Практикалық сабақ №14. Студенттердің білімін бағалау.
Аралық бақылау. Емтихан алу
Сабақтың жоспары
1.Студенттердің білімін бағалау жолдары.
2.Емтихан және аралық бақылау алудың талаптары
3.Тесттің түрлері .
Тапсырма: 1.Жалпы физиканың қандай да бір бөлімі бойынша емтихан билеттерін құрастыру. 2. Жалпы физиканың қандай да бір бөлімі бойынша тест сұрақтарын құрастыру.
Практикалық сабақ №15.Дәстүрлі және кредиттік жүйемен оқытудың ерекшеліктері.
Сабақтың жоспары Дебат сабағы. 1.Дәстүрлі оқыту жүйесі
2.Кредиттік оқыту жүйесі.
3.Екі жүйенің артықшылығы мен кемшіліктері.
ГЛОССАРИЙ Академиялық деңгей (Degree) - қорытынды аттестаттау нәтижелері бойынша, тиісті оқу бағдарламаларын меңгерген білім алушыларға білім беру ұйымдары тағайындайтын дәреже;
Академиялық еркіндік – білім беру үрдісінің субъектілеріне оларды таңдау бойынша жиынтық пәндерден, оқытудың қосымша түрлерінен білім мазмұнын дербес анықтау үшін және білім алушылардың, оқытушылардың шығармашылық дамуына және оқытудың инновациялық технологиялары мен әдістерін қолдануға жағдай жасау мақсатында білім беру ұызметін ұйымдастыру үшін ұсынылатын білім беру процесі субъектілерінің өкілеттіктер жиынтығы;
Академиялық кезең (Term) - үш нысанның біреуін таңдайтын өз білім беру ұйымының еркімен белгіленетін теоретикалық кезең: семестр, триместр және тоқсан;
Академиялық күнтізбе (Academic Calendar) – оқу жылы бойына демалыс күндерін (каникулдар мен мерекелер) көрсете отырып, оқу және бақылау іс-шараларын, кәсіби практикаларды өткізу күнтізбесі;
Академиялық мобильдік – білім алушыларды немесе оқытушы-зерттеушілерді белгілі бір академиялық кезеңге: семестр немесе оқу жылына өзге жоғары оқу орнына (ел ішінде немесе шетелде) игерген білім бағдарламаларын міндетті түрде кредит түрінде сынақ ретінде тапсыра отырып, өз ЖОО-да немесе өзге ЖОО-да білімін жалғастыру немесе зерттеулер жүргізу үшін ауыстыру;