Солтүстік Қаламқас мұнай-газ кен орны, (Қаламқас теңіз) — Каспий теңізінің Қазақстандық секторында орналасқан мұнай және газ кен орны. 21 ғасырдың басында жаңа геофизикалық техника және технология көмегімен Қаламқас мұнай-газ кен орнының теңіздегі жалғасы анықталды. Оған «Солтүстік Қаламқас» деген атау берілді.
Сәрсенбай газ кен орны — Оңтүстік Маңғыстау ойысымының Песчаномыско-Ракушечное (Құмдымүйіс-Бақалтасты) блогындағы газ кен орны. Маңғыстау облысында, Құрық кентінің солтүстік-батысында 46 км жерде орналасқан, 1985 жылы ашылған.