Маңғыстау облысының мұнай және газ өндірісі



бет20/20
Дата07.01.2022
өлшемі66,86 Kb.
#17088
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
манғыстау кен орындары

Қансу мұнай-газ кен орны — Оңтүстік Маңғыстау ойысымының Қарынжарық ер тұрқылас құрылымындағы мұнай-газ кен орны. Маңғыстау облысында, Жаңаөзен қаласынан оңтүстік-шығыста 135 км жерде орналасқан. Кен орны 1970 жылы ашылған.

  • Қаражамбас газ-мұнай кен орны — Тұран тақтасының Оңтүстік Бозащы ойысымының солтүстік-батыс шетіндегі ірі газ-мұнай кен орны. Маңғыстау облысында, Қаламқас мұнай кәсіпшілігінен оңтүстік батыста 40 км жерде орналасқан. Кен орны 1974 жылы ашылған.

  • Қарамандыбас мұнай-газ кен орны — Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласынан солтүстік-батысқа қарай 28 км жерде, Қарақия ауданында орналасқан. Кен орны 1964-1981 жылдары барланған. 1968 жылдан бері пайдаланылуда.

  • Қаратұрын мұнай-газ кен орны — Маңғыстау облысы, Қаламқас мұнай-газ кен орнынан шығысқа қарай 30 км жерде орналасқан. 1978 жылы ашылған, 1980 жылы Шығыс Қаратұрын, кейіннен Оңтүстік Қаратұрын ашылды. Кен орны игерілуге дайын.

  • Қарақұдық мұнай кен орны — Маңғыстау облысы Бейнеу ауданынан оңтүстік-батысқа қарай 160 км жерде орналасқан. Құрылым сейсмикалық барлау жұмыстары нәтижесінде 1964 жылы анықталған. Барлау бұрғылауы 1966 жылы басталып, (1-ұңғыма арқылы) 1971 жылы ашылған.

  • Қолтық мұнай кен орны — Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Бейнеу темір жол стансасының батысында 90 км жерде, Тұран плитасының оңтүстігіндегі Бозащы ойпаңының солтүстігінде орналасқан. Кен орны 1978 жылы ашылған.

  • Құйылыс жер асты су кен орны - Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы аумағында, Қараша ойысының солтүстік және орталық бөлігін қамтыған.

  • Құлжан мұнайлы-газ конденсант кен орны — Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Опорная темір жол стансасынан оңтүстік-батысқа қарай 25 км жерде орналасқан. Құрылым сейсмикалық барлау нәтижесінде ашылып, барлау-іздестіруі нақтыланып, 1976-1986 жылдары бекітілген.

  • Өзен мұнай-газ кен орны — Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласынан оңтүстікке қарай 12 км, Ақтау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 150 км жерде. Аймақтық геология-геофизикалық жұмыстар 1953–1956 жылдары жүргізілді. Терең бұрғылау жұмыстары 1960 жылы басталып, 1962 жылы кен орны ашылды.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет