Магистратура «Журналистика және қазақ филологиясы» кафедрасы магистрлік диссертация сын есім шырай категориясы теориясының қалыптасуы



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата22.12.2016
өлшемі389,86 Kb.
#119
1   2   3   4   5

2.1 Тілдегі «жай шырайлық» қызмет

63


Енді   сын   есімнің   ерекше   ктегориясы   шырай

категориясының

 

түрлеріне



 

тоқталайық.

 

Жоғарыда


айтылғандардан   шығатын   қорытындының   бірі   шырай

жасаудың   негізгі   жолы   –   сөз   мағынасында   ашық   көрінетін

салыстыру   болумен   бірге   шырайлық   ұғымның   анықталуы

қажет. Онсыз шырай категориясы бола алмайды. Құр екі затты

салыстырудан   шырай   категориясы   тумайды.   Өйткені,   жалпы

адам   баласының   дүние   тануы   затты   затпен   салыстырудан

шыққан. Бір нәрсені екіншісіне қарсы қойып тануды негігі әдіс

еткен. Мектеп грамматикаларыныі көпшілігіне белгілі дәстүрді

қуалап   «жай   шырай»   деген   термин   қолданылып   жүр.   «Жай

шырай»   –   бүгінге   дейін   шырайдың   бір   түрі   болып   саналып

жүргенін   академик   В.   В.   Виноградов,   академик   И.   И.

Мещанинов   сияқты   ғалымдар   жай   шырайдың   тұрақтылығы,

тиянақтылығы   жоқтығын   айта   келіп,   «Бұрынғы   дәстүр

бойынша   қалып   келе   жатыр»   дейді.   Орыс   тілінің   сын   есім

шырайларын   таптастырғанда   да   ең   алғаш   Буслаев   «жай

шырай»   деп   атаған.   Сонан   бері   қарай   грамматикалардың

бәрінде   «жай   шырай»   делініп,   енді   біреулерінде   шырай

қатарларында   берілмей   жүр.   Сонымен   қатар   жай   шырайда

шырайлық   ұғым   жоқ   екеніне   мойындаса   да,   дәстүрлік

қалыппен   ерте   кезден   шырай   аталып   келе   жатқанын   айта

отырады.   Профессор   Бархударов   орыс   тілінде   екі-ақ   түрлі

шырай   бар   дейді.   Ол   кісінің   пікірін   толық   келтірейік:

«Качественные прилагательные имеют две степени сравнения:

сравнительную   и   превосходную.   Сравнительная   показывает,

что,   в   одном   предмете   какого   нибудь   качества   имеются

большой мере, чем в другом предмете: Волга длиннее Днепра.



Солнце   ярче   луны.   Золото   дороже   серебра.  Превосходная

64


степень показывает, что то или другое качество принадлежит

данному предмету большой мере, чем всем другим предметам:



Советская армия – сильнейшая из современных армий. Эверест

высачайщая   гора   в   мире.  Примечание:   По   отношению   к

сравнительной   и   превосходной   степеням   то   прилагательное,

от которого образование называется положительной степенью:

длинный,   яркий,   сильный.   Качественные   прилагательные

имеют три степени сравнения: положительную, сравнительную

и   превосходную.   Превосходная   степень   может   выражаться

также   присоединением   к   прилагательному   слова   «самый»:

самый   смелый,   самый   умный,   а   сравнительная   степень   при

помощи слова более: более сильный. 

Ал   Земский,   Крючков,   Светлаевтар   былай   дейді:

«Качественные прилагательные имеют три степени сравнения:

положительную,

 

сравнительную



 

и

 



превосходную.

Положительная   степень   означает   качество   предмета   без

сравнения с качеством в других предметах, например: красный

цветок,   добрый   человек.   Сравнительная   степень   означает

большую степень качества в пердмете по сравнению стем же

качеством в другом предмете, например:  фиалка – душистый



цветок,   а   ландыш   еще   душистее.   Свинец   более   плавкий

металл,   чем   медь.  Превосходная   степень   означает   высшую

степень качества в предмете по сравнению с тем же качеством

в   других   предметах,   например:  Волга   –   длиннейшая   и

ширачайшая   из   рек   Европейской   Росси.   Иванов   –   самый

молодой студент второг курса» дейді. 

Жай шырайдың нақты атын атап, шырай категриясы бола

алмайтындығын толық дәлелдеген – А. С. Никулин. Ол кісі жай

65


шырайдың өзін бұрынғы кезде буржуазияшыл тілшілер белгілі

бір тұрғыдан қараған. Ол – тілдің бір нормасы болған. 

Жай шырай деп атағанымыз болмаса, мұнда ешбір шырай

жоқ. Қазақ тілінен мысалдарды қарайық: үлкен ағаш үйді (ол)



жатақ  еткен  [М.   Әуезов   «Абай»].  Қарағайдың   биік  басына   ұя

салған қара – құстар ие [С. Мұқанов].

Осыларда не шырайлық мағына, не шырайлық тұлға жоқ. 

Қазіргі   қазақ   тіл   білімінде   шырай   қосымшалары   сияқты

оның түрлері туралы да қазақ тіл білімінде бірыңғай пікір жоқ.

Ең алдымен, бірден көзге түсетін ерекшелік – грамматикалар

мен оқу құралдарында шырай түрлерін жасауға негіз болатын

тұлға деп көрсетілетін жай шырай түрін жеке шырай деп бөліп

көрсетеді.   Осы   жөнінде   бірнеше   ғалымның   пікірін   келтіріп

кетейік.   Ғалым   А.   Ысқақов   бұл   жайында   былай   деп   жазады:

«Тек шырай түрлеріне негіз болатын, ал өзі шырай түрлеріне

мағыналық жағынан да, тұлғалық жағынан да оппозициялық

қатар   құра   алмайтын,   сөйтіп,   басқа   түрлермен   тепе-тең

парадигмалық   жүйе   жасай   алмайтын   тұлға   ол   категорияның

ішіне,   шеңберіне   кіре   алмайды.   Дәл   осындай   жағдай   етіс

категориясындағы   негізгі   етіс   деген   ұғымға   да   қатысты.

Сөйтіп,   бұл   жерде   жай   шырай   деген   ұғым   сапалық  сын   есім

деген ұғыммен барабар, ал жай шырай дегеннің ондай қасиеті

бұл еңбектерде ашық көрсетіледі: заттың белгісін, түсін (түрін),

сапасын,   көлемін,   салмағын,   аумағын,   тағы   басқа   сондай

негізгі сын-сипаттарын білдіретін сапалық сын есім жай шырай

болып   есептеледі   [25,   196].   Ал   ғалым   С   Исаев   былай   деп

жазды:   «Категориялық   түрлену   тұлғаларына   негіз   болатын

тұлға   (сапалық   сын   есім   деген   ұғым   да,   тұлға   да   ол

категорияға   (шырай   түріне)   енбейді.   Мысалы,   тәуелдік

66


категориясына негіз болатын тұлға – зат есімнің түбірі. Бірақ

зат   есімнің   түбірі   тәуелдіктің   ішінде   бір   түрі   болып

саналмайды»   [26,   140].   Ғалым   Ғ.   Ғ.   Мұсабаев   та   жоғарыда

келтірілген   пікірлерге   келісетіндігін   мына   сөздерінен

байқаймыз: ««жай шырай»  деп аталатын сын есімдерде шырай

мағынасы   жоқ   екені     ашылды.   Ендеше,   жай   шырай   деп

атауымыздың   өзі   хате   екені   айқын»   [24,   34].   Біз   де   осы

тұжырымдарды   қостаймыз.   Мектеп   грамматикаларында   жай

шырай сын есімнің басқа шырай формаларын жасаудағы негіз,

таяныш тұлға болатынын көрсету үшін беріледі. Бірақ бұл атау

формада ешбір салыстыру жоқ, ендеше шырай емес, ақ, қызыл,

сары   дегендерде   бұл   күйінде   шырай   мағынасы   жоқ.   Сонда

сапалық   сын   есім   тұлғасы   мен   жай   шырай   деген   ұғым   бір

болса, ол бір ұғымды екі түрлі атағаннан не ұтамыз? 

Жоғарыда келтірілген пікірлерді қорытындылау үшін «жай

шырай» деген шырай түріне жата ма, жоқ па, осы тұжырымды

нақтылап көрелік. 

Мысалы:  Семіз   бұйра   торы  аттың   ауыздығын   алып,   оттата



жүріп,   орақшыларын   өкшелеп   жағалайды  [М.Әуезов   ,14   б];

Бұлардың арасында бірер бурыл сақал қарттан басқа Сержан,

Асқар   сияқты   ұзын   бойлы,   кесек   денелі   атпал   азаматтар   да

көрінеді [М.Әуезов, 14 б.]; -- Ендеше Еңлік, Кебек құраны мынау

болсын,   --   дей   салып,   тамағын   кенеп   алып,   шырқап   тұрып,

әсем қоңыр даусымен ән бастады []М.Әуезов, 8 б.]; Мақтай бір

дуадақты  сары   ала  жүнін   жарқылдатып   басып   қалған   бір

қаршығаның   үстіне   ағызып   жетті   де,   тымағын   бұлғап,

арттағыларға айқай салды  [М.Әуезов, 11 б.];  Ояздың қасында

сұлу көк көзді, келісті аппақ етті мадам бар [М.Әуезов, 37 б.];

Шашын   шошқаның   жон   түсіндей   ұдірейте   тікейткен  қалың

67


бет,  қара   сұр  қазақ   тілмаш   бағана   таңертең   Жиреншенің

қолынан   бір   топ   кесек   тұл   және   бір   буда   ұсақ   ақша   алған

[М.Әуезов,   37   б.];  Аласа   әлсіз   жас  бұталар   қалтақ   қағып,



тыным тыныштығынан айрылған  [М.Әуезов, 34 б.];  Ағыл-тегіл

қара   терге   түсіп,   .үлкен  көзі   алақтап,   қаны   қашып,   қуара

береді  [М.Әуезов,   77   б.];  Әлі   қылшығы   құрымаған,   бусанып

көрмеген  семіз  жылқы, сараң байдың қалың шоғыры шетінен

үркек, асау болатын [М.Әуезов, 71б.]; Қызыл жүзі мен қалың

қызыл  қабағы   мен   салқын   күнде   сазара   барбиып,   ісініп   тұр

[М.Әуезов,72   б.];  Үстінде  қалың   күрең  шапаны   бар



(М.Ә.ІІ.14б.);   Әзімбай  қалың   қызыл  қабағы   сен  суық   бітік

көзін   әр   кедейге   оқша   қадап   қойды   да,   Мағашқа   сөйледі

[М.Әуезов,   14   б.];  Ішігінің   сәнін   бұрама  күміс  түймеге



орнатылған  үлкен  кесек  қызыл  маржандар ерекше ажарлап

тұр [М.Әуезов, 17 б.]; Салқын түндерде шала ашып, саумалдау

боп тұратын бір қымыздар болушы еді [М.Әуезов, 19 б.];  Енді



салмақпен   баяу   сөйлеп,   ақырын   ғана  қоңыр  үн   қатып,

Мағашқа   наразылық   айтты  [М.Әуезов,   21   б.];  Үлкен  қамыс

тегенеден,   сылдырмақты   күміс   ожаумен   құйылған   көп  сары

тостағандағы   қымыз   Абайдың   өзінен   бастап,   үй   ішіндегі

қонақтың бәрін жағалады [М.Әуезов, 19 б.]; Көкбай да бір суық

сөз сөйлеген [М.Әуезов, 27 б.]; Дәрменді өз қасына отырғызып,

қысырдың  қою  қымызымен   сйлап   отырып,   қолына   домбыра

ұстата  [М.Әуезов,   31   б.];  Оразбай  салқын  қабақпен,   түкпірлі

тәсілін ойлап қалғандай ашулы сөйледі [М.Әуезов, 32 б.]; Боран

анық   дәулескер,  қатты  дауыл,  ақ  түтекке   айнала   берді

[М.Әуезов,   583   б.];  Баймағамбеттің   көзі  өткір,   үлкен



көкпеңбек  [М.Әуезов, 236 б.];  Ақ  жүрекке қанат бітіріп, ойды

алысқа   создырсын  [М.Әуезов,   51   б.];  Кең  маңдай,  қайратты

68


жүзі   көкшіл   тартты  [М.Әуезов,   43   б.];  Абай   бір  кішкене

төбешікке қарай тартты  [М.Әуезов, 6 б.];  Осы кезде крестьян

начальнигінің   алдына  әдемі   сырлы,   төрт   қырлы   сұлу

сандықша   кеп   орнады  [М.Әуезов,   38   б.];  Бұның   селдір  сұлу

сақалына, енді сәл ғана ақ араласқан  [М.Әуезов, 7 б.];  Өзінің

шарылдаған  қатты  үнімен   дауылдап   тұрып,   іле   жөнелді

[М.Әуезов, 5 б.]; Ақ сақалы беліне түскен, қалың түкті қабағы



көк бурыл мұртындай боп көзіне жеткен [М.Әуезов, 67 б.]; Сол

көштің   алдында   ұзаңқырап   кеткен   мынау   бір   топ   аттылар   –

Абай мен оның жас достары, кей ақын-әншілер [М.Әуезов, 4 б.];

Салқын  түннің  қалың  шығы   жүргіншілердің   аттарының

тұяғын жылтыратып шашасына дейін суландырған  [М.Әуезов,

4 б.];  Дәрмен  ұзақ  өлеңді тұгел айтқан жоқ  [М.Әуезов, 8 б.];



Бүгін   де   күз   аспаны  күңгірт,  айнымалы  ала  бұлт   болатын

[М.Әуезов, 17 б.];  Оның ұстіне Дәрмен бала соншалық  зерек,



ыстық  жас   болған   соң   Көркембай   біржолата   өз   баласы   етіп

кетіпті [М.Әуезов, 55 б.]; Сауырының көз-көз теңбілі бар, жоны

төңкерген   тегенедей,  сұлу  қара  көк  атты   Абай  бір   дос-жар

адамынан   қалап   алған-ды  [М.Әуезов,   52   б.];  Дауылды   кұні

ылайланған суық жойқын көбік атып толқын ұрса, ортасында

кішкентай көк жасыл арал қандай көз тартар еді [М.Әуезов,

52 б.]; Және өзінің мінуіне арнап, бұл өңірде сирек кездесетін,



маңдай   жақсы,  темір   қара   көк  ат   жіберткен   болатын

[М.Әуезов, 52 б.];  Енді біразда үй ішіне  үлкен сары  тегенеге



толы   қымыз   келіп,   ас   жаулық   жайылғалы,   жиын   жүздері

жадырай   бастап   еді  [М.Әуезов,   46   б.];  Әлгі   Түсіптің   Мадияр

дейтін,   ана   бір  қоңқақ  мұрын   қу   немесі   «сүйінші»   дейді

[М.Әуезов, 29 б.];  Кейде ол  алпамсадай алып  денесімен сол



жайды   жан   күйер   жақындар   арасында   күйзеліп   айтқан

69


шақтарында   еңкілдеп   жылап   та   жіберетін  [М.Әуезов,   35   б.];

Ерекше  таза,   күшті,   мөлдір  үн   анық   әнші   өнері   келе

жатқанын   паш   етіп   тұр  [М.Әуезов,   49   б.);  Күрең  аттың   екі

жағында қампиған қоржын бар… [М.Әуезов, 261 б.]; Ол төбенің

басына шыққанда, барлық аттылар сіл ғана томпайып жатқан

ескі  екі   моланы   көрді  [М.Әуезов,   6   б.];  Сұлу  жүзді,   қиылған

қара  мұртты,  ақ   сұр  жігіт   домбыраны   шешен   сарнатып

отырып-отырып барып,  жортып  бастап кетті  [М.Әуезов, 50 б.];

Қаражан   бұл   кезде   үйінен   өзі   шығып,   қи   әкелген  буырыл

сақал   малшыға   зекіп,   әмір   етіп   тұр  [М.Әуезов,   61   б.];  Жас

шалғыны мол,  кең  қонысы – Барлыбайда отырған Абай ауылы

[М.Әуезов, 103 б.]; Кесек, сұлу жүзді ақ сұр жігіт -- әнші Мұқа



қазір «көріпкел» балгер пішінмен, жаңа ғана салған құмалағын

шапшаң жинап жатыр [М.Әуезов, 104 б.]; Ол үй ортасына сары

қидың   отын   жағып,   үлкен   қазан   көтеріп,   жаңадан   сойылған

тайдың   етін   түстікке   асып   жатыр  [М.Әуезов,   17   б.];  Таң

салқыны   қазір  суық  желіне   айналған  [М.Әуезов,   4   б.];  Мен

айтсам, шабытты тек шаттықтан таппай, елдің, ердің  жүдеу

күйінен де таппақ шарт  [М.Әуезов, 8 б.];  Айнала  қалың  киіз,

текемет,   кілем   тұтылған  [М.Әуезов,   57   б.];  Бағанадан   бергі

Абай жауаптарының тұсында, от басынан бұрыла түсіп, Абайға

суық,   қырыс   қарап   отырған   Әзімбай,   енді  қатқыл  үнмен

кекетіп, бір сөз тастады [М.Әуезов, 59 б.]; Өткір  шүңірек көк

көзі, суық қасы көк сүңқар қанатындай, жаба біткен жан екен

[М.Әуезов,   67   б.];  Үстіндегі  қалың   қара  жібекпен   тысталған



пұшпақ   ішігінің   айналасына  жалпақ  құндыз   ұстатқан

[М.Әуезов,   19   б.];  Қара  жел   қуған   қаңбақ  кең  жазықта   көп



бұлыңдап, тынымсыз кезіп, жосып өтеді [М.Әуезов, 4 б.].Ұзын,

қоңыр  сақалына   араласқан  күміс   ақ  талдар   ғана   айқын

70


көрінеді   [М.Әуезов,   41   б.];  Мол  жастық,  қалың  көрпелі

жертөсек пен айнала тұтқан қалың текемет, тұскиіз, кілемдер

бар [М.Әуезов, 17 б.]; Шұбар мен Дәрменнің қолындағы екі көк

қаршыға   да   молаға   таман   бас   изей   түсіп,   оқыс   бір   аңды

күткендей,   қадалып   қапты  [М.Әуезов,   7   б.];  Аласа  төбенің

селеу мен көдесі қалтырай түсіп, бас шұлғып, баяғы бір  ескі

зардың   болғанына   куәлік   айтқандай  [М.Әуезов,   7   б.];  Алтын

сары  көздерін   кірпік   қақпай   шаншылтады  [М.Әуезов,   7   б.];

Ауыр   сұр  бұлттар  біресе   тауын   бүркеп,   біресе  биік  таудан

асып аунап, қаланың үстін басады [М.Әуезов, 436 б.]; 

Осы   келтірілген   мысалдардағы   белгіленген   сын

есімдердің  бәрін талдай алмасақ та, соңғы төрт мысалдарды

талдап   көрелік.   «Көк»   қаршыға,   «аласа»   төбе,   «алтын   сары»

көздері, «ауыр сұр» бұлттар – бұл сын есімдер тіркесіп тұрған

есім сөздердің бірінші мысалда түсін, келесі мысалдарда түр-

сипатын  жай  атап  қана көрсетіп  тұр.  Ал  шырай  тудыру  үшін

жоғарыда


 

келтірілген

 

анықтама-тұжырымдардан



байқағанымыздай   шырайдың   бар   я   жоғы   белгінің,   түр-түстің

тағы басқа сапалық сипаттың артық я кемін немесе тым артық,

я   тым   кем   екенін   білдіретін   белгілі   қосымшалар   жалғану

арқылы   анықталады.   Ал   бұл   мысалдарда   ондай   белгі

байқалмайды. Яғни, «жай шырай» деген шырай түрі емес, сын

есімнің тұлғалық түрі болып қана саналуы қажет. 

Ғалым   Ғ.Мұсабаев:   «Күрделі   сын   есім   шырай   емес»   --

деген тұжырым айтады [24, 34] . Ал соны төмендегі мысалдар

арқылы дәлелдейік.

Мысалы:  Ақ киімді, ақ сақалды, соқыр мылқау танымас ешбір



жанды  [Абай, 59 б.].  Жаманат сөз жасырылмас  [мақал].  Естай

көзі   ойнақшыған   ат   жақты   жігіт   келді  [С.Мұқанов,   23   б.].

71


Абайдың   астында   ақшыл   сары   жорға   ат  [М.   Әуезов,   291   б.].

Мысалы:  Ат   кекіліне,   жал,   құйрығына  қызыл-жасыл  әлем



байлаған, кең шанаға кілем ораған жүргіншілер  [М.уезов, 427

б.]; Кішілеу өткір қой көзді, қызыл-күрең жүзді Жамбыл ақын



Әбсәметке мәлім еді  (М.Әуезов, 434 б.).  Бірақ бар жиында ең

қалың молшылық, сарала қылыш асынған қызыл-сары тоқыма

баулары   айқыш-ұйқыш   салбыраған   полицейлер,   урядник,

стражник  [М.Әуезов,   432   б.];    Тағы   бір   сөзім   –   астарында

мінгенің кедейдің  жалғыз-жалғыз  қу шолағы ғой  [М.Әуезов,

70   б.];  Қымбат   қара   ламбуктен   тірсек   жең   камзол   киген,



омырауына  алтын   баулы   сағат   салған,   келбетті  қызыл-сары

жүзді қалпымен Дәт әуелі Мағаш, Әбсәметке қайырлы болсын

айтты [М.Әуезов, 434 б.]; Атыраптан бойы асып қара қошқыл

түтінін будақтатып тұр ... [М.Әуезов, 328 б.];

Шынында   да   солай.  Сын   есім   түбірі   басқа   сөз   табымен

араласа   кірігіп,   бірігіп   бір   сөз   болып,   күрделі   сын   есімдік

мағынаны   білдіреді.   Ондай   сөздердің   біреуінің   мағынасы

басымырақ,   енді   біреуінікі   әлсізірек   бола   береді.   Біріккен   екі

сөздің   мағыналық   теңдігі   міндет   емес.   Мұндай   күрделі   сын

есімнің   кіріккен   түбірдің,   мағыналық   жағынан   көбінесе,

соңғысы басым болады. 

Жоғарыда   жай   шырай   сын   есімнің   басқа   шырай

формаларын   жасаудағы   негіз,   таяныш   тұлға   болатынын

айттық. Мұны кестеге салып көрсетейік:

72


Жай шырай мен салыстырмалы шырай

Жай шырай

Салыстырмалы

шырай


жұрнақтар

Мысалдар


қысқа, толық, 

жүйрік, жеңіл

Қысқа, толық, 

жүйрік, жеңіл

қу, боз, ақ, көк, 

қоңыр, қызыл

-рық, рек,

-ырақ, -ірек

-лау,   -леу,     -дау,

-деу,


-тау, -теу

-қыл, -ғыл, -ғылтым,

-шылтым,   -ақ,   -қай,

-ғыш


қысқа-рақ,   толығ-

ырақ,


жүйріг-ірек,   жеңіл-

ірек


қысқа-лау,   толық-

тау,


 

жүйрік-теу,

жеңіл-деу

қу-қыл, боз-ғыл, ақ-

шыл,   көк-шілтім,

қоңыр-қай,   боз-аң,

боз-ғыш

Жай шырай мен күшейтпелі шырай



Жай шырай

Күшейтпелі шырай 

Мысалдар

Қысқа


жеңіл

толық


жүйрік

қалың 


Күшейтпелі

буындар   арқылы

(сын

 

есімнің



алғашқы

 

ашық



буыны

 

алынып,



оған   «п»   дыбысы

қосылып   күшейткіш

буын жасайды)

қып-қысқа,   жеп-

жеңіл,   топ-толық,

жүп-жүйрік,   қап-

қалың, т.б.

Жай шырай мен асырмалы шырай

Жай шырай

Күшейткіш

үстеулер

Мысалдар


жақын 

ең,   аса,   тым,   тіпті,

нағыз,

 

нақ,



шымқай,

 

кілең,



ең жақын

аса жақын

тым жақын

73


орасан,   тамаша,

тәрізді   күшейткіш

үстеулерді

 

сын



есімнің   алдынан

қою арқылы

нағыз жақын

кілең жақын

орасан жақын

тамаша жақын



2.2 Шырайдың жалпы категориялық мәні

Қазіргі зерттеулерде тағы бір нақтыланбай тұрған сұрақ

бар. Ол – осы шырай категориясы жұрнақтарының сын есімнің

мағыналық   түрлерінің   қайсысына   жалғанып,   қайсысына

жалғана   алмайтыны.   Соңғы   еңбектерде   шырай   жұрнақтары

тек   сапалық   сын   есімдерге   жалғанып   шырай   категориясын

тудырады деген пікірлер бар. 

М.Қараев былай дейді: «Шырай негізінен алғанда, сапалық

сын есімдерге тән категория. Сапалық сын есімдер заттың түрі

мен түсін, сыны мен сырын, сипаты мен тұрпатын, көлемі мен

аумағын білдіреді» [23, 98].

Бұл жерде С. Исаевтың мына бір пікірін келтіріп кетейік:

«Бірақ, біріншіден, сын есімнің бәрі бірдей, яғни сын есім сөз

табына   жататын   сөздердің   барлығы   шырай   тұлғаларымен

түрленбейді, шырай тұлғалары кез-келген сын есімге жалғана

бермейді.   Мысалы,  жақсы  –  жақсырақ  – жап-жақсы,    үлкен   –



үлкендеу – үп-үлкен, сары – сарылау – сап-сары -- өте сары т. б.

болса да,  таулы  дегеннен  таулырақ, не  тап-таулы, өте таулы

деп,  кешкі  дегеннен  кешкілеу,   не  кеп-кешкі,  аса   кешкі  деп,

шырай түрлерін жасауға болмайды. Яғни сын есімнің бір түрі –

сапалық сын есімдерге шырай жұрнақтары жалғанып, шырай

түрлерін   жасауға   болса,   сын   есімнің   мағыналық   тобының

екінші   тобы   –   қатыстық   сын   есімдерге   шырай   жұрнақтары

74


жалғана  алмайды   да,   одан   шырай   түрлері  жасалмайды»   [26,

133].   Яғни,   шырай   категориясы   жалпы   сын   есімге   емес,   сын

есімнің бір ғана семантикалық түрі – сапалық сын есімге ғана

тән. Зерттеуші Ә.Ақкөзов сапалық сын есімдерге қатысты мына

пікірді   айтады:   «Сапалық   сын   есімдер   қосымшасыз   тұрып,

семантикасы   жағынан   тікелей   заттың   сынын   білдіреді.

Сапалық   сын   есімдердің   морфологиялық   сипаты   –   шырай

қосымшаларымен,   тұлғаларымен   тұрмыс   алуы.   Сапалық   сын

есімдер негізгі түбір сөздер болып келеді»,-дейді (38, 130).

Бұған   бірнеше   мыалдар   келтіріп   көрелік.   Мысалы:

Мысалы:  Қою қара  мұрты тықыр біткен,  өткір, кішілеу  көзді

жүргінші Әбді дейтін Жігітек екен  [М.Әуезов, 12 б.]; Шаштары

қоңырқай,  көздері  үлкен,  мұрындары   көтеріңкі,   бойы

ұзындау,  тік   біткен   (м.ә.   140б.);   Асанның  кішірек  келген

көкшіл  көздері кішірейе түсті [Х.Есенжанов, 334б.);--  Шешеме

тартыппын.   Бірақ   шешем,   менен   анағұрлым  сұлуырақ

[Ғ:Мүсірепов,   342   б.);  Төменірек  жалақы   алатын   қазақ



жұмыскерлеріне үстіміздегі айдың екінші жартысынан бастап

күніне жиырма бес тиын үстеме қосылады [Ғ.Мүсірепов, 315 б.];

--   Таң   ертеңгіден  жылырақ,  түс   кезіндегіден  суығырақ,  --

деді  [Ғ.Мүсірепов, 351 б.];  Екінші – біртектес қара жұмыстағы

орыс-қазақ   жұмыскерлеріне   –   орысқа  көбірек,  қазаққа

кемірек  – жалақы екі мөлшерде болмақ  [Ғ.Мүсірепов, 291 б.);

Мамайдың  ең   үлкен  руы   –   Мырзаның   бай-бағланын   және

шақырды  [М.Әуезов,   401б.];  Сөйлегенде тілі де дөрекілеу, үні

де   жуан   …   сабырлы   мінезді,   берік   жанның   елжірегеніне

басқалары   да   қосыла   толқыды,  аса   ыстық  сезіммен   кезек-

кезек келіп оның қолын қысты …  [Х.Есенжанов, 62 б.];  Павлов

әкелген   осындай   үмітке   толы   ойларын   Абай   көңілінің   ендігі

75


жүдеу   күйіне   алыс   та   болса,  өте   жарық  қуаныш   сәулесін

салғандай болады [М.Әуезов, 572 б.]; Ол, жазуы өте сұлу және

кітапқұмар,   талапкер   жас  [М.Әуезов,   559   б.];  Аспан   сұп-сұр

[Х.Есенжанов,   128   б.];  Шыдайды,   әлі   бүлдіршіндей  жап-жас



емес пе? [М.Әуезов, 151 б.];

Осындағы кіші-леу, қоңыр-қай, ұзын-дау, кіші-рек, көк-шіл,



сұлу-ырақ,   төмен-ірек,   жылы-рақ,   суық-ырақ,   көп-ірек,   ең

үлкен, аса ыстық, өте жарық, өте сұлу, сұп-сұр, жап-жас шырай

түрлеріне түрленіп тұрған сын есімдер барлығы сапалық сын

есімдер.   Яғни   жоғарыдағы   тұжырым   дұрыс   дейміз.   Алайда

тағы да мына мысалдарды көрейік.

Мысалы:

 Ертеден   ауылдан   ауылға   шапқылаған



Маймаковтың   кеше   таңертең   мінген  мәштектеу  аты   бүгін

едәуір   салығып   қалған  [Х.Есенжанов,   300   б.];  Сөзге   ұтымды,

сырт   көрінісі   салмақты   болғанымен   әкесінің   мінезі

күйгелектеу, 

амалы   ұшқыр   жан-ды,   айтарын   айтып

тастайтын,   ойлағанын   тез   істеп   жіберетін   адам   еді

[Х.Есенжанов,   30   б.];  Бұл   жолы  тым   жадағайлау  екен   …

[Ғ.Мүсірепов, 200 б.];  Көселеу  ақсұр жүзді Мағашта, кішкене

нәзік   денелі   болғанмен,   аса   бір   кең   адамгершілік,   мінезділік

бар  [М.Әуезов, 212 б.];  Рақышпен  жастау, көселеу  бір болыс

екеуі мына екі жігітті жағалап кеп, жаңағы естігендерін қайта

сұрастыра бастады [М.Әуезов, 276 б.); Нілдінің Фармері сияқты

салғырттау ақсүйектердің есін жината кеткен де теріс болмас

[Ғ.Мүсірепов, 297 б.]; Ал мына кісі кербездеу, маңғаздау әйел

[Х.Есенжанов, 262 б.];  Бар жайды сонша кең, терең түсінетін

аса білгір  адам екен  [М.Әуезов, 108 б.];  Сол үшін де Павлов

Абайға бүгін баян етіп отырған жайларын көптен сақтап,  аса

ғажап  дос   хабарындай   алып   келген   (м.ә.   522б.);   Бірақ  өте

76


сенгіш,  және   көңілшек   жан  [Х.Есенжанов,   51   б.];  Донда

Краснов  көтерілген,   мына жерде  Дутов   бар және  ең опасыз

жау   шетел   интервенттері  [Х.Есенжанов,   53   б.];  Өйткені   ең

үлкен   ел   –   орыстың  ең   өнерлі  қаласы   Петербургтен   қазына

алып  қайтқан жан  еді  [М.Әуезов,  444 б.];  Дайыр Оразбайдың

аталас,   ауылдас   жақыны   болған   да   және   ағайын   ішінде  аса

сырлас, көңілдесі [М.Әуезов, 355 б.]; Малдыбай деген кісі өте

балықшы  адам еді  [Х.Есенжанов, 158 б.];  Бұлардың артында,

есік алдында оннан  аса жұпыны  киімді момын жүзді арызшы

жандар,   үйге   кірмей   ашық   есіктен   бас   иіп   қана   жандарал

жүзіне қарасып тұр  [М.Әуезов, 279 б.];  Ғажап, қазақтың ұшы-

қиыры   жоқ   жалпақ   сахарасының   жері   жетпегендей,

хохолдармен   шекарадағы   тілдей   жерлерді   даулайды,--   деді

Құрбанов   төреге   керексіз   әлдеқайдағы   әңгімені   ең   қажетті

нәрседей   етіп   бастап  [Х.Есенжанов,   118   б.];  Жайлаудағы  ең

төргі  өріс пен күзектегі ең жырақ, шеткі қоныстар Құнанбай

ауылдарына   қарайды  [М.Әуезов,   56   б.];  --   Бәрі   де   мүмкін

нәрсе,-- деді ол, қабағын керіп,-- бірақ маған түсініксіз нәрсе

мынау:   сіз  өте  бимағлұм  нәрселерді   сұрайсыз  [Х.Есенжанов,

120   б.];  Есіл-Нұра   өзендерінің   байлары  өте   бай  жерлер

[Ғ.Мүсіреполв, 252 б.];

Жоғарыдағы   мысалдарды   жеке   алып   қарайық:



мәштектеу,   күйгелектеу,   жадағайлау,   көселеу,   салғырттау,

кербездеу,   маңғаздау,   аса   білгір,   аса   ғажап,   өте   сенгіш,   ең

өнерлі,   аса   сырлас,   көңілдес,   өте   балықшы,   аса   жұпыны,   ең

қажетті,   ең   төргі,   ең   жырақ,   өте   бимағлұм,   өте   бай.  Осы

мысалдардағы   сөздердің   түбірі   мен   жұрнағын   айырып

қарайық:  мәштектеу   –   мәштек,   күйгелектеу   --   күйгелек,

жадағайлау -- жадағай, көселеу – көсе, салғырттау -- салғырт,

77


кербездеу   --   кербез,   маңғаздау   –   маңғаз;  Бұлардың   бәрі   де

мағынасына қарай қатыстық сын есімдер болып тұрса да, –теу,

-лай,   -лей,   -тау,   -деу   салыстырмалы   шырай   жұрнағына

түрленіп тұр. Келесі біл-гір (етістіктен сын есім жасалып тұр),

сен-гіш (етістіктен сын есім жасалып тұр), өнер-лі (зат есімнен

сын есім жасалып тұр), сыр-лас (зат есімнен сын есім жасалып

тұр), көңіл-дес (зат есімнен сын есім жасалып тұр), балық-шы

(зат есімнен сын есім жасалып тұр), қажет-ті (сын есімнен сын

есім жасалып тұр), төр-гі (зат есімнен сын есім жасалып тұр)

және   ғажап,   жұпыны,   жырақ,   бимағлұм,   бай   –   бұлардың

алғашқылары   туынды   ,   ал   соңғылары   негізгі   қатыстық   сын

есімдер   бола   тұра,   сын   есімнің   асырмалы   шырай   түріне

түрленіп   тұр.   Бұл   жерде   тағы   да   Ә.Ақкөзовтың   пікірін

келтірейік:   «Сондай-ақ   оларды   ажыратуда   шырай

қосымшаларын   қабылдау,   қабылдамауын   негізгі   өлшем   етіп

алу орынды, алайда, кейбір қатыстық сын есімдердің де шырай

көрсеткіштерімен   түрленетіндігін   ескерген   жөн»,   --   дейді   де

мына мысалдарды көрсетеді: ақылды, ақылдылау, ақылдырақ

[38, 131]. Бұл жөнінде С.Исаев мұндай сын есімдердің шырай

формаларымен   түрленуін   олардың   қатыстық   мәнді   ғана

білдірумен   шектеліп   қалмай,   екінші   бір   заттың   сапалық

сипатын білдіруге ауысқандығымен байланыстырады (26, 138).

Жоғарыда   келтірілген   «   Сын   есімнің   бір   түрі   –   сапалық   сын

есімдерге   шырай   жұрнақтары   жалғанып,   шырай   түрлерін

жасауға болса, сын есімнің мағыналық тобының екінші тобы –

қатыстық сын есімдерге шырай жұрнақтары жалғана алмайды

да, одан шырай түрлері жасалмайды» деген тұжырым жоққа

шыға ма? Әлде бұл анықтама сын есім шырай түрінің тек екі

түрі – салыстырмалы және асырмалы түрлеріне сәйкес келмей

78


ме?   Бұл   әлі   де   шырай   категориясы   зерттеу   жұмысын   қажет

етеді деген тоқтамға әкеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет