Магистратура


Білім алушылардың оқудағы жетістігі-



бет45/51
Дата21.10.2023
өлшемі3,57 Mb.
#120270
түріЛекция
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   51
Байланысты:
УМКД ЖОО

Білім алушылардың оқудағы жетістігі- білім алушылардың оқу үдерісінде алатын және жеке тұлғаның қол жеткізген даму деңгейін көрсететін білімі, іскерліктері мен дағдылары, құзіреті;
Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылау- жоғары оқу орындары дербес анықтайтын бақылау мен аттестаттаудың әртүрлі нысандары арқылы (ағымдық, межелік, қорытынды) білім алушылардың білім деңгейін тексеру;
Білім алушылардың өзіндік жұмыстары (бұдан әрі-БӨЖ)- өз бетінше оқуғ берілген, оқу-әдістемелік әдебиеттер мен және ұсынымдармен қамтамасыз етілген, тест, бақылау жұмыстары, коллоквиумдар, рефераттар, шығармалар мен есеп берулер түрінде ақыланатын тақырыптардың нақты тізбесі бойынша жасалатын жұмыс; білім алушының санатына қарай ол студенттің өзіндік жұмыстары (бұдан әрі-СӨЖ), магистранттың өзіндік жұмыстары (бұдан әрі-МӨЖ) және доктаранттың өзіндік жұмыстары (бұдан әрі-ДӨЖ) болып бөлінеді; БӨЖ-дің барлық көлемі білім алушылардан күн сайын өзіндік жұмыстарды талап ететін тапсырмалармен расталады;
Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау- академиялық кезең ішінде, оқытушымен өткізілетін аудиториялық және аудиториялардан тыс сабақтарда білім алушылардың білімін оқу бағдарламасына сәйкес жүйелі түрде тексеру;
Білім алушының академиялық реитингі (Rating)- аралық аттестаттау нәтижелері бойынша жасалатын білім алушының оқу бағдарлама пәнін игеру деңгейінің сандық көрсеткіші;
Даму- ескі сапалық күйден жаңа сапалық күйге белгілі бір уақыт аралығында өту үдерісі.
Екі дипломдық білім- екі тең бағалы диплом (Double Major) немесе бір негізгі және екінші қосымша диплом (Major Minor) алу мақсатында екі оқу жоспары (білім беру бағдарламалары) бойынша параллельді білім алу мүмкіндігі;
Еуропалық трансферт (аударым) және несиелік (кредиттік) жинақтау жүйесі (ECTS) білім беру траекториясы, оқу орны және оқыту елі ауысқан жағдайда білім алушылардың игерген оқу пәндерін (кредит пен бағаларын қоса алғанда) салыстыру және қайта сынақтан өткізуде пайдаланылатын білім беру бағдарламалары компоненттеріне сынақ бірліктерін (несие) белгілеу әдісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет