Мағжан Жұмабаев педагогика


Бала әсерленулері мен жеткен адам әсерленулері ара сындағы айырма



бет14/50
Дата24.05.2023
өлшемі203,43 Kb.
#96427
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   50
Бала әсерленулері мен жеткен адам әсерленулері ара сындағы айырма. Бала әсерленулері бастапқы кезде тұм анды болады. Бала әсерленудің ішін де, күшін де айыра алмайды. Және бала локализация, перцепция һәм апперцепцияны да жасай алмайды. Айталық, баланың қолы ауырады екен, бала құр жылайды, тынышсызданады. Яғни балада ауру әсерленуі болады. Бірақ бұл әсерлену қай жерден болып тұр, оны білмейді. Ауырған жерінің аяқ екенін білмейді, яғни әсерленуге локализация жасай алмайды. Және осы аурудың не себептен болғанын білмейді, яғни перцепция жасай алмайды. Балада апперцепция жоқ. Сондықтан шоққа қолын басып алады. Шыр ете түсіп, тағы апарып басады. Бұл істерге бала бірте‑бірте, әсіресе сипау һәм көру сезімдері арқылы үйренеді. Шоққа қолын көбірек басса, күю қолда болғанын, оны күйдірген шоқ екенін, шоқтың күйдіретіндігін біледі.
Әсерленуді бөлу. Барлық әсерленулер екіге бөлінеді: жалпы сезім яки дене әсерленулері һәм сыртқы сезім әсерленулері.
Жалпы сезім яки дене әсерленулері. Дене әсерленулері денеміздің қандай күйде екенін білдіреді. Дене әсерленулерін былай бөлуге болады: 1) ет әсерленулері (кесіп, соғып алғанда, ұйып қалғанда, шаршағанда, демалғанда болатын әсерленулер); 2) нерв әсерленулері (нервтің солуы һәм ауруы, саулық әм жадырау әсерленулері); 3) тамақтану һәм қан жүру әсерленулері (ашығу, сусау, жүрек айну һәм жүрек ауырғанда болатын әсерленулер); 4) дем алу әсерленулері (тұншыққанда, жөтелгенде, таза ауаға шыққанда болатын әсерленулер); 5) жылылық, суықтық әсерленулері.
Бұл дене әсерленулерінің адамның дене тұрмысына болмаса, білу‑ақыл тұрмысына артық пайдасы жоқ. Бірақ бұлардың дұрыс тәрбие қылуы адамның ақыл тұрмысына да әжептәуір әсер береді. Мысалы, ерке болып, тым бетімен өскен бала дене тұрмысы кішкене ғана бұзылса да, айталық, бір жеріне бір нәрсе тиіп кетсе де, кішкене жөтелсе де, жылап, тынышсызданып, мазаны алады. Бұл дене әсерленулерінің жақсы тәрбие қылынбағандығынан.
Сыртқы сезім әсерленулері. Сыртқы сезім – 6: көру, есту, иіскеу, тату, сипау, ет сезімі. Осы 6 сезім бізді сыртқы заттармен таныстырады. Яғни олардың түсі, түрі, дәмі, иісі һәм басқа сындарымен адам жанына түрлі білімді осы 6 сезім береді. Бұлар түгел болмаса, адамның жан тұрмысы түгел болмақ емес. Бұл алтаудың ішінде адамның жаны үшін аса қымбаттары – көру мен есту. Бұлардан соңғы – сипау. Сипау – ет сезімі. Ал енді иіскеу мен тату сезімі жан тұрмысы үшін аса қымбат сезімдер емес. Бұлар көбінесе дене тұрмысына қызмет қылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет