1.2 Шырай категориясы түрлерінің зерттелуі
1.2.1 Орыс, түрік тіл білімінде зерттелуі
Төңкеріске дейінгі (1917 жыл) жазылған, шыққан
грамматикаларда шырай туралы аталып қана қойылатын.
Оларды жеке алып тексеріп, «шырай категориясы мынау»
деген еңбек кездеспейді. Ал грамматикаларда айтылатын
жайдың үлгісі мынадай болып келетін.
«Прилагательные качественные имеют три степени
сравнения. Сравнительная степень образуется через
прибавление положительной частицы –рақ/-рек, например:
жақсы-жақсырақ. Часто для сравнения двух предметов тот
предмет, с которым сравнивают, ставится в исходном падеже,
а сравниваемый в именительном падеже. Напрмер: Лошадь
выше коровы – ат сиырдан биік или сиырдан ат биік. Но и в
этом случае прилагательное чаще ставится в сравнительной
степени, например: мен сенен күштірек или күштірекпін. Я
сильнее тебя».
22
Превосходная степень, как и сравнительная, образуется
из положительной степени таким образом:
Через прибавление впереди прилагательного частицы ең,
например: ең жақсы – самый лучший.
Через прибавление к прилагательному одного из следующих
наречии: нағыз – самый, әбден – совсем, әбден жақсы – очень
хорошиий, нағыз жақсы – самый хорошиий.
Когда хотят выразить превосходство одного предмета перед
другими, его повторяют два раза и во второй раз ставится в
родительном падеже, например: мынау үй үйдің биігі – этот
дом выше домов в мире
10,168
.
Бұл кітапты Катаринский жазды деседі. Әңгіме оның
авторында емес, сол кітаптың ғылыми дәрежесінде. Бұл Қазан
төңкерісіне дейінгі шыққан грамматикалардың ішіндегі ең
толығырақ жазылғаны деп танылады.
Қазақ тілінің грамматикасын жазған орыс ғалымдары
Мелиоранский, Лаптев, Терентьевтер осы Катаринскийдің
көлемінен аса алған жоқ. Олардың еңбектерінде де осы
айтылғаннан басқа көрнекті еш нәрсе кездеспейді. Сондықтан
олардың айтқанын айтып талдамаймыз.
Түрік тілдеріндегі сын есімнің шырай категориясы туралы
айтылғандар қанағаттандырарлық емес. Сондықтан орыс тілі
туралы айтылған шырай анықтамаларын айта отырып, түрік
тілдері жөнінде айтылған, жазылған анықтамалармен
салыстырып қарау -- әрі қолайлы да, әрі пайдалы да болмақ.
Солай болғасын мына төмендегі анықтамаларды қарайық.
«Качество может являться слабее или сильнее обыкновенного
и может существовать в одном предмете более чем в другом и
чем во всех других» – дейді Востоков
9, 58
.
23
Бұл анықтаманың дұрыстығы – шырайдың негізгі шыққан
жерін қарауында. Бұрыстығы -- өзі тұрған қоғамдағы дүние
тану көзқарасынан аса алмай, салыстырылатын заттардың
қатынасын көре алмай, бұрыннан «сапа нормасы» бар деген
тұрғыдан қарауында. Сөйтіп, реалистік қорытындыға
келуінде.
Востоковтың ізімен осы тұрғыдан қарап айтқандардың
(Павский, Давыдов және т. б. ) анықтамасында
айырмашылықтары бар, бірақ принцип жөнінен
айырмашылығы жоқ.
Ғалым В.В.Виноградовтың пікірі мынадай: «Имя
прилагательное – это грамматическая категория,
формирующая и объединяющая слова, которые означают
признак предмета (качественный, относительный или
указательно-определительный) и которые являются
определяющими имена существительные и обычно
согласуемыми с ними в роде, числе и падеже частями речи.
Семантической основой имени прилагательного является
понятие качества»
6, 157
.
Бұл пікірге ұқсас тілші Гречтің айтқаны: «В именах
прилагательных качественных выражается степени сравнения,
показывается, что один пердмет перовосходнее другого в
каком- либо качестве или что он во всем качестве
превосходнее всех предметов того же рода» дейді
8, 97
.
Заттық қатынасқа үлкен мән бере отырып, дұрыс
позициядан қарай отырып, сапа мен объектінің бірлігін айта
алмағанын байқауға болады. Осының салдары бір жақты
анықтамаға келіп соққан. Соның өзінде бұл жоғарыда
айтылған адамдардың анықтамасынан анағұрлым жоғары
24
екендігі анық көрінеді. Дегенмен біздің тұсымыздағы тіл
ғылымына қолдануға келмейтіні түсінікті.
Ал, одан кейінгі кезеңдегі оқымыстылардың
көзқарастарына тоқталатын болсақ, олардың ішіндегі
көрнектілерінің бірі профессор В. А. Богородицкий шырай
категориясын мүлдем «психологиялық момент» деп қарайды.
Шырай дегеннің өзі ойдың сапалық өзгерісі яғни «субъективтік
категория» деп, заттық шындықтан бөліп алып, жеке қарайды.
Шапиро: «Суффиксы –ее/ей/-е указывают, что признак
имеется у данного предмета большой степени чем у другого»
дейді.
Сөз жоқ бұл формалистік анықтама. Мұнда заттық
қатынас, сапаның затпен араласуы, ойлау прцесіндегі
синтаксистік қарым-қатынастардың бәрі жоққа шығады.
Осының ізімен кеткен Финкель А. М., Боженов Н. М. және
басқалары формальдық белгілерін алады.
«Степени сравнения – формы качественных имен
прилагательных наречий, служащие для обозначения
различных степени качества. Положительная, сравнительная,
превосходная степени сравнения» –деп жазған профессор
Ушаков Д. Н.
8, 118
.
Ал, «Степени сравнения – морфологические или
образование сочетанием со служебными словами формы
прилагательных и наречий, выражающие сравнительно
большую степень качества» -- прфессор Жироков Л. И.
(Лингвистический словарь, 1945 г.)
Бұл категория туралы Пешковский, Бархударов және
басқаларының айтқандарын қоя тұрып, нақты толығырақ,
дәлірек айтқан атақты ғалым В. В. Виноградовтың атын атауға
25
болады. Оның «Современный русский язык» деген еңбегінде
толық айтылған және бұрын ашылмай, көмескі жүрген
мәселелердің беті ашылған. Кітапта оларды нақты айтқан.
Түркологтардың ешқайсысының еңбегінде шырай
категориясының анықтамасы жоқ. Айтылса да, жалпы айтады.
Түрік системалы тілдерді зерттеушілер Баскаков Н. А.,
Дыренкова, Кононов А. Н., Дмитриев Н. К. және басқаларының
жазған грамматикаларында шырай категориясына арнаулы
анықтама беріліп айтылмайды. Бұл ғалымдардың еңбектерінде
шырай нақты зерттелмесе де, шырай категориясының бар
екенін мойындайтыны көрінеді. Барлығы да бір ауыздан шырай
категориясы бар дейді. Бірақ әрқайсысы әр түрлі тіл
ерекшелігіне қарай, өзгешеліктерін ескере отырып, азды-көпті
тексеріліп отырған тіл фактілерін береді.
Қазақ тілін тексерушілер: Мелиоранский, Катаринский,
Лаптев және басқаларының да зерттеулерінде нақты анықтама
берілмеген.
Қазақтың орта мектебіне арнап, грамматика
жазушылардың пікірлері жоғары айтылғандардан гөрі
өзгешерек.
Олардың ішінде ғалым С. Аманжолов, Ғ. Бегалиев, І.
Сауранбаев, С. Кеңеспаев пен Жиенбаевтың грамматика
еңбектерінде шырай категориясы туралы жазылған. Ғалым Ғ.
Бегалиев пен профессор Н. Сауранбаев өз еңбектерінде шырай
категориясына қатысты мынадай пікір жазған: «Шырай
категориясы заттың сапасын, сынның қаншалық артық,
қаншалық кем екенін білдіреді, екінші сөзбен айтқанда,
сапаның дәрежесін білдіреді»
21, 128
.
26
Профессор Ісмет Кеңеспаев пен Жиенбаевтың
грамматикасында шырай категориясына жалпы берілген
анықтама жоқ. Бірақ шырайлардың әрқайсысына арнаулы
анықтамалар бар. Мысалы: «Нәрсенің сапасы мен сынын
салыстыра келіп, оның басқа нәрселерден артық-кемдігін
көрсететін сын есімді талғаулы шырай дейміз»
22, 181
. Осы
тәрізді анықтамаларды басқа шырайларға береді.
Жоғарыда келтірілген Н. Сауранбаевтың «заттың
сапасының қаншалықты артық, қаншалықты кем екендігін
білдіреді» анықтамасына тоқталып көрелік. Осы сапаның
артық, кемдігін қалай, қандай жолмен білдіреді? Бұл жерден
нақты бір «норма» бар деген түсінік тууы мүмкін. Автор мұндай
түсінікті дәлелдеп жатпайды, яғни бұл анықтаманың дұрыс
құрылмағанын біз түсінеміз. Шынында да белгі, сапа сын
есімнен өзі болмайды. Бұлар заттың болмысының бір көрінісі.
Белгісіз зат жоқ. Затты белгісі арқылы танимыз. Сөйтіп, өзінің
болмысын объективтік шындық дүниесінде атрибут арқылы
көрсете отырып, басқа заттан айырмасының болуын анықтауы
сөзсіз. Біз оны осы белгілері арқылы танимыз. Бірақ бұл
белгілер бірінде көп, бірінде аз болуы, бірінде артық, бірінде
кем болуы мүмкін. Сөйтіп затты тану жолының ең бастысы – екі
заттың біркелкі белгісін біріне-бірін салыстырып барып тану.
І. Кеңеспаев жазған екінші анықтамадағы: «бір нәрсенің
сапасы мен сынын салыстыра келіп, оның басқа нәрселерден
артық, кемдігін көрсететін сын есімді талғаулы шырай дейміз»
дегендегі жетпей тұрғаны – мағынаның тұрақсыздығы. Мұнда
бір заттың сапасын екінші заттың сапасымен қалай
салыстырамыз? Затты затпен салыстырамыз ба? Болмаса тек
қана басқа нәрселермен, яғни көп заттармен салыстырамыз
27
ба? Міне, осылар бұл анықтамада ашылмай қалған.
Салыстырылатыны түсініксіздеу. Осы екі анықтамаға ортақ
кемшілік салыстырылатын сапаның көзбе көз тұруы қажет пе?
Қажет емес пе? Жалпы белгілері, сапалары салыстырылатын
екі, не одан көп заттардың бір жерде, бірге тұруы міндетті
емес. Біз бір нәрсенің сапасын айтқанда екеуін бірдей де
айтамыз. Кейде біреуін ғана айтып, екіншісін ойымызда
сақтаймыз. Екі немесе көп заттардың жалпы белгілері ғана
салыстырылып қоймайды. Сол екі, не одан да көп объектінің
біркелкі белгілерінің саны салыстырылады. Бұл шырай
ұғымының туу ерекшелігінің бірі.
ХІ/ ғасырдың бірінші жартысының өзінде тіл біліміне
еңбегін қосқан әйгілі ағартушы Мелетий Смотрицкий шырай
категориясы туралы былай деген: «Имена прилагательная, --
писал он, -- их же знаменование расти или малети может», и
потому: «уравнение есть имене уравняемого по степенем
уравнения восхождение»
5, 76
. Бұл тұжырым жөнінде орыс
ғалымы А. С. Никулин былай деп жазды: «Это весьма
примитивное определение, представляющее для нас только
исторический интерес, конечно, ни в какой мере не
удовлетворяет научному пониманию природы исследуемой
категории».
5, 7
.
Сын есім сипатының өзгеруі мен осы сипаттың мөлшерлік
айырмашылығын ескере отырып, М. Смотрицкий өз
анықтамасында шырай категориясы қалыптасатын алғашқы
формаға көңіл бөлмейді. Бұл анықтама сипат пен нысанның
байланысын ашпайды. Ал енді сол байланысты бірінен бірін
бөліп қарастыруға болмайды. Мұнда сипаттың сапалығының
бөлінісі жоқ.
28
Ғылыми тіл білімінң кезеңінде де осындай талдау белгілі.
Мысалы, Востоков былай деген: «Качество может являться
слабее или сильнее обыкновенного и может существовать в
одном предмете более нежели в другом и нежели во всех
других»
5, 7
.
Востоковтың түсінігі бойынша салыстыру ерекшелігі
нысанның сипатының мөлшерлік айырмашылығының көрінісі
ретінде беріледі. Бірақ та Востоков салыстырудың бастапқы
формасы туралы түсінік келтіреді. Мұнда оның үлкен еңбегі
көрінеді. Востоковтың ойынша сипаттың бір мөлшерінің
асырылуы екіншісінің алдында бірнеше заттардың өзара
байланысынан емес, ал алдын ала болатын байланыстардан
пайда болады. Востоковтың жолымен Павский, Давыдов және
тағы басқа келесі уақыттың лингвистері жүрді.
Арасында ғалым Греч ерекшеленеді. «В именах
прилагательных качественных, -- деп жазды ол, --
выражаютсы степени сравнения, т. е. показывается, что один
предмет превосходнее другого в каком-либо качестве или что
он в сем качестве превосходнее всех предметов того же рода»
8, 8
. Бұдан шырай категориясы анықтамасында Гречтің
салыстыру нысанына үлкен мән бергенін көреміз. Салыстыру,
оның пікірінше, сипаттардың қатыстылығы емес, заттардың да
қатыстылығы. Жалпы дұрыс жолды көрсетсе де, Греч нысан
мен сипаттың бірлігі ұғымына көтеріле алмады.
Ал Богородицкийдің тұжырымы өзгеше. Ол салыстыруды
психология саласына мүлдем ауыстырады. Оның түсінігі
бойынша салыстыру тек материалдық нақтылық пен осы
нақтылықтың әлеуметтік себептерінен бөлінген тек қана
субъективтік категория.
29
Орыс ғалымы А. С. Никулин былай деп жазды: «Известно,
что система синтаксических конструкций, образующих
сравнения в русском языке, может быть разделена на две
больших группы. Их мы называем условными терминами –
двучленная группа сравнений и одночленная группа
сравнений»
5, 9
.
Ғалымның осы пікіріне сүйене отырып, қазақ тіліндегі
салыстырумен байланыстырып көрелік. Екі топқа бөлсек,
біріншісін – екі мүшелі топ, екіншісін – бір мүшелі топ деп
атаймыз. Екі мүшелі салыстыруға мысал келтірелік.
Мысалы: Болмаса ол өзінен кішірек Рахымның көңілін
аулайды, үмітін демейді
М. Әуезов, 405 б.
. Бірақ студент
талдырмаш та, доктордан гөрі мұрындырақ
Х. Есенжанов.
125 б.
Бұл жерде ғалым А. С. Никулиннің мына сөзін келтірелік: «Эта
группа сравнения достаточно прозрачна со стороны значения.
Нетрудно видеть, что в этих примерах сравнение возникает в
результате отношения, т. е. сопоставления сравниваемых
объектов
5, 10
.
Келтірілген мысалдардан біз екі нәрсенің бір-бірімен
салыстырылып отырғанын көреміз. Яғни, бірінші мысалда
Рахымның І жақта ойлап отырған адамнан жасының кіші екені,
екінші мысалда студенттің доктордан мұрнының үлкендеу
екені салыстырылады. Бір заттың қандай затпен
салыстырылып отырғаны анық көрініп тұрғандықтан, біз бұны
екі мүшелі салыстыру дейміз.
Ал тағы да мына мысалдарды келтірелік:
30
Бір топ әйелдің алдында келе жатқан Шарипаның өңі ақшыл,
ажары тәуір болатын
М. Әуезов, 419
.
Мұнда салыстырылатын нысан бір затқа емес, бірнеше
затқа қарама-қарсы қойылған. Яғни, Шарипаның өңі көп
әйелдердің өңінен ақшыл екенін көреміз.
Түсінуге қиындық туғызатын бұл бір мүшелі топ.
Мысалы: Үш бала биыл көктемнен бері бір кішілеу қайыққа ие
болыпты
М. Әуезов, 299
. Оның ажары жастау
М. Әуезов, 295
.
Келтірілген мысалдарда салыстырылатын екінші нысан
жоқ. Кейбір лингвистер осыны салыстыруға жатқызбайды. Бұл
пікірдің дұрыс еместігіне көз жеткізу үшін, мысалдарды
салыстырып көрелік. Бірінші мысалда балалардың үлкен
қайыққа емес, кіші қайыққа ие болғаны айтылады. Яғни, егер
салыстырылатын зат айтылмаса, онда әңгіме болып жатқан
зат, әрине өзі секілді затпен, құбылыспен салыстырылады.
Екінші мысалдағы кімнің кіммен салыстырылып тұрғанын
осының алдында берілген ойдан, яғни контекст арқылы ұға
аламыз.
Тағы мысал келтірелік. Бес қабатты үйді көріп біз оны
«мынау биік үй» дейміз. Бірақ, басқа көшеде сегіз қабатты үйді
көре тұра, жаңағы бес қабатты үйді «өте биік үй» дей
алмаймыз. Ал егер біздің қалада бес қабатты үйден басқа үй
болмаса, онда оны «өте биік үй» дей аламыз. Бұл жерде
салыстырылатын нысан жоқ. Мұны салыстыру қызметі жоқ,
салыстыруға жатпайды деуге бола ма? Жоқ, біз ондай
тұжырым айта алмаймыз. Өйткені, сегіз қабатты үйді біз бес
қабатты, үш қабатты және барлық басқа нақты қаладағы
үйлермен салыстыра аламыз.
31
Сонымен, шырай категориясы негізінің бір жағы
салыстырылатын нысанның өзіне ұқсас басқа затқа
қатыстылығы болып табылады. Бұл жерде, шырай категориясы
туу үшін нысанның тілде немесе тек біздің ойымызда,
елестетуімізде болуы міндетті емес. Бірақ, шынында да
заттардың, құбылыстардың өзара байланысынан немесе
қатыстылығынан асырылу тумайды. Өйткені заттар емес, ал
олардың сипаттары салыстырылады. Заттың сипатын
көрсететін сын есімдер ғана шырай категориясының қызметін
атқаратынын айтсақ та, жоғарыдағы тұжырымды түсінуге
болады.
Сонымен, шырай категориясының негізін бір нысанның
сипатымен басқа нысанның сипатының қатыстылығымен
байланыстылығымен толықтыруға болады.
Бірақ мына сұраққа тоқталайық. Біз нені нақты
салыстырамыз: жалпы сипаттарды ма, сипаттың түрлерін
(мөлшерін) бе әлде бірыңғай сипаттардың түрлерін бе? Бізге
белгілі, сипат өз бетінше өмір сүрмейді, сипаттың категориясы
арқылы әр зат және әр құбылыс өз орнын табады. Бірақ заттар
да сипатсыз өмір сүре алмайды. Яғни, нысан мен нысанның
сипатын бір-бірінен бөліп қарастыруға болмайды.
Бізге белгілі, заттарды сипаттардың әр түрлі құрамына
қарап және сипаттың әр түрлі санына қарап айыра алуға
болады. Мысалы, қара үстелді ақ үстелден олардың әр түрлі
түстеріне қарап айыру қиын емес. Ал екі қара түсті үстелдер
бір-бірінен мүлдем ерекшеленбейді, өйткені екеуі де қара түсті,
егер олардың айырмашылығы сипаттың сандық ерекшелігінде
болса, яғни, үстелдердің біреуі жай қара түсті де, екінші қап-
қара болса, айыруға болады.
32
Бірінші мысалда әр түсті үстелдер өз айырмашылықтарын
толықтырып, нақтылауды керек етпейді, яғни, салыстыруды
керек етпейді. Ал екінші мысалда нақтылау қажет, өйткені
салыстырусыз заттардың бірыңғай сипаттары өз беттерінше
айырмашылықтарын таба алмайды. Яғни бізге көрінбейді.
Сонымен тек салыстыру негізінде анықталады, өйткені
сипаттың сандық айырымын анықтауда шырай түрі де
нақтыланады, мысалы өте қара немесе қап-қара үстел т. б.
Талданып отырған категорияның негізі сипаттың мінезіне
жаңа көрсетілу арқылы толықтырылады, яғни, негізінен жалпы
сипаттар салыстырылмайды. Ал бір немесе бірнеше нысанның
бірыңғай сипатының мөлшері, саны салыстырылады.
Әр заттың сана қабылдайтын өзіндік нүктесі болады. Егер
ол зат не құбылыс сол нүктесінен асырылып не үлкейіп,
төмендеп не кішірейіп көрінсе, онда оған үлкейтілген,
төмендетілген қалып беріледі. Бұл жерде ғалым Павскийдің
мына пікірін келтіріп кетелік: «Стол есть нормальное,
представляемое в той мере, какая ему прилична. Но когда
хотим увеличить стол, тогда говорим столище; когда хотим
уменьшить или унизить его, тогда говорим столик, столишко.
Увеличение или уменьшение свойственны не только именам
существительным, но и именам прилагательным
качественным, потому что и для качеств есть тоже известная
мера или норма, в которой они представляются уму…» алайда
қазақ тілінде зат есімдердің өзін үлкейтіп не кішірейтіп
елестетсек те, айта алмаймыз. Олай айту үшін сол заттың
сипатын өзгертіп айтуымыз керек. Ал заттардың сипаттарын
сын есім көрсетеді емес пе? Мысалы: «үстел – үлкен үстел
немесе кіші үстел». Осы жерде тағы да ғалым Павскийдің сөзін
33
келтірелік: « Но сверх того в прилагательных именах, и
особенно в именах качественных, которые легко могут
прилагаться ко многим вещам, возможно сравнение иного
рода. Посредством их можно сличать вещь не только с нормою
собственного ее бытия, но и сравнивать вещь с другими
вещами, качество с другими качествами». Яғни, затты затпен
ғана салыстырып қоймай, ал сипаттарын асырып, күшейтіп
салыстыруға болады. Осының, яғни заттың басқа заттан
өзінше айырмашылығын тану мақсатында сын есімдерде
шырай категориясы пайда болады. Тағы да айта кететін
жағдай, егер заттың ерекшелігін тек сын есімдерге тән шырай
түрлері ғана танытып берсе, онда бұл қасиет сын есімдерге
ғана тән, басқа сөз таптарында жоқ белгі, ерекше категория
болып табылады.
Басқа түркі тілдеріне шолу. Енді осы тұрғыдан қарағанда,
түрік системалы тілдердің грамматикаларында сын есімнің
шырай категориясын қалай шешкендігіне келетін болсақ, олар
мынадай болып шығады:
Ноғай тілі туралы. Жазған профессор Баскаков Н. А. Сын есім
мен зат есімді бірыңғай қарауының салдарынан сын есімнің
шырай категориясын нақты айта алмайды. «Все качественные
имена прилагательные (но не относительные и
уподовительные) изменяется специальными аффиксами,
образуя категории, семантически близкие и степеням
сравнения в русском языке: 1) аффикс ғана, гене, қана, кене
уменьшительное имя прилагательное наречие, например, аз –
мало, аз ғана – маленько, кішкене – малюсенький; 2) аффикс –
рақ/-рек, присоединяясь к качественным именам
прилагательным, образует формы. Имени прилагательного,
34
указывающую на наличие признаков данного качества,
например, қызыл – красный, қызылырақ – имеющий красный
оттенок цвета, красноватый дейді.
Мұны сын есімнің түрлері (виды) дейді. Шырай деп аты
аталмайды. Бұдан шырайдың нақтыланбағанын көреміз. Ашық
пікірі осы болып табылады. Бұларда шырай демесе, басқа
шырай қайдан келмек.
Шығыс септік жалғауы арқылы аралас келген сын есімді
«Образует сочетание сравнения, близкое к категории
сравнительной степени русского языка» дейді. Оған мынадай
мысал келтіреді: «Аттан биік, иттен аласа». Дұрыс-ақ, солай
болсын дейік. Басқа тұлғалар қайда? Ол туралы сөз қылмайды.
Бұл кітап – мұнан әрі тереңдеп бармайды.
Бүкіл түркологтар бірауыздан қабылдаған үстеу сөз
арқылы жасалатын таңдаулы шырайға ғана мойындайды. Онда
«бек, ең» сөздері арқылы ғана жасалады. Мысалы: бек игі --
очень хорошо, очень хороший; ең үлкен – очень большой
дегендерді айтады.
Қорыта келгенде – жалғыз «бек, ең» сөздері арқылы
жасалған шырайлардан басқаның бәрін бекерге шығарады.
Сөйтіп, сын есімнің шырай категориясы бекер болып табылуға
бейімделеді.
Ал, осы кісінің өзі Баскаков Н. А. Қарақалпақ тілінің
қысқаша грамматикасын жасағанда тілінде сын есімнің үш
түрлі шырай бар деп жазды. 1) күшейту шырайы (усилительная
степень) –рақ/-рек; 2) Салыстырмалы шырай (сравнительная
степень); 3) Таңдаулы шырай (превосходная степень) көп,
жүдә, ең дейді.
35
Оның мына кітабында да екі жақтылығы көрінеді. Сөз жоқ,
бұл бұрынырақ жазылған еңбек қой. Сондықтан, «Ноғай тілі»
кітабында соңғы кезде қорытылған көзқарасы болуға тиіс.
Олай болса, шырай категориясын таныды деу де қиын. Оған
факт жоғарыда айтылғандар. Оған қосымша осы «Қарақалпақ
тілінің қысқаша грамматикасы».
Қырғыз тілінің маманы, И. Л. Батманов «Части речи в
киргизском языке» деген еңбегінде қырғыз тіліндегі сын
есімдердің спецификасы: « а) форму на –рақ/-рек обладания
качества … б) қап-қары, сап-сары. в) превосходную степень,
образуемую при помощи служебных слов – ең, өте, әбден»
дейді. Бұл 1936 жыл еді. Ал, 1940 жылы жазған кітабында:
Основы независимо от их принадлежности к той или иной
(промежуточной или стабилизовавшейся) части речи,
выступает для выражения логической категории качественных
прилагательных, могут сочетаться со специфическими
аффиксами, передающими различные качественные градации
качества, заложенного в значении основы.
Таковы степени сравнении и образования:
1) Приуменьшительно-приблизительная степень,
образуемая при помощи сочетания первого слога основы с
аффиксом –ғылт, -ғылтым: қызыл – красный, қызғылт,
қызғылтым – красноватый, сары – желтый, сар,ылт,
сарғылтым – желтоватый.
2) Усилительная степень, образующаяся путем
присоединения к основе особого, вида изменяющегося в
каждом случае, префиксов… қызыл, қып-қызыл – очень
красный, красный-красный; синий – көк, көп-көк – очень синий,
голубой-голубой; аппақ – очень белый.
36
3) Преувеличительная степень, образуемая при помощи
аффикса –раақ/-реек, рөөк, рооқ, ыраақ, ираақ, үрөөк: сулы –
водянистый, сулыраақ – водный, қызыл – красный, қызылыраақ
– более красный, ярко красный.
Срвнительная степень передается при помощи форм исходного
падежа от имени предмета, с качеством которого сравнивает
качества другого предмета: … қарындаш сиядан көгүрөөк –
карандаш посинее чернил.
5)Превосходная степень с русского языка на киргизский
передается при помощи наречий –предлогов: абдан, ең, өте –
очень, мүлде – самый дейді.
Бұл Батмановтың бұрынғы айтқанды қойып, қырғыз
тілінің шындығына, оның ерекшелігіне бой ұрғандығы анық,
мұнысы әбден дұрыс.
Бұл туралы сөзді қырғыз зерттеушілеріне берейік.
«Қырғыз тілінің морфологиясын» жазған Бакеев,
Бақтыбаев У. «Таңдаулы шырай жасайды» дейтін үстеу
сөздерді «күшейтпе сын» дейді. Мұндағы бір мінезді факті
шырай жұрнақтарын тізіп көрсету. Бұл форма бұрынғы тіл
кітаптарында көрінбейтін. Мысалы: “-ыш, -ғыл, -ғылтым,
-сымал, -ылтым” дегендер.; -ғыш (сарғыш), -мұқ (бозомұқ),
-улдур (көгулдур)”. Бұлардың санға кіре алмай, көзге түспей,
грамматикалардан орын алуға мүмкіндігі болмай келгені
мәлім. Бұл барлық түрік системалы тілдердің көпшілігінде бар
форма. Бірақ, ешқайсысында орнығып, шырай категориясының
формалдық (тұлғалық) белгісі делініп, танылып жеткен жоқ. Ең
әуелі –ақ, мұны ешбір тіл маманы шырай жұрнағы емес деп
бекерге шығарғаны да жоқ. Сонымен қатар бұл формаларды
нақты шырай жұрнағы деп санға да қосқандары жоқ (тек
37
соңғы кездегі грамматикалардан басқасы, көбінесе, бұл
формалар аталмай, көзге көрінбей бүктемеде, басқа
формалардың көлеңкесінде қалып қоюмен келген).
Бұл сын есім шырайларының жұрнақтары осы соңғы кезде
тексеріліп, жиналып мектеп грамматикаларына ене бастады.
4.Шор тілінің грамматикасын жазған Дыренкова Н. К.
шырай категориясы туралы жалаң айтылған. Онысы Дмитрев
айтқандай системасы басқасы. “Орыс тілінің типологиясын
қуудан” шыққан, зат есім мен сын есімді басында
айырмағандықтан, сын есімнің шырайына келгенде бәрі
араласып кеткен. Сын есімнің шегін ажырата алмай қалған
сияқты.
Сөйтіп, шырайды біресе «бар» деп, біресе «жоқ» деп, ылғи
қайшылықта қалған. Оған мысал мыналар: «Последнее
(прилагательные) хотя морфологически не отличается от
первых (существительных), все же имеют некоторые
особенности, заключающая в том, что они могут образовывать
интенсив, сочетается с так называемыми усилительными
словами (ән, ең) тым и другие. Образовывать сочетания типа
ап-ақ, қып-қызыл» дейді Дыренкова ( 8, 121 б.). Бұдан көрінетін
түсінік: зат есімнен сын есімнің айырмашылығы жоқ болса да,
біраз өзгешелігі бар. Онысы: 1) интенсив (күшейткіш буындар)
ап-ақ, қып-қызыл. 2) күшейткіш сөздер ең, тын (тым) дегендер.
Сол кітабында сын есім деген параграфында осы пікірін
қайталайды. Бірақ, шырай деп атай алмайды Ал, «сравнение»
деген тақырыпта, «шығыс жалғауы арқылы теңестіру
жасалады». Осының өзінде барлық шырайлар араласып жүреді.
Онда да шырай категориясына жуықпайды. Мұнысы шырай
категориясын шеттеткендіктің ізі болуы керек.
38
5. Татар тілінде шырай категориясы туралы ашық
айтылған. Оларда екі түрлі шырай бар дейді профессор
Курбангалиев.
6. Башқұрт тілінде де төрт түрлі шырай бар деп жазады
Мансұров Ә. 1) Түп дәреже «жай шырай», қызыл флаг, көк ат.
2) Сағыштыру дәрежесі «салыстырмалы шырай», мысалы, таш
ағаштан қатырақ. 3) Артықлық дәреже, қып-қызыл, һап-һары.
4) Азыту дәреже (кішірейту шырайы), мысалы, қызғылт, яшһілт,
ақһыл, көгелем.
7. Көп грамматиктердің ішінде сын есімдердің шырайы
туралы дұрыс айтқан профессор Дмитрев. Бұл кісі шырай
категорисы жөнінде өзі зерттеп отырған құмық тілінің конкрет
фактілерін есепке алған. Осы тұрғыдан қарап, сын есімнің екі
түрлі шырай бар дейді. 1) Салыстырмалы шырай
(сравнительная степень); 2) Талғаулы шырай (превосходная
степень), мұның соңғысы (үстеу сөздері арқылы жасалады»
дейді. Бірақ шығыс жалғау арқылы салыстырма шырай деуі
логикалық жолды формамен байланыстырамын деп тырысқаны
тиіс. Олай болмағанда, салыстыру болмаса, оны білу де қиын.
Әрбір сын есімнің сөздерінің арнаулы мағынасы болады. Ол
біріне бірі үйлес келеді. Әрқайсысын айтқанымызда біріне бірін
салыстыра айтады. Олар шығыс жалғауы болмаса, өзіне
керекті шылаулық үстеулер арқылы жасалуы да мүмкін.
Бұларсыз-ақ жасалуы да бола беретін іс. Сондықтан тек қана
шығыс жалғауы критерии болмайтыны анық.
8. Түркмен тілінде сын есімнің төрт түрлі шырайы бар
деседі. 1) Оларда (түп дәреже – жай шырай). Мұнда да басқа
түрік тілдерінен басқашылығы жоқ. 2) Көмлік дәреже -- -рақ/-
рек жұрнағымен -ымтил, -иттил, -үмтил, -ылт, -ғылт
39
жұрнақтары жасайды. Мысалы, сарғылт, ғызғылт, қарарақ,
гөгірек, ағымтыл, борымтыл. 3) Сөйгілік дәреже: ақ – ақжа,
ғара – ғаража. 4) Сыпатларының артықлық дәрежесі дегенде
күшейту буындары арқылы, күшейткіш үстеулері арқылы
жасалатын көрінеді. Мысалы, ақ – ап-ақ, ғызғыл – ғым-ғызыл,
ең, яқши, гөк, гөм-гөк.
Қысқасы шырай категориясы барлық түрік системалы
тілдерде бар деуімізге болады, бірақ бәрінде емес.
9. Мұнда мысал келтірмеген Османды түрік тілі мен
әзербайжан, түрік тілдері. Оларда да шырай категориясы бар.
Ол тілдерде (-рақ/-рек) формасы ғана жоқ. Бұл жоқ емес, тек
қана сирек қолданылады. Оның орнына басқа жұрнақтар
қолданылады.
Барлық түрік системалы тілдерден шырай
категориясының бір қалыпта, бір мөлшерде болуын талап
етудің, әрине, орны жоқ. Тіл болған соң, оның үстіне ұлт тілі
болғандықтан өзіне тән өзгешелігі болады. Сондықтан шырай
категориясы әр түрлі болып кездесуі сол тілдердің нормасына
байланысты. Ол өзгешелікті грамматиканың авторларына
ескермей кетуге болмайтыны да анық. Сол үшін біраз түрік
тілдерін қарастырдық. Сөйтіп, түрік тілдерінде шырай
категориясының бар екендігіне көзіміз жеткендей болды.
Қысқасы, қазақ тілінде сын есімнің шырай категориясы бар. Ол
категорияның толып жатқан формалары бар. Бірақ бұл
формалар арнаулы сөздерге, оның ішінде нақты сын есімдерге
жалғанады. Басқа сөз табынан сын есімге айналған сөздерге
жалғанатындары өте шағын. Ал, сыр сын есім түбірлеріне
жалғанып, басқа сөз таптарынан сын есімге айналғандарына
40
сын есімнің сөз тудырғыш жұрнағының үстіне ғана жалғанады.
Мысалы: мал-ды-рақ, сүт-ті-рек, қаш-ық-ырақ, сыр-лы-рақ;
Бұл жұрнақ сын есімнің негізгі белгісі сияқты бұдан
басқалары бірде оған, бірде бұған жалғана бермейтіндік мінез
көрсетеді. Мысалы, -лау/-леу, -тау/-теу; Бұлар да негізінен
байырғы сын есімнің өзіне жалғанады да, кейде зат есімге де
жалғанып тұрады. Онысы тым сирек ұшырайды. Сөзді талғап
барып жалғанады. Мысалы: «көк» дегеннен «көкшіл» деп, «-
шіл» жұрнағы арқылы шырай мағынасын тудырса, «-шіл» деген
жұрнақ «жасыл» деген сын есімнен шырай тудыра алмайды.
Осы сияқты қыз-ыл түбірі «қыз» «-ғылтым» формасын «көк» ке
қосуға болмайды. «Көгілтім» деген сөз әдебиетте кездеспейді.
Көгілдір дегенді «қызыл» ға апарып қосуға болмайды.
«Қызылдыр» деп айтылмайды. «Сарғыш» дегендегі –ғыш
жұрнағын қызыл, көк, жасыл деген сын есімдерге қосуға
келмейді.
Сын есім біздің заманнан әлдеқайда бұрын бар екені бірен-
саран ұшыраған материалдардан белгілі. Сын есімнің шырайын
зерттуге көп үлес қосқан ғалым Ғайниден Мұсабаевтың мына
бір зарттеуін осы жерге келтіріп кетейік: « … сын есімнің барын
хун, үйсін тілдерінен білеміз. Орта ғасырдың әдебиеттерінде
сын есімнің түр-тұлғасынан асып кеткен өзгешелікті
ұшыратпаймыз. Негізі осы күнгімен бірдей» дейді де, «қызлы –
қызыл, ағы – ақ» деген мысал келтіреді. Көне түркі
ескерткіштерінде, Талас-Орхон жазбаларында негізгі сапа
сындары кездеседі. Мысалы: ақ ат, боз ат, яшыл өкүз (өзен),
торығ ат (торы ат). Бұл мысалдарда стиль айырмашылығы,
дыбыстық ерекшелігі бізді жатырқатады. Бұл жерде де ғалым
41
«Бізге түсініксіз ештеңе жоқ. Осындағы сөздің бәрі қазіргі
тілімізде бар.
Талуй – қазіргі қазақ тілінде телегей (теңіз);
-ка барыс жалғауы;
кічіг – кіші;
тегмедім –тимедім (жетпедім);
Осыны стиль жағынан қайта құрса – теңізге аз-ақ жетпедім
болар еді» деп дәлелдейді.
Яғни, сын есімнің бұрыннан өмір сүріп келе жатқанына
дәлел көп екенін көреміз. Бұл сияқты қалып көне түркі тілі
(үйсін, хун) тілдерінде де бар.
Түркі тілдерінің негізгі ерекшелігінің бірі – күшейткіш буын
(интенсив). Бұл түркі халқының көне жазу ескерткіштерінде
болмағанға ұқсайды. Бірақ орта ғасырдағы әдебиетте жиі
ұшырауына қарағанда, бұл да басынан талайды кешірген.
М. Қашғари күшейткіш буынның басқы дыбысы
күшейтілетін сөздің басқы дыбысымен үндес келетінін айтады.
Мысалы: көк деген сапа сынын күшейтетін буын к-ден
басталуы керек, ақ сөзін күшейтетін буын, а-дан басталуы
керек, күшейткіш буынның соңғы дыбысы п болады. Бұл
қағида түркі тілдерінің бәріне де ортақ деп дұрыс көрсетеді.
Сап-сарығ (сап-сары), яп-язы (жап-жазық), түп-тұғры (туп-
тура), яп-яшыл (жап-жасыл) т. б.
Көне түркі тілінде сын-сапаның артықшылығын,
толықтылығын білдіру үшін сын есімдер алдынан арнаулы
күшейткіш сөздер тіркестіріліп айтылған. Ондай сөздердің
негізгілері мыналар: ән, ан (ен), анығ (анық), йиг (ең), бедүк
(өте), джым (шым, шымқай), дүм (тым, аса). Осы жол, яғни,
арнаулы күшейткіш сөздер арқылы сын есімнің интенсив
42
тұлғаларын жасау тәсілі, кейінгі түркі тілдерінде де, соның бірі
қазіргі қазақ тілінде де әбден орнықты. Көне түркі тілінде
қолданылған ен, жым, дүм, аңығ сөздері қазақ тілінде кейбір
фонетикалық өзгерістермен сақталған: ең қазіргі қазақ тілінде
ең (сөз соңындағы –н кейде –ң-ға айналады) түрінде айтылса,
джым шым (дж>ш), дүм>дым, тым пішінде дыбысталады.
Әрине, бұлардың өзі көп. Бірақ, әрқайсысының еншісіне тиген,
белгілі сөздері бар. Солармен ғана үйлеседі. Мұны қазақ
тіліндегі сын есім шырайының спецификасы деуіміз керек.
Қорыта келіп айтарымыз осы көп түрлі шырай жұрнағы
басқа есімдерден сын есімді бөлектеудің жіктеудің негізгі бір
белгісі.
Ғалым М. Томанов шырай формаларын тарихи тұрғыдан
зерттеп, талдаған. «Сын есімнің шырай мәні редупликация
жолымен және сын есімдерге –рақ, -лау аффикстері жалғану
арқылы немесе сын есімдердің алдынан тіркес айтылатын
арнаулы сөздер арқылы беріледі» деп жазады
17, 197
. Тарихи
тұрғыдан осы аталған тәсілдердің қайсысы да жаңа құбылыс
емес, көне дәуірден-ақ орнығып қалған жүйе. Көне түркі
ескерткіштерінің материалдары осыны дәлелдейді. «Солай
дегенмен де, олардың таралу шегі бірыңғай емес. Орхон-
Енисей жазбаларында редупликация құбылысы, сондай-ақ,
аффикстер арқылы шырай мәнін беру ұшырамайды. Бірақ бұл
тәсілдер ұйғыр жазбаларында, Манихей ескеркіштерінде бар»
– дейді
17, 19
. С. Е. Маловтың ұйғыр ескерткіштерінің
грамматикалық көрсеткішінде –рақ аффиксін көрсетеді де,
оған артуқрақ сөзін мысалға келтіреді. М. Қашғари сөздігінде
мынадай фактілер бар: «зп//еп//ап – күшейтіп айту, бір нәрсені
өте асырып мақтаса, эп-эггү нең -- өте жақсы нәрсе дейді. Өте
43
ақ, аппақ нәрсені ап-ақ дейді. «Қайталанатын буынның соңғы
дыбысы көбінесе, қазіргі қазақ тіліндегі сияқты, қатаң
дауыссыздарға бітеді. Алайда, А. М. Щербактың зерттеулеріне
қарағанда, кейде қайталанатын буында –м, -б дыбыстары да
ұшырасады. Бірақ мұндай ауытқулар бір тіл құрамында
болатын дауыссыздардың ауысуы емес, әр тілге тән
фонетикалық ерекшеліктермен байланысты» – деп жазады
ғалым ( 17, 197б). –б дыбысының қолданылуы, М. Қашғари
зерттеуінде қыпшақ тіліне де тән болғандығы айтылады.
Алайда, қазіргі қазақ тілінде редупликация құрамында мұндай
құбылыс байқалмайды. Ғалым М. Томанов негізгі сын есімдерге
қосылып сапа, сынның салыстырмалы артықшылығын не
белсенділігін бідіретін –рақ афиксінің көне түркілік
ескерткіштер тілінде де сондай мәнде жұмсалғанын айтады.
Ол кісінің зерттеуінен Х-ХІІІ ғасыр жазбалары тілінде де бұл
аффикс осы мәнде айтылған, кейде зат есімдерге де
жалғанғанын байқаймыз. Зат есімдерге жалғану фактісі қазақ
тілінде сирек те болса ұшырасады: бара-рақ. Бұл аффикстің
әуелгі негізі «әрең» мағыналы шылау сөз екендігін айта келе,
Тува тіліндегі қолданысқа мысал келтіреді, ақ арақ (ағырақ),
көк арақ (көгірек), сарығ арақ (сарырақ) т. б. Яғни біз –рақ
аффиксінің әуелгі сыпаты да осындай болғанын анықтаймыз.
Қазіргі қазақ тілінде сапаның бәсеңдігін, әлсіздігін білдіретін
аффикстер бар. Олар да негізінен сапалық сын есімдерге
қосылып, жаңағыдай мағына туғызады. Алайда бұл аффикстер
аздаған сөздерге жалғанады. Сондай аффикстің бірі –қыш (-
ғыш): сарғыш, қызғыш. Осы аффиксті –ғыл аффиксімен
салыстырғанда, алдыңғы элементтері бірдей де (-қы, -ғы),
соңғы элементтері ғана әр түрлі (-ш, -л). Бұған қарғанда –ғыш
44
құранды аффикс (ғы-ш). Алдыңғы элемент қимыл есім тұлғасы
да, соңғысы соған қабаттасқан есім жасайтын қосымша –ғыл
аффиксін –ғылт –ғылтым (сарғылтым, ақшылтым)
аффикстерімен орайластыруға болады, өйткені екеуі де
сапаның бәсеңдігін, солғындығын білдіреді, бір-бірінен
лексикалық мағына жағынан да, қолдану мәнері жағынан да
ешбір ерекшеленбейді. Бұл аффикстер жөнінде Томанов былай
деп жазған: «ХІІІ-ХV ғасыр жазбаларында осыларға ұқсас, осы
мәнде қолданылған -ғұл, -гүл, -л, -мтул аффикстері
қолданылған. Қазақ тіліндегі -ғыл, -ғылт, -ғылтым аффикстері
солардың фонетикалық өзгеріске (л>м) түскен варианты. Бұны
олардың мәндестігі ғана емес, қазақ тілінде аз ғана сөзге
жалғанып қолданылатыны да дәлелдейді»
17, 198
.
45
|