1.2 «Ақпараттық және коммуникациялық технология» ұғымының
мәні
Педагогикалық оқыту технологияларын, оның түрлерін тиімді, дұрыс түсіну
үшін бұл ұғымның теориялық аспектілерін толық түсінуді қажет етеді. «Ақпарат»
термині латынның Informatio «түсіндіру» «мазмұндама» деген сөзінен шыққан,
бір нәрсені жетілдіріп түсіндіру деген мағынаны білідіреді.Ақпараттар
алмастырылады, сақталады, өңделеді және белгілі бір тапсырманы шешу үшін
қолданылады. Ақпаратты тек қандай да бір мәліметтердің жиынтығы деп түсінуге
болмайды. Ақпарат белгілі бір мәселелерді шешуге қажетті, ұғынықты және
белгілі бір дәрежедегі бағалылығы танылған білім болып табылады. «Ақпарат
дегеніміз – ақпаратты алушы кісіге дейін қабылдау механизмінің қабылданды –
түсінікті – бағаланды деген үш сүзгісінен өткен нәрсе» [22].
Ақпарат сөзіне Қазақстан Ұлттық энциклопедиясында мынандай түсінік беріледі:-
ақпарат ( информация, лат.Informatio – түсіндіру, баяндау, хабардар ету)
1) істің жағдайы, қандай да болмасын оқиға немесе біреудің қызметі туралы
хабарлау, мәлімет беру;
2) ХХ ғасырдың ортасынан бастап адам мен адам, адам мен автомат, автомат
пен автомат арасындағы деректер алмасуды, жануарлар мен өсімдіктер
арасындағы сигналдар алмасуды, тұқым қуалаушылық белгісін бір клеткадан
басқа бір клеткаға, бір ағзадан (организмнен) екінші бір ағзаға жеткізуді
қамтитынжалпы ғылыми ұғым;
3) кибернетиканың негізгі ұғымдарының бірі. Ақпарат үздіксіз(аналогты) не
үзілісті (дискретті) болуы мүмкін. Ақпаратты жеткізу, қабылдау. Түрлендіру және
15
сақтаудың жалпы мәселелерімен ақпарат теориясы айналысады .
Қазіргі
кезде қоршаған орта жөніндегі қандай да бір сигналдар, мағлұматтар, құбылыстар
жиынтықтары ақпарат деп түсініледі. Күнделікті оқылатын оқулықтар, газеттер
мен журналдар, түрлі радио және телехабарлар әр түрлі ақпараттарға толы.
Ақпарат мәтін, сурет, схема, график, сан, әуен, дыбыс, иіс, аралас түрде
беріледі. Мысалы; кітапта ақпарат, мәтін, сан; халықтың өсімі, сирек кездесетін
жануарлардың азаюы кесте; шаруашылықтың дамуы график, диаграмма; жаңа ән
дыбыс, әуен түрінде берілетінін түсіндіре отырып, түрлі мысалдар келтіруге
болады, мысалы, электрондық оқулықтардағы бейне материалдар [23].
Бүгінгі мемлекеттің білім беру саласындағы саясаттың тұжырымдамасындағы
міндеттердің бірі – білім беру жүйесі мен оқытудың сапасын арттыру, сабақтың
әдістерін және мазмұнын жетілдіріп, әдістемелік жағынан дамыту болып
табылады. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын
меңгермейінше, сауатты әрі жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа
технологияны меңгеру оқытушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік,
рухани азаматтық және басқа да көптеген Адам келбетінің қалыптасуына игі
әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруына
көмектеседі.
Педагогикалық жүйеде оқушыға білім дайын күйінде берілмейді, олар өздері
жан-жақты іздену арқылы қабылдайды, яғни зерттеу жұмыстары, шығармашылық
жұмыстар жүргізе отырып қажетті білімді қабылдайды. Педагогикалық жүйе
құрылымы:
1)оқу және тәрбиелеу мақсатында нақты жүйелі дидактикалық, педагогикалық
зерттеу жүргізу;
2)оқушы меңгеруге тиісті ақпарат мазмұнын толықтыра отырып, жүйелеу;
3)қажетті дидактикалық, техникалық оқу құралдарын кешенді қолдану және
оны дұрыс қолдануын қадағалап отыру;
4)тәрбиелеу және диагностикалық оқыту жүйесін дамыту;
5)оқушыға жоғары деңгейде сапалы білім беруге кепілдеме беру. Оқушының
білім – білік дағдыларын қалыптастыру арқылы, оның өз бетімен жұмыс жүргізе
білуіне және алдына мақсат қоя білуінде.
«Технология» деген ұғым тек өндірісте ғана емес, қазіргі кезде педагогикалық
теория мен практикаға толығымен енді («технология» грек тілінен аударғанда
«techne» - өнер, шеберлік, «logos» - оқу деген мағынаны білдіреді). Көптеген
шетелдік ғалымдар технология деп оқытудың объективті факторларының
жиынтығын қандай да бір үрдісте нәтижеге жету құралы ретінде қарастырады.
Мәселен, поляк педагогы Ф. Янушкевич оқыту технологиясының мағынасын
ашқанда, төмендегідей анықтама берген: «оқыту технологиясы деп ғылыми
ұстанымдар жүйесі қолданыс табатын бағдарламаланған оқыту үрдісін айтады
және оқу мақсатына жетуге бағытталған оқу тәжірибесінде қолданылады, көбіне
оқытылатын пәнге емес, оқушыларға бағытталады, оқыту әдістері мен тәсілдерін
сынақтан өткізуге, эмпирикалық талдау жасауға және оқытуда аудиовизуальды
16
құралдарды кеңінен қолдануды талап етеді, оқыту теориясын оның
практикасымен өзара бірлікте қарастырады» [54].
«Технологиялық білім» термині ХХ ғасырдың 40-50 жылдары пайда болды.
Бұл термин тұрмыстық құрал – жабдықтарға (үнтаспа, теледидар т.б.) сол сияқты
оқу процесінде техникалық құрал – жабдықтарға байланысты қолданылып келген
болатын. 50 – 60 жылдары «Технологиялық білім» термині бағдарлама оқыту
идеясын тарату мақсатында педагогикалық процесте әдіс – тәсіл жиынтығы
ретінде қолданылған.
Қазіргі уақытта «педагогикалық технология» түсінігінің жаңа даму кезеңі
жүріп жатыр, бұл түсінік 1980 жылдары арнайы компьютерлер арқылы жан –
жақты ақпаратты – бағдарлама жүйесінде оқыту пайда болған кезден дамыған.
Оның жан-жақтылығы сандық жүйені әр түрлі шолып байқау арқылы анықталып,
оқудың жаңа мүмкіндіктері пайда болды. Оқу үрдісінде мұғалім және оқушы,
оқушы және оқыту әдісі арасындағы байланыс басты р атқарады. Оқушы іс-
әрекетінің мазмұны ақпаратты қабылдау, оны ұғыну, білім-білік дағдыларын
жетілдіру болып табылады. Оқытушының міндеті студенттің іс-әрекетін
ұйымдастыру, ақпаратты жүйелеу, оны қабылдауға жағдай жасай отырып,
оқушыға бағыт, бағдар беру болып табылады. Шетелдік педагогикада
«педагогикалық техника» және «педагогикалық технология» терминдері бір-
бірінің орнына қолданыла береді. Сөйтіп, ол аталған осы ұғымдардың мән-
мағынасын ашуды қиындатады.
И. Талызинаның пікірі бойынша, педагогикалық технологияның басты
мақсаты іс жүзінде дидактикалық мақсатқа жету үшін қолданылатын ең тиімді
әдістерді анықтау болып табылады. Педагогикалық технология оқыту үрдісін
ғылыми жүйелеу бағытында, яғни оқыту тәжірибесінде қолданылатын ғылыми
негізделген талаптар жүйесі болып табылады [24].
Жаңа педагогикалық технологияны енгізу 4 кезең арқылы жүзеге асады: 1
кезең – оқып, үйрену, 2 кезең – меңгеру, 3 кезең - өмірге ендіру, 4 кезең – дамыту.
Инновацияның, жаңа енгізулердің екі жағы бар: пәндік және процессуалдық.
Инновациялық үрдістерді ендіру үш өзара байланысты күшпен анықталады:
1) енгізілген технологияның ерекшеліктерімен; 2) жаңашылдардың
инновациялық әлеуетімен; 3) жаңалықты енгізу жолдарымен. Сондықтан бұл
уақыт ағымына байланысты дамиды, бірқалыпты өзгеріске ұшырайды, жағдайына
байланысты тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің өзара байланысы болып саналады.
Инновациялық технологияның негізі болып саналатын жаңа педагогикалық
технологиялар көптеп саналады. Педагогикалық инновация – тұтас білім беру
жүйесінің оның жеке бөлімдерінің компоненттерінің сипаттамасын жақсартатын
және жаңалықтардын тұратын мақсатты өзгерістер. Бұл – жаңалықты меңгеру
үрдісі [23].
Жаңа педагогикалық технологияларды қолданудағы ерекшеліктер мәселесін
қозғай келе мектеп практикасында қолданылатын әдіс-тәсілдер жалпыға бірдей
формалар біркелкі, стандартты болмауы керек. Көп жылдар бойы қалыптасқан
17
үлгілер мен сызбалардың шегінен батыл шығып, оқу процесін ұйымдастырудың
догматикалық тәсілінен диалектикалық тәсіліне көшу керек деп ойлаймын.
Қазіргі кезеңде білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің
соңғы әдіс-тәсілдерін, инновациялық педагогикалық технологияларды игерген,
психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық
жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден арылуға тез арада арылуға
қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға
икемді, шығармашыл педагог зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде болашақ
мұғалімдердің инновациялық іс-әрекеттің ғылыми педагогикалық негіздерін
меңгеруі – маңызды мәселелердің бірі. Өйткені, жаңа педагогикалық
технологияны меңгеруге мұғалімдерді даярлау – олардың кәсіби білімін көтеруге
дайындау аспектісінің бірі және педагогтың жеке тұлғасын қалыптастыру
үрдісіндегі іс-әрекеттің нәтижесі болып табылады. Ғылым мен техниканың жедел
дамыған, мәліметтер ағымы күшейген ХХІ ғасырда жан-жақты дамыған
шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру жоғары мектептің басты міндеті болып
саналады.
XXI ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі,
айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби міндеттілігіне мұқият
қарайтын дәуір.
Ақпарат ұғымы (латын тілінен “іпsormation” – түсіндіру, мазмұндау)- бұл
мәлімет халықтың ауызша, жазбаша немесе басқа да әдістермен (шартты белгілер
көмегімен, техникалық құралдар және т.б.):”қоршаған орта әлемі туралы түсінік
беру, ондағы үрдістің өтуі, адамның оны қабылдауы немесе арнайы құруы”.
Ақпарат ұғымы әрқашан хабарландыру ұғымымен байланысты, “өмірдің жай
тіршіліктен айырмашылығын басынан аяғына дейін қабылдау үрдісін
шаршамастан көрсетеді, қоршаған ортадан қабылдаған ақпаратты өңдеп және
бағалайды” [64]. «Ақпараттық технология» терминін академик В.М.Глушков
енгізген. Білім беру үрдісін ақпараттандыру оқушыға білім берумен байланысты
болғандықтан, В.Глушковтың анықтауынша, «Ақпараттық технологиялар»
ақпаратты өңдеумен байланысты үрдістер болып табылады. Ал білім беруде
компьютерді және оның құралдарын пайдалана бастаған кезде оқытудың
ақпараттық технологиялары ұғымы пайда болды [65]. А.Горячевтің
тұжырымдауынша, «Ақпараттық технология» - мәтінідік редактор, электрондық
кесте, мәліметтер базасы, графиктік редактор, мультимедия және
коммуникациялық технологиямен сипатталады.
Д.Матрос «жаңа ақпараттық технология» ұғымын қарастыра отырып, кез
келген әдістер немесе педагогикалық технологиялар ақпаратты тәлімгерлер,
оқушылар меңгеру үшін қалай өңдеу және жеткізу керектігін суреттейді, яғни,
оның анықтамасы бойынша, кез келген педагогикалық технология дегеніміз – бұл
ақпараттық технология [44].
Р.Әбдірәсілова болса, «Ақпараттық технологияны» оқыту құралдары
18
жүйесінің элементі деп қарастырады [93].
«Ақпараттық технология» ұғымына екі анықтама береді:
- «Ақпараттық технология» - қажетті техникалық және бағдарламалық
жабдығы бар компьютер.
- «Ақпараттық технология» - бұл ақпаратты өңдеу көмегімен жүзеге
асырылатын әдістер және тәсілдер жинағы [23].
В.Грищенко мен Б.Паньшин «Ақпараттық технологияны» әлеуметтік ортаның
заңдылықтарына сәйкес және мейілінше аз шағынмен ақпаратты жасап, сақтап,
таратуды қамтамасыз ететін құралдар мен әдістердің жиынтығы дейді.
Анықтамалық сөздік бойынша, «Ақпараттық технология» - компьютер
құралдарын оқытуда пайдалану әдістері туралы білімдер жиыны [50].
И.Роберттің айтуынша, «Ақпараттық технология» - есептеуіш техника
негізінде қызмет ететін бағдарламалық құрылғылар, сонымен бірге ақпаратты
таратуды, өңдеуді, сақтауды, жинақтауды қамтамасыз ететін құралдар мен ақпарат
айырбастау жүйелері болып табылады
[22].
В.Извозчиковтың анықтауынша, білім берудегі «Ақпараттық технология» -
оқытудың жаңа электрондық құралдарын, ең алдымен компьютерді оқу-тәрбие
үрдісінде пайдаланудың әдіснамасы мен технологиясы М.Жалдак бұл терминнің
неғұрлым кеңірек анықтамасын береді: «Ақпараттық технология» - адамдардың
білімін кеңейтіп, олардың техникалық және әлеуметтік процестерді басқару
мүмкінідігін дамытатын, ақпартты жинау, ұйымдастыру, сақтау, өңдеу, тасымалдау
және жеткізудің техникалық құралдары мен әдістерінің жиынтығы [33].
Сондықтан біз «Ақпараттық технологияны» білім беруді ақпараттандыру
құрладарын пайдалана отырып, жоспарлы және саналы түрде білім беру үрдісін,
білімді игеруді зерттеумен айналысатын дидактиканың саласы ретінде
қарастырамыз.
Д.Матрос төмендегі шарт орындалғанда ғана ақпараттық технология туралы
айтуға болады:
- егер ол педагогикалық технологияның негізгі ұстанымдарын қанағаттандырса
(алдын-ала жобалау, мақсатқа сәйкестік, біртұтастық, т.б.);
-егер ол дидактикада теория және тәжірибе жүзінде бұдан бұрын қарастырылмаса;
- егер ақпаратты дайындау және тасымалдау құралы компьютер болса.
Осыған қарағанда «Ақпараттық технологияға» дидатика мәселелерін
есептеуіш техника көмегімен шешетін педагогикалық технология деген анықтама
беруге болады [44].
Білім беруді ақпараттандыру және оқытуды компьютерлендіру ұғымдарын
ажырата білу керек. Соңғысы компьютерді тек оқытуда пайдалану аумағын
қамтиды. Бұл жағдайда компьютердің мүмкіндіктері өте кең: электронды
оқулықтардың көмегімен жаңа білім, жаттықтыру тапсырмаларын беру,
оқушылардың білімін тексеру, тест алу, әр түрлі ойындар, т.б. оқыту үрдісінде
компьютер оқыту нысаны және құралы болуы мүмкін. Яғни оқытуда
компьютердің екі бағыты болады. Бірінші бағыт бойынша компьютердің
19
мүмкіндіктерін сезініп және оны әр түрлі жағдайларда пайдалана білуге қажетті
білім, дағды іскерліктерімен қаруландырса, екінші бағыт бойынша компьютер
оқытудың тиімділігін жоғарылатып, сапасын көтеретін күшті құрал болып
есептеледі [34].
Коммуникация болашақ маман тұлғасының қалыптасуының бір факторы екені
белгілі. Ол студенттердің топтық іс-әрекетінің реттеушісі және мінез-құлықтың
топтық нормаларын қалыптастыру құралы болып табылады.Коммуникация
немесе қарым-қатынас деп аталатын үрдіс – аса кең жіне сыйымды түсінік. Бұл
саналы және саналанбаған вербалды байланыс, ақпарат алу мен беру, оның өзі
барлық жерде және барлық жерде байқалады. Коммуникация – өте маңызды, әрі
күрделі де ұзақ мерзімді қажет ететін көкейкесті мәселелердің бірі. Қарым-
қатынасқа түспей тұрып жеке адамды толық түсіну, оның адами қасиеттерін,
дамып жетілуін талдау мүмкін емес. Сондықтан да тұлғаның дамуында қарым-
қатынастың орны ерекше. Леонтьев А.А. «қарым-қатынас» ұғымын қарым-
қатынасқа белгілі бір іс-әрекет түрі ретінде қарау керек деп айтқан. Қарым-
қатынас іс-әрекет түрі сияқты тек түр қатынасында болатын құбылыс ретінде
қарастырылуы мүмкін. Қарым-қатынастың өзі іс-әрекет емес, ол қоғамдық –
еңбектік қатынаста әртүрлі іс-әрекетпен айналысатын адамдардың өзара әрекеттсу
формалары болып табылады [98].
Б.Ф. Ломовтың түсіндіруі бойынша, қарым-қатынас бұл – «бір-бірімен қатар
жүретін дамып отыратын іс-әрекеттің біріне-бірі қосылуы емес, - дейді, - ол оған
серік ретінде жүретін субьектілердің өзара әрекеті» [100].
В.М. Бехтерев қарым-қатынасты адамдарды топқа біріктіру механизмі, тұлға
әлеуметтенуінің шарты сияқты қарастырылады.
М.С. Каган қарым-қатынасты адамдардың бірлігінен туатын жаңа ақпаратты
өңдеу үрдісі ретінде қарастырады .
Г.М. Андреева қарым-қатынасты үш жағынан қарастырады: интерактивті,
коммуникативті, перцептивті. Перцептивтік қарым-қатынас – бұл адамдардың
бірін-бірі қарым-қатынас арқылы қабылдауы. Коммуникативтік қарым-қатынас –
бұл мәлімет алмастыру. Интерактивті қарым-қатынас – бұл индивиттің
әрекеттесуінің ұйымдасуымен жалғасады [99].
Ал Ломов Б.Ф. қарым-қатынастың үш жағын былай сипаттайды: ақпараттық-
коммуникативтік; реттеуші-коммуникативтік; және аффективтік-коммуникативтік.
Бодалев А.А. қарым-қатынасты іс-әрекеттің ерекше түрі деп, адамның тұлға және
іс-әрекет суьбектісі және жеке даралық ретінде дамуының негізгі факторы
болатынын атап айтқан. Қарым-қатынас – студенттік кезеңдегі ең негізгі
тенденция. Біздің ойымызша, қазіргі таңда қарым-қатынас жеке адам дамуының
құралы мен басқаруы болып отыр. Ақпараттық және коммуникациялық
технологиялар – дегеніміз әдістер, өндірістік және бағдарламалық-техникалық
құралдар жиынтығы, қоданушылардың қызығушылығына қарай ақпараттарды
қолдану, тарату, сақтау, өңдеу және жинақтау мақсатында біріктіру [100].
20
Виштынецкий Е.И. мен Крвошеев А.О. көрсеткендей ақпараттық және
коммуникациялық технологияны білім сферасында қолдану төменде көрсетілген
міндеттерді жүзеге асрыу үшін мақсат қоюы керек:
- студенттердің ойлау жүйесін дамыту;
- студенттердің білім алуын, біліктілігі мен дағдыларын бекіту мен дамытуда
танымдық әрекеттің барлық түрін қолдану;
- оқу үрдісінің бір тұтастығын сақтай отырып студенттердің өздік жұмысын
жүзеге асыру [60].
Ақпараттық және коммуникациялық технология құралдарын төмендегідей
жіктеуге болады :
1. Педагогикалық міндеттерді шешуіне байланысты:
- базалық дайындығын қаматамасыз ететін құраладар (электронды оқулықтар,
оқыту жүйесі, білімді бақылау жүйесі);
- тәжірибелік дайындық құралдары (тапсырмалар жиынтығы, практикумдер,
имитациялық үлгілеу бағдарламасы, тренажерлар);
- қосымша құралдар (энциклопедия, сөздіктер, мультимедиялық оқу
сабақтары);
- кешеді құралдар (қашықтықтан оқыту курсы).
2. Білім үрдісін ұйымдастыруфункциясы бойынша:
- ақпараттық-оқыту (электронды кітапхана, электронды оқулықтар,
электронды баспа, сөздік, анықтама, оқытатын компьютерлік бағдарлама,
ақпараттық жүйелер);
- интербелсенді (электронды пошта, электронды телеконференциялар).
3. Ақпарат түрлеріне қарай:
- мәтін ақпараттарымен электронды және ақпараттық ресурстар (оқулықтар,
оқу құраладары, тапсырмалар, тестер, сөздік, анықтама, энциклопедия, баспасөз,
сандық мәліметтер, бағдарламалық және оөу-әдістемелік материалдар);
- көрнекі ақпараттар бар электронды және ақпаратты ресурстар (фотолар,
портреттер, иллюстрациялар, құбылыстар мен үрдістердің видеокөрністер,
видеоэкскурссиялар; статистикалық мәліметтер, кестелер, сызбанұсқалар,
диаграммалар);
- аудиоақпараттармен электронды және ақпаратты ресурстар (дыбыс
жазғыштар, тірі және өлі табиғаттың дыбысы)
- аралас ақпаратты электронды және ақпаратты ресурстар (оқулықтар, оқу
құралдары, алғашқы деркетер, тапсырмалар, энциклопедия, сқздік, басылымдар).
4.
Білім үрдісіне ақпараттық және коммуникациялық технологияны қолдану
түріне қарай:
- сабақта;
- сабақтан тыс.
5. Оқытумен байланыс түріне қарай:
- «offline» - асинхронды технология режимдегі байланыс;
- «online» - синхронды технология режимдегі байланыс.
21
Білім үрдісінде ақпараттық және коммуникациялық технология құралдарын
пайдаланудың бірнеше аспктісін бөліп көрсетуге болады:
1. Мотивациялық аспект. Ақпараттық және коммуникациялық технологияны
қолдану студенттерд тиімді мотив қалыптастырып, қызығушылығын оятады және
төмендегідей жағдайлар қарастырылады:
- студенттердің жеке білім мүмкіндіктері мен сұраныстарын ескеру;
- сабақ өткізу деңгейін, мазмұнын, түрлерін дұрыс таңдау;
- студенттердің шығармашылық потенциалын ашу;
- студенттердің қазіргі таңдағы ақпараттық және коммуникациялық
технологиямен жұмыс жасауды игеруі.
2. Мазмұнды аспект. Ақпараттық және коммуникациялық технологияны
қолдану мүмкіндіктері:
- оқу пәнінің бөлімдері мен жеке тақырыптары бойынша интербелсенді
кестелер, сызбанұсқалар және басқа да сандық білім ресурстарын құруда;
- жеке тест тапсырмаларын құруда;
- студенттердің өздік жұмысы үшін интербелсенді тренажер мен үй
тапсырмаларын құру үшін.
3. Оқу-әдістемелік аспект. Электронды және ақпаратты ресурстар білім үрдісін
оқу-әдістемелік кешен көмегімен қолданылады. Оқытушы сабаққа дайындалғанда
әр түрлі ақпараттық және коммуникациялық технология құралдарын пайдалана
алады; жаңа материалды түсіндіру барысында, алған білімді бекіту үшін, білім
сапасын тексеру үрдісінде; студенттердің өздік жұмысые ұйымдастыру
мақсатында. Компьютерлік тестер мен тест жинағы білімді тескру мен бағалау
түрлерін жүзеге асыру мақсатында қолданылады.
Бұдан басқа оқытушы әртүрлі электронды және ақпаратты ресурстарды сабақ
және сабақтан тыс уақытты жобалау үшін қолданады.
4. Ұйымдастырушылық аспект.
Ақпараттық және коммуникациялық
технологияны оқытуды ұйымдастырудың әртүрлі нұсқасында пайдаланады:
- жеке жоспар негізінде әр студентті оқыту;
- жеке және топтық жұмысты орындау барысында.
5. Бақылау-бағалау аспектісі.
Ақпараттық және коммуникациялық
технологияны пайдалана отырып студенттердің білім нәтижелерін бағалау мен
бақылау құралы тест тапсырмалары болып табылады, мұнда бақылау түрлеріне
кезеңдік, аралық және қортынды бақылау түрлері жатады. Тестер «online»
режиміне (интербелсенді режим негізінде компьютерде өткізіледі) және «offline»
режимінде (қателерін тексере отырып оқытушы тест нәтижелерін бағалайды).
Осыдан география сабақтарында
ақпараттық және коммуникациялық
технологияны пайдалану оқу тиімділігін арттырып қана қоймай, сонымен бірге
іртүрлі оқу әдістері мен түрлерін жетілдіруге, студенттердің бағдарланған
материалды терңнен зерттеуіне мүмкіндік береді.
Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды
пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын
22
жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен
сапасын жоғарылатуды көздейді [55].
Біріккен ұлттар ұйымының шешіміміен «XXI ғасыр – ақпараттыандыру
ғасыры» деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық
прогресстің белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.
Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін
ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру
негізгі міндеттерінің біріне айналды. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті
елдердің қатарына қосылуы, бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі білім беру
саласындағы басты міндет - әлеуметтік педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан
білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестірумен оларды
жүзеге асыра алатын мұғалімдерді даярлау [58].
Қазіргі кезде қоғамның ақпараттық сипатқа ие болуы негізінде ғаламдық
ақпараттық үдерістерге ілесуінің мәні өте зор болып отыр. Соған орай,
ақпараттандырудың ықпалымен қазіргі қоғамдағы адам әрекеттерінің, сонымен
қатар, педагогикалық іс-әрекеттердің барлық аймақтарындағы ақпараттық
білімдерді пайдалану арқылы болашақ қоғам құрылымы да нарықтық экономика
жағдайына байланысты дамуда. Қоғамды ақпараттандырудың басты мақсаты –
білім беру саласы арқылы ақпараттық үдерістерді, құбылыстарды, олардың
арасындағы өзара байланыстарды модельдеу негізінде қабылданған шешімдердің
нәтижелерін талдау және болжау, оқу мен практикалық міндеттерді шешудің
стратегиясын жасау, мамандардың кәсіптік біліктілігін қалыптастыру, олардың
жеке және альтернативті ойлау қабылеттерін дамыту, қазіргі заманғы ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды пайдаланудың теориясы мен практикасын
тереңірек меңгеру. Жоғары оқу орнын бітірушілердің сапасына қойылатын
талаптардың өсуі білім беру үдерісіне өзгерістер енгізуге әкелетін ғылыми-
техникалық дамудың негізі болып табылады. Қазіргі уақытта іс-әрекетте жоғары
сапаға жетуді, өз бетінше негізделген және ықпалды шешім қабылдай алуды
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану әдістерін меңгермей
жүзеге асыру мүмкін емес.
Ақпараттық және коммуникациялық технологияларды игеру қазіргі заманда
әрбір жеке тұлға үшін оқу және жазу қабілеті сияқты сапалармен бір қатарға және
әрбір адам үшін қажетті шартқа айналды. Алынған білім мен дағдылар бұдан әрі
көптеген жағдайда қоғамның даму жолдарын анықтайды. Ақпараттандырудың
негізгі бағыты XXI ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары
тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стартегиясына көшу болып
табылады.
Осыған сәйкес қазіргі білім жүйесінің ерекшеліктеріне – оның іргелілігі,
алдын алу сипаты және оларға қол жеткізу мүмкіндіктері жатады. Бүгінгі күні
ақпараттық және коммуникациялық технология кең көлемде оқыту мен
педагогикалық ұйымдастыру қызметінде барлық республикалық жоғары оқу
орындарында қоллданылады. Электрондық оқулық, көмекші құралдар,
23
компьютерлік тапсырмалар, лабораториялық жұмыстар, педагогикалық
программалық шаралар бұларды оқытушылар өздері құрады және пайдаланады.
Қазіргі кезде білім беруді ақпараттандыру процессінің жүргізілуіне байланысты
осы процессті жүзеге асырудағы өзекті мәселелердің бірі – электронды оқулықтар
дайындау болып отыр. Ал оларды оқыту процессінде қолдану – сапалы білім
берудің бірден бір құралы болып табылады. Себебі тек оқытушының айтқандарын
немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Осыған
байланысты, оқытудың бұрынғы жүйесін сүйемелдеу бағытында ең тиімді
технологияларға мыналарды жатқызуға болады [53].
Презентациялар технологиясы. Бұл технология жаңа материалды жаңа түрде
көрсету құралы болса, екінші жағынан оқытушыға осы материалды дайындауды
және қолдануды жеңілдетеді. Алдын ала жүргізілген тәжірибелер презентациялар
технологиясын пайдалану балалардың оқуға деген ынталылығын арттырып,
сабақтың қызықты өтуін қамтамасыз етіп оған дайындалу мерзімін қысқартады,
ең бастысы – мұғалімдерді жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға
дағдыландырады. Осыған қоса, оқу орнының жергілікті компьютерлік желісі
болуын және бұл желінің интерент жүйесіне қосылуы оқытушы жұмысын
біріктіре отырып, сабақ бере отырып жаңа технологияларын игеру ісін
оқытушылардың өздеріне де өте қызықты етіп көрсете алады.
Үлгерімді тексеру және оқушылар білімін жетілдіру компьютерлік
технологияларды осы мақсатта пайдалану біріншіден, оқытушының жұмыс
өнімділігін арттырып, оқу нәтижелерін текстеруге көбірек уақыт бөлуге
көмектеседі; екіншіден, объективті түрде қадағалай отырып, балалардың алған
білімін бағалауды жүзеге асырады; үшіншіден, бақылау технологиясына ғылыми
технологияларды енгізіп, оны кейіннен де пайдалунуға болатындай етіп білім
мекемелерінен алынатын білімді стандарттау технологиялары жайлы айтуға негіз
бола алады.
Бұл процесстің негізі мынада – оқытушы тексеру нәтижесі жайлы толық
ақпарат ала отырып, балалардың әрқайсысына олардың қатесіне байланысты
қағазға жазылған қосымша тапсырма береді. Оларды орындау нәтижесін тағы да
компьютерлік тест немесе оқытушының өзі тексеріп шығады. Мұндағы бір айта
кететін жайт, соңғы бақылау баға қою мақстаында емес, студенттің қай
тақырыпты қалай меңгергені жайлы мәлімет беретін дидиактикалық тест алу
мақсатында жүргізіледі. Осындай технология өзінің тиімділігін әрі
қызықтылығын көрсетеді. Мұндағы негізгі мәселе объективтілік, сенімділік және
дұрыстылық талаптарына сай келетін, ғылыми тұрғыдан негізделген
компьютерлік тест тапсырмаларын жасау керек екенділігі белгілі [52].
Білім берудегі интерактивті технология – мұндағы интерактивті сөзі – inter
(бірлесу), act (әрекет жасау) ұғымын білдіреді, сабақ барысында оқушының
топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін-бірі толықтыратын, сабақ
барысында барлық студенттердің қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы [51].
24
Компьютерлік моделдермен жұмыс істеу. Моделдермен жұмыс істеу бір
жағынан балаларға таңдау еркіндігін беріп, өз жаңалығын ашу жағдайын
модельдеуге мүмкіндік беретін оқу ісінің зерттеу компоненті болады. Екінші
жағынан, студенттерге өз теориялық білімдерін практикада қолдануға мүмкіндік
береді. Модельді пайдаланудағы орындауға тиіс ең басты шарт – ол құралдың
оқыту есептеріне сәйкес келуі. Ақпараттық және коммуникациялық технология
электронық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді
пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды
қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына
негізделеді. Ақпараттық-әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс
құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Ақпараттық және коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан-
жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол
ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін да тигізер пайдасы аса
мол.Бүгінгі күні ақпараттық және коммуникациялық технологиялар өндірісте,
кәсіпорындарда, құжат өңдеу іс-әрекеттерінде кеңінен қолданылуда, оның
қамтитын іс-әрекет саласы зор қарқынмен өріс алуда. Өңделетін ақпараттың
көлемі мен күрделілігінің тұрақты өсуіне орай қоғамда оны бейнелеудің жаңа
түрлері талап етілуде. Болашақ мамандарды, соның ішінде кәсіптік білім
мамандығы студенттерінің кәсіби құзырлылығын қалыптастыруда ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды пайдалану ақпараттық қоғамның қазіргі
дамуында жоғары оқу орындарына қойылатын негізгі талаптардың бірі болып
табылады. Ақпараттық қоғам еңбек мазмұнының өзгеруіне сәйкес жылдам
бейімделетін, жаңа білімдерді, біліктіліктерді және дағдыларды қысқа мерзімде
игеру қабілетіне ие болатын мамандарды қажет етеді [97].
Қазіргі кезде студенттерді оқыту үдерісінде ақпараттық және
коммуникациялық технологияларды пайдалану жүйесін қалыптастырудың
жолдары жетілдірілуде. Оқу үдерісін мүмкіндігінше сапалы жетілдіру білім беруді
ақпараттандыру мен оқыту үдерісінде арнайы әдіс-тәсілдерді тиімді
ұйымдастыруға байланысты. Осындай өзекті мәселелерде кәсіптік білім
мамандығы студенттерінің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың маңызды
элементі ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың құралдары болып
табылады. Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар деп ақпараттармен
жұмыс істеуге арналған, яғни ақпараттық үдерістерді басқаруға арналған қазіргі
заманғы құрылғылар мен жүйелер түсіндіріледі.
Демек, соңғы кездегі ғылыми және практикалық зерттеулерде ақпараттық
және коммуникациялық технологиялар адамзат танымының әдіснамалық
бағыттағы ең негізгі нысаны болып отыр [55].
Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар ғылымда және
практикада, түрлі білім беру және өндіріс салаларында өз орынын тауып, жоғары
оқу орындарының да оқу үдерістерінде кеңінен қолданыс табуда.
25
|