Мақалалар, баяндамалар жинағы



Pdf көрінісі
бет34/49
Дата30.01.2017
өлшемі3,77 Mb.
#3045
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   49

жағажай  тәрізді  термин  сөздер  жасала  басталды.  Демек,  ғайыптан  пайда 

болған дүние жоқ. Оның тетігі – жаңашыл шығармашылардың тапқырлығы 

мен қолданыс шеберлігінде жатыр. 

Сөз  шығармашылығының  тағы  бір  көрінісі  –  қолданылып  жүрген 

сөздерге  қосымша,  жанама,  ауыспа  мағына  үстемелеу.  Мәселен,  пенсия, 

пенсионер  деген  терминдерді  кейінгі  кезде  зейнетақы,  зейнеткер  деген 

сөздермен ауыстырдық. Осыған түрткі болған қазақ тіліндегі «Бейнет, бейнет 



түбі – зейнет» деген мақал деп жобалаймыз. 

Ана  тілі  мүмкіншілігін  пайдаланудың  тағы  бір  қалыптасқан 

жолы  –  калька  тәсілі,  яғни  орыс  не  шет  тіл  терминдерін  тұлғалық, 

мағыналық,  құрамдық  ерекшеліктерін  сақтай  отыра  (сухотка  –  сему, 



ударник – екпінді, совет – кеңес, соревнование – жарыс, мозжечок мед. 

–  майшық,  агропромышленность,  агроөнеркәсіп,  радиоприемник  – 

радиоқабылдағыш, видеолента – бейнетаспа т.б.) жасау.

Міне, ана тіліміздің осы мүмкіншіліктерін біз сарқа пайдаланғаннан 

кейін  ғана  орыс  және  интернационалдық  терминдерді  қабылдауға 

еріктіміз.



Төртінші.  Термин  шығармашылығында  одан  кейін  туысқан  түркі 

тілдерінің  (әсіресе  терминология  дәстүріне  бай  жазба  тілдердің)  озық 

тәжірибелерінен, терминдік өрнек үлгілерінен, оңтайлы да үйлесімді сөз 

жасау модельдерінен мүмкіндігіне қарай пайдалану.

Кешегі  Кеңес  Одағындағы  түркі  тілдері  бұл  салада  өзара 

жақындасудың, үйлесудің орнына бір-бірінен алыстай түсті. Жоғарыдан 

(бір «ортадан» ) таралған терминдік ұғымдарды олар өз білгенінше беруге 

әлек болды да, өзара тәжірибе алмастыруға мұршасы келмеді, «әркім өз 

қазанында өзі қайнады». Мәселен, қыпшақ тобына жататын төмендегі 

жеті тілде «Центральный Комитет» деген тіркес былайша аударылып 

келді:  қаз.  Орталық  комитет,  қарақалп.  Орайлық  комитет,  қырғ. 

Борбордук  комитет,  тат.  Үзәк  комитет,  башқ.  Үзәк  комитет,  қыртат. 

Меркезий  комитет,  қаббалқ.  Ард  комитет.  Туыс  тілдердің  терминдегі 

«жақындығын»  осыдан  да  байқауға  болады.  Өйткені  түркі  тілдерінің 

өзара жақындасуы кезіндегі тіл саясатына онша қолайлы болмады.

Тегі бір, тарихы бір тілдер де сөз байлығын өзінше дамытып, өзінше 

пайдаланады. Бір тілдің екінші тілден тәжірибесі артық та, кем де болуы 

мүмкін.  Міне,  сол  тәжірибені  алмастырудың,  тілі  жақын  туыстардың 

бір-бірінен  үйренуінің  пайдасы  болмаса,  зияны  жоқ.  Қазақ  тілінен  де 

алатын тағылым, үйренетін үлгілер аз емес. Бірақ тәжірибе алмастыру 

дегенді туыс тілдердің сөз жасамы модельдерін, үлгісін, не терминдерін 


353

көз жұмып, көшіріп алу немесе құр еліктеу деп түсінбеу керек. Демек, 

бұл принциптің мақсаты – сол үлгілердің өзіміз үшін үйлесімді, тиімді, 

оңдайлы  әрі  пайдалы  жақтарын  таразы  басына  салып,  саралап,  сын 

көзбен қарай отыра қабылдау.

Орыс  тілінің  тікелей  әсерін  көрмеген  Түркия  түріктерінің  тіл 

тәжірибесі де біз үшін өте қызықты. Орыс тілінің элементі онда жоқтың 

қасы да, ал интернационалдық терминдер бізге қарағанда өте аз және 

олардың  біразы  еуропа  тілдерінің  өзінен  тікелей  алынады:  камп 

(лагерь), фишек (ракета); фуар (жәрмеңке), фирча (щетка); ал көпшілігі 

түрік  тілінің  өз  баламаларымен  (аэропорт  –  хаваалаңы,  самолет  – 

учак, спонсор – сөзжу, магнитофон – касетсалар, компьютер – білгісаяр, 



президент – жұмхұрбақаны, премьер-министр – башбақан, парламент – 

межіліс, автомашина – араба, транспорт – ұластырма, студент – өргенчі, 



масштаб  –  өлчу  т.б.)  ауыстырылған.  Және  бір  ерекшелігі:  бізде  шет 

тілі  элементтері  орыс  тіліндегі  жазылуы  бойынша  қабылданса,  Түркия 

түріктерінің тілінде сол тілдерде айтылуынша ықшамдалып алынады екен: 

факулте (факультет), университе (университет), теори (теория), экономи 

(экономика), спор (спорт), музе (музей), кадро (кадр) т.б.

Түркиямен қарым-қатынастың кейінгі кезде жиілей түсуіне байланысты 

қазақ тілінен түркі терминдерінің алғашқы «қарлығаштары» көріне бастады. 

Соның бірі «Егеменді Қазақстан» газеті қолданып жүрген ұшақ (самолет) 

түрікше ұчак болса, екіншісі әуеалаңы (аэропорт). Мұндай ауыс-түйістердің 

бұдан кейін де болатыны сөзсіз.

Қорыта келгенде: туыстас тілдер тәжірибесін үйрену, одан саналы түрде 

пайдалану  принципі  –  жалпы  түркі  дүниесіне  ортақ  ғылыми-техникалық 

прогрестің,  мәдениеттің  үйлесе  дамуына  кепілдік  беретін  фактор.  Бұл 

құбылыс тілдерді салыстыра зерттеуді талап етеді.

Бесінші.  Тіліміз  үшін  қажет,  бірақ  дәл  баламасы  жоқ,  аударуға  келе 

бермейтін  интернационалдық  терминдер  мен  атауларды  қазақ  тілінің  өз 

ерекшеліктеріне икемдеп қабылдау.

Біздің  түсінігімізде  өте  қастерлі,  тіпті  «киелі»  ұғымға  айналған 

«интернационалдық термин» дегеннің өзі не? Арнайы зерттеулерге сүйенсек, 

олар  –  жер  жүзіндегі  бірнеше  ірі-ірі  тілдерде  қолданылып,  халықаралық 

деңгейде  танымал  болған  терминдер  мен  атаулар.  Орыс  тілінде  шеттен 

кірген  термин-атаулардың  бәрі  бірдей  интернационалдық  термин  емес. 

Бұл – бір. Екіншіден, «интернационалдық термин-атаулар ешбір басқа тілге 

аударылмасын» деген үкім жоқ. 

Біздің  ойымызша  дәл  ғылымдар  (техника,  физика,  математика, 

механика,  т.б.)  мен  табиғи  ғылымдар  (химия,  биология,  металлургия, 

медицина, т.б.) саласындағы термин-атауларды қазақшаға аудару мәселесіне 


354

«он өлшеп бір кесу» принципі бойынша қараған жөн. Рас, кейбір тілдерде, 

мәселен, түрік тілінде, тіпті компьютерді де ағылшын тіліндегі мағынасына 

қарап («есептеу, санау») білгісаяр деп («санай білетін») деп аударып алып 

жүр.

Ал қоғамдық ғылымдар саласындағы интернационалдық терминдерге 



көзқарас басқашалау болуы мүмкін. Өйткені бұлар күнделікті өміріміздің 

барлық  (саяси-экономикалық,  мәдени-әлеуметтік,  өнер-білім,  оқу-тәрбие, 

т.б.)  салаларында  жиі  қолданылатын,  әрі  өзгеріп  отыратын  терминдер. 

Сондықтан да қоғамдық пікір мен шығармашылық әрекеттердің бәрі, міне, 

осы салаларда көбірек бой көрсеткені абзал.

Қорыта  келгенде  айтарымыз:  халықаралық  деңгейде  қолданылып, 

танымал  болған,  әрі  қазақша  аударуға  келмейтін,  келсе  де  терминдік 

мағынасы  дәл  берілмейтін  интернационалдық  термин  атауларды  қазақ 

тілінде де қалыптастыру, тұрақтандыру қажет. Бірақ бұдан оларды желеу 

етіп, қаптата беру деген ұғым тумаса керек.

Ал  интернационалдық  термин  атауларды  қазақ  тіліне  «икемдей 

қабылдау»  мәселесі  келесі  принциптегі  «үйлестіре  қолданумен»  бірге 

қаралады.

Алтыншы.  Орыс  тілінен  (жалпы  славян  тілдерінен)  енген  термин 

атауларды  мүмкін  болғанынша  қазақша  аударып  қолдану;  аударуға 

келмейтіндерін  бұрынғыдай  сол  қалпында  емес,  қазақ  тілінің  фоно-

морфологиялық ерекшеліктеріне үйлестіре қабылдау.

Орыс  тілінің  игілікті  ықпалы  жөнінде  көп  айтылып,  көп  жазылып 

келді.  Бірақ  олардың  бәрі  «байытты»,  «дамытты»  деген  жалпылама  сөз 

еді. Өйткені ол ықпал игілікті болса, ана тіліміз дәл бүгінгідей қасіретке 

ұшырамаған болар еді. Тілдер бір-біріне игілікті әсер етуі үшін олардың 

терезелері тең тұруы керек.

Бірақ қандай болғанда да терминологияға байланысты бір шындықты 

мойындауымыз  керек.  Бүгінде  қазақ  тіліндегі  терминологиялық 

лексиканың құрамында жалпы саны жүз мыңнан аса терминдік сөз бар. 

Демек,  қазақ  тілінде  терминологиялық  лексика  және  терминдік  сала, 

жүйе  қалыптасты.  Бұл  процесс  қайткен  күнде  де  тілімізді  біршама 

ширатты, оның ішкі мүмкіншілігін (потенциясын) аша түсті, оған зиялы 

қауымды  қатыстырып,  шығармашылық  үрдісін  дамытты.  Міне,  орыс 

тілінің игілікті ықпалы деп осыны айтуға болады. Сонымен қатар бұл 

процесс ана тіліміздің табиғатына нұқсан келтіріп отырған жерлері де 

жоқ емес.

Қазан төңкерісіне дейінгі қабылданған терминдік лексиканың бәрі 

де  қазақ  тілінің  сөйлеу  ерекшеліктеріне  сәйкес  қабылданды.  Сонда 

енген  жүздеген,  мыңдаған  сөздер  бір  төбе:  орыс,  Ресей,  жәрмеңке, 



355

мұнанай (меновой), пошта, кәмпит, түрме т.б. Ал 1930 жылдың екінші 

жартысынан кейін, әсіресе, орыс графикасын қабылдағаннан соң, қазақ 

тілінің қабырғасын күйрете түсті. Орыс интернационалдық терминдерді 

жазуда  орыс  әдеби  тілінің  нормасы  қаншама  қатал  талап  етілсе  де, 

ауызша  айтқанда  әсіресе  қарапайым  халық  тілінде  олар  өз  тіліміздің 

ыңғайымен (фонетикалық интерференция түрінде) айтылып келеді.



Жетінші. Саралық күрделі терминдер мен атаулар қазақ тілінің өз 

негізінде  алғашқы  әріптері  мен  буындары  бойынша  (сөз  араластырып 

та) кеңес – интернационалдық термин-атаулардың үлгісімен қысқартып 

қолдануды заңдастыру.

Атау-терминдерді  қысқартып  қолдану  дәстүрі  қазақ  тілінде  тек 

төңкерістен кейін ғана пайда болды. Қоғам пікірінің тұрақтамай, бірде 

орысша, бірде қазақша қысқартылуы, міне, осыған байланысты. Бірақ, 

түбегейлі шешілмеген мәселе, ескі аурудай, қайталана беретіні белгілі 

ғой. Оның үстіне қысқарған терминдер мен атаулар (номенклатуралар) 

күн  сайын  туындап,  толассыз  толығып,  қазіргі  кезде  тілімізде  жалпы 

саны үш мыңнан асып барады. Олардың біразы қазақша, басым көпшілігі 

орысша белгілі заң бойынша емес, өз бетінше, стихиялы түрде көбеюде. 

Оларды ендігі жерде реттемесе, мемлекеттік тілге нұқсан келгені келген. 

Әрине,  дағдыланбағаннан  кейін  қазақша  қысқартуға  қарсы 

болатындар  да  табылады.  Ал,  кейбір  қысқартулардың  күлкілі  болып 

көрінуі де мүмкін. Бірақ, байқап қарасақ, СССР мен ССРО-ның, ТАСС 

пен СОТА-ның, США мен АҚШ-тың, бүгінгі СНГ мен ТМД-ның қазақ 

үшін  бәрі  бір  сияқты.  Мәселе  осы  бір  «табалдырықтан»  аттап  өтіп, 

тілдік дәстүрге айналдыруда.

Ал  біздің  ұсынысымыз:  1)  қысқартуға  тиісті  термин-атаулардың 

бәрі  қазақ  тілінің  негізінде  орыс  тілінде  қалыптасқан  күрделі  (біріккен, 

қосарланған  тіркес  түріндегі)  терминдер  мен  атаулардың  үлгісі  мен 

модельдері бойынша жасалуы керек; 2) олар күрделі термин мен атаудың 

құрамындағы әрбір дербес сөздің не алғашқы әріпі, мысалы: ТМД: Тәуелсіз 

Мемлекеттер Достастығы – сНг: Содружество Независимых Государств, 

қазақша  айтылуы:  Те-эМ-Де;  МХК:  Мемлекеттік  Хауіпсіздендіру 

Комитеті,  қазақша  айтылуы:  эМ-Хе-Ка;  ІІМ:  Ішкі  Істер  Министрлігі, 

қазақша айтылуы: ІІ-еМ; не алғашқы әріпі мен буыны бойынша ҚазМУ: 

Қазақ  Мемлекеттік  Университеті,  қазақша  айтылуы:  ҚазМУ,  ҚазМПУ

Қазақ Мемлекеттік Педагогика Университеті, қазақша айтылуы: Қаз-эМ-

ПУ қысқартылуы керек; 3) осылайша қысқартылған термин атаулардың 

құрамында жеке-дара сөздердің де болуы мүмкін; 4) қысқарту объектісіне 

дәл,  табиғи  және  қоғамдық  ғылымдардан  басқа  әртүрлі  мемлекеттік, 

қоғамдық, 

саяси-әлеуметтік, 

ғылыми, 


әкімшілік-территориялық 

356

(министрлік, ведомство, комитет, мекеме, бірлестік, концерн, ассоциация, 

трес,  комбинат,  ұйым,  оқу-ағарту  орны,  спорт  кешені,  команда, 

техникалық құрал-жабдықтар, т.б.) атаулар (номенклатуралар) да жатады: 



«Қазаушармаш»:  Қазақ  Ауыл  Шаруашылық  Машинасы,  айтылуы: 

Қазаушармаш; «Ауатком»: Аудандық Атқару Комитеті; айтылуы: Ау-Ат-

Ком; «Қазмәрмәр» комбинаты, айтылуы: Қазмәрмәр; «Қазтүсмед»: Қазақ 

Түсті Метеллургиясы, айтылуы: Қаз-Түс-Мет.

Бұл  тәрізді  қысқартулардың  түрі  көп,  олар,  әдетте,  мекемелердің 

ұзақ атауларын ықшамдап айтудың бір жолы. Бұл мәселені Сөздік жасау 

арқылы шешуге болады.

Сегізінші. Күн санап толассыз туындап жатқан терминдік ұғымдарға 

тілімізден дәл балама іздеуде де, термин-атауларды жаңадан жасауда да 

жалпы  терминге  тән  талаптарды  сақтай  отыра,  дәстүр  мен  шарттылық 

заңдылығын мойындау.

Демек,  бұл  принцип  балама  сайлау,  термин-атауларды  жасау  әдіс-

тәсілдерге қатысты. Белгілі шындықты қайталасақ: тума термин болмайды, 

терминнің  бәрі  де  тіліміздегі  қарапайым  сөздерден  жасалады.  Оларды 

термин  етіп  отырған  да  өзіміз,  «мағынасы  нақтылы,  тұлғасы  ықшам, 

айтуға,  жазуға  оңтайлы  болсын»  деген  талапты  қоятын  да  өзіміз.  Бірақ 

әрбір сөздің термин санатына келіп қосылуында, қолданыс айналымына 

еніп, қалыптасуында белгілі бір шарттылық барын біз ескере бермейміз. 

Мәселен,  скальпель  –  медицинада  хирургтердің  операция  жасайтын 

аспабы. Ол о баста индустардың бас терісі – скальпты сылып алатын құрал 

ретінде дүниеге келген екен. Сонда оның о бастағы және қазіргі қызметі 

арасында жер мен көктей айырмашылық бар, яғни шарттылық бар. Ал енді 

осы  терминге  балама  етіп,  қазақ  дәрігерлері  кейінгі  кезде  атамзаманнан 

белгілі қандауыр деген халықтық атауды қолдана бастады. Онымен қазақ 

атамыз қан қысымын түсіру үшін бас тамырын шегіп, (атынан да көрініп 

тұр  ғой)  қан  алған.  Екі  ұдай  дүниеден  келіп,  қазақ  тілінде  бір-біріне 

балама болып табысқан осы екі терминнің табиғатында шарттылық айқын 

көрініп тұрған жоқ па?

Кейінгі кезде ветеран деген терминді ардагер деген баламамен ауы-

стырып алдық. Кейбір жолдастар бұл сөздің төркінін тіліміздегі қаламгер 

(писатель,  мастер  художественного  слова),  қайраткер  (деятель),  заңгер 

(юрист,  правовик),  кемеңгер  (гений)  сияқты  терминдердің  сөз  жасам  мо-

делімен салыстырады. Сонда «арда» не? Біздің ойымызша бұл сөз басқаша 

жолмен жасалған: ол жылқы малына айтылатын құлагер, қарагер, ақтан-

гер деген атаулармен төркіндес. Қазақ атам оны о баста «енесін арда емген 

кер түсті жас тайға» қатысты, ал ауыс мағынасында «ерке-бұлан өскен ел 

ардағына»  бағышталған.  Мәселен,  «Ақан  сері  –  Ақтоқты»  драмасында 


357

Ақтоқтының тойына келген Ақанды жиналған жұрт, қуана қарсы алып «Хош, 



келдің арда керіміз!» деп шулаған жоқ па еді? Сондағы «арда керіміз» алты 

алашқа серілік өнерімен әйгілі болған әрі ақын, әрі әнші Ақан ғой. Ақан сын-

ды жігітті құлагердей сәйгүлікке біртума нарға теліп, бейнелеу сөз дәстүріне 

тән құбылыс. Ал енді сол жас Ақан бейнесіндегі «арда кер» тіркесі жылдар 

аттап келіп, еңбек ардагері, соғыс ардагері, партия ардагері болып жаңа-

ша қолданыс тауып отыр. Кім осы қолданыста шарттылық жоқ деп айтады?! 

Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Демек, кез келген терминнің 

төркініне шұқшия қарап, тегін қазбалай берудің қажеті жоқ. Көбісінің тілдік 

табиғаты олардың ғылыми дәлдігіне күмән келтіруі мүмкін. Сондықтан біз 

үшін жасалу процесі емес, жасалып болып, қолданыс айналымына өткеннен 

соңғы терминдік мағынасы қажет.

Тоғызыншы.  Тілімізге  қабылданатын  терминдер  мен  атауларды  жеке 

дара, әрқайсысын өз алдына емес, мағыналық тұлғалық жақындығы бойын-

ша  өзара  топтастыра,  салыстыра  отырып,  салалық  жүйе  бойынша  саралап 

пайдалану. Демек, бұл принцип те сөз жасау тәсіліне бағышталған. 

Біз, әдетте, термин жасаудың морфологиялық, аналитикалық моделдерін 

ғана сөз етумен шектеліп, оның басқа әдіс-тәсілдеріне мән бермейміз. Орыс 

тілінен еніп жатқан терминдер тасқынын біз қабылдағанда, олардың жүйесі-

не, өзара байланысына қарамаймыз, бір салада термин жасаған маман басқа 

салада  не  болып  жатқанын  біле  бермейді.  Осының  салдарынан  бір  тілдің 

өзінде, бір салада қатар дублеттер жарыспа варианттардың бір терминнің екі, 

не үш сөз берілуі, не керісінше, екі үш сөздің бір мағынаға телінуі (футбол

(аяқ доп), (проект) (жоба), (лингвистика) (тіл білімі), (тілтану) сияқты тер-

минология шартына жат құбылыстар пайда болады.

Осыған орай, ұсынылып отырған принцип өз тіліміздің барша мүмкін-

шілігін  тиімді  (рационалды),  түгел  пайдалануды  көздейді.  Мәселен,  орыс 

тіліндегі  мағынасы  бір-біріне  жақын:  декларация,  конвенция,  информа-



ция, воззвание, призыв, обращение, сообщение, объявление, извещение, 

оглашение, оповещание, вещание т.б. тәрізді бір «үйір» ресми терминдерді 

алып көрейік. Осы келтірілген он екі терминге қазақ тілінен сәйкес он екі 

балама табыла ма, табылса, олар өзара қалай үйлестіріледі? Біз информация 

терминін ақпарат деп алдық. Декларация мен конвенцияны халықаралық 

термин деп өздерін қабылдайық. Ал қалғандарын ше? Жаңашылдыққа жаны 

құмар  адамдар  ұсынатын  баламаларын,  міне,  осы  жүйе  бойынша  ұсынып 

көрсін. Не бар, не жоқ екендігі, олардың сәйкестігі мен алшақтығы бірден 

көзге түседі.



Оныншы. Тіліміздегі ұлттық және интернационалдық термин - атаулар-

дың сандық және сапалық ара салмағын табиғи қалыпта сақтау. Бұл прин-

циптің «стратегиялық» мәні бар. Ол ана тіліміздің тазалығын сақтауға қажет.


358

Шынында  да,  біз  «тілімізде  қанша  термин  бар,  олардың  қаншасы 

жай,  қаншасы  күрделі,  қаншасы  шетелдік,  қаншасы  аралас,  қаншасы  төл 

терминдер?»  деген  сауалға  жауап  бере  алмаймыз.  Өйткені,  біріншіден

терминология  тірі  организмдей  күн  сайын  өзгеріп,  жаңаланып,  толығып 

отыратын  құбылыс  та,  екіншіден,  онымен  ешкім  шұғылданған  емес. 

Дегенмен,  бұл  қажет  нәрсе.  Тіліміздегі  шетелдік  терминдердің  шамамен 

70  проценті  орыс,  интернационалдық  терминдер.  Демек,  терминологияға 

қосқан  қазақ  тілінің  үлесі  қазірше  30  проценттей  екен.  Бұдан  шығатын 

қорытынды:  қазақ  тілінде  термин  саласында  өзінің  ұлттық  өзінділігін 

(самобытность) жоғалту теңденциясы бар деген сөз. Бұл зиялы қауымды 

қатты ойландыруға тиісті.



Он бірінші. Терминдер мен атаулардың емлесін қазақ тілінің фоно-

морфологиялық  ерекшелігіне  сәйкес  реттеу.  Бұл,  әдетте,  алфавит  пен 

емле  қағидаларын  өзгертуге  байланысты  қаралатын  күрделі  мәселе, 

бірақ қандай болған жағдайда да оған қоғам санасын дайындау, бейімдеу 

қажеттігін ескерген жөн. 

Шынында  да  жүз  мыңдап  саналатын  термин-атаулардың  емлесі 

тіл мәдениетінің ғана емес, жалпы тіл дамуының қалпын, сауаттылық 

деңгейін көрсететін зор фактор. Бұл жөнінде біз орыс, интернационалдық 

термин-атауларды қабылдауға байланысты да (5 және 6 принциптерде) 

сөз  еткен  болатынбыз.  Бірақ  жалпы  термин  емлесінің  ауқымы  бұл  екі 

саламен  ғана  шектелмейді.  Сондықтан  бұл  мәселені  түбегейлі  шешу 

үшін  жалпы  тіл  емлесінің  ережелерін  қайтадан  қарауға  тура  келеді. 

Қазірше оны талқылауды тоқтата тұру керек.

Қорытынды ретіндегі ұсыныстар

Тәуелсіз елдің мемлекеттік тілі де өз мүмкіншілігін еркін дамытатын 

тәуелсіз тіл болуы керек. 

Қазақ  тілі  терминология  саласында  күрделі  өзгерістерді  талап 

ететін жаңаша көзқарасты мойындау керек.

Осыған сәйкес Мемлекеттік терминология комиссиясының мақсат- 

міндеті,  ережесі  мен  іс  тәсілдері  қайтадан  қаралып  жаңа  статусы 

бекітілуі керек. Ол келешекте Мемлекеттік тіл комитетінің құзырында 

жұмыс істеуі керек. 

Терминология  проблемасын  пәрменді  шешу  үшін  бүкіл  зиялы 

қауымның белсенділігін арттыратын жағдайлар жасау керек.

Қазақ  тілі  терминологиясын  бүгінгі  дағдарыс  жағдайдан  шығару 

үшін  қоғамдағы  жаңа  демократиялық  үрдіске  дұрыс  баға  берілуі 

қажет,  Мемтерминком  тарапынан  үлкен  Бағдарлама  жасалынып,  онда 

нақтылы шаралар, ұйымдастыру мәселелері, салалық терминологиялық 


359

сөздіктермен  анықтамалар  сериалын  шығару  қарастырылып,  оған 

жауапты мекемелер (Республикалық академиялар, Халыққа білім беру 

министрлігі) мен үкімет тарапынан тиісті қаражат бөлінуі қажет.

Техниканы  пайдалана  отырып,  Қазақ  тілінің  терминдік  қорын 

жасаудың қамына бүгіннен бастап кірісу керек. 



 

 

«Егемен Қазақстан», 1992. 3 наурыз.

Терминнің үш тұғыры

«Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...» (Абай) дегендей, термин де көптің 

көңілінде жүретін, көзі ашық, көкірегі ояу азаматты бейжай қалдырмайтын 

ортақ, мүдделі мәселе. Тіпті, термин туралы сөз бола қалса, қолына қалам 

ұстаған  зиялы  қауымның  арқасы  қозып  кететін  қызуқандылығы  да  бар. 

Бірақ, ол үшін оларды айыптаудан аулақпыз. Өйткені бұл қазақ табиғатына 

тән қасиет: айтар сөзін айтып қалмаса, «әкесі өледі» дейтін халықпыз гой.

Мен ұлтымыздың бұл қасиетін маман ретінде терминология мәселесіне 

араласа  бастаған  кейінгі  жартығасырлық  саналы  ғұмырымда  көріп  келе 

жатқан адаммын. Сол уақыт ішінде қазақ қауымында термин жайындағы 

әңгіме бір сәтте тоқтаған емес және ол түбегейлі шешілген де емес. «Баяғы 

жартас  бір  жартас...»  дегендей,  пікірді  қайталау  бар  да,  ілгері  жылжу  аз. 

Өйткені  Ахмет,  Сәкен,  Міржақып  сияқты  зиялы  қауымның  таңдаулы 

өкілдері 20-30-40-жылдары айтқан, жазған пікірлерін біз бүгін де қайталап 

отырмыз. Әрине, бұдан «рухани-өміріміздің бұл саласында ілгері жылжу 

мүлде болған жоқ» деген біржақты пікір тумаса керек. Өзгеріс те, даму да 

бар.  Мәселе  олардың  замана  талабына  әлі  сай  келе  алмай,  өз  деңгейінен 

көріне  алмай  келе  жатуында  болып  отыр;  термин  мәселесінің  аяғы  жоқ, 

басы жоқ, үздік-создық ұзақ әңгіме болып көрінуінің себебі де содан.

Осы мәселе бойынша «Терминнің үш тұғыры» деген ойымызды ортаға 

салғымыз келеді. Бұл мәселе туралы біз бұрын да айтып, жазған едік.

Өркениет өріне қанат сермеп, егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болып 

отырған  қазақ  халқының  –  «ұлттық  тіл»,  «әдеби  тіл»,  «ғылым  тіл», 



«мемлекеттік  тіл»  деген  салалардан  тұратын  мәртебелі  тілінің  замана 

талабына сай жаңарып, өркениет өрісі мен үрдісіне сәйкес өзгеріп, толығып, 

дамып  отыратын  сезімтал  да  сергек,  өміршең  де  өзекті  арнасы  –  осы 

терминология.

Алайда,  «барша  тілдердің  табиғатына  тән  осы  бір  құбылыстың  үрдісі 

біршама кідіріп, жүрісінің кібіртіктей беретін себебі неде» деген заңды сауал 

тудырды.

Осыған  байланысты  біздің  ойымызға  орала  беретін  бір  пікір: 

терминдердің жасалуы, қалыптасуы, жүйеленуі, дұрыс бағытта дамуы, сайып 


360

келгенде, «Адам», «Тіл», «Қоғам» деп аталатын үш тұғырға барып тірелуіне 

байланысты.

Әр тұғырдың мәнісін түсіндірсек, «Адам» тілді дүниеге келтіруші, оны 

қолданушы, қорғаушы, дамытушы «тіл иегері», өздері құрған қоғамда бірлесе, 

қауымдаса ғұмыр кешуші басты тұлға. Тіл сол адамдардың қарым-қатынас 

құралы  ғана  емес,  сонымен  қатар  ол  Адам  ойының,  сана-сезімінің,  таным-

тағылымының айнасы; яғни тіл – адамның танымдық құралы. Өйткені тіл мен 

ой бір медальдің екі беті, бір таяқтың екі ұшы іспетті, бірінсіз бірінің күні жоқ 

егіз дүние. Сондықтан да болар, ұлы философ бабамыз Әбу-Насыр әл Фараби 

өзінің  «Ғылымдар  классификациясы»  атты  трактатында  Тіл  білімін  барша 

ғылымдардың басы етіп, бірінші орынға қойыпты. Тілдің осы бір танымдық 

қасиетіне, ой мен тілдің астарластығына байланысты сөз табиғатын зерттейтін 

«филология» мен даналық табиғатын зерттейтін фиософияны егіз ғылым деп 

қараудың  себебі  де  осыдан.  Демек,  Адам  мен  Тілдің  қоғамдық  өмірде  өзара 

тоғысып, өзара ой-сана арқылы қауышуы Адамға да, тілге де тікелей қатысты 

деген сөз.

Енді, Қоғамға келсек, ол Адамға да, оның тіліне де тікелей ықпал жасап, 

өз  әсерін  тигізіп  отыратын  құбылыс.  Қоғамдық  өмірде  қалыптасатын  замана 

талабы, идеология, салт-дәстүр ең алдымен адамның санасына салмағын салып, 

соны өзгертуге тырысады. Сана арқылы Адамның ойы, көзқарасы, ұғым-түсінігі 

өзгереді, қалыптасады. Ал бұл өзгеріс оның, өз тіліне деген көзқарасына да әсер 

етеді. Санасы сарсылған адамдар айналадағы құбылысқа саналы түрде, ойлы 

көзбен емес, енжарлықпен қарау қасіретіне, құлдық психологияға ұшырайды. 

Сондықтан да, сананың сергектігі, сөзімталдығы тіпті бір қоғамдағы әр адамда, 

әрбір  әлеуметтік  топта,  әрбір  ұлт  өкілінде  әр  түрлі  жүз  беруі  ықтимал.  Бұл 

қоғамда болып тұратын аумалы-төкпелі жағдайларды әркім өзінше қабылдап, 

өзінше  танып-білуіне,  бағалауына  мүмкіндік  береді.  «Әр  кәлледе  бір  қиял» 

дейтін мәтелдің мәні де осында.

Адам мен Қоғамның ара қатысынан туындайтын этнопсихологиялық, 

этнолингвистикалық,  әлеуметтік,  т.б.  ортақ  көзқарастар  мен  таным-

тағылымдар сөзсіз сол этностық қауымның тіліне де, тілдің өзекті мәселесі 

термин  жасау  проблемасына  да  өз  әсерін  тигізері  даусыз.  Бұған  алыстан 

мысал  іздеп,  әуре  болудың  қажеті  жоқ.  Қазақ  тілі  терминологиясының 

өткені мен бүгінгі ахуалы осының айқын айғағы.

Енді солар туралы.

Терминге қатысты тұғырдың үшеуіне де ортақ және олардан туындайтын 

проблемалары  өте  көп.  Мәселен,  Қоғамның  да,  Тілдің  де  негізгі  тұлғасы 

саналатын Адамның жеке басына байланысты туындайтын проблемаларға 

не жатады? Әңгіме термин жайында болғандықтан, бұл құбылысқа мен ең 

алдымен  сол  Адамның  жалпы  терминге,  термин  жасам  процесіне  деген 


361

көзқарасы  мен  түсінігін  жатқызған  болар  едім.  Өйткені  бір  ғана  қазақ 

терминдерінің  төңірегінде  (бұрын  да,  қазір  де)  жүздеген,  тіпті  мыңдаған 

адам жүр. Біреулері бұл істі зерттеген, терең білетін шынайы маман болса, 

енді  біреулері  (бұлар  басым  көпшілігі)  әр  кәсіптің  басы-қасында  жүрген 

кәсіпкер жандар. Термин дүрмегінен табылатын біраз адамдар «бұл тілді 



мен де бір қазақтай білемін!» деп өз сенімімен жүргендер. Міне, терминге 

байланысты «өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...» деген сөздің мәні осында.

Бір  жағынан  елдің  бұл  ізгі  ниетіне,  талап-талпынысына  шек  қоюға 

да болмайтын сияқты. Дегенмен, бұл тәрізді бәйгеге жаппай атын қосқан 

қалың дүрмектің терминология мәселесін дұрыс шешуге кейде пайдасынан 

гөрі  зияны  көбірек  пе  деп  қаласың.  Өйткені  термин  табиғаты  –  нәзік 

құбылыс,  ол  жапа-тармағай  жабылып,  асар  салу  арқылы  орындалатын 

көпшілік қолды іс емес.

Біздің бұл саладағы бүгінгі тірлігімізден де, міне, осы тәрізді әрекет 

байқалатын тәрізді. Біреулер термин заңдылығын зергерден зерек түсініп 

барып  іс  тұтса,  енді  біреулер  дүниені  белінен  бір-ақ  басып,  қарадүрсін, 

қарабайыр  «тәсілге»  салып,  қабырғасын  қарқыратып,  омырт-  қасын 

опыруға бейім тұратын жандар.

Термин  проблемасының  осы  күнге  дейін  береке  тауып  кете  алмай 

жүруінің  көп  себептерінің  бірі  өз  басым  осы  деп  білемін.  Ашығырақ 

айтсақ,  «термин»  феноменнің  табиғатына  тереңірек  түсініп,  оның  да 

өзіндік заңдылықтарымен санаса бермеуге байланысты.

Термин проблемасының «Адам» атты тұғырына қатысты екінші бір 

мәселесі сол терминдерді жасаушылардың ғана емес, қолданушылардың 

да  «терминжасау»  атты  жанды  да  нәзік,  өрелі  де  ауқымды  процеске 

деген көзқарасына, ой-пікіріне, іс-әрекетіне байланысты. Бұл ойымызды 

ашығырақ  айтсақ,  ол:  қоғам  мүшелерінен  терминдік  процесті  өзінің 

тарихи-әлеуметтік негізі бар, өркениетке беттеген ел үшін болашағы зор 

жаңа да келелі құбылыс деп тануды талап ететін мәселе.

Міне, осы тұста бұл құбылысқа әрбір азаматтың өз тұрғысынан қарап, 

ой  көзімен  танып-білуінен,  ғалымдық,  мамандық  қабілеттің  ғана  емес, 

азаматтық санасының саралануынан айқын байқалатынын көреміз. Оны 

біз, басқаны былай қойғанда, қатар жүрген замандас, қаламдас, әріптес, 

кәсіптес  дос-жарандарымыздың  көзқарастарында  байқай  аламыз.  Қалай 

болғанда да, күн тәртібіне жиі қойылып отырған қазақ тіліндегі термин 

мәселесіне  байланысты  көзқарастардың,  бірыңғай  болмай,  әр  түрлі 

болуы, сан саққа жүгіртілуі өкінішті-ақ, әрине. Біреуінің басы алға қарап, 

табалдырығынан жаңа аттаған XXI ғасырдың өресінен қарай, келешегіне 

көз жүтірткісі келсе, енді бір замандасымыз «шыққан биігіміз де, алған 

қамалымыз да осы, бүгінгі қол жеткен табыстарымыз, оған қол тигізбек 


362

түгіл, мұртын да бұзбайық!» деп байбалам салады. Ал, енді бір қатар зиялы 

қауым өкілдері: «Ойбай, бүгінімізден кешегіміз артық еді, оны өзгертсек, 

дүние қараң болады!» деп сары уайымға салынатыны да белгілі бізге.

Бұл не десеңіз, ол қоғамдық өмірде сана деңгейі әрқашан да объективті 

даму үрдісінен төмен әрі кейін тұратын заңдылығы. Кеше ғана дүрілдеп тұрған 

советтік  империяны,  Коммунизм  идеалын  дәріптеп  келген  идеологияны 

бір  сәтте  күл-талқан  болады  деп  кім  ойлаған.  «Союз  нерушимых  республик 



свободных  Навеки  сплотила  Великая  Русь»  деп  ұрандап  келген  одақтың 

бүгінгі халі де баршаға белгілі. Ғасырлар бойы еркіндік пен бостандықты 

армандап келсек те, өз атамекенінде қашан егеменді ел болатынын, тәуелсіз 

мемлекет болатынын алдың ала білдік пе? Жоқ білгеніміз жоқ. Бұл қоғамдық 

сананың кешеуілдеуінен болса керек.

Алайда,  бұл  тәрізді  ірі  де  күрделі  қоғамдық-әлеуметтік,  тарихи- 

экономикалық өзгерістер бұрын болмаса да, болашақта әр халықтың мәдени-

рухани өмірінде де, тілінде де болуы мүмкін деп пайымдауға, сезінуге әбден 

болады. Бұл тек ілгері қарайтын жандарға ғана тән сезім, түйсік. Ал, бүгінгісін 

«шыққан биігім осы» деп санайтын томаға - тұйық, өткендегісін аңсары ауа 

армандайтын күйрек жандар үшін бұл жат сана. Мұнда объективті даму жоқ.

Адамдар  санасына  қатысты  бұл  әңгімені  ерекше  елеп,  тәптіштемей 

түсуіміздің  түпкі  мақсаты  терминология  «шаруашылығына»  байланысты 

толастамай,  жалғасып  келе  жатқан  дау-дамай,  талас-тартыс,  ырың-

жырыңның,  екінші  бір  себебі:  соған  қатысты  жандардың  бұл  мәселені 

терең түсіне білу-білмеуіне де, азаматтық санасының биік-аласа деңгейіне, 

сергектігі мен сарсыла бастауына да байланысты екендігін айқындай түсу. 

Бұл  ойымызды  делелдейтін  нақтылы  мысалдар  өте  көп.  Ол  үшін  барлық 

баспа бетінде, реті келген бас қосуларда айтылып жатқан ой-пікір, ұсыныс-

талаптардың  бәрін  таразы  басына  салып,  сараптап  қарасақ  та  жеткілікті. 

Ондағы айтылып жатқан пікірлер сан алуан. Біреулері: «ойбай, тіліміздегі 

терминологиялық лексиканың, 70 пайыздайы шет тіл элементтері екен, бұл 

ұлттық тілдің, өзіндік қасиетіне (самобытность) нұқсан келтіретін жағдай» 

деп  өзінше  ана  тіліне  деген  қамқорлығын  білдіріп  жатса,  енді  бір  зиялы 

қауым өкілі: «жоқ, одан зиян болмайды, қайта бұл тіл байытудың бір көзі, 

тимеңдер, қалыптасқан орыс, т.б. сөздердің мұртын басушы болмаңдар!» деп 

байбалам салады. Бұл пікірге қарсы: «шет тілдерден қажетімізге қарай термин 

қабылдауға ешкім де қарсы емес, бірақ «өз тіліміздің бар мүмкіншілігі мен 

сөз байлығын сарқа пайдалану, ол болмаған жағдайда ғана басқа тілге жол 

беру» деген тамаша принцип тұрғанда біздің алдымыздағы ұрпақ өкілдерінің 

оңай  жолға  ойысып,  оңды-солды  ала  берген  терминдерін  сын  көзімен  бір 

сыдырға қарап шығу, «оларды бірден, жаппай ығыстыру емес!!!», біртіндеп, 

қажеттігіне, тілдің мүмкіншілігіне қарай өз сөздерімізбен ауыстыру» деген 



363

уәжге қарсы шығып, ер-тоқымын бауырына алып, тулап жүрген азаматтар 

да аз емес.

Осы қылық пен әрекеттің бәрін өз басым азаматтық санаға байланысты, 

тілді  де,  адамдарды  да,  қоғам  мен  оның  идеологиясын  да  «өзгертіп, 

дамымайтын, жаңғырып, жаңаланбайтын, мәңгі-бақи, томаға-тұйық қалпын 

сақтайтын  тұрақты  (консервативті)  құбылыс»  деп  қарайтын  жаңсақ  пікір, 

жарамсыз көзқарас деп білемін.

Тіл  мен  оның  даму  заңдылығы  да,  Адам  мен  оның  ой-санасы  да, 

Қоғам  мен  оған  тән  идеология  да  бәрі-бәрі  тұрақты  түрде,  объективті 

заңдылықтар бойынша өзгеріп, жаңғырып, жаңаланып отыратын күрделі 

құбылыстар.

Терминология  құбылысына  да  осы  заңдылық  тұрғысынан  қараған 

жөн деп білеміз.

Енді  «тіл  тұғырының»  өз  басына  келейік.  Мұнда  да  өзіндік 

проблемалар  аз  емес.  Солардың  бір-екеуіне  тоқталып  етейік. 

Терминология  проблемасы  бүгінде  барлық  тілдерге,  соның  ішінде 

туыстас түркі тілдеріне де тән ортақ құбылыс. Ал, солай болса, неге біз 

әсіресе тілдері жақын, туыс халықтар (мәселен, қыргыз, өзбек, татар, т.б.) 

ортақ  терминология  мәселелерін  ортақтаса  отырып,  тәжірибе  алмасу 

арқылы оп-оңай шеше салмаймыз? Шеше алмаймыз. Өйткені, олардың 

шығу тегі мен түбі бір бола тұрса да, дербес тіл болып қалыптасу тарихы 

бөлек,  грамматикалық  құылымы  мен  дыбыс  жүйесінде,  лексикалық 

құрамы  мен  сөз  саптау  мәнерінде,  мағына  айыру  дәстүрінде  өзіндік 

ерекшеліктер қалыптасқан. Тідердің өздерін жақындатқанымызбен сол 

тілді  тұтынушы  иегерлерін  жақындату  оңай  емес,  өйткені  олардың 

болмысында қалыптасқан ой, сана, жан дүние, сезім, таным, т.б. зиялы 

қасиеттерде  де  бірдейлік  жоқ.  Міне,  сондықтан  да  отызға  тарта  ірілі-

ұсақты түркі тілдес халықтар бүгінгі таңда терминология проблемасын 

өз  тұрғысынан  шешуде.  Оның  тағы  басқа  (тарихи,  саяси,  әлеуметтік, 

географиялық, дәстүр, идеология, жазу, т.б.) себептері де жоқ емес.

Демек,  бұл  –  «әр  тілдің  өзіндік,  тек  өзіне  ғана  тән  ерекшеліктері 

болады» деген шындықты айқындай түседі деген сөз. Ол терминология 

құбылысынан  да  байқалады.  Осыған  орай  біздің  пайымдауымыз 

бойынша:  термин  жасау  процесінде  қазақ  тілі  мен,  мәселен,  өзбек, 

әзірбайжан,  түрік,  татар,  ұйғыр  тілдерін  терезелерін  тең  етіп,  қатар 

қойып  қарауға  болмайтын  сияқты.  Өйткені  бұл  тілдерде  сойлеуші 

туыстарымыз кезінде капиталистік дамудың сауда, өндіріс т.б. бастапқы 

сатыларын басынан кешірген халықтар санатына жатады. Орта Азиялық 

жазба  әдеби  тіл  дәстүрінен  көбірек  сусындаған  халықтар.  Сондықтан 

да,  бұл  тілдерде  стандарттыққа  бейім  әдеби  тілдің  дәстүрі  мен  ресми 


364

үлгілері (штамптары) көбірек қалыптасқан. Бұлар осы тілдердегі бүгінгі 

терминология процестеріне де өзінің оң әсерін тигізіп отыр.

Ал, қазақ тіліне келетін болсақ, ол – иен даланы еркін жайлап, бұғау 

-құрық көрмей өскен асау тарпаң, ерке-бұлан мінезі бар тіл. Ол өзінің 

осы  табиғатына  байланысты  80  жыл  бойы  терминология  «құрығына» 

бойсұнбай, «әдеби тіл стандарты» деген «бұғауға» көнбей, бұлқынып, 

бұлаң  мінез  танытып  келе  жатқан  кешегі  көшпелі  қауымның  ұлы 

Тұран  жерінде  сақталған  қара  шаңырағы,  ата-баба  мұрасынан  бізге 

жеткен асылдың сынығы (Мағжан). Бірақ осы тілімізді әркім әр саққа 

жүгіртеді:  біреулер  «бұл  тілдің  болашағы  жоқ,  ол  өлуге  тиісті»  деп 

(жағына  жылан  жұмыртқалағыр!)  сәуегейлік  жасаса,  өз  қағынан  өзі 

жеріген  кейбір  көзқамандар  «қазақ  тілі  қойшы-қолаңның  тілі  ғой,  ол 

бүгінгі  өркениетті  еліміздің  өскелең  талабына  сай  емес»  деп,  оның 

мемлекеттік  мәртебесіне  шәк  келтіріп,  күстаналаса,  «ойбай,  тілімізді 

кемпір-шалдың тіліне айналдырып алмайық» деп, өз ана тілінің табиғи 

болмысына  мұрнын  шүйіре  қарайтындар  да  арамыздан  табылады. 

Алайда көпшілігі ауылда тұратын сол кемпір-шал – ата-аналарымыздан 

ғылым дүниесіне сонау 30-жылдардан бері жақсы таныс, әлі сақталып 

келе  жатқан  «орысша  қалай  айтылса,  жазылса,  қазақша  да  (мұртын 

бұзбай) солай айтып, жазу керек» деген ақ қаптал, қасаң қағиданы бүгін 

де заң ретінде талап етуіміз, тіпті солардың бәрін ана тіліміздің «құдіреті 

күшті» табиғатына сәйкес ауызекі тілде айтылып жүрген: қалхөз, сапқоз, 



біргәдір,  кәпірәтіп,  пошта,  кәлектіп,  кеңсе,  құлып,  пәбрике,  үстел, 

кәмпит, мәмәзи, шәйнек, кереует, самаурын, т.б. осы тәрізді жүздеген, 

тіпті мыңдаған кірме сөздердің бәрін өз қалпында («мәдениетті етіп») 

айтуды талап ету қалай болар екен?

Бұл  арада  алдың  ала  бір  нәрсенің  басын  ашып  алғанымыз  жөн:  ол  – 

текетіресте жүрген екі жаққа бірдей зиян, тіл дамуына кесірлі – радикализм, 

мәселені қайткен күнде де бір жақты етіп шешуге тырысу. Бұл әсіресе тіл 

үшін тиімді де өркениетті тәсіл емес.

Бұл  жерде  мәселе  басқада  емес,  ана  тіліміздің  табиғи  қалпын  сақтап 

қалуда.  «Орыс  тілінің  игілікті  әсерінен  тілімізде  «жаңа»  фонемалар  пайда 

болды» деп те әсірелеп келдік. Тілімізде жат фонемаларды айтуды үйренгеніміз 

рас,  бірақ  тілімізге  тән  дыбыс  заңдылықтарының  бәрін  өзгерткеніміз  жоқ, 

өйткені олар сыртқы әсерге ыңғайлануы мүмкін, бірақ, оңайлықпен өзгере 

қоймайды.

Қалай болғанда да, тілдік санамызда әлі сақтаулы және қайтадан ояна 

бастаған осы бір – табиғи сезімді өшіріп алмай, алдымен тілімізге еніп, етене 

сіңісіп  кеткен  тұрмыстық  заттар  мен  құбылыстардың  шетелдік  атауларын 

өз  тіліміздің  табиғатына  икемдесек,  одан  кейін  ғана  термин  саласында 


365

да,  онда  да  мүмкін  болғанынша,  бірден  емес,  біртіндеп  осы  заңдылықты 

сақтауға, жүзеге асыруға тырыссақ. Бұл қолма-қол, тез орындалатын және, 

кейбіреулердің  ойлайтынындай,  еріккендердің  ісі  емес.  Бұл  ана  тіліміздің, 

бүгінде мемлекеттік тіліміздің, болашағын ойлаудан туындаған үрдіс. Оны 

қолдау, қолдамау жұртшылықтың, саналы азаматтардың еркінде.

Соншама  бай,  көркем  де  бейнелі  ана  тіліміздің  бүгінгі  таңда  өмір 

тіршіліктің  барлық  саласы  бойынша  қауырт  қолға  алынып,  жаппай 

етек  жайып  отырған  терминжасам  (терминотворчестволық)  процесінің 

қарқынды  үрдісіне  төтеп  бере  алмай  отыруының  басты  себебі  басқада 

емес,  оның  сайын  даланың  асау  тарпаңына  ұқсас  ерке-бұлан  табиғатына 

байланысты  дедік.  Оны  бас-аяғын  елшеп-пішкен,  сөз  мағынасын  зат  пен 

құбылыстың,  болмыс-бітіміне  қарай  шектеп,  нақтылап  қолдану  арқылы 

ғылыми стандартқа салуға бірден көне қоймайтын тіл дедік. Халқымыздың 

болмысында, тіршілік-тірлігінде бұрын болмаған заттар мен құбылыстарға 

атау  етіп,  басына  “терминдік”  ноқта  салып,  көндірген  байырғы  қазақ 

создерінің  қалай  болғанда  да  астарынан  оның  сол  табиғатына  тән 

бейнелеуіш,  ауыс  та  көркем  мағыналары  “менмұндалап”  көрініп  тұрады. 

Ал, қазақ сөздерінің көбісіне тән бұл қасиет термин талабына сай емес. “Кез 

келген термин сөз, ал кез-келген сөз термин емес” дейтін себебіміз осыдан.

Осынау  бір  объективті  заңдылыққа  байланысты  терминжасам 

процесінде  ғалымдар  мен  мамандар  мына  бір  жағдайды  әрдайым  есінде 

сақтауы  қажет  сияқты.  Ол  -  терминжасамдағы  шарттылық  (условность). 

Ол не  деген  сөз?  Ол  -  белгілі  ғылым  мен  техника,  білім  мен  өнер  т.б. 

саласында  қабылданған  кез  келген  термин  осы  салаларға  қатысты 

адамдардың өзара пәтуаласып, келісіп алған тіл негізіндегі шартты белгісі. 

Ондай  шарттылық  принципі  сақталмаса,  мыңдаған  терминдер  дүниеге 

келмеген  болар  еді.  Шарттылық  принципі  терминді  бір  тілдің  өзінде, 

өз  негізінде  жасауда  да,  әсіресе,  бір  тілден  екінші  бір  тілге  баламасын 

тауып  (калька,  т.б.  жолдармен)  аударып  алғанда  да  сақталып  отырады. 

Шетел терминдеріне балама етіп тіліміздің, не жаңа сөздерін ұсынғанда 

ешкім де шетел терминдерінің шығу тегін, түп-төркінің тексеріп, “тісін 

ашып  көріп”,  тәптіштеп,  соған  сәйкес  балама  іздеп  жатпайды.  Демек, 

шарттылыққа  терминнің,  жалпы  мағынасына,  атқаратын  қызметіне, 

қолданыс  аясына  қарап-ақ  термин  сайлап  алу  принципі  жатады  деген 

сөз. Бірақ мысал. Медицина саласындағы хирургиялық құрал саналатын 

халықаралық термин скальпель о баста ағылшын тіліндегі скальп “Африка 

қара  нәсілдерінің  бас  терісі”  де,  скалпель  сол  теріні  айналдыра  кесіп, 

сылып  алатын  арнайы  құрал  атауы.  Енді  осы  атауды  қазақ  дәрігерлері 

кандауыр  деп  қазақшалап  алып,  термин  ретінде  тілімізге  енгізіп 

жібергеніне  де  көп  жылдар  өтті.  Ал,  бұл  балама  термин  болмысынан 


366

біз  шарттылықты  айқын  көріп  отырмыз.  Қан  қысымы  көтерілгенде  бас 

тамырларын  шекіп  жіберіп,  қан  шығаратын  нағыз  қазақы  да  байырғы 

қандауыр  ағылшынның  скальпелінің  баламасы  ретінде  оның  атқаратын 

хирургиялық операциялардың бәрін атқарып келеді.

«Терминологиядағы  шарттылық»  деп  біз  осыны  айтамыз.  Бұл 

принципті  зандастырғанда  ғана  терминжасам  процесі  жөнделіп,  әрбір 

термин додаға түсе бермейтін болады.

Қазіргі  кезде  терминжасам  процесінде  атсалысып,  мемлекеттік  тіл 

үрдісіне  байланысты  басталып  кеткен  қарбаласқа  қатысушы  мамандар 

мен  зиялы  қауымның  баршасын  термин  табиғаты  мен  терминжасам 

табиғатын  терең  де  жетік  біледі  деп  айту  қиын.  Бұл  салада  еңбектеніп 

жүрген азаматтарда, әрине, ниет, талпыныс, ынта-жігер бар. Бірақ кей-кейде 

профессионализм (кәсіпкерлік қабілет) мен тіл заңдылығын білу жетіспей 

жататыны да байқалып қалады. Мәселен, “термин” деген ұғымның ең басты 

белгісі ол тек зат пен құбылыстың ғана атауы, номинанты. Ал, біздің кейбір 

терминологиялық  сөздіктерді  қарап  отырсақ,  сөздердің  етістік,  сын  есім, 

үстеу тұлғалары да термин болып жүр. Терминдерді ғылым-білім, техника, 

т.б.  салаларына  жіктеп,  салалық  сөздіктер,  тақырыптық  (предметно  - 

тематические еловари) сөздіктер жасау, сондай-ақ терминдерді іштей ұяға 

бөліп топтастыру тәсілдерін, т.б. осы тәрізді әрекеттердің жақсы да тиімді 

жақтары мен кемістіктері де жоқ емес.

Осыған  орай,  ең  алдымен  назар  аударатын  бір  нәрсе  бір  саладағы 

терминдердің екінші бір саладағы терминдермен өзара қатыстығы, сәйкестігі 

мен  жүйелілігі.  Осыны  ескеріп,  термин  жасаушы  мамандардың  бірлесе 

істеудің  орнына  өз  бетінше  әркеттенуі  басым.  Міне,  соның  салдарынан 

термин  процесінде  жалпы  әдеби  тіл  тұрғысынан  бірізділік,  жүйелілік, 

сәйкестілік  бұзылып  жатады.  Қоғамдағы  терминологиялық  сауатсыздық, 

талас-тартыс, дау-дамай міне, осыған байланысты.

Осы мәселеге қатысты біздің көптен бері айтып та, жазып та жүрген 

бір ұсынысымыз салалық терминологиялық сөздіктерді дайындап, шығару 

қарқынын  бәсеңдетпей,  сонымен  қатарластыра  сөздікшелердің  баршасы 

бас қосып, барлық салаға ортақ, не қатысы бар, бірақ бірде-біреуін толық 

қайталамайтын,  қоғамдық  өмірде  өте  жиі  қолданылатын,  іріктелген 

терминдерді ғана қамтитын “Базистік терминологиялық сөздікті” шығару.

Салалық  сөздіктер  жасаушы  мамандардың  әрдайым  есінде  болатын 

тағы  бір  жағдай  өз  күйімізді  ғана  күйттеп,  өзімізбен-өзіміз  ғана  болып, 

томаға-тұйық қалу әдеттен сақтану. Бұл талап, біріншіден, бәріміздің “илеп 

жүргеніміз  бір  терінің  пұшпағы”  екендігін  ескерсе,  екіншіден,  қоғамдық 

өмірімізде зор өзгеріс, жіті даму, жаңа үрдіс бар екенін ұмытпауды ескертеді; 

үшіншіден, бүгінгі мемлекет ұстанып отырған бағыт-бағдар мен жүргізіліп 


367

отырған  тіл  саясатын  кешегі  идеологиямен  салыс  труға  болмайтынын 

аңғартады.  Кеше  ғана  біз  ана  тіліміздің  тағдырына  “сближение  нации 

с  последующим  их  слиянием”  деген  коммунистік  идеология  ұраны 

тұрғысынан қарап келсек, егеменді еліміздің бүгінгі ұраны – “Қазақстанның 

болашағы – қазақ тілінде” (Н.Назарбаев) екенін ұмытпау.

Міне, сондықтан да, біз кешегі ұранмен әдеби тіліміздің жөн арқасы 

болып  саналатын  терминологиялық  лексикамыздың  60-70  пайызын 

шет  елдер  тілінің  элементіне  айналдырып  алып,  өз  тіліміздің  ұлттық 

болмысына  (“национальная  самобытность”  мағынасында)  нұқсан 

келтіріп алсақ, енді сол кемістікті бірден болмаса да, біртіндеп реттеуге 

тырысуымыз керек. Терминжасам процесі зиялы қауымнан жалқаулық, 

енжарлық,  тоғышарлық  емес,  шын  мәнісіндегі  творчестволық 

(шығармашылық),  саналы  да  сапалы  еңбек  етуді  талап  етеді.  Ондай 

игі мақсатты жүзеге асырудың тетігі де, тәсілі де көп. Бірақ солардың 

ең бастысы – адам факторы және дәл қазір бұл мәселенің түйіні қазақ 

қауымының өз қолында. Кейін қарап, жалтақтай беру қажет пе, амалын 

іздемей төмен қарап отырып қалу керек пе, жоқ әлде замана талабына 

сай барлық мәселені ілгері қарап шешу қажет пе, міне, бұлардың бәрі 

енді өзіңізге байланысты.

Егер біз ендігі өмірімізге алдағы асыл арман, зор үміт тұрғысынан 

қарай  алсақ,  онда  ана  тіліміздің  түйінді  мәселесі  терминжасам 

шығармашылығында да, оның жайда үрдісі мен болашағына да жаңаша 

қарағанымыз жөн.

Осы  орайда  менің  өз  әріптестерім  мен  жалпы  терминге  қатысты 

қауымға ескертетінім сол бір асыл арман биігіне бірден емес, біртіндеп, 

тек ақыл-парасатпен ғана жетуге болатындығы. “Біртіндеп” деген сөздің 

мәнісін ең қарапайым мысалмен түсіндірсем, оған оқырман ®, көрермен 

©,  тыңдарман  ®,  оралман,  т.б.  терминдерінің  бірден  емес,  әр  кезде 

(1950 - 2000) дүниеге келуі, жасалу моделінің әрі көне, әрі жаңалығы 

үлгі  бола  алады.  Басқаша  айтсақ,  олардың  жасалуына  “атарман”, 

“шабарман” моделі негіз болса, дүииеге келу мерзімі шамамен 50 жыл 

(“оралманның” туған жылы - 2000 ж.) аралығымен өлшенеді.

Терминжасам  процесіне  жаңаша  көзқарасқа  байланысты,  мен 

туысқан  жақын  тілдердің  өз  басына  жеке-жеке  отау  тігіп,  өзімен-өзі 

болудан  гөрі,  бірінің  озық  тәжірибесінен  бірі  пайдаланып,  бірлесе, 

кеңесе отырып, ортақтаса шешуді ұсынған болар едім. Күні кеше ғана 

терминология  саясаты  туысқан  түркі  халықтарынан  халықаралық 

терминдерді көбірек қабылдау арқылы ортақ “интернационалдық қор” 

құруды  талап  етіп  келгені  белгілі.  Бүгінгі  үрдіс  пен  бағдар  басқаша 

болса керек.


368

Қорыта айтқанда: Терминнің үш тұғырының үшеуі де мәнді. Алайда 

Адам факторының, ұлттық сананың орнын бұл үштіктің ішінде ерекше 

екенін білген жөн.



«Қазақ терминографиясының өзекті мәселелері» 

атты республикалық ғылыми-практикалық семинар 

материалдары. – Астана, 2004. 16-28 б.

ФРАЗЕОЛОГИЯ МЕН ПАРЕМИОЛОГИЯ

Лексикологияның өзара ұқсастығы да, ерекшеліктері де бар бұл салалары 

кейде  бөлек,  кейде  «тұрақты  тіркестер»  деген  жалпы  атаумен  тілдің  бір 

тұтас құбылысы ретінде бірге қарастырылып, зерттелетіні де мәлім (бұл өз 

алдына мәселе). Қос-егіз бұл саланы қазақ пен ұйғыр тілдері бойынша зерттеу 

де академик Ә.Қайдардың көп жылдық ғылыми-шығармашылық еңбектерінің 

құнарлы да өзекті мәселелерінің бірі болып келеді. Бұл құбылыстардың өзіндік 

ерекшеліктерін айта тұра, ғалым көп жағдайларда бұларды бір тақырыптың 

аясында қарастырады. Ондағы уәжі: жай тіркестердің белгілі жағдайда тұрақты 

тіркеске, ал фразеологиялық тіркестердің бірде мақал-мәтелдерге (мыс.: біреуге 

көр қазу > Біреуге көр қазба, өзің түсесің; аузымен орақ ору Аузымен орақ 

орғанның белі ауырмайды т.т), енді бірде күрделі сөзге (әпербақан, ұрдажық, 

кеудемсоқ, т.б.) айналуын эволюциялық даму заңдылығы деп қарау.

Ғалым  қазақ  және  ұйғыр  тілдеріндегі  фразеологиялық  тіркестердің 

құрамдық,  мағыналық  табиғатына  жасалу  тәсілдері  мен  әртүрлі 

типтеріне,  авторлық-стильдік  қолданыс  инварианттарына,  өзгерістеріне, 

әлеуметтік фон негіздеріне қарай жіктеу, топтастыру мәселелеріне ерекше 

көңіл  бөледі.  Мысалы,  ғалымның:  «Особенности  стилистического 



употребления  синонимных  и  вариантных  фразеологизмов  в  уйгурском 

литературном  языке»  (Исследование  по  тюркологии,  Алма-Ата, 

«Наука», 1969, c. 155-171, «Қазақ мақал-мәтелдерінің авторлық-стильдік 



инварианттары  жайында»  (Изв.  АН  КазССР,  Сер.  филол.,  1982,  №3,  c. 

1-6;  Ғ.Тұрабаевамен  бірге),  «Принципы  классификации  фразеологизмов 



и классификационные группы в современном казахском языке» (Изв. АН 

КазССР, Сер. филол., 1979, №3, c. 1-11; Р.Жайсақовамен бірге); «Образно-



фоновая  основа  устойчивых  выражений,  связанных  со  скотоводством, 

в казахском языке» (Изв. АН КазССР, Сер. филол., 1987, №1. c. 3-8), т.б. 

еңбектері  фразеологиялық  тіркестердің  сан  алуан  қыр-сырын  ашуға 

бағышталған.

Атап кететін бір нәрсе: егер мақал-мәтелдер бұрын да, қазір де көбіне-

се ауыз әдебиетінің кіші жанры ретінде әдебиетшілер тарапынан, ұлттық 


369

философияның  танымдық  негізі  ретінде-философтар  тарапынан,  ұлттық 

дидактика  бұлағы  ретінде-педагогтар  тарапынан,  көркем  шығарма  аудар-

масымен  шұғылданушылар  жағынан  оның  баламасын  дұрыс  беру  тұрғы-

сынан зерттеп келген болса, ғалым Ә.Қайдар мен оның шәкірттерінің ең-

бектерінде  көркемсөз  арсеналындағы  ғасырлар  бойы  қалыптасып,  әбден 

тұрақтанған,  қолдануға  сайланып,  жұрт  жадында  дайын  тұратын  көркем 

сөз арсеналының аса бір қуатты да құнарлы, бейнелі де әсерлі тіл құралы, 

тұрақталған күрделі мағыналық бірлік ретінде қарастырылуда. Мақал-мә-

телдер ендігі жерде: 1) фразеологизмдерге кейбір ұқсастығына қарай, – фра-

зеология объектісі, құрам-құрылымы (структура) тұрғысынан – синтаксис 

объектісі,  мағына,  тақырып  тұрғысынан  –  жалпы  лексикология  объектісі, 

қолданыс,  тілдік  норма  тұрғысынан  –  стилистика  объектісі  болып  отыр. 

Сонымен  қатар  ММ-дің  мән-мағынасымен  о  бастағы  жасалу  уәжіне  (мо-

тивіне) тереңірек үңілуге байланысты оның этнолингвистикалық қыр-сыры 

да  ашыла  бастағанын  көреміз.  Ғалым  Ә.Қайдардың  бұл  саладағы  өзіндік 

түсінік-тұжырымы бойынша «фразеологиялық тіркестер де, мақал-мәтел-

дер де – тіл астында тілі бар құбылыс». Бұлар тұрақты тіркестер табиға-

тына фразеолог, паремиолог ғалымның өзіндік жаңаша көзқарастары болса 

керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет