Магистратура


Дәріс №3.ЖОО-дағы жоғарғы мектеп педагогикасының дидактикалық принциптері



бет9/51
Дата21.10.2023
өлшемі3,57 Mb.
#120270
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   51
Байланысты:
УМКД ЖОО

Дәріс №3.ЖОО-дағы жоғарғы мектеп педагогикасының дидактикалық принциптері
Жоспар:
1. Оқу процесінің қоғамдық жүйемен байланысы
2. Оқу процесінің дидактикалық принциптері

Дидактикалық принциптердің нормативтік функциясы. ЖОО-дағы оқу-тәрбие процесінің ғылыми негіздерін жоғарғы мектеп педагогикасы зерттейді. Ол оқу процесінде оқытылып жатқан пәнді философиялық және методологиялық ойлау арқылы оқып үйренуге, оның заңдылықтарының қоғамдық жүйемен өзара байланысын қанағаттандыруына бағыттайды және оқытудағы нормативтік функцияларды орындайтын дидактикалық принциптердің жүзеге асырады.


Ю.К.Бабанскийдің зерттеулеріне сәйкес оқу процесінің қоғамдық жүйемен және шарттардың арасындағы өзара байланысты келесі заңдылықтармен беруге болады:
1.Оқу процесі қоғамның қажеттілігіне негізделген.
2.Оқу процесі білім беру, тәрбиелеу жүйесімен, яғни тұтасымен педагогикалық процеспен бірге жүреді.
3.Оқу процесі нақты оқыту мүмкіндіктеріне тәуелді болады (жас ерекшелігіне және жеке қасиеттеріне (индивидуальдық)).
4.оқу процесі оның өту шарттарына тәуелді
5.оқу процесін ұйымдастыру түрі не формасы оқытудың әдістері менмазмұны мен мақсатымен анықталады.
Оқу процесінің дидактикалық принциптері:
1.Ғылыми және философиялық дүниетанымдық
2.Теория мен практиканың байланысы, ғылымның практикамен байланысы;
3.Мамандар даярлауда жүйелілік пен бірізділік:
4.Оқу барысында студенттердің өз бетімен шешім қабылдауы, белсенділігі, саналылығы;
5. Жеке басының білім алудағы ізденімпаздығын оқыту үдерісінде ұжыммен біріге жүзеге асыра алуы;
6.Ойлаудың абстратілігін оқытудың көрнекілік әдісімен бірктіру немесе үйлестіру;
7. Ғылыми білімнің беріктігі мен қол жетімділігі (түсініктілігі);
Осы аталған принциптер жоғарғы мектеп тәжірибесінің тарихи жалпыланған көрнісі, бұл принциптер педагогикалық мақсаттарға жетелейтін тиәсілдерді анықтайды. Оқыту үдерісіне қойылатын жаңаша талаптарды ескерсек, жоғарыда айтылған дидактикалық принциптерді тағы да екі принциппен толықтыруға болады:
-оқу үдерісінің кәсіби бағыттылығы;
-студенттердің ғылыми-зерттеушілік және оқу еңбектерін біріктіру;
Мұның біріншісі болашақ маманның кәсіби шеберлігі мен қасиеттерін, сапасын қалыптастыруға бағытталуын қарастырады. Болашақ маман оқитын әрбір пәнді оқыту барысында оның келешек ғылыми дағдылары мен іскерліктерінің қазіргі заманғы ғылым мен техниканың дамуының бүгінгі талабын қанағаттандыратындай болуын қамтамассыз етеді.
Оқыту процесінің жалпылама заңдылықтары меноның теориясын зерттейтін педагогиканың бөлігі дидактика болып табылады. Оқу пәнін оқытудың әдістемесі оның дербес түрінің көрнісі болып т абылады. Сол себепті де жалпы физиканы оқытудың негізін қалай отырып, осы пәнді оқытуда қолдануға болатын дидактикалық принциптердің әдістерінің тиімділігі мен қолайлылығын, ерекшелігін ескере отырып, осы дидактикалық принциптердің мазмұнын нақтылап алудың маңызы өте зор.
Барлық дидактикалық принциптердің ең маңыздысы ғылымилық және философиялық дүниетанымдық принципі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет