Мағжан ЖҰмабаев педагогика


ҚҰЛЫҚ СЕЗІМДЕРІН ӨРКЕНДЕТУ



Pdf көрінісі
бет67/76
Дата15.11.2023
өлшемі0,95 Mb.
#123382
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   76
ҚҰЛЫҚ СЕЗІМДЕРІН ӨРКЕНДЕТУ 
ЖОЛДАРЫ 
Қ
ұлық сезімдерін ѳркендету үшін тѳмендегі жол-
дарды кѳрсетуге болады.
1)
Баланың маңайындағы адамдардың құлық-
ты болуы. 
Бала ізгі құлық пен жауыз құлықты айыра 
алмайды. Оларды бала маңайындағы ересек адамдар-
дың сѳздері һәм істері бойынша ғана айырады. Солар 
бойынша ғана ізгі мен жауыз құлық туралы ұғым жа-
сайды. Мысалы, бала атасының ұрлық қылғанын біл-
се, ұрлық қылу ізгі құлықтан саналады екен деп ұғады. 
Сондықтан баланың ізгі құлықты болуы үшін оның 
маңайындағы адамдар, ата-ана, туған-туысқандары ѳз-
дері ізгі құлықты болуға тиісті. Ұяда не кѳрсе, ұшқанда 
соны қылады.
Және баланың бірге ойнайтын жолдастары да дұ-
рыс, ізгі құлықты болсын. Балаға ересек адамнан ѳзін-
дей бала жақын. Бала ѳз құрбысына еліктегіш, ѳз құр-
бысының тілін алғыш, құлқына, мінезіне сенгіш келеді. 
Ѳзінің ізгі, жауыз құлқын бала құрбылары арқылы 
жарыққа шығарып әдеттенеді. Сѳгіседі, ұрысады, тѳ-
белеседі, ұрласады, ѳтірік айтысады. Осы себептерден 
тәрбиеші баланың жолдастарының дұрыс құлықты


141
«Асыл мұра» сериясы
болуларына ѳте ықтият қылу керек. Балада құлық 
сезімдерінің бекуі, кеңеюі, тереңдеуі үшін балаға әде-
биеттен, тарихтан ѳрнек әңгімелер сѳйлеу һәм оқыту 
керек. Әрбір ұлттың әдебиетінде ізгі һәм жауыз құлық-
қа ѳрнек болғандай әңгімелер толып жатыр. Солармен 
дұрыс пайдалана білу керек. Яғни әдепті бол, әділ бол, 
ѳтірік айтпа деген сықылды. Құрғақ, жалаңаш сѳзде 
пайда жоқ. Баланың алдына құлықтың әрбірі әдейі 
киініп ѳрнек күйінде ғана келсін. Ѳрнектен нәтижені 
бала ѳзі-ақ шығарып алады.
2) 
Үйде һәм мектепте дұрыс тәртіп болу. 
Үй 
һәм мектептегі тәртіп баланы ізгі құлықтарға әдет-
тендірсін. Әдеттендіру мынадан табылады. Үй һәм 
мектептегі тәртіп құбылмалы болмасын, яғни ата-ана-
ның, мұғалімнің күйіне қарап тәртіп ѳзгеріп отырма-
сын. Тәртіп ѳзгермейтін ізгі құлық заңдарына негіздел-
ген болсын. Болмаса, бүгін жараған іс ертең жарамай-
тын болып отырса, балада тәрбиешіге сенім қалмайды.
Бұл – бір. Екінші, баланың жаратылысы, табиғаты ті-
лейтін нәрседен баланы тыю дұрыс емес. Жүгіруден, 
ойыннан тыю сықылды. Баланың жаратылысы тілейтін 
нәрседен тыйсаң, бала бұл жасама тәртіпті оп-оңай бұ-
рып кетеді. Яғни бала ѳтірік айтуға, алдауға үйренеді. 
Баланың ѳтірік айтуы, алдауы оны жасама тәртіп ішіне 
қамаудан. Маңайындағы тәртіп, тұрмыстың құрылы-
сы баланың жаратылысына қайшы болса, бала ондай 
тәртіпті аттап ѳтеді. Үшінші, тәрбиеші мен баланың 
арасы ѳте жақын болуға тиісті. Екеуі біріне-бірі шет, 
жат деп қарамасын. Екеуінің арасында сенбеушілік 
болмасын. Бала тәрбиешіні мұңын тарқата алғандай, 
қуанышына ортақтаса алғандай, сырын шеше алғандай 
досым деп білсін. Бала тәрбиешіні осылай деп білсе, 
ол уақытта одан ешбір ойын, ешбір ісін жасырмайтын


«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі
болады. Жасырмайтын болса, ѳтірік айту, алдау сы-
қылды ұнамсыз құлықтарға орын да қалмайды.
3) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет