2.3 Шырай түрлеріне қатысты жұрнақтардың
сипаттамасы
-рақ/-рек
Жұрнағы сын есімге, оның ішінде байырғы, белгі-сын
есімдеріне қосылады. Мысалы: қызыл-қызыл-ырақ, көк-көгірек,
ақ-аңырақ. Бұл жұрнақ басқа сөз таптарына тән сөздерге
тікелей қосылмайды. Өзі жалғанатын, қосылатын сөз ең
алдымен сын есімге айналуы қажет. Содан кейін ғана –рақ/-рек
жұрнағы жалғанады. Мысалы: Бірақ, -- деді Ниетқабыл, -- су
дүниесінен адамның жүрек дүниесі анағұрлым сырлырақ,
анағұрлым күштірек қой (Ғ.Сл.); Мысалы: Степняктің ескі
кадрларынан біздің көбірек кеңескен адамымыздың біреуі –
Есімов Ақан [Қазақстан]; Махамбет образы Исатайдыың
образынан өзгешерек [Ғ.Мүсірепов]; Малдардың реңкі де
басқашарақ екен [Қазақстан].
Бұл мысалдардан «-рақ» жұрнағы басқа сөз табынан
жасалған үстеулерге де қосылатынын аңғаруға болады. Бұл,
әрине, кездейсоқ факті емес, үстеу мен сын есімнің қызметтері
жағынан жақындығынан туған факты. Өйткені сын есім затты
анықтаса, үстеу қимыл-әрекетті анықтайды. Мұндай жақындық
79
орыс тілінде де бар екенін орыс грамматистерінің көпшілігі
әлдеқашан айтқан болатын. Сөйтіп, шырайлық тууға негізінен
сын есімге тән бола тұрса да, кейбір үстеу сөздерге
жалғанатындығының себебі: үстеу сөздерге шырай мағынасын
тудыру үшін емес, оның синтаксистік атқаратын қызметіне
байланысты. Әрине, үстеу негізінен атрибуттық қатынасты
аңғартады. Демек, үстеулер көбінесе сөйлемнің баяндауыш
мүшесін пысықтайды. Бұл «пысықтауыш» және «анықтауыш»
дегендердің айырмасы біздің шартты берген ұғымымызда
ғана, олай болмағанда екеуінің арасындағы айырма шамалы
ғана.
Сондықтан, «-рақ/-рек» жұрнағы сын есімдерге де,
үстеулерге де жалғанғанымен негізінен алғанда сын есімнің
жұрнағы деген дұрыс.
Қорытынды: 1. –рақ/-рек жұрнағы негізінен сын есімнің
жұрнағы. Бұл жұрнақ қосылған сөздеріне шырайлық мағына
жасайды да, сапаның артық, кем дәрежесін көрсетеді. 2. Бұл
жұрнақ жалғанған сөз сөйлемде, көбінесе, шығыс жалғаулы
сөзбен байланысады. Ал, салыстырылатын зат сапасының
нақты, көзбе-көз болуы да, ойда болуы да шарт емес.
Салыстырмалы шырай осы күнгі әдеби тілімізде аса жиі
қоданылады және негізгі сын есімдерге де, басқа сөз
таптарынан (жұрнақ арқылы) жасалған туынды сын есімдерге
де жалғанады. Көлемі мол, жиі қолданылатын шырай түрі осы
салыстырмалы шырай жасайтын «-рақ» жұрнағы.
Бәсең яғни салыстырмалы шырай
Шырайлық дәрежені солғындай көрсететін шырай түрін
бәсеңдік (салыстырмалы) шырай дейміз. Мұның
80
морфологиялық тұлғасы – дау/-деу, -тау/-теу, -лау/-леу
жұрнақтары.
дау/-деу, -тау/-теу, -лау/-леу
жұрнақтары арқылы
салыстырмалы шырайдың жасалуы туралы: проф.
С.Аманжолов, проф. С.Кеңеспаев, прф. Н.Сауранбаев
салыстырмалы шырай жұрнағы екендігін айтады. Бұл,
негізінен дұрыс. Салыстырмалы шырайына жақын екені рас,
бірақ, екеуі бір емес. Бұл шырай салыстыруды бәсең, әлсіз
көрсетеді. Мысалы: Өзі ұзындау, өзі бейғамдау Әбзи деген
жолдасымыз бар [Ғ.Мүсірепов].
Осы мысалдардағы «-лау» жұрнақтары заттың түрінің
болсын, көлемінің болсын аздық дәрежесін көрсетіп тұр.
Бұған қарағанда, бұл «-дай,-тау» жұрнақтары бір нәрсенің
сапасын басқа бір заттың біркелкі сапасымен салыстырғанда,
тап басып көрсете алмай қаралас екендігін, оның бір жағынан
солғын екенін байқатады. Осы жөнінде өткен ғасырдың екінші
жартысында-ақ проф. Мелиоранский өзінің еңбегінде осы – «-
дау,-тау,-лау» жұрнақтары арқылы жасалатын шырай туралы
айтқан болатын. Катаринский: «приставка» –лай,-дай, -тау
имена прилагательным придает значение уменьшительного,
например: «тар – тесный, тарлау –тесноватый, сары – желтый,
сарылау – желтоватый, жасыл – зеленый, жасылдау –
зеленоватый» -- дейді. Ал, біздің заманымызда бұл
жұрнақтардың көлемі кеңіп, өркендеуіне кең өріс алғаны
байқалады.
1. Бұл жұрнақтар негізгі түбірге тікелей жалғана алады.
Мысалы: Сөйтті де Жүністің өңшең аң терісін тиеген биіктеу
арбасына, дөңгелекке басып қарғып мінді [М.Әуезов, 501 б.];
Енді бір кезде төбесі жабық аласа қораның кішілеу қақпасына
81
кеп тоқтады [М.Әуезов, 294 б.]; Енді біразда бәрі де: «Атқа
қон!», -- деген сөздерді ести бере соңғы рет төс айыл, шап
айылдарын нықтап тартып алысып, жүгендерінің
сағалдырықтарын қараңғыда қолмен сипалап анық бекітіп
алысып, тымақтарының құлақтарын байлап, кейбіреулері
қалыңдау шапанының оң жақ жеңін белбеумен қоса тартып,
оң қолын босатып алып, тықыршық атқан, жер тарпыған, шыр
айнала елеңдеген жүйріктеріне міне-міне сарт-сұрт аттаныса
берді []М.Әуезов, 156 б.]; Бірден көз тартпайтын жұқалау
қабағы да сырға толы [Т.Ахтанов, 56 б.];
2. Басқа сөз табынан сын есім жасайтын жұрнақтардан соң
жалғанады. Мысалы: -- … Петр Астафьевич Дмитриев мен
болам, шүбәланбаңыз, -- деді ол әйелдің сенімсіздеу көзбен
қарап тұрған ойын сезіп [Х.Есенжанов, 54 б.]; -- … Әлде
саудамен барып қыстап қалдыңдар ма? – деді ақ көңіл,
асығыстау адам үй иесі [Ғ.Мүсірепов, 368 б.]; Ішкі есік
жақтағы қараңғылау бұрыштан мосқал әйелдің әлсіздеу
даусы шықты: -- Ойбай-ай, құдайды ұмытпаған қайсың барсың?
[Ғ.Мүсірепов, 274 б.]; Толықтау қарнын көлденең буған оқа
белбеу [М.Әуезов, 271 б.]; Дыбысқа құлағын түре ол он шақты
адым ілгері аттап, шаппалау жерде қармақ салып отырған
баланың өзін де көрді [Х.Есенжанов, 263 б.]; Күн аяз емес,
бірақ мазасыздау қыстың салқын желі арттан соғып,
аттардың құйрығын, жалын шалқыта үйіре түседі [М.Әуезов, 95
б.]; Шай аяқтала бергенде жартылай қалашалау, жартылай
қазақшалау, бастарындағы төбетейлеріне қарасаң, жартылай
татаршалау деуге де болатын екі жас мұғалім келіп кірді
[Ғ.Мүсірепов, 194 б.];
82
3. Бұл жұрнақтар басқа бірен-саран есім сөздердің де түбіріне
тікелей жалғанады, ондайда ол есімдердің мағынасы сын
есімге айналып, қызметі жөнінен атрибуттық қалыпқа көшеді.
Мысалы: Өзі алдағы қыраттау бір тұсқа көз салып келе жатыр
еді [М.Әуезов, 9 б.]; Оралдағы бір өндірістен босаған,
кеудемсоқ, ұрда жықтау адам болуы керек, қол алысып
жатып жұмысын айта бастады [Ғ.Мүсірепов, 175 б.];
-дау/-деу, -тау/-теу, -лау/-леу жұрнағында салыстырудың
екі жолы бар. Бірі – салыстырылатын зат сапасы қойылып,
салыстырылатын заттың нақты бірге айтылуы да, оның
айтылмай жалпы алынуы да мүмкін. Екіншіден, конкрет түрде
бір нәрсенің сапасынан емес, жалпы зат сапасының, жалпыға
мәлім жағдайда белгілі бір сапа дәрежесі айтылмай, тұтас
сарын ретінде қолданылуы да мүмкін дейміз.
Келесі топ шырай жұрнақтарын ғалым Ғ.Ғ.Мұсабаев
«шағын» шырай десе [24, 34], соңғы зерттеулер бойынша С.
Исаев «сапалық сын есімдерге ғана жалғанып, салыстырмалы
шырай жасайтын жұрнақтар» деп атайды [26, 140] . Қазақ
тіліндегі зерттеу еңбектерде бұл жұрнақ негізінен сын есімнің
салыстырмалы шырайын тудыратын формалар ретінде
көрсетіледі. Ғ.Қалиев: «Қазақ тіліндегі –лау (және оның
варианттарын) жұрнақты сөздердің кездесуін айтады (43, 131).
«Қазіргі қазақ тілінің» ғылыми грамматикасында бұл
жұрнақ –ау/-еу жұрнағының варианты ретінде талданып, оның
мекенді (жайлау, қыстау, күзеу), қимылды (сүйеу, сызғылау)
білдіретін зат есімдер жасайтыны айтылған.
«ғыл» жұрнағы
Мысалы: Аласа бозғыл беткейді толтыра жатқан бір қора қой
[М.Әуезов, 148б.];
83
«ғыш» жұрнағы Бұл жұрнақ өте сирек қоданылады.
Мысалы: Өңі тотыққан, қолы жарылған, қырма шоқша сақалы
да күнге күйгендей сарғыш күрең Жүніс, Сейттің сөздерін
жымия тыңдады [М.Әуезов, 501б.]; Кеше қонақтар келерде
кермеде ерттеусіз тұрған қара жал, қара құйрық ақ сарғыш ат
бүгін әсем ерттеліпті [М.Әуезов, 110 б.];
«ғылт» жұрнағы Мұның өте көп жалғанатын сөздері –
«қызыл», «сары» деген сөздер. Онда да сол сөздің «қыз» деген
түбіріне жалғанады да, өлі жұрнақ «ыл» түсіп қалады.
Мысалы: Жұқа ерін, қызғылт жүзді, сәнді киінген жас жігіт
өзгеше сұлу көрінеді [М.Әуезов, 106 б.]; Еркін шабытты жүзіне
жас шағының ажарлы қызғылт нұры шыққан Базаралы үп-
үлкен, кесек сұлу кескінде [М.Әуезов, 101б.]; Қуаты толып,
ақсұр жүзіне ажарлы қызғылт, ұнамды ірең білінді [М.Әуезов,
504 б.];
Басқа түстерге де жалғанады: Көше бойының іркімен қызыл-
сарғылт суы шалпылдап ат бауырына соғады да, тіктеп тиген
тұяқтар сусыз жердің көк соқта қарын шеңгелдеп лақтырады
[Х.Есенжанов, 111 б.]; Дмитриев орнынан асығыс түрегелді,
оның сұрғылт жүзі көкшілденіп кетті [Х.Есенжанов, 20 б.]; --
Әкел бері, сен тағы жарасың біреуін,-- деп үлкені зеки сөйлеп,
інісінің қолынан үйректің сопақшалау келген бозғылт
жұмыртқасына лық толы құлақшынды алды да, өз етегіндегі
ұп-ұсақ шұбар жұмыртқаларды кішкене баланың қос-қолдап
ұстаған етегіне ақтара салды [Х.Есенжанов, 208 б.]; Қаленнің
маңдайы сияқты, бөрік қасқа бас емес; бөрік астынан ырған
бастың көкшіл құйқасы көрінеді, жүзі ақшылсұрғылт, үлкен
көздердің аласы қарағанда жарқырай түседі [Х.Есенжанов, 224
б.]; Тұтқындар иін тіресіп отыр; көбі көйлекшең; баста қақаған
84
суық үй қазір адамның буымен монша сияқты ысыған; тердің,
темекінің, қайыс белбеудің иісі тамақты қырғандай қышқылт,
әрі ауыр [Х.Есенжанов, 104 б.];
«-шыл/шіл» жұрнағы
Бұл жұрнақ негізгі сын есімге жалғанғанда ғана
шырайлық мән туғызады. Ал егер басқа есімдерге жалғанса,
бақа сөз таптарынан сын есім тудыратын жұрнақ болады.
Мысалы: су-шыл – суда жүзетін адам, зат есімнен сын есім
тудырып тұр.
Мысалы: Бұрқыраған ақшыл тозаң алысты көзден
жасырған [Т.Ахтанов, 74 б.]; Ақшыл беті сұрғылт аспанындай,
қара көзі ойнап шыққан қара бұлттай [Ғ.Мүсірепов, 379 б.]; Бір
топ әйелдің алдында келе жатқан Шарипаның өңі ақшыл,
ажары тәуір болатын [М.Әуезов, 419 б.]; Өзеннің ортасы сары
қар да, екі көбесі жібіп қатқан көкшіл мұз [Х.Есенжанов, 47 б.];
Көкжиек қоңыр-көкшіл қалың күңгірт болуға ауысқан
[М.Әуезов, 456 б.]; Өткір, көкшіл көзі бұрынғысынан да
шығыңқы жанарында от ойнайды [Ғ.Мүсірепов, 241б.];
«-ілдір» жұрнағы
Тек қана «көк» деген сын есіммен қосылғанда ғана
шырайлық мән береді.
Мысалы: Қадала қарағаннан жасаурап кеткен көзін жеңімен
сүртіп жіберіп, Құбайра қайтадан бақыға Абылаев ат үстінде
тізгін тартпастан кеудесімен бұрылып кері қараған сияқтанды,
көгілдір-ақшыл түтін бұрқ ете қалды [Х.Есенжанов, 330 б.];
Бала аздап тағы қарсылық қимыл көрсетті де, кәрі әжесінің
шимайлаған көгілдір бетінен ең керегін жаңа тапқанындай
қадала қарап, опырыла бастаған тіссіз аузына қолын созды
[Х.Есенжанов, 39 б.]; Керосин шамның сарғыш жарығы бұрыш-
85
бұрышқа күңгірт көлеңке шашқан, сәкіде отырған адамдардың
жүздері көгілдір-сарғыш көрінеді [Х.Есенжанов, 58 б.].
«-ша/-ше» жұрнағы
Бұл жұрнақтар шырай түрін жасай да алады және шырай
түріне түрлендіре алмайды да. Бірінші қызметіне мысал: Аппақ
сүйрік,
ұзынша
саусақтарын біртіндеп көз алдынан
өткергендей [М,Әуезов, 143 б.]; Дәл жандаралдың сол
жағында «керегім бола ма?» деп, ентелеп келе жатқан аласа
бойлы, семізше, шардақы денелі, таңқы мұрын, бітік көз қазақ
тілмашы бар [М.Әуезов,272 б.]; Ұзын, арықша жақтар
солыңқы, үлкен құлақтың сырғалықтары бозарып солынып тұр
[Х.Есенжанов, 322 б.]; Абай Юнуспек Халфенің жұқалаң,
кішкене денесі мен сұлуша ақшыл-қызғылт жүзін аңдап отыр
[М.Әуезов, 387 б.]; Қиылған жіңішке қастары сәл ғана діріл ете,
қозғала түсіп, Мәкен әдеміше, кішілеу, ойлы қара көзін
қағазға үңілтеді [М.Әуезов, 411 б.]; Сол сәтте толықша,
кішкене аузы сәл ашыла түсіп, сол жақ езуі үнсіз ғана
жымиғаны білінеді [М.Әуезов, 411 б.]; Шаш реңінен өңі басқа,
үлкен нұрлы, сұрша көзі бар сұлу сәнді қыз [М:Әуезов, 140 б.];
Соншалық зор, сұлу даусы болмаса да, орташа, қоңыр, майда,
үні бар Сеит, бұл тыңдаушыларына анық өнерпаз көрінеді
[М.Әуезов, 505 б.]; Ұзынша кең бөлменің төріндегі көк мауты
жапқан ұзын столдың ар жағында сары сақалды, қасқа бас,
көзілдірікті, сарала түймелі келісті адам отыр екен [М.Әуезов,
398 б.]. Бұл мысалдар –ша жұрнағы шырай категориясын
жасап тұр. Ал екінші қызметіне: Арқалаған жүгі бар, ашаң бет,
шоқша сақалды біреу келді [С.Е.]; Орта бойлы кең жауырынды
күшке біткен тұлғасы бар дембелше жас жігіт колхоздың
трактор бригадасының бастығы еді. Дембелше орта бойлы
86
бурыл сақал [А.Т.]. Бұл айтылғандардағы –ша формасы
сөздердің белгілі бөлшегі болып қалыптасып, тұрақты бөлімге
айналған, ешқандай екі заттың белгілерін салыстыру
білінбейді.
-қай, -аң, -қыл жұрнақтары
Бұл жұрнақтар сөзден сөз тудыратын, жаңа жұрнақ
болумен қатар, сын есімнің шырай категориясына айналып
бара жатқан қосымша екені мына мысалдардан көрінеді: Таң
шапағындай қызыл арай, Мәкеннің тап-таза жұқалаң біткен
қоңырқай жүзіне лап беріп, шығатын да, тез толқып, оның
нәзік жүзін, шыншыл жүзін сәл ағарта түсіп жасырына кететін
[М.Әуезов, 365 б.]; Жағасын қоңырқай барқытпен кең
қайырған [М.Әуезов, 136 б.]; Осындай шақта қаланың шетіне
жаңа ғана кірген жолаушылар бірнеше жалпақ төбелі
қоңырқай үйлерден айналып өтті [М.Әуезов, 294 б.]; Бар
жүрегі, зейінімен Мағрипаның ақ жүзін ғана, қоңырқай қолаң
шашын ғана көргендей [М.Әуезов, 143 б.]; Онда: жіңішке,
сұңғақ бойлы, ашаң, жұқалаң жүзді сұлу әйел, махаббат
жолына ең тұрақты сезім иесі болады депті [М.Әуезов, 366 б.];
Ашаң салқын жүзді Қаражан, бұл күнде кексе тартқан
[М.Әуезов, 226 б.]; Содан бері Нілдінің бастығы қартаң
инженер Шульц маған екі мылтық беріп қойды – біреуге
атылатын шын мылтық, біреуі анау тұрған арғысы бояп қойған
ағасы мылтық [Ғ.Мүсірепов, 139 б.]; Күзектің суық сұрқыл
жүдеу бір күні бүгін Қашамада отырған Тәкежан аулының
үйінде тұр [М.Әуезов, 56 б.].
Келтірілген мысалдардағы жұрнақтарда сын есімнің
шырайлық категориясының мәні барлығы байқалады. Өйткені
ол жұрнақтар сөздің негізгі мағынасын (лексикалық) өзгертіп
87
тұрған жоқ, сапаның сандық өзгерісін көрсетіп тұр. Мұндағы
«қоңырқай» мен «қоңыр», «ашаң» мен «аш», «қартаң» мен
«қарт», «сұрқыл» мен «сұр» -- бір емес. Бұлар «ақшыл» мен
«ақ», «көкшіл» мен «көк», «бозғылт» пен «боз» сияқты.
Қалиев Ғабдолла «Қазақ тіліндегі сөзжасам мәселелері»
еңбегіндегі зерттеуге сүйене отырып бұл жұрнақтар жөнінде
тағы да мынаны қоса аламыз: бұл негізінде есімдерге қосылып,
жетімсіздік, солғындық, бәсеңдік мағынасындағы есімдер
тудыратын жұрнақ. Қазіргі қазақ тілінің ғылыми
грамматикасында ол –ан/-ен/-н жұрнағымен бірге қаралады:
жылан, қазан және сындық атаулар тудыратынын да айтады:
бозаң (бос, нашар), жазаң (жазық) [43, 96]. Бұл жерде
аймақтық қолдану, диалектілік ерекшеліктегі сөздерді
нақтылағаны көрініп тұр.
Бұларға қоса ғалым Қалиев Ғабдолланың «Қазақ тіліндегі
сөзжасам мәселелері» еңбегінде айтылған тұжырымды қосуды
жөн көрдім.
-қыл/-кіл, ғыл/гіл жұрнақтарының қазақ тіліндегі 2 түрлі
атқаратын қызметін көрсетеді. Бірі – оңтүстік сөйленістерде
жекеше 2-жақта етістік түбірлерге қосылып, бұйрық, тілек
мағынасын береді (барғыл, келгіл). Екіншісі – есім сөз
тудырады (бозғыл, қатқыл). Қазақ сөйленістерінде –қыл,-ғыл
жұрнағы негізінен түбір сөздерге қосылып, процесс
нәтижесінде туған заттық, сындық атауларды білдіреді [43,97].
«
- қылтым» жұрнағы
Бұл жұрнақты ғалым С.Исаев өз зерттеуі бойынша
сапалық сын есімдерге ғана жалғанып шырай тудыратын
жұрнақ деп береді. Ал ғалым Ғ.Мұсабаев былай дейді: «-
қылтым жұрнағы «аш-қылтым, -тұшқылтым» деген сияқты
88
сөздерде ғана сирек қолданылады. Тәжірибеде, әсіресе,
көркем әдебиетте қолданылмайтын, егер қолданылса, өте
сирек кездесетін, тар көлемді қосымша деуіміз керек… » -- деп
өз пікірін келтіреді [16, 185].
Қорытынды
Бұл диссертацияда есім сөз таптарының күрделі бір түрі
сын есімнің лексика-семантикалық, грамматикалық сипаты,
мазмұны баяндалып, сондай-ақ оның жалпы сөз таптарындағы
және есім сөз таптарының ішіндегі грамматикалық белгісін,
қызметін ашатын негізгі түрлену белгісі – шырай категориясы
ғылыми тұрғыдан талданды. Шырай категориясының ғылыми-
грамматикалық теориясын ашып, оның қалыптасу тарихын
жүйелеу мақсатында және шырай жұрнақтарын тиянақтау,
зерттелу дәрежесін айқындау жолында ғылыми әр алуан
әдебиеттер қарастырылды. Әр ғалымның шырай
категориясына қатысты зерттеген, жасаған тұжырымы
сараланды.
Шырай
категориясының
ғылыми-грамматикалық
теориясын ашу мақсатында диссертацияны талдау жолы
бірнеше бөлім-тарауларға бөлініп отыр. Біріншіден кіріспе
берілді. Кіріспеде зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті
айтылды. Осы мақсатқа жету жолында негізгі бөлімде шырайға
қатысты бірнеше сұрақ қарастырылды. Сын есімнің тілдік
89
сипаты мен шырай категориясының теориялық негізі
сипатталды. Сын есімнің тілдік сипаты тарауында есім сөз
таптарындағы сын есімнің орны айқындалды деп айта аламыз.
Бұл ретте жалпы әр сөз табының өзінің ерекшелігі, яғни сөз
таптарының ішінде өзінің алатын орны болады. Бұған сөз
табының жауап беретін сұрағы, анықтамасы, грамматикалық
белгілері, жалпы категорияльды мағынасы, сөйлемде
атқаратын қызметі т.б. қызмет етіп, әр сөз табының өзіндік
белгісін танытады. Сын есімнің осы қасиеттеріне тоқталдық.
Ғалым К. Аханов, А.А.Шахматов, В.В.Виноградов, О.П.Суник,
Ф.Оразбаева, Н.А.Оразахынова, Ж.Т.Исаев, Г.С.Сүлеева т.б. сын
есімнің тікелей өзіне тән қасиеттеріне қатысты айтқан пікірлері
келтіріледі.
Сонымен, сын есімнің өзіне тән белгілері ретінде: заттың
түр-түсін, заттың көлемдік, аумақтық, салмақтық белгісін,
сынын, заттың дәміне, иісіне және басқа сипаттарына
байланысты белгілерін білдіретіндігі тағы бір тұжырымдалды.
Көптелу, септелу, тәуелдену категорияларының сын есімге тән
еместігін, заттың сынын, белгісін білдіріп, зат есіммен тіркесе
айтылғанда, сын есімге жалғау жалғанбай, жалғау өзінен
соңғы анықталатын сөзге жалғанатынын, синтаксистік қызметі
жағынан негізінде анықтауыш болатынын, сын есім ешқандай
қосымша қосылмай-ақ, негізгі түбір күйінде заттың қасиетін
білдіретінін, морфологиялық тәсілмен арнаулы жұрнақтар
арқылы өзге сөз таптарынан қатысты сын есім жасалатынын,
қос сөздерден болатынын т. б. белгілерін атап, сын есімнің
орнын айқындадық.
Осы тарауда шырай категориясы туралы сөз болады.
«Жалпы шырай категориясы дегеніміз не? Зерттеушілер
90
қандай анықтама береді екен?» деген сұрақтар талданды.
Ағылшын тілін зерттеуші А.И.Смирницкий, ғалым К.Аханов,
А.Ысқақов, М.Қараев, С.Исаевтың шырай категориясына берген
анықтамалары берілді. Ғалымдар анықтамаларының жалпы
сәйкесетінін көреміз.
Осы тарауда шырай категориясы түрлерінің орыс, түрік,
қазақ тіл білімінде зерттелу жолы айтылды. Ғалым
Катаринский, қазақ тілінің грамматикасын жазған орыс
ғалымдары Мелиоранский, Лаптев, Терентьев, Востоков,
Павский, Давыдов, В.В.Виноградов, Греч, Н.А.Баскаков,
Дыренкова, А.Н.Кононов, Н.К.Дмитриев, В.А.Богородицкий,
Шапиро, А.М.Финкель, Н.М.Боженов, Д.Н.Ушаков, Л.И.Жироков,
Пешковский, Бархударов, Богородицкий, А.С.Никулин, тағы
басқа ғалымдарың жеке пікірлері келтіріліп, көзқарастары
талданды. Әр ғалымның шырай категориясына байланысты
жүргізген зерттеулерінің арқасында берген анықтамалары,
шырайдың қалай пайда болғаны, бір ғалымның айтқаны мен
екінші ғалымның зерттеуінің сәйкеспеуі немесе ғалымдардың
бір-бірін толықтыруы туралы айтылды. Бұл жерде
ғалымдардың ішінен профессор Богородицкий шырай
категориясына байланысты өзіне тән ерекше көзқарасымен
ерекшеленетінін анықтадық. ХІ ғасырдың бірінші жартысының
өзінде тіл біліміне еңбегін қосқан әйгілі ағартушы Мелетий
Смотрицкийдің берген анықтамасы айтылды. Осыған қоса
ғалым С.Аманжолов, Ғ.Бегалиев, Н.Сауранбаев, І.Кеңеспаев, С.
Жиенбаевтың пікірлері талданды. Бұл қазақтың орта мектебіне
арнап грамматика жазушылардың пікірлері жоғарыдағы
ғалымдардың пікірлерінен өзгешерек екенін байқадық.
Осыларға қоса қарақалпақ, шор, татар, башқұрт, түркімен тілін
91
зерттеушілердің пікірлері келтіріліп, әр тілге қатысты шырай
категориясының қанша түрі кездесетіні туралы айтылды. Және
М.Қашғари, М.Томановтың тарихи тұрғыдан зерттеген
тұжырымдары айтылды. Бұл тұжырымдардан біз шырай
категорисының ХІІІ-ХV ғасырда ауыз екі сөйлеуде де,
жазбаларда да қолданылғанын анықтаймыз.
Осы тарауда қазіргі уақытта ғалымдардың жеке
көзқарастарына ілігіп жүрген шырай категориясының түрлері
сөз болды. Бұл зерттеу жұмысының мақсаты осы шырай
категориясы теориясының қалыптасу жолын көрсетіп, түрлерін
тиянақтау болғандықтан, әр ғалымның шырай түрлерін қалай
бөлгенін айттық. Зерттеуші-ғалымдар А.Байтұрсынов,
Н.Сауранбаев, Ғ.Бегалиев, І.Кеңесбаев, С.Жиенбаев, А.Ысқақов,
М.Ә.Қараев, Ғ.Мұсабаев, С.Исаевтың шырайдың түрлерін қалай
топтастырып атағандарын келтіріп өттік. Бұл бөліністердің тек
аталып қана қоймай, іс жүзінде әдеби-көркем шығармалар
тілінде міндетті түрде кездесетіндігін дәлелдеу мақсатында
көркем шығармалар, публицистикалық газет-журналдардан екі
мыңға жуық дерекмысалдар (картотекалар) терілді. Бұл
мысалдар М.Әуезовтың «Абай жолы» романы мен
әңгімелерінен, Х.Есенжановтың «Ақ Жайық», Т.Ахтановтың
«Боран», Ғ.Мүсреповтың «Жат қолында» романдарынан және
публицистикалық газет-журналдардан терілді. Әр ғалымның
тұжырымдары негізгі бөлімнің өзінде талданып кеткен
болатын. Бұл жерде біз әр ғалымның бөлінісі терілген мысал
деректермен дәлелденді. Яғни, әр ғалымның берген
тұжырымын шырай категориясының түріне жатқыза аламыз.
Байқағанымыздай бір зерттеуші екінші ғалымды толықтырып,
керісінше біріктіруді керек етіп тұрған ұқсас шырай түрін
92
біріктіріп отырған. Сол себепті мүлдем шырай түрі бола
алмайтын қосымша мен аталымды ешбір ғалым көрсетпейді.
Бұл мәселе біз қандай шешімге келеміз, шырай категориясы
теориясын, түрлерін қандай тұжырымға әкелуге болады деген
сұрақтарға жауап іздеуге әкелді. Бір ғалым шырай түрлерін
үшке, төртке, енді біреуі беске бөліп көрсеткен. Бұл да дұрыс
шығар. Бұл жерде С.Исаевтың пікірін келтіріп кетелік. Ғалым
шырайдың сапалық сын есімнің лексика-грамматикалық
категориясы ретінде екі-ақ түрін көрсетеді. Күшейтпелі шырай
мен асырмалы шырайды біріктіреді де және салыстырмалы
шырай деп басқа ғалымдардың айтқан бөліністерін жоққа
шығармайды, ал солардың жиынтығынан тұратын шырайдың
екі түрін көрсетеді. Тағы да айта кететін жай өзге
ғалымдардың жалпы шырай категориясының қосымшаларына
жатқызып, шырай түріне енгізген қосымшаларды С.Исаев болса
тек сапалық сын есімдерге жалғанып, салыстырмалы шырай
жасайтын жұрнақтар деп бөліп көрсетеді. Негізінен бұл
ғалымның зерттеуі проф. І.Кеңесбаев пен С.Жиенбаевтың
мектептің 5,6 сыныбына арналған «Қазақ тілі грамматикасы»
оқулығында да шырай категорисының екі түрі көрсетілген, тек
басқаша атаумен (талғаулы және таңдаулы) аталған.
С.Исаевтың берген тұжырымы іс жүзінде дәлелденіп отыр.
Қазір тіл білімінде грамматика-морфология саласында осы
тұжырымға сүйенеміз.
«Шырай категориясының теориялық негізі» деген келесі
тарауда «жай шырайды» шырай түріне жатқызуға бола ма,
«шырай тек сапалық сын есімге тән категория ма екен» деген
сұрақтар қарастырылды. Жоғарыда айтылғандардан шығатын
қорытындының бірі – шырай жасаудың негізгі жолы – сөз
93
мағынасында ашық көрінетін салыстыру болумен бірге
шырайлық ұғымның анықталуы қажет. Онсыз шырай
категориясы бола алмайды. Құр екі затты салыстырудан шырай
категориясы тумайды. Өйткені жалпы адам баласының
дүниетануы затты затпен салыстырудан шыққан. Бір нәрсені
екіншісіне қарсы қойып тануды негізгі әдіс еткен. Бірақ бұл
атау формада ешбір салыстыру жоқ, ендеше шырай емес, ақ,
қызыл, сары дегендерде бұл күйінде шырай мағынасы жоқ.
Сонда, сапалық сын есім тұлғасы мен жай шырай деген ұғым
бір болса, ол бір ұғымды екі түрлі атағаннан не ұтамыз?
Келтірілген мысалдардағы белгінің, түр-түстің тағы басқа
сапалық сипаттың артық я кемін немесе тым артық, я тым кем
екенін білдіретін белгілі қосымшаларда ондай белгі
байқалмайды. Яғни, «жай шырай» деген шырай түрі емес, сын
есімнің тұлғалық түрі болып қана саналуы қажет. Еңбекте
«жай шырай» деп аталатын сын есімдерде шырай мағынасы
жоқ екені ашылды. Мектеп грамматикаларында жай шырай
сын есімнің басқа шырай формаларын жасаудағы негіз,
таяныш тұлға болатынын көрсету үшін беріледі. Алайда мектеп
оқулықтарында жай шырайды шырай түріне жатқызу
дәлелденбеген тұжырым болып шығады. Ендеше, жай шырай
деп атауымыздың өзі хате екені айқын.
Шырай категориясы жұрнақтарының сын есімнің
мағыналық түрінің қайсысына жалғана алады екенін
нақтылауда пікірлер талданып, мысалдар келтірілді. Талдай
келе, жоғарыда келтірілген « Сын есімнің бір түрі – сапалық
сын есімдерге шырай жұрнақтары жалғанып, шырай түрлерін
жасауға болса, сын есімнің мағыналық тобының екінші тобы –
қатыстық сын есімдерге шырай жұрнақтары жалғана алмайды
94
да, одан шырай түрлері жасалмайды» деген тұжырым жоққа
шыға ма?» деген сұраққа тірелдік. Әлде бұл анықтама сын есім
шырай түрінің тек екі түрі – салыстырмалы және асырмалы
түрлеріне сәйкес келмей ме? Бұл әлі де шырай категориясы
зерттеу жұмысын қажет етеді деген тоқтамға әкеледі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.
Аханов К. Тіл білімінің негіздері. – Алматы: Санат, 2003. –
387 б. б.
2.
Байтұрсынұлы А. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі,1992. –
446 б.
3.
Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы:
Ғылым, 1999. -- 482 б.
4.
Бондарко
Александр
Владимирович.
Теория
морфологических категорий. – Ленинград, Наука, 1976.
95
5.
Никулин А. Степени сравнения в современном русском
языке. – Москва, Ленинград, 1937. – 490 б.
6.
Виноградов В.В. Русский язык (Грамматическое учение о
слове) – Москва, Высшая школа, 1986. – 548 б.
7.
Будде Е.Ф. Имя прилагательное, имя числительное,
местоимение.
8.
Щерба Л.В. Избранные работы по русскому языку. –
Москва: Учпед., 1957. – 187 б.
9.
Современный русский язык. Морфология и синтаксис.
(Сборник статей) Под редакцией проф. И.Г. Голанова. –
Москва, 1964. – 256 б.
10. Янко-Триницкая Н.А. Русская морфология. – Москва,
Русский язык, 1982.
11. Котлярова Т.Г. Словообразовательная парадигма
антропонимических прилагательных в коммуникативно-
прагматической перспективе. – Астана: Русский язык,
2001. – 229 б.
12. Оразбаева Ф. Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім синонимдер.
– Алматы: Мектеп, 1988. – 190 б...
13. Төлеуов Ә. Сын есімнің сипаттамасы//Қазақстан мектебі,
№12, 1966. –
253 б.
14. Төлеуов Ә. Қазақ тіліндегі есім категориясы. – Алматы,
Қазақ мемлекеттік оқу-педагогика баспасы, 1963. -- 181 б.
15. Қазақ тілінің грамматикасы. – Т.1. – Алматы: Ғылым, 1967.
– 295 б.
16. Мұсабаев Ғ. Қазақ тілі тарихынан. – Алматы: Мектеп. 1998.
– 290 б.
96
17. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. –
Алматы:Мектеп, 1998. – 320 б.
18. Томанов М. – Сын есімдердің сөз табы ретіндегі
қалыптасуының кейбір ерекшеліктері//Қазақ тілі мен
әдебиеті, 4-шығуы. – Алматы, 1974. – 244 б.
19. Қазақ грамматикасы. – Астана: 2002. – 210 б.
20. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Клапрят Г.Ю. Қазақ тілі
жайында. – Алматы: Ғылым, 1993. – 180 б.
21. Бегалиев Ғ., Сауранбаев Н. Қазақ тілінің грамматикасы. –
Алматы, 1944. – 245 б.
22. Кеңесбаев І., Жиенбаев С. Қазақ тілі грамматиткасы. –
Алматы, 1945. – 280 б.
23. Қараев М.Ә. Қазақ тілі. – Алматы: Ана тілі, 1993. – 149 б. б.
24. Мұсабаев Ғ. Ғ. Қазақ тіліндегі сын есімнің шырайлары. –
Алматы: Қазақ ССР Ғылым академиясының баспасы, 1951.
– 264 б.
25. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. – Алматы: Ана
тілі, 1991. – 153 б. б.
26. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық
сипаты. – Алматы: Рауан, 1998. – 298 б.
27. Серғалиев М., Айғабылов А., Күлкенова О., Алматы: Ана
тілі, 1991. –
204 б.
28. Шәкенов Ж. Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім категориясы. –
Алматы: Қазмемоқупедбаспасы, 1961. – 123 б.
29. Қазіргі қазақ тілі. Алматы: Қаз ССРҒА, 1954. – 143 б.
30. Төлеуов Ә. – Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім мен сан есім
категориясы. -- Алматы: 1971. – 283 б.
97
31. Оразахынова Н.А., Исаева Ж.Т., Сүлеева Г.С. Қазақ тілі:
Сөзжасам. Морфология. – Алматы: Арыс, 2004. – 148 б.
32. Қазақ грамматикасы: фонетика, сөзжасам, морфология,
синтаксис. – Астана, А.Байтұрсынов атындағы тіл білімі
институты, 2002. – 206 б.
33. Айғабылов Айтбай. Қазақ тілінің морфонологиясы. –
Алматы, Санат, 1995. – 218 б.
34. Кітап 4. Жоғары оқу орындарының профессорлары мен
оқытушыларының қазақ әдебиет және тіл мәселелері
бойынша ғылыми мақалалар жинағы. – Алматы, 1977.– 356
б.
35. Қазақ тілі және әдебиет мәселелері. Аспиранттар мен
ізденушілер жинағы, 6-шығуы – Алматы, 1967. – 380 б.
36. Қайдар Әбдуәли. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. – Алматы,
Ана тілі, 1998. – 260 б.
37. Ерғалиев Т. Қазақ тіліндегі сөздер мен сөз таптарының
морфологиялық құрылысы. – Алматы, 1968. – 180 б.
38. Ақкөзов Ә.Ә. Сапалық сын есімдердің семантикасы және
жүйесі (филология ғылымдарының кандидаты ғылыми
дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
авторефераты). Алматы, 2004. – 231 б.
39. Қазақ совет энциклопедиясы, 12 том. Алматы, 1978.
40. Оралбаева Н., Мадина Ғ., Әбілқаев А. Қазақ тілі. Алматы:
Қазақ университеті, 1993. – 148 б.
41. Бектұров Ш. Қазақ тілінің қолданбалы грамматикасы.
Астана, 2003. –
219 б.
42. Аманжолов С. Қазақ тілі теориясының негіздері. Алмаы:
Ғылым, 2002. – 338 б.
98
43. Қалиев Ғ. Қазақ тіліндегі сөзжасам мәселелері. Алматы:
Ғылым, 2002. -- 325 б.
44. Тоқсанбаев Ә. Сын есімнің жалғаулары туралы. Халық
мұғалімі, №5, 1940. – 198 б.
99
Достарыңызбен бөлісу: |