Магистерлік диссертация



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата15.03.2017
өлшемі429,69 Kb.
#9593
1   2   3   4   5   6

2. 4 Балалар фольклоры

Балалар фольклорының үлкен саласы – ойын өлеңдері. Тілі шығып, сөйлей

бастағаннан, кәмелетке толып, есейген шағына дейін баланың жасына лайықты

сан түрлі ойын ойналған және олардың басым көпшілігі өлең – тақпақтармен

бірге жасап, бірін – бірі толықтырып отырған. Алғашқыда балалар үлкендердің

көмегімен, кейін біртіндеп ойын тәртібін игере келе сөздерін өздері шығарып

айта бастаған.

Ересек   адамдардың   қатысуымен   айтылатын   өлең,   тақпақтар   бұғанасы

қатпаған,   өз   бетімен   ойнап   кетуге   әлі   жарамайтын   балдырғанды   әлденеге

мазасызданса   жұбату,   көңілін   басқа   жаққа   аудару,   ол   үшін   табиғат

құбылыстарымен, жан–жануарлармен таныстыру мақсатын көздеген.

Бір   ғажабы   ойындар   балалардың   жан   сұлулығын   да,   тән   сұлулығын   да

жан–жақты  жетілдіруге  бағытталған.  Өзгені  былай қойғанда,  жан–жануарлар

қалай   дыбыстайды,   қандай   іс–әрекеттер   жасайды,   оларды   тілімізде   қалай

айтады   дейтін   танымдық,   тілдік   маңызы   зор   мәселелерді   «Қалай   айтуды

білемін» ойынының өзі – ақ балалардың құлағына құйып береді:



Әтеш – шақырады,

Есек – бақырады,

Күзен – шақылдайды,

Бақа – бақылдайды,

Шыбын –ызыңдайды,

Шіркей – ызылдайды...

Тегінде,   іс-   әрекеттерді   дұрыс   сипаттай   білу   –   тіл   мәдениетінің   бірінші

шарты болса керек. Мұны өмірге жаңа қадам басқан балдырғанның санасына

сіңірудің төте жолын халқымыз дәл тапқан.

Ертегі - бұл бейнелеп айтқанда, балалық ой мен сөздің отын маздататын

самал жел. Бастауыш сыныптарда оқушылардың қиялын дамытатын жұмыстың

бір түрі - ойдан ертегі құрастыру. Балалар ертегіні тек тыңдауды ғана жақсы

көрмейді,   олар   өздері   де   ойлап   шығарады.   Ертегі   шығару   —   мұғалім   үшін

балалармен рухани қарым-қатынас жасау болса. ал балалар үшін теңдесі жоқ

ойлану шаттығы болады. Олар ертегіге құмартады. Белгісіз, түсініксіз нәрсе.

әсіресе   ғажайып,   фантастикалық   нәрсенің   бәрі   баланы   қызықтырып,   өзіне

тартады.   Сондықтан   балаларды   өздерінің   байқағандарынан   ертегілер   ойлап

шығаруға үйрету керек.

Оқулықтағы берілген ертегілермен танысқаннан кейін, осыған ұқсас ертек

құрастырып   немесе   ренішпен,   өкінішпен   аяқталатын   ертегіні   қуанышпен

аяқталатындай   етіп   өзгерту   баланы   шығармашылыққа   үйретумен   қатар

армандауға, қиялдауға жетелейді. Өз ертегісін көрген бала қуанышты басынан

кешеді. Айтылған ертегілердің суретін салу оқушылардың көз алдына ертегінің

61


кейіпкерлерін елестетуге, ойында ұзақ сақтауға көмектеседі.

Ертегі   балаларды   қиялдауға,   шешен   сөйлеуге,   өз   ойын   жеткізуте   және

қайратгы   істер   жасауға   жұмылдырады.   Сондықтан   балаларды   ертегі   оқуға

қызықтыру, жақсы қасиеттерді оқушылар бойына сіңіру мақсатында «Ертегілер

еліне саяхат»   сабағын өткізуге болады. Сондай-ақ «Ертегіні кім көп біледі?»

сайыс сабағын ұйымдастыруға да болады. Сайысты бірнеше бөлімнен тұратын

етіп, біріші бөлімді «Кім тапқыр?» деп атау керек. Ертегіден үзінді бойынша

сахналық қойылым көрсетіліп, көрген ертектің атын, кай халық ертегісі екенін

айтуы керек.

Ертегілерді   баланың   тындауы,   естіген   ертегі   мазмұнын   қайталап   айтып

беруі, баланың сөздік қоры молайтып, байланыстырып сөйлеу тілін дамытьш,

тілдің   грамматикалық   құрылымын   меңгеруде   ғана   емес,   ерлікке,   достыққа,

үлкенге ізет, кішіге қамқорлық сияқты

 

адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеуге,



әстетикалық талғамын, қиялын дамытуға мүмкіндіктер беріп түрлі жауыздық,

зұлымдық иелері арқылы жамандықтан жирендіреді.

Қазақ   балалары   фольклорын   саралап   жіктейтін   болсақ   олардың   ішінде

кейбір   жанрлардың   (жанрлық   түрлерін)   үлкендерге   де,   балаларға   да   ортақ

екендігін   көреміз.   Олар:   ертектер,   жұмбақтар,   өтірік   өлеңдер,   төрт   түлік

жырлары т.б. Алайда осы жанрларға жататын көркем шығармалардың мазмұны,

түр   –   сипаты,   ішкі   табиғаты   бірдей   емес.   Олардың   ішінде   балалар

айтатын,өздеріне ғана лайықты өлең – жырлар бар:



Қой баласы – қоңырым,

Қойдан жуас момыным,

Шопан ата түлігі –

Қошақаным, қайдасың?

Пұшайт, пұшайт!

Төлді қалай  шақыру, малдың баласын сүюі, бөбектің төрт түлікке айтқан

тілегі,   қой   мен   ешкінің   айтысы,   сондай   –   ақ   шешілуі   оңай,   құрылысы

қарапайым   жұмбақтар,   ұғымға   жеңіл   өтірік   өлеңдер,   міне,   бұлардың   қай   –

қайсысы да балалар репертуарында молынан сақталған.

Міне, осы айтылған өзгешеліктердің бәрі де жалпы адамзат фольклорының

ерте   дәуірдегі   сәбилік   шағына   тән   белгілер.   Рас,   балалар   фольклоры   түрлі

тарихи   дәуірлерді   бастан   кешірді,   өзгерді,   өркен   жайды.Сөйте   тұра,   ол   осы

айтылған   дәстүрлі   қалыптың   аясында   дамыған   сияқты.   Бұған   белгілі   бір

дәрежеде   сәбилер   ортасы,   болашақ   жан   –   жақты   интеллектуалды   адамның

балдырғандар арасынан бірден суырылып шыға қоймайтыны да себепші болса

керек.


Сонымен қатар балаларды тәрбиелеуде кеңінен қолданылатын халық ауыз

әдебиетінің   бір   саласы   мақал-мәтелдер   болып   саналады.   Қазақ   халқының

мақал-мәтелдеріне мынадай адамдық қасиеттер өзек болған: қайырымдылық,

кішіпейілділік,   адамжандылық,   жақсылық,   ізгілік.   Бұған   мысал   ретінде



«Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет», «Адамдықтың белгісі – иіліп сәлем бергені,

шын достықтың белгісі – көп кешікпей келгені», «Жақсы болсаң – жақын көп»,

«Ұлық болсаң – кішік бол» т.б. мақал-мәтелдерін атап кетуге болады.

Жас   жеткіншектерді   Отанын   сүюге   тәрбиелеуде,   туған   жеріне,   еліне   деген

62


сүйіспеншілік   сезімін   оятуда   «Туған   жердей   жер   болмас,   туған   елдей   ел

болмас»,   «Өз   елімнің   басы   болмасам   да,   сайының   тасы   болайын»,   «Елінен

безген ер оңбас, көлінен безген қаз оңбас», «Отансыз адам – ормансыз бұлбұл»

т.б. мақал-мәтелдердің құндылығы орасан зор.

Халықтық  шығармалар ішінде баланы  тәрбиелеумен қатар  дұрыс айқын

сөйлеуге үйретіп, тілін дамытатын  жанр – жаңылтпаш. Сәбидің тілі шығып,

балдырған жасында сөздік қоры молая бастаған кезде кейбір дыбыстарды айта

алмаса, кейде қинала айтады. Бұл жағдайдың алдын алу үшін бала қиналып

айтатын   дыбыстары   бар   сөздерді   неғұрлым   жиі-жиі   дыбыстап   айтқызып,

жаңылмай жаттықтыру керек. Сонда сөйлегенде де мүдірмей, анық, өз ойын

толық   жеткізетін   болады.   Жаңылпаштарды   жаттап,   жаттыға   айту   арқылы

баланың   ана   тілін   ардақтау,   сөз   қадірін   білу   сезімі   қалыптасып,   ой-қиялы

дамиды, тәлім алады.

Бүгінгі   таңда   жас   ұрпақты   тәрбиелеуде   негізгі   міндеттерінің   бірі   –

жаңылтпаштар  арқылы  балаларды  тәрбиелеуде   олардың  жас   ерекшеліктеріне

сай,   сауат   ашу   сабақтарының   мазмұнына   лайықты   етіп,   тіл   дамыту   құралы

ретінде дұрыс қолдана білу. Айтылған міндеттерді жүзеге асыру үшін оқытушы

тарапынан   қазақ   халқы   мен   өзге   халықтардың   көркем   сөзді   қандай

жаңылтпаштары бар екенін жақсы білуі қажет, бала жанын баурап алатын, тіл

дамытудың   қисынды   қиюластырылған   көркем   жаңылтпаштардың   әр   түрін

сараптап, талдай алатындай болуы шарт.

Баланы айналасындағы қоршаған әлеммен таныстырудың тағы бір құралы ол –

жұмбақ.   Жұмбақтар   тіл   мәдениетін   тәрбиелеуде   үлкен   рөл   атқарады.

Жұмбақтар   баланы   байқағыштыққа,   тапқырлыққа   баулып,   ой-қиялын

ұштастыруға   әсер   етеді,   баланың   ойлау   қабілетін   дамытады. Ол   баланың

күнделікті   өмірде   көріп   жүрген   жанды-жансыз   заттарына   ұқсас   нәрселерді

сипаттай отырып, сол нәрсенің негізгі белгілері қандай, ол немен салыстыруға

болады   деген   ой   елегін   көз   алдына   елестете   отырып,   қоршаған   дүниені

бақылап,   бағалауға   баулиды.   Жұмбақтың   жауаптары,   көбіне,   табиғат   жайы,

адамның денесі, хайуанат пен өсімдік, бақташы, егінші, елдің еңбек процесі,

еңбек құралы, азын-аулақ техника жайы сияқтылар болады.

Математикадан   қолданған   ауыз   әдебиетінің   бір   бөлігі   санамақтарда

баланың   ойлау   жүйесін   жетілдіріп,   оның   желілі   нұсқалары   тапқырлықты

танытуға   құштар   етеді.   Сандарға   сәйкес   сөздерді   қосып   айту   арқылы   сөздік

қорын байытады. Мысалы:

Бір дегенің - білеу,

Екі дегенің - егеу,

Үш дегенің - үскі,

Төрт дегенің - төсек,

Бес дегенің - бесік.

Ауыз   әдебиеті   үлгілерінің   тағы   бір   саласы   –   аңыз   әңгімелер.   Аңыз

негізінде әңгіме, кейде өлең, жыр түрінде болуы да мүмкін. Аңыз белгілі бір

адамның атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Мысалы, қазақ аңыздарында

Асан   қайғы

,  


Жиренше   шешен

,  


Алдар   Көсе

,  


Қожанасыр

,  


Қорқыт

,   т.б


кейіпкерлердің   ұлағатты   істері   баяндалады.   Аңыз   әңгімелер   балаларды

63


батырлыққа,   елжандылыққа   тәрбиелейді.   Ондағы   кейіпкерлерді   өздеріне   үлгі

тұта отырып, балалардың патриоттық, отансүйгіштік сезімдері оянады.

Ойымызды   түйіндесек,   «халық   айтса   қалт   айтпайды»   демекші   тәрбие

басын тал бесіктен бастағанның өзі де еліміздің ертеңін ойлаған, яғни, атадан

балаға   жалғасып   келе   жатқан   әдет-ғұрыптарымызды,   салт-дәстүрімізді,

тілімізді, дінімізді қадірлеу, балаға сәби кезінен қалыптастырған жөн.

К.Д. Ушинский айтқандай: « Тәрбие дәрменсіз болмауы үшін ол халықтық

болуы   тиіс»-   дейді,   яғни     әрбір   ұлттың   өзінің   дәстүрін,   салтын   сақтап,   сол

рухани рухта тәрбиелеуге баса назар аударуға ескерткен. Сондықтан да біз жас

ұрпақты   адамгершілікке   тәрбиелеуімізді     халқымыздың   салт-дәстүрін,   ерлік

үлгілерімен сабақтастыра жүргізуді орынды деп есептейміз.

Баланы   жетілдіре   тәрбиелеуде   көне   уакыттан   келе   жатқан   әдістер   көп.

Соның ішінде баланы қиял-ғажайып ертегілеріне әуестендірудің пайдасы өте

зор.   М.   Жұмабаевтың   айтуынша   да:   «Балада   қиял   ерте   оянады.   Бірақ   оның

жанында суреттеулер аз болғандықтан, қиялы да бай емес. Баланың түсінуінше

дүниеде мүмкін емес нәрсе жоқ, бәрі мүмкін болатындай. Бала ертегінің бәрі

шын деп ұғады, бала құрғақ ақылды ұқпайды, жандандырып, суреттеп алып

келсең ұғады. Қысқасы, балаға ертегі тым қымбат нәрсе», -дейді.

Бала тілін жан-жақты дамытып, қалыптастыруда қазақ халқының ауызекі

шығармашылығының маңызы өте зор. Халық ауыз екі шығармалары әсем түрде

құрылған   жұмбақ,   жаңылтпаш,   санамақ,   ойын   өлеңдер,   ертегі,   аңыз-әңгіме,

мақал-мәтелге   бай.   Осы   бай   мүраның   қай   түрін   алсақ   та   балаға   ана   тілін

меңгертіп,   сөздік   қорын   молайту   арқылы,   байланыстырып   сөйлеуге,   тілінің

грамматикалық   құрылымын   қалыптастыруда,   дыбыстық   қателіктерді   жоюда,

шығармашылық ойлауын дамытуда баға жетпес құралдар болып табылады.

Баланы айналасындағы қоршаған әлеммен таныстырудың тағы бір құралы ол –

жұмбақ.  Жұмбақтар   тіл   мәдениетін   тәрбиелеуде   үлкен   рөл   атқарады.

Жұмбақтар   баланы   байқағыштыққа,   тапқырлыққа   баулып,   ой-қиялын

ұштастыруға   әсер   етеді,   баланың   ойлау   қабілетін   дамытады.  Ол   баланың

күнделікті   өмірде   көріп   жүрген   жанды-жансыз   заттарына   ұқсас   нәрселерді

сипаттай отырып, сол нәрсенің негізгі белгілері қандай, ол немен салыстыруға

болады   деген   ой   елегін   көз   алдына   елестете   отырып,   қоршаған   дүниені

бақылап,   бағалауға   баулиды.   Жұмбақтың   жауаптары,   көбіне,   табиғат   жайы,

адамның денесі, хайуанат пен өсімдік, бақташы, егінші, елдің еңбек процесі,

еңбек құралы, азын-аулақ техника жайы сияқтылар болады.

Халықтық әсем сөз өрнектері балалар түсінігіне лайықты, тілге орамды,

көркем   әдеби   тілмен   жазылған.   Сазда   халық   әуенімен   айтылатын   бесік

жырларынынң сан-алуан түрлері, тұсау кесу жырлары ойнақы тілмен жазылған

санамақтар,   ойын   өлеңдері   балалардың   жас   ерекшеліктеріне   қарай   тиімді

пайдаланылса,   баланың   тіл   әлеміне   деген   қызығушылығы   артып,   ана   тілден

байлығын меңгертуде үлкен қызмет атқарары сөзсіз. Қай ертегіні алсақ та, ол

белгілі бір сюжетке құрылады, оқиғаның басталуы, аяқталуы болады.  Ертегі

тілінің көркемділігі, қызғылықты  оқиғалар  желісінің баяндалуы образдардың

шебер суреттелуі баланың ертегі дүниесіне қызығушылығын арттыра түседі.

Ертегілерді баланың тындауы, естіген ертегі мазмұнын қайталап айтып беруі,

64


баланың сөздік қоры молайтып, байланыстырып сөйлеу тілін дамытьш, тілдің

грамматикалық   құрылымын   меңгеруде   ғана   емес,   ерлікке,   достыққа,   үлкенге

ізет,   кішіге   қамқорлық   сияқты   адамгершілік   қасиеттерді   тәрбиелеуге,

эстетикалық талғамын, қиялын дамытуға мүмкіндіктер беріп түрлі жауыздық,

зұлымдық иелері арқылы жамандықтан жирендіреді.

Бүгінгі жас жеткіншектердің бойына халқымыздың ғасырлар бойы қастер

тұтып   келе   жатқан   ар-намыс,   ождан,   атамекені   мен   ана   тіліне   деген

сүйіспеншілік,   әдет-иба,   қайырымдылық,   үлкенді,   ата-ананы   құрметтеу

қасиеттерін дамыту тәрбиелеудің негізгі міндеті боп отыр. Сондықтан ұрпақ

тәрбиесі   жайындағы   озық   ұлттық   мұраны   бүгінгі   тәлім-тәрбие   жұмысына

енгізуді аса маңызды міндет деп қарастыру қажет.

Ата-ана бала түсінігіне лайықты мектеп жасына дейінгі балалар үшін тек 

қиял-ғажайып және хайуанаттар туралы ертегілер оқылатындығын ескергені

жөн. Сәби балаларға (3-4 жас) ертегілерді ауызша әңгімелеп айтып беріп, ал

ересек   балаларға   (5-6   жас)   оқығанды   тыңдатып   және   әңгімелету   әдістерін

жүргізуге болады. Себебі мектеп жасына дейінгі баланың жас кезеңдеріне қарай

психикалық   даму   ерекшеліктерін   ескеретін   болсақ   бала   үшін   ұзақ   уақыт

оқылған ертегіні зейін қоя отырып тыңдау қиынға соғады.

Ертегіні  тыңдату  арқылы балаға  жан-жақты  тәрбие  беріп,  дамытумен бірге,

оқығанды   шыдамдылықпен   тыңдай   білуге   ұстамдылыққа   үйрете   аламыз.

Әсіресе,   ертегіні   сюжетке   қатысты   түрлі-түсті   суреттерді,   картиналарды

пайдалану   арқылы   әңгімелесу   баланың   қызығушылығы   мен   эстетикалық

талғамын   арттыра   түсуде   мол  мүмкіндіктер   береді.  Бала   үшін   сурет   арқылы

ертегі мазмұнын айтып беру, шығармашылық ойлауын, ұзақ уақыт есте сақтау

қабілетін де дамытады.

Ертегілердегі балаларды аса қызықтыратын тағы бір жайт – кейіпкерлердің

аса айқын, дәл суреттелетіндігінде, олардың әрекеттері, іс-қимылы, мінездері

қатты   әсер   етіп   отырады.   Тіпті   жағымсыз   кейіпкерлердің   өздері   де

ақымақтығымен, қулығымен балаларды таң-тамаша қалдырады.

Халық   ауыз   әдебиетінің   үлгілері   тақырыптық,   көркемдік   жағынан   түрлі

болған   сияқты,   сабактардың   мазмұны,   өткізу   жолдары,   орындайтын

тапсырмалары   да   әр   алуан   келеді.   Оқу   үрдісі   басқа   түрде   жүргізілетін

мектептердегі   әдебиет   сабақтары   негізінен   кіріспе   сөзбен   басталады.

Мұғалімнің кіріспе сөзі білімділік, тәрбиелік, көркемділік талаптарына сәйкес,

тілі   ұғымды,   мазмұны   шағын   әрі   әсерлі   болуы   шартты.   Кіріспе   сөзді   тек

баяндау   тәсілімен   ғана   емес,   кейде   сұрақ   койып,   оқушылардың   өздерін

қатыстыра   отырып   өткізуге   болады.   Ертегілермен   тантыстыруға   арналған

сабақты кіріспе сөзбен бастаған мұғалім: «Ертегі — халық, өмірін суреттейтін

фантастикалық оқиғаларға құрылған көркем шығармалар. Ертегілер - ұрпақтан-

ұрпаққа   ауызша   таратылып,   ұзақ   ғасырлар   бойына   толықтырылып,   жетіліп

келген   халық   ауыз   әдебиетінің   ең   бір   көркем   түрі.   Ертегілер   өзара   бірнеше

түрге бөлінеді»- дей келе, оқушыларды әңгімеге тартады.Қорытындылай келе,

бүгінгі жас жеткіншектердің бойына халқымыздың ғасырлар бойы қастер тұтып

65


келе жатқан ар-намыс,  ождан, атамекені мен ана тіліне деген сүйіспеншілік,

әдет -ғұрып, қайырымдылық, үлкенді, ата-ананы құрметтеу қасиеттерін дамыта

тәрбиелеудің негізгі міндеті боп отыр. Сондықтан ұрпақ тәрбиесі жайындағы

озық   ұлттық   мұраны   бүгінгі   тәлім-тәрбие   жұмысына   енгізуді   аса   маңызды

міндет деп қарастыру қажет.

66


ҚОРЫТЫНДЫ

Жоғарыда   айтылғандарды   қысқаша   қорытындыласақ,   20-жылдары

мақалалардан басталған қазақ фольклористикасы қазіргі күнде кемеліне келген,

қазақ  ауыз   әдебиеті  тарихының  мәселелерін  жан-жақты  кең   көлемде   зерттеу

дәрежесіне жеткен ғылым саласына айналды.

Бүгінгі фольклористикамызды сөз еткенде мына бір мәселені айрықша атап

айтуымыз   керек.   Ол   –   Қазақстанда   фольклористиканың   қалыптасуы,   дамуы

жолында   және   әдебиетші,   фольклорист   кадрларды   даярлауда   аса   көп   еңбек

сіңірген,   туысқандық,ағалық   жәрдем   көрсеткен,   сонымен   қатар   қазақ   ауыз

әдебиетінің   тарихын   өздері   де   ғылыми   білгірлікпен   зерттеп,   бұл   салада   көп

елеулі   еңбектер   берген   орыс   ғалымдарының   игілікті   ісі   туралы.   Бұл   ретте

академик Александар Сергеевич Орлов, профессор М.И. Фетисов, профессор

Вера Михайловна Сидельникова, Қазақ ССР Ғылым академиясының академигі

Митрафан  Семенович  Сильченко,  әсіресе   Қазақ  ССР  Ғылым  академиясының

докторы корреспондент-мүшесі, филология ғылымдарының докторы профессор

Н.С.   Смирнова   жолдастардың   көп   жыл   бойына   жүргізген   еңбектерін   зор

мақтанышпен атап өтуге болады. Қазіргі уақытта лиро-эпос  жанрының даму

процесі жазба әдебиеті ықпалынан тыс болуы енді мүмкін еместігін, сондай-ақ

оның   бір   сәтте   ақын-жазушылардың   нәр   аларлық   қайнар   бұлағы   рөлін

атқарғандығы дәлелденді және негізгі қорытындының бірі есебінде ұсынылды.

Фольклорлық   жанрлар   неғұрлым   шындыққа   жақын   болса,   яғни   оқиғаны

өмірде болған деп бейнелеуге барынша тырысса, соғұрлым олар сюжеттік және

көркемдік   жағынан   ұтылады:шығарманың   сюжеттік   арқауы   бос   болады,

композициялық құрылысы ширамайды, көркемдік тұтастығы жетілмейді.

Сонымен,   қазіргі   заманғы   мектептің   мақсаты   -   оқушының   тек   қана   «ең

таяу даму аймағына» қол жеткізуін камтамасыз ету және оның ой-өрісін дамыту

ғана емес, сонымен қатар баланың жеке адам ретіндегі жан-жақты дамуын және

бүгінгі ғана емес, ертеңгі дамуына жол ашу, дайындау  екендігін баса айтады.

Бұл   -   танымдық   функциясы   басым   жанрларда   кездесетін   құбылыс.

Фольклорлық шығармада тарих пен қазіргі заман (айтушы мен тыңдаушының

дәуірі)   уақыт   өлшемімен   жіктелмейді.   Ол   екеуінің   арақатынасы,   жігі   елдің,

айтушы   мен   тыңдаушылардың   санасы   мен   ой   елегінен   өтіп   белгіленеді,

баяндалып   отырған   оқиғаның   ел   үшін   маңыздылығымен,   сол   дәуірге

үндестігімен, жалғастығымен өлшенеді. Мақал–мәтел мен шешендік сөздер –

егіз   жанр,   бірімен–бірі   етене   жақын   мұралар.   Мақал–мәтелдер   қаншама

мазмұнды   да   көркем   болғанымен   көлемі   тым   шағын,   мағынасы   жалпы

келетіндіктен уақиғаны, кесек ойды білдіре алмайды, келте қайырады, белгілі

бір затты, кейіпкерді көзге елестете алмайды; әдетте аңыз әңгімелермен, көркем

шығармалармен   жалғасып,   жымдасып   өмір   сүреді,   оларға   көркемдік,

мазмұндық нәр береді, айтылмас ойды анықтайды, толықтырады. Асыл маржан

ару мойнына; алмас қылыш ер қолына жарасатыны сияқты сөз асылы да өз

орнында құнды. Теңіз тербеп тереңінде сақтайтын інжу-маржандай ғасырлар

бойы халық жадында жасап, жұпталып көптің талғамын өтеген мақал, мәтел,

нақыл, тақпақ, шешендік сөздер ақындардың өлең – жырларында, шешендердің

67


даналық сөздерінде ашылады, айқындалады. Ақындар мен шешендер әлде неше

ұрпақтың сана сезімін аралап, көптің көкейіне қонақтаған ойлы, сырлы сөздерді

жаттап, жадында сақтайды; керекті, кезекті жерінде жаңартып, жасартып кәдеге

жаратады. Тәуелсіздік таңы аясында өткізіліп келе жатқан ақындар айтысын

теледидардан көріп, тамашалау халықтың рухани қажетін  қанағаттандырғанмен,

айтысты зерттеуге ынтасы ауған жастардың қажеті өтелмей келеді. Оның үстіне

айтыс   бүгінгі   тыңдарманның   дүниесі   ғана   емес,   ертең   келер   ұрпаққа   керек

мұра.   Теледидардағы   айтыс   мәтіндері   жазылған   кассеталар   тозып,   ондағы

айтыстар  жойылып  барады.  Бабалардан  қалған   аталы  өнерді   кейінгі   ұрпаққа

табыстау – бүгінгілердің міндеті. Отбасылық ғұрып фольклорының поэтикасы –

жалпы   фольклор   поэтикасымен   астасып   жатқан   аса   күрделі   әлем.   Оның

ерекшелігі,   ең   алдымен,   халықтың   тұрмыс-тіршілігімен   байланысып   жатқан

ғұрыптық сипатымен айқындалады. Яғни, ғұрыптық фольклор поэтикасы оның

атқаратын   практикалық   қызметтеріне,   этнографиялық   байланыстар

типологиясына   тәуелді.   Яғни,   отбасылық   ғұрып   фольклорының   поэтикалық

жүйесінің–ондағы формулалардың, клишелердің, троптардың, қайталаулардың

пайда   болуында,   қалыптасуы   мен   дамуында   мифтік   санадан   бастау   алатын

ғұрыптық   дүниетанымның   орны   ерекше.   Оған   біз   отбасылық   ғұрып

фольклорының этнографиялық байланыстар типологиясын қарастыра отырып

көз   жеткізгендей   болдық.   Ықылым   замандардан   бері   көркемдік   ойдың   өзі

әлденеше кезеңдерден өтіп, көркем лирикаға айнала бастаған отбасылық ғұрып

фольклорының   табиғатынан   ежелгі   синкретизм   қалыптастырған   бағзы

ғұрыптық дүниетаным сілемдерін әлі де байқауға болады. Отбасылық ғұрып

фольклорының   туу-ер   жету-өлу   сияқты   үш   саласында   бірдей   қайталанатын

типтік   жағдайлар   мен   «ортақ   тұстардың»   сырының   да   сол   көне   рәсімдерде,

Арнольд   ван   Геннеп   айтқандай,   «өтпелі   ғұрыптарда»   жатқандығын

этнографиялық   параллельдер   айқындай   түседі.   Фольклорлық   мәтіндер   мен

этнографиялық   ортақ   тұстарды   салыстыра   отырып,   отбасылық   ғұрып

жырларындағы   бірқатар   мотивтер   мен   формулалардың,   құбылтулар   мен

айшықтаулардың,   қайталаулардың,   көркемдік   тәсілдердің   ғұрыптық

рәсімдерден   бастау   алатындығын   аңдатуға   болады.   Әлпештеу   фольклоры–

қазақтың   отбасылық   ғұрып   фольклорында   өзінше   ерек   орын   алатын   бала

тәрбиесінің бал–бұлағындай таза да, мөлдір мұра. Оның табиғатынан халықтың

көне   наным–сенімдерімен   астасып   жатқан   ежелгі   дүниетаным   сілемдерін

тереңірек   тануға   болады.   Сонымен   қоса,   ғасырлар   бойы   қалыптасқан   бала

тәрбиелеу ісіндегі дәстүрлі ғұрыптар мен ұғым – түсініктердің, тарихи оқиғалар

мен кезеңдік ақыл–ой дамуының да әлпештеу фольклорында сайрап жатыр. 

Сонымен қоса, бұл жырлар бала тәрбиелеу ісіндегі ғұрыптық рәсімдерді

сүйемелдеп отыратын қолданбалы сипаттағы мұра ғана емес, ол ең бастысы жас

ұрпақтың   рухани   әлемін   қалыптастыруды   мұрат   тұтатын,   бала   көкірегіне

көркемдік   нәр   сіңіріп,   қиялына   қанат   бітіріп,   өнер   тылсымына   жетелейтін

эстетикалық   категория.   Әрине,   одан   поэзия   шарттарына   сыятын   кемел

көркемдік таппағанымызбен бала санасына, сәби жанына лайық тәрбие өскінін

себетін   халықтық   педагогика   нәрін   табамыз.   Сондықтан,   отбасылық   ғұрып

поэзиясы жөнінде сөз қозғағанда бесік жыры, тұсау жыры, ал білек өлеңдеріне

68


соқпай кету мүмкін емес, ілкі зерттеушілердің барлығы да солай істеген. Біз бұл

еңбекте   осы   тектес   шығармаларды   жинақтап,   жүйелеп   оған   «Әлпештеу

фольклоры» деген айдар тағып, ішкі жанрлық сарасына қысқаша тоқталдым.

үйлену   фольклорының   ішкі   жанрлық   түрлері:   той   бастар,   жар–жар,   сыңсу,

аушадияр, беташар, неке қияр болып бөлінеді. Олар тақырыптық–мазмұндық

сипатымен,   орындалу   мәнерімен,   ғұрыптық   рәсімдерге   қатысымен,   өлең

түрімен бір–бірінен ерекшеленгенмен, тойдың әр кезеңінде айтылатын бір тұтас

идеялық   нысанасымен   бір   жанрлық   топ   құрайды.   Оларды   бір   арнаға

біріктіретін алғашқы дәнекер – үйлену ғұрпымен байланысып келетін қызметтік

мақсат–мұраты.   Олар   тойдың   басталуынан   бастап,   тарқағанға   дейінгі

аралықтағы   рәсімдерді   сөзбен   өрнектеп,   оның   атқарылуына   қызмет

етеді.Әрине, той жырлары тек осы практикалық міндеттерді атқару зәрулігінен

ғана тумаған. Бұл жырлар, ең алдымен,халықтың рухани қажеттілігінің жемісі.

Сондықтан, оларда тек практикалық қажеттілік, тұрмыстық мағына ғана емес,

көркем өнерге тән эстетикалық нәр де жоғары. Міне, осы екі сипаттың тоғысы

үйлену   ғұрып   фольклорының   жанрлық   табиғатын   мазмұндық,   көркемдік

ерекшеліктерін   айқындайды.   Жоқтау  –   тек   отбасылық   ғұрып   фольклорының

ғана емес, жалпы телегей теңіз қазақ фольклорының ұлы теңізіне тау суындай

құйылып  жатқан   таза   да,   тегеуірінді   арнаның   бірі.  Солай   дей   тұрғанмен   да,

мазмұнға бай, көркемдік айшықтарға кенен жанрлық түрдің осы уақытқа дейін

арнайы зерттелмей келуі өкінішті. Отбасылық ғұрып фольклорының арнасында

қарастырған   бұл   шағын   зерттеуімізде   қазақ   жоқтауларының   жанрлық

сипатымен   тарихи   даму   үрдісіне,   композициялық   құрылымы   мен

этнографиялық астарларына, көркемдік сипаттарына шолу жасалды. Тұтастай

алғанда отбасылық ғұрып жырлары адамның әр жас кезеңіне қатысты халық

дүниетанымының   тұрмыстық   ерекшелігіне,   салт–дәстүрі   мен   пәлсапалық

ұстамдарына суарылған шежіресі. Онда сәбидің бала жаны, жас жұбайлардың

көңіл толқыны мен жақынын жоғалтқан жанның жүрек жарасы өзінше өрнек

тауып, өмірді өзінше түсіндіретін халық шығармашылығының сырлы да, сынды

арнасы бой түзейді. Ол бүгінгі ұрпаққа тарихи танымымен, үлгі өнегесімен де,

өрнекті сөзімен, сырлы сазымен де бағалы, қымбат. 

Баланың   дүниеге   келіп,   тәрбиеленіп   өсуіне   байланысты   әдет-салттар,

жоралар негізінен халықтардың баланың аз-көптігіне деген ұстанымы, ұл-қызға

деген   қатынасы,   бойға   бала   біткеннен   босануға   дейінгі   жоралар,   әйелді

босандыру ырымдары, шілде ғұрып-ырымдары, қырқынан шығару, баланың әрі

қарай   өсуіне   байланысты   ырым-жоралғылар   қазақ,   өзбек,   қырғыз,   түркімен,

қарақалпақ,   тәжіктерде   негізгі   құрамдас   бөлігі   жағынан   біркелкі.   Сонымен

қатар, әдет-ғұрыптардың орындалуында, ырым-жоралғыларда пайдаланылатын

заттары,   тағамдары,   мал-жер   өнімдері   жағынан   айырмашылықтар   бар.

Мұсылман дінінен келген ғұрыптардың әсіресе өзбек, тәжіктерде мәні зор. Атап

айтқанда, өзбектер мен тәжіктер, сүндет тойға ерекше мән береді. Олардағы

тойдың үлкені – сүндет той.

Ғұрыптардың   ең   қомақты   бөлігіне   қайтыс   болған   адамды   жерлеу   және

артын   күту   ғұрыптары   жатады.   Бұл   саладағы   ғұрыптар   бір   жағынан,   өзінің

консервативтігімен ерекшеленсе, екінші жағынан, олардың көпшілік тұстары,

69


регион   халықтарына   ортақ   ислам   дінінің   қағидаттарымен   анықталады.

Сондықтан   да,   бұл   ғұрыптар   жүйесінде   қарастырып   отырған   халықтар

ғұрпында   ортақтастықтар,   ұқсастықтар   өте   көп.   Сонымен   қатар,   өлім

ғұрыптарына қатысты архаикалық «тұл» салты, өлікке ат арнау жоралғысы тек

қазақта  ғана жақсы сақталған,  бұлардың  жұрнақ түрлерін  қырғыздардың  бір

тобынан, өзбектер арасындағы қыпшақ, қоңыраттардан да табуға болады. 

Қорыта келгенде, этномәдени қайнар көзі – халықтың бай ауыз әдебиеті,

соның ішінде ғұрыптық фольклор үлгілері. Оларда кездесетін ескілікті сөздер,

негізінен, сол халықтың тарихымен, тіршілігімен, салт-дәстүрімен байланысты.

Ғұрыптық фольклор үлгілерінен алынған тілдік деректер негізінде сол заманда

өмір сүрген ата-бабамыздың көне мен бүгінді жаңғыртушы, өмір тәжірибесінде

өзекті орны бар этностың мәңгілік құндылықтарының бірі рухани мәдениетін

және   тұрмыс   ерекшелігі,   ежелгі   кәсібі   мен   еңбегі,   киімі   мен   тағамы,   қару-

жарағы,   ер-тұрманы,   әртүрлі   әдет-ғұрып   пен   салт-дәстүрге   байланысты

қолданған заттары т.б. арқылы материалдық мәдени мұраларын көреміз.

Бала тілін жан-жақты дамытып, қалыптастыруда қазақ халқының ауызекі

шығармашылығының   маңызы   өте   зор.   Халық   ауыз   екі   шығармалары   әсем

түрде   құрылған   жұмбақ,   жаңылтпаш,   санамақ,   ойын   өлеңдер,   ертегі,   аңыз-

әңгіме, мақал-мәтелге бай. Осы бай мүраның қай түрін алсақ та балаға ана

тілін   меңгертіп,   сөздік   қорын   молайту   арқылы,   байланыстырып   сөйлеуге,

тілінің   грамматикалық   құрылымын   қалыптастыруда,   дыбыстық   қателіктерді

жоюда,   шығармашылық   ойлауын   дамытуда   баға   жетпес   құралдар   болып

табылады

.

Қорыта айтқанда, біз қазақ халқының әдебиетін зерттеудің методологиялық



мәселелеріне   арналған   ой-пікірімізді   тұжырымдай   келе,   қазақ   халқының

әдебиетін зерттеудің өзіндік ерекшеліктері барлығына, оған тек евроцентристік

көзқарас   пен   тарихты   зерттеудің   материалистік   тұрғыдан   түсіну   атты

методологиялық өлшеммен келіп, қазақ әдебиетін зерттеу мүмкін еместігіне көз

жеткіздік.   Өйткені,   қазақ   халқының   ешкімге,   керек   десе,   кеше   ғана   өзінен

бөлініп, жеке этникалық бірліктерге айналған туысқан түркі халықтарына да

ұқсамайтын өзіндік ерекшелігі бар. Ол ерекшелік түркінің өршіл рухын бойына

жиған рухани болмысында, рухани болмысының өзегі болған Йасауи жолында

еді. Ол ерекшелік ескерілмей жазылған тарихта қазақ халқының бітім-болмысы

ешқашан көрінбек емес. Сондықтан  осы жұмыс барысында осы ерекшеліктің

кілтін   қайтсек   табамыз,   қайтіп   қазақ   халқының   ауыз   әдебиеті   үлгілерінде

сақталған   тарихи   жадын   қазақ   тарих   ғылымы   кәдесіне   жаратамыз   деген

сұрақтарға жауап ізделді. Осы зерттеу барысында ол сұрақтарға біршама жауап

берілген   де   сияқты.Әрине,   бұл   асыл   мұраны   рәсімдік   өткізілу   ретімен,   ән   –

сазымен   қосып,   кейінгі   озық   фольклорлық   жинақтардағы   сияқты

нотасымен,тіпті, күй табағымен қосып шығарып, кешенді зерттеу нысанасына

айналдырса нұр үстіне – нұр болар еді. Ол күн де туар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет