Комсомолмұнай кен орны — Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданында орналасқан. Кен орны 1984 жылы ашылған.
Маңғыстау марганец кендерінің тобы, Маңғыстау облысы Шетпе темір жол станциясынан оңтүстік-батысқа қарай 15 км жерде.
Кен орнын алғаш 1908 жылы Н.И.Андрусов (1861 — 1924) ашқан.
1942 — 55 жылы толық геологиялық зерттеу жүргізіліп кендердегі марганец мөлшері мен жалпы қоры анықталды.
Маңғыстау марганец кендері тобының жаралуы негізінен палеоген шөгінділерімен байланысты. Кен қабаты кварц-глауконит құмдары мен марганец араласқан құмтастан құралған. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созылған (ұзындығы 3,5 — 20 км, ені 1,5 — 4,0 км аралығында). [1]
Маңғыстау марганец кендерінің тобы 4 телімнен тұрады (Сартаған, Шақырған, Қарақыз, Қызылтұран). Бұлардың әрқайсысында 1-ден 8-ге дейін линза пішінді кен денелері бар. Кендері жұмыр болып келеді. Мұндағы марганец мөлшері 20%. Басты минералдары: псиломелан, пиролюзит, вад, темірдің гидрототықтары. Сондай-ақ, кварц, глоуконит, дала шпаттары, минералдар кездеседі.