Мағжан Жұмабаев педагогика


Әсерленудің іші, күші һәм тоны



бет12/50
Дата24.05.2023
өлшемі203,43 Kb.
#96427
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   50
Байланысты:
М.Жұмабаев Педагогика

Әсерленудің іші, күші һәм тоны. Әсерленудің сынсипаты әсерленудің іші деп аталады. Яғни біз бір сыртқы сезім арқылы болатын әсерленуден екінші сыртқы сезім арқылы болатын әсерленуді айырамыз. Мысалы, бір дыбысты, түсті, иісті, дәмді бір‑бірінен айырамыз. Мысалы, қараны ақтан, жусан иісін сасыр иісінен айырамыз.
Түрлі сезім арқылы алынатын әсерленулердің, хатта бір сезім арқылы алынатын әсерленулердің арасындағы айырма зор. Зорлығы сонша: оларды‑бір‑бірімен салыстыруға болмайды. Мысалы, біз қызыл түс пен тәтті дәм арасында, яки жусан иісі мен адамның айғайы арасында қандай айырма барын, яки қызыл түс пен сары түс арасында, тұщы дәм мен ащы дәм арасында қандай айырма барын айта алмаймыз. Себебі, бұларды салыстыруға мүмкін емес. Бір әсерленудің сынын білу үшін сол әсерленудің адам жанында болуы шарт. Мысалы, тума соқырға түстің не екенін, тума саңырауға дыбыстың не екенін ұқтырып болмайды. Себебі олардың жаны дыбыстан, түстен әсерленіп көрген емес.
Әсерлену көрінісінің дәрежесі әсерленудің күші деп аталады. Мысалы, біз ауыр салмақ пен жеңіл салмақты, қатты дыбыс пен ақырын дыбысты айырамыз. Әсерленудің күші сыртқы әсердің күшіне байлаулы. Сыртқы әсер күшті болса, әсерлену де күшті болады. Бірақ әсерленудің дәрежесінің артуы әсер дәрежесінің артуына ылғи тура келіп отырмайды. Яғни әсер бір есе күшейгенде, әсерлену де бір есе күшейіп, яки әсер екі есе күшейгенде әсерлену де екі есе күшейіп отырмайды. Мысалы, бір қолға бір қадақ гир ұстап тұрып, тағы бір қадақ гир алсақ, салмақтың артқанын, яғни әсерленудің күшейгенін айқын сеземіз.
Ал енді, егер біз қолымызға бір пұт гир ұстап тұрып сол бір пұтқа бір қадақ гир қоссақ, онда салмақтың артқанын тіпті сезбейміз. Күшею үшін әр түрлі әсерлену әсердің әр түрлі өсуін тілейді. Мысалы, салмақ һәм дыбыс әсерленулері күшею үшін әуелгі әсердің үстіне жаңадан сол әсердің өзінің үштен бірі қолданылуы шарт. Ал енді жарық әсерленулері күшею үшін яғни күшейгені сезілу үшін әсердің тағы жүзден бірі қосылуы шарт.
Әсерленудің жұғымды яки жұғымсыз болуы әсерленудің тоны деп аталады. Мысалы, дыбыс әсерлеулерінің жұғымды һәм жұғымсызы бар. Бақырған дауыс – жұғымсыз. Қоңыр әуен – жұғымды. Әсерленудің тоны көбінесе біздің денеміздің қандай күйде екенін көрсетеді. Дене сау болса, әсерлену жұғымды болады. Дене ауру болса, әсерлену жұғымсыз болады. Мысалы, ауру адамға еш нәрсе ұнамайды. Нағыз жұғымды әсерленулер де оған ләззат бермейді. Кейбір аурулар тіліне бұрыш яки насыбай салғанда, хатта аяғын кескенде аурудың не екенін сезбейді. Есалаң адам өз денесін өзі тас‑талқан жара қылса да, ауруды білмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет