Магистерлік диссертация



жүктеу 0.79 Mb.

бет3/6
Дата15.03.2017
өлшемі0.79 Mb.
1   2   3   4   5   6

1.4. Айтыс - ұлы өнер.

Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша ұлттық ерекшелік, дәстүр бар. Әр

халықтың туа бітті болмысына, өмір кешу жағдайына орайлас қалыптасқан осы

дәстүрлердің   тоғызын   уақыт   өзі   екшеп,   озығын   ел   кәдесіне   жаратып   жатса,

мұның   өзі   адамзат   көшінің   жарасымымен   ілгері   озуына     септігін   тигізбек.

Үшінші   мыңжылдықтың   аясында   өз   кемесінің   желкенін   керіп   шыққан   қазақ

халқының ешкімге ұқсамайтын бітімі мен болмысын ажарлайтын ұлттық қадір-

34


қасиеті аз емес. Соның бірегейі есте жоқ ерте замандарда туып, қалыптасып,

дамып - жетіліп, бүгінгі күннің де қажетіне  жарап отырған халық ауыз әдебиеті

болса, оның ең бір өміршең жанры – айтыс та ұлттың ескірмес рәміздерінің

қатарында жаңа ғасырдың табалдырығынан аттап отырғаны талас тудырмайды.

Ұлы   ұстазымыз   М.Әуезов:   «Айтыс   заманында   өзге   елдерде   де   болған.

Парсыда   «мұшайра»   арабтарда   «мұғалләкәт»   деген.   Арабтардың   көшпенді

бәдәуилері қара сөзбен емес, үнемі өлеңмен сөйлескен, қазақ халқының аса бір

ұлы қасиеті сол қынаптан суырып алған қылыштай қолма – қол қиып айтатын

айтқыштығында,   айтыскерлігінде.   Бұл   қай   халықтың   алдында   да   мақтануға

тұрарлық өнер», - деген еді. Осы өнер қазір тек қазақ пен қырғызда ғана қалды.

Әсіресе,   қазақ   ішінде   үздіксіз   дамып   келеді.Айтыстың   алғашқы   бұлақ   көзі

тұрмыс-салт   жырларындағы   «Жар-жар»   мен   «Бәдік»   жырларынан   басталған.

Кейін қыз бен жігіт айтысына да (қайым өлең) ұласқан. Келелі ақындар айтысы

—   екі   дай   жұрттың   ортасында   бетпе-бет   отырып,   қолма-қол   шығарылып

айтылады. Қазақ айтыстары жанрлық сипаты жағынан түре айтыс, сүре айтыс

болып   екіге   бөлінеді.   Алғашқысына   бір-бір   ауыз   өлеңмен   қайырылатын

айтыстар жатса («Жар-жар», «Бәдік»), кейінгісіне келелі, кесек ақындар айтысы

енеді   («Ақсұлу   мен   Кеншімбай»,   «Әсет   пен   Ырысжан»,   «Сүйінбай   мен

Қатаған»,   «Жамбыл   мен   Құлмамбет»,   «Молда   Мұса   мен   Манат   қыз»,

«Кемпірбай   мен   Шөже»,   «Орынбай   мен   Тоғжан»,   «Біржан   мен   Сара»   тағы

басқа). Айтыс мазмұндық сипатына қарай, әдет-ғұрып айтысы және ақындар

айтысына жүйеленеді. Соңғысы тақырып аясына қарай жұмбақ айтыс, мадақ

айтыс, тағы басқа болып жіктеледі.

Қазақ   қоғамында   ақынның   ақын   болып   танылуы   да   тек   айтыс   арқылы

жүзеге   асқан.   Көбіне-көп   айтыста   жеңілген   ақын   өткен   айтысты   ел   арасына

таратуға   міндетті   саналған.   Сөйтіп,   бір-біріне   логикалық   ой-жүйемен   терең

жымдасқан екі ақынның өлеңдері біртұтас дүниеге, қисса, дастан секілді желілі

шығармаға   айналған.   Айтыс   ақындарының   ұғымында   өлең   белгілі   бір   кісіге

қонатын   өнер   саналған.  Кемпірбай,   Базар,   Бұдабай,  Бақтыбай,  Сүйінбай,

Жамбыл


 

тәрізді  ақындар   өлеңнің  «киесі   бар,  иесі  бар»  деп   білген.  Мысалы,

Бұдабай,   Бақтыбай,  Жанақ

 

ақындар   түсінде   бір   ақсақалды   әулиенің  «өлең



аласың   ба,   көген   аласың   ба?»  деген   таңдатуынан   соң,   өздерінің   өлеңді

қалағандарын   айтады.   Бұл   табиғатынан   осы   өнер   түріне   бейім   жаратылған

ақындардың ой-қиялының жемісі болуы да ғажап емес.

Дала   демократиясының   жүзі   қайтпайтын   қаруына   айналған   ақындар

айтысы ақиқаттың аузын буған не бір қатаң заманның өзінде хан мен төренің,

би мен бектің бетіне қасқайып тұрып тіке айтқаннан айныған емес. Осылай

тәрбиеленген халық «бас кеспек болса  да, тіл кеспек жоқ» деп, оны ұлттық

моральдық кодексінің темір қазығына айналдырған. Ақындардың шымырлатып,

шыңғыртып   шындықты   айтқан   шумақтары   қашанда   халықтың   рухын

асқақтатты.

Сонау Қазтуған,  Шалкиіз  заманынан  бері  қарай  ақиқатты  айнымай  айта

алатын   ақындық   дәстүр   желісі   үзілмей   жалғасып   келіп,   Сүйінбай,   Жамбыл,

Құлмамбет,   Әсет,   Біржан,   Шөже,   Кемпірбай,   Нүрила,   Ұлбике,Орынбай,

Исаларға   ұласса,   бұл   сол   ғасырлар   бойы   өр   рухын   түсірмеген   дәстүр

35


сабақтастығының жемісі.

Айтыс   қай   дәуірде   де   халық   өмірінің   айнасындай   дидарынан,

демократиялық   табиғатынан   таймаған   өнер.   Қоғамдық   -   әлеуметтік   салада

айтыскерлердің   назарына   тыс   қалатын   қалтарыс   та,   бұлтарыс   та   болмады.

Баяғыдан келе жатқан айтыстың жазылмаған, бірақ, жұрт мойындаған кодексі

осы. Айтысқа саясат, билік араласса, онда ол өзінің қасиетін, қоғамдағы орнын

жояды, қадір-қасиетінен айырылады. 

Осы заманғы ақындар айтысы мазмұн, түр жағынан да өзгерді. Тәуелсіз

алған   жылдардан   бастап   айтыстың   ежелгі   дәстүріне   құрмет   көрсетіліп,

айтыскерлердің еркін ой толғап, кең көсіле құлаштауына жол ашылды. Тілінің

тұсауы кесілді.соның нәтижесінде айтыс өнері тұла бойындағы қасиетін сақтай

отырып халқымызбен қайтадан, жаңаша қауышты.ақындардың ойы да, сөзі де

шешілді.еркін ойлайтын, батыл айтатын, бетінен ешкім қақпаған кең тынысты

жас буын ақындар келді.

Қазіргі   айтыстарда   қайталау   көп,   әсіресе   сөзге   әуестену   басым.   Бір

айтқанын ұмыттырып жіберіп, басқа айтыста түгел қайталау дағдыға айналып

барады. Ауыздан шыққан сөздің елге тарайтынын және де оны жұрттың көбінің

есте ұстайтынын жадында ақындар ұмытпағаны жөн.

Ақындарға   тән   олқылықтың   бірі–ырғақтағы   кедейлік.   Осы   кезде

ақындардың үнемі айтып жүрген ырғағын бірнеше топқа бөлуге болады. Серік

Құсанбаевтың ырғағы, Мұхамеджанның ырғағы, Мелстің ырғағы, Аманжолдың

ырғағы, Ақмаралдың ырғағы, Оразәлінің ырғағы. Бұлар да ақындардың өздері

жасап алған ырғақ емес, көбіне халықтық ырғақтар. Айтыскерде өзіндік бет

болу, айтыста сол өзіндік бетімен көріну   баяғыда дәстүрге айналған. Қазіргі

ақындардың   өзіндік   «мені»   әлсіз.   Көбі   қарсыласын   мақтаудан   бастайды.

Айтыскер қарсыласын мақтаған кезде оны өз мақсатына жету үшін ғана мақтау

керек. Мақсатсыз мақтай беру – өзін-өзі кемсітудің, орынсыз қорланудың бір

түрі. Өзіне сенбеген, қарсыласын өзінен жоғары қойған ақыннан жеңіс күтуге

болмайды.

Әуезовтің   айтыс   жанры   туралы   сүбелі   еңбегінің   бірі   -  1946

 

жылы


Жамбылдың   100   жылдық   мерейтойында   жасаған   «Жамбылдың   айтыстағы

өнері» дейтін баяндамасы [65. 55] Бұл еңбегінде автор ақындар айтысының үш

халықта   -   қазақ,   қырғыз,   қарақалпақтарда   бар   екенін   айтады.   Ақындар

айтысына ұқсас жанрдың көшпелі араб тайпаларында бар екеніне (мұғалақат)

тоқталып, қазір ірі жанр ретінде жоқ болғанмен, ертерек уақыттарда Еуропа

халықтарында да айтысқа ұқсас жанрлар болғанын атап көрсетеді. Айтыскер

ақынға тән қасиеттер ретінде алғыр импровизаторлық қасиет, дүниетанымның

кеңдігі,   тапқырлық,   батылдық   тағы   басқа   қасиеттерді   санамалап   айтқан.

Жамбыл айтыскерлігін мысалға ала отырып, айтыстағы демократиялық үрдістің

дамуын және жыршылық дәстүрдің айтыс ішіне кіру ерекшеліктерін талдаған.

Ақындарға тән тағы бір кемшілік – қоғамның жақсылығын көрмей, ылғи

ғайбаттау. Қоғамның мінін айтқан теріс емес, бірақ, тауып айту керек. Содан

қорытынды шығатындай етіп айту керек. Тәуелсіздіктің елге берген құндылығы

аз емес, біздің ақындарда осы жағын айту жетіспейді. Өз жетістігімізді өзіміз

айтпағанда оны кім айтады. Ақындарсыз да аяқтан шалатын күншілдер қоғамда

36


жетеді.   Ақындардың  парызы  –  аталы   сөз  айту.  Артына  өнегелі  сөз  қалдыру.

Дайын   іске   мінші   көп   дегендей,   кемшілік   айтуға,   қоғамды   сынауға   бәрі   де

шебер.   Ұрпаққа,   келешекке   қалар   аталы   сөзді   кім   айтады.   Жоқты   –барды

сахнада езіп отырып алу қаншалықты қажет? Қоғамға қазір өрелі ой, көшелі сөз

керек болып тұр. Айтыста өлең айту өз алдына, айтқан сөзін халыққа жеткізе

білу ақыннан үлкен шеберлікті талап етеді. Біреулер осал сөзінің өзін жеткізіп

айтып, жұрт ықыласын аударып жатса, біреулер тәп – тәуір сөзін жеткізе алмай

жатады.


Айтыскерлердің ішінде ерекше бағалайтын жігіттеріміздің бірі – Бекарыс

Шойбеков. Ол  маған ұтымды, нақты айтатындығымен, дәмді сөзімен ұнайды.

Әсиямен   айтысында   жеңешесінің   жасы   келіп   қалғандығын     «Базардан   келе

жатып жолықтың –ау, Базарға бара жатқан баламенен» - деп қалай әдемі айтқан.

Мұхамеджан   Тазабековпен   бір   айтысында   Алматы   қаласының   тозып   бара

жатқанын:



Алдамшы қорлар менен қулар да көп,

Қалың елге баратқан азабы өтіп.

Бұл жақта сендер бар деп сенуші едік,

Көрінгенге қоймас деп мазақ етіп.

Япыр –ау, ару қала Алматымды,

Не   күйге   түсіргенсің,   Тазабеков,   -деп   жеткізіп   айтады.бұл   айтылған

олқылықтардың   бәріне   Тазабеков   айыпты   емес,   алайда,   Алматы   қаласының

атынан   айтысып   отырған   соң   кінәні   Мұхамеджанға   таңып   отыр.   Жалпы

Бекарыстың айтыстарында мұндай опырып айтатын тұстар жетерлік. Айтысқа

ең керегі не дегенде, осындай ұтымдылықты айту керек. 

Айтыс   қашанда   халық   өмірінің   айнасы   дегенде   айтыста   көтерілетін

әлеуметтік   тақырыптарға   байланысты   ғана   айтуға   болмайды.   Айтыста   тіл

тазалығы   да   ерекше   көңіл   бөлуге   тұратын   фактор.бұл   жағынан   келгенде

Оразәлі Досбосыновтың көбінен шоқтығы биік. Әсіресе, ауыл өміріне қатысты

келісімді   сөз   тіркестерін,   ұмыт   болып   бара   жатқан   ескі   сөздерді   тірілтіп

ұтымды пайдаланып, халықтық образды сөйлеу үрдісін айтыста тапқырлықпен

жетілдіруі көп жерде ақынның мерейін үстем етіп жүргені жұртқа аян.

Халықтықтың рухани өміріндегі ауытқулар мен серпілістер де  айтыскерлердің

назарынан   қалмайтын   негізгі   тақырыптардың   бірі.   Мұхамеджан   Тазабеков

Бекарыс   Шойбековпен   айтысында:   «Мәсінің   қонышындай   тар   заманда,

Кебежедей   көңілін   кең   сақтаған»   -   депті.   Бұл   жерде   Мұхамеджан   Өтпелі

дәуірдің   қиыншылығын   көріп,   экономикалық   қыспақта   отырса   да,   халықтың

рухани   байлықтан   айырылмаған   дегдар   тектілігін   айнытпай   әрі     өте   әсерлі

жеткізген [6. 3].

Айтыс   –   еріккеннің   ермегі   емес,   биік   өнер.   Ол   –   сөз   бен   ойдың,

тапқырлықтың шыңы. Сондықтан да айтыскерлерге терең білім, үлкен даярлық

керек.   Айтысқа   әр   ақын   өзінше  дайындалады.   Бұл   баяғыдан   солай   болатын.

Тарихты зерделейді, қоғамдық ой қалыптастырады. Ата сөзін жинайды. Шежіре

ақтарады. Азаттық таңы астындағы ақындар осы үрдісті онан ары дамытып,

халықтық мәселелерді көтеруді айтыстың ажырамас бөлігіне айналдырды. Түре

айтыс па, сүре айтыс па, бәрінде де әлеуметтік мәселелер кең қамтылады. Бұл

37


үрдістің орнығып қалыптасуында атақты ақын Мұхамеджан Тазабековтың орны

ерекше. М. Тазабеков – айтысқа күшті даярлықпен келетін ақын. Әр кезекте өзі

туралы, қарсыласы туралы және тыңдарман жұрт туралы қатарынан ой қозғап

отыру   Мұхамеджанның   айтыстағы   өзіндік   стилі   болып   қалыптасты.   Осы

заманғы   айтыстың   көшбасшысы   болған   ақынның   тағы   бір   ерекшелігі   айтар

сөзге   де,   ойға   да   бірдей   мән   беріп,   қапысыз   даярлық   жасауынан   көрінеді.



«Серкесіз   өрген   қойдай   бытырайды,   Ақылсыз   айтылған   сөз   айтыстағы»,-

дегені ақынның айтыстағы ұстанымын танытады. Әр ақында осындай талап,

осындай ұстаным болса, айтыс өнерінің еңсесі түсе қоймасы анық.

Айтыс – қазақ халқының ежелден тұтынып келе жатқан төл өнері; хан деп,

қара   деп   бөліп   жатпай,   мінін   бетіне   басып,   шыбын   жанын   шырқыратып

шындықты айтатын дегдар өнер. Сондықтан да оған алақанына салып әлпештеп

ұстайтын, шындыққа тура қарай алатын дегдарлық керек. Шүкір, бұл дегдарлық

біздің   халқымызда   бар.   Халқымыздың   бүгінге   дейін   айтысты   асқақтатып,

әлпештеп   отырғаны   ұлттық   демократиямыздың   жоғары   деңгейін   көрсетеді.

Қытай жазбаларында Таң патшалығы дәуірінде түрктердің «қыса» (қаса –қазақ)

тайпасы   домбырамен   айтысады   деп   жазылғанын   ескерсек,   айтыс   өнерінің

тарихы   біздің   халықтық   тарихымызбен   тамыры   бірге,   тереңде   жатқанын

көреміз.

Қорытындылай   келе,   тәуелсіздік   таңы   аясында   өткізіліп   келе   жатқан

ақындар   айтысын   теледидардан   көріп,   тамашалау   халықтың   рухани   қажетін

қанағаттандырғанмен,   айтысты   зерттеуге   ынтасы   ауған   жастардың   қажеті

өтелмей келеді. Оның үстіне айтыс бүгінгі тыңдарманның дүниесі ғана емес,

ертең   келер   ұрпаққа   керек   мұра.   Теледидардағы   айтыс   мәтіндері   жазылған

кассеталар тозып, ондағы айтыстар жойылып барады. Бабалардан қалған аталы

өнерді кейінгі ұрпаққа табыстау – бүгінгілердің міндеті.



2  Қазақ фольклорындағы отбасылық ғұрып

38


2.1 Әлпештеу фольклоры 

Қазақ отбасының бағзы замандардан бергі даму тарихы тұтастай алғанда,

жалпы адамзат қоғамының даму сатыларымен ортақтаса, сабақтаса байланысып

жатқанмен,  қазақ   деген     халықтың   қалыптасып,   өркендеуіндегі   түрлі   тарихи

жағдайларға сәйкес өзінше ерек болмыс танытады. Сондықтан да қазақ отбасы

жөнінде   жинақталған   этнографиялық,   фольклорлық   материалдар   мен

зерттеулер   қомақты   көлем   құрайды.   Сол   мол   мұраның   алтын   арқауы   –

фольклорлық   шығармалар   –   халық   зердесін   заман   ағымы,   ғылымның   жаңа

талаптары   тұрғысынан   қайыра   саралауға   апаратын   баспалдақ   және   осы

зерттеудің табан тірер тұғыры да болмақ.

Көне   түркі   жазба   ескерткіштеріндегі   нұсқаларынан   бастау  алатын   қазақ

отбасы фольклорының тарихы – тамыры тым тереңнен тартады.

Олардың ішінде отбасылық әдет – ғұрыптар, салт – дәстүрлер жөніндегі

этнографиялық деректер өз алдына бір төбе. Өйткені көне деректердің тереңіне

бойлаған сайын этнографиялық деректер мен фольклорлық үлгілердің арасына

шек   қоюдың   өзі   қиындап,   бір-бірінен   ажырамастай   тұтас   құбылысқа   айнала

береді.Бұл, әсіресе, отбасы фольклоры тәрізді кіндік бауы халықтың тұрмыс –

салтына берік байланған жанрлық түрлерге тән өзекті ерекшелік. Яғни, ғұрып

фольклорының жанрлық түрлерінің қай – қайсысы болмасын халықтың тұрмыс

–салтымен   біте   қайнасқан   құрыштай   құрылым.   Фольклорлық   шығармалар

тұрмыстық ғұрыпты қолдап, демеп отыратын қосалқы дүние ғана емес,ол сол

тұрмыстық ғұрыптың қалыптасу кезеңдерінде бірге өріліп, оның ішкі ділін сөз

өрнегіне сіңірген бірінсіз бірін толық тануға болмайтын тұтас әлем. Сондықтан

да, фольклорлық шығармаларды тек сөз өнері ретінде ғана емес, этнография

ғылымының шегінде қарастыру әлемдік тәжірибеде орныққан үрдіс.

Егер отбасы фольклоры ұғымын кең мағынасында алсақ, оған отбасында

атқарылатын ғұрыптарға байланысты сөзбен өрнектелген поэзиялық, прозалық

(арбау, ұшықтау, аластау, байлау,бата, алғыс, қарғыс, т.б.), драмалық (ойын –

сауықтық) шығармалардың барлығын енгізуге болады.  

Біз   бұл   жерде   адамның   тууы,   үй   болуы   мен   дүниеден   өтуі     кезінде

атқарылатын ғұрыптарға қатысты орындалатын өлең –жырларды ғана тексеруді

мұрат   тұтып   отырмыз.   Оны   жалпы   фольклортану   ғылымында   «отбасылық

ғұрып фольклоры» деп атау қалыптасқан.

Отбасылық   ғұрып   фольклорында   елдің   әдет   –   ғұрып,салт-дәстүріне

қатысты  тұрмыстық мән мен көңіл тербетерлік лирикалық астар домбыраның

қос ішегіндей қатар тартылып отырады. Жалпы, лирика жанрының асыл тегінің

ғұрыптық  шығармалардан  бастау алатынын  ғалымдар  әлдеқашан  дәлелдеген.

Оның үстіне қазақ отбасы фольклорының ХІХ ғасырдан беріде хатқа түскен

көптеген   үлгілері   ғұрыптық   тегінен   алыстап,   көркемдік   (лирикалық)   сипаты

басым бола бастаған шығармалар. Мәселен, бесік жыры өзінің ғұрыптық тегін

жоғалтып,   ананың   ішкі   сезімін   жырлайтын,   өз   алдына   ғұрыпсыз   да

орындалатын   лирикалық   шығармаға   айналған.   Ал   жар-жар,   сыңсу,   жоқтау

сияқты танымал жанрлық түрлер ғұрыпқа қатысты орындалғанмен, оларда да

39


адамның   ішкі   сырын   шерту   сияқты   лирикалық   сипат   басым.   Қазақ

фольклортану   ғылымында   мұны   алғаш   аңдап,   таныған   М.   Әуезов   оларды

«сыршылдық   салт   өлеңдері»   -   деп   атаған.   Мұндағы   «сыршылдық»   сөзінің

астарында   «лирика»   термині   жатыр.   Яғни,   отбасылық   ғұрыпқа   байланысты

айтылатын өлең - жырлардың поэтикалық құрылымы күрделі. Ол бір жағынан

отбасында   атқарылатын   әртүрлі     дүниетанымға   сай   практикалық   міндет

атқаратын бір қырымен ғұрыптық рәсімдермен бірге дәстүрлі наным – сенімге

байланысты туған жанрларға жақындаса, екінші жағынан адамның күнделікті

тұрмыс   –   күйін   өрнектеп,   ішкі   сезім   сырларын   шертетіндіктен   лирикалық

шығармаларға жанасады. Бұл жағынан оны «ғұрыптық лирика» деп айдарлап,

халық лирикасының санатына қосуға да болады.

 Дегенмен, фольклортану ғылымында ертеден қолданылып келген «халық

лирикасы»   терминінің   ауқымы   кеңдеу,   өйткені   оған   ғұрыпқа   қатысты

шығармалармен қоса, әдетте, ән – өлеңдер, тарихи өлеңдер, ғашықтық жырлар

сияқты көркем  (ғұрыптық емес) жанрлық түрлер тоғыстырыла қарастырылады.

Көптеген   зерттеулерде   халықтық   лирика   ретінде,   негізінен,   ғашықтық   әндер

ұғынылып келді. 

Потебня   А. А.   былай   дейді:   «Жалпы   табиғатқа,   оның   мызғымас

құбылыстарына етене жақын, өзінің тұйықталған аясында өте баяу өзгеретін үй

шаруашылығы еніп жататын жаңалықтар мен құбылыстарға қатысты қарағанда

әйел тұлғасы ерлерден гөрі өзгергіш, құбылмалы мәнге ие. Ал әйел – отбасында

бағзы заманнан қалыптасқан, қазір түсініксіз болып бара жатқан көне наным –

сенімдер   мен   әдет–ғұрыптардың   басты   сақтаушысы».   Сондықтан   да

отбасындағы   әдет   –ғұрып,   салт   –   сананың   барлығы   әйелсіз   атқарылмайды.

Және ол –жай ғана қатысушы емес, оны ұйымдастырып, атқаратын басты тұлға.

Фольклорлық   шығармаларды   дәстүр   дәстүрге   лайықтап   шығарушылар   мен

орындаушылар   да,   негізінен,   солар.   Сондықтан   да   отбасылық   ғұрып

фольклорының ішкі рухында қазақ әйелінің еркін де, нәзік жан дүниесі көрініс

береді. Бесік тербетіп отырған әйел балаға деген мейірім шуағын ғана төгіп

қоймайды,   өз   басының   мұңын,   тіпті,   әлеуметтік   теңсіздікті   де   өлеңге   қосып

айта   береді.   Отбасылық   ғұрып   фольклоры   –   осындай   ішкі   иірімдері   мол,

ғұрыптық та, лирикалық та астары қосқабат, көп қыртысты жанр.

Яғни, бұл зерттеуде адамның туу – ер жету - өлу цикліне енетін ғұрыптарға

байланысты   туып   қалыптасқан,   бірақ   соңғы   кезде   ғұрыптық   сипатынан   гөрі

көркемдік әрі басым бола бастаған, адамның пәни мен бақи дүниеге деген ішкі

сезім күйін жырлайтын өзіндік қалыптасқан көркемдік жүйесі бар поэзиялық

шығармалар сараланады.

Фольклортану   ғылымының   соңғы   кезеңдегі   даму   үрдісіне   назар   салсақ,

оның зерттеу аясының анағұрлым кеңейгендігін көреміз. Ол – заңды құбылыс.

Өйткені ежелгі қоғамда адамзаттың барша рухани әлемін құшағына сыйғызып,

күрделі құрылымда, қолданбалы, синкретті сипатта өмір сүрген фольклор дами

келе барынша бұтарланып, жанрлық түрлерге бөлшектенгенмен де, өзінің бүкіл

ішкі рухымен халықтың ежелгі дүниетанымымен, әдет–ғұрып, салт–дәстүрімен,

байырғы мәдениетімен тамырлас, бір діңнің саласындай мәуелі рухани мұра.

Сондықтан да оны сөз өнері арқылы жасалған табиғатына қарап, әдебиеттану

40


ғылымына   қарай   телігенмен,   зерттеу   барысында   этнография,

археология,музыкатану,   пәлсапа,   этнопедагогика,   этнолингвистика   сияқты

тонның ішкі бауындай етене жақын ғылымдардың тоғысқан шегінде қарастыру-

әлемдік ғылым өнегесі.

Қазақтың отбасы фольклорын жалпы қазақ фольклорының тұтас жанрлық

саласы   ретінде   қарастыра   отырып,   оның   жанрлық   табиғатын,   ішкі   жанрлық

түрлерін саралау, олардың өмір сүру заңдылықтарына барлау жасау; ғұрыптық

фольклордың   поэтикалық   құрылымын,   этнографиялық   байланыстар

типологиясын   зерттеу,   көркемдік   құралдары   мен   тәсілдеріне   көңіл   бөлу;

отбасылық ғұрып фольклорының жалпы қазақ фольклорынан алатын орынын

анықтау осы зерттеудің басты мақсаты болды.

Отбасылық ғұрып фольклоры үлгілерінің өте көне жанр екендігін Махмұт

Қашқаридың   «Диуани   лұғат   ит   -   түрік»   еңбегінде   [41.115]   кездесетін   өлең

үлгілерінің   сипатынан   да   аңғаруға   болады.   Түркі   тілінің   энциклопедиялық

сөздігінен отбасы лирикасының бүгінгі ұғымдағы үлгілерін таппағанымызбен

де,   табиғаты   жағынан   үйлену   ғұрып   жырлары   мен   жоқтау  сарынына   жақын

келетін шығармаларды көптеп кезіктіруге болады. Мәселен:

Туңур қаздың болұшты,                         Қарсы құда болысты,

Қырқын тақы қолұшты.                          Күңін дағы қаласты;

Емді тышым қамашты                             Енді тісім қамалды,

Алты тұрұмтайымны.                               Алды Тұрымтайымды. 

Күглер қымұғ түзүлді                                  Күйлер түгел түзілді,

Ыврық ідзіш тізілді.                                    Көзе, ыдыстар тізілді.

Сенсіз өзүм өзелді                                        Өзегім сенсіз үзілді,

Келгіл амұл ойнлым                                     Кел, жан жай тауып ойналық.-

деген   сияқты   бәйіттерден   мазмұн   жағынан   үйлену   салт   жырларына   жақын,

жастық   дәурен,   ғашықтық   өлеңдердің   үлгілерін   танимыз.   Өлең  мәтіндерінен

сол заманның өзінде құда болып, қалың берісіп, қыз ұзату салтының орныққан

ғұрып екендігін білеміз.

Алып Ер тоңа өлдү мұ,                                    Алып Ер тоңа өлді ме?

Есіз ажұн қалды мұ,                                        Жаман дүние қалды ма?

Өзлек өшін алды мұ,                                        Заман өшін алды ма?

Емді жүрек иыртылұр                                    Енді жүрек жыртылар!

Ерді ашын татұрған                                     Ер еді асын татырған,

Иавлақ нағыз қатарған.                                Зұлым жауды қашырған.

Боинын тұтып қадзыран                               Мойнын тұтып қайырған,

Басты өлүм ағтару                                         Өлім басты аударып...

Өдзлек ырығ кевреді,                                      Заман әбден тозды,

Иұныш иавұт  таврады.                               Осал жауыз қозғалды.

Ерделі неме саврады                                      Өнер біткен сиреді,

Ажұн бегі шертілүр                                      Дүние бегі (Афрасиаб)  жоғалып

– тәрізді өлеңдер ежелгі жоқтау жырларынан іріктеліп алынған үзінділер тәрізді

41


әсер қалдырады. Әсіресе, түркі халқының Ер тоңа ердің (Афрасиаб) жоқтауын

ұзақ   жылдар   жадына   сақтағанын   көреміз.   Көне   жоқтаудың   сарыны   қазақ

жоқтауларының мазмұнымен етене қабысып жатыр. Ежелгі түркі жырларының

болмыс   –   бітімін   танытатын   мұндай   нышандарды   «Құдатғу   білік»,   «Кодекс

куманикус», «Оғыз нама», «Қорқыт ата», т.б. ескерткіштерден де табуға болады.

Қазақ өз алдына іргелі ел болып, шаңырақ көтерген, қазақ тілінің ұлттық

тіл   ретінде   кемеліне   келген   кезеңіндегі   жыр   үлгілерінің   хатқа   түсе   бастауы

ХҮІІІ ғасырдан басталады. Бұл қазақ хандығының іргелес жатқан орыс елімен

тығыз қарым – қатынасқа түсіп, Ресейдің отарлау саясатының белсенді  жүзеге

аса бастаған кезі.

Қорыта   айтқанда,   отбасылық   ғұрып   фольклорының   поэтикасы   –   жалпы

фольклор поэтикасымен астасып жатқан аса күрделі әлем. Оның ерекшелігі, ең

алдымен,   халықтың   тұрмыс   –   тіршілігімен   байланысып   жатқан   ғұрыптық

сипатымен айқындалады. Яғни, ғұрыптық фольклор поэтикасы оның атқаратын

практикалық   қызметтеріне,   этнографиялық   байланыстар   типологиясына

тәуелді. Яғни, отбасылық ғұрып фольклорының поэтикалық жүйесінің – ондағы

формулалардың,   клишелердің,   троптардың,   қайталаулардың   пайда   болуында,

қалыптасуы   мен   дамуында   мифтік   санадан   бастау   алатын   ғұрыптық

дүниетанымның   орны   ерекше.   Оған   біз   отбасылық   ғұрып   фольклорының

этнографиялық байланыстар типологиясын қарастыра отырып көз жеткізгендей

болдық. Ықылым замандардан бері көркемдік ойдың өзі әлденеше кезеңдерден

өтіп,   көркем   лирикаға   айнала   бастаған   отбасылық   ғұрып   фольклорының

табиғатынан ежелгі синкретизм қалыптастырған бағзы ғұрыптық дүниетаным

сілемдерін әлі де байқауға болады. Отбасылық ғұрып фольклорының туу – ер

жету – өлу сияқты үш саласында бірдей қайталанатын типтік жағдайлар мен

«ортақ   тұстардың»   сырының   да   сол   көне   рәсімдерде,   Арнольд   ван   Геннеп

айтқандай,   «өтпелі   ғұрыптарда»   жатқандығын   этнографиялық   параллельдер

айқындай  түседі.  Фольклорлық  мәтіндер  мен этнографиялық  ортақ тұстарды

салыстыра   отырып,   отбасылық   ғұрып   жырларындағы   бірқатар   мотивтер   мен

формулалардың, құбылтулар мен айшықтаулардың, қайталаулардың, көркемдік

тәсілдердің ғұрыптық рәсімдерден бастау алатындығын аңдатуға болады. Қазақ

отбасылықғұрып   фольклорының   жиналу,   жариялану,   зерттелу   ісі   тереңнен

тамыр алатын, өзіндік тарихы, бел белесі бар фольклортану ғылымы ғана емес,

этнография, музыкатану, өнертану, ғылымдары да әр қырынан зерделеп келе

жатқанын   көреміз.   Оның   өрісі   де   тек   Қазақстанда   ғана   емес,   Қытай   Халық

Республикасы, Өзбекстан сияқты елдерде тұратын іргелі диаспоралар аясына да

кең қанат жайған, құлашы кең сала.

Нәрестенің   шыр   етіп   дүниеге   келгеннен   бастап   халық   жыры   мен   әнін

құлағына   сіңіріп   өсетіні   анық.   Ата   –ананың   сәбиді   жүрегі   елжірей   сүюі,

әлпештеп,  аялап,   бағып  –қағуы  барлығы  да   жыр  тілімен  өрнектеліп,  музыка

әуенімен сүйемелденіп отырады.Халықтың тұрмыстық тәжірибесінде сәбидің

әрбір өмірлік қадамы назардан тыс қалмай дәстүрлі түрде әрқилы ырымдармен

аталып,   өнер   тілімен   өрнектеліп   келеді.   Яғни,     ата   –   ана   баланың   ауру   –

сырқаудан   аман,   денсаулығының   мықты   болып   өсуін   ғана   ойластырмайды,

бөбектің   рухани   жан   дүниесінің   де   үйлесімді   дамуын,   өз   қоғамына   лайық

42


тәрбиелі азамат болып ер жетуін де алғашқы сәттен басты назарда ұстайды.

Міне, халықтың дәстүрлі мәдениетінде осы мақсатта туып, күнделікті отбасы

тұрмысында кең қанат жайған халық поэзиясының үлгілерін фольклортануда

жеке топтастыру қалыптасқан. 

Қазақтар   мен   Орталық   Азия   халықтары   ағаштан   жасалған   тербетілетін

бесік – кең таралған, ал түркмендер оны балаға зиянды, желкесі тұтасып кетеді,

әрі көзі қыли болады деп қолданбаған. Әдетте ағаш бесік өзбектеніп кеткен

түркмендердің   үйінде   ғана   болады.   Аймақ   халықтарының   бесікке   салу

мерзімдерінде   азғана   айырмашылық   болғанымен   негізінен   ортақ.   Жерде

тербелетін   ағаш   бесік   негізінен   алғанда   қыпшақтық   мәдени   дәстүр   де,   ал

аспалы бесік оғыздық мәдени салттың негізінде қалыптасқан болса керек.

Баланың   алғаш   бесікке   бөленуі,   қыркынан   шығуы,   тіс     жаруы,   құйрық

басып отыруы, тұңғыш киім киюі,  тілінің шыға бастауы қаз тұрып, тәй – тәй

басуы   т.б.   сәттері   ата   -   ана   ілтипатынан   тыс   қалмайтыны   анық.   Олардың

барлығы   да   түрлі   ғұрыптық   салттармен,   ырым,   жоралғылармен   атап   өтіліп,

тілектер айтылады.

Мұндай   тілектер   негізінен   көбіне   –көп   экспромтты   түрде,   әркімнің

қабілетіне   қарай   суырып   салып   айтылатындықтан   барлығы   бірдей   өлең

дәрежесіне жете бермейді, көбі қарасөз күйінде болып келеді.

Әрине,   кез   келген   жіктеу,   саралау   –   ең   алдымен   шығарманың   ішкі

табиғатынан   шығатыны   белгілі.   Бұл   орайда,   белгілі   фольклортанушы

С. Қасқабасовтың:   «Әр   халық   фольклорының   ерекшелігі   сол   халықтың

тұрмысына,   қоғамдық   құрылысы   мен   мәдени   дамуына   байланысты»,-   деген

сөзін жадыда ұстаған парыз [11.21б.]. Дегенмен, әлем халықтарының тұрмыс –

тіршілігінде   жалпы     адамзатқа   тән   ортақтастықтар   қаншалықты   мол   болса,

олардың рухани мұрасындағы өзектес желілер де соншалықты мол.

Нәрестенің   дені   сау,  ауру   –   сырқаудан   аман,   шыныққан,   ел   армандаған

мықты азамат болып өсуі үшін туған сағаттан бастап – ақ қам жейтін ата –ана

халық   тәжірибесінде   әбден   қалыптасқан   дәстүрлі   әрекеттерді   бұлжытпай

орындайды:   суға   шомылдырады,   майлап,   сылайды,   денесін   жазып,   түрлі

жаттығулар   жасатады,   кеудесіне   отырғызып,   мойнына,   тізесіне   мінгізіп

ойнатып   жүріп   буынын   бекітеді.   Бұл   әрекеттер   –   қай   халықтың   болмасын

өмірлік   тәжірибесінде   әбден   сыннан   өтіп,   жылдар   бойы   мысқалдап

жинақталған   халық   педагогикасының   жемісі.   Бала   тәрбиесіндегі   осы

әрекеттердің   барлығының   да   әнмен,   жырмен,   сөзбен   сүйемелдене   отырып

жасалатынын байқау қиын емес. Ата – ана баланың дене құрылысын дамытуға

арналған   жаттығу   әрекеттерін   жасай   отырып,   өлең   ұйқасы,   ән   сазы   арқылы

олардың   көңілін   де   аулайды   және   оның   ішкі   сезімін,   тілегін   де   сыртқа

шығарады.   Фольклортану   ғылымында   мұндай   өлеңдерді   мәпелеу   жырлары

(пестушки) деп топтастыру қалыптасқан.

  «Пестушки, - деп жазады орыс фольклоршысы В.П. Аникин, - получили

свое  название  от слова пестовать – нянчить, растить, ходить за  кем – либо,

воспитывать,   носить   на   руках.   Это   короткие   стихотворные   приговоры,

которыми   сопровождают  движения   ребенка  в   первые   месяцы   жизни».   Қазақ

ұғымындағы «мәпелеу» сөзі де осы түсінікке жақын. Сондықтан да, бұған дейін

43


жеке жанрлық түр ретінде сараланбаған бұл өлеңдерді біз «мәпелеу жырлары»

деп атадық.

Ол сәби денесінің құрыс –тырысын жазып, сергітіп қана қоймайды, жанын

да   жадыратады.   Ана   бала   құлағына   жағымды   сөзбен   жаттығу   әрекеттерін

сүйемелдей өлеңдетеді. Бұл өлеңдердің ырғағы жаттығу әрекетіне лайық болса,

мазмұны:


Өс, өс, балам, өсе бер,

Батыр бол балуан білекті.

Батыл бол таймас жүректі!

Аяғыңды созайық

Саусағыңды жазайық

Етті болсын балтырың,

Епті боп өс, жарқыным!

Өс,өс,өс,  -   деген   сияқты   балаға   жақсы   тілектер   тілеу   сипатында   болып

келеді.


Жылап   отырған   балаға   кімнің   болмасын   мейірімі   түсіп,   асты   –   үстіне

түскісі келетіні – табиғи нәрсе. Тілі әлі толық шығып, есі кіре қоймаған  сәбиге

ата –анасы:

Жас алыпсың көзіңе,

Не болды екен өзіңе?!

Саған тиген кісінің

Қолы сынсын таң ата,

Көзі   шықсын   күн  ата,  -  деп   өзінің   ішкі   эмоциясын,   жәбірлеген   адамға

деген ренішімен қоса қабат әзіл өлеңмен білдіреді. Сәби сәл қара тұяқ болып,

аяғы, тілі шығып, өз бетімен ойынға айнала бастаған уақытта баланың белгілі

бір   дене   мүшесін   пайдалана   отырып,   алдарқататын   ермек   –   ойын   өлеңдер

басым бола бастайды.

Бесік жырларын көпке дейін фольклоршылар тұрмыс–салт жырларының

арнасында қарастырып келеді. Оның өзіндік себебі де бар–ды. Өйткені балалар

фольклоры деген ұғымның өзі фольклортану ғылымында Г.С. Виноградовтың

еңбектерінің   нәтижесінде   ғана   бертінде,   тек   30-жылдар   ішінде   қалыптасты.

Және оған тек балалар репертуарындағы шығармалар жатқызылып келді.

Бесік   жырына   айрықша   мән   беріп,   оны   алғаш   зерттеу   объектісіне

айналдырған   зерттеушілердің   бірі   –   С.Сейфуллин.   Оның   1932   жылы   жарық

көрген «Қазақ әдебиеті» атты еңбегінде бесік жырына арнайы орын беріліп,

жанрлық   ерекшеліктері,   эстетикалық   мұраты   мен   тәрбиелік   қызметі,   кейбір

көркемдік қырлары сөз болады [40.5].

Мәселен, бесіктің арқалығын қару, оған үкі, қасқырдың азуы сияқты заттарды

іліп қою, баланың басына пышақ, қанжар, т.б. заттар жастап қою Орта Азия

халықтарының көпшілігіне ортақ. Ал, бос бесікті тербетпеу салты бар халықта

бар. Қазақта баланы бөлерде бесікті отпен аластап:

Алас, алас, пәледен қалас,

Көзі жаманның көзінен алас,

Тілі жаманның тілінен алас,

Қырық қабырғасынан алас,

44


Отыз омыртқасынан алас! –  дегендей ырым өлеңдер айтылады. Мұндай

анимистік ұғым әр халықта сақталған.

Бесік жырының мазмұндық құрамын іштей жіктеу жөнінде де ғалымдар

түрлі толғамдар айтады.

О.И.   Капица   орыс   халық   бесік   жырларын   мазмұнына   қарай   «балалар

әлемін бейнелейтін», «аналар сырын шертетін жырлар» деп екіге бөлсе [43.11

б.],   Н.М.   Элиаш   оны   1)   Бесіктегі   бала   күтіміне   байланысты   (колыбельная

оберега)   2)   тарихи   3)   тұрмыстық   4)   кеңестік   кезеңдегі   бесік   жырлары   деп

төртке бөледі. Кеңес дәуіріндегі бесік жырлары дегенге қосылмағаны болмаса,

М.Н.   Мельников   жіктеуі   осыған   ұқсас.   Өзбек   бесік   жырларын   зерттеуші   А.

Сафаров та осыны қолдайды.

А.Н. Мартынова бесік жырын «Дәстүрлі және дәстүрлі емес» деп екі жікке

бөледі.Татар зерттеушісі Р.Ф. Ягафаров та осыны қолдай отырып, оған «қазіргі

тақырыпқа арналған бесік жырлары» дегенді қосады [55.8 б.]. Біздіңше, қазақ

бесік   жырларының   табиғатына   А.   Мартынованың   жіктеуі   жақын   келетіндей.

Өйткені жоғарыдағы зерттеушілердің жіктеулері шындығында осы топқа сіңісіп

кетеді.   Дәстүрлі   бесік   жырларынан   біз   негізінен   «бесіктегі   бала   күтіміне

байланысты» тілектерді танысақ, «дәстүрлі емес» жырлардан аналардың ішкі

мұңын,   халық   тұрмысының,   айтулы   тарихи   оқиғалардың   ізін   көбірек

аңғарамыз.   Бірақ   бесік   жырлары   негізінен   шағын   лирикалық   толғаныс

болғандықтан   тұрмыстық   немесе   тарихи   тақырыптарды   кең   қамти   алмайды.

Сондықтан   оларды   арнайы   топтаудың   қажеті   шамалы.   Сол   сияқты

Р.Ф. Ягафаров көрсеткендей «қазіргі кезең тақырыбына арналған» деп бір топқа

жіктеу, біздіңше өте шартты. Шындығында, бұл «дәстүрлі емес» жырлардың

қатарына жатады [55.11 б.].

Мартынова   «дәстүрлі   емес»   бесік   жырларының   қатарына   жазба

әдебиетінен   алыған   немесе   ауыз   әдебиетінің   басқа   жанрларынан   ауысқан

жырларды   жатқызады.   Ал   дәстүрлі   емес   қазақ   бесік   жырларында   жазба

әдебиетінен ауысқаны жоққа тән. Ауыз әдебиетінің басқа жанрларымен үндес

келетіндері болғанымен де, оларды жолма – жол қайталамайды, олар негізінен

әртүрлі жағдайда импровизациялық тәсілмен шығарылып таралған.

Сондықтан қазақ бесік жырларын:

1. Дәстүрлі бесік жырлары.

2. Суырып салма бесік жырлары, - деп екі топқа бөліп қарастырған жөн

тәрізді.

Ұлы Абай қарасөздерінің бірінде (жетінші сөз) «Жас бала анадан туғанда

екі түрлі мінезбен туады. Біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар –

тәннің   құмары,   бұлар   болмаса   тән   жанға   қонақ   үй   бола   алмайды,   һәм   өзі

өспейді, қуат таппайды. Біреуі – білсем екен демелік, не көрсе соған талпынып,

жалт-   жұлт   еркен   болса,   оған   қызығып,   аузына   салып   дәмін   татып   қарап,

тамағына   ,   бетіне   басып   қарап,   сырнай   –   керней   болса   дауысына   дауысына

ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, иал шуласа да, біреу күлсе немесе

жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене, бұл немене» деп, ол неге үйтеді?», «бұл

неге   бүйтеді?»   -   деп,   көзі   көрген,   құлағы   естігеннің   бәрін   сұрап   тыныштық

көрмейді. Мұның бәрі - жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен

45


деген» [53. 138 б. ]- деп жазады. Міне, осы «жан құмарлығын» халық бесік

жыры арқылы өтеуге тырысады. Бала ең алдымен ата, әке, апа, көке сөздерін

естісе, бесік жыры арқылы алғашқы өмір әуендерін құлағына сіңіре бастайды.

Әрине, бесік жырының мазмұн – мәнін бала бірден қабылдап кете алмайтыны

сөзсіз. Нәрестенің өсу, жетілу деңгейіне қарай бесік жырының мазмұнына да

өзгеріп отырады.

Халық   тұрмысында   бесік   жырын   айтушылар   аналар   ғана   емес.   Оны

немересін жұбатқан аталар мен әжелерден бастап, отбасы мүшелерінің барлығы

да орындайды. Әдетте, қазақ отбасы көп балалы болатындықтан ересектерінің

кішілерін   бағып   тәрбиелеуі   үйреншікті   жағдай.   Кейде   бесік   жырын   балалар

кезектесіп те айтатын көрінеді. Бірінші бала: 

Апаң кетті бел асып,

Беліне белбеу жарасып,

Тезек теріп жүргенде

Кетіп қапты  адасып.

Екінші бала:



Апасы оның келеді,

Жұмыртқа әкеп береді.

Дәркен оны біледі,

Жыламайды, күледі. –деп этнограф С. Қасиманов бесік тербетіп отырған

балалардың   жырды   кезектесіп   орындайтындығын   да   жазады.   Жалпы   көп

балалы   отбасында   ересек   балалардың   бағып   –   қағуы   –   көпшілік   халықтар

тұрмысындағы   дәстүрлі   құбылыс.   Қазақ   балалары   да   отбасылық   өмірдің

күнделікті тіршілігіне ерте араласады. Көргенді ата – аналар «Істегенің бізге

жақсы, үйренгенің өзіңе жақсы», - деп оны қолдап отырады. «Бесік жырын –

ана жыры» дегенімізбен, оны бесік тербеткен әжелерден бастап, әркім орындай

береді. Оған бесік тербеткен адамның:



Әлди, әлди, алайын,

Атқа тоқым салайын

Қыдырып кеткен апаңды

Қайдан іздеп табайын? – деп әндететіні де дәлел.

 

Қорыта айтқанда, бесік жыры телегей – теңіз қазақ фольклорында өзінше



орны бар жылы ағыстың бірі. Халықпен көне заманнан бері бірге жасасып, бала

тәрбиелеу   ісінде   үлкен   қызмет   атқарып   келе   жатқан   балалар   фольклорының

арналы саласы. 

Шілдехана соңында берілетін бата – ақ сақалды қарияның сәбиге, оның

ата–анасына   арнап   айтқан   ақ   тілеуі.   Бұл   –   сәби   атына   үлкендер   тарапынан

білдіретін алғашқы тілек. Олардың мазмұны мынандай болып келеді:



Сары тісті болсын,

Ақ шашты болсын.

Өмірі ұзын болсын,

Уайымы аз болсын.

Жас балаға берілетін батаның түрі көп. Мәселен, балаға берілетін соңғы

кездегі батаның бір үлгісін этнограф Д. Ескекбаев келтіреді:

Әмин десең міне, бата,

46


Қолдасын Қыдыр ата.

Қызырың қияласын,

Періштең ұяласын.

Балаға бақ берсін,

Бас берсін, өмірі ұзақ жас берсін,

Кетпес ырыс, кең пейіл берсін.

Қазақ халқы арасында кең тараған этнографиялық астары мол сондай салт

өлеңдерінің бірі – «тұсау кесу» жыры. Өлеңнің аты да халықтың тұсау кесу

ырымына байланысты қойылған. Бұл ырым бала өміріндегі елеулі оқиға ретінде

атап өтіледі.Ырымның негізі аяғынан қаз тұрып, апыл – ғұпыл жүре бастаған

сәбидің қадамын байлап тұрған тылсым күш бар, соны қыйып жіберсе, бала

жүгіріп   кетеді   деген   көне   магиялық   ұғымнан   туған   сияқты.   Бұған   ұқсас

түсінікті әлем халықтары тарихының барлығында болғандығы белгілі – ал Орта

Азия халықтарының көпшілігінде бертінге дейін сақталған. Мәселен, қарашай –

балқар халқында бұл ырым «жанға атлан» (алғашқы қадам) деп аталады. Бұл

салт бойынша, бала алғаш жүре бастаған сәтте жүгері ұнынан күлше пісіріп,

оны сәбидің аяғының арасынан домалатады.нанды ұстап алуға талпынған бала

әрекетін қызықтаған әйелдер:

Хайда, хайда, топ, топ...

Балачығым, топ, топ, топ...

Онг жанына топ, топ...

Ерге, енше, топ, топ...

Балачығым, топ, топ... – 

 деп әндетеді. 

Бұл ырымның жүзеге асуы қазақ пен қырғыз халқында бірдей. Ол үшін

аяғынан   қаз   тұрып   жүрген   баланың   аяғын   ала   жіппен   майлы   тоқ   ішек

араластырып (кейде шөп араластырады) тұсайды да, тұсауды аяғы жеңіл, ширақ

жүрісті адамға кестіреді. Содан соң отырғандар баланы жағалата жетектеп:



Тәй, тәй, балам, тәй, балам,

Жүре қойшы, жәй, балам,

Қарыс, сүйем қаз бастың,

Қадамыңнан айналдым... –

деп әндетеді. Бұл жерде баланың аяғын ала жіппен тұсауда да астарлы мән

бар.

Халық   тұрмысында   ала   жіпке   байланысты   басқа   да   этногрфиялық



детальдар   сақталған.   Соның   бірі   мынандай:   Араздасқан   екі   адамды

татуластырған кезде ертеректе билер оларға ала жіп ұстататын болған. Керіліп

тұрған жіпті екі адамға сыйлы, беделді адам ортасынан қиып жіберген.Оның

мәнісі   –   егер   уәде   бұзып   бір   –   бірімізге   қайтадан   жаулық   сағынсақ,   тәңір

жазамызды   беріп,   осы   ала   жіптей   қиылып   қалайық   деген   сөз.   Қазақтардың

адамдарға қиянат жасаған емеспін деудің орнына «Ешкімнің ала жібін аттаған

жоқпын» дейтіні   де сондықтан. «Ала жіп» - қазақ ұғымында белгілі әдептің

шегі. Ел ішінде қораға ит –құс (қасқыр) тимесін деп қора аузына ала жіп құрып

қоятын да салт бар. Яғни, халық түсінігінде ала жіп – киелі ұғымға ие.

Күрмеуіңді шешейік,

Тұсауыңды кесейік...

47


...Ала жіпті алайық,

Әжеңе алып барайық,

Ер жетті деп айтайық,

Шашуын жеп қайтайық, -

деп әндетеді.

Жырдың   негізгі   мазмұны   соңғы   кезеңде   алғашқы   ырымдық   қасиетінен

ажырап «Елгезек бол ерінбе, ілгері бас, шегінбе...» сияқты ақылгөй тілектермен

байытылған.  Әрине,  соңғы  кезеңде  бұл жырлардың  әдет  –  ғұрыптық  астары

тіптен ұмытылып бара жатыр. Қазіргі уақытта тұсау кесу ырымы көп отбасында

жасала да бермейді, бірақ баланы қаз тұрғызып, жетелеп аяқтандырған уақытта

жырмен сүйемелдеу салты әлі бар. Ол жырларда:



Қаз, қаз, балам, қаз, балам,

Қадам бассаң мәз болам

немесе:

Тәй, тәй, балам, тәй, балам,

Жүре   қойшы   жәй,   балам...  деген   сияқты   «қаз   -қаз»,   «тәй   -тәй»   сөздері

баланың   аяқ   басу   ырғағымен   дәлме-   дәл   қайталанып   келіп   отырады.   Бала

өміріне байланысты әдет – ғұрыптары, әрине, мұнымен шектелмейді. Олардың

қатарында «тіл -ашар», «тоқым қағар» сияқты толып жатқан үлкенді – кішілі

дәстүрлі салттар баршылық, бірақ оларға байланысты өлең –жырлар көбінде

хатқа түспеген. Мағжан Жұмабаев 1922 жылы «Педагогика» оқулығын жазған

ағартушы. Осы оқулығының бірінші бөлімі педагогиканың жалпы мәселелеріне

арналған. Оның пікірінше тәрбие саласы төртке бөлінеді. Олар: дене, жан, ақыл

және   сұлулық   пен   әдеп–ғұрып   тәрбиесі:   «Егер   де   адам   баласына   осы   төрт

тәрбие   тегіс   берілсе,   оның   тәрбиесі   түгел   болганы.   Егер   де   ол   ыстық-

суық,ашық,   жалаңаштық   сықылды   тұрмыста   жиі   ұшырайтын   күштерді

елемейтін   мықты,   берік   денелі   болса,   түзу   ойлайтын   дұрыс   шешетін,   дәл

табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы әуен, әдемі түрден ләззат алып, жан

толқындырарлық болса, жамандықтан жаны жиреніп, жақсылықты жаны тілеп

тұратын болса ғана адам баласын дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы.

Жинақтай   айтқанда,   кезінде   белгілі   ырымды   атқарудың   құралы   болған

сәбилік ғұрып жырларының соңғы кезеңдегі басты қызметі – үлкендердің, ата–

аналардың   ырым   кезіндегі   сәбиге   деген   ақ   тілегін,   жүрек   тебіренісін   жыр

тілмен жеткізу. Өлеңнің әрқашан бала өміріндегі түрлі әдет-ғұрып салттарымен

байланысып келетіндігі – оны басқа әлпештеу жырларынан ерекшелейтін басты

сипаты. Сәбилік салт жырлары негізінен баланың сәбилік кезеңінде, нақтылай

айтқанда,   бір   жасым   жасқа   дейінгі   аралықта   жырланады.   Өзбек   ғалымы

А. Сафаров осы ерекшеліктерді ескере келіп, бұл өлеңдерді бесік жырымен бір

топта   қарастырады.Біздіңше,  бұлайша топтау  өте  шартты,  Бесік  жыры  деген

атаудың өзі бесік тербетіп отырып айтылатындықтан шыққан. Ал сәбилік салт

жырлары   жалпы   баланың   бесіктегі   жас   кезеңінде   айтылғанмен   де,   бесікке

бөлеу, бесіктен шешіп аларда айтылатын жырлардан басқа өлеңдердің бесікке

қатысы   жоқ.   Және   атқаратын   қызметі   де   бесік   жырынан   мүлде   бөлек.

Сондықтан   да   бұл   жырларды   бесік   жырларының   бір   тармағы   ретінде

қарастырғаннан   гөрі   әлпештеу   поэзиясының   өз   алдына   жеке   жанрлық   түрі

48


ретінде қарастырған дұрыс.

Баланың мойыны бекіп, буыны қатайып денесі шымырлана бастаған сәтте,

оны   қолға   алып,   әлпештеп,   әуеге   лақтырып,   тізесіне,   мойынына   мінгізіп

ойнатады.   Мәселен,   бала   бағушы   ересек   адамдар   бір   аяғын   екінші   аяғының

тізесінің үстіне қойып, баланы оған атша мінгізіп:

Батыр балам, батыр балам,

Шауып келе жатыр балам.

Отыз қызды олжалап

Алып келе жатыр балам.

«Олжа, олжа» дегенге,

Әрбіріне бір қыздан

Беріп келе жатыр балам,

Шауып келеді, шауып келеді, -деп әндетеді. Өсе келе бала бос тұрған ер

тоқымға   т.б.   ыңғайлы   заттарға   мініп,   сол  әрекетті   қайталайды.   Бұл   баланың

бұлшық еттерінің қалыпты дамуына, батыл болып өсуіне ықпал етеді.

Шынында   да   саусақ   ойындары   –   барша   халықтарға   ортақ,   кең   тараған

ойын. Олардың айырмашылығы халық педагогикасымен жымдаса өрілген ел

өмірінің, шаруа тұрмысының, халық дүниетанымының көріністерінде. Мәселен,

жоғарыда Ә. Диваев келтірген саусақ ойынының негізінде саусақтардың неге

ұзынды   –   қысқалы   болып   жаратылғандығы   жөніндегі   көне   миф   жатыр.

«Алғашқыда адам саусақтарының ұзындығы бірдей болыпты – мыс. «Ұрлық

істейік», - деп жамандыққа бастағаны үшін құдай басбармақты ортасынан кесіп

тастапты.   «Істесек   істейік»   -   деп   қостағаны   үшін   сұқ   саусақты   да   қысқарта

кесіпті. «Құдайдан қорықпайсыңдар ма?» - дегені үшін ортан қолға тиіспепті.

«Құдай   не   істейді»   дегені   үшін   шынашақты   одан   да   қысқартыпты»   -   дейді

ежелгі қазақ мифі.

Астарында үлкен тәрбиелік мән жататын уату – алдарқату жырларының

әрқайсысының   мазмұнынан   халық   тұрмысының   өзіндік   ерекшеліктері

танылады.

Қазақ   халқы   арасында   кең   таралған   сондай   уату   жырының   бір   түрі   –

«Қуырмаш». Жылап отырған баланың алақанын алып: «Қуыр – қуыр, қуырмаш,

тауықтарға бидай шаш», - деп бидай қуырғандай етіп қытықтайды да:



Бас бармақ,

Балалы үйрек (сұқ саусақ)

Ортан терек (ортан қол)

Шылдыр шүмек (аты жоқ қол)

Кішкентай   бөбек   (шынашақ)-  деп   әр   саусаққа   ат   қойып,   бүгіп   шығады.

Содан соң: кішкентай бөбектен бастап:



Cен тұр – қозыңа бар.

Сен тұр – қойыңа бар,

Сен тұр – жылқыңа бар,

Сен тұр – түйеңе бар.

Сен қария –

Қазан түбін жалап,

Үйде жат, -деп әрқайсысына міндет жүктейді.

 

49



Қазақ   баласының   өміріндегі   есепке   үйренудің   алғашқы   қадамы   да   саусақ

ойындары арқылы жүзеге асады. Оның бір үлгісі мынадай:



Бір дегенім – білеу,

Екі дегенім – егеу,

Үш дегенім –үскі,

Төрт дегенім – төсек,

Бес дегенім – бесік,

Алты дегенім – асық,

Жеті дегенім – желке,

Сегіз дегенім – серке,

Тоғыз дегенім – торқа

Он дегенім – оймақ,

Он   бір   дегенім   –   қара   жұмбақ,   -   деп   бітіреді.   Мұндағы   дыбыстық

үйлесімге құрылған ұйқасты сөздер баланы қызықтырып қана қоймайды, санды

жаттауға да жеңілдік туғызады, және санға телінген балама сөздер де баланың

күнде   көріп,   қолына   ұстап   жүрген   таныс   дүниелері.   Бұл   бір   жағынан   тіл

дамытушылық ролін де қоса  атқарады, баланың танымдық қабілетін өсіреді.

Баланы алдарқата отырып санауға үйретудің мұндай тәсілі көп халықтарда бар.

Қорыта   айтқанда,   әлпештеу   фольклоры–қазақтың   отбасылық   ғұрып

фольклорында өзінше ерек орын алатын бала тәрбиесінің бал– бұлағындай таза

да,   мөлдір   мұра.   Оның   табиғатынан   халықтың   көне   наным–сенімдерімен

астасып   жатқан   ежелгі   дүниетаным   сілемдерін   тереңірек   тануға   болады.

Сонымен қоса,  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  бала  тәрбиелеу ісіндегі  дәстүрлі

ғұрыптар   мен   ұғым–түсініктердің,   тарихи   оқиғалар   мен   кезеңдік   ақыл–ой

дамуының   да   әлпештеу   фольклорында   сайрап     жатыр.   Сонымен   қоса,   бұл

жырлар   бала   тәрбиелеу   ісіндегі   ғұрыптық   рәсімдерді   сүйемелдеп   отыратын

қолданбалы сипаттағы мұра ғана емес, ол ең бастысы жас ұрпақтың рухани

әлемін қалыптастыруды мұрат тұтатын, бала көкірегіне көркемдік нәр сіңіріп,

қиялына   қанат   бітіріп,   өнер   тылсымына   жетелейтін   эстетикалық   категория.

Әрине,   одан   поэзия   шарттарына   сыятын   кемел   көркемдік   таппағанымызбен

бала санасына, сәби жанына лайық тәрбие өскінін себетін халықтық педагогика

нәрін табамыз. Сондықтан, отбасылық ғұрып поэзиясы жөнінде сөз қозғағанда

бесік жыры, тұсау жыры, ал білек өлеңдеріне соқпай кету мүмкін емес, ілкі

зерттеушілердің   барлығы   да   солай   істеген.   Біз   бұл   еңбекте   осы   тектес

шығармаларды жинақтап, жүйелеп оған «Әлпештеу фольклоры» деген айдар

тағып, ішкі жанрлық сарасына қысқаша тоқталдым.

Әлем   халықтарының   өте   көп   тараған   саусақ   ойындарының   табиғаты

туралы айта келіп Э.Б.Тэйлор: «Біз санау өнерінің көне даму тегін зерттеген

кезде бағзы тайпалардың бірінен кейін бірінің алғашқы қауымдық саусақ санау

тәсілінен өте отырып есепке қалай үйренгендігіне қанығамыз, көне реттіліктің

шығу   табиғатын   танитын   бұл   мағлұматтар   біздің   белгілі   этнографиялық

қызығушылығымызды   оятады   »[66.18   б.]-   деп   жазады.   Санауға   үйренудің

қоғамдағы бұл көне тәсілі бала тәрбиесінде әлі күнге жемісті  қызмет атқарып

келеді.   Және   бұл   ойындардың   ішкі   құрылымдарының   тым     ұқсастығы,

мағыналық жағынан үндесіп келетіндігі кейде таң қалдырады. Осы сипаттағы

50


өлеңдерді   орыс   фольклортану   ғылымында   жеке   жанрлық   ртүр   ретінде

қарастырады   (пестушки,   потешки).   Қазақ   балалар   фольклорында   да   мұндай

өлеңдер аз болмаған. Оларды жинай келе ойын жырларының жеке  саласы етіп

жіктеуге  болады.   Балалардың   өз   бетімен   ойнап  кетуге  қабілеті   жеткен   кезде

олар үлкендердің көмегінсіз өлең, тақпақ айтып, сан түрлі ойындар ойнап, азан

қазан мәз болып жатады. Балалар творчествосының шын мәнінде қанат жайып,

еркіндікке шыға бастауы да осы кез. Ойындардың ішінде отырып та, түрегеп

тұрып та, дамылсыз жүгіріп жүріп  те ойнайтындары бар. Ойын  барысындағы

іс – әрекеттерді белгілеу, балалардың орын тәртібін анықтау, түрлі рольдерді

бөлісу, міне, мұның бәрі де өлең, тақпақтар арқылы іске асырылады.«Санамақ»,

«Қаламақ»   тақпақтары   ойын   жүргізушілерді,   жекелеген   қызметтерді   бөлісу

үшін   айтылса,   «Соқыр   теке»,   «Үй   артында   қол   ағаш»,   «Кім   ұшты?   »   тағы

басқалары бүкіл ойын процесімен тұтастық тауып, мазмұны мен түрі бойынша

әр   түрлі   қимыл   –   қозғалыстармен   бірлікте   айтылады.   Сондықтан   да   олар

ырғағы   жағынан   кейде   жедел,   енді   бірде   баяу   орындалса,   кейде   арасына

ырғақты қара сөз араласып отырады. Мазмұны әзіл – қалжың, сықаққа толы

болса,   құрылысы   мейлінше   қарапайым,   айтылуы   жеңіл,   сөздері   ойнақы.

Дыбысқа   еліктеушілік,   аллитерациялық,   ассонастық   қайталаулар   жиі

ұшырасады.



1   2   3   4   5   6


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал