Мағжан ЖҰмабаев педагогика


Сұлулық сезімдерін тәрбие қылу



Pdf көрінісі
бет65/76
Дата15.11.2023
өлшемі0,95 Mb.
#123382
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   76
Сұлулық сезімдерін тәрбие қылу. 
Әр адамңың сұ-
лулық сезімдері әр түрлі нәрседен оянымпаз болады. 
Біреудікі музыкадан, біреудікі сұлу суреттен, біреудікі 


133
«Асыл мұра» сериясы
поэзиядан. Искусствоның әйтеуір ірі бір түрінен ләззат 
алмайтын, біреуіне құмар болмайтын адам болмайды. 
Тәрбиешінің міндеті – балада искусствоның қандай-
қандай түріне ынта бар екенін тауып, сол ынтасын, сол 
туғызатын сұлулық сезімдерін ѳркендету. Ѳркендету 
жолдарынан тѳмендегі жолдарды кѳрсетуге болады:
1) Балаға жаратылыс сұлулығынан ләззат алғызу. 
Жаратылыста неше түрлі сұлулықтың бәрі бар. Бала 
бұлақтың былдырын, судың сылдырын, жапырақтың 
сыбдырын, орманның күңіренгенін, теңіздің гүрілде-
генін естісін; жымыңдаған жұлдыздар себілген кѳк ша-
тыр кѳкті, түрлі түсті кемпірқосағын, буыны жоқ бұ-
раңдаған қайыңды кѳрсін. Жаратылыс сұлу. Бала сол 
сұлу жаратылыстың құшағында болсын. Балада сұлу-
лық сезімдері еріксіз оянады. Тәрбиеші жаратылыста-
ғы түрлі сұлулықтарға баланың іскерлігін аудара білу 
керек.
2) Баланың маңайындағы нәрсенің бәрі жинақты, 
ретті, таза болсын. Таза деген сѳзді қымбат деп ұғу қате. 
Тегінде қымбаттың бәрі сұлу деп ұғу қате ғой. Бала-
ның маңайындағы нәрсе қымбат болмасын, таза, ретті, 
тәртіпті болсын. Үйдің іші, киім-кешек, ыдыс-аяқ – бәрі 
таза болуға тиісті. Баланың үсті- басы, денесі, беті-қо-
лы – бәрі таза ұсталуға тиісті. Баланың маңайындағы 
жүрген адамдар ретті, тәртіпті, таза болуға міндетті. 
Ұяда не кѳрсе, ұшқанда соны істейді. Тазалыққа үйрен-
ген бала таза болады. Былыққа үйренген бала былық 
болады. Ас жеп отырып әжесі жалаңаш қолымен мұр-
нын сіңбіріп яки баланың нәжісін ұстап, қолын жѳн-
деп шаймастан тағы асқа кіріссе, бала да осыны істейді. 
Кейбіреулердің былықтықты ырыс кѳруі надандықтың 
әбден асқынғандығы ғой.


134
«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі
Баланың маңайындағы сѳйленетін сѳздер де әдепті, 
сұлу болуға тиісті. Былық сѳздерді естіп ѳскен бала 
ѳмір бойы былық, былапыт тілді болады. Отағасы-ау! 
Бала-шағаның алдында былық-былапыт сѳздерді са-
пырып сѳйлеуіңді қой. Қайдағы құдай атқан сѳздерді 
естіп ѳскен ұлыңда қандай әдеп болады, қызыңда қан-
дай қылық болады?!
Және баланың маңайындағы адамдардың жүріс-
тұрыстары да әдепті, сұлу болуға тиісті. Сұлу дене, 
сұлу қозғалысты кѳріп ѳскен баланың денесі де, қоз-
ғалысы да сұлу болады. Жер жүзінде біздің қазақтың 
денесінен, қазақтың жүріс-тұрысынан жексұрын дене, 
жексұрын жүріс-тұрыс кемде-кем-ақ шығар. Аяғы қи-
сық, жауырыны қушық. Ақыл қарында тұратындай- 
ақ, қарны буаз биенің қарнындай салбырап жатса, би 
болады-мыс! Семіз болып пысылдап отырса, айбынды 
«адам» болады-мыс! Кейбір мырзалар сал боламын 
деп жүргенде қиқаңдай ма керек, бұраңдай ма керек, 
қарап тұрсаң жүрегің айнып, құсқың келеді. Осылар-
ды кѳріп ѳскен қазақ баласының денесінде не сұлулық 
болады? Қазақ! Жұртқа күлкі болмайын десең, бұл мі-
нездеріңді таста, балаңды сұлу, сымбатты қылып ѳсір. 
Адам сұлулықты сүйсе, тазалықты сүйеді. Тазалықты 
сүйсе, оған ауру үйір болмайды.
3) Баланы сұлу искусствомен терең таныстыру ке-
рек. Бала неше түрлі сұлу үндерді естісін. Неше түрлі 
сұлу түрлерді, түстерді кѳрсін. Сұлу сѳздер, сұлу ѳлең-
дер жаттасын. Түрлі музыка құралдарының әуендерін 
тыңдасын, сурет салып үйренсін, ән салып, музыка құ-
ралдарын ойнап үйренсін. Міне, осыларды естісе, ба-
ланың сұлулық сезімдері ѳркендейді. Білу керек, топас 
адам – тірі ѳлік.


135


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет