Мағжан Жұмабаев педагогика



бет47/50
Дата24.05.2023
өлшемі203,43 Kb.
#96427
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50
Байланысты:
М.Жұмабаев Педагогика

Қайрат ұғымы. Біз ақыл көріністері арқылы сыртқы заттар туралы, яғни олардың өзі, ісі һәм күші туралы білім аламыз. Ішкі сезімдер арқылы жанымызда түрлі күйдің болға нын білеміз, һәм ол күйді жағымды не жағымсыз деп бағалаймыз. Ал енді жанымызда тағы бір күш, тағы бір көрініс бар. Жан бір нәрсені істеуге, болдыруға ұмтылады, яки істемеске, болдырмасқа ұмтылады. Және бұл ұмтылу соқыр ұмтылу емес, аңды, саналы ұмтылу. Міне, осы бір мақс атқа жету үшін жанның аңды ұмтылуы қайрат деп аталады. Әрине, жан құр ұмтылып қана қоймайды, сол ұмтылғанын болдыру үшін денені іске қосады. Жанның қайрат күші арқылы істелетін іс ерікті іс деп аталады. Ал енді адамның қайрат қатыспай, еріксіз істейтін істері де болады. Мысалы:
1) Импульс ісі. Яғни кейбір істерді сырттан ешбір әсер болмай, белгілі бір мақсатсыз істейді. Мысалы, ұйқыдан оянғанда адам керіледі, созылады.
2) Рефлекс ісі. Яғни сыртқы бір әсерге адамның аңы қатыспай, денесінің ғана жауап беруі. Мысалы, көзге бір затты жақындатсаң, кірпік жабылады, тоңсаң, дірілдейсің.
3) Соқыр сезім (инстинкт) ісі. Атадан қалған мұра бойынша адамның аңын қатыстырмай істейтін істері. Соқыр сезім адамның өзінің һәм тұқымының аман болуына қызмет қылады. Мысалы, бала ешкім үйретпей, емшек емеді. Яки құс қыс жақындағанда жылы жаққа ұшып кетеді.
Ал енді адамның қайрат туғызған ісіне аң қатыспай болмайды. Мысалы, менің жазғым келсе, аңменен, ойменен қағаз алам, қалам алып, сияға малам һәм осылар сықылды басқа тиісті істер істеймін. Міне, бұл қайрат ісі. Қайраттың бет алысы екі жақ: жан көріністері һәм сыртқы дүние. Мысалы, мен қайрат жұмсап бір ойды еске түсіремін. Яки жерде жатқан бір нәрсені көтеру үшін еңкейем.
Қайрат түрлері. Қайрат төмеңдегі түрлерге, дұрысырақ айтқанда, басқыштарға бөлінеді: тартылу, ұмтылу һәм тілеу. Қайрат адамда ә дегеннен берік, ашық болмайды. Бастапқы кезде бір әсер мен белгілі бір беталыс болмай, белгілі бір мақсұт болмай, бір нәрсеге жан жай тартылады. Мысалы, ба ла аштықтан жылайды, тыпырлайды, жаны жағымсыз күйде болады. Жанында бір азап болады. Бірақ бала осы жағымсыз күйдің, осы азаптың аштықтан екенін аңдап біле алмайды, оған сүт керек екенін біле алмайды. Міне, жанның осындай күйі тартылу деп аталады. Ал енді тартылуға аң қатысса, яғни адам, не нәрсеге болса да өзінің мұқтаж екендігін аңдап, анық білсе, бірақ сол мұқтаж нәрсенің не нәрсе екендігін анық біле алмаса, жанында ұмтылу болады. Мысалы, біз ыстықта сусаймыз, сусын тауып, сусынды қандыруға ұмтыламыз. Бірақ бізге кез келетін сусынның қандай болатынын білмейміз. Егерде біз белгілі бір нәрсеге ұмтылсақ, ол уақытта ұмтылу тілеуге айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет