Магистратура


Физикадан оқу-тәрбие процесін ұйымдастырумен байланысты білімі, дағдысы мен іскерлігі, ебдейлігі



бет8/51
Дата21.10.2023
өлшемі3,57 Mb.
#120270
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   51
Байланысты:
УМКД ЖОО

3.Физикадан оқу-тәрбие процесін ұйымдастырумен байланысты білімі, дағдысы мен іскерлігі, ебдейлігі:
©физикадан оқу процесін, жекелеп алғанда сабақтың жоспарын дұрыс құру ебдейлігі;
©фронтальды, топтық, жекелеген жұмыстарды үйлесімді жүргізе отырып, оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін белсенді ету ебдейлігі;
©бағдарлап оқытунегіздерін білу; техникалық қондырғылар мен жаңа технологияларды рациональды түрде қолдана білу;
©мектептегі демонстрациялық экспериментінің техникасы мен әдістемесінен іскерлігі мен машығы, ебдейлігінің болуы;
©фронталь зертханалық тәжірибелер, эксперименттік тапсырмаларды қоя білу, физикалық практикумдарды өткізу, үй тапсырмаларына берілетін эксперименттік тапсырмаларға басшылық жасай білу;
©физикадан есеп шығару сабақтарын өткізу дағдылары және өз бетімен мектеп физикасынан есептерді құрастыра алу ебдейлігі,
©оқушылардың оқу жұмысын бақылаудың барлық формаларын білуі және оны іс жүзінде қолдана білуі;
©факультативтік курстарды ұйымдастыру және оны жүргізе білу ебдейлігі;
©физикадан сыныптан тыс жұмыстарының барлық формаларын өткізу іскерлігі мен оны өткізу машығының қалыптасуы;
©физика кабинетіндегі барлық жұмыстарды ұйымдастыра білу
Осы айтылған физика пәні мұғалімінің біліктілігінің сипаттамасының компоненттері педагогикалық оқу орындарындағы болашақ мамандарды даярлаудағы оқу-тәрбие процесін жоспарлауда анықтаушылық қызмет атқарады.
Студенттердің білімге деген қызығушылығын арттыру оңай шаруа емес. Оқыту барысында студенттердің білімге деген қызығушылығын арттыру олардың алғашқы ғылыми білімге қол жеткізуден басталады. Білімге құмарлық пен еңбекқорлық мұғалімнің кәсіби көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Осыдан оқу барысында қатаң түрде ұйымдастырылған еңбегі оқып жатқан пәндер бойынша олардың үлгірімінің жоғары болуы ғана емес, болашақ мамандарды еңбексүйгіштікке, өзін өзі дамытуға тәрбиелеудің бірден-бір жолы.
Жоғарыда айтып өткен болашақ маманның кәсіби сипаттамалары физикалық пәндер курстары мен физиканы оқыту әдістемесі, мектепте педагогикалық практикалар өту кезінде қалыптастырылады.
Физика пәні мұғалімдерін даярлау ЖОО-да жалпы физика курсын оқып үйренуден басталады. Көптеген педагогтардың пікірінше (А.Б.Млодзеевский) бұл курс тек оқу жоспарында ғана бірінші орналаспаған, физиканы оқыту жүйесі бойынша да осы ғылымның іргетасы, яғни бұл іргетас бүкіл физикалық білімнен тұрғызылатын ғимараттың іргетасы болады.
Жалпы физика курсы эксперименттік болып табылады. Бұл курс арқылы қоршаған ортаны бақылау мен физикалық эксперименттердің көмегімен танып білуге және белгілі заңдылықтардың негізінде нақты объектлерді бір-бірімен байланыстыруға үйретеді.
Мазмұны мен көлемі жағынан жалпы физика курсы өте ауқымды. Бұл курсты оқытуда дәріс сабақтары,зертханалық практикум, есеп шығару практикасы, курстық жұмыстар, т б, қарастырылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет