Нысанмұнай-газ конденсат кен орны, Батыс Елемес — Каспий маңы ойпатының оңтүстік-шығысында, Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Боранкөл ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 км жерде орналасқан. Кен 1987 жылы ашылған.
Оймаша мұнай кен орны — Ақтау қаласынан (Маңғыстау облысы) оңтүстік-шығысқа қарай 50 км жерде. Іздестіру жұмыстары 1965 жылы басталып, 1980 жылы кен орны ашылды.
Оңтүстік Жетібай — Оңтүстік Маңғыстау ойысымындағы мұнай-газ-конденсат кен орны. Көтерілім 1962-1964 жылдары табылып, 1968 жылы нақтыланып ашылды. 1972 жылы триас шөгінділеріндегі жатындар белгілі болды. Ақтау қаласынан оңтүстік-шығыста 75 км-де, Жетібай кен орнының оңтүстігінде 4,5 км жерде орналасқан.