Пионергаз кен орны — Оңтүстік Маңғыстау ойысының Өзен-Жетібай антиклин өңіріндегі газ кен орны. Жаңаөзен қаласының батысында 30 км жерде орналасқан. 1985 жылы ашылған.
Придорожное мұнай-газ конденсат кен орны (Жолмаңылық) – Оңтүстік Маңғыстау ойпаңының Өзен-Жетібай антиклинальдық баспалдағында орналасқан кен орны.
Ракушечное (Бақалтасты) газ конденсат кен орны — Оңтүстік Маңғыстау ойысымының (Песчаномыс-Ракушечное) - Бақалтасты антиклин блогындағы газ конденсат кен орны. Маңғыстау облысында, 1973 жылы ашылған.
Солтүстік Придорожный мұнай кен орны, Солтүстік Жолмаңылық — Өзен-Жетібай антиклинальдық баспалдағында орналасқан мұнай кен орны. Осындағы Придорожное мұнай-газ конденсат кен орнымен ұштасып жатыр. 1988 жылы ашылған.
Солтүстік Қаражамбас мұнай кен орны — Тұран тақтасының Оңтүстік Бозащы ойысымының солтүстік-батыс шетіндегі мұнай кен орны. Маңғыстау облысында, Ақтау қаласынан солтүстікте 185 км жерде орналасқан. Кен орны 1984 жылы ашылған.