Мағжан Жұмабаев педагогика


Күншілдік ішкі сезімдерінің бірі – аяу һәм достық



бет45/50
Дата24.05.2023
өлшемі203,43 Kb.
#96427
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50
Байланысты:
М.Жұмабаев Педагогика

Күншілдік ішкі сезімдерінің бірі – аяу һәм достық. Аяу сезімі әр адамда болады. Адам бір нәрсені аяғанда бір мақсұт үшін яки сол нәрсе дұрыс болғандықтан аямайды, тек сол нәрсе аяныш көрінсе, аяйды. Біз суға батып бара жатқан адамды көрсек, осыны құтқарып, осыдан олжа алайын деген оймен емес, ешбір ойсыз, жанымызды өлімте байлап толқынға кіріп кетеміз. Яки біз өзінің тиісті, жолды жазасын тартып жатқан, яки тартайын деп тұрған бір жазалы адамды көрсек те, аяймыз. Қасірет, бейнет көрген адам неғұрлым бізге жақын болса, сонша терең аяймыз.
Біреуді біреу аяп, қайғысына ортақтасқандай, қуанышына ортақтаса алмайды. Біреудің қуанышына ортақтасу орнына адамда күншілдік пайда болады. Бұл жалпы адамдықтың бір төмен, ұнамсыз мінезі. Бір ғалым айтыпты: қайғыға ортақтасу үшін адам болу жетеді. Қуанышқа ортақтасу үшін періште болу керек. Тәрбиеші балада осы мінезді де әлсіретуге ұмтылу керек.
Достық сезімі адамда сол адамның жанына екінші бір адамның жаны барлық мінездермен үйлесетін болса, сонда болады, Аяғанда адам ойламай, аңдамай аяйды. Дос болғанда ойлап, аңдап дос болады. Екі дос бірге болса, араларында достық беки береді. Егер айрылса, достық әлсірейді. Аяу сезімі адамда ерте басталады: бір жасқа толмаған бала күлсең – күледі, жыласаң – жылайды. Ал еңді достық ақыл біраз орныққан соң болады.
Жеткен адамдардың баланы аяуы балаға өте қымбат. Баланы кім аяса, оған сол жақын. Ата‑анасы өліп, жетім қалған баланы ең алғаш кім бауырына тартса, бала соған бауыр басып кетеді.
Бала біраз есейіп, басқа балалармен ойнай бастаған кезде, онда достық сезімі оянады. Бірге ойнайтын балалардың ішінен бала өзіне дос тауып алады. Достық сезімінің балаға көп пайдасы бар. Досының көңілін тауып үйреніп, бала өзімшілдік мінездерден аулақ болады. Өзінің дос баласының сөзін бала үлкен адамның сөзінен артық тыңдағыш келеді. Сондықтан тәрбиеші баланың достарының дұрыс балалар болуына қам қылуға міндетті.
Ішкі сезімдердің біреуі – іш пысу. Іш пысу – көңілсіз бір сезім. Іш пысудың жоғарғы дәрежесі – еш нәрсеге қызықпау, еш нәрсеге ұмтылмау. Еш нәрсеге қанағаттанбау дәрежесінде іш пысу апатия деп аталады.
Іш пысудың бас себебі – іссіздік. Ісі жоқ, жұмысы жоқ адамның іші пысымпаз болады. Ылғи еңбек қылатын адам іш пысудың не екенін білмейді. Баланың сотқар, тентек болуы өзіне лайық іс таппай іші пысқандықтан. Іші пысқан соң әр нәрсеге тиісіп, бүлдіре береді.
Іш пысудың екінші себебі – бір түрлілік. Бір түрлі әсерлер, бір түрлі суреттер адамды жалықтырады, қажытады, ішін пыстырады. Мысалы, біз бір кітапты қайтақайта оқысақ, бір әңгімені қайта‑қайта тыңдасақ, біздің ішіміз пысады. Мұғалім бір сөзді ұзыннан‑ұзақ соза берсе, шәкірттің де іші пысады. Әсерлер, суреттер тез алмасса да, адамның іші пысады. Мысалы, көз алдымызда түрлі‑түрлі нәрселер тез‑тез алмасқандықтан, біздің отарбада кетіп бара жатқанда ішіміз пысады. Мұғалім үсті‑үстіне төпеп, түрлі білімді, түрлі сөзді айта берсе, баланың да іші пысады. Мұғалімнің шеберлігі өзі білген білімінің бәрін балаға тез білдіруде емес, еппен, жинақты, жігерлі, қызықты болуға тиісті. Сонда ғана ол баланың іскерлігін өзіне қарата алады. Болмаса баланың іскерлігі басқа нәрсеге ауып кетеді. Сабақ уақытында ба лалардың ойнауы, тыныш отырмауы, бір‑бірімен сөйл еулері мұғалімнің жинақ, жігерлі бола білмегендігінен.
Ішкі сезімдердің адам үшін ең қымбаттары – сұлулық һәм құлық сезімдері.


Сұлулық (эстетика) сезімдері

Жаратылыстың һәм искусствоның сұлу заттары адам жанында сұлулық сезімдерін оятады. Үлбіреген гүл, күңіренген орман, сылдыраған су, былдырлаған бұлақ, шетсіз‑түпсіз қара көк теңіз, түрлі шөптер мен толқынданған дала, бұлтпен таласқан биік тау, күннің ойыншыл алтын сәулелері, ерке сұлу ай, жұлдызды түн, міне осылар сықылды жаратылыстың сұлу заттары, көріністері яки искусствоның тылсымдай жанды билеп алып кететін ән, сиқырлы сөз, сұлу картина сықылды әсерлері адам жаныңда бір ләззат, бір сұлулық толқынын оятып туғызбай қоймайды. Архитектура, сұлу сурет (живопись), скульптура сықылды пластика искусствосы адамның көру сезімін сиқырлап барып, жанда сұлулық толқындарын туғызады.


Сұлулық сезімдері адамның дұрыс, сау ләззат іздеуіне, сұлу нәрсені сүюіне, көріксіз нәрседен жиренуіне, хатта жақ сылыққа ұмтылып, жамандықтан тыйылуына көп кө мек көрсетеді. Сондықтан баланың сұлулық сезімдері жақ сы тәрбие қылынуға тиісті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет