Магистратура


ПЕДАГОГ МАМАНДАРДЫҢ АТҚАРАТЫН ФУНКЦИЯЛАРЫ



бет7/51
Дата21.10.2023
өлшемі3,57 Mb.
#120270
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   51
Байланысты:
УМКД ЖОО

ПЕДАГОГ МАМАНДАРДЫҢ АТҚАРАТЫН ФУНКЦИЯЛАРЫ:

Дәріс №2. Физика пәні мұғалімінің біліктілігінің сипаттамасы
Жоспар
1.Жаратылыстанудан білімі, дағдысы мен іскерлігі
2.Ғылыми-әдістемелік білімі, дағдысы мен іскерлігі
3.Физикадан оқу-тәрбие процесін ұйымдастырумен байланысты білімі, дағдысы мен іскерлігі

Қазргі кезде педагогикалық зерттеулер жүргізіп жүрген ғалымдардың «қысқаша физика пәні мұғаліміне біліктілік сипаттамасы» (квалификационная характеристика) мынадай құраушылардан тұрады:







1.Жаратылыстанудан білімі, дағдысы мен іскерлігі, ебдейлігі:
©дүниенің жаңа бейнесін (современная физическая картина мира) дұрыс түсіну және сол арқылы жаратылыстану пәндерінен алған білімдерін біртұтас, бір-бірімен байланыстыра қарастыра алатындай; кез келген физикалық құбылыстағы маңызды ұғымдарды іріктеп оның мәні мен маңызын логикалық негіздей алу ебдейлігі
©Жаңа және классикалық физиканың барлық бөлімдеріндегі негізгі ұғымдар мен заңдарды, принциптерді білу;
©физика мен оның дамуындағы философиялық проблемаларды, сонымен бірге физика мен философияның өзара байланысын түсіну;
©физиканың дамуындағы теорияның маңызын, зерттеудің теориялық әдістерінің рөлі, физикада математикалық аппараттарды қолдана білу ебдейлігі;
©Физика ғылымындағы эксперименттің рөлін түсіну; физика тархында оның дамуына ықпал еткен іргелі тәжірбелерді білуі; жаңа физкалық эксперименттердің әдістемелерін білуі; қарапайым зертханадағы эксперименттік зерттеу жұмыстарын жүргізе білу ебдейлігі, сонымен қатар жаңа өлшеу құралдарымен жұмыс жасай білуі; теория мен эксперименттің ара салмағын ажырата білуі; сонымен қатар олардың үздіксіз өзара байланысын, олардың бағыттаушылық рөлінің ауыспалылығын түсінуі;
©теорияны қолдануының нақты шекарасын білуі;
©өз мамандығына байланысты білімінің жан-жақты болуы (кругозор);
©алынған теориялық білімді практикада, яғни есеп шығаруда, немесе шешілуі керек тапсырмаларды орындауда қолдана білуі және соған машықтануы;
©өз бетінше әдебиеттерді пайдалана отырып физика ғылымы саласындағы көптеген мәселелер мен сұрақтардың шешімін табуға үйрену;
©физиканың не болмаса тамырлас басқа ғылым салалары бойынша өзінің білімін тереңдете отырып ғылыми зерттеулердің әдістемелерін меңгеруі;
©Орта мектептің бағдарламасындағы физикалық материалдарды білуі;
2.Ғылыми-әдістемелік білімі, дағдысы мен іскерлігі, ебдейлігі:
©орта мектепте физиканы оқытудың мақсаты мен міндеттерін жан-жақты, терең білуі;
©физиканы оқытудың теориялық негіздерн білуі;
©физкадан берілген материалдардың негізінде дүниетанымдық қорытындылар жасай білу, физикалық құбылыстар мен заңдылықтарды тағайындау барысында философиялық дүниетанымды шығармашылықпен қолдана білу;
©оқушылардың ғылыми көзқарасын мақсатты түрде қалыптастыру ебдейлігі;
©политехникалық білім берудің әдістері мен жолдарын білу;
©физиканың тәрбиелеудегі рөлін түсініп оны оқытуда тәрбие жұмыстарын ұтымды ұйымдастыра білу;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет