Магистратура


Оқу жетістіктерін бағалаудың барлық рейтингтік әріптік жүйесі



бет47/51
Дата21.10.2023
өлшемі3,57 Mb.
#120270
түріЛекция
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
Байланысты:
УМКД ЖОО

Оқу жетістіктерін бағалаудың барлық рейтингтік әріптік жүйесі – халықаралық тәжірибеде қабылданған әріптік жүйедеі сандық эквивалентіне сәйкес келетін және білім алушылардың рейтингін белгілеуге мүмкіндік беретін балл түріндегі оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау жүйесі;
Оқу-жұмыс жоспары – мамандықтың ОЖЖ және білім алушының жеке оқу жоспары негізінде білім беру ұйымдары дербес әзірлейтн құжат;
Оқу пәніне жазылу (Enrollment) – білім алушылардың оқу пәніне белгілі бір тәртіппен алдын-ала жазу рәсімі;
Оқу үлгерімінің орташа балы (Grade Point Average - GPA) – (ағымдық оқу кезеңі бойынша кредиттердің жалпы санына қарай аралық аттестаттау пәндерінің балдық бағасының сандық эквиваленті мен кредиттер сомасының қатынасы) білім алушының таңдаған бағдарама бойынша бір оқу жылындағы қол жеткізген оқу үлгерімінің таразыланған орташа бағасы.
Оқу-әдістемелік жұмыс – білім беру үдерісін оқытушылық, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттарға жеткізу үшін психологиялық-педагогикалық, дидактикалық-әдістемелік және оқу-материалдық объектілермен қамтамасыз ету бойынша білім беру ұйымының қызметі.
Оқудың құрамдас бөліктері:реттілік, біртіндеу( бірте-бірте), қайталау, әуендету және қол жетімділік.
Оқытудың типтк жоспары – оқытудың кәсіби оқу бадарламасына сәйкес оқу пәндерінің тізімі мен мөлшері, реті және оларды оқу және бақылау формаларының реті көрсетілген құжат.
Оқушылардың академиялық рейтингі – оқушының оқу пәндерін меңгеру барысындағы аралық бақылау нәтижесінің сандық ұсқадағы көрсеткіші.
Оқыту әдістері:хабарлау, дамыту және іздену.
Оқытушының басшылығымен жүргізілетін білім алушының өзіндік жұмысы (бұдан әрі – ОБӨЖ) – бекітілген кесте бойынша оқытушының басшылығымен жүргізілетін білім алушының аудиториядан тыс жұмысы; білім алушының санатына қарай ол: оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысы (бұдан әрі- ОСӨЖ), оқытушының басшылығымен жүргізілетін магитранттың өзіндік жұмысы (бұдан әрі – ОМӨЖ) және оқытушының басшылығымен жүргізілетін докторанттардың өзіндік жұмысы (бұдан әрі – ОДӨЖ) болып бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет