Мағжан ЖҰмабаев педагогика



Pdf көрінісі
бет66/76
Дата15.11.2023
өлшемі0,95 Mb.
#123382
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   76
ҚҰЛЫҚ СЕЗІМДЕРІ 
А
дам ѳзінің әрбір ойына, әрбір ісіне ішінен баға 
беріп отырады. Ізгі ой, ізгі іс адамда жағымды сезім 
туғызады. Адамға қалай да болса, қашан да болса пай-
да келтіретін ой һәм іс ізгілік деп аталады. Ізгілікке ұм-
тылу, жауыздықтан безу – адамның жаратылысының 
ѳзінде бар нәрсе.
Ойдың яки істің ізгі яки жауыз болуына қарап, сол 
ойға яки іске іштен баға бергеңде, адамда болатын жа-
ғымды яки жағымсыз сезімдер құлық сезімдері деп 
аталады. Құлық сезімдері жасқа, дұрысын айтқанда 
білімге қарап, әр адамда әр түрлі болады. Білім неғұр-
лым тѳмен болса, құлық сезімдері де сонша тѳмен, тар 
болады. Мысалы, білімі кем адам бір ой яки іс түбін-
де пайдалы болып шығар ма, жоқ па, оны байқай ал-
май, сол уақытында жағымды, пайдалы болса, оны ізгі 
ой, ізгі іс деп біледі. Ұрлық қылған надан адам «ұрлық 
түбі қорлық» екеніне кѳз жібере алмай, уақытында-
ғы пайдасын ғана кѳреді. Бала барлық еркелігінің, 
барлық тілегінің орындалып отырғанын ғана жақсы 
кѳреді. Еркеліктің орыңдалуын ізгілік деп біледі, ер-
келіктің орыңдалмауын жауыздық деп біледі. Ал енді 
адам есейген сайын, дұрысы, білімі артқан сайын оның


136
«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі
құлық сезімдері де жоғарылай, тереңдей, кеңейе бе-
реді. Яғни адам ақылы тереңдеген сайын дүниеде ол 
жалғыз ѳзі тұра алмайтындығын, басқа адамдармен 
бірге тұруға мұқтаждығын, ѳзінің ойын һәм ісін басқа 
адамдардың ойлары һәм істерімен қабыстырып оты-
руға міндеттілігін, яғни ѳз басына келетін пайдаға ұм-
тылып, ѳз басына келетін зияннан безбей, сол ѳзгемен 
бірге дүниеде тұратын басқа адамдарға да пайда келіп, 
зиянның болмауын тілеу тиістілігін, міне, адам білімі, 
ақылы тереңдеген сайын осыларға ұмтылады. Яғни 
оның құлық сезімдері осылай тереңдейді.
Мысалы, балада бір ауыздан анасын сүю сезімі оя-
нады. Ананы сүю, анаға жауыздық тілемей, ізгілік тілеу 
деген сѳз. Біраз ес білген соң туысқандық сезімі, яғни 
араласып айналасында жүрген адамдарды сүю сезімі 
оянады. Онан соң білім тереңдеңкіреген кезде адамда 
елін сүю сезімі оянады. Ѳз- ѳзін сүю сезімі жер жүзін-
дегі барлық адамзатты сүю сезіміне алып барады. Бұл 
сѳздердің кѳрінісі – ізгілік деген сѳздің дұрыс, һәм то-
лық мағынасы мынау екен: әр адамның ѳзін сүюі, яғни 
жауыздықтан безіп, ізгілікке үмтылуы, туысқандарын 
сүюі, яғни оларға жауыздық тілемей, ізгілік тілеу, ѳз 
елін сүюі, яғни еліне жауыздық тілемей, ізгілік тілеу, 
пайда келтіріп, зиян келтірмеу, һәм басқаларға зиян 
келтірткізбеу, ең негізінде біткен адамзатты дос, һәм 
бауыр кѳру екен. Міне, кімде-кім ѳзін сүйсе, туысқан-
дарын сүйсе, ѳз елін сүйсе, әсіресе біткен адам баласы 
бауырым деп білсе, сол адамды ізгі деп атаймыз.
«Әсіресе» деген сѳзді қосуымыздың мәнісі мынау: 
адамның ѳзін-ѳзі сүюі, туысқандарын сүюі бұл ол адам-
ның құлық- мінездерінің тѳмен тұрғандығын кѳрсетеді. 
Ѳзін-ѳзі соқыр сезіммен мал да сүйеді, пайдаға ұмты-


137
«Асыл мұра» сериясы
лады, зияннан безінеді. Туысқандарын мал да сүйеді,
бие құлынын қорғайды. Адамның шын мағынасымен 
адам болуы үшін ѳзін сүю, жақындарын сүюмен қа-
нағаттанбай, жалпы адамзатты сүюі шарт. Ѳзінің һәм 
жақындарының ғана пайдасын іздемей, жалпы мо-
мын халықтың пайдасын іздеуі шарт. Халық пайдасын 
ѳз пайдасынан да ілгері қоюы шарт. Адам шын ізгі 
адам боламын десе, халық ісі, халық пайдасы жолын-
да құрбан бола білсін. Қазақтың жазушысы Міржақып
Дулатов бір ѳлеңінде:
Мен біткен ойпаң жерге аласа ағаш, 
Емеспін жемісі кѳп тамаша ағаш. 
Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі, 
Пайдалан, шаруаңа жараса, алаш, – 
дейді. Міне, алашты халық десек, халықты шын сүйген 
адам «жарты жаңқасы» қалғанша халық үшін қызмет 
істеуге тиісті. Ѳз елін сүю дегеннен адам ѳз халқынан 
басқа халықтарды мейлінше жек кѳрсін, басқа халық-
тарға қасқыр болып тисін деген сѳз шықпайды. Бұлай 
болса жер қанға тұншығып, бұзақылық белең алып, 
жауыздық ѳрлеп, жер жүзінде тыныш тұрмыс болмас 
еді. Европа мемлекеттерінің мына 1914 жылдан бері 
қан тѳгіп жатқаны, одан бұрынғы да соғыстар бұған ай-
қын дәлел. Әрбір халық бір-біріне жау болсын деп ұғу 
қате, адам ѳз халқының адамдарын сүюінің үстіне бас-
қа халықтардың адамдарын да сүюге міндетті. Міндетті 
ғана емес, еріксіз сүймек. Жер жүзіндегі адам адамды 
сүймек. Бұл – адамның жаратылысындағы негізгі мінез.
Осы жерде «дін сезімдері» деп аталатын сезімдер 
туралы бір-екі сѳз айтып ѳтейік. Бірқатар адамдарда 
мынадай бір пікір бар: адамның құлық сезімдері күшті 
болу үшін, яғни адам ізгі болу үшін, жауыздықтан


138
«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі
тыйылып, еркіндікке ұмтылу үшін адамда дін сезімдері 
күшті болуы керек. Дін сезімдерінің негізі – дүниені 
жаңартушы, дүниеде барлық нәрсені істеп тұрушы бір 
тәңір бар деп сену һәм сол тәңірге адам ѳзін пенде деп 
білу. Тәңірінің құдіреті алдында адам ѳзінің әлсіздігін 
сезіп, тәңірге құлшылық қылу, яғни жауыздықтан ты-
йылып, ізгілікке ұмтылу. Барлық кемшіліктен азат 
тәңірге жағу үшін барлық кемшіліктен безу.
Ізгілік істесе – тәңірінің кѳңілін табуға, разылығын 
алуға, махаббатын тартуға яғни жұмаққа кіруге сену. 
Жауыздық істесе – тәңірінің наразылығын алуға, ашуы-
на, қаһарына ұшырауға яғни тамұққа кіруге сену. Міне, 
дін сезімдерінің негізі – осы. Осы дін сезімдері күшті 
адам яғни тәңірінің барлығына, құдіретіне сиынып, 
онын махабатын алуға, қаһарына ұшырамауға ұмты-
латын адам ѳмір бойы ізгілікке ұмтылып, жауыздық-
тан безбек.
Дін сезімдері туралы пікір осы. Бұл – баяғыдан бері 
келе жатқан пікір. Бұл пікір туралы бұл күндегі үстем 
ой, ғылымға сүйенген үстем ой мынадай: дін сезім-
деріне мұнша артық баға беру, адамды жауыздықтан 
бездіріп, ізгілікке ұмтылдыратын – дін сезімдері ғана 
деп ұғу дұрыс емес. Құлық сезімдері, яғни адамның 
жауыздықтан безіп, ізгілікке ұмтылатын мінезі адам-
ның жаратылыстарында бар. Кісі ѳлтіру, ұрлық қылу-
дың жауыздық екенін білу үшін дінді білу шарт емес. 
Ізгілікті сезу – адамның жаратылысына, табиғатына 
берік байланған нәрсе. Дін ескі емес, адам ескі. Дін ескі 
емес, жаратылыс, табиғат ескі. Ізгілікке ұмтылдыра-
тын дін адамның жаратылысын жасаған емес, ізгілікке 
ұмтылатын адамның мінезі дінді туғызған. Сондықтан 
адамның кұлық-сезімдеріне дін сезімдерін негіз қылып 


«Асыл мұра» сериясы
алу, адамның құлықты болуын дінді болуына байлау 
дұрыстыққа келмейді. Бұл – бір.
Екінші, адамның бір нәрседен тыйылуы, бір нәрсе-
ге ұмтылуы екінші бір затты сыйлағаннан, сол затқа 
жағыну үшін болмай, дұрыстық үшін болса, нағыз ты-
нымды, тиянақты, игі ұмтылу һәм тыйылу осы болмақ. 
Бір адамды сыйлап істелген ізгілік рия болса, «тәңіріні» 
сыйлап істеген ізгілік те рия. Рияның адамға пайдасы 
жоқ. Рия адамды түземек емес, бұзбақ. Кемшіліксіз 
идеал бар: адам дүниеде ісін идеал үшін істесін, идеал 
үшін тұрсын, және сол идеалдай түгел боламын, 
кемшіліксіз боламын деп ұмтылсын.


140


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет