Тіркеуші кеңсесінің негізгі функцияларына мыналар жатады:
- академиялық күнтізбені (календарь) құрып, оның уақытында орындалуын бақылау;
- қабылдау комиссиясының жұмысын ұйымдастыру;
- оқу пәндеріне тіркеп жазу;
- академиялық топтар қалыптастыру;
- алғашқы білімдерін тексеру тіліктерін ұйымдастырып өткізу;
- қорытынды бақылауды (аралық аттестацияны) ұйымдастыру және өткізу;
- қорытынды мемлекеттік аттес-тацияны ұйымдастыру мен өткізуді қадағалау;
- студентердің жеке бас іс қағаздарын сақтау;
- транскрипт толтыру және оған алынған бағаларды енгізіп отыру;
- инаугурацияларды ұйымдастыру және өткізу.
Оқытудың кредиттік жүйесі бойынша осындай функцияларды атқара отырып, тіркеуші кеңсесі төмендегідей құжаттар пакетін безендіреді:
- академиялық күнтізбе (календарь);
- қабылдауға арналған құжаттар (қабылдауға арналған өтініш, әңгімелесу (собеседование) парағы, құжаттарды тапсырғанын растайтын құжат);
- оқу пәндеріне тіркеу (жеке оқу жоспарын қалыптастыру);
- ведомосттер;
- курстық жұмысты қорғау ведомості;
- қорытынды бақылау ведомості;
- курстық жобаны қорғау, емтиханды тапсыру туралы жеке ведомості;
- қорытынды мемлекеттік аттестация бойынша құжаттар;
- транскрипт.
Жаңа технология жағдайында оқытушылардың, кураторлардың функция-ларын тьютерлер мен эдвайзерлер атқаратын болады.
Тьютерлердің міндеттері: - толыққанды білім алуға көмек көрсету;
- үлгерімін жүйелі бақылауды жүзеге асыру;
- орындаған тапсырмалар бойынша қажетті кері байланысты қамтамасыз ету;
- топтық және жеке консультациялар өткізу;
- оқуға деген қызығушылығын қолдау.
Эдвайзердің міндеттері: - білім беру бағдарламасын меңгеру мен оқытудың жеке өз траекториясын анықтауда көмек көрсету;
- студенттердің қажеттіліктерін, қызығушылықтары мен бейімділіктерін айқындау;
- қандай да бір пәнді таңдау кезінде консультация өткізу;
- жеке оқу жоспарын құру кезінде студентке көмектесу;
- студенттердің үлгерімдері мен академиялық статустарына байланысты сұрақтарды қарастыру кезінде эксперттік комиссия жұмысына қатысу;
- білім беру үрдісін ұйымдастыру ережелерімен таныстыру;
- типтік оқу жоспарымен және элективті пәндер каталогымен таныстыру;
- кредиттер санымен және оларды меңгеру тәсілдері туралы түсіндіру.
Оқытудың кредиттік жүйесі бойынша ұйымдастырылған сабақтардың формалары мен әдістері, тәсілдері дәстүрлі оқытудан өзгеше болып келеді. Осы технологиямен жұмыс істейтін көптеген АҚШ университеттерінде лекция және семинарлар нақты бөлінбейді. Сабақтың формасын таңдау – тек оқытушының құқығы мен міндеті. Оны академиялық еркіндік деп те атауға болады. Ал кафедраларда қандайда бір тақырыпты өту кезінде сабақты қандай формада өткізуге болады, соған байланысты нұсқаулар мен дәстүрлер болуы мүмкін. Кредиттік жүйе негізінде оқытудың белсенді формаларын қолдануды ұйғарады. Себебі тек сондай сабақтарда оқытушы мен студенттер тығыз байланыс, яғни қарым-қатынас жасай алады.
Қазақстанда бакалавриаттың білім бағдарламасы енгізілген. Ол 4 жыл жоғары оқу орнында оқуды көздейді. Бакалавриаттың бағдарламасы жалпылай екі бөлімнен тұрады: пәндер бойынша кредиттік сағаттар (міндетті және таңдау бойынша пәндерді қоса) және мамандық бойынша кредиттік сағаттар (міндетті және таңдау бойынша пәндерді қоса). Таңдау курстарын білім алу сферасына қарай университет өзі белгілейді. Яғни, студент сол немесе басқа курсты таңдауға мүмкіндік алады, ал университет кредиттік сағат санын өз бетінше белгілейді.
Оқытудың барлық кезеңінде қамтылған жаппай барлық курстар студенттің транскриптіне енгізіледі. Студент бакалавриатты университеттің талабындай 128 кредитпен емес, 140-150 кредит жинақтап аяқтауына да болды. «Жинақтау» деген сөздің астары пәнді жетістікпен бітіріп, сол пәнге қатысты оқытушының барлық талаптарын орындау мен емтихан тапсырып, қажетті өту бағасын алуды меңзейді. Сонымен қатар студент университет белгілеген қандайда бір белгілі ортақ балды ұстауы керек. Егер студенттің білім деңгейінің көрсеткіші төмендей бастаса, университет оны қосымша семестрге қалтырады немесе бірден ЖОО-дан шығарып жіберуге құқылы.
Кредиттік сағат көптеген университеттерде 50 минутқа теңестірілген. Егер курс 4 кредиттен тұратын болса, онда оқытушы студенттермен аптасына 4 рет, бүкіл семестр бойы 200 минут кезедеседі екен.
Кредиттік технология негізінде оқу үрдісін ұйымдастыру кезінде студенттердің өзіндік жұмыстарының рөлі мен тиімділігін күшейту, мобильді кері байланыс жүйесін (студент↔оқытушы) құру принциптері ескеріледі.
Біздің Қазақстан-Американдық еркін университетінде кредиттік жүйе бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалуда. Жаңа жүйемен жұмыс істеуге қажетті құжаттар, яғни, негізгі оқу курстары мен таңдау курстары кірістірілген оқу жұмыс жоспарлары, академиялық күнтізбе, оқытушыларға арналған пән бағдар-ламалары, силлабустар, студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру ережесі, мұғалімдер мен студенттерге арналған әдістемелік құралдар мен нұсқаулар өңделді. Жаңа технологияның өміршеңдігі оқытушылардың ақпараттандырылу дең-гейінің көрсеткішіне байланысты екендігі белгілі. Университетте жаңа педагогикалық технологияны және оқытудың жаңа әдістерін, студенттердің танымдық әрекеттерін белсендіру құралдарын енгізу, студенттердің жеке және өзіндік дайындықтарын күшейту тиімділігі үшін әдістемелік семинарлар ұйымдас-тырылған. Ол аптасына бір рет жүргізіліп отырады. Осы семинарлар кезінде жаңа педагогикалық технологияны енгізудің рефлективті-коррекциялық функциясы жүзеге асып отырады. Оқытушылар кредиттік технологиямен жұмыс істеу барысында кездескен қиыншылықтарымен бөлісіп, оны жоюдың жолдары талқы-ланып, сараланады. Сондай қиыншы-лықтардың бірі – кредиттік жүйе сипа-тының маңыздысы болып саналатын студенттердің өзіндік жұмысын ұйым-дастыру. Себебі, барлық студенттер өз бетімен білім алуға дайын болмай шығады. Оның да өзіндік себебі бар десек те болады: көптеген мектептер әлі күнге дейін оқушыларға дайын білім берумен шектелген, сондықтан балалар өз бетімен білім алуға дағдыланбаған. Әсіресе ауыл мектептерінен шыққан түлектердің қала мектептерін бітірушілермен салыстырғанда өзіндік білім алу деңгейлері төмендеу болып келеді. Оның шешімі – еліміздің барлық мектептерінің 12 жылдық орта білім беруге көшуі және мұғалімдердің жаңа педагогикалық технологияларды өз сабақтарында тиімді қолданулары деп ойлаймыз. Қазіргі кезде оқушылардың өз бетімен білім алу қабілетін арттыратын бірқатар жаңа технологиялар мен әдіс-темелер бар. Олар:
1) Дамыта отырып оқыту әдістемесі (Л.В. Занков, В.В. Давыдов-Д.Б. Эльконин, В. Репкин);
2) Проблемалық оқыту;
3) Сын тұрғысынан ойлауды дамыту жобасы;
4) Өзін-өзі тәрбиелеу бадарламасы;
5) Өзіңді тану бағдарламасы (С.А. Назарбаева);
6) Қ. Бітібаеваның авторлық әде-биетті оқыту технологиясы;
7) Оза түсіп оқыту технологиясы (С.Н. Лысенкова);
8) Даралап оқыту (И. Унт, А.С. Границкая, А.А. Кирсанов, В.Д. Шад-риков);
9) Оқытудың ұжымдық тәсілі (А.Г. Ривин).
Осы аталған жаңа технологиялар көптеген қала мектептерінде қолданылып жүр. Оның нәтижелерін студенттердің іс-әрекеттерінен анық байқауға болады. Солардың ішінде сын тұрғысынан ойлауды дамыту жобасы мен Қ.Бітібаеваның авторлық әдебиетті оқыту технологиясы, дамыта отырып оқыту әдістемесі ең тиімділерінің қатарынан көрінеді.
Сонымен, ойымызды қорытындылай келе, мектептің дамуы, оның оқу-тәрбие жұмысының кейбір бағыттарының жетілуі, инновациялық үрдіс ретінде жүзеге асады демекпіз. Олай болса, мектеп, мұғалімдер ұжымы жаңа, нәтижелі технологияларды өз тәжірибелерінде қолдана отырып, ең бастысы, оқушылардың өзіндік білім алу дағдыларын арттыруға баса көңіл аударса демекпіз. Себебі, мектептен кейін аяқ басатын ЖОО кредиттік жүйемен жұмыс істейтін болғандықтан, ондағы басты талап студенттердің өз бетімен білім алуға қабілетті болулары. Егер, мектеп ↔ ЖОО байланысын дұрыс, мақсатты ұйымдастыра білсек, қоғамымыздың білім беру саласы бойынша алда тұрған мақсаттары мен міндеттерін тиімді шеше аламыз деп ойлаймыз.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. Учебное пособие. – М., 1998.
2. Нағымжанова Қ.М. Инновациялы –креативті технологиялар. - Өскемен., 2005.
3. Основы кредитной системы обучения в Казахстане /Под ред. Ж.А. Кулекеева, Г.Н. Гамарника. – Алматы, 2004.
4. Кредитная система обучения в вузе: структура, процедуры и организация. – Алматы, 2004.