Мақалалар, баяндамалар жинағы



Pdf көрінісі
бет28/49
Дата30.01.2017
өлшемі3,77 Mb.
#3045
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   49

кангюйлерді түркі әлеміне қытай елшісі Цыма Цзянның алғаш паш еткен 

дәуірінде (б.д.д. II ғасырда) олар түркі тілдес тайпа болып саналған.

А.Н.Бернштам  өзінің  кангюй  проблемасына  бағышталған  зерттеуінде 

біздің  ғасырымыздың  басындағы  қаңлы//кангюйлер  түркі  тілдес  тайпа 

болатын деп есептейді

2



Қаңлы тілі туралы айтыс-тартысқа қатысы жоқ біз өз пікіріміз бойынша: 

қаңлы – барша түркі әлемінде Үйсін тайпасымен бірге шыққан терезесі тең, 

Гафуров Б.Г. Таджики... М., 1972, С.137.

А.Н.Бернштам. Проблемы древней истории и этногенеза Южного Казахстана // ИАН 

КазССР. Сер. арх., вып. 2, 1949, С.94-95.



287

ең көне, әрі алғашқы түркі тілдес тайпалардың бірегейі. Бұл пікірді біз 

барша ғылыми жауапкершілікті мойнымызға ала отырып, зор сеніммен 

айта аламыз.



Қаңлы тілінде жазу дәстүрі де болған. Алайда қаңлы атымен сақталып, 

бүгінге жеткен жазба ескерткішінің сақталмауына байланысты оның бүгінгі 

жеке-дара түркі тілдерінің (оның жалпы саны 30 шақты) қайсысына жақын, 

қайсысынан алыс екендігін айту өте қиын. Ал қаңлы тілінде кезінде жазылған 

«Заң ережелері» (б.д.д. II ғасырда), «Қаңлы тілінің сөздігі» (XІV ғасыр) т.б. 

ресми жазба ескерткіштер тарихтың шаңына көміліп бізге жетпеген.

Біздің жобалауымыз бойынша: түркі әлеміне, соның ішінде әсіресе Ал-

тай, Орталық, Орта Азия мен Қазақстан жерінде жасаған түркі тайпалардың 

бәріне ортақ Орхон, Енесей және Талас руникалық жазуында қалыптасқан 

түркі  жазба  әдеби  тілі  сол  кезде  (V-VІІ  ғғ.)  Батыс  түркі  қағанатының  құ-

зырында болған қаңлылардың да өз тілі болып саналса керек. Одан кейін-

гі  дәуірлерде,  әсіресе  ұлан-ғайыр  Еуразия  жазығына  қыпшақ  қауымының 

үстемдігі  жүріп,  «қыпшақ  тілдерінің  қауымдастығына»  енген  тілдердің 

өзіндік белгілері мен ерекшеліктері айқындала бастаған дәуірде (X-ХIII ғғ.) 

қаңлы тайпасының тілі де осы топтағы тілдердің бірі болып қалыптасқаны 

белгілі


3

.

Қазақ  халқы  және  оның  жалпыхалықтық  һәм  жазба  әдеби  тілі 



қалыптасқанда қаңлылар тілі оған ұйытқы болған қыпшақ компоненті 

болып, іргесін қалауға қатысты.



Жазу  –  өркениетті  елге  айналған  тайпа-ұлыстың,  халықтың  тіліне 

қажетті  мәдени  атрибут.  Жазу  бір  халықта  ерте,  бір  халықта  кеш  пайда 

болуы мүмкін. Адамзат қауымына тән жазу мәдениетінің тым ұзақ тарихы 

жазу-сызудың  сан  алуан  түрлерін,  оны  қолданудың  әдіс-тәсілдерін, 

материалын т.б. атрибуттарын, шығу төркінін, қалыптастыру дәуірлерін 

жақсы білген.

Адамзат қоғамының басқа өркениет саласын былай қойып, тек түркі 

әлемін ғана қарастырсақ, оның өзі де тасқа қашап, ойып жазатын, металл 

(алтын, күміс, қола, темір) бетіне сызып жазатын, қыш, күйдірген кірпіш 

бетіне батырып жазатын, иленген терінің бетіне тіліп, не бедерлеп жазатын, 

қайың қабығы – тозға кесіп жазатын, матаның бетіне кестелеп жазатын, 

қағаздың бетіне сызып, суреттеп, бейнелеп жазатын т.б. сан алуан жазудың 

түрлері  мен  тәсілдерін  білген  екен,  өркениет  деңгейіне  қарай,  әр  алуан 

материалдарды да пайдаланған екен.



Қаңлы  тайпасы  да  кезінде  жазулардың  біразын  қолданған  сияқты. 

Мәселен, б.д.д. II ғасырда Кангюй мемлекетіне барған қытай елшісі Цыма 

Цзян:  «Патша  Ордасында  оның  заңдары  мен  жарлықтары  ілулі  тұрады 

Кайдар А. Казахский язык // История Казахстана в 5 т. т. 2, Алматы, 1997, С.4.



288

екен»  деп  жазады.  Мемлекет  болған  жерде  оның  белгілі  бір  жазуды 

пайдалануы заңды, әрине. Бірақ ол қандай жазу еді? Бұл арасы беймәлім. 

Біздің  жобалауымыз  бойынша  ол  Есік  қорғанынан  табылған  ханзада  – 

«Алтын  адам»  қабырынан  шыққан  күміс  ожау  басына  сызып  (батырып) 

жазған сақ тайпасы қолданған руникалық жазуға ұқсас, не соның «Қаңлы 

варианты» болуы да мүмкін. Бұл – тек жорамал ғана, әрине.

VІ-VІІ  ғасырлардағы  Батыс  Түрік  қағанатының  тарихына  қатысты 

Білге қағанға, Күлтегінге, Тоныкөкке т.б. тарихи тұлғаларға бағышталып 

тасқа  қашап  жазылған  ескерткіштерге  де  қаңлы  тайпасының  тікелей 

қатысы  бар  деп  білеміз.  Өйткені  оларда  қаңлының  аты,  мекен-жайы 

аталады.  Тіпті  осы  руникалық  жазудың  Талас  бойынан  табылған 

ескерткіштері сол кезде осы аймақта рухани-мәдени, әкімшілік жағынан 

үстемшілік жүргізген қаңлы тайпасына тән болуы да ғажап емес.

Демек,  бұл  қаңлы  тайпасы  VІІІ  ғ.  дейін,  мүмкін  одан  кейін  де, 

руникалық жазуды пайдаланды деген сөз.

 

Скиф-сақ  петроглифтік  жазу  мен  көне  орхон-енесей  жазулары 



бірінің  бірі  жалғасы,  алдыңғысынан  кейінгісі,  ғұн  руникалық  бұлғар, 

хазар жазулары туындаған деген де жорамал бар. Мәселен, шумер, скиф, 

қазақтардың келіп шығуының көне тарихын зерттеуші Асан Бахти мырза 

оны бірер деректер келтіріп, былайша дәлелдегісі келеді. Ол:

«Согласно  последним  исследованиям,  руническая  письменность 

зародилась  еще  до  нашей  эры,  возможно,  в  скифо-сакское  время.  В. 

III-V в. н.э. существовали два варианта рунического письма – гунское и 

восточное, бытовавшие на территории Жетысу и Монголии. В VІ-VІІ вв. 

на базе последнего развивается древнетюркская письменность, названная 

орхоно-енисейской. Гуннское руническое письмо послужило основой для 

развития булгарского и хазарского письма, а также письменности кангаров 

(т.е. канглинцев – Ә.Қ.) и кипчаков» – деп көрсетеді.

4

 

Әрине, автордың көне скиф-сақ-түрік жазуы туралы көтеріп отыр- ған 



идеясының дұрыс-бұрыстығы туралы өз пікірімізді айтып, оны дәлелдеп 

жатуға дәл қазір мүмкіншілігіміз жоқ.

Біздің  көздеген  мақсатымыз  –  «көне  қаңлылардың  жеке  не  басқа 

тайпалармен  ортақ  жазуы  болды  ма,  болса  ол  қандай  жазу  еді?»  деген 

мәселе  ғана.  Бұл  арада  автордың  «қаңғар  мен  қыпшақ  жазуы»  деп 

көрсетіп  отырғаны,  пайымдап  қарасақ,  –  ғұн  дәуіріндегі  руникалық 

жазудың  Оңтүстік  өлкедегі  талас  варианты  болса  керек.  «Күлтегін» 

ескерткішінде  баяндалатын  әскери  жорықтың  осы  өлкеге  бағышталған 

және  сол  кездерде  жалпы  қаңлы  елінің  жайғасқан  жері,  Кангюй 

Бахти А. Шумеры, скифы, казахи. Алматы, Дом кочевников, 2002, C. 27.



289

мемлекетінің бір ордасы орналасқан Қаңғу-Тарбанның аталмыш ескерткіште 

аталуы қаңлылардың руникалық талас жазуына өз еншісінің барлығын көрсетсе 

керек.


VІІІ ғасырдан кейін Қазақстанның Оңтүстік өлкелеріне араб мәдениетінің, 

ислам дінінің жергілікті тұрғындардың қарсылықтарына қарамай кең тарап, етек 

ала бастауына байланысты кангюй мемлекетінде де араб жазуы біртіндеп болса да 

қолданыс таба бастайды. Араб жазуын үйретіп, ел арасына тарататын арнайы оқу 

орындарының болғаны туралы дерек көп кездеспейді. Дегенмен, қаңлылардың 

бұл  кезде  Кангха-Хорезм  мемлекетінің  құзырында  болуына  байланысты  араб 

жазуы  мәдениеттіліктің,  сауаттылықтың  бірден-бір  құралы  болып  қалғаны 

даусыз.


«Одан кейінгі дәуірлерде де араб жазуы мемлекеттік деңгейде қолданысын 

жалғастырды» деп айтуға болады. XІІІ ғ. Қыпшақ тайпасының, ХIV ғ. Қаңлы 

тайпасының  тілдері  бойынша  араб  жазуымен  шығарылған  сөздіктер  осының 

айғағы. Ал одан кейінгі ғасырларда латын жазуымен шыққан «Кодекс куманикус» 

сөздігіне қарағанда, қыпшақ-қаңлы бір қауым ел болып отырғандықтан латын 

әліпбиін, ал әрмен қыпшақтар арасында болған қаңлылардың этникалық топтары 

осы жазуды пайдалануы да ықтимал. Кейінгі замандарды сөз етудің қажеті де жоқ.

Міне, сонымен ертеден мемлекет құрып, өз алдына ел болып өркендеген 

көне қаңлыларда өзінің түркі тілімен қатар бірнеше жазуы да болған деп айта 

аламыз.


«Қаңлы  тілінің  сөздігі»  туралы  бір  ауыз  сөз.  Бұл  араб  жазуында  XІV 

ғасырда жасалған сөздік.

Ең алдымен «Қаңлы тілінің сөздігі» қандай тарихи-әлеуметтік жағдайда 

дүниеге  келді?  -  деген  сауалға  жауап  беріп  алған  артық  емес.  Алтын  Орда 

дәуірінде (XІІІ-XV ғасырлардың аяғына дейін) жер жүзіне әйгілі көптеген көркем 

шығармалар дүниеге келді: «Қиссаси Йусуф» (1233), Сәйфи Сарайдың «Гүлістан 



бит-түрки»  (1391),  Хусам  Катибтың  «Жұмжұмасы»  (1369),  Хорезмидің 

«Мұхаббатнамасы»  (1353)  т.б.  «Бұл  шығармалар  қай  тілде  жазылды,  Алтын 

Орда  мемлекетінің  тілі  қандай  тіл  болды,  оның  құзырында  жасаған  қыпшақ, 

қаңлы, оғыз т.б. тайпалардың өз тілдері болды ма, болса олар қандай тіл еді?» 

деген сұрақтарға әлі күнге дейін дұрыс жауап берілген жоқ. Бір топ ғалымдар 

Алтын  Орда  мемлекеті  бір-ақ  мемлекеттік  тілді  пайдаланды,  ол  қыпшақ  тілі 

болды десе

5

,



1

 Э.Н.Наджип: «Осы дәуірде Алтын Орда территориясында, онымен 

одақтас  Египетте  туған  әдеби  ескерткіштер  қазіргі  татар,  қырым  татарлары, 

башқұрт,  өзбек,  қазақ,  түркімен,  әзірбайжандардың  ата-бабаларының  ортақ 

мұрасы»  дей  келіп,  олар  оғыз-қыпшақ  негізінде  қалыптасқан  аралас  тілде 

жазылған» деп тұжырады. Хорезмидің «Мұхаббатнамасы» таза өзбек халқының 

мұрасы деп санайды автор.

5А.Қыраубаева. Хорезми. «Махаббатнама». Алматы, 1985, 4 б.



290

«Алтын Орда мемлекетінің құзырында болған қыпшақ, қаңлы, үйсін 

тәрізді  ірі-ірі  тайпалар  тілдерінің  тағдыры  не  болған  еді?»  деген  заңды 

сауал туады. Ғалымдардың пікірі бойынша: XІІІ ғасырдан кейін Орта Азия 

халықтарына ортақ жазба әдеби тіл қалыптасты. Оны «шағатай әдеби тілі» 

деп атады. Жоғарыдағы шығармалардың біразы осы тілде жазылды. Алайда, 

сонымен  қатар  Дешті  Қыпшақта  ірі-ірі  жеке  тайпалардың  (қыпшақ,  қаңлы, 

үйсін,  қарлық  т.б.)  ол  тілден  сәл  ерекшелеу  өз  тілдері  қалыптасты.  Олар 

«жергілікті (локальды) әдеби тілдер» деп аталды.

Қыпшақ тілі мен қаңлы тілінде жарияланған (XІV ғ.) – «Кодекс куманикус», 



«Қаңлы тілінің сөздігі» деп аталатын сөздіктер – міне, осы дәуірдің жемісі. 

Бұл тілдер ол дәуірде тайпа тілдері болып қалыптасқан еді.

Қаңлы тілінің сөздігі – араб нұсқасындағы атауы: «Тәббийүн әл-луғат 

ат-түрки  әл-лисан  әл-қангли»  –  түрік  ғалымы  проф.  М.Ф.Кпюрлүнің 

мағлұматы  бойынша:  сөздіктің  авторы  –  Хорезмшах  кезіндегі  Рей 

оғыздарынан шыққан филолог-ғалым Мұхаммед ибн-Кайс (толық түрі – 

Шемс-ад-дин  Мухаммед  ибн  Кайс  әр-Рази).  Бұл  автордың  «Үлкен  кітап» 

деп аталған тағы бір еңбегі барлығы айтылады

6

.



2

Бұл еңбек туралы пікір айтқан түрікмен ғалымы проф. З.Б.Мухамедова 

Мухаммед ибн Каис әр-Разиді иран ғалымдары Феркенг-и Мухаммед ибн-

Кайс деп те атайтынын ескертеді

7

.



3

Өкініштісі, қаңлы тарихы үшін аса қымбат, әрі қажетті бұл сөздік тек 

жарияланған қолжазбалар тізімінде ғана сақталып, түпнұсқасы әлі күнге дейін 

табылмай  отыр.  Ол  кезінде  Еуропа  ғалым-жиһангерлерінің  Орта  Азиядан 

қаптап-қапшықтап  тасып  әкеткен  сан  алуан  қолжазбаларының  арасында 

Батыс елдерінің мұрағат, музейлерінің бірінде шаң басып жатуы да мүмкін. 

Ал, оны бүгінге дейін ізіне түсіп, іздеген қазақ, қаңлы азаматы әлі бола қойған 

жоқ. Ал, бұл сөздіктің түпнұсқасы табыла қалған күнде қазақ тілінің ХIII-ХIV 

ғғ. даму кезеңінің тағы бір беттері айқындала түскен болар еді.

«Қаңлы  тіліне  Талас  өзенінің  бойынан  табылған  тас  жазулардың 

қатысы бар ма?» деген сауал түрколог ғалымдарды көптен бері ойластыруда. 

Мәселен,  А.Н.Берншам  кезінде:  «В  китайских  источниках  говориться, 

что на р. Талас в то время жило племя канглы и что каңлы пользовались 

старотюркской  письменностью...  Следовательно  таласская  письменность 

беспорно принадлежит канглинцам» – деп көрсетеді

8

.



4

Тағы кейбір пікірлер жөнінде орысша жазылған ойымызды да келтіре 

кетейік.

Köprülü М.F. Horezm Kahlar devrіnde bіr Türk fіlologu Muhammed bіn Kays ve eserі // Türk 

edebіyatі haksіnda arastіrmalar. Іstambul, 1934.

Мухамедова З.Б. Исследования по истории туркменского языка ХI-ХIV вв. Ашхабад, 

1973, С.14.

Бернштам А.Н. // СЭ., т.VІ. XІІ, 1947, C.9.



291

При  всей  спорности  происхождения  и  проблематичности 

территориальной локализации древнетюркской рунической письменности, 

существует  и  мнение  о  том,  что  она  возникла  первоначально  на 

территории Казахстана. Так, например, известный тюрколог А.М.Щербак 

считает,  что  эта  письменность  возникла  «где-то  в  районе  Таласа,  в 

результате  заимствования  или  преобразования  какого-то  другого 

алфавита  и  распространилась  оттуда  в  двух  противоположных 

направлениях: на Восток (орхонское, енисейское и другие виды письма) 

и на Запад (печенежские руны)»

9

.

5



 Г.Г.Мусабаев настаивают на признании 

автохтонности  древнетюркской  письменности  и  ее  широком  бытовании 

в древнем Семиречьи

10.6


 По мнению А.С.Аманжолова тюркский рунический 

алфавит возник в Южной Сибири и Казахстане не позже середины I тыс.до н.э., 

что также согласуется с археологическими данными о глубоких культурных 

связях  ранних  кочевников  Южной  Сибири  и  Казахстана  с  населением 

Средней Азии в – тыс. до н.э.

11

.



7

 О том, что прородиной тюркского рунического 

письма  являются  регионы  Таласской  долины  Семиречья  и  Южной  Сибири 

свидетельствует наличие большого количества рунических, эпигрофических, 

петроглифических  находок  именно  из  этих  регионов

12

.



8

  Богатая  коллекция 

эпиграфических  и  петрографических  надписей  и  изображений  на  скалах, 

волунах,  на  различных  предметах  (глиняной  посуде,  изделиях  из  металла, 

камня,  кости,  керамики  и  т.д.),  которая  постоянно  пополняется  новыми 

находками  (ср.  например,  надпись  на  серебряной  чашке  в  захоронении 

сакского воина – «Золотого человека» в Иссыкском кургане и др.), говорит в 

пользу того, что Казахстан и прилегающие к нему регионы находятся как бы в 

центре древнейшей цивилизации кочевого общества тюрков со свойственной 

ему письменной культурой. На этой же территории обнаруживаются не только 

древнетюркские  и  древнеуйгурские,  но  и  сиро-тюркские,  санскритские, 

тибетские,  арабские,  калмыцкие,  нестроианские  и  др.  надписи,  которые 

говорят  об  исторических  контактах  разных  этнолингвистических  союзов  и 

объединений и взаимодействиях их культур и традиций

13

.

9



 В этом отношении 

Щербак А.М. Знаки на керамике и кирпичах из Саркела-Белой вежи (к вопросу о языке 

и письменности печенгов): Материалы и исследования по археологии СССР, №75 // ТДВАЭ. 

М.-Л., 1959. С. 388.

10 Мусабаев Г.Г. Некоторые итоги эпиграфической экспедиции Института языкознания 

АН КазССР // Эпиграфика Казахстана. Алма-Ата, 1971. Вып. I. С.19.

11 Аманжолов А.С. Материалы и исследования по истории древнетюркской письменности 

// АДД, Алма-Ата, 1975, С. 68.

12 Бернштам А.Н. Новые эпиграфические находки из Семиречья // ЭВ. ІІ. 1948, C.112; 

Малов С.Е. Таласские эпиграфические памятники // Материалы Узкоммстариса. М.-Л., 1936, 

вып. 6-7, С.27; Батманов И.А. Таласские памятники древнетюркской письменности. Фрунзе, 

1971; Эпиграфика Казахстана, Алма-Ата, 1971. Вып. I; Джумагулов Ч. Эпиграфика Кригизии. 

Фрунзе, 1963. Вып. 2. 1982. Вып. I; 1987. Вып. 3 и др.

13 Тенишев Э.Р. Древнеуйгурские надписи Киргизии // Народы Азии и Африки. М., 1963, 


292

уникальным  считается  намогильные  камни-кайраки  с  сиро-тюрксими 

эпитафиями Средней Азии. Известный русский ученый В.П.Коковцев в свое 

время писал: «... эти изображения имеют несомненный интерес, как редкие, 

если  вообще  не  единственно  известные  до  сих  пор,  бессорно-подлинные 

образцы религиозного искусства и религиозной символики среднеазиатских 

христиан, по национальности тюрков, за период от появления христианства 

в этих странах до конца ХІV в.»

14

.

10



От  Алтая  через  всю  полосу  Казахстана  и  Киргизии  за  пределы 

Черноморских  степей  проходят  беспрерывная  линия  каменных  извояний, 

типология, хронология и семантика которых полностью еще не раскрыты

15

.



11

 

Однако ученые полагают, что выделение локальных групп этих каменных 



изображений позволит не только отождествить их с конкретными тюркскими 

племенами в далеком прошлом, но и проследить их генетическую общность 

и  преемственности  традиции.  Часть  этих  изваяний,  естественно,  связана 

с  погребальными  традициями,  строительством  храмовых  комплексов. 

В  этом  отношении  несомненный  интерес  представляет  определение 

местонахождения большого количества каменных изваяний на территории 

Казахстана,  Киргизии  и  др.  и  заниматься  их  локализацией  в  отношении 

к  тому  или  иному  племени,  участвовавшем  в  образовании  казахской 

народности.

«Қаңлы  тілінде  дүниеге  келген  және  сақталып,  бізге  жеткен  жазба 

ескерткіштер бар ма?» деген сауалға ашық жауап беру қиын. Бірақ «мүмкін», 

«ықтимал»  деген  ескертпелермен  айтылып,  жазылып  жүрген  жобалаулар 

менен  жорамалдаулар  баршылық.  Осыған  орай,  қызылордалық  ғалым, 

проф.  Әнес  Жақыповтың  қаңлыға  қатысты  мына  бір  қызық  әңгімесіне 

назар аударайық. Мәселен, автор кітабының «Тарихқа тұрақ болған Естек 

құмы»  атты  тарауында:  Шаған  кеңшарынан  100  шақырымдай  жердегі 

Естек құмының шет жағындағы бір мазарда алебастр сияқты берік қоспадан 

құйылған биіктігі 125 см ені 26 см адам мүсіні тәрізді баданаға жазылған жазу 

туралы айта келіп, оны «қаңлы жазуы» деп жобалайды

16

.

12



Оны ертеректе 

көріп, сипаттаған проф. Ғ.Ғ.Мұсабаев куфи жазуына жатқызады

17

.

13



Бұл жазудың қаңлы тайпасына тән екендігі жөнінде автордың өзіндік 

дәлелі де жоқ емес. Автор ойын толық келтірейік: 

«Осы белгілердің бәрі – Естек ескерткіші»; ол б.з. дейінгі III-I ғасыр 

ларда Сыр мен Қаратау алабын, б.з. V-VІІІ ғ. Әму мен Сыр аралығын ме-

кен еткен, өзінің дербес мемлекеті болған Кангюй/Қаңқа (Кангха) тайпа-

1, С.146-149.

14  Коковцев  В.П.  Несколько  новых  надгробных  камней  с  христианосирийскими 

надгробиями из Средней Азии // Изв. Импер. Академии Наук. 1907. Вып.12. С. 428.

15 Дашкевич Я.Р., Трыярский Э. Каменные бабы причерноморских степей. Варшава, 1982

16 Жақыпов Ә. Байырғы атаулар айтқан сыр. Қызылорда. 1993. 23-б.

17

 

Мусабаев Г.Г. Древности Казахстана. Алма-Ата, 1975. С.100.


293

лар бірлестігінің ескерткіші, ондағы жазу – сол Кангюй // Қаңлы жазуы 

болуы  да  ықтимал.  Демек,  куфик  жазуы  деп  жүргеніміздің  өзі  Қаңлы 

жазуының кейін өзгертілген, жаңартылған түрі болуы мүмкін.

«Чжан-Цзянның  айтуынша,  қаңлының  өз  жазуы  болған  екен,  ол 

жазуымен  жазылған  жарғылары  хан  сарайларында  сақталып,  қылмыс 

керлерді  жазалауға  қолданған...  Қаңлы  тілін  анықтайтын  жарғы  бізге 

келіп жетпеген; Әбу-Райхан Бируни Хорезм (ертедегі Кангюй-Хорезм) 

жерінде жазу бар еді, ол жазуды, оны білетін адамды Күтейбе ибн Мус-

лим (араб қолбасшысы, 704 ж. Орта Азияға келіп, 716 ж. өлген) құртып 

жіберді» деп жазып кеткен. Оны «соғда жазуы» дейтіндер де бар. Бірақ 

осы  жазудың  сілемін  біз  көне  Артуқ  қаласынан  табылған  кірпіште-

гі  «Сырдария  ескерткішінен»  көреміз.  (Ол  археологиялық  мұражайда 

сақталады).

«Ол жазудың соңында қаңлы таңбасы «шылбыр таңба», «көсеу таң-

ба» екендігін көрсететін белгі бар» – деп жазады автор.

«Естек ескерткішіндегі» жазу – қаңлы, оның ішінде қара қаңлының 

жазуы  екендігін  аңғартады.  Өйткені  ескерткіштегі  Күн  бейнесінен 

кейінгі  түскен  6  тік  кертпеш  сызық  –  қара  қаңлыдан  тараған  6  арыс 

елдің  атасы  атанған  6  кісінің  есеп  санына  тура  келсе,  ескерткіштің 

төрт  бетінде  қатар  аққан  екі  өзеннің  бейнеленуі  –  Әмудария  мен 

Сырдарияның  аралығы  олардың  атамекені  болғандығының  айғағы 

іспеттес.  Ал,  бейіт  басының  Батысқа  қарауы  және  оның  оңаша  өзге 

бейіттерден  бөлек  қалуы,  ескерткішке  Күн  мен  арыстан  бейнесінің 

салынуы  т.т.  ою-өрнектермен  безендірілуі  жерленген  адамның 

зароастризм  (қос  құдайшылдық)  діни  ұғымына,  Күн  (мейірімді 

құдай) мен Арыстанға (мейірімсіз құдай) табынушы қаңлы жұртынан 

екендігінің айғағы», – деп көрсетеді

18

.

14



Көне түркі тайпаларының, соның бірі – қаңлылардың, ХI ғ. бірінші 

жартысына дейінгі тілінің жағдайы туралы кейбір деректерді біз Мах-

муд  Қашқаридың  «Сөздігінен»  кездестіреміз.  Осы  «Cөздіктің»  «Түркі 

ру-тайпаларының баяны» атты қысқаша түсініктемесінде автор:

«Түріктер негізінен жиырма тайпадан тұрады. Әрбір тайпа көпте-

ген рулардан тұрады. Мен бұлардың негізгілерін, анадан тараған рула-

рын ғана жаздым, олардың тармақтарын тастадым. Румнан Күншығысқа 

дейінгі мұсылман болғандарын ғана сараладым (Зикр қылдым). Румға 

жақын бірінші тайпа – бажанақ, одан кейін – қыпшақ, одан кейін оғыз, 



ямақ, башқырт, басмыл, одан кейін – қай, одан кейін – ябақу, одан 

кейін – татар, одан кейін – қырғыз келеді. Қырғыздар Чинға (қытайға) 

жақындағылар. Бұлардың бәрі Рум түбінен (жанынан) Күншығысқа қа-

18 Жақыпов Ә. Аталған еңбек. 27-28 бб.



294

рай созылып жатқан тайпалар. Бұлардан кейін Чигул, одан соң – тухси

одан соң – яғма, одан соң – иғрақ, одан соң – жаруқ, одан соң – жұмул

одан соң – ұйғыр, одан соң – таңғут, одан соң – қытай. Қытай – Чин-

дер. Одан кейін – Табғач. Бұл – Мачиндер, – деп көрсетеді.

М.Қашқари  ана  тұқымынан  тарамаған  тағы  бір  топ  түркі  ру-тай-

палары жөнінде мағлұмат беріп, оларға: соғыдақ, арғу, қанжақ, қотан, 

тұбут, бұлғар, сувар, қаңлы, қарлұқ, қайжұмыл, алқабұлақ тайпалар-

ды енгізеді. Бұл ру-тайпалардың бәрін қосып есептегенде олардың саны 

30-ға  жақындайды.  М.Қашқари  өз  сөздігінде  мысалдарды  Арғу  тілінен 

көбірек келтіреді.

М.Қашқари бұл ру-тайпаларды іштей қалада және сахарада (далада) 

жасайтындар,  жарым-жартылай  қалада  және  далада  тұратындар,  сон-

дай-ақ  түрікше  таза  сөйлейтіндер  және  олардан  ерекшеленетіндер  деп 

топтастырады.

Мәселен,  сахарада  жасайтын,  өз  тілімен  қатар  түрікшені  де  жақсы 

білетін этникалық топтарға жұмұл, ябақу, қай, татар, басмыл сияқты-

лар жатқызылса, бұлардан тысқары бұлғар, суар, қаңлы, алабұлақ, қар-



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет