1.3 Ақпараттық және коммуникациялық технология оқу
белсенділігін арттырудың құралы ретінде
Адам әрекетінің дамуы төмендегідей компонент құрылымының өзгеруімен
байланысты: пән, мақсаты, әрекет мазмұны, мақсатқа жету мен бұл әрекеттерді
жүзеге асырудағы құралдар. Нәтижесінде дәстүрлі оқыту түрі қайта жаңғырып
еңбек сферасында адам әрекетнің жаңа түрлері таным мен коммуникация пайда
болады. Ақпараттық және коммуникациялық технологияның қазіргі таңдағы
оқыту құралдары адам әрекетнің құралы ретінде. Ақпараттық және
коммуникациялық технология оқыту құралдарын пайдалану жаңа оқу түрлерінің
ойлау, шығармашылық әрекет пайда болуына әсер етті. Адам әрекетінің дамуы
төмендегідей компонент құрылымының өзгеруімен байланысты: пән, мақсаты,
әрекет мазмұны, мақсатқа жету мен бұл әрекеттерді жүзеге асырудағы құралдар.
Нәтижесінде дәстүрлі оқыту түрі қайта жаңғырып еңбек сферасында адам
әрекетнің жаңа түрлері таным мен коммуникация пайда болады. Ақпараттық
және коммуникациялық технологияның қазіргі таңдағы оқыту құралдары адам
әрекетнің құралы ретінде. Ақпараттық және коммуникациялық технология оқыту
құралдарын пайдалану жаңа оқу түрлерінің ойлау, шығармашылық әрекет
адамның психологиялық үрдісін тарихи дамуы мен постиндустралды қоғамға өту
жағдайына байланысты әрекеттің тарихи принципін жасау және дамыту ретінде
пайда болуына әсер етті. Білімді игеру жалпылау жүйесін қарастырады, ол білім
мазмұнының негізгі құрамы. Выготскийдің Л.С. айтуынша «Жалпылау көрнекілік
құрылымнан ойлау құрылымына, одан түсіну құрылымына өту. Ғылым негізін
жалған түрде игеру мүмкін емес, білімді толық және саналы игеру үшін» [88].
Білімді қайта реформалаудың қиындығы, ақпараттық және коммуникациялық
технология құралдарын қазіргі дидактикалық жүйеге қосып білім саласында
революция өз-өзінен жүреді десек қателескеніміз. Ақпараттық және
коммуникациялық технологияны білім саласына енгізудің тарихи, психологиялық
және философиялық аспектілер мәселесі нақты оқу үрдісінің теориялық
концециясына сүйенеді. Ақпараттық және коммуникациялық технология
құралдарының табиғаты адамның психикалық құрылымының қалыптасуы мен
дамуына әсер етіп, ойлау әрекетін қалыптастырады. Жалпы басқа коммуникация
құралдарына – суреттер, кино, радио, телевидение жатады, олардың құрылымы
басылым құрылымдарына қарағанда ерекше. Басылы ақпараттары сияқты
образдар мен дыбыстар тыңдаушылардың ойын бір обьектіден екіншіге
бағыттамайды. Оның орнына олар өздеріне керкті мәліметтерді игеру. Баспа
материалдары сияқты массалық коммуникацияның техникалық құралдары
адамның танымын кеңейтуге мүмкіндік беріп, компьютер адамның ойлау
потенциалын арттырып, ойлау әрекетінің құрылымына нақты өзгерістер енгізеді.
Ақпараттық және коммуникациялық технология қалыптастырған оқыту
ортасында ақпаратты интерпретациялау мен ұйымдастыру үрдісі негізгі болып
табылады. Олар экран дисплейында кесте, график, сызбанұсқа және диаграмма,
26
үрдістер бейнесі, түрлі-түсті суреттер ретінде көрінеді. Оқыту ортасы
төмендегідей ойлау сипаттамсын: эксперимент өткізуге бейімділігі, икемділігі,
байланыстылығы, құрылымдылығын қалыптастырады. Бұл сипаттамалар
шығармашылық әрекет пен мәселені шешумен байланысты танымдық үрдістерге
сәйкес. Осыдан құбылыс мәнін түсіну мен мәселені шешу тактикасын жаңадан
қабылдау, ескі және жаңа ақпараттар арасындағы байланысты көрсету.
Г.К. Селевконың ойынша ақпараттық және коммуникациялық технологиян
қалыптастырған оқыту жағдайы студенттердің ойлауын дамытуға әсер етіп,
белгілі және белгісіз заңдылықтар мен байланыс жүйесін зерттеуге бағыттау [79].
Компьютер көптеген құбылыстар мен заңдылықтарды түсінуге көмектесетін
күшті құрал болып табылады, бірақта ол адамның ойлауын қысқартады. Білімін
қарапайым түрде баяндау, бағдарлама тілін меңгеру, бағдарламаны өзінің құра
алуы ақпараттық және коммуникациялық технология мүмкіндігін жүзеге асыра
алудың тек бастапқы қадамы. Шыныменде ең тиімді оқыту болып коммуникация
құраладрын қолдана отырып студенттерде жаңаша ойлау дағдысын қалыптастыру.
Осыған байланысты ақпараттық және коммуникациялық технологияны қолдануға
байланысты тек қана ойлау емес басқа да психологиялық функциялар: қабылдау,
ес, эмоциялар қалыптасады. Білім үрдісінде ақпараттық және коммуникациялық
технология
құралдарының кеңінен пайдалану мен білім салаларын
ақпараттандыру жағдайында адамның психикалық функциясы мен әрекетін
дамытуды концетуалды сипаттауда психолгтар мен педагогтар алдында үлкен
міндет тұр. Ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалану
студенттердің ғылыми-танымының қалыптасуына, олардың ойлау
мүмкіндіктерінің дамуына, мамандыққа даярлығын жетілдіруге үлкен септігін
тигізеді. Оқу үдерісінде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды
пайдаланудың негізінде студенттер қазіргі заманғы формальдау, модельдеу сияқты
ғылыми таным әдістерін меңгереді. Ақпараттық және коммуникациялық
технологиялар студент ойлауының формальды-логикалық және жүйелік
формаларының дамуына, ғылыми-танымның жаңа әдістерін меңгерулеріне
мүмкіндік жасайды. Сондықтан да, ақпараттық және коммуникациялық
технологияларды пайдалану мәселелері қазіргі кезде барлық білім саласында
қарастырылады. Ақпараттық қоғам жағдайындағы білім беру жүйесінің басты
талаптары мен жоғарыда аталған ғалымдардың зерттеу еңбектерінің нәтижелерін
ескере отырып, мынадай тұжырым жасауға болады: білім беру жүйесін
жетілдірудің негізгі бағыттарының бірі ретінде ақпараттық және
коммуникациялық технологияларды қолдану бүгінгі күннің басты талабы, ал
оның негізгі техникалық және педагогикалық мүмкіндіктерін дамыту маңызды
болып саналады, сонымен қатар, одан әрі зерттеуді қажет етеді. Жалпы алғанда,
ақпараттық және коммуникациялық технологияларды білім беру саласында,
әсіресе болашақ мамандарды құзырлылық парадигма деңгейінде дайындау және
олардың бәсекелестік қабілеттерін дамытуда қолдану маңызды қажеттіліктердің
бірі болып саналады. Осы қажеттіліктерге байланысты мынадай іс-әрекеттер
27
орындалуы тиіс: 1) педагогикалық үдерісте ақпараттық және коммуникациялық
технологияларды тиімді пайдалана алатын кәсіби құзырлы педагог дайындау; 2)
оқу орындарының ақпараттық және коммуникациялық технологиялар базаларын
үнемі жаңартып отыру; 3) оқу-әдістемелік жұмыстарды білім берудің жаңа
құндылық деңгейінде дамыту негізінде жүргізу. Қоғам өміріндегі қазіргі
өзгерістер экономиканы, саясатты және әлеуметтік-мәдени саланы дамытудағы
стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы, оның ақпараттануы мен қарқынды
дамуы жағдайында адамдардың жаңа әлеуметтік ролдерге ие болуы білім беруге
қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертіп, білімнің қоғамды жаңартуға қосар
үлесін арттырды. Еліміздің ертеңгі болашақ ұрпағымызға сапалы білім берудің
мақсаты - әр түрлі деңгейдегі жоспарланған жұмыстардың нәтижесіне жету.
Жоғары деңгейде білім беру негізгі үш мақсатты көздейді.
Әлеуметтік мақсаты – бұл білім берудің ішкі, сондай-ақ сыртқы әлеуметтік
және табиғи себептері мен психологиялық, психофизиологиялық
қиыншылықтарды жеңуге көмек беру.
Классикалық мақсаты – мәдени өсу бағытында рефлекция қалыптастыру,
өзіндік білім және жауапкершілікті жеке тұлғаны дамытуға жағдай жасау.
Нақты мақсаты – бұл қызметтік мақсат. Ол кәсіби білім мен өмірге пайдалы
дағдылар мен біліктілікті қабылдау, белгілі кәсіптік пен әлеуметтік мақсатқа жету,
өмірде өзінің лайықты орнын табуына және кез-келген салада білікті маман,
менеджер, қызметкер болып қалыптасуына жағдай жасау [91].
Өткен ғасырдың отызыншы жылдарында сауатсыздықпен күрес
жүргізілгендей, компьютерлік сауаттану жөніндегі ауқымды іске азаматтарды
тарту қажеттігі айтылған және мемлекеттік қызметке жаңа қызметкерлерді
қабылдау кезінде компьютерді, интернетті және электрондық поштаны қолдана
білу дағдысы міндетті талап болуға тиіс екендігі де атап көрсетілген. Осыған
байланысты ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру
саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыра компьюетрлік
техниканы, интернет, телекоммуникациялық желі, интерактивті тақта,
электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, мультимедиялық
электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын
көтеру [36].
Ақпараттық және коммуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті
ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік
ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Білім беруді
ақпараттандыру, білім салалрының барлық қызметіне ақпараттық және
коммуникациялық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру
қазастандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты. Аталған
бағыттарды дамыту үшін нормативтік-құқықтық, материалдық-техникалық,
ғылыми-әдістемелік және ақпараттық жағынан қамтамасыздандыру педагог
мамандары даярлаудың негізгі бағыттарының біріне айналып отыр [90].
28
Білім беруді қайта құруда оқытушыдан үлкен дайындықты талап етеді. Олай
болса, олардың жеке тұлғалық қасиеттері мен мамандық құзырлықтарына жоғары
талап қойылады. Бүгінгі күні оқытушы білім беру жүйесіндегі кез келген қайта
құрулардағы педагогикалық процесстік негізгі субъектісіне айналып отыр. Жаңа
типті білім беру мекемелеріне кез-келген технологияны жан-жақты меңгерген
және оны студенттердің шығармашылық қабілетін дамытуға шебер пайдалана
білетін құзырлы маман қажет. Ғылыми-техникалық пргоресстің қарқындап дамуы
қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің
негізіне айналдыруға мүмкіндік береді. Ақпараттық және коммуникациялық
технологияның жеделдеп даму барысына қоғамның экономикалық жағдайы,
адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлттық қауіпсіздік, бүкіл дүниежүзілік
қауымдастықтағы мемлекеттің рөлі тәуелді болады. Ақпараттық және
коммуникациялық технологияның қарқындап дамуы кез-келген жеке тұлғаның
әлемдік-ақпараттық кеңістікке енуіне мүмкіндік береді.
Ақпараттық
процесстерді қамтамасыз ететін қазіргі заманғы есептеу техникалары біртұтас
күрделі жүйе болып табылады. Сол себепті, педагогтардың кәсіби біліктілігін
арттыруда ақпараттық және коммуникациялық технологияны оқып-үйрену және
оны қолдану күрделі процесс болып табылады. Оқыту үрдісінде ақпараттық және
коммуникациялық технологияны қолдану оқытушы мен студент қарым-
қатынасының бұрынғы қалыптасқан жүйесін, олардың іс-әрекеттерінің мазмұнын,
құрылымын үлкен өзгеріске ұшыратады. Қалыпты білім беру жүйесінде
оқытушы-студент-оқулық түрінде құрылған үш жақты байланыс бұзылып,
оқытушы-студент-компьютер-оқулық жүйесі пайда болды. Мұндай жүйеде білім
беру, оқыту процесінде компьютерді қолдану білім мен біліктілікке қоятын
талаптарды қайта қарап, жетілдіріп, жүйелеуді талап етеді. Әрбір елдің
технологиялық даму дәрежесіне оның экономикалық қуаты мен халқының тұрмыс
деңгейі ғана емес, сол елдің әлемдік қоғамдықта алатын орны, басқа елдермен
экономикалық және саяси ықпалдасу мүмкіндіктері, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік
мәселелерін шешу де байланысты. Сонымен қатар, әлдебір елде қазіргі
технологияның дамуы мен қолданылуының деңгейі оның материалдық базасының
дамуымен ғана емес, негізінен қоғамды парасаттандыру деңгейімен, оның жаңа
білімді туындату, игеру және қолдана білу қабілетімен де анықталады. Қазіргі
заман оқытушысынан тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық,
педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси-экономикалық білімділік және
ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде
жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне
еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі
мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады [91].
Еліміздің кепілі, болашақ тірегі жоғары оқу орындарының білім деңгейін
көтеру және онда ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалану
арқылы оқу-тәрбие процесін тиісті деңгейге көтеру, оқытушылардың,
басшылардың, педагогикалық ұжымның жүйелі басшылыққа алған бағыты деп
29
есептейміз. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде болашақ
оқытушылардың инновациялық іс-әрекеттің ғылыми педагогикалық негіздерін
меңгеруі-маңызды мәселелердің бірі. Өйткені, ақпараттық және коммуникациялық
технологияны меңгеруге оқытушыларды даярлау – олардың кәсіби білімін
көтеруге дайындау аспектісінің бірі және педагогтың жеке тұлғасын
қалыптастыру үрдісіндегі іс-әрекеттің нәтижесі болып табылады.
Қазіргі кезеңде білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің
соңғы әдіс-тәсілдерін, инновациялық педагогикалық технологияларды игерген,
психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық
жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден арылуға тез арада арылуға
қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға
икемді, шығармашыл педагог зерттеуші, ойшыл оқытушы болуын қажет етеді.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде оқытушылардың
инновациялық іс-әрекеттің ғылыми педагогикалық негіздерін меңгеруі – маңызды
мәселелердің бірі. Өйткені, жаңа педагогикалық технологияны меңгеруге
оқытушыларды даярлау – олардың кәсіби білімін көтеруге дайындау аспектісінің
бірі және педагогтың жеке тұлғасын қалыптастыру үрдісіндегі іс-әрекеттің
нәтижесі болып табылады. Ғылым мен техниканың жедел дамыған, мәліметтер
ағымы күшейген ХХІ ғасырда жан-жақты дамыған шығармашыл жеке тұлғаны
қалыптастыру жоғары мектептің басты міндеті болып саналады. Еліміздің
болашағы көркейіп, өркениетті елдердің қатарына қосылуы, бүгінгі ұрпақ
бейнесінен көрінеді. Қазіргі білім беру саласындағы басты міндет - әлеуметтік
педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің
тиімді жаңа әдістерін іздестірумен оларды жүзеге асыра алатын маман даярлау
[90].
Білім беру орындарында оқу үрдісін бүгінгі күнге лайықтап өзгерту – заман
талабы. Ғылым ғасырының табалдырығынан аттағалы тұрған қазіргі таңда
компьютер өмірдің барлық саласына кеңінен енуде. Қазіргі таңда жас ұрпаққа
білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісіне оңтайландыру мен
тиімділігін арттырудың маңызы зор. Білім беру үрдісін ақпараттандыру жаңа
ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны
бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық
деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатыуды көздейді. Осы орайда,
интерактивті құралдар оқытушының, студенттің шығармашылықпен жұмыс
жасауына жол ашып отыр. Интерактивті құрал ретінде интерактивті тақтаны
қолданудың мәні зор. Интерактивті тақта – бұл компьютердің қосымша
құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға ақпаратты
кескіні мен қарапайым маркер тақстасын біріктіретін құрал. Интеративті
құралдарды сабақта пайдалану дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге
көмектеседі:
пән бойынша базалық білімді меңгеру;
30
алған білімді жүйелеу;
өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;
жапы оқуға деген ынтасын арттыру.
Бұл технологияны оқу, материалын хабарлау және студенттің ақпаратты меңгеруін
тексеру мақсатында қолдану өте тиімді. Себебі, студенттердің көпшілігі
естігенінің 5 пайызын және көргеннің 20 пайызын ғана есте сақтайтыны белгілі.
Аудио және видео ақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50 пайызға
дейін арттырады. Осы ретте интерактивті тақта жоғары мектепте оқыту үрдісінде
кеңінен қолданылып келе жатыр. Интерактивті тақтамен жұмыс жасаудың
тиімділігі сол – сабаққа дайындалу барысында оқытушы сабақ маңызы студенттер
үшін танымдылығы жағынан қызықты әрі жаңаша өтуі үшін өзінің бағалау
уақытын қажетті материалды іздеумен жүйелеуге жұмсай отырып, нәтижеге
бағытталған мақсаттары мен міндеттеріне жете алуында. Оқытушы сабақ
материалын Power Point презентациясы немесе мәтіндік ақпарат түрінде беріледі.
Сонымен қатар, материалдың құрамына кесте, диаграмма, сурет, басқарушы
батырмалар, гиперсілтемелер, графиктер қоса алады. Түсіндіру барысында
оқытушы тақтаның алдында тұрып, жасырулы ақпаратты және объектілерді
көрсете және өзгерте алады. Сабақтың соңында қолданылған материалды есте
сақтап, қажет жағдайда қайталап қолдана алады. Интерактиктік тақтамен жұмыс
істеу барысында жасалған файлдар белгілі бір фарматпен сақталады. Сонымен
қатар, ақпаратты РDF форматында да сақтап, студентке электрондық почта
арқылы жіберуге болады. Оқытушы алдын ала дайындаған сабақты студенттің
білімін, біліктілігін, дағдысын бақылауға бағыттаған тапсырмаларды орындауға
береді. Сабақтың барысында тапсырманы орындау бойынша ауызша түсіндіру
жүргізіледі, интерактивтік тақтаны пайдалану арқылы теориялық материал
қайталанады. Қажетті жағдайда, оқытушы тақта арқылы жаңа тақырыпқа қатысты
мысалдарды көрсетіп түсіндіреді [55, 57, 65].
Оқытушы студентті тақтаға шығарып, оған жеке тапсырма береді, оған
қалғандардың көңіл бөлуі үшін бағыт береді және бақылап отырады. Оқытушы
алдыңғы сабақта өтілген материалды ашып, өткен сабақты қайталай алады.
Мұндай әдістеме сабақты белсенді түрде өткізуге мүмкіндік береді. Тақтада
жұмыс істеген оқытушы мен студент орындаған іс-әрекеттерін есте сақтап келесі
сабақта қолдануына болады.
Сонымен, интерактивтік тақта сабаққа қатысушылардың барлығының ойын
бір ортаға жинақтап, қажет ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық
біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады. Алдын-ала
дайындалған оқу материалдары-презентациялар, мәтіндік, графикалық
ақпараттық объектілер-сабақтың жақсы өтуін және барлық ақпарат түрлерін
қолдануды қамтамасыз етеді [64]. Сабақта уақытты үнемдеу, демонстрациялық
материалдар даярлау мақсатында интерактивті тақтаны пайдаланған тиімді.
Интерактивті тақтаның үш режимінде де жұмыс жасауға болады. Ақ тақта режимі
31
- ең қарапайым режим. Ақ тақта режимін қолданғанда оны ақ бет қағазбен жұмыс
жасағандай және тақырыпқа қажетті жерін белгілеулермен, негізгі ұғымдарын
ерекшелеу үшін түрлі-түсті қаламды қолдануға болады. Тақтаның бұл қасиеті,
мысалы елтану, әлемнің әлеуметтік, экономикалық географиясы, Қазақстанның
әлеуметтік, экономикалық географиясы т.б. пәндерден сабақ жүргізгенде ыңғайлы.
Фон ретінде географиялық картаны, өтіліп отырған тақырыптарға сай суреттерді
алуға болады және сабақ барысында қажет болса, картаға белгі салуға, жазуға
мүмкіншілік бар.
Екінші режим - Office режимі. Бұл режим сабаққа қажетті дайындық
жұмыстарын, яғни материалдар даярлауға ыңғайлы. Сабаққа дайындық
жұмыстары Word мәтіндік редакторының, Excel элекрондық кестесінің
құжаттары, Power Point презентациясы болуы мүмкін. Мысалы, Microsoft Word
құралдарымен төрт түрлі мәтіндік тапсырмаларды қамтитын құжат әзірлеуге
болады. Осы құжатта тапсырмаларды қайталап, жауаптарының дұрыс нұсқаларын
немесе амалдардың дұрыс тізбегін көрсету керек. Қайталанған тапсырмаларды
сурет салу панелінің «төртбұрыш» объектілерімен жасырмаыз. Сабақта қажет
кезде бұл құжатты интерактивті тақтаның Office режимінде ашу қажет. Бұл режим
Microsoft Office-тің барлық мүмкіншілігін ұсынады. Сондай мүмкіншіліктердің
бірі - құрылған құжатқа мәтінді қосуға болады, яғни экраннан түсірілген суретпен
емес, құжатпен тікелей жұмыс жасаймыз. Сонымен, оқытушы студентті тестілік
тапсырмаға жазбаша жауап беруге тақтаға шығарып, студенттің жауаптарын
дұрыс жауаптармен салыстыра алады («тіктөртбұрыш» объектісін жылжыту
немесе жою арқылы) және дайындалған материалды шаблон ретінде келесі
сабақтарды пайдалану үшін сақтап қоюға болады. Мәселен, елтану пәнінен
студенттер Ұлыбритания мен Америка Құрама Штаттары жөнінде жалпы
мағлұмат алады. Атап айтқанда, географиялық орны, климаты, өзен, таулары,
атақты қалалары мен көрнекті орындары, саяси құрылымы, т.б. Оқытушы жаңа
сабақты дәріс-презентация әдісімен өткізе отырып, баяндалған ақпараттың
барлығын суреттер арқылы көрсетеді. Оған қоса, айтып өткен ақпараттарды
студенттердің ұққан-ұқпағандарын тексеру мақсатында тест тапсырмалары мен
бақылау сұрақтарын беруге болады. Мұның нәтижесінде студенттердің ел тануға
деген қызығушылығын арттырып, сабақты қызықты және тартымды етіп өткізуге,
қойылғн сабақ мақсаттарына жетуге болады. Осы ретте, осы режимде
студенттердің жоба жұмыстарының нәтижелерін бақылауға болады.
Үшінші режим - тақтаның интерактивті режимдегі жұмысы. Сабақтарды
жүргізуде өткен материалды қайталау қажет, сондай жағдайда интерактивті
тақтаның сілтме жасауға арналған копонентін қолдануға болады. Бұл компонент
Microsoft Office құралдары арқылы құрылған құжаттарға, графиктік
редакторлардың немесе программалау ортасының көмегімен құрылған файлдарға,
интернет беттеріне, сілтемелерді ұйымдастыруға мүмкіншілік береді. Прожектор
және Шторка құралдары экранның белгілі бір кішігірім аумағын көрсетуге
арналған. Прожектор құралы аудиторияның назарын бір объектіге аударуға
32
арналған. Экран бетінде бір мезгілде бірнеше объектілер орналасқан болса, оның
қажет объектісін ерекшелеп, қалғанын жауып қоюға арналған. Тақырыпты
қорытындылау сабақтарында осы режим арқылы тест тапсырмасын бере отырып,
дұрыс жауаптарды шторкамен жауып, лезде дұрыс жауаптарды тексеруге, қатемен
жұмыс жасауға мүмкіндік бар. Оған қоса, бұл режимде студенттерді түрлі
сөздіктермен жұмыс жасауға үйретуге болады.
Компьюер және интерактивті құралдар арқылы жасалып жатқан оқыту
үрдісі студенттің жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік
байланыстармен заңдылықтарды табуға жетелеп, нәтижесінде - өздерінің кәіби
мүмкіншіліктерінің қалыптасуына жол ашуы керек. Бүгінгі таңдағы ақпараттық
қоғам аймағында, студенттердің ойлау қабілетін қалыптастыратын және
компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтрдан тарайтын
педагогикалық технологияларды ғана тиімді деп санауға болады [65, 70, 72].
33
|