Мағжан ЖҰмабаев педагогика


Ішкі сезімдердің біреуі – іш пысу



Pdf көрінісі
бет64/76
Дата15.11.2023
өлшемі0,95 Mb.
#123382
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   76
Ішкі сезімдердің біреуі – іш пысу. 
Іш пысу – 
кѳңілсіз бір сезім. Іш пысудың жоғарғы дәрежесі – еш 


131
«Асыл мұра» сериясы
нәрсеге қызықпау, еш нәрсеге ұмтылмау. Еш нәрсеге 
қанағаттанбау дәрежесінде іш пысу апатия деп аталады.
Іш пысудың бас себебі – іссіздік. Ісі жоқ, жұмысы
жоқ адамның іші пысымпаз болады. Ылғи еңбек қы-
латын адам іш пысудың не екенін білмейді. Баланың 
сотқар, тентек болуы ѳзіне лайық іс таппай іші пыс-
қандықтан. Іші пысқан соң әр нәрсеге тиісіп, бүлдіре 
береді.
Іш пысудың екінші себебі – бір түрлілік. Бір түрлі 
әсерлер, бір түрлі суреттер адамды жалықтырады, 
қажытады, ішін пыстырады. Мысалы, біз бір кітапты 
қайта-қайта оқысақ, бір әңгімені қайта-қайта тыңдасақ, 
біздің ішіміз пысады. Мұғалім бір сѳзді ұзыннан-ұзақ 
соза берсе, шәкірттің де іші пысады. Әсерлер, сурет-
тер тез алмасса да, адамның іші пысады. Мысалы, кѳз 
алдымызда түрлі-түрлі нәрселер тез-тез алмасқандық-
тан, біздің отарбада кетіп бара жатқанда ішіміз пы-
сады. Мұғалім үсті-үстіне тѳпеп, түрлі білімді, түрлі 
сѳзді айта берсе, баланың да іші пысады. Мұғалімнің 
шеберлігі ѳзі білген білімінің бәрін балаға тез білдіруде 
емес, еппен, жинақты, жігерлі, қызықты болуға тиісті. 
Сонда ғана ол баланың іскерлігін ѳзіне қарата алады. 
Болмаса баланың іскерлігі басқа нәрсеге ауып кетеді. 
Сабақ уақытында балалардың ойнауы, тыныш отыр-
мауы, бір-бірімен сѳйлеулері мұғалімнің жинақ, жі-
герлі бола білмегендігінен.
Ішкі сезімдердің адам үшін ең қымбаттары – сұлу-
лық һәм құлық сезімдері.


132
СҰЛУЛЫҚ (ЭСТЕТИКА) СЕЗІМДЕРІ 
Ж
аратылыстың һәм искусствоның сұлу затта-
ры адам жанында сұлулық сезімдерін оятады. 
Үлбіреген гүл, күңіренген орман, сылдыраған су, был-
дырлаған бұлақ, шетсіз- түпсіз қара кѳк теңіз, түрлі 
шѳптер мен толқынданған дала, бұлтпен таласқан биік 
тау, күннің ойыншыл алтын сәулелері, ерке сұлу ай, 
жұлдызды түн, міне осылар сықылды жаратылыстың 
сұлу заттары, кѳріністері яки искусствоның тылсымдай 
жанды билеп алып кететін ән, сиқырлы сѳз, сұлу кар-
тина сықылды әсерлері адам жаныңда бір ләззат, бір 
сұлулық толқынын оятып туғызбай қоймайды. Архи-
тектура, сұлу сурет (живопись), скульптура сықылды 
пластика искусствосы адамның кѳру сезімін сиқырлап 
барып, жанда сұлулық толқындарын туғызады.
Сұлулық сезімдері адамның дұрыс, сау ләззат іздеуі-
не, сұлу нәрсені сүюіне, кѳріксіз нәрседен жиренуіне, 
хатта жақсылыққа ұмтылып, жамандықтан тыйылуы-
на кѳп кѳмек кѳрсетеді. Сондықтан баланың сұлулық 
сезімдері жақсы тәрбие қылынуға тиісті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет