұндай хатқа түскен бай­
ланыстар арқылы біз дәл сол уақытта орын алған сыртқы бай­
ланыстар туралы нақты деректерге қанығатын боламыз.
– Тарихи құжаттар арқылы қазақ хандығы тарихын 
қалыпқа келтіре аламыз ба? Оларды көрші елдердің ықпа­
лынан қалай тазарта аламыз?
– Біздің мақсатымыз – Қазақ хандығы тарихын осын­
дай бірегей құжаттар арқылы қалыпқа келтіру. Осы қытай 
мұ 
рағатында бізге әлі де сыры ашылмаған 3 мыңнан ас­
там құжаттар бар, біз солармен жұмыс істеуге тиіспіз. Жұ­
мыстардың кезеңдік жоспарлары бекітілді, Пекин мен 
Сианьның архивтік қорлары мен кітапханалары анықталды, 
күнтізбелік жоспар жасалды және ҚР БҒМ Ғылым ко­
митетімен келісілді. Үш адамнан зерттеушілер тобының құ­
рамы ұйымдастырылды (Б. Еженханұлы – PhD (History), 
Азия­Тынық мұхиты аймағы бөлімінің меңгерушісі, А. Ман­
сурова – ф.ғ.к., жетекші ғылыми қызметкер, Ж.Ошан – т.ғ.к., 
ғылыми қызметкер) және Қытай қорларында жұмыс істеу дің 
үш бағыты анықталды:
Бірінші бағыт – XVIII­XX ғғ. қазақ­қытай қаты­
настарының тарихы бойынша архивтік құжаттарды жинау, 
VІ­XIV ғғ. несториандық жөнінде сирек кездесетін тарихи 
ескерткіштерді айқындау. Екінші бағыт – VI­IX ғғ. түркі 

76
тайпалары мен тарихи тұлғалары туралы эпиграфиялық 
ескерткіштер бойынша материалдар жинақтау. Үшінші ба­
ғыт – Түркі қағанатының қалыптасу және даму тарихы, та­
рихи жадыларды қалпына келтіру бойынша түркі тасжаз­
балары мен қолжазбалар дереккөздерін айқындау. Фотоға 
түсіру және көшірмесін жасау бойынша үлкен жұмыс жаса­
лып, Шыңғыс хан дәуіріне дейін түркі тайпаларының бір­
ыңғай этногеографиялық байланыстарының болғаны туралы 
мәліметтер берілді. Бұдан басқа, сириялық, түркілік (тас­
жазба), қытайлық дереккөздердің ауқымды материалдары 
негізінде Қазақстанның ғана емес, сонымен қатар Орталық 
Азияның да этникалық құрамы мен көшпелі халықтарының 
географиялық қоныстануы зерттеледі. 
Жаңадан табылған материал жоғары биліктің көне түр­
кілерден мұрагерлік жүйесін орнатуға мүмкіндік береді. 
Қы тайдың Бірінші тарихи архивінің қорынан табылған та­
рихтың архивтік куәгерлері ХVIII ғасырдағы басқа бір қан­
дай болмасын орталықазиялық көшпелі қоғам сияқты, Қа­
зақ хандығы үшін де экономиканың басты тірегі болып 
табы латын мал шаруашылығының өнімдерін экспорттау аса 
қажетті мәселе болғандығын айтып өтеді. «Сиюй цзун чжи» 
(«Сиюйдің жалпы жағдайы») көне Қытай қолжазбасында сол 
кездері қазақтардың мал шаруашылығы өсіп­өркендеп, Қы­
таймен мемлекетаралық сауда қатынастарының арқасында 
қазақтар Қытайдың жібегі, фарфоры сияқты және басқа да 
салтанатты бұйымдарды көл­көсір сатып алу мүмкіндігіне 
ие болған деп айтылады. Қытайдың Бірінші тарихи архиві не 
жасалған іздестірулердің арасында қазақ­қытайлық, қазақ­
ресейлік, қазақ­қырғыз, қазақ­қоқандық, қазақ­ойраттық 
дип ломатиялық қатынастары туралы аса құнды құжаттар 
та былғандығын атап өткеніміз жөн. Мысалы, қазақ хандары 
елшілерінің қытай императорына Пекинге келуіне байланыс­
ты, қазақ елшілерін грамоталармен марапаттағаны туралы 
жазбалар өте қызықты. Келесі бір жазба қазақ­қытай сауда­
сы, тұрмысы мен қазақтардың салт­дәстүрі туралы сөйлейді. 
Өзінің маңызы тұрғысынан сирек кездесетін Абылай 
ханға тиесілі ресми хаттар үлкен қызығушылық тудырады. 
Абылай хан қол қойған хаттар және басқа қағаздар да ара­

77
лықтың алыстығына қарамастан және біздің заманымыз­
да үйреншікті болып кеткен коммуникациялар жоқ бол­
са да, Қазақ мемлекеті мен Қытайдың арасында өте ты ғыз 
қарым­қатынас болғандығына куәлік етеді. Ал қазақ ханда­
рының тұрақтарында дипломатиялық және әлеуметтік­эко­
номикалық сипаттағы хан жарлықтарын шығаратын кеңсе 
болғаны сөзсіз. Іссапар нәтижесінде Қазақстанға қазақ тари­
хына қатысы бар 283 томнан тұратын Цинь империясының 
архивтік құжаттары жеткізілді. Құжаттар 1730 жылдың 
соңы мен 1911 жылдардың арасындағы кезеңдерді қамтиды 
және қазақ­қытай сыртқы саясат және экономикалық қарым­
қатынастарының тарихын ашып берді. Қазақ билеушілерінің 
көршілес мемлекеттердің билеушілеріне жазған хаттардың 
арасында Абылай хан, Болат хан, Уәли сұлтан және басқа да 
қазақ хандары мен сұлтандарының хат жазысуы туралы аса 
құнды деректер кездеседі. Бұл хаттарда Абылай ханның Цинь 
императоры Цяньлунмен дипломатиялық қатынастары тура­
лы деректер бар, мұнда Қазақ хандығы сияқты Цинь импе­
риясында да елшілер алмасу туралы, лауазымды тұлғаларды 
тағайындау туралы хабарланады. Абылай хан мен Цяньлун 
алысқан көп хаттарда тілек, құттықтау білдірілген, тіпті 
Қазақ хандығының Цинь империясында елші тағайындағаны 
жөнінде мәлімет бар. Біз осы құжаттардың әлемде балама­
сы жоқ электронды нұсқасы мен тізбесін жасамақпыз. Бұл 
Қазақстан тарихын, мәдениетінің жәдігерлерін, қағаз бетіне 
түскен деректерін, мұрағат материалдарын қамтымақ. Бұл – 
болашақ ұрпаққа қалатын өте ауқымды мәдени­тарихи мұра, 
қазына. Экспедициялар нәтижесі бойынша ҚХР архивтерінде 
жүргізілген жұмыстар туралы есеп дайындалды.
Экспедиция материалдары «Көнетүркі ескерткіште 
рі­
нің жинағын», «Көршілес мемлекеттердің билеушілеріне 
қазақ хандары, сұлтандары құжаттарының коллекциясын» 
шығару үшін және қытайлық архивистермен Қазақстан та ­
рихы жөнінде қытай архиві материалдарының катало 
гын 
жасау үшін дайындалады. Сараптамалық жұмыс тобы ның 
мүшелері шетелдік қорлардан табылған жаңа жазба де­
реккөздерді, архивтік материалдар мен артефактілерді ай­
қындау жөнінде жүргізілген жұмыстардың нәтижелері ту­

78
ралы аналитикалық баяндамаға кіргізу үшін жинақталған 
архивтік материалдарды сараптамадан өткізіп жатыр. Ар­
хеографиялық шетелдік экспедициялар уақытында Шы­
ғыстану институтының ғалымдары тапқан теңдессіз әрі көп­
бейнелі артефактілер қазақ мемлекеттілігі тарихындағы 
ақ таңдақтардың орнын толтырады. Тарихи материалдар ерте 
кез дері Қазақстан көршілес мемлекеттермен тең дәрежелі сая­
си, экономикалық, дипломатиялық, тарихи­мәдени қарым­
қатынастар ұстанған күшті мемлекет болғандығын дәлелдеп 
береді. Археографиялық экспедиция нәтижелері қазақ хал­
қының көне және ортағасырлық тарихы мен мәдениетін әрі 
Қазақстанның әр түрлі мемлекеттермен өзара қарым­қаты­
насын әрі қарай қайта құрау үшін салмақты негіз жасап берді.
– Осыдан біршама уақыт бұрын Париж, Рим кітап­
ханалары қорында Қазақстанның тарихы мен мәдениеті 
жайлы мұрағаттық және қолжазбалық материалдарды 
зерттеу мақсатында жұмыс істегеніңізді білеміз.
– Француз шығыстануы дәстүрлі деп саналады. Фран­
ция кітапханалар қоры мен қоймаларында парсы, түркі 
және қытай тілдерінде орасан зор қолжазбалар бар. Париж 
Ұлттық кітапханасының Шығыс қорында Шаванна, Пелль 
сынды француз зерттеушілерінің бірегей еңбектерін, сондай­
ақ қазақтардың тарихы мен мәдениеті жөнінде мәліметтер 
қамтылған парсы, араб, түркі тілдеріндегі сирек қолжаз­
балар сақталған. Осыдан бірнеше жыл бұрын гуманитарлық 
ғылымдар үйінің директоры Морис Аймард пен Францияның 
Орталық Азияны зерттеу институтының директоры Винсент 
Фурньоның шақыруымен, Қазақстан тарихы мен мәдениеті 
жайлы қолжазба және мұрағаттық материалдарды айқындау 
мақсатымен Париждің кітапхана қорларында жұмыс істедім. 
Сол уақытта Шығыс халықтарының көркем реликвияла­
ры сақталып тұрған Гимэ атындағы Шығыс көркем өнері 
мұражайында XVІІІ ғасырдың «Қазақ елшілері Қытай импе­
раторына ат сыйлауда» деген суретті көрдім. Қазіргі уақытта 
ол сурет осы мұражай қорында сақтаулы. Бүгінгі күні бұл 
– үш ат түрінде дипломатиялық сыйлық тапсыру рәсімін 
бейнелейтін 1757 жылғы жалғыз картина. Үш қазақ елшісі 
мен үш атты бейнелейтін бұл картина Қытай императоры 

79
Циньлунға достық пен бірлік нышаны ретінде қазақтардың 
сыйлық тапсыру рәсімін бейнелейді. Бет­әлпеттері барлық 
пропорциялардың сақталуымен жазылған, бұл суреттің 
нақтылығын күшейте түсіп, сәулелік эффект жасайды. Су­
рет 
тің бұл көркемдік техникасы кеңінен қолданылады. 
Кар тина сол уақытта болған киім үлгілерінен мол мәлімет 
береді. Салтанатты қабылдаудағы қолданылған ыдыс­аяқ 
шы найы берілген сарай өмірінің көріністерін айшықтайды. 
Картинкаға жасалған талдау, онда бейнеленген оқиғалар 
Қазақстанда Абылай хан және Қытайда Циньлун императо­
ры билік жүргізген уақытты көрсетеді. XVІІІ ғасыр басында 
Орталық Азиядағы халықаралық қатынастар жүйесі елеулі 
өзгерістерге ұшырады. XVІІІ ғасыр жартысына дейін Жоңғар 
хандығы аумақтағы ірі және беделді мемлекет болды. Қытай 
мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық байланыс сол 
уақыттан басталғанын көрсететін айғақтар қазір айқындалып 
отыр.
– Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назар­
баев Әлемдік және дәстүрлі діндер съезінде сөйлеген сөзінде 
Қазақстан аумағында тараған діндер, атап айтқанда, 
христиандық, несториандық, манихейлік, тәңіршілік, 
шамандық, буддалық және басқа да діндердің тарихына ерек­
ше назар аударады. Осыған байланысты, Ұлы Жібек жолын­
да сақталған несториандық ескерткіштерді зерттеу аса 
маңызды мәнге ие болып отыр.
– Қазақстан, Қырғызстан және Қытай аумақтарындағы 
несториандық ескерткіштердің мәтініне салыстырмалы­
салғастырмалы талдау қазақ халқы этногенезінің, дін тари­
хының, түркі тілдері мен жазуының қалыптасу тарихының 
кейбір проблемаларын ашуға мүмкіндік береді. ҚХР­ға жа­
саған археографиялық ғылыми іссапардың негізгі мақсаты 
түркі тайпаларының көне эпитафикалық ескерткіштерін жи­
нау, несториандық жөнінде аса құнды тарихи ескерткіштерді 
айқындау, қазақтардың тарихы мен мәдениетіне қатысы 
бар қазақ­қытай қарым­қатынастарының тарихы бойын­
ша архивтік құжаттарды жинақтау болып табылады. Нес­
то риандық діні тек қана көптеген халықтармен өзара әре­
кеттесіп қана қоймай, сонымен қатар дүниежүзілік тарихқа 

80
өзінің үлесін де қосқан діндердің бірі болып табылады. 
Несториандық көптеген жылдар бойы оған өзінің аса бай 
мәдени мұрасын бере отырып, құрамына түркі тайпала­
ры да енген Еуразия құрлығының көптеген халықтарының 
рухани мәдениетін байытты әрі өзінің жағымды ықпалын 
тигізе білді. Сөйтіп, іссапар барысында VІ­XIV ғасырлардағы 
несториандық бойынша аса құнды тарихи ескерткіштер табыл­
ды. Орта Азияда несториандық дін VІ ғасырдан бастап тарала 
бастады. Одан кейінгі жылдары бұл дін түркі халықтарының 
арасында бұқаралық сипат ала бастады. Несториандық Ор­
талық Моңғолияның (моңғол шапқыншылығына дейін) ке­
рейлері (керейіттер), Батыс Моңғолияның наймандары, 
Ұлы Қытай қорғаны маңындағы оңғұттар мен Бесбалықтың 
ұй 
ғырларының арасында кеңінен тарала бастады. Қазіргі 
Қытай аумағынан табылған несториандықтардың көптеген 
эпитафикалық ескерткіштері өзінің көптігінен моңғолдық 
және одан кейінгі кезеңдерге жатады. VІ­XIV ғғ. эпитафика­
лық ескерткіштері өзінің болмысы жағынан керейден (ке­
рейіттер) шыққан тарихи тұлғалардікі, ескі қазақ тайпа лары 
болып табылатын наймандардікі болуы әбден мүмкін. Бұдан 
бөлек, Түркі қағанатының қалыптасу және даму тарихы, та­
рихи жадыларды қалпына келтіру бойынша түркі тасжазба­
лары мен қолжазбалар дереккөздерін айқындау, фотоға түсіру 
және көшірмесін жасау бойынша үлкен жұмыстар жасалды, 
Шыңғыс хан дәуіріне дейін түркі тайпаларының бірың ғай 
этногеографиялық байланыстарының болғаны туралы мәлі­
меттер берілді. Жоғарыда айтылып өткендей, табылған нес­
то риандық ескерткіштер біздің елдің аумағында, Жетісуда 
табылған ескерткіштерге өте ұқсас. Ескерткіштердегі жә­
не тұғырлардағы жазулар, негізінен, сирия немесе ұй­
ғыр тілдерінде ойылып жазылған. Осыған байланысты си­
рия 
лық, түркілік (тасжазба), қытайлық дереккөздердің 
ау  қымды материалдары негізінде Қазақстанның ғана емес, 
со нымен қатар Орталық Азияның да этникалық құрамы мен 
көшпелі халықтарының географиялық қоныстануы зерт­
теледі. Жаңадан табылған материал жоғары биліктің кө­
не түркілерден мұрагерлік жүйесін орнатуға мүмкіндік 
бе 
ре 
ді. Көнетүркі, манчжур, қытай, сириялық тілдерде 

81
құрастырылған ежелгі құжаттардың мағынасын ашу бойын­
ша әлі алда үлкен жұмыстар күтіп тұр. Қытай елі – тарихты 
қағаз бетіне түсірумен бірге, өз елі мен өзге елдің тарихын 
мәңгі тастарға бейнелеп, қашап отыруды ертеден дәстүр ге 
айналдырған ел. Қазір қытайдың «тасжазбаларының» әлем 
елдерінде теңдесі жоқ жазба байлық қоры сақталған. Қы­
тайда соңғы кезде мыңдаған жылдар бойы тақта тастарға 
жазылған түрлі «тасжазбаларды» ашу мен зерттеу жұмысы 
ең қарқынды жұмыстардың бірі болып отыр. Осы жолғы 
іссапарда елге жеткізілген құжаттардың ішінде қытай елінде 
елеулі міндеттер атқарған түркі халықтарынан шыққан та­
рихи тұлғалардың қабыр басына қойылған эпитафиялық 
ескерткіштер көне түркі халықтарының тарихы туралы жаңа 
мәліметтер береді.
– Олардың арасында түркі халықтарына тиесілісін кез­
дестіре алдыңыз ба?
– Ескерткіштердің елеулі бөлігі VI­IX ғасырлардағы түркі 
халықтарының тарихына қатысты. Ескерткіштердің не­
гізгі мазмұнында аталған тарихи тұлғаның аты­жөні, туған 
және өлген жылы, айы мен күні, қай елдің адамы екендігі, 
түркі тайпаларының қайсы руынан шыққаны, әкесінің, ата­
бабаларының өз елінде кім болғаны, қандай себептерге бай­
ланысты Қытайға келгені, Қытай елінде қандай міндеттер 
атқарып, империя үшін нендей үлес қосқаны және сол ең­
бектері үшін патшалық тарапынан қандай марапаттау, атақ 
пен шен берілгені туралы деректер келтірілген. Бұл мә­
лі 
меттер, көбіне тарихи тұлғаның жеке өміріне қатысты 
жазылғанына қарамастан, бүкіл түркі халықтарының сая­
си, мәдени, рухани болмысын өз ішіне алған тұтас тарихын 
кешенді түрде зерттеуге көп мүмкіндік береді. Қазірге дейін 
анықталғанындай, ескерткіштер мазмұны жағынан тари­
хи шығармаларының ақтаңдақ беттерін толықтырып отыр, 
аталған ескерткіштердің еліміздің көне тарихын зерттеудегі 
деректемелік құндылығы, міне осында деуге болады. Қазірге 
дейін табылған мұндай дүниелердің біразы ұлтымыздың 
этногенезіне қатысты көк түріктер (бұлар ашына, ашыдэ, 
жчиши, биши сияқты Түркі қағанатының билік басындағы 
ақсүйек тайпалар), ұйғыр, сюэяньто, қарлық, шігіл және 
6­0192

82
түркеш қатарлы түркі тайпаларының уәкілдеріне қатысты 
болып отыр. Ал ескерткіштердің тілі мен жазуы бұған дейін 
тек қана қытай тілінде болып келсе, үстіміздегі жылдың 
сәуір айында Сиань қаласынан қытай және руникалық жазу­
мен көне түркі тілінде жазылған екі тілді Гэчо («Қара чор») 
ескерткішінің табылуы аталған ескерткіштердің деректік 
құнын жаңа деңгейге көтерді. Жоғарыда көрсетіп өткен 
эпитафиялық ескерткіштерден өзге ұйғыр жазуымен түркі 
тілінде жазылған жазбалар да табылғандығын айта кеткіміз 
келеді. Соның ішіндегі «Он оқ ұйғыр ханы және оның ше­
карасы туралы меморандум» деп атала бастаған көне ұйғыр 
жазуымен түркі тілінде жазылған құжат Х­ХІІІ ғасырдың 
еншісіне жататындығы анықтала бастады. Құжатта түркі 
халықтарының аталған кезеңіндегі тарихы мен тарихи геогра­
фиясына қатысты ешбір жерде жазылмаған құнды мәліметтер 
сақталған.
– Әңгімеңізге рақмет!

ЕКІ ШІ
а а

85
Мырзатай ЖОЛДАСБЕКОВ

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет