Магистратура «Журналистика және қазақ филологиясы» кафедрасы магистрлік диссертация сын есім шырай категориясы теориясының қалыптасуы



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата22.12.2016
өлшемі389,86 Kb.
#119
1   2   3   4   5

1.2.2 Қазақ тіл білімінде зерттелуі

Шырай түрлері жайында да бір ортақ пікір жоқ. Әр ғалым

шырай   түрлерін   әр   түрлі   бөледі.   Ғалым   Ахмет   Байтұрсынов

сынды «тек сыны» және «сыр сыны» деп екіге бөледі де, сыр

сынында   үш   шырай   бар   дейді;   1)   жай   шырай   2)   талғаулы

шырай   3)   таңдаулы   шырай.   Бұл   ертеректеу   зерттеме

болғандықтан, жай шырай шырай ұғымына еніп отыр. Осыдан

да   әлі   күнге   шейін   мектеп   оқулықтарында   сол   тұжырым

сақталған.

  «Қазақ   тілінің   грамматикасы»   оқулығында   авторлары

Н.Сауранбаев, Ғ.Бегалиев шырайдың 4 түрін көрсетеді:

1. Жай шырай (қызыл, жақсы, орта, үлкен т.б.) 

Шағын   шырай  (қызғылт,   сарғылт,   көгілдір,   қышқылтым



т.б.)  Мысалы:  Мағрипа   сыпайы   бұрылып,   қызара   күлді   де,

нұрлы сұрғылт  көздерін Дәрменге аударды  [ М.Әуезов «Абай

жолы», 142 б.]; 

46


Салыстырма шырай  (қызылырақ,  жақсырақ,  ортарақ т.б.)

Мысалы:  Жасырақ  болсам   доктордан   басқа   жанға   ғашық



болмас  ем  [Х.Есенжанов   «Ақ   Жайық»,   45   б.];  Көбінің   сүйетіні

тамақ ішік болса керек, сол көбірек [Х.Есенжанов «Ақ Жайық»,

548 б.];


Таңдаулы шырай (өте қызыл, тым жақсы, тіпті жаман, қап-

қара   т.б.);  Мысалы:  Біресе,   кең   ашылатын   үлкен   шұғылалы

сұрғылт   көздері,   бір   сәт  қып-қызыл  еріндері,   немесе

сыңғырлап күлген сылдыраған үні мен бірлі жарым тіл-қатқан

сөздері   құлағына   келгендей   болады  [М.Әуезов   «Абай   жолы»,

143   б];  Ауыл   сыртындағы   көгалға   апарып,   қағып-соғып



тазалаған   кілем,   тұскиіз,   алаша,   текемет,

 жап-жаңа

сырмақтар көрінеді [М.Әуезов «Абай жолы», 103 б.]; Өте жуан,

аса   қарлыққан,   ірі   дауысты   қатқақ   көшенің   бойымен

дөңгелетіп   ыққа   қарай   алысқа   әкетіп   жел   көп   жерге

естірткендей  [Х.Есенжанов   «Ақ   Жайық»,   67   б.];  Және   осы

қонақтарды  аса   жақсы  шыраймен   күтіп   отырған   сол

Мұсабайдың   жиені,   құрбы   жігіті   Нұртаза  [М.Әуезов   «Абай

жолы», 139 б.];

Кейінгі   жазылып   шыққан   жоғарыдағы   ғалымдар

Ғ.Бегалиев   және   Н.Сауранбаевтың   «Педучилищеге   арналған

қазақ   тілі   грамматикасында»   3   түрлі   шырай   көрсетіледі:   1.

Салыстырма   шырай;   Мысалы:  Айналасына  азырақ  ажым



жиылған   мұңлы   көзін   кейде   қысыңқырап   қарайды  [М.Әуезов

«Абай   жолы»,   7   б];  Үй   ішінде   құрғақ   тезектің   оты   маздап,



кішілеу  қазанның түбін  жалап, ернеуін  де шарпып аймалап,

жанып   тұр   екен  [М.Әуезов   «Абай   жолы»,   175   б.];  Бұлардың

божысын ұстаған әлгінде үйден бірге шыққан  жастау  мұалім

екен [Ғ.Мүсірепов «Жат қолында», 289 б.]; 2. Таңдаулы шырай;

47


Мысалы:  Дәркембайдың   кемпірі   істеп   берген   қара   көже  ең

қымбат,  дәмді   астарындай  [М.Әуезов   «Абай   жолы»,   67   б.];

Бұның   екеуінің   де   он   екі   жасар   бала   қалпында,   түстері  өте

суық  [М.Әуезов   «Абай   жолы»,   536   б.];  …Адамның   беті-жүзін

топырақ  шаңмен  қап-қара  қылады  [Х.Есенжанов,   89  б.];  Сол

Керала, жаңағы өздеріңе мен түсін айтқан аппақ шал, елу бес-

ақ жастағы адам дегенде, бағанадан, ынтыға тыңдап отырған

Абылғазы: -- Алда бақыр, есіл ер-ай ! – дейді. 3. Шағын шырай;

Мысалы:  Ай   астында  ақшыл  дала   қызусыз,   жарықсыз   бір



бұлдыр сәуле сездіреді  [М.Әуезов, 179 б.];  Шәрипаның даусы

қоңыр емес, әдемі  сарғыш  сияқты  [Т.Ахтанов «Боран», 57 б.];

Бұл   күнде   ажым   тартқан  сұрғылт  жүзін   сәл   жадыратып,

Абайға көзін сығырайтып, күліп қарады [М.Әуезов, 61 б.];  

Мұнан   кейін   шыққан   проф.   І.Кеңеспаев,   С.Жиенбаев

жазған орталау мектептің 5,6 сыныбына арналған «Қазақ тілі

грамматикасы» еңбегінде шырай категориясы түрлеріне былай

тоқталады: 1. Талғаулы шырай; 2. Таңдаулы шырай. Бұл жерде

«Талғаулы шырай» дегенге салыстырмалы, жоғарыда аталған

«шағын»   шырайды   жатқызады.   Ал,   «таңдаулы»   шырайға

«күшейтпелі» және «асырмалы» шырай түрлерін жатқызады.

   Қазақ   тілінің   грамматикасында   сын   есімнің   мынадай

шырайлары   көрсетілген:   1)   салыстырмалы   шырай   2)   бәсең   я

шағын   шырай   3)   күшейтпелі   шырай   4)   асырмалы-үдетпелі

шырай. [15, 86] Бұндағы бәсең я шағын шырайдың жасалуына

негіз болатын мынадай морфологиялық формалар көрсетіледі:

-лау//-леу,   -дау//-деу,   -тау//-теу   (сұңғақтау,   жіңішкелеу);

Мысалы: Аласалау жер үй болғанымен пеші орысша кірпіштен

салынған  [Ғ.Мүсірепов   «Жат   қолында»,   86   б.];   Қиылған

жирендеу  келген  мұрты  бар Самарбай, жас молда болса да

48


жақсы  оқыған  [М.Әуезов,  559 б.];  Жіңішкелеу  ұзын  қастары

әлі   де   қап-қара  [М.Әуезов,   106   б.];  …Сол   қалпымен   шәмбіл

бетіндегі  сұйықтау  біткен   сары   мұртын   сипай   түсті

[Х.Есенжанов, 235 б.];

-ғылт, -ғылтым, -ғыш, -ілдір, -ілжім (сарғылт, сарғылтым,

көгілдір,   сарғыш);   Мысалы:  Мұсаның   төрде   отырған   семіз,

қызғылт  жүзді   тоқалы   Тұрайға   қарады  [М.Әуезов,   140   б.];

Құрттың  ашқылтым  сөлі   өңешін   тітіркендіріп   асқазанына

қарай ауыртып жол салып барады  [Т.Ахтанов, 74 б. ];  Көбінің

жүзі ақшыл, не қызғылт, сарғыш [М.Әуезов, 140 б.]; Алыста,

жігіттердің   бет   алдында,   үш-төрт   бөлек  көгілдір  жоталар

жатыр [М.Әуезов, 110 б.]; 

-шыл, -шіл (көкшіл); Мысалы:  Сол сәтте алдыңғы  ақшыл



бөрі   осы   топтың   анасы   –   қаншық   қасқыр   екен,   бара   бір

саулықты   алып   соқты  [М.Әуезов,   81   б.];  Мұнараның   басынан

көрінген   ұзын   өзеннің  көкшіл  жиектері,   арғы   жағасы   көзге

әрең   шалынатын   Шалқар   көлдің   шалқыған   кең   беті,   жағаға

төнген   тау   бейнесі,   желпи   соққан   жазғы   жел   лебі   мезет

жоғалып,   жердегі   мынау   реңсіз   жарлы   көріністер   Хакімнің

жүрегіне бір мұңды сезім құйып жіберді [Х.Есенжанов, 197 б.];

-аң//-ең (жұқалаң, жасаң); Мысалы: Кең маңдай ақ жүзіне



науқастың және бейнетті өмірдің зардабындай боп,  жұқалаң

сарғыш рең араласқан [М.Әуезов, 154 б.];  

-қай, -ай (қоңырқай, тырбықай) [2, 86-88]. Мысалы:  Сұлу,



бұйра қоңырқай сақалы бар, орта жасты доктор Станов, аласа

бойлы, беті-жүзі келбетті кісі еді [М.Әуезов, 568 б.];

Ғалым   Қ.Оралбаева,   Ғ.Мадина,   А.Әбілқаевтар   шырайдың

екі түрін көрсетеді: 

1. Салыстырмалы шырай

49


Күшейтпелі   шырай   –   сындық   сапаның   басқа   заттың

сапасымен   салыстырғанда,   өте   артық   я   өте   кем   екенін

көрсетеді дейдң. Мысал ретінде қып-қызыл, өте әдемі сөздерін

береді. [40,  147-148 б.].

Ғалым-ұстаз Бектұров Шәбікен Кәрібайұлы 4 түрлі шырай

ды   атайды:   жай   шырай,   салыстырмалы   шырай,   күшейлпелі

шырай, асырмалы шырай [41, 119 б.].   

Ғалым А.Ысқақов 4 түрлі шырай бар дейді: 

Жай   шырай   (негізгі)   –   «заттың   белгісін,   түсін,   сапасын,

көлемін,   салмағын,   аумағын   тағы   басқа   сондай   негізгі   сын-

сипаттарын   білдіретін   сапалық   сын   есім   жай   шырай   болып

саналады»-дейді [25, 188 б.].

Жай   шырай   формасын

шырайлардың   басқа   түрлерін   мағына   жағынан   да,   форма

жағынан да салыстыратын негізгі форма болып саналатынын

айтады. 


1. Салыстырмалы шырай бір заттың сынын екінші заттың

сынына  салыстырып,   сол   салыстырылатын   белгілердің

бір-бірінен   я   кем,   я   артық   екенін   білдіретінін   айтады.

Салыстырмалы шырай тудыратын жұрнақтарға.

А)   –рақ/-рек,   -ырақ/-ірек;   Мысалы:  Тоқтасқан,   шағын

денелі,  пысық қимылды,  шашы  бурыл тартқан,  кішірек  қара

көздері   жылтылдай   қараған   кісі   таныс   адамындай   жайдары

жүзбен қарсы алды [Х.Есенжанов, 23 б.];

Ә) -лау/-леу, -дау,/-деу, -тау/-теу; Мысалы: Бір күрең өгізді



жетелеп Бірәлі жарықтау жерге әкетіп барады [Ғ.үсірепов, 305

б.]; Аздаған дөрекілеу, епсіздеу ме, қалай? [Ғ.Мүсірепов, 21 б.];



Жастау   әйел   кездессе   –   ерің   үйде   ме?   –   деп   сұрайды

[Ғ.Мүсірепов, 84 б.]; Сырты қоңырлау болса да, ақ ауылдан іші



мығым  [Ғ.Мүсірепов «Миллионер», 392 б.];

50


Б)   –ғыл/-қыл,   -ғылт/-қылт,   -тым,   -шыл/-шіл,   -қай,   -аң;

Мысалы:  Әбіш   пен   Мағыштың   көздері  соңғы   күндерде  Мәкен



жүзінен осынадй сәл бір шақта толқына туған қызғылт нұрды

көретін  [М.Әуезов,   365   б.];  Өзге   шөптен   сызаты   көп,   түн

шағында әрі салқын, әрі қалың көкшіл бидай, мол жылқының

ту   биелерін   де,   тай-құлыны,   байталын   да   түгел   қызықтыра

тартты  [М.Әуезов,   192   б.];  Жазылған   бұрымдар   су   бетіне

жайылып   кетіпті;   күн   тимеген   дене   өткір   көзді   қара   торы

жүзден   әлдеқайда  ақшыл,  оң   қолын   көтеріп   қайықты   ілгері

итеріп жібергенде сұлу кезде, тулаған балықтың бауырындай,

жарқ   ете   қалды  [Х.Есенжанов,   222   б.];  Әбіштің  қоңырқай

қызыл тартқан тотыққан жүзді қып-қызыл боп кетті [М.Әуезов,

321   б.];  Келген  қартаң  жұмыскерлер   конторға   да   ығыспай



кіріп   еді,   стол   қасында   да   сол   еркін   қалыптарында   келіп

отырды [Ғ.Мүсірепов, 73 б.];  

Күшейтпелі   шырай.   «Заттың   бастапқы   сындық   қасиетін

күшейте   түседі.   Бұл   шырай   негізгі   сын   есімдерге   күшейткіш

(үстеме)   буынды   қабаттастыру   арқылы   жасалатын   өте   өнімді

форма»-дейді   [25,   188   б.].   Мысалы:  Сондай  қап-қара  май

сіңген   үлкен   брезентті   арба,   обадай   обыр   дерттің   баршысы

тәрізді  [М.Әуезов,   323   б.];  Жылтыр   қара   мұртының   астынан

қып-қызыл  еріндері   күле   түсіп,  аппақ  тістерін   ақситып,

Мәнікенің қасына ерді  [М.Әуезов, 233 б.];  Сыртта жарқыраған

күннің   қуанта   жайнатқан   аспаны   сондай  мөп-мөлдір,   тап-

таза, көкпеңбек [М.Әуезов, 427 б.]; 

Асырмалы шырай. « заттың сындық қасиетін я тіпті асыра

көтереді,   я   тым   асыра   төмендетеді.   Асырмалы   шырай   сын

есімдердің алдына аса, өте, тым(дым), тым-ақ (дым-ақ), тіпті,

тіптен,   шымқай,   нағыз,   нақ,   ең,   ал   (ал   қызыл,   алқара   көк),

51


орасан,   керемет   сияқты   күшейткіш   үстеу   сөздердің   тіркесуі

арқылы жасалады. Бұл да өте құнарлы тәсіл» -- дейді [25, 188-

189   б.].   Мысалы:  Ол   сәнді   салмақпен   баяу   басып,   алтынды

шолпысы  өте   жіңішке,  биязы   үнмен   шылдырлай   келіп,

Мұсабайдың дәл жоғарғы жағынан отырды  [М.Әуезов, 140 б.]

Ең әдемі стаканды қонаққа ұсынбас па!.. [Ғ.Мүсірепов, 405 б.];

Ол   әйелдердің  ең   қымбат  дүние-мүліктері   сол   хаттар

[Ғ.Мүсірепов, 419б.];  Әсіресе, осы Шолпан, Қасқаюұлақтардың



астыртында,   Тайлақпай   құдығының   маңында  өте   қызықты

боп   қаулап   шықты  [М.Әуезов,   182б.];  Жер,   туған   жер,  ең

толық, ең мол сырлы өзгеше әңгімеші екен [М.Әуезов, 515 б.];

Фон-Штейн   осындай  өте   кең  шиырлы   істерді   асыра   аяқтап

болғанша уақыт та жылжып өте берді [Ғ.Мүсірепов, 171 б.]; 

Ғалым М.Ә.Қараев та 4 түрлі шырай бар дейді: 

  Жай (негізгі) шырай. «Заттың түсін, түрін, белгісін, сапа,

сын,   көлемін,   салмағын,   аумағын   тағы   басқа   сондай   сын-

сипаттарын   білдіретін   сапалық   сын   есім   жай   шырай   деп

аталады.   Жай   шырай   формасы   шырайлардың   басқа   түрлерін

мағына жағынан да, форма жағынан да салғастыратын негізгі

форма болып саналады»-дейді [23, 99 б.].

  Салыстырмалы   шырай.   «Бір   заттың   сынына   екінші   бір

заттың   сынын   салыстырып,   сол   салыстырылатын   түстердің   я

белгілерінің   бір-бірінен   я   сәл   кем,   я   артық   екенін   білдіретін

шырай   түрі»-дейді   де   [23,   99   б.],   мына   жұрнақтарды

жатқызады:

А) –рақ/-рек, -ырақ/-ірек;  Бектоғай жирен мұрт,  жұқарақ



ернін керілте күліп, аппақ кесек тістерін ақсита тұрып, Абайды

құптап, бас изеген [М.Әуезов,  546 б.];

52


Ә)   –лау/-леу,   -дау/-деу,   -тау/-теу;   Мысалы:  Омартай   әлі

ақсақалдар   қатарына   қосылмайтын  жастау  адам,   реті   келсе

менің де бірді тапсырғым келіп жатыр  [Ғ.Мүсірепов, 195 б.];  --

Әйда,  ебдашлар! -–деп,  татар жұртқа команда бергендей екі

қолын кең сермеп,  жуандау  күшті дауыспен бірінші шумақты

бастай   беріп   еді,   жұрт   жуанды-жіңішкелі   жігерлі   дауыспен

тегіс іліп әкетті  [Х.Есенжанов, 105 б.];  Алғашқы бурыл шал –

Афанасьич,   қалған   екеудің   зор   денелі,   балуан   кеуде   сары

мұрттысы – Федор, екіншісі, кішілеу денелі, өткір шүңірек көк

көзді, түксиген қабақты ақбас шал – Сергей [М.Әуезов, 186 б.]; 

Б) –ғыл/-қыл, -ғылт/-қылт, -тым, -шыл, -қай, -аң. Мысалы:



Қоңыр   көлеңке   үйдің   ішінде   жайнаған   шоқтың   қызғылт

сәулесімен   Марфаның   әдемі   толық   беті   де  қызғылт

шабдарланып   кетті  [Х.Есенжанов,   40   б.];  Мағрипа   отырған

қалпында қозғалып, Мұсабай қасына ауысып алды, Иіліп келе

жатқан   Әбішке   жоғары   қарап,   үлкен  сұрғылт  көздерін

көтергенде,   оның   қып-қызыл   ерңндерінде,   әдемі   достық

ажарындай,   жымию   да   бар   еді  [М.Әуезов,   143   б.];  Кейде

қоңырқай,   сұрғылт   жүзіне   сәл   толқын  қызғылт  нұр   шығады

[М.Әуезов,   411   б.];  Жұқалаң  жүзі   құбылып,   Жанаттың



қолтығынан   қолын   суырды  [Ғ.Мүсірепов,   253   б.];  Дәл   осы

ауылдың   сыртында   өзеннің   ар   жағында,   бөлекше   зорайып

көрінген  бозғыл  биікті көрсетіп, Көкбай Әбішке: «Қоңырәулие

дегеніңіз мынау тау болады!» – деді  [М.Әуезов, 453 б.];  Аласа

ақшыл жас қайың, ызыл мойыл кездеседі [М.Әуезов, 143 б.];   

Күшейтпелі   шырай.   «Заттың   бастапқы   сындық   сапасын

күшейте   түсетін   шырай   өте   өнімді   форма»-дейді   [23,   99   б.].

Мысалы: Мына бір қап-қара надандыққа, тал түстегі зорлыққа



тоқтау салар деп бардым  [Ғ.Мүсірепов, 196 б.];  Ерінің қолына

53


қарсы   созған   жүзікті,   білезікті  жұп-жұмсақ  кішкентай

саусақтары   ып-ыстық   боп   майда   тиді  [М.Әуезов,   209   б.];  Ай

жап-жарық,   дөп-дөңгелек  [Ғ.Мүсірепов,   161   б.];  Жіп-

жіңішке әсем даусы барынша жақын леппен жан тартқандай,

ыстық көрінді [М.Әуезов, 209 б.]; 

Асырмалы   шырай.   «заттың   сынын   не   асыра   көтеріп,   не

тұқырта төмендетіп көрсетеді. Бұл шырай сын есімнің алдынан

келіп,   күшейткіш   демеуліктердің   тіркесуі   арқылы   жасалады

[23,   99  б.].   Мысалы:  «Бірі  тым ауыр,  екіншісі  тым шапшаң,

ұрыншақ»   дейді  [Ғ.Мүсірепов,   242   б.];  Кейде   адамның  ең

ауыр  қайғы-мұңы   осындай   күлуден   де   өршіп   кетеді

[Ғ.Мүсірепов, 38 б.]; Қазір таң ата ұсақ жұлдыздар кетіп, ең ірі,



ең жарық жұлдыздар ғана қалыпты [Ғ.Мүсірепов, 252 б.]; 

Мұсабаев   қазақ   тіліндегі   сын   есімде   5   түрлі   шырай   бар

дейді [24, 34]. 1) Салыстырмалы шырай. Оның морфологиялық

тұлғасы   –рақ,   -рек   (мысалы:  жақсырақ,   қызылырақ).   Мысалы:



Терезеден түскен күн нұры, ақ болыскей кроваттың ақ төсегіне

құйылып,   үй   іші   бұрынғысынан   да  жарығырақ  көңілдірек

[Ғ.Мүсірепов,  285 б.]; 2)  Бәсең   шырай  --  дау,  -деу,   -лау,  -леу,

-тау,   -теу   (мысалы:  жақындау,   жуастау,   сұрлау,   кішілеу).

Мысалы:  Қартаңдау  жағынан   тағы   бір   екеуі   шығын   болып



жүрмесе қайтсін [Ғ.Мүсірепов, 170 б.]; Сұйықтау қызыл қоңыр

шашы   жылтырай,   жабыса   таралған   екен  [М.Әуезов,   106   б.];

Жиыны   Жұмаділ   отырған  кішілеу  бөлмені   ғана   толтыруға

жараған бір шөкім саудагерлер мен сәлделілер ғана [М.Әуезов,

318 б.];  3) Шағын шырай. Оның морфологиялық тұлғасы –шіл,

-шыл,   -ғыл,   -ғылт,   -ғыш,   -ілдір   (мысалы:  көкшіл,   бозғыл,

қызғылт,   сарғыш,   көгілдір).   Мысалы:   Күн   сәулесін

крмейтіндіктен   реңі  ақшыл  келеді  [М.Әуезов,   150   б.];  Аз

54


уақытта  көрші  үйдің   әйелі,  сарғыш  шашты,   қызыл   шырайлы

жас   келінді   шақырып,   тыстағы   жерошақ   маында   отын-су

алдыра   бастады  [М.Әуезов,   155   б.];  Батуға   жақындаған

қызғылт  күн   «Асқар-көлдің»   батыстық,   солтұстік   жақтарын

қапталдай   өскен   биік   жалды   су   бетіне   сұлатып   салғандай,

дірілсіз суда жатыр [Ғ.Мүсірепов, 249 б.]; 4) күшейтпелі шырай.

Оның морфологиялық тұлғасы – күшейту буыны (мысалы: қып-



қызыл,   сап-сары,   ап-ала).   Мысалы:  Қалың   біткен  қып-қызыл

төменгі   ерні,   ол   күлерде   әуелі   көтеріліп,   ернін   шығарған

кісідей   бір   кекіріп,   кері   қозғалыс   жасап,   содан   кейін  аппақ

кесек   сұлу   тістерін   ақсита   күледі  (М.Әуезов,   53   б.);  Осы   мол

сардаланыі жап-жазық бетінде Шұнай, Доғалаң, Орда сияқты

таулар бір сәтте Абац көзіне тау емес, әлдебір ғажайып алып

кеме тәрізденеді  [М.Әуезов, 514б.];  Жидебайға тақау жалғыз

қара   биік   Өртеңнің   төсіндегі   көде,   бетеге  сап-сары  жадау

жүзді  [М.Әуезов,  602   б.];  Көкпеңбек   түпсіз   биік   аспанда

қалықтаған   аққудың  аппақ  таза   қанаты   күн   шұғыласына

малына алтындай жарқырамас па!.. [М.Әуезов, 604б.]; -- Қадірлі

оқытушы, қазақ мектебі жайында жазған мақалаң жап-жақсы

еді  [Ғ.Мүсірепов,   201б.];     5)   Үдетпелі   шырай.   Бұл   шырай

күшейткіш үстеулер арқылы жасалады. Мысалы: Аса жақсы ат,



тым жақсы кісі, өте биік тау. Мысалы:  Ойнақы, мөлдір қызық

ырғағы   бар,   қайнағандай   жігері   жұлқынып   тұрған  өте   әсем

ырғақты   би   күйлерін   ойнайды  [М.Әуезов,   101б.];  Шолпанның

үні  өте   жылы,  құлаққа   жүректі   елжіретерліктей   мейірімді

естілді  [Х.Есенжанов, 317 б.]; -- Шөбі белуардан жайлауға өте

қолайлы  жер, -- деді учитель айналасы алыс даланы көзімен

шолып [Х.Есенжанов, 269 б.]; Аса қатты да емес, бірқалыппен

тықылдатып ол тағы да қақты [Х.Есенжанов, 15 б.]; Қыздар да

55


ішіктің  ең   жылы  жеріне,  ең   жұмсақ  жеріне   қарай   тығыла

түсіп барады  [Ғ.Мүсірепов, 115 б.];  -- Анар апам! Үлкен әжем

менің! Ең сұлу апам, мырза апам! [Ғ:Мүсірепов, 420 б.]; Бәрі де

өте қажет, өте тез шешуді керек ететін жайлар [Ғ.Мүсірепов,

432 б.]; С. Исаев: « Күшейтпелі және (асырмалы деп аталатын

шырай   түрлерін   біріктіріп   қарайтын   болсақ   асырмалы   деп

жүрген шырай түрі де күшейтпелі мәнді білдіреді:  өте жақсы,



жап-жақсы,   аса   биік,   біп-биік,  т.   б.)   [1,   141]   –   дейді   де,

шырайдың   сапалық   сын   есімнің   лексика-грамматикалық

категориясы   ретінде   екі-ақ   түрін   көрсетеді:   салыстырмалы

шырай және күшейтпелі шырай. 

І. Салыстырмалы шырай.

Бұл   жөнінде   С   Исаев   мынадай   анықтама   береді   –

салыстырмалы   шырай   бір   заттың   сынын,   я   сипатын,   түсін

екінші заттың біртектес сынымен, белгісімен салыстырып, сол

салыстыратын   белгілердің,   түрлердің   бір-бірінен,   я   артық,   я

кем екенін білдіріп, белгілі қосымшалар арқылы жасалады [26,

141].  Ол қосымшалар: а) –рақ/-рек, -ырақ/-ірек. Мысалы:  Жасы

өзгелерден  кішірек, аласа бойлы, жұқа жүзді Айтқазы болыс,

өзгенің   бәрінен   бұрын,   Базаралымен   жақсы   амандасты  [М.

Әуезов].  Әміре   ортадан  төменірек  бойлы,   ақ   сарғылт   өңді



дөңгелектеу   жүзді   еді  [С.   Мұқанов];  Үйінде  ұзынырақ  ақ

сарғыш   қытайы   жібек   бешпеті   бар  [М.Әуезов,   106   б.];  Оқи

бастағаннан-ақ   һаронның   кішірек   қара   торы   маңдайы   маса

шағып алғандай тыржың ете қалды  [Х.Есенжанов, 143б]; ә) –

лау/-леу,   -дау/-деу,   -тау/-теу.   Мысалы:  Үйден   бір  аласалау,



көлденеңі жалпақтау қыз шықты да, біздің жолдастың қолын

алып, амандасты [І. Жансүгіров]. Қою қара мұрты тықыр біткен,

өткір,   кішілеу  көзді   жүргінші   Әбді   дейтін   Жігітек   екен  [М.

56


Әуезов];  Әсіресе   қара   қалпақты,   беті  шұбарлау  оқымысты

адамның бағана өзін тақымдаған казактардың оған әділсіз іс

істегенін   ашып:   «Бұл   заңға   сыймайтын   бұрын-соңды   болып

көрмеген қылық …» – деп түрмеге жеткенше үзбей сөйлегені,

жерлеп, сөгіп бұрқырағаны көп сүйеу болған-ды [Х.Есенжанов,

100 б.]); Аздан кейін ол өзі сияқты айдауға ұшыраған биік қара



қалпақты  ескілеу  ұзын   суртюк-пальто   киген   орта   жастан

асқан   оқымысты   адамды   және   еңкіш   келген   ірі   кәрі   шалды

көріп,   солардың   қатарына   қосылғаннан   кейін   ойы   аздап

сергігендей,   есін   жинап,   ілкі   ауыр   сезімнің   құша,ынан   бірте-

бірте   шыға   бастағандай   болған   (х.е.   100б.);   Абай  күреңдеу

шайды   жай   ұрттай   отырып,   үнсіз   ойланды  [м.ә.   156б.];

Көтеріңкі,  шолақтау,   сәл   домалақтау  біткен   мұрны   мен

үнемі   кекесінге   әзір   ажарлы   ерніңде,   иек   бұғағында   бұл

әйелдің   көпшіліктен   бөтендеу   ірілігі,   салмақ,   тәкаппарлығы

танылады  [М.Әуезов,   226б.);   Үсті-басы   кір,  ластау  (ғ.м.   ж.қ.

353б.);   Оның   ажары  жастау  (м.ә.   295   б.];   [М.Әуезов,   603   б.];



Қасболаттың   болашағын   біліп,   ертең   өзімен   терезені   тең,   ие

тіпті биіктеу болып шыққанды … [Т.Ахтанов,  62 б.]; 

С.   Исаев   сапалық   сын   есімдерге   ғана   жалғанып,

салыстырмалы шырай жасайтын жұрнақтарды атайды.

-ғыл, -гіл, -ғылт, -қылт, -ғылтым,  -қылтым.  Мысалы:  Сарғылт



мұнай заводты көрсетпейді  [Ғ. Мұстафин]; [М.Әуезов, 140 б.];

Ақшыл сарғылт жүзіне енді қайтадан қызғылт қан жүгіргендей

[М.Әуезов, 41 б.]);  Бірақ барлық жұпыны киім, сұрқылт жүдеу



жүзді азаматтың қолында шоқпар, сойылы  [М.Әуезов, 203 б.];

Таң   ертеңгі   бозғыл   күн   көтеріле   бергенде   қарлығаш   Омбы

телеграфына   кіріп   –   енді   тоғыз   күннен   кейін   аттар

Қарқаралыда   тұрсын   деп   Шаяхметке   телеграмма   берді   …

57


[Ғ.Мүсірепов, 349 б.];  Бірінің көзінен бірі сүйгенде  ашқылтым

жастарын   да   жұтынады  [М.Әуезов,   363   б.]);  Толық   сұлу

еріндері   мен   сопақша   келген   аппақ  қызғылтым  беті   де

әдептілік танытады [М.Әуезов,  321 б.];  

-шыл,   -шіл,   -шылтым,   -шілтім.   Мысалы:  Көкшіл  көздерінің



астын кіреукелетіп көлеңке басқан [Ерғалиев];

-ғыш,   -ілдір.   Мысалы:  Сарғыш  шашы   ұйпаланып   қалыпты

[Бердібаев];

-аң,   -қай,   -ша,   -ше.   Мысалы:  Бала  қоңырқай   сопақша  беті



күреңденген күйі отырып қалды [Есенжанов];

ІІ. Күшейтпелі шырай.

Күшейтпелі   шырай   бір   заттың   бастапқы   сынын,   белгісін

күшейтіп,   асыра   көрсетіп   тұрады.   Ол,   біріншіден,   күшейтпелі

буын   арқылы   жасалады.   Екіншіден,   өте,   аса,   ең,   тіпті   т.б.

күшейтпелі үстеулер арқылы жасалады. 

Жоғарыда айтылған тұжырымдарды салыстырып көрелік.

Жоғарыда   талданған   «жай   шырайды»   түрін   А.Байтұрсынлв,

Н.Сауранбаев, Ғ.Бегалиев, А.Ысқақов, М.Ә.Қараев шырай түріне

енгізеді. Н.Сауранбаев пен Ғ Бегалиев келесі зерттеу еңбегінде

«жай   шырайды»   көрсетпейді.     Әрине,   біз   бұл   пікірмен

келіспейтінімізді талдау арқылы көрсеттік. 

Салыстырмалы   шырай   түріне   келсек   ғалымдардың   пікірлері

сәйкеседі, бірақ кейбір өзгешеліктер байқалады. «Қазақ тілінің

грамматикасы   мен   ғалым   Ғ.Мұсабаевтың   еңбегінде

салыстырмалы   шырай   жұрнақтары   екі-үш   түрге   бөлініп

көрсетілген. Ғалым Ғ.Мұсабаев: 1) Салыстырмалы шырай. Оның

морфологиялық   тұлғасы   –рақ,   -рек   (мысалы:  жақсырақ,



қызылырақ). 2) Бәсең шырай -- дау, -деу, -лау, -леу, -тау, -теу

(   мысалы:  жақындау,   жуастау,   сұрлау,   кішілеу).   3)   шағын

58


шырай. Оның морфологиялық тұлғасы –шіл, -шыл, -ғыл, -ғылт,

-ғыш,   -ілдір   (мысалы:  көкшіл,   бозғыл,   қызғылт,   сарғыш,



көгілдір) деп бөлсе, ал «Қазақ тілінің грамматикасында» былай

көрсетілген:   1)   салыстырмалы   шырай   –рақ,   -рек   2)   бәсең   я

шағын   шырай     -лау//-леу,   -дау//-деу,   -тау//-теу   (сұңғақтау,

жіңішкелеу);

-ғылт,   -ғылтым,   -ғыш,   -ілдір,   -ілжім   (сарғылт,   сарғылтым,



көгілдір, сарғыш);

-шыл, -шіл (көкшіл);

-аң//-ең (жұқалаң, жасаң);

-қай, -ай (қоңырқай, тырбықай) [24, 86-88].  

Өзге   зерттеушілер   бұл   қосымшалардың   бәрін   салыстырмалы

шырай   деп   атайды.   Ғалым   С.Исаев   –ғыл,   -гіл,   -ғылт,   -қылт,

-ғылтым,   -қылтым.   Мысалы:

 Сарғылт

 мұнай   заводты

көрсетпейді [Ғ. Мұстафин]; 

-шыл,   -шіл,   -шылтым,   -шілтім.   Мысалы:  Көкшіл  көздерінің



астын кіреукелетіп көлеңке басқан [Ерғалиев];

-ғыш,   -ілдір.   Мысалы:  Сарғыш  шашы   ұйпаланып   қалыпты

[Бердібаев];

-аң,   -қай,   -ша,   -ше.   Мысалы:  Бала  қоңырқай   сопақша  беті



күреңденген күйі отырып қалды [Есенжанов] жұрнақтарын тек

сапалық сын   есімдерге  жалғанып  шырай  тудырады   деп   атап

көрсетеді.

Осы   атаған   салыстырмалы   шырай   түрінің   бар   екенін

көркем   шығармалардан   терілген   мысалдар   арқылы  нақтылай

түсейік:


а) –рақ/-рек, -ырақ/-ірек.

Алдыңғы   сарыдан   едәуір   аға,  ірірек  келген   қара   да   оның

істегенін істеп, иығынан мылтығын алып, бірақ «Жоғары шық,

59


жоғары шық» – деген Құбайраның ызбайлы сөзіне қарамай: --

Бізге   осы   жер   де   болады,--   деп,   Асан   мен   екеуінің   ортасына

отырды  [Х.Есенжанов,   236   б.];  Мына   оспадарсыздар   асқа

қарамаймыз деп қояр» -- оймен Жол шапшаңдап: -- Тез болса,

зияны   жоқ,   жаздың   күні   ұзақ,   құдайға   шүкір,   --   деді   қазан

жақтағы кереуеттен  төменірек  кебеженің үстінгі жағындағы

кереге   басына   іліп   қойған   тұздаған   семіз   қой   етіне   қарап

[Х.Есенжанов, 236 б.]; Бірақ студент талдырмаш та, доктордан



гөрі  мұрындырақ  [Х.Есенжанов,   125   б.];  Болмаса   ол   өзінен

кішірек  Рахымның көңілін аулайды, үмітін демейді  [М.Әуезов,

405   б.];  Шұбардың   жасы   бұдан  кішірек  болғандықтан,   оған



айтатын   сөзді   қатты   қып   батыра   сөйлейді  [М.Әуезов,   98   б.];

Жасы өзгелерден  кішірек,  аласа бойлы, жұқа жүзді Айтқазы

болыс, өзгенің бәрінен бұрын, Базаралымен жақсы амандасты

[М.Әуезов,   100   б.];  Меңдікерей   істің   қиынға   шапқанын   сезе



қалды да, аттан түсіп жақындап келген  кішірек  бір казакты

сол   қолымен   сермеп   жіберді,   өзі   ырғып   шанадан   түсті

[Х.Есенжанов,   37   б.);  Ол   сәлем   бермей   үйдегілерден   сәлем



күткен, бір  үлкенірек  аға ағайын екен  [М.Әуезов, 23 б.];  Қар

тек  қана  сайлардың   теріскей  беттерінде  молырақ,  о  да  күн

санап, сағат санап шағындала береді, араға енді бір күн салса

тегістікке оймақтай да қар қалар емес  [Х.Есенжанов, 140 б.];

Олардан   гөрі  жоғарырақ  мектеп   Көпей-Наргөз   және   өз

шешесі   Назыкеш   қой  [Ғ.Мүсірепов,   180   б.];  Тоғыз   қанат   бір

кішірек  жазғы үй бар еді, төсеніші, оны-мұнысымен сол үйді

аламын  [Ғ.Мүсірепов,   164   б.];  Бір  үлкенірек,  екі  кішірек

жәшіктері   тағы   бар  [Ғ.Мүсірепов,   113   б.];  --   Әкем   әне   тұр   …

Ерттеулі аттың қасында, -- деп үлкенірек бала өз үйін нұсқады

[Ғ.Мүсірепов,   85   б.];  Кенжеғара   жұмыскерлерден   екі   есеге

60


жақын  кемірек  ақша әкелді  [Ғ.Мүсірепов, 390 б.];  Егер орыс

жұмыскері   осы   күндегідей   онның   бірі   болмай,   онның   тоғызы

болса,   онда   сөз   жоқ,   азшылықтағы   қазақ   жұмыскерлеріне

жоғарырақ  жалақы   берер   еді  [Ғ.Мүсірепов,   291   б.];  Ол   жас

жағынан   да   өзгелерінен  үлкенірек,   егдерек  және   бар

Тобықтының   ең   қалың,   жуан   ортасы   олжайдан   шыққан

Бесбесбай  [М.Әуезов,   454   б.);  Олар   екі  кішірек  үй   салатын

болады [Ғ.Мүсірепов, 238 б.].

Ал   кұшейтпелі   мен   асырмалы   шырай   түрлері   барлық

зерттеулерде   беріледі.   Тек     әр   түрлі   аталғаны   болмаса,

мысалдар арқылы дәлелдегендей тәжірибе жүзінде сынның бір

сипатын   білдіреді.   Алайда   бұл   шырай   түрлеріне   байланысты

зерттеушілердің пікірлері сәкеспейтін жері бар. Ғалымдардың

көбі бұл  екі шырайды   күшейтпелі және асырмалы деп  жеке

алып   көрсетсе,   ал   проф.   І.Кеңеспаев   пен   С.Жиенбаевтың

мектептің  5,6  сыныбына  арналған «Қазақ тілі  грамматикасы»

оқулығында,     Қ.Оралбаева,   Ғ.Мадина,   А.Әбілқаевтар     «Қазақ

тілі»   оқулығында,   С.Исаев   «Қазіргі   қазақ   тіліндегі   сөздердің

грамматикалық   сипаты»   еңбектерінде   асырмалы   шырай   түрі

күшейтпелі шырайдың құрамында көрсетіледі және шырайдың

екі түрін көрсетеді. 

Жоғарыда әр ғалымның берген тұжырымдары берілді. Сол

зерттеулердегі   шырай   түрлерінің   бәрі   де   шырай   түріне

жататынын   мысалдар   арқылы   дәлелдедік.   Байқағанымыздай

бір   зерттеуші   екінші   ғалымды   толықтырып,   керісінше

біріктіруді   керек   етіп   тұрған   ұқсас   шырай   түрін   біріктіріп

отырған.   Сол   себепті   мүлдем   шырай   түрі   бола   алмайтын

қосымша   мен   аталымды   ешбір   ғалым   көрсетпейді.   Сонымен,

қандай   шешімге   келеміз,   шырай   категориясы   теориясын,

61


түрлерін   қандай   тұжырымға   әкелеміз?   Бір   ғалым   шырай

түрлерін үшке, төртке, енді біреуі беске бөліп көрсеткен. Бұл

да дұрыс шығар. Бұл жерде шырайдың екі-ақ түрін көрсеткен

ғалымдардың   тұжырымын   алып   көрелік.   Күшейтпелі   шырай

мен   асырмалы   шырайды   біріктіреді   де   және   салыстырмалы

шырай   деп   бөлген   кезде   басқа   ғалымдардың   айтқан

бөліністерін   жоққа   шығармайды,   ал   солардың   жиынтығынан

тұратын шырайдың екі түрін көрсетеді. 

  Күшейтпелі   және   асырмалы   шырай   түрлерін   біріктіріп

қарайтын   болсақ   асырмалы   деп   жүрген   шырай   түрі   де

күшейтпелі   мәнді   білдіреді.   Бұл   тұжырымымызды   дәлелдеп

көрелік. Мысалы: Ол қаланың ең ыстық шағы [М.Әуезов «Жат

қолында»,   294  б.];  Осы   Арқаттың  ең биік  тұсы  оқшау  біткен

жылтыр   құз,   текшедей   бөлініп,   аспанға   шаншылып,   қызық

көрініс   береді  [М.Әуезов   «Абай   жолы»,   478   б.];  Жол   сыртқа

келгенде Жапар оның көзі шағыр көк ала биесінің құйрығының

ең   ұзын  тарамынан   екінші   рет   топтап   қыл   жұлып   алған   еді

[Х.Есенжанов   «Ақ   Жайық»,   164   б.];  Осы   үй   қазір   Қоспанның



аудан   орталығындағы  ең   жақын  үйі   болып   алды  [Т.Ахтанов

«Боран»,   80  б.].  Осындағы  ең  ыстық, ең биік,  ең  ұзын,  ең



жақын  дегендер   асырмалы   шырай   түріне   түрлденіп   тұрған

сапалық   сын   есімдер.   Осыларды   дәл   осы   сөйлем   құрамында

күшейтпелі шырай түріне түрлендіріп көрелік:  үп-үлкен, біп-

биік,   ұп-ұзын,   жап-жақын  десек,   беретін   мағынасы

өзгермейді. 

Алайда, мына мысалдарды талдап көрелік: Ол Шәрипаға

ең жақсы, ең асыл сырларын шертеді [Т.Ахтанов «Боран», 57

б.]; Өзі енді бір зор даусын ақыра шығарып, Сеиттің сыртынан



аса қатал бір серт айтты [М.Әуезов «Абай жолы», 508 б.]; Кеш

62


бата   қаланың  ең   шетіндегі,   ең   кедей  үйінің   терезесін

қақтым-ақ   болды,   күнде   келіп   жүрген   жатын   үйімдей   қабыл

етеді, жайымды ұғады, тілегін қосады [М.Әуезов «Абай жолы»,

52 б.]; Абайдың көңілінде Әбіштің сұрағаны терең мәні бар аса



салмақты жаңалықтай сезілді [М.Әуезов «Абай жолы», 116 б.];

Себебі ол жерлер егінге  аса жайлы, ең шұрайлы  төскейлер

[М.Әуезов «Абай жолы», 458 б.] деген мысалдардағы ең асыл,



аса   қатал,   ең   кедей,   аса   салмақты,   аса   жайлы,   ең

шұрайлы  дегендегі сын есімдер мағынасына қарай қатыстық

болып   табылады.  Ал   осы   сын   есімдерді   күшейтпелі   шырай

түрлеріне түрлендіре алмаймыз. Мысалы: ең асыл дегенді ап-

асыл, аса қатал дегенді қап-қатал, ең кедей дегенді кеп-кедей,

аса салмақты  дегенді  сап-салмақты,  аса жайлы дегенді  жап-

жайлы,   ең   шұрайлы   дегенді   шұп-шұрайлы   десек,   жалпы   сөз

мағынасы стиль жағынан өзгеріп, кері тіркес болып шығады.

Бұл   жерде   мынадай   тұжырым   жасауға   болады:   шырайдың

асырмалы   түрін   мен   күшейтпелі   түрі   тек   сапалық   сын

есімдерге   қатысты   болған   кезде   ғана   бір   қызметті   атқарады

да, біз оларды бір құрамда, бір аталымда көрсете аламыз. 

Жоғарыдағы   шырай   категориясының   түрлеріне   берілген

тұжырым   іс   жүзінде   дәлелденіп   отыр.   Қазір   тіл   білімінде

грамматика-морфология саласында осы тұжырымға сүйенеміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет