Баланы құлық туралы ой жүргізіп үйрету.
Бала
барлық ізгі құлықтарды ѳзі басынан кешіріп, яки маңа-
йыңдағы адамдардан кѳріп, біліп бітіре алмайды.
Алдағы ѳмірінде құлықтардың әлденеше түрлеріне
ұшырауға мүмкін. Ол уақытта мен мына құлықпен та-
ныс емеспін, сондықтан мұны ешнәрсе деп айта алмай-
мын деп отыра алмайды ғой. Алда, болашақ ѳз істеріне
һәм басқа адамдар ісіне құлық кѳзінен баға бере алуы
үшін оның құлық туралы ерте күннен ой жүргізіп үй-
ренуі тиіс қой. Сондықтан тәрбиеші, балаға түрлі іс-
терді құлық кѳзінен салыстырып, сынатып үйретуге
міндетті. Бала салыстырып, сынап үйренсе, құлық ту-
ралы белгілі берік бір ұғымға ие болады. Ол уақытта
алдағы ѳмірінде дұрыс пен терісті, ізгі мен жауызды, ақ
пен қараны дұрыс һәм жеңіл айыратын болады.
143
ҚАЙРАТ
Б
із кітабымыздың басынан бері жан кѳріністерінен
ақыл һәм ішкі сезім кѳріністерін баяндадық. Енді
жан кѳріністерінің үшінші түрі қайратқа кѳшеміз.
Қайрат ұғымы.
Біз ақыл кѳріністері арқылы сырт-
қы заттар туралы, яғни олардың ѳзі, ісі һәм күші ту-
ралы білім аламыз. Ішкі сезімдер арқылы жанымызда
түрлі күйдің болғанын білеміз, һәм ол күйді жағымды
не жағымсыз деп бағалаймыз. Ал енді жанымызда тағы
бір күш, тағы бір кѳрініс бар. Жан бір нәрсені істеуге,
болдыруға ұмтылады, яки істемеске, болдырмасқа ұм-
тылады. Және бұл ұмтылу соқыр ұмтылу емес, аңды,
саналы ұмтылу. Міне, осы бір мақсатқа жету үшін
жанның аңды ұмтылуы қайрат деп аталады. Әрине,
жан құр ұмтылып қана қоймайды, сол ұмтылғанын
болдыру үшін денені іске қосады. Жанның қайрат күші
арқылы істелетін іс ерікті іс деп аталады. Ал енді адам-
ның қайрат қатыспай, еріксіз істейтін істері де болады.
Мысалы:
1)
Импульс ісі.
Яғни кейбір істерді сырттан ешбір
әсер болмай, белгілі бір мақсатсыз істейді. Мысалы,
ұйқыдан оянғанда адам керіледі, созылады.
144
«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі
2)
Рефлекс ісі.
Яғни сыртқы бір әсерге адамның аңы
қатыспай, денесінің ғана жауап беруі. Мысалы, кѳз-
ге бір затты жақындатсаң, кірпік жабылады, тоңсаң,
дірілдейсің.
3)
Достарыңызбен бөлісу: |