Магистерлік диссертация


 Қазақ фольклор жанрының қоғамдық қызметі



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата15.03.2017
өлшемі429,69 Kb.
#9593
1   2   3   4   5   6

1.2 Қазақ фольклор жанрының қоғамдық қызметі

Фольклорда   да,   әдебиетте   де   жанрлардың   табиғатын   анықтайтын   басты

фактор - олардың қоғамдық қызметі, өмірлік нысаны.

Әдетте, өнердің барлық түрін, оның ішінде фольклорды да, өмірді көркем

танудың бірі деп түсінеміз. Өнер - өмір туралы пайымдау  екені сөзсіз; тарихи

дамудың   әр   кезеңінде   өнер   адамның   өзін   қоршаған   табиғатты,   шындықты

қаншалықты меңгергенін, өзін де қаншалықты біле алғанын көрсетеді. Бұл –

даусыз. Әңгіме сол шындықты тани, түсіне білу қоғам тарихының қай дәуірінде

өнер   үшін   басты   мақсат,  нысана   болуында.   Өнердің   атқаратын   қызметі   көп

екені   де   түсінікті.   Оның   танымдық   қызметінен   басқа   да   өте   маңызды

функциялары   бар.   Айталық,   идеологиялық,   тәрбиелік,   эстетикалық,   т.т.

Фольклор   жанрларының   өмірге   қатынасына   байланысты   атқаратын   қызметін

сөз   қылғанда,   өте   маңызды   нәрсе   -   фольлордың   көркемдігі.   Көркем   өнерге

айналмаған фольклордың басты мақсаты – танымдық. Бұған халық прозасының

ертегіге   жатпайтын   тобы   кіреді,   атап   айтқанда:   ауызекі   әңгіме,   хикая,   аңыз,

шежіре, миф, әпсана - хикаят.

22


Сөз   өнеріне,   көркем   дүниеге   айналған   фольклор   жанрларының   басты

функциясы   -   эстетикалық,   тәрбиелік   болып   келеді.   Ол   жанрлар

шығармаларында   өмірді   бейнелеу   тікелей   танымдық   мақсат   көздемейді,

керісінше, адамды иландыру, сол арқылы үлкен әсер ету мақсатын көздейді,

оны ләззатқа бөлеуге тырысады.

Фольклорлық   проза   шығармаларын   айтылу   мақсатына   қарай   үш   топқа

бөлуге   болады.   Бірінші   топты   танымдық   мақсат   көздейтін   шығармалар

құрайды.   Мұндай   шығармалар   тыңдаушы   жұртқа   жарастылыстың,   дүниенің,

адамды   қоршаған   нәрселердің   және   неше   түрлі   жан-жануарлардың   пайда

болуын,   олардың   мінезін-құлқын   түсіндіреді   (мифтің   барлық   түрі,   кейбір

аңыздар).   Екінші   топқа   мағлұматтық   мақсатпен   айтылатын   шығармалар

жатады. Бұл шығармалар көбінесе екі-үш адамның сұхбаты, әңгімесі түрінде

болып   келеді.   Мұнда   көп   жағдайда   айтушы   өз   басында   болған   ғажайып

оқиғаларды   немесе   естіген   хикаясын   әңгімелейді   (хикая,   меморат   -   әңгіме).

Үшінші топтың шығармалары көркемдік - тәрбиелік мақсатпен айтылады. Бұл

шығармалардың   көркемдігі   жоғары,   сюжеті   дамыған   болып   келеді.   Бұған

классикалық   ертегілердің   барлық   түрі   кіреді.Бұл   сараланған   проза

жанрларының   арасында   қатып   қалған   шекара   жоқ.   Олар   өзара   тығыз

байланысты. Бір-біріне кірігіп жатады. Қазақ халық әдебиеті үлгілерінің көп

жиналғаны баршаға аян, бірақ жанрға шаққанда, қазақ фольклорының барлық

жанры біркелкі жиналған деуге болмайды. Кейбір жанрлар (айталық, батырлар

жыры   мен   ғашықтар   жыры,   мақал   мен   мәтел,   тұрмыс-салт   ертегілері,   т.т.)

көптеген   шығармалармен   көрінсе,   енді   бір   жанрлардың   жазылып   алынған

нұсқалары   айтарлықтай   көп   емес.   Соның   бірі   халық   прозасының   ертегі

жанрына жатпайтын түрлері. Атап айтқанда, хикая, миф, топонимикалық аңыз.

Көп ретте бұл жанрдағы шығармалар екі рет қана жазылып алынған. Соның

салдарынан   «аңыздық   проза»   жанрлары   жеке   жинақ   болып   бірде-бір   рет

шыққан  емес,  ол ылғи   ертегіге арналған  жинақтарда  қосалқы  дүние  ретінде

беріліп жүр.

Жоғарыда айтқанымыздан шығатын бір қорытынды - ертегіге жатпайтын

халық прозасының үлгілері аз жазылып алынған. Оның себебі бірнеше: бірінші

себеп - жалпы қазақ фольклорының ғылыми мақсатпен жүйелі түрде өте кеш

жиналуы.

Демек,   әр   халық   фольклорының   ерекшелігі   сол   халықтың   тұрмысына,

қоғамдық құрылысы мен мәдени дамуына байланысты. Сол себепті де орыс

халық прозасындағы жанрлар мен қазақ халық прозасындағы жанрлар толық

сәйкес келмейді, олардың атауларына сыйғызылатын ұғым да басқа.

Осыған   байланысты   Еуропа   халықтарының   фольклорлық   прозасын

атайтын   терминдер   қазақ   топырағында   сол   қалпында   емес,   басқа   мағынада

қолданылуы ықтимал. Мәселен, халықаралық терминге айналып кеткен «миф»

атауы   қазақ   жағдайында   еуропалықтар   қолданған   мағынадан   сәл   басқалау

болуға тиіс. Қазақ қоғамы, қауымы, тұрмыс-тіршілігі, мәдениеті, бүкіл болмысы

Еуропа   елдерінен   өзгеше,   соның   нәтижесінде   оның   фольклоры   да   басқаша.

Тұрмыс-тіршілігі,   мәдениеті   қазақ   еліне   ұқсас   жұрттың   да   фольклорында

«миф»   термині   еуропалықтар   түсінігіндегі   «миф»   емес.   Қазақ   сияқты,   олар

23


үшін де «миф» пен «аңыз» үлкен роль атқарған. Ол мифтер мен аңыздарда сол

қоғам ұстанатын бүкіл өмір қағидалары мен әдет ғұрпы, тіршілік ерекшеліктері

мен әдеп шарттары жинақталған. Сол себепті ондай мифтер өте көне туынды

болып   саналады,   олардың   көркемдігі   ертегідей   емес.   Және   олар   үлкен

мифологиялық жүйеге айналмаған.

Қазақ   халық   прозасының   жанрлары   мен   басқа   да   ішкі   түрлерін

ажыратудың   қиындығы,   бір   жағынан,   олардың   зерттелмеуіне   байланысты

болса, екінші жағынан, ол жанрларды атауда терминологиялық ұғымдардың бір

ізге түспегендігінен болып отыр.

Демек, фольклорлық жанр ретінде тарихи аңыз ХҮІІІ ғасырда жаңа сатыға

көтеріліп, өзіне хас белгілер мен сипаттарға толық ие болады. Сөйтіп, ол бізге

сол дәуірдің тарихын баяндап, сол кездегі  оқиғалардан, өмірден мәлімет береді,

білімімізді арттырады.

Фольклорды зерттегенде, оның танымдық түрін де, көркем түрін де жан-

жақты   қарастыру   қажет.   Өйтпеген   күнде   жанрлар   теориясын   жасау   мүмкін

емес,   көркем   түрлердің   даму   заңдылықтарын   да   ашу   қиын.   Мысалы,

көркемдігінен гөрі танымдық қызметі басым прозалық жанрлардың осы күнге

дейін қазақ фольклортануында зерттелмей келуі – жоғарыда айтқан принципті

сақтамаудың салдары. Соның нәтижесінде бізде әлі күнге дейін қазақ халық

прозасы   жанрлық   тұрғыдан   зерттелмей   келді,   жанрлар   ғылыми   саралауға

түскен   жоқ,   олардың   ішкі   даму   заңдылықтары   мен   тұрақты   белгілері

айқындалған жоқ. Ал белгілі бір жанрдың табиғатын, ерекшелігі мен заңдарын

білмейінше   ол   жанрға   жататын   шығарманы   объективті     түрде   және   дұрыс

бағалау   қиынға   соғады.   Себебі   қашан   болса   да   бір   нәрсенің   ерекшелігі,

жақсылық қасиеті тек  жалпымен,  ортақтықпен байланыста ғана анықталады.

Фольклорда,   тегінде,   жеке  адамның   характері   көрсетілмейді.   Онда   жеке

адамның тағдыры баяндалады.

Осыған   қоса   айтатын   нәрсе   –   фольклорлық   шығарманың   баяндау

барысындағы уақыт. Фольклорлық шығармада уақыт ешқашан кері шегінбейді.

Басқаша айтқанда, жыршы  немесе ертекші әдебиеттегі сияқты бір кезде болып

жатқан екі-үш оқиғаны қатар көрсетпейді.

Фольклорлық шығармада уақыт ылғи да өткен дәуір болып көрінеді. Бірақ

осы   өткен   дәуір   айтушы   мен   тындаушыға   өз   заманымен   тығыз   байланысты

болып   сезіледі,   баяндалып   отырған   оқиғалар   осы   әңгімеленіп   отырған   кезде

болып жатқандай қабылданады.

Бұдан   шығатын   қорытынды:   фольклорлық   шығармада   тарих   пен   қазіргі

заман (айтушы мен тыңдаушының дәуірі) уақыт өлшемімен   жіктелмейді. Ол

екеуінің арақатынасы, жігі елдің, айтушы мен тыңдаушылардың санасы мен ой

елегінен   өтіп   белгіленеді,   баяндалып   отырған   оқиғаның   ел   үшін

маңыздылығымен, сол дәуірге үндестігімен, жалғастығымен өлшенеді [4.30].



1.3 Шешендік сөздер мен мақал-мәтелдер.

Қазақ ауыз әдебиетінің бір саласы – шешендік сөздер. Шешендік сөздер –

ақындық   айтыс   секілді   қазақ   ауыз   әдебиетінің   өзіндік   ерекшеліктерін

24


көрсететін негізгі жанрлардың бірі. Жазушы шеберлігін, жалпы тіл мәдениетін

көтеруде шешендік сөздерді, сондай – ақ мақал – мәтелдерді мұқияттап жинап,

зерттеп,   сұрыптап   жариялаудың   әдеби   мәні   зор.   Өйткені   сөз   өнерінің   әлі

жеткілікті зерттелмеген саласы – шешендік, тапқырлық, нақыл сөздерде, мақал-

мәтелдерде ойды кеңейтіп, тілді байытатын мазмұнды да көркем сөз үлгілері

мол.


Әдетте,   шешендік   өнер   айтыс   –   дауда   дамиды.   Сондықтан   ердің,   елдің

тағдыры сөз болатын, соғыс - бітім секілді маңызды мәселелер қозғалатын сот

залдары, парламент сарайлары және халық жиналатын ас тойлар, міне, шынайы

шешендер,   саяси   қайраткерлер   сөз   сайысына   түсетін,   сыннан   өтетін   және

шындалатын   орындар   –   осылар   болған.   Дүние   жүзіне   есімдері   әйгілі

шешендердің,   көбінесе,мемлекет   қайраткерлерінен,   заң   қызметкерлерінен,

парламент мүшелерінен шығатыны ешкімге құпия сыр емес. Мәселен, ежелгі

Афин (грек) шешені Демосфен мен Рим шешені Цицерондар әуелгі адвокат,

кейін парламент басшылары болған. Ал ХІХ – ХХ ғасырларда өмір сүрген орыс

шешендері П.А. Александров, Ф.Н. Плевако, А.Ф.Кони тағы басқалар белгілі

адвокаттар   еді.   Сол   сияқты   атақты   қазақ   шешендері   Төле   би,   Қаз   дауысты

Қазыбек, Қаражігіт, Әйтекелер би болғаны мәлім.

-Қазыбек биге бір адам «Кім жақын, не қымбат, не қиын» дегенге жауап

беріңізші деп қиылыпты. Сонда атақты би былай деп жауап беріпті екен:



Тату болса – ағайын жақын,

Ақылшы болса – апайың жақын.

Бауырмал болса – інің жақын,

Инабатты болса – келінің жақын.

Сыйлас болса –нағашың жақын,

Адал болса –досың жақын,

Еркелейтін немерең жақын,

Жан серігің жас кезіңнен,

Бәрінен де әйелің жақын.

Алтын ұяң әйелің қымбат,

Құт – берекең атаң қымбат,

Аймалайтын анаң қымбат,

Мейірімді апаң қымбат,

Туып – өскен елің қымбат,

Кіндік кескен жерің қымбат,

Ұят пен ар қымбат,

Өзің сүйген жар қымбат.

Арадан шыққан жау қиын

Таусылмайтын дау қиын,

Шанышқыласа сөз қиын,

Жазылмаса дерт қиын,

Іске аспаған серт қиын,

Ақылыңнан адасып,

 Өзің түскен өрт қиын.

Тентек болса ұл қиын,

25


Не істеріңді біле алмай,

Ашиды сонда бас – миың.

Қазыбек би бата бергенде былай депті:



Өркенім өссің десең,

 Кекшіл болма –

Кесапаты тиер еліңе.

Елім өссің десең,

Өршіл болма –

Өскеніңді өшірерсің.

Басыңа іс түскен пақырға

Қастық қылма –

Қайғысы көшер басыңа.

Жанашыры жоқ жарлыға,

Жәрдемші бол асыға.

Қиын – қыстау күндерде,

Өзі келер қасыңа.

Бүгін сағы сынды деп,

Жақыныңды басынба!

Қазыбек   бидің   баласы   –   Қазымбеттен,   Қанай   би   туған.   Қанайдан   туған

Қожабектің айтуына қарағанда, Қазыбек би Қанай туған 1764 жылы 97 жасында

дүние салса керек. Сонда Қазыбек бидің туған жылы 1667 жыл болып шығады.

Қаз   дауысты   Қазыбек   бабамыздың   денесі   Түркістандағы   Ахмет   Яссауи

ғимаратына жерленген.

Қазақтың шешендері мен шешендік өнеріне қазақ ауыз әдебиетін алғаш

зерттеуші ғалымдар да назар аударған. «Билер сотының ертеден келе жатқан

халықтық түрі» туралы айта келіп Ш. Уәлиханов былай дейді: « Би атағын беру

қазақта халық тарапынан бір сөйлеу арқылы немесе халықты билеп отырған

үкімет тарапынан бекіту арқылы болған емес; тек сот ғұрыптарына әбден жетік,

сонымен қатар тілге шешен қазақтар ғана бұл құрметті аттаққа өз бетімен ие

болып отырған. Мұндай би атағын алу үшін би болам деген қазақ өзінің заң

ісіне жетіктігі және шешендік қабілеті бар екендігін халық алдында сан рет

көрсетуге   тиіс   болған.   Ондай   адамдардың   атағы   бүкіл   қазақ   даласына   тез

жайылып, олардың аты жұрттың бәріне мәлім болып отырған. Сонымен, бұл би

деген атақ келіп билік айтуға және төрелік сөз сөйлеуге патент сияқты нәрсеге

айналған».



Үш  жүз   бас   қосып,   ақылдасатын  бір   мәселе   болып,  ел  ағасы   деп   Төле

бидің алдына келіпті. Төле би:

- Уа, әлеумет, осы аттың күші қай жерінде, - дейді. Сонда біреу «аттың күші

алдында», біреуі «аттың күші артында», енді біреуі «аттың күші алдында да,

артында да емес, ортасында» дейді. Төле «ортасында» дегенге қарап:

-  Аттың күші ортасында болатын себебі қалай? – дейді.

- Бас басшы, ат қосшы, астында төрт тіреуі бар, ортасы Арқалық емес пе? –

дейді соңғы айтушы. Тағы да Төле:

- Бұрынғылар айтқан екен, «Би екеу болса, дау төртеу болады»деп. Ел үшін үш

жаққа тартып, дау бітімі бытырамасқа   «Төбе би»атап қойса қалай болар

26


еді? – дейді. Оған қауым дұрыс дейді. Бірақ төбе билікке талас болады. Ұлы

жүз «Біз боламыз, өйткені жасымыз үлкен ағамыз», Кіші жүз, «Біз боламыз,

өйткені қара шаңыраққа иелік жолымыз үлкен» дейді. Сонда манағы аттың

күші ортасында деген жігіт:

- Аға   төреші   болмайды,   алдында   қаймығары   жоқ,   іні   төреші   болмайды,

артында   қайырылары   жоқ.   Айбар   қылар   алдында   ағасы   бар,   қаймығарлық

артында інісі бар, екі жағынан да хаупі зор, сол себепті әділ айтатын төбе

билік   ортаншы   ұлға   лайық!   –   дейді.   Төле     қарт   сонда   жігіттерден   жөн

сұрайды.   «Аттың   күші   басында»   деген   Ұлы   жүз   жігіті,   «аттың   күші

артында» деген Кіші жүз жігіті, «аттың күші ортасында» деген Орта жүз

Қаракесек Қазыбек болып шығады.

Шоқанның бұл пікіріне қарағанда, қазақ қауымында би атағын алу үшін екі

шарт: бірінші – әдет-ғұрып заңын жетік білу; екінші – шешендік қабілеті болу

керек. Дәл осыған ұқсас пікірді Абай да айтады. «Бұл билік деген біздің қазақ

ішінде   әрбір   сайланған   кісінің   қолынан   келмейді.   Бұған   бұрынғы   «Қасым

ханның   қасқа   жолын»,   «Есім   ханның   ескі   жолын»,   Әз   Тәуке   ханның   Күл

төбенің басында күнде кеңес болғандағы «Жеті жарғысын» білмек керек.Һәм,

ол   ескі   сөздердің   қайсысы   заман   өзгергендіктен   ескіріп,   бұл   жаңа   заманға

келіспейтұғын   болса,   оның   орнына   татымды   толық   билік   шығарып,   төлеу

саларға   жарарлық   кісі   болса   керек».   Шоқан   мен   Абай   бұл   пікірлерімен   дау

шешіп, билік - бітім сөз сөйлеу үшін әдет заңын білумен бірге шешендік өнер –

патент сияқты маңызды рөл атқарғанын орынды көрсетеді. 

Қазақтың шешендік-тапқырлық, нақыл сөздерін алғаш жинап, жариялаушы

ғалымдардың  бірі - белгілі педагог Ыбырай  Алтынсарин. Ол өзінің «Киргиз

хрестоматиясына» «Ізбасты», «Байұлы» «Жәнібек батыр», «Жиренше шешен»

дейтін тапқырлық – шешендік сөздерді енгізіп, оларды оқуға ұсынды. Халық

даналығының   балаларды   тапқырлыққа,   өткірлікке,   адамгершілікке   баулитын

тәрбиелік мәнін дұрыс түсінген ағартушы оны кезінде қажетке жарата білген. 

Қазақ шешендік сөздерін арнайы зерттеген бір еңбек Әмина Мәметованың

«Қазақ билерінің шешендік сөздері және оның әдебиеттегі тарихи орны» (1945)

дейтін   кандидаттық   диссертациясы   еді.   Бұл   зерттеулерінде   ол   қырқыншы

жылдарға дейінгі жиналған материалдарды пайдалана отырып, қазақ шешендік

сөздерінің мағынасын, ауыз әдебиетінде алатын орнын анықтады, оның жанр

болып қалыптасуына, дамуына кезінде себі тиген белгілі шешендер мен шешен

билер туралы мәліметтер келтірді. 

Аңыз әңгімелерге қарағанда Жиренше шешен Әз Жәнібек хан мен Асан

қайғы (ХІҮ – ХҮғ.ғ.) тұсында жасаған адам. Сонсын «Түгел сөздің түбі бір, түп

атасы   Майқы  би» дейтін   де  нақыл  бар.   «Сол Майқы   Шыңғысты   (ХІІғ.)  хан

көтерген он екі бидің бірі екен» дейді Абай. Олай болса шешендік сөз өнерінің

шығу   тарихы   Жиреншеден   әлдеқайда   әріден   басталса   керек.   Шешендік

сөздермен   көркем   әдебиетіміздің   қалыптасып   дамуына   үлкен   үлес   қосқан

Бұқөардан   бастап   Шортанбай,   Мұрат,   Дулат   секілді   белгілі   жыраулардың

шығармалары арнау, толғау сөздерге толы.

Құлан жортпас құба жонға

Қурай шықпас емеңіз.

27


Қу таяқты кедейге

Мал  бітпеді демеңіз.

Жарлы байға теңеліп

Жарыса қонбас демеңіз.

Жалғыз көпке теңеліп

Теңдік алмас демеңіз.

Тіпті   жаңа,   прогресшіл   әдебиетіміздің   өкілі   Махамбет   Өтемісұлының

өлеңдері де шешендік толғауларымен аралас, астарлас жатады.

Арғымақтың баласы

Аз  оттар да көп жусар,

Тарлаудан татқан дәні бар.

Азамат ердің баласы

Аз ұйықтар да көп жортар,

Дұшпанға кеткен ары мен

Талауға түскен малы бар, - деген шешендік сөздер мен мақал – мәтелдерге

бай толғауларды Махамбет жырларының қай-қайсысынан болса да кездестіруге

болады. 

Жаңалық пен жақсылыққа  «құтты болсын» айту, қаза мен қайғыға  «арты

қайырлы болсын» деп көңіл айту қазақтың ежелден келе жатқан әдет –ғұрпында

бар. Келгенде «қош келдіңіз» деп қарсы алу, кетерде «жолыңыз болсын» деп

шығарып салу жаңа салтымызға да жат емес. «Жақсы лебіз – жарым ырыс» деп

тілектестік   сөзді   жоғары   бағалаған   халқымыздың   бата   -   тілегін   бейнелейтін

шешендік   сөздердің   неше   алуан   нұсқалары   бар.   Қазақ   халқы   «Ас   адамның

арқауы»,   «Астан   ешкім   үлкен   емес»   деп   заттық   игіліктің   адам   өміріндегі

шешуші   мәнін   дұрыс   түсінген   де,   астың   алды   –артында   жақсы   тілек,   игі

ниеттерін білдіретін болған.



Бәлшіл, бәлшіл, бәлшіл бол,

Боз торғайдай тәлшіл бол.

Тәңір берген несібең,

Тепкілесең кетпесін, - дейтін бата, алғыс сезімдері әр халықтың үміті  мен

келешегі   болып   табылатын:   балаң   көп   болсын.   Тұрмысың   жақсы,   бақытың

баянды болсын деген ешбір дәуірде ескірмейтін игі тілекті білдіреді.

Алтын ерлі ақ боз ат

Астында жүріп арысын.

Қолан шашты, қой көзді

Таңдап алған бұраң бел

Қасында жатып қарысын, - 

дейтін сөз, біріншіден, ердің басына бақыт пен байлық тілесе, екіншіден –

байлық пен бақыт иелі деген ескі ұғымнан елес береді. «Алғыспен ер көгереді,

жаңбырмен жер көгереді» деп елдің алғысын, үлкеннің батасын қазақ жоғары

бағалап,  сөздің  рухтандырушылық,  дем берушілік күшіне кәміл сенген. Осы

батаны   Қанжығалы   Шеңкі   қарт   айтқанда:   «бүкіл   денем   шымырлап,   буын-

буыным жіпсіп тұрды» деген екен кейін Бөлтірік шешен. Мұндай батаға біреу

мақтанса, біреу үміттенеді. Үміт – талаптың басшысы, талап – табыстың кілті.



[5.9]

28


Қазақ ауыз әдебиетін кімдер жинады дегенде, оның XX ғасырдағы қазан

төңкерісіне   дейінгі   өкілдсріне   арнайы   көңіл   бөлушілік   тсгін   емес.   Кітап

бастыру енді - енді жолға қойыла бастаған шақта, көшпслі қазақ ауылдарында

ауыз әдебиеті, негізінен алғанда, ертегішілср, жыршылар арқылы тарап, жатқан

кезде ол шығармалардың бастапқы бояуы нсғұрлым толық сақталған уакытқа

жинаудың мәні ерекше. Ал, кейінірек кітап бастыру, сауат ашу кең етек алғанда,

жазба мәдениет өрістегенде, сонымен бірге қазан төңкерісінен кейін, әсіресе,

1920-1956   жылдар   аралығында   көне   мәдениет   нұсқаларына   тұрпайы

социология тұрғысынан біржақты карау, бар шығарманы тап тартысы айнасы

ретінде   бағалау,   оның   еңбекші   мүддесіне,   «қолайлы»   дегендерінің   өзін

редакциялау,  өзгерту   етек   алған   мерзімде   ауыз   әдсбиеті   үлгілерін   жинау  да,

жариялау  да   басқа   арнаға   түскені   мәлім.   Алғашқыда   халыктың   сөйлеу   тілі,

ұғымы   қазіргі   ұрпактың   бірқатарына   ұғыну   қиын,   тіпті   қайшылықты   болып

көріну мүмкіндігі бар түрде болса  да, сол арқылы бастапқы табиғи қалыпта

сақталса,   кейінгіде   шынайылық   орнына   жасандылық   көбейіп,   соның

нәтижесіндс   дәуір   шындығының   да,   шығарма   көркемдігінің   де   көп   солғын

тартқаны   белгілі.   Мұның   бәрі   кейінірек   жарық   көрген   халық   ауыз   әдебиеті

үлгілерін, атап айтқанда, ертегілер, «шешендік сөздер» т. б. айдарымен шыққан

кітаптарды   қайта   қарап.   олардың   бір   кездегі   айтылу,   қағазға   түсу   қалпын

іздестіру қажеттігін де алға қояды.

Қазақ ауыз әдебиетінің жиналу тарихы - өз алдына кең көлемді арнайы

зсрттеуді   тосып   түрған   мәнді   тақырыптың   бірі.   Бұл   орайда   оны

жинаушылардың   басты   өкілдрінің   бірі   М.   Ж.   Көпейұлының   осы   саладағы

еңбектерін арнайы түрде, жан - жақты қарастыру міндеті келіп шығады.

Мәшһүр-Жүсіптің   ауыз   әдебиеті   үлгілерін   жинаушылық   еңбегін

қарастыруда алдымен оның сол туындыларды қаншалық көлемде әзірлегенін

анықтау   керектілігі   аян.   Сөз   жоқ   Мәшһүр-Жүсіп   жинаған   ауыз   әдебиеті

үлгілерінін   көбі   әлі   баспа   бетінде   жарияланбауы   аталған   міндетті   шешуді

біршама киындатса да, өзіміз тапқан және жариялаған үлгілерге, сондай-ақ ҚР

ҰҒА қолжазба қорында т. б. сақталған материалдарға сүйене отырып, алғашкы

мағлұматты,   әрине,   кейін   де   толықтырып,   тиянақтай   түсуді   қажет   ететін

мәліметті   жинақтап   айтуға   болады   деп   таптық.   Мәселен,   Мәшһүр-Жүсіп

жазбаларында тұрмыс - салт жырларының отыз шакты түрі, аңыз-әңгімелердің

екі   жүздей   үлгісі,   ертегінің   шамамен   он   шақты,   жырдың   төрт   үлгісі,   қисса-

дастанның он бірі, жаңылтпаштың екі-үш беттік көлемі, жұмбақтың кара сөзі

мен   өлең   түріндегі   елу   шақты   үлгісі,   мақал   -   мәтелдердің   екі   жарым   мың

жылдық мөлшері, акындар айтысының жиырма бес нұсқасы, отыз шақты ақын -

жыраулардың өлеңдері, дастандары т. б. орын алған. Сондай-ақ колжазбалар

ішінде   шежірелер,   діни   өлеңдер   мен   нақылдар,   әлі   баспа   бетін   көрмеген

күлдіргі сөздер топтамасы т. б. нұсқалары бар.

Мәшһүр-Жүсіп өзі жинаған үлгілерінің біразына сипаттама беріп отырған.

Мәселен,   «Ғылым,   білім»   кітабы   129   сахифадан   тұрады   дей   отырып,   оның

ішінде 12 айт, 18 хадис, 43 мақал, 114 ауыз өлең бар десе, ал «Әмір» әңгімесі 26

сахифадан,   104   ауыз   өлеңнен   тұрады   дейді.   Мұндағы   «сахифа»   -   араб   сөзі,

«бет»,   «парақ»,   «газет»   деген   мағыналар   береді.   Бізге   келетіні   «бет»   деген

29


мағынасы. Келесілері: «Бір жұмбақ шешуімен 5 сахифадан: «Намаз мағынасы»

- 23; «Бір соқыр, бір саңырау, бір тұттай жалаңаш» 7 (бұл жерде өз туындысы

туралы ескертпесі де бар: «бұл басылып шықты жұртқа жайылып» - деген Н.

Ж.), «Алашахан» - 9; «Асан қайғы» - 17; «Жиренше шешен» - 25; «Ер Едіге» -

10; «Еңсегей  бойлы Ер Есім" - 10; «Атасының аты білінбей  өз аты  шыққан

ерлер» -5; «Әмір Темір"»- 9: «Ғытман ғазы заһары» - 6; «Ноғай - қазақ заманы»

-8;   «Абылай»-   38;   «Бұхар   Шәріп»   -   28;   тағы   да   «Абылай»,   «Кенесары,

Наурызбай» әңгімелері - 50; «Бұхар, Қоқан» - 21; «Қазақ билері» -90 сахифадан

тұрады дей отырып, барлығы 461 сахифаны, яғни бетті құрайтынын Мәшекең

өзі жазып көрсеткен. Бұл дерек жанұялық архивтен алынған. Мәшһүр-Жүсіп

тағы бір жазбасында: «Торайғыр би» сөзі 18 сахифадан; «Бөлтірік би» - 12;

қайым өлең «Күдері мен Ұлбике» 12: «қайым өлең», «Сақау мсн Тоғжан» -12

сахифадан тұрады дей отырып, үшбу нұскаларды жазып 1913 жылы 30 августа

молда Нұрғали Бикбаевқа жібердім» -деген ескертуі де сақталған. Пайғамбары-

мыз бойындағы адамилық қасиеттер мүлдем ерекше еді. Кез келген кісінің бір-

біріне қарама-қайшы екі көркем қасиетті араластырып, шатастырмастан тепе-

теңдігін сақтап алып жүруі өте қиын. Мысалы, біреу жомарт, бірақ ол жомарт-

тығын ысырап дәрежесіне дейін апаруы мүмкін, немесе қолындағысын үнем-

деймін деп жүріп сараңдыққа бой алдыруы да ықтимал. Батыр, қаһарман, бірақ

ержүректік қасиеті өз арнасынан шығып, алды-артын аңдамайтын, жақсы-жа-

ман деп талғамайтын соқырлық дәрежесінде қатыгездікке ұласуы ғажап емес.

Пайғамбарымыз жақсы қасиетті қарама-қайшы қасиетпен араластырмаған.

Өз арнасынан тасытпаған. Алла Елшісі (с.ғ.с) ержүрек, батыр және мұнысымен

қоса құмырысқаны байқамай басып кетсе, жүрегі елжіреп, діріл қағатындай аса

мейірімді, рақымды және кішіпейіл  еді. Өте мейірімді боламын деп ешқашан

қорқақтық   пен   қорлануға   бас   имеген.   Алла   Елшісі   (с.ғ.с)  өте   салмақты,



байсалдылығымен  қоса жанындағы адамдарға шаттық сыйлай алатын, күлкісі

күміс шашқан жарқын жүзді еді. Қысқасы, әр қасиетті өз арнасынан асырып,

екінші бір жаман қасиеттің жағасына апармаған. Яғни, таразының екі басын тең

ұстап, тепе-теңдікті сақтаған.

Абай атамыз халықты Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) үлгі алуға былай деп үн-

дейді:


Алла мінсіз, әуелден пайғамбар хақ,

Мү’мин болсаң үйреніп сен де ұқсап бақ...

Иә, он төрт ғасыр бұрын ғұмыр кешкен Алла Расулының (с.ғ.с) көркем де

әсем мінез-құлқы әрбір мұсылман баласының аңсарына айналды. Себебі, Онда-

ғы бұл асыл қасиеттер – адамзатты адамдықтың асқар шыңына шығарар, өзгер-

мес ереже-қағида, барлық жақсылық атаулыға бағыт көрсетер темірқазық іспет-

ті.

Жаратылыстардың абзалы болған адам баласына тән жомарттық, әділдік,



шынайылық,   шыншылдық,   сенімділік,   мейірімділік,   тақуалық,   сабырлылық

сынды қасиеттердің ең биік шыңында қашанда Алла Елшісі (с.ғ.с)  тұрды.

Алла Елшісінің (с.ғ.с) бойына сіңген тағы бір қасиет – жомарттығы еді.

Рахым   Пайғамбары   (с.ғ.с)   көркем   мінезімен   ерекшеленгені   сияқты

жомарттығымен   де   ерекше   еді.   Бұл   Оның   пайғамбарлыққа   ғана   тән   қасиеті

30


болатын.

Алла Елшісі (с.ғ.с) өзі де өнегелі өмірінде жомарттықтың керемет үлгісін

көрсетуімен қатар мәрттікке байланысты: «Жомарт – Аллаға, жәннатқа және

халыққа   жақын,   жәһәннамнан   алыс.   Сараң   –   Алладан,   жәннаттан   және   ел-

жұрттан алыс, жәһәннамға жақын» деген. Ол осы айтқан сөзінің үлгісі бола

білді, әйтпесе пайғамбар бола ма?!

Әрине, ол қаласа, әлемнің ең бай адамына айналар да еді. Негізінде, хазреті

Мұхаммед   (с.ғ.с)   Пайғамбарымыз  ғаниметтерінің   бестен   біріне   Алланың

бұйрығымен ие болатын. Яғни, мүлкінің бестен бірі Алла Елшісінің (с.ғ.с) жеке

өзіне берілген-ді. Оны қалағанынша жұмсай алатын. Алайда хазіреті Омар (р.а)

(585-644) бір күні Пайғамбарымыздың үйіне келген кезде, Оның тым жұпыны

хал-жағдайын көріп, жылап жіберді. Хақ Пайғамбар неге жылағанын сұрағанда,

ол:

–   Пайғамбарым!   Әлемнің   патшалары   қазына   мен   байлыққа   кенеліп



шалқып жүргенде, сенің төсенер көрпешең де жоқ. Бар болғаны ши ғана. Ол да

тәніңе батып, іздері қалып қойыпты. Әлем Сен үшін жаратылған емес пе еді?! –

деді.

Алла Елшісі (с.ғ.с) сонда:  «Омар, мына дүние олардың, ал ақырет біздікі



болуын қаламайтын ба едің!?»-деп жауап айтады.Алла Елшісінің (с.ғ.с) тағы бір

асыл қасиеттерінің бірі – сенімді (Әмин) әрі турашылдығы болатын.

Мақал-мәтелдер   адам   аңсарын   абзалдыққа   баурай   тартады,   жақсы

қасиеттерге   үйретеді,   жамандықтан   жирентеді.   Жастарға   тәлім-тәрбие   беріп,

оларды   өнер-білімге   баулиды.   Солардың   ішінде   туған   жерді,   елді   қадірлей

білуге тәрбиелейтін мақал-мәтелдердің маңызы ерекше.

Ауыз   әдебиеті   -   халық   педагогикасы.   Халық   педагогикасында   еңбек

тәрбиесі ерекше орын алады. Жер де еңбекпен –жер, ел де еңбекпен –ел. Жерді

көркейтетін, елді күшейтетін–еңбек. «Туысы жаманды түйе үстінен ит қабар,

туысы   жақсы   үйде   жатып   мал   табар»   деп   жұмыстың   сәтті   –   сәтсіздігін

туысымен, ата-тегімен байланыстырған. Алайда ауыз әдебиетінің, соның ішінде

мақал-мәтелдердің   негізгі   авторлары   ат   төбеліндей   қанаушылар   емес,

қарапайым   шаруа,   қалың   бұқара,   еңбекші   қауым.   «Еңбектің   көзін   тапқан

байлықтың   өзін   табады»,   «Егіні   бітіктің   қырманына   қыдыр   қонады»   дейтін

мақалдар соны аңғартады. Алайда еңбек ермек те емес, мереке де емес.

Қазақ   –   қала   салып,   қазына   жимаған,   оның   есесіне   «Малым   –   жаным

садағасы, жаным – арым садағасы», - деп ар-намыс сақтаған, елін, еркіндігін

жоғары бағалаған халық.

 Мақал-мәтел - мазмұны бай, көлемі шағын, тілі көркем халық шығармасы,

белгілі   бір   халықтың   қоғам   тіршілігінен,   табиғат   құбылысынан   жасалған

қысқаша   қорытындысы,   әлеуметтік   және   жеке   адамдар   арасындағы   қарым-

қатынастарды   белгілейтін   заңы,   кодексі,   жас   ұрпақты   тәрбиелейтін   өсиеті,

насихаты, оқулығы.

Мақал   –мәтелдердің   мазмұны   белгілі   бір   халықтың,   ұлттың,   қауымның

шаруашылық кәсібін, тұрмыс-салтын, әдет-ғұрпын, дүниеге көзқарасын, сенім-

нанымын көрсетеді.

  Қазақ   халық   мақал-мәтелдерінің   басым   көпшілігі   қазақ   шаруасының

31


негізгі   күнелткіші   болған   малшылық   пен   егіншілікті,   көмекші   кәсіптері   –

аңшылық   пен   балықшылықты   бейнелейді.   Онда   шаруаның   және   диханның

мінез-құлқы,   тұрмыс   –салты,   ұғым   –сенімі   тапқыр   ой,   көркем   тілмен   жан-

жақты   сипатталған;   шаруашылық   жүргізудегі,қарым-қатынас   жасаудағы

тәжірибелері мен көрген – білгендері қорытылған.

Көптеген  мақал  – мәтелдерде балалар мен жас өспірімдерді елін, жерін

сүюге,   еңбек   пен   ерлікке   баулуға,   биік   адамгершілікке,   мәдениеттілікке

тәрбиелеуге және өнер –білімді насихаттауға айрықша көңіл бөлінген.Сонымен

бірге   кейбір   ежелгі   мақал-мәтелдерде   қанаушы   тап   өкілдерінің,     қожа   –

молдалардың және қараңғы шаруалардың көне көзқарастары мен ұғымдары да

елес   береді.   Мақал   –   мәтелдердің   осындай   мазмұндылығын,   көркемдік

қасиеттерін   аңғарған   шешен   билер   сөздерін   күшейту   үшін   оны   шебер

пайдаланған. Қазақ арасында көп жыл әскери қызметте болған орыс офицері Е.

И. Шевалин былай деп жазған:   «Қазақ тілінде тағы да оның мінез –құлқы,

жалпы халқы туралы айқын ұғым бергендей мақалдар бар...  Әділін айту керек,

олардың   кейбіреулері   өте   жақсы...   Тәуір   деген   әрбір   би   мен   төре   мақалдап

сөйлеуді   сүйеді   және   қатардағы   қазақтармен   сөйлескенде,   тіпті   кез-келген

сөзінде оны тіпті көп қолданады». Қазақ шешендері ана тілінде таза сөйлеуді

де, мақал – мәтелді де оқулықтан, кітаптан үйренбеген, атасы мен әжесінен,

халық тәжірибесінен дағды алған. 

Есімдері   аңызға   айналған   алғашқы   қазақ   шешендері,   халық   даналары

Майқы   би,   Аяз   би,   Асанқайғы,   Жиренше   аттарынан   айтылатын   тарихи

әңгімелер мен шешендік сөздердің, қай – қайсысы болса да мақал – мәтелге,

нақыл   термеге   бай.   Тіпті,әдебиетіміздің   ұлы   тұлғалары   –   Бұхар   жырау   мен

Махамбеттің,   Абай   Құнанбаев   пен   Ыбырай   Алтынсариннің   өздері   аталған

халық даналығынан нәр алған, өлеңдері мен әңгімелерінде мақал – мәтелдер

мен нақыл, тақпақ сөздерді өзгертіп те, өз қалпында да молынан пайдаланған.

«Рас,   бұрыңғы   біздің   ата-бабаларымыздың   білімі,   күтімі,   сыпайылығы,

тазалығы төмен болған, - дейді Абай өз сөзінде. – Бірақ бұл замандағылардан

артық   екі   мінезі   бар   екен...   ең   әуелі   –   ол  заманда   ел   басы,   топ   басы   деген

кісілер болады екен. Көші –қонды болса, дау - жанжалды болса, билік соларда

болады екен. Өзге жұрт жақсы, жаман өздерінің шаруасымен жүре береді екен...

«Қой асы қолыңа ал, қолайыңа жақсы сақа қой», «бас – басыңа би болсаң–

Манар   тауға   симассың,   басалқаңыз   бір   болса   жанған   отқа   күймессің»деп...

Екіншісі   –   намысқор   келеді   екен.   Аты   аталып,   аруақ   шақырылған   жерге

ағайынға   өкпе,   араздыққа   қарамайды   екен,   жанын   салысады   екен:   «аз

араздықты қуған көп пайдасын  кетірер» деп, «алтау ала болса, ауыздағы кетеді,

төртеу түгел болса, төбедегі келеді» десіп, «жол қуған қазынаға жолығар, дау

қуған   пәлеге   жолығар»   десіп.Кәнеки,   енді   осы   екі   мінез   қайда?   Бұлар   да

арлылық,   намыстылық,   табандылықтан   келеді.   Бұлардан   айырылдық.

Ендігілердің достығы пейіл емес, алдау; дұшпандығы кейін емес, ие күндестік,

не тыныш отыра алмағандық». Қазақ даласына алғаш білім ұрығын шашқан

ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин Абаймен тілдескендей:

Біз надан боп өсірдік,

Иектегі сақалды.

32


«Өнер – жігіт көркі» деп

Ескермедік мақалды...

Біз болмасақ, сіз барсыз,

Үміт еткен достарым,

Сіздерге бердім батамды.

деп, қазақтың бейқам өткен өміріне өкініш білдіріп, келер ұрпаққа үміт

артады,   біз   ескермедік,   сендер   естеріңнен   шығармаңдар   деп,   «өнер   –   жігіт

көркі» дейтін халық даналығын өсиет етеді.

Бұл   мысалдардан   мақал–мәтелдердің   әдеби–әлеуметтік   мәні,   атап

айтқанда,   қоғамдық   қарым-қатынастарды   реттеуде   ереже,   заң   қызметін

атқарғаны, ақындар мен шешендердің сөздерінде көркемдік дәлелдік қызметтер

атқарғаны айқын көрінеді.

Мақал–мәтел   тұрмысындағы   алуан   түрлі   уақиғаларды,   қарым-

қатынастарды   қысқа,   тұжырымды   тілмен   түсіндіреді;   айтылмыс   ойды

ажарлайды, әрі айқындайды. Сондықтан да  халық оны «Жүздің көркі – сақал,

сөздің көркі мақал» деп жоғары бағалаған.

 Мақал–мәтел ауыз әдебиетінің ең шағын түрі, әрқайсысы дербес шығарма.

Онда   тура   мағынамен   қатар,   астарлы   мағына   болады,   негізгі   ой   астарлап

айтылады.

Мақал- мәтелдердің шығу, даму тарихын қоғам өмірінен, әлеуметтік ой-

сананың өсуінен бөле қарауға болмайды. «Таудай талап бергенше, бармақтай

бақ берсін», «Ісіңнің ағына қарама, маңдайыңның бағына қара» дейтін мақалдар

өткен қоғамның санасын елестетсе, «Талантты ерге нұр жауар», «Еңбек етсең

емерсің» деген сөздер – бүгінгі заманның жемісі. «Оқу – өмір шырағы, кітап –

білім   бұлағы»,   «Отан   үшін   отқа   түс   -күймейсің»   дейтін   мақалдар   біздің

қоғамның ой-санасын бейнелейді.

Мақал–мәтел   –   ертегі,   салт   өлеңдері   сияқты   «кәрі»   жанр.   Көне   Орхон-

Енесей   түркі   жазбаларында   сақталған   деректер   соны   көрсетеді.   Махмұт

Қашқаридің «Дивани лұғат – ат - түрік» сөздігінен: «Ұлық болсаң кішік бол,

халық үшін бәлік бол», «Кісі аласы ішінде, жылқы аласы сыртында», «Тай ат

болса, ат тынар, ұл ер болса, ата тынар» дейтін, «Құдатғұ   білік» дастанынан:

«Біліп сөйлесең білікке саналар, білімсіз сөз өз басын жояр», «Ауыздан бірде от,

бірде   «су   шығар,   бірі   жанса,   бірі   сөндірер»дейтін   мақалдарды   оқимыз.

Алайда,   қазақ   мақалдары   мен   мәтелдері,   негізінде,   ауызша   айтылып,   халық

жадында   сақталған.   Оларды   жинау,   жариялау   ісі   ХІХ   ғасырдың   екінші

жартысынан, ал зерттеу тарихы кеңес дәуірінен басталады.

Қазақтың мақал – мәтелдерін алғаш қағаз бетіне түсірген ғалым – Шоқан

Уәлиханов. Ш. Ш. Уәлиханов пен И. Н. Березин архивтерінде ХІХ ғасырдың

елуінші жылдарында ел аузынан жазып алынған екі жүзден аса мақал – мәтел

сақталған.   Москвада   1923   жылы   «Мың   бір   мақал»,   Ташкентте   1927   жылы

«Қазақ   мақалдары»   (Құрастырушы   Әбубәкір   Диваев),   Алматыда   1935   жылы

«Қазақтың   мақалдары   мен   мәтелдері»   (Құрастырушы   Өтебай   Тұрманжанов),

1950 жылы «Қазақтың мақал - мәтелдері» (Құрастырушы Балым Ақмұқанова)

атты   жинақтар   басылып   шықты.   Содан   бері   қазақ   мақал   –   мәтелдері

толықтырылып, іріктеліп басылып келеді.

33


Қазақ   мақал–мәтелдерін   арнайы   зерттеу   «Қазақ   әдебиетінің   тарихы»

(Алматы,   1948)   атты   очерктен   басталады.   Онда   «мақал   -   мәтел»   зерттеуін

жазған   Б. Шалабаев   қазақ   мақал   –   мәтелдерін   малшылық,   аңшылық   және

егіншілік туралы деп негізгі үш тақырыпқа бөліп қарайды, олардың тәрбиелік,

білім   берушілік   мәнін,   қызметін   көрсетеді,   мақал   мен   мәтелдердің   жанрлық

ерекшеліктеріне тоқталып, әрқайсысына анықтама береді. Алайда, автор мақал

–   мәтелдің   даму   тарихына,   жиналып,   жариялану   жайына   көңіл   бөлмеген,

жанрлық ерекшеліктерін, өзге жанрлармен ара қатысын елемеген.

М.   Ғабдуллин   «Қазақ   халқының   ауыз   әдебиеті»   дейтін   жоғары   оқу

орындарына   арналған   оқулығында   мақал   –   мәтелдерді   жұмбақтармен   бірге

дербес тарау етіп қарастырады.

  Мақал   мен   мәтел   –   егіз   жанр.   Дегенмен   мағынасына,   құрылысына,

атқаратын қызметіне қарай әр қайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Мақал –

аяқталған ойды білдіреді, дербес тұрып та  мағына береді. Мақалда дәлел мен

қорытынды   қатар   айтылады.   Мысалы:   «Еңбек   етсең   емерсің»,   «Қарманған

қарап қалмас».

Мәтел   жеке   тұрып   тиянақты   ойды   бере   алмайды,   тек   белгілі   этнограф,

жазушы В.И. Даль:  «Мәтел – халық сөзімен айтқанда, гүл, ал мақал - дән», -

дейді. Осы пікірді дамытып фольклорист М.А. Рыбникова:  «Мәтел –бұл сөз

оралымы, қалыптасқан сөйлем, пікірдің элементі; ал мақал –аяқталған пікір,

біткен ой», - деп анықтайды.[5.285]

Қорыта айтқанда, мақал – мәтел мен шешендік сөздер – егіз жанр, бірімен–

бірі   етене   жақын   мұралар.   Мақал–мәтелдер   қаншама   мазмұнды   да   көркем

болғанымен көлемі тым шағын, мағынасы жалпы келетіндіктен уақиғаны, кесек

ойды   білдіре   алмайды,   келте   қайырады,   белгілі   бір   затты,   кейіпкерді   көзге

елестете   алмайды;   әдетте   аңыз   әңгімелермен,   көркем   шығармалармен

жалғасып,   жымдасып   өмір   сүреді,   оларға   көркемдік,   мазмұндық   нәр   береді,

айтылмас ойды анықтайды, толықтырады. Асыл маржан ару мойнына; алмас

қылыш ер қолына жарасатыны сияқты сөз асылы да өз орнында құнды. Теңіз

тербеп   тереңінде   сақтайтын   інжу-маржандай   ғасырлар   бойы   халық   жадында

жасап,   жұпталып   көптің   талғамын   өтеген   мақал,   мәтел,   нақыл,   тақпақ,

шешендік   сөздер   ақындардың   өлең–жырларында,   шешендердің   даналық

сөздерінде   ашылады,   айқындалады.   Ақындар   мен   шешендер   әлде   неше

ұрпақтың сана сезімін аралап, көптің көкейіне қонақтаған ойлы, сырлы сөздерді

жаттап, жадында сақтайды; керекті, кезекті жерінде жаңартып, жасартып кәдеге

жаратады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет