2 БӨЛІМ Ақпараттық және коммуникациялық технология студент
географтардың оқу белсенділігін арттырудың факторы ретінде қолданудағы
педагогикалық тәжірибелік жұмыс
2.1
Жоғары оқу орындарында ақпараттық және коммуникациялық
технологияны қолдану мәселелері
Республикада жоғары кәсіби білім беру жүйесінің реформалануына және
дамуына көп көңіл бөлінуде. Бұл мәселелер «Білім туралы» заңда да, «Білім
беруді дамыту тұжырымдамасында» және ҚР Білім және ғылым министрлігінің
дайындаған көптеген сәйкес құжаттарында көрініс тапқан. Орта және жоғары
кәсіби білім беру ошақтарының дамуы тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсуге
байланысты, өйткені, соңғы он жыл ішінде Қазақстанда жаңа және бұрынғы
тұрып қалған кәсіпорындар қуатты түрде жұмыс істеуде. Экономикалық
қызметтің әртүрлі салаларының дамуы және маманданудың жаңа бағыттарына
сәйкес мамандарға деген сұраныс республикамыздың әлеуметтік-экономикалық
саласын жаңа жоғары кәсіби кадрлармен, сонымен бірге жоғары білімді
мамандармен қосымша қамтамасыз етуді қажет етеді. Қазақстан
Республикасының Білім туралы заңында: «Білім беру жүйесінің басты
міндеттерінің бірі – білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау
керек» - деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттындыру барысында
дидиактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез
келген білім беру саласында мультимедиялық электронық оқыту құралдары
барлық пәндерді оқытуға пайдаланады. Бұл бағытта ақпараттық технологияны
оқытү үрдісіне екпінді түрде енгізу бағытында жеке қолданылатын жаңа
құралдардың бірі – бағдарламалық-техникалық кешен болып саналатын «Активті
экран» болып табылады [96].
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – студенттерег ақпараттық білім
негіздерін беру, логикалық құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық
технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану
дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу.
Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік-
ақпараттық бейнесін студенттердің белсенділігі мен құндылық бағдарларын
дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас
бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы.
Жоғары білім берудің мақсаты – сапалы жоғары білім алуда қоғамның,
мемлекеттің және жеке тұлғаның ынтасын қанағаттандыру, әрбір адамға «оқу
түрін, мағынасын және уақытын таңдауға барынша мүмкіндік жасау». Қойылған
мақсаттарға халықтың барлығына бірдей жоғары білім алуға қол жеткізуін
қамтамасыз ету және жоғары білім алуда адамдардың қызығушылығын көтеру,
көп профилді және көп функционалды жоғары оқу орындары желісін дамыту,
34
сонымен қатар бакалаврлар мен магистрлердің кәсіби дайындығының сапасын
бағалаудың тәуелсіз жүйесін құру, біліктілік беру мен бекіту арқылы жетуге
болады [41].
Қазақстанда жоғары білім беру жүйесі жеке тұлғаны, ұйым мен қоғамды
тұтастай дамыту құралы ретінде көрінуі тиіс және мынадай талаптарға жауап беруі
керек:
– тұлғаның өзін-өзі дамуына және өзін-өзі теңестіруіне қабілетті болуы;
– тұлғаның ойлау, шығармашылық, коммуникация және рефлексия сияқты
әртүрлі іс-әрекеттерді орындау үшін түрлі ерекшеліктерін дамытуына жағдай
жасау;
– әлеуметтік-кәсіби-коммуникативтік қолдау ортасын құру;
– маманның кәсіби қызметінің өсуіне әсерін тигізу;
– кадрларды жедел қайта даярлау мүмкіндігін қарастыру;
– білім беру бағдарламаларының көпдеңгейлі, вариативті, алғыр жүйелері
арқылы адам капиталын өсіру, ұйымның даму процесінің негізгі бөлігі болу;
– республика халықтарының барлығына бірдей жоғары білім алуына қол
жеткізуін қамтамасыз ету. Республика экономикасының жаңа кезеңінде білім
берудің жеке субъектісі ретінде ғылыми-зерттеу институттары мен өндірістік
кәсіпорындардың рөлі ерекше өзгергенін айтқан жөн. Басқарудың командалық-
әкімшілік жүйесінен бас тарту жоғары оқу орындары бітірушілерін әкімшілік
бөлудің тоқтатылуына әкеліп соқтырды, ал кәсіпорындар адам ресурстарын
басқару саясатын жүргізуде еркіндік алды. Осыдан барып кезінде орын алып
тұрған экономикалық және саяси дағдарыс альтернативті механизмдердің
дамуына шешуші әсер етіп, келесідей сипатта болды:
– кәсіпорынның жаңа біліктілікті қолдануды қажет ететін инновация мен
инвестициялауды дамыту үшін стимулы жоқ;
– кәсіпорын тәуелсіз білім беру секторларымен қатынас жасауға
ұмтылмайды;
– ұзақ уақыт күту саясаты тоқтатылды, нәтижесінде көптеген кәсіпорындарда
қызметкерлерді қайта мамандандыру мен біліктілігін көтеру жүйесі жоғалды.
Көптеген зерттеушілер қатарының пікірі бойынша, жоғары оқу орындарында
маман дайындауда басты орынды құзырлылық алуы тиіс, яғни тұлғаның
прагматикалық бағытталған келбеті («шешім қабылдай және іс-әрекет ете білу»,
«болған жағдайға кірісе білу» және т.б.). Құзырлылық оқуға да, ақыл-ойға да алып
бармайды. Бұл білім алу мен адам практикасы іс-әрекеті арасындағы қатынас
ортасы. Құзырлылықтың келесідей мысалдарын көрсетуге болады: жасалған
тәжірибеден пайда таба білу, өз білімімен өзара байланыс ұйымдастыра білу,
өзінің жеке игеру тәсілдерін ұйымдастыру, мәселелерді шеше білу, әртүрлі
мәліметтер қоймасына сұраныс жасай білу, маңызды мәліметтер таңдай және
ақпарат ала білу, өткен және қазіргі жағдайлармен өзара байланыс ұйымдастыру,
біздің қоғамымыздың даму аспектілеріне араласа білу және т.б [26, 60, 62].
Ақпараттық бірлікті қалыптастыру: жоғары мектептің материалдық-
35
техникалық базасына ақпараттық қоғам саясатының мақсаты мен міндеттеріне;
студенттердің ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жүйесіне; студенттердің
меңгеру қабілеттеріне, педагог мамандардың білім деңгейлерінің сапасы мен
шеберліктеріне, оқу-тәрбие бағытының ақпараттық қоғам бағытымен өзара
байланысына тәуелді.
«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасына» сәйкес, жоғары білім беруді дамытудың негізгі тенденциясы
маман дайындаудың сапасын жоғарлату, ғылыми-зерттеу қызметтеріне негізделген
инновациялық білім беруді дамыту, жоғары оқу орындары зерттеулері мен
әлеуметтік орта және экономика салаларының қажеттіліктерінің байланысы,
ақпараттық және білім беру технологияларын жетілдіру мәселелеріне негізделіп
отыр [2].
Жоғары оқу орындарында ақпараттық және коммуникациялық технологияны
қолдану төмендегідей факторлармен анықталады:
Біріншіден, ақпараттық және коммуникациялық технологияны қолдану адамзат
жинақтаған әлеуметтік тәжірибе мен білім беруді тек ұрпақтан ұрпаққа беріп
қойма, бір адамнан екінші адамға беруді жылдамдатады.
Екіншіден, қазіргі таңдағы ақпараттық және коммуникациялық технологияны
білім мен оқыту сапасын арттырып, өтіп жатқан әлеуметтік өзгеріске бейімделуге
жағдай жасайды.
Үшіншіден, білім саласына бұл технологияны белсенді және тиімді енгізу
қазіргі қоғам талабына сай білім жүйесін жаңартудың ең басты факторы болып
табылады.
Біздің ойлауымызша, қазіргі таңдағы ақпараттық және коммуникациялық
технологияны студенттердің ақпараттық құзіреттілігін қалыптастырып және
дамытуда қосымаша мүмкіндік береді. Білім жүйесінде ақпараттық және
коммуникациялық технологияныны қолдану тиімділігі оқытушының кәсіби
құзіреттілігіне байланысты, ол студенттердің сөйлеу біліктілігі мен дағдысының
дамуына тиімді мотивті қалыптастырып, әрекет қралдары мен түрлерін таңдауға
еркіндкік береді. Ақпараттық және коммуникациялық технологияны тиімді оқу
құраладарының қатарына жатады, ол студенттердің ойлау белсенділігін арттыруға
әсер етіп, оқытушы мен студент арасындағы байланысты күшейтіп және тиімді
жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Оларды оқу үрдісіне енгізу:
- білім кеңістігіндегі ақпараттық ағымдарды біріктіреді және жүйелейді;
- ақпараттық және коммуникациялық технологияны игеру негізінде студенттерде
субьективті көққарас қалыптастыру;
- жалпы және кәсібіи құзіреттілікті игеру арқылы студенттердің тұлғалық
жетістіктерін бақылау және жобалау.
Осыдан ақпараттық және коммуникациялық технологияны жоғары оқу
орындарында қолдану ешқандай күман келтірмейді, бірақ мұндай жұмыстардың
теориялық, дидактикалық және әдістемелік аспектісі әліде жан-жақты және терең
зерттеуді қажет етеді. Жоғары оқу орындарындағы оқыту үдерісі болашақ
36
мамандардың белсенді ойлау қабілеттерін дамытып, олардың дербес зерттеуші
қызметіне жақындай түсуіне ықпал етеді. Әр уақытта педагогикалық қызмет пен
ғылымды бір-бірімен ұштастыра жүргізудің маңызы зор. Сол себепті жоғары
мектептердің ғылым мен мәдениетті дамытудағы рөліне арттыруды біздің қоғам
басты мақсат етіп отыр. Қазіргі уақытта оқыту үдерісінде болашақ мамандарға
берілетін ғылыми білімнің теориялық базасының жоғары дәрежеде болуы;
мамандар даярлаудың профильдерін кеңейту; оқу пәндерінің кіріктірмелілігін
жүзеге асыру; оқытуда студенттердің шығармашылық қабілеттерін арттыратын
белсенді оқыту әдістерін кең түрде қолдану көзделуде. Яғни, жоғары мектептегі
оқыту үдерісі студенттерге әмбебап және тұғырлы білім беруді мақсат етеді.
Бүгінгі таңда жоғары оқу орындарында білім беру мен тәрбиелеу жүйесіне
жаңаша қарап, болашақ мамандардың саяси-әлеуметтік, шығармашылық
мүмкіндіктерін өрістетіп және олардың өздігінен дамуына әсер ететін
шығармашылық іс-әрекеттерін қалыптастыру мәселелері педагогикалық тұрғыдан
ғылыми зерттеулерде көкейтесті мәселе болып отыр.
Ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың әлеуеті
студенттердің даярлығын жетілдірудің шынайы мүмкіндіктерін ашып көрсетеді.
Атап айтсақ, оқу үдерісінде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды
іске асырудың жүйелі ғылыми-әдістемелік жолын анықтайды; студенттердің
практикалық іс-әрекетінде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды
пайдаланудың әдістемесін жасайды; оқытушылардың ақпараттық-компьютерлік
технологияларды меңгеру және оқу үрдісінде пайдалану бойынша кәсіби
біліктерін жетілдіреді; студенттердің білім, білік, дағдысын қалыптастыру арқылы
ақпараттық коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалануға үйретеді; оқу
орындарының материалдық-техникалық базасын нығайтады [58, 67].
Белсенді іс-әрекет мәселесін ғалымдар әр сала бойынша үнемі үздіксіз
талдап, талқылап келеді. Бұл жөнінде педагогика классиктерінің шығармашылық
еңбектерінде, ғылыми зерттеулерінде, педагогикалық трактаттарында арнайы
кейде жанама түрде қарыстырылып келеді. Белсенділіктің негізгі белгілері
адамның жемісті тіршілігін қамтамасыз ете отырып, оның қабілеттіліктеріне
негізделеді. Тұлғаның белгілі бір әрекетке қабілеттілігі қаншалықты жоғары
болса, оның бойында сол іс-әрекетке қызығушылығы соншалықты артады [63].
Өркениеттің қарқынды дамуының негізгі қозғаушы күші белсенді, талапты,
жігерлі, жасампаз, ойлап тапқыш, іскерлік қабілеті жоғары, танымдық
қызығушылығы мол, психикалық әрекеті жоғары деңгейде, оң нәтижеге
бағытталған, құзыретті – шығармашыл тұлға [32,23].
Біздің заманымыздың электрондық, атомдық, ғарыштық деп аталып
жатуының өзі адамның ақыл-ойының, санасының жетілгендігінің нәтижесі, бір
сөзбен айтқанда, осының бәрі адам шығармашылығының жетістіктерінің көрінісі.
Сондықтан жастардың, болашақ мамандардың оқу үдерісінде білім алу кезіндегі
белсенділігі өз беттерімен білімді игеру дәрежелері дидактика мен білім беру
орындары тәжірибесінде үнемі басты проблеманың бірі болып қала береді. Олай
37
болса, студент жастардың белсенді іс-әрекетін қалыптастырудағы ақпараттық
және коммуникациялық технологияның ықпалын жан-жақты зерттеп қолдануға
негіз болатын ғылыми-әдістемелік нұсқауларды зерделеген жөн.
Бұл мәселенің зерттеу нәтижелерін табу үшін ең алдымен адамның
тұлғалық қасиеттерін қарастырып, шығармашыл тұлға бейнесінің қалыптасуына
негіз болатын ғылыми тұғырларды анықтаймыз. Осының арқасында тұлғалық,
әрекеттік, ақпараттық, белсенділік әрекеті, технологиялық және біртұтас
педагогикалық үрдіс теорияларының негізінде болашақ мамандардың,
студенттердің ақпараттық және коммуникациялық технологиялар арқылы оқу
белсенділігін дамытып, шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың ғылыми
негіздерін нақтылауға мүмкіндік туады [96, 97].
Ақпараттық және коммуникациялық технологияның оқу іс-әрекетін
басқарудағы рөлі мен орнын бағалау үшін білім беруді ішкі үдерістерге жіктеп
көрсетуге болады. Білім беру үдерісінде оқытушы мен студенттің өзара қарым-
қатынасын ақпараттық және коммуникациялық технология арқылы жүзеге
асырудың өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, оқытушы – білім беру іс-әрекетін
басқарушы субъект; студент – өзіндік оқу іс-әрекетін басқару субьектісі болып
саналады. Сонымен, білім беруді жүйе деп қарастырсақ, оған субъектілер мен
студенттің шығармашылық іс-әрекетін дамытуға пайдаланатын ақпараттық
технология құралдарын объект ретінде қолданған жөн.
Мұндай үдерісте студенттердің ақпараттық технология құралдарының
үйлесімді қатысы ескеріледі. Студенттердің белсенділік іс-әрекетін ақпараттық
және коммуникациялық технология арқылы ұйымдастырудың жүйесі бірнеше
қарым-қатынастың тізбектеле жүруі арқылы іске асырылады. Осы қарым-қатынас
студенттің өзіндік жұмыстарын ақпараттық және коммуникациялық
технологиялар арқылы тапсырманы жеке орындау жұптық жұмыстарда
ақпараттық және коммуникациялық технологиялар арқылы тапсырманы жеке
орындау, жұптық тапсырмаларды бірлесіп орындау және т.б. қарастырылады.
Бірінші оқытушы – ақпараттық және коммуникациялық технология – студент
қарым-қатынасында ақпараттық және коммуникациялық
технология
оқытушының оқыту құралы болып табылады да, студентке жаңа оқу
материалдарын қолдануда теориялық-практикалық тапсырмалар беруді, тестілеуде
т.б. белсенділігін дамыту деңгейінің көрсеткішін нақтылауға, нәтижесін талдауға
мүмкіндік табады.
Студент – ақпараттық және коммуникациялық технология – оқытушы
байланысында ақпараттық және коммуникациялық технология студенттің құралы
ретінде қарастырылады. Осы арқылы жаңа оқу материалдарын меңгеруде
электрондық жаттығуларды және бақылау жұмыстарын, тапсырмаларды өз
бетімен орындауы белсенділігінің қалыптасуына әсер етеді. Оқытушының күткен
нәтижесіне негіз болар көрсеткіштер пайда болады.
Үшінші тізбекте оқытушы – студент – ақпараттық және коммуникациялық
технология – оқытушы байланысында оқытушының басшылығымен студенттер
38
бір мезгілде бірдей іс-әрекетті орындайды және оның нәтижесін оқытушы сол
мезетте біле алады. Нақтырақ айтсақ, болашақ мамандардың белсенділігін
ұжымдық тәсіл бойынша жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияны
үйлесімді қолданып дамытуды басшылыққа алады.
Болашақ мамандардың оқу белсенділігін арттыру үшін ақпараттық және
коммуникациялық технологияны қолданудың педагогикалық қағидаларына сәйкес
«студент – ақпараттық және коммуникациялық технология – оқытушы» өзара
қарым-қатынасы мүмкіндіктерінің білім беру үрдісін ұйымдастырудағы тиімділігі
оған қажетті педагогикалық шарттарды орындағанда ғана мүмкін болады. Ол
үшін теориялық талдау мен педагогикалық іс-тәжірибелерді зерделеу негізінде
студенттердің белсенділігін ақпараттық және коммуникациялық технологиялар
арқылы қалыптастырудыңң педагогикалық шарттарын былайша анықтауға
болады:
1. жоғары оқу орындарындағы оқу-тәрбие үрдісі ақпараттық және
коммуникациялық технология құралдарымен жабдықталуы және оқу
бағдарламаларымен қамтамасыз етілуі;
2. болашақ мамандардың ақпараттық және коммуникациялық
технологияларды белсенділік әрекетте қолдана білу біліктіліктері мен
дағдыларының қалыптасуы.
3. «болашақ мамандардың белсенділік әрекетін қалыптастыруда ақпараттық
және коммуникациялық технологияларды пайдалану» арнайы курс бағдарламасын
барлық жоғары оқу орындарының оқу үдерісіне енгізу;
4. болашақ мамандардың белсенділігін ақпараттық және коммуникациялық
технологиялар арқылы қалыптастыруды сабақтан тыс уақыттарда да ұйымдастыру
[101].
Қазіргі заман талабына сай жоғары оқу орны студенттерінің білім алу
үрдісінде ақпараттық және коммуникациялық технология құралдарымен
жабдықталуы және оқу бағдарламаларымен қамтамасыз ету жұмыстары
жүргізіледі. Әр жоғары оқу орны компьютерлік орталық, интернет-кластар, видео-
студия дәрісханалары, электронды кітапхана, электрондық оқулықтар мен оқу
кешендерінің қоры т.б. жабдықталуы білім сапасына игі әсерін береді.
Екінші шарт бойынша болашақ мамандардың ақпараттық және
коммуникациялық технологияларды белсенділікте көтеруде қолдана білу
біліктіліктері мен дағдыларының қалыптасуын: қажетті ақпараттарды табу үшін
ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың тиімдісін таңдай білу;
ақпаратты тарату операцияларын орындай білу; түрлі бағдарламаларды меңгеріп,
олармен жұмыс істей білу; кестелер, суреттер, сызбалар т.б. жасай білу дағдылары
жетіледі, дамиды.
Педагогикалық бiлiм беретiн жоғарғы оқу орындары студенттерiнiң
ақпараттық және коммуникациялық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiн
қалыптастыру қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең
көкейтестi мәселелердiң бiрiне айналып отыр. Бұл міндеттілерді шешу үшін
39
оқытушылар күнделікті іздену арқылы барлық жаңалықтармен өзгерістерге жол
алатындай жаңа тәжірибелік, әр түрлі әдіс – тәсілдерді тиімді керекті жерінде
дұрыс пайдалана білу. Студенттердің қазіргі заманғы ақпараттық және
коммуникациялық технологияларды меңгеруі өмірге жаңа көзқарасын
қалыптастырып, ой - өрісін жетілдіреді, шығармашылық белсенділігін,
ізденімпаздығын арттырады. Жоғары мектептің білім беру саласында ақпараттық
және коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын
арттыру, білім беру үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді
тәсілдерін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстардың тиімділігі
мен нәтижелері бірнеше оқу-әдістемелік, психологиялық-педагогикалық
мәселелердің шешімін ғылыми түрде негіздеуді талап етеді. Оларды бірнеше
бағыттарға бөлуге болады.
- оқу үрдісінде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды іске
асырудың жүйелі ғылыми-әдістемелік жолын анықтау;
- студенттердің тәжірибелік іс-әрекетінде ақпараттық және коммуникациялық
технологияларды пайдалану әдістемесін жасау;
- оқытушылардың ақпараттық және коммуникациялық технологияларды меңгеру
және оқу үрдісінде пайдалану бойынша кәсіби біліктілігін жетілдіру;
- студенттерді білім, білік, дағдыны меңгеру үшін ақпараттық және
коммуникациялық технологияларды пайдалануға үйрету;
- жоғары мектептің материалдық-базасын нығайту. Осыған байланысты
төмендегідей бағыттарды қарастыруға болады:
Бірінші бағыт - ақпараттық және коммуникациялық технологиялар білім, білік,
дағдыны игеру үшін қажетті ресурс болып табылып, оқушылардың саналы
тәрбие, сапалы білім алуына жағдай жасайды.
Екінші бағыт - ақпараттық және коммуникациялық технологиялар оқу-тәрбие
үрдісін ұйымдастыру тиімділігін арттырудың қуатты құралы болып табылады.
Көптеген заңдарда және соған сәйкес құжаттарда жоғары білім беру маман
қалыптастыру процесі ретінде қаралады.
Жоғары білім маңызды рөл атқаратын үздіксіз кәсіби білім беру жүйесін
құру бір жағынан адамның өндірістік қызметінің мүмкіндіктерімен байланысса,
екінші жағынан жұмыс орынында нақты бір өндірістік қызметті орындайтын
адамның өзі туралы түсінікпен байланысады. Екі жағдайда да соңғы мақсат
маманның тамаша моделін құру. Бұл «адам жобасы» туралы ойында адамды
«инженерлік-педагогикалық жұмыстың бірінші кезеңі» ретінде келтіруімен сәйкес
келеді [7].
«Білім–біліктілік–дағды» дәстүрлі қатынасының білім беру мағынасында бір
сөзбен бірігетін басқа қатынастармен өзара қатынасы мен өзара байланысы «оқу»
және «білім беру» түсініктерінің бөлінуі мен білім беру моделдерін талдау кезінде
анықталуы және бекітілуі мүмкін.
Осыған сәйкес жаңа ұйымның шарты болып табылатын адам ресурстарын
дамыту және үздіксіз өзгерту стратегиясы ұйымның «өзін-өзі оқытуын» құрумен
40
сәйкес келеді. Республикалық білім беру жүйесінде қолданылатын «білім–
біліктілік–дағды» үштіктегі «білім» білім беруді ұйымдастырудың пәндік
принциптерін анықтайтын нақты ғылыми біліммен ұқсас болғанда адамзат
дамуының техногендік кезеңіне жатты, ал «біліктілік пен дағды» құрамы
индустриалды деңгейде еңбекті бөлу құрылымы үшін сипатталатын операциялар
мен функциялардан ұсынылды.
Біліктіліктің кейбір түрлері, яғни ақпараттық және коммуникациялық
технологияларды қолдану саласындағы сауаттылық шындығында, жаңа нәрсе.
Осығын байланысты басқа түрлері, республиканың көптеген тұрғындарына
бұрынғыға қарағанда маңызды болып отыр. Өз-өзіне сенімділік, өзін-өзі
бағыттаушылық, тәуекелділік сияқты әлеуметтік біліктілік бәрінен де маңызды,
өйткені адамдар бұрынғыға қарағанда өз бетінше болады.
Бұл жағдайда маңызды рөлді жоғары білім беруде ақпараттық және
коммуникациялық технологияны қолдану алады. Ақпараттандыру білім беру
қызметінің тиімділігін көтерудің негізігі факторларының бірі болып табылады.
Ақпараттық және коммуникациялық технологиямен оқыту арасындағы байланыс
нақты болғандықтан, жоғары білім беруді ақпараттандыру ерекшеліктерін
тереңірек зерттейміз.
Қазақстанда ақпараттандыру экономикамен тығыз байланысты. Ақпараттық
экономиканың негізі – білім немесе интеллектуалды-ақпараттық ресурс. Білім
қоғамды дамытудың алдағы кезеңдерінің негізі – материалдық ресурстармен
салыстырғанда талассыз басымдылыққа ие. Материалдық ресурстар сақтау
заңдарына қатаң бағынады. Ақпараттық экономикаға негізделген қоғамның
әлеуметтік-экономикалық құрылымы әлеуметтік-экономикалық және экологиялық
мәселелердің көпшілігінен тыс қалуда, қоғамның экспоненциалды дамуын,
олардың негізгі параметрлерін ұсынып отыр.
Күн өткен сайын адамға деген ақпараттық ақпараттық және
коммуникациялық технологияны қоғамның талаптары мен оған дайындалу
деңгейінің арасында айырмашылық арта түсуде. «Біз қазіргі өндірістің қарқынды
дамуына таң қалуды қойдық, өйткені өзгерістер күн өткен сайын пайда болып
отыр, ал ол кезегінде мамандарды ауыстыруды жиілетеді. Әр кезең сайын адам
қайта маманданумен кездесіп отырады. Ал бұған қазіргі кезде уақыт та, күш те
жоқ және қоғамдық көзқараспен алғанда экономикалық жағынан тиімсіз. Яғни
адамдар қызметін ауыстыру мүмкіндігіне алдын-ала дайын болуы керек» [2].
Жаңа қоғамда жаңа білім алу әдістері де өзгеруде. Бұл тек кітаппен ғана
жұмыс істеу емес, ақпараттық және коммуникациялық технологияларды игере
білу. «Ақпараттандыру – қоғамды дамытудың жалпы тарихи процесі. Хат жазу,
пошта, телефон, радио, телевидение – қоғмның мүмкіндіктері мен талаптарынан
туындайтын оны дамыту кезеңдері немесе белгілері. Жаңа мүмкіндіктер, жаңа
талаптар және ақпараттандыруды дамытудың жаңа кезеңдері қоғамды
жаңашаландырудың жоғары деңгейін бастан өткізіп отыр». «Қазіргі заман
адамының ақпараттық мәдениетін ойлай отырып, Г.Г.Воробьев, «Ақпараттандыру
41
процесінің мәні – адамның қызметінің және тұтынушылығының барлық түріне
қажетті ақпаратты қажет формада және сенімді, толық әрі өз уақытында алу
мүмкіндіктерін қамтамасыз ету» – деп жазды» [7].
Ақпараттандыру идеологтарының бірі академик А.П.Ершов «Қазіргі заман
адамының алдында компьютердің бесінші ұрпағы пайда болғандықтан өзінің
өмірлік і-әрекетін ұйымдастыру мәселесі тұр. Компьютерлер күрделі
интеллектуалдық жұмыстарды орындайтын қызметкердің рөлін атқарады. Бұл
техника деген жаңаша көзқараспен сипатталады. Техникалық құрылғы мен адам
арасындағы серіктестік байланыс тудыратын шарт қалыптасады. Адам мен
машина арасында өзара қатынастың қалыптасуы тек информатика саласының
мамандарына ғана емес, сонымен бірге қарама-қайшылық жағдайларды
қарастыратын философтардың да игеру пәні болып табылады» [7].
Сондықтан қазіргі білім беру жүйесі алдында жаңа маңызды мәселе –
қоғамның жоғары автоматты ақпараттық ортасында кәсіби қызметіне және
өмірдің жаңа шарттарына дайындау, осы ортада олардың өз беттерінше іс-әрекет
етуге, оның мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға және қолайсыз жағдайлардан
қорғануға үйрету мәселесі тұр.
Білім беруді ақпараттандыруды анықтаудың бірнеше тәсілдері бар. Осы
зерттеу барысында Б.С. Гершунский ұсынған тәсілдері қолданылады. Онда
«...білім беруді ақпараттандыруды іс-әрекет ретінде, яғни оқытушының білім
беруді объективті, сенімді және маңызды ақпараттар мен оларды өңдеу
құралдарымен қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекеті ретінде қарастыруға
болады» [100].
Білім беруді ақпараттандыруды оқытушылар мен басқа да мамандардың іс-
әрекеті ретінде қарастырған тәсілдерін ескере отырып, осы ғалымдар білім беруді
ақпараттандырудың анықтамасын жасады. Білім беруді ақпараттандыру – оқыту
мен тәрбиелеудің психолого-педагогикалық мақсаттарына жету үшін білім беру
саласында жаңа білімді қалыптастыру мен жүйелендіруді қамтамасыз ететін,
ақпаратты таратуға, өңдеуге, жасауға, жинауға технологиялар мен құралдарды
пайдалануға бағытталған адамның ғылыми-практикалық іс-әрекеті [68].
Республикада білім беруді ақпараттандыруға мемлекеттік деңгейде көп көңіл
бөлінуде. Мысал ретінде, жоғары білім беру жүйесін ақпараттандыру
перспективалары мен мәселелеріне негізделген Қазақстан Республикасының білім
беру жүйесін ақпараттандыру бағдарламасын алуға болады.
Бағдарламада, «...ақпараттандыруда мемлекеттік деңгейде білім берудің бір
ғана деңгейі қамтамасыз етілген – орта білім беру. Жоғары кәсіби және жоғары
оқу орнынан кейінгі кәсіби білім беруде қазіргі кезге дейін ақпараттандыруды
енгізуге бағытталған жұмыстар жүргізілген жоқ, оқу процесінде қолданылатын
ақпараттық технологиялар мониторингі жүргізілген жоқ».
Жоғары кәсіби білім беруді ақпараттандыру жағдайы білім беруді басқарудың
автоматтандырылған жүйесін қолдану мен құру саласында факультеттерде
(деканаттарда) оқу процесін басқаруға арналған автоматтандырылған локальді
42
жұмыс орнының барлығымен сипатталады. Оқу үрдісін ақпараттандыру
саласында электрондық оқулықтар құру, оқыту, мультимедиалық және тестілеу
бағдарламалары жасалған. Интернет жаһандық жүйесіне шығуды қамтамасыз
ететін бағдарламалы-техникалық кешендер мен жүйелер жасалуда және
енгізілуде, бірақ мақсатқа бағытталған жоспарлау мен жүйелендіру мәселелері
жетіспей отыр. Кейбір жоғары оқу орындарында қашықтықтан оқытуды енгізуге
арналған оқу материалдарын жасау басталды. Компьютерлік техниканы қолданып
қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың дидактикалық шарттары анықталды.
Жоғары оқу орындарында білім алушыларға географияны оқыту процесінде
қолдануға болатын қашықтықтан оқыту технологиясының жаңа жүйесі сұрақтары
мен олардың қандай құжаттарда көрсетілетіні бұл зерттеу барысында маңызды
емес. Бұл салада сонымен бірге, электрондық ресурстардан тұратын
ақпараттандыру құралдарын тиімді қолдану қарастырылады [23].
Қазіргі заманда жоғары оқу орны өмірдің барлық саласын
ақпараттандырудың базасы, маман дайындаудың және ақпараттық
тенологияларды ендірудің орталығы болуы керек. Маман дайындауда оларға
ерекше рөл қойылады, өйткені жоғары оқу орындары орасан зор ғылыми-
техникалық потенциалға ие және ақпараттық қоғам жағдайында жұмыс істейтін
республиканың барлық масштабында ақпараттық
ақпараттық және
коммуникациялық технологияны
енгізе алатын мамандар дайындауға
мүмкіншіліктері бар.
Қазіргі уақытта оқу және ғылыми қызметті ақпараттандыру деңгейі көптеген
жоғары оқу орындарында қанағаттанарлық жағдайда емес. Жоғары оқу орындары
ақпараттық және білім беру қызметтерін дамыту, сонымен бірге мамандар
дайындаумен қамтамасыз ету керек.
Жоғары білім беруді ақпараттандыру және білім алушыларға оқыту жүйесі
ақпараттандыру құралдарын – ақпараттандыру көздері, электрондық ресурстар
және басқа да компьютерлік бағдарламалар құралдарын қолданбай жүргізу мүмкін
емес.
Бұл салада электрондық анықтамалар, энциклопедиялар, оқу
бағдарламалары, студенттердің білімін бақылайтын автоматтандырылған
құралдар, компьютерлік оқулықтар, тренажерлар және басқа да білім беру
электрондық ресурстарына қатысты әртүрлі ақпараттық көздерді қолдану мен
өңдеудің біртекті педагогикалық тәсілдерін жасауға жалпы ұмтылу тенденциясы
қолданылады. Осындай біртекті әдістерді қолдануға ұмтылу білім беру жүйесінде
тиімді пайдалану үшін жеке электрондық ресурстарды арнайы каталогтар мен
Интернет-порталдарға біріктіріп, есепке алуға да негізделген. Сонымен бірге,
электрондық ресурстарды жасау, каталогтау, зерттеу, қолдану барлығы да
республиканың жоғары білім беру жүйесінің қажеттіліктер мен талаптар жүйесіне
қатаң сәйкестендіріліп орындалуы керек [70, 76].
Жоғарыда айтылғандардан оқытудың тиімділігін көтеретін жоғары білім
беруде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолданудың кешенді
43
мүмкіндіктеріне республиканың жоғары оқу орындарында бакалаврлар мен
магистрлерді дайындаудың түрлері мен әдістеріне, мазмұндық ерекшеліктеріне,
оқу процесінің қажеттілігіне сәйкес келетін көп функционалды білім беру
электрондық ресурстарын қолдану, каталогтау және жасау арқылы қол жеткізуге
болады.
Бұдан басқа, қазіргі психологияда студенттердің шығармашылық, теориялық
ойлау, сонымен бірге шешім қабылдауға бағытталған жедел ойлау қабілеттерін
дамытуға электрондық ресурстарды қолдану арқылы оқу белсенділігін арттыру
өте жақсы әсері тиіп отыр. Кейбір психологиялық зерттеулерге қарасақ, оқу
процесінде электрондық ресурстарды қолдану арқылы болашақ мамандардың
модульді-рефлексиялық стилін тиімді қалыптастыру мүмкіндіктерін құруға
болатыны көрсетілген [42, 45,95].
Бакалавлар мен магистрлерді дайындауда электрондық ресурстарды
қолданудың дидактикалық мақсаттарының негізі мәліметтерді хабарлау, білімді
бекіту және қалыптастыру, біліктілік пен дағдыны жетілдіру мен қалыптастыру,
білімге деген құштарлықты көтеру, игеруді бақылау және т.б. болып табылады.
Республикалық жоғары кәсіби білім беру жүйесі қазіргі кезде сапалы
электрондық ресурстарды қолдануды қажет етіп отыр. Электрондық ресурстарды
қолдану практика жүзінде:
– білім алушыларға білімді өз бетінше игеру іс-әрекетінің әртүрлі
формаларын ұйымдастырады;
– оқудың түрлі іс-әрекеттерін орындау процесінде жаңа ақпараттық және
коммуникациялық технологиялардың барлық мүмкіндіктерін қолдануға жағдай
жасайды, сонымен бірге, тіркеу, жинау, сақтау, интерактивтік диалог, объектілерді
моделдеу, құбылыстар, процестер, лабораторияларда жұмыс істеу мүмкіндіктерін
жасайды;
– оқу процесінде ақпаратты тікелей мультимедиа технологияларды,
гипермәтіндік жіне гипермедиа жүйелердің мүмкіндіктерін қолдану арқылы
шығару;
– болашақ бакалаврлар мен магистрлердің интеллектуалдық мүмкіндіктерін
бағалау, сонымен бірге олардың білім деңгейін, іскерлігін, дағдыларын, нақты бір
тапсырмаға дайындығын,стандарт талаптарына сәйкес олардың материалды игеру
нәтижелерін тексеру;
–білім алушының оқу іс-әрекетін басқару, оның білім деңгейін, іскерлігін,
дағдыларын, оқу құралдарын пайдалану ерекшеліктерін бақару;
–білім алушының жеке өз бетінше оқу іс-әрекетін орындауына жағдай жасау,
өзін-өзі оқыту, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі жетілдіру дағдыларын қалыптастыру;
– білім берудің мазмұны мен мақсаттарына сәйкес келетін ақпараттармен
жоғары оқу орындары студенттерін, оқытушыларын, ата-аналарды хабардар
болуын жедел қамтамасыз ету;
– оқытудың тиімділігін көтеру мақсатында оқытушы мен студенттің жедел
әрі тұрақты түрде сұқбаттасу негізін құру.
44
Жоғары оқу орындарында оқу процесіне электрондық ресурстарды енгізу
негізгі екі бағытқа сәйкес жүргізіледі.
Бірінші бағыт бойынша енгізілетін білім беру электрондық ресурстары білім
беру жүйесінде тарихи қалыптасқан дәстүрлі әдістерді қолдаушы құралдар
ретінде енгізіледі. Бұл жағдайда электрондық ресурстар оқу процесін жүргізу
құралы ретінде, оқытудың жекеленуі, оқытушының есептеу, бақылау және
студенттердің білімін бағалаумен байланысты жұмысын автоматтандыру құралы
ретінде қолданылады.
Электрондық ресурстарды енгізудің екінші бағыты білім беру мазмұнын
өзгертуге, оқу процесін ұйымдастырудың әдістері мен формаларын қайта қарау,
жеке оқу пәндерінді электрондық ақпараттармен толықтырумен қолдану арқылы
толық курстар құрастыруға негізделген күрделі процесс.
Ақпараттық және коммункиациялық технологияларды жеке пәндердi
оқытуда қолданудың тиiмдiлiгiн негiздей және дәлелдей бiлу.
Ақпараттық-комуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру
жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі
сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Білім беруді ақпараттандыру,
білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық
ақпараттық және
коммуникациялық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру
Қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты. Аталған
бағыттарды дамыту үшін құқықтық-нормативтік, материялдық-техникалық,
ғылыми-әдістемелік және ақпаратттық жағынан қамсыздандыру педагог
мамандарды даярлаудың негізгі бағыттарының біріне айналып отыр. Бүгінде білім
беруді одан әрі ақпараттандырудың кезеңі мазмұндық тұрғыда болады және
компьютерлік сауаттылықтан жеке тұлғаның ақпараттық мәдениетінің іргелі
операциялық негіздеріне ауысуды білдіреді, мұнда әрбір оқушы ақпаратқа, қазіргі
ақпараттық технологияларға назар салып қана қоймай, оны тиімді қолдана білуі,
интернет ғаламдық ақпарат желісін пайдалана алуы тиіс. Алайда, ақпараттық
технологияның тез жаңаруы мәселені қиындата түседі. Жағдайды жақсарту үшін
білім беру технологиялары мен ақпараттық ақпараттық және коммуникациялық
технологияны кіріктіру қажет, сонда педагог өзі білетін, жақсы меңгерген,
бейімделген техникалық құралдарды сабақта тиімді қолданады. Қазіргі
технологияларды білім жүйесіне енгізгенде, оқыту материалдарының
педагогикалық мазмұндылығы мен әркімнің өзінің үйренуіне жағдай жасаудың
маңызы зор. Оқыту ісінің тиімділігі мен сапасы көбінесе өздігінен оқып үйрену
процесін тиімді ұйымдастыру мен пайдаланатын материалдардың сапасына
тәуелді болады [44].
Қазіргі кезде болашақ мамандарды дайындауда ақпараттық ақпараттық және
коммуникациялық технологияны қолдануды арттырудың мәні көптеген
факторлармен айқындалады:
45
- жоғары оқу орнында арнайы пәндерді интеграциялау, сонымен қатар
алдыңғы қатарлы компаниялар мен ғылыми-зерттеу ұйымдары бар жоғары оқу
орнын интеграциялау жағдай ында педагогикалық процестерді күрделендіру;
- оқу материалының көлемін арттыруға және оны талдап қорыту
қажеттілігіне саятын болашақ маманның кәсіби білімін кеңейту;
- әр қилы кәсіби: жобалық, зерттеу, технологиялық және т.б. міндеттерді
шешу қажеттілігіне әкеліп саятын қызмет салаларын кеңейту;
- оқу процесіне болашақ технологияларды, сонымен қатар қазіргі
коммуникациялық және есептеу құралдарын енгізу.
Оқытудағы жаңа ақпараттық ақпараттық және коммуникациялық
технологиялар
білім алушылардың
танымдық әрекетін басқаруды
оңтайландыруға қатысты жоғарғы кәсіби білім жүйесіндегі өзгерістерге үн
қосады. Қазіргі ақпараттық ақпараттық және коммуникациялық технологияларды
қолдана отырып, білім беру процесінің ақпараттық-модульдік құрылымы
концепциясына негізделген оқу пәндерін оқыту әдістемесін жетілдіру жоғары
деңгейлі, қазіргі еңбек нарығына қажет мамандарды даярлау неғұрлым өзекті
мәселе болып отыр.
Мәселенің ерекшеліктерін төмендегідей қайшылықтардан байқауға болады:
1. студенттердің даярлық деңгейі мен оқу жоспарының пәндік-курстық
құрылымына жоғары талаптар қою арасында көрінді. Пәндік игеру студенттің
жекелеген пәндерді үйлесімсіз, соның ішінде болашақ мамандығымен
байланыссыз игеруге бағыттайды. Сонымен қатар мұндай синтезді студенттің өз
бетінше орындауы болжамданады. Әр түрлі жоғары оқу орындарының
практикалық жұмыс талдауы көрсеткеніндей, пәндердің оқу жоспарын олардың
құрылымының пәндік принципі аясында осы пәндердің уақытша және логикалық
байланысын жетілдіру әрқилы сабақтардың ара қатынасын оңтайландыру үлкен
жетістіктерге жеткізген жоқ.
2. жоғары өнегелі, белсенді, шығармашыл тұлғаларды, жоғары білімді
кәсіби мамандарды қалыптастыруға бағытталған жоғары мектептегі өзгерістер
арасындағы әртүрлі кафедра оқытушыларының күш-жігерлерінің
бытыраңқылығы, оқытудың бағытсыздығы немесе оның шектеулілігі студенттің
«білімсіздік» жүгін ұлғайтады.
3. ақпараттық ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың
мүмкіндіктері және пәндерді оқыту процесінде қолданатын әдіснамалық
нұсқаулардың болмауы олардың арасында қайшылықтар туғызады.
Болашақ маман жұмыс істейтін кәсіби сала аясында ақпараттық-
бағдарламалық нұсқау жасау қажеттілігі мен оларды білім беру процесінде іске
асыру барысындла әдістемелік нұақулардың болмауы арасында да қайшылықтар
пайда болады [30, 21].
Басқаша айтқанда, білім беруді ақпараттандыру процесі педагогтың
дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол оқытушының
өзін-өзі дамуына, өзіндік білім алуына және шығармашылық түрде өздігінен
46
қызметтерін іске асыруға мүмкіндік береді. Педагог мамандардың біліктілігін
көтеру ақпараттық әлемде оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың негізгі
құралдарын, жаңа әдістер мен формаларды кез келген уақытта таба білуіне
мүмкіндік туғызады. Мұндай жағдайда педагог мамандар өзін-өзі дамытуына
және өздігінен білім алуына мүмкіндік алады. Бұл жағдайда дамытудың өзектілігі
– жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие процесіне
жан-жақты, әрі еркін пайдалана білуге үйрету дайындау кезеңдерінің
сапалығымен анықталады. Ал өз кезегінде, білім берудегі ақпараттық және
коммуникациялық технологиялар: компьютер, телекоммуникациялық және
желілік құралдар ақпараттарды қабылдаудағы әдістерді өзгертіп, әртүрлі
әрекеттерге жаңа мүмкіндіктерді аша отырып, қазіргі қоғамның даму кезеңіндегі
оқыту мақсатының көкейкесті және маңызды мәселелеріне қол жеткізеді. Білім
берудегі ақпараттық технологиялар оқытуда қолданылатын электронды құралдар
мен оларды функционалдау тәсілдерінің жиынтығын анықтайды. Сол себепті оқу
үдерісінде аталмыш әрекетке қатты мән берген дұрыс болмақ.
География — жердің адамдар планетасы екенін және ерекше танымдық
ғылыми әдіс, табиғат пен әлеуметтік-экономикалық үрдіске әсер етеін маңызды
құрал ретінде студенттерде кешенді көзқарас қалыптастырады. «География»
ғылымының спецификалық ерекшелігі үлкен көлемдегі материалдарды қамтиды.
Сондықтан оқытушының міндеті – студенттердің пәнге деген сабақта іс-әрекетін
белсендіріп, өздік жұмысы барысында шығармашылық әрекетін қалыптастыру.
География ғылымы тарихпен бірлесе отырып мынадай міндеттерді шешеді:
Қазақстандық Мемлекеттіліктің берік болуының басты жағдайы ретінде
студенттерде бірізділікті қалыптастыру [79, 80].
Жаңа кезең білім саласына жаңа міндеттер қояды. Жалпы білім
модернизациясының стратегиясы болашақ мамандардың «шынайы өмірде алған
білімдері мен біліктілігін оқу үрдісінен тыс жерде қоладан алу керек» - делінген.
Оқу үрдісіне қоятын қазіргі талап студенттердің іс-әрекеті арқылы білімін,
біліктілігін, икемділігін тексеруге оқытушыларды бағыттайды. География
курсында қарастырылған тәжірибелік сабақтар – оқытудың ерекше түрі, мұнда тек
қана білім мен біліктілікті бекітіп, дамытып, қалыптастырып қоймайды, сонымен
бірге жаңа білім алады. Географиялық біліктілік ұзақ уақыт бойы тәжірибе
жұмыстарын орындау мен сабақ барысында қалыптасады. Оқу пәні ретінде
географияның спецификасы сабақта міндетті түрде тәжірибелік жұмыстарға көңіл
бөлінген, бұл дегеніміз сабақтың әр кезеңіндегі (жаңа материалды түсіндіру,
қайталау, бектіу, білімді тексеру мен жалпылау) оқу-танымдық үрдісінің
қайталанбас бір бөлігі ретінде. Тәжірибелік жұмыстарды орынау икемділіктері
(графикалық және статистикалық материалдарды оқу, талдау, синтездеу және
жалпылау) қалыптасады.
Оқытудың ақпараттық және коммуникациялық технологиясы – бұл
ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар,
бағдарламалық және техникалық құралдар (кино, аудио және видеоқұралдар,
47
компьютерлер, телекоммуникациялық желілер).
Оқытудың ақпараттық және коммуникациялық технологиясы – білімді
жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау (педагогикалық іс-әрекетті өзгерту), білімді
қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын
жан-жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп түсіну
керек [88].
Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты – «оқушыларды ақпараттық
қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне
толық, тиімді араластыру» болып табылады.
Төмендегі қасиеттер білім жүйесінің өзіндік ерекшелігі болып саналады.
· тұтынушының қолдану сапасында;
· нәтижесінде әр түрлі салаларда қолданылатын, ақпараттық және
коммуникациялық технологиясы жасаушы сапасында.
Бірақ компьютер мүмкіндіктерін асыра бағалауға болмайды, өйткені ақпарат
беру – бұл білім мен мәдениетті беру емес, сондықтан ақпараттық және
коммуникациялық технологиялар педагогтарға тек қосымша тиімді құрал ретінде
қызмет атқарады. Көптеген елдердің ғылыми орталықтары мен оқу орындарында
нақ осы білім қажеттілігі үшін мамандандырылған компьютерлік жүйелер саны
дайындалды, олар оқу-тәрбие үрдісінде әр түрлі жағынан қолдауға бағытталды.
Бұл – жүйелердің негізгі түрлері болып табылады.
· Компьютерлік бағдарламаланған оқыту – бұл сәйкесінше, компьютерлік
бағдарламалардың көмегімен бағдарламалық оқыту механизмдерін жүзеге
асыратын технология;
· Материалды компьютердің көмегімен оқу – студенттің жаңа материалды әр
түрлі құралдардың, оның ішінде компьютердің көмегімен өз бетінше оқуын
болжайды. Бұл жерде оқу іс-әрекетінің сипаты айтылмайды, оқу нұсқауларының
жиынымен іске асырылуы мүмкін. Мұның өзі бағдарламалық оқыту әдісінің мәнін
ашады;
· Материалды компьютер қоры негізінде оқу – алдыңғы технологиялар,
технологиялық құралдардың алуан түрін (оның ішінде дәстүрлі оқулықтар, аудио
және видеожазбалар және т.б.) қолданумен айрықшаланатын болса, мұнда
бағдарлама құралдарын, студенттердің өз бетінше тиімді оқуын арттыратын
бағдарламаларды басымырақ қолдану жүргізіледі;
· Компьютер қорымен оқыту – білім берудің барлық мүмкін боларлық
формаларын қолдану (оқытушының қатысуымен), шын мәнінде, жоғарыда
айтылғандармен сәйкес келеді;
· Компьютердің көмегімен бағалау – өз бетінше оқыту технологиясы деп
қарастырылады, дегенмен ол практикада басқаларға құрамдас элемент болып
кіріп жүр. Мұндай жүйе оқылатын пәннің мазмұны мен дәстүрлі оқытуда
қолданылатын немесе оқыту бағдарламаларында жүзеге асырылатын әдістерге
тәуелсіз;
· Компьютерлік коммуникация – білім беру және оны жеткізумен қамтамасыз
48
ете отырып, жоғарыда аталған технологиялардың барлығының ажырамас құрамы
болып табылады. Жергілікті, аймақтық және басқа компьютерлік желілерді
қолдану үшін жұмсалады. Компьютерлік коммуникация жекелеген оқу
орындарының, қаланың, аймақтың, елдің ақпараттық білім жүйесінің
мүмкіндіктерін көрсетеді [100].
Оқытудың ақпараттық және коммуникациялық технологиялары осы
ақпараттық білім жүйесінің шегінде жүзеге асырылатын болғандықтан, осы білім
технологиясына ақпараттық және бағдарламалық қолдаумен көрсететін құралдар
бір ғана компьютермен, оған енгізілген бағдарламамен шектеліп қалмауы керек.
Шын мәнінде бәрі керісінше, оқытудың ақпараттық және коммуникациялық
технологияларының бағдарламалық құралдары және білім технологияларының
өздері ақпараттық білім ортасына – ақпараттық білім жүйесінен бөлінген
жүйешелер түрінде қосылады.
Оқытудың ақпараттық
және коммуникациялық
технологиясында
қолданылатын бағдарламаны қамтамасыз етуді бірнеше категорияға бөлуге
болады:
· оқытатын, бақылайтын және үйрететін жүйелер;
· ақпарат іздеу жүйесі;
· модельдеу бағдарламалары, микромирлер;
· танымдық сипаттағы инструменттік құралдар;
· әмбебап сипаттағы инструменттік құралдар;
· коммуникацияны қамтамасыз етуге арналған инструменттік құралдар.
Модельдеу бағдарламалары мен микромирлер – бұл ерекше аз
мамандандырылған бағдарламалар, оларды компьютерде арнайы қолдану және
оның кейбір мәселелерін зерттеуге тура келеді.
Инструменттік құралдар деп – жаңа электрондық ресурстар жасауды
қамтамасыз ететін бағдарламаларды атайды:
· әр түрлі форматты файлдар;
· мәліметтер қоры;
· бағдарламалық модульдер;
· жекелеген бағдарламалар мен бағдарламалар жиыны.
Білімді ақпараттандыру жағдайында болып жатқан кемшіліктерге
қарамастан, оны «ақпараттық революция» деп атауға болады, өйткені қол
жетерлік табыстар мыналар:
· ақпаратты ұсынудың жаңа формасы. Қызықты, жанды немесе алдын ала
жазылған мультимедиалық ақпарат тек мәтінен емес, графикалық бейнелерден,
анимациядан, дыбыстан және видеоүзінділерден құралып, Internet желісі арқылы
беріледі немесе басқа коммуникациялық құралдар арқылы компакт-дискілерге
жазылады;
· жаңа кітапханалар. Интеллектуальдық ресурстар көлемі және табыстары
өседі. Internet злектрондық кітапхана каталогтарымен бірігіп, жер қашықтығы мен
уақыт айырмашылығына қарамастан, зор ақпараттар көлемін жинауға қол
49
жеткізеді. Әрине, мұндай кітапханалар онда сақталатын ақпараттарға толық жол
аша бермейді;
· оқу сабақтарының жаңа формалары. Студенттер мен оқытушылардың
виртуальды семинарлар және лабораториялар режімінде бірігіп жұмыс жасауы,
сонымен бірге жаңа синхрондық мүмкіндік пайда болды. Бірқатар студенттер
үшін мұндай жұмыс формалары анағұрлым ыңғайлы, өйткені дәстүрлі оқытуға
қарағанда, оларға өз мүмкіндіктеріне қарай, өздеріне қолайлы графикпен жұмыс
жасау және артық ескертулермен кездеспей отырып ашу қызықты;
· білімнің жаңа құрылымы. Бүгінгі күні білім жүйесіне жаңа құрылым беру
үшін телекоммуникация жүйелерімен толықтырылуы қажет, сонымен қатар білім
үрдісіне ақпараттық және коммуникациялық технологияларды енгізуде жоғары
біліктілікке ие мамандар керек.
Көбінесе қашықтан оқыту бағдарламалары оған барынша мол қол жеткізуге
мақсатталған және оқыту сапасына аса анық емес талаптар қояды. Мұндай
бағдарламаның білім сапасын жетілдіруі үшін орындауы міндетті талаптар
қатарын құрастыруға болады:
· сапасы мен мүмкіндігі жоғары білім кеңістігін құру, кәдімгі оқу орындары
ұсынатын мүмкіндіктерден жоғары білім ортасын жасау;
· Internet желісінде әмбебап компьютерлік кітапхана құру, кез келген уақытта
қолданушыға қол жеткізерлік және кәдімгі кітапханаға көлемді ақпарат беруі тиіс;
· желі бойынша педагогтармен қарым-қатынас ұйымдастыру;
· оқытушының да, оқушының да білімін компьютермен тексеру жүйесін
жасау.
Төмендегідей базалық шарттар сақталған жағдайда сапалы білімге қол
жеткізуге болады:
· қымбат тұратын технологиялар мен бағдарлама өнімдерін қолдану;
· іштей және қашықтан оқыту түрлерін біріктіру;
· қажетті ақпараттық ресурстарды табуды жеңілдететін толық каталогтар
жасау.
Қазіргі таңда ақпараттық және коммуникациялық технологиялар оқу
үрдісінде біртіндеп енгізілуде. Сондықтан біз жұмысымызда ақпараттық және
коммуникациялық технологиялар арқылы оқу үрдісінде студенттердің оқу
белсенділігін көтеру. Бұл үшін төмендегідей мәселелерге көңіл бөлу қажет:
- студенттердің терең білім алуына әер ету;
- танымдық үрдісін дамыту;
- әр бір студентің шығармашылық дамуына жағдай жасау;
- белсенді тұлғаның тәрбиеленуіне мүмкіндік жасау.
Ақпараттық және коммуникациялық технологиялардағы түрлі іс-әрекет
түрлерін қолдана отырып оқу үрдісінің тиімділігін арттыруға болады. Олар:
- электронды оқулықтар қолдану;
- оқу презентациялар;
- тест;
50
- аудио-видео бағдарламалр;
-
оқу бағдарламалары;
-
жоба жасау және т.б.
География сабақтарында қолданылатын бұл іс-әрекет түрлері тек қана
білімдері мен біліктілігін қалыптастырып қана қоймай шығармашылық жұмыс
тәжірибесінің қалыптасуна әсер етіп, белсенділігін арттырады.
Әр сабақ немесе оқудың әр кезеңі бағдарламалық құралдарды қажет етеді.
География пәндері бойынша оқу бағдарламасын құруда төмендегідей
жағдайларды ескеруліері қажет:
- жаңа білімді меңгерту кезінде көрнекі құралдарды пайдалану арқылы
теориялық материалдарды түсіндіру. Мысалы, видеороликтерді пайдалану,
қатпарлы таулардың қалыптасуы, алдын-ала дайындалған табиғи
құбылыстардың видеосюжетін қолдану;
-
жаңа материалды бекту кезеңінде бақылау бағдарламаларын қолдану, алдын-
ала құрастырған тест базаларындағы тест тапсырмаларымен жұмыс;
- тәжірибе сабақтарында дайын тәжірибелік сабақтарды пайдалану.
Осы қағиданы басшылыққа ала отырып біз ақпараттық және коммуникациялық
технологияның төмендегі тиімді жақтарын айта кеткіміз келеді:
-
ақпараттық және коммуникациялық технология бойынша оқытылған
материалдар көп уақытта дейін адамның жадында сақталады;
-
мультимедиялық оқулықты пайдаланған кезде уақытты тиімді үнемдеге
мүмкіндік туады;
-
электронды оқулықтар тестік жүйемен және тренажермен білімді меңгеруге
байланысты құрылған;
-
оқушыны қызықтыратын видеосабақтар мен қысқа метражды көркем
фильмдер кесте сызбалардан тұрады;
-
оқушылардың білім меңгеруін тексеруге мүмкіндік бар.
Демек, ақпараттық және коммуникациялық технология студенттерді мынадай
жетістіктерге жеткізеді:
-
әр студент өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады;
-
студенттің жеке қабілеті айқындалады;
-
іштей бір-бірінен қалмауға тырысады;
-
әр бала өз деңгейіне, қабілетіне қарай бағаланады;
-
студенттер толық бағаланады, және әр студент өзінің алатын бағасын біліп
отырады [23, 55, 80].
Сонымен, ақпараттық және коммуникациялық технология әдіс-тәсілдерді
пайдалану, білім сапасын арттырудың бірден-бір жолы. Оқыту үрдісінде
студенттердің білім қорын молайтуға, белсенділігін арттыруға шығармашылық
қабілетін жетілдіруге көмегі зор. Біздің ақпараттық және коммуникациялық
технологияны қолданудағы стратегиямыз кәсіби әрекеттегі өзгерістердің тез
болатынын да қарастырған. Өз жұмысының сапасын және өнімділігін арттыру
үшін мамандар уақытылы және үздіксіз жаңа құзіреттіліктерді алып, кәсібилігін
51
арттырып отыру керек. Кәсіби білім біртекті емес. Оның аз дегенде екі
компонентін бөліп қарауға болады:
Бір мамандықты екіншісінен ажырататын жалпы кәсіби білімдер;
Ғылыми-технологиялық табиғаты бар, берілген облыстағы ғылыми
ойдың дамуын көрсететін ғылыми-пәндік білімдер.
Соңғы сатыда кәсіби іс-әрекеттердегі нақты қабілеттерді қабылдауға, кәсіби
методологияны түсінуге мүмкіндік беретін тұйық ғылыми-инновациялық тренинг
болады. Бұл сатыда оқыту үрдісі ғылыми идеяның немесе басқа да жаңалықтың
толық өмірлік циклін бейнелейді, мамандық бейнесі жаңа ұғымдар және
түсініктермен байытылады, ғылыми және инновациялық әдістемелер зерттеледі,
ал содан кейін алынған білімдер тәжірибелік мәселелерді шешуге қолданылады.
Сонымен қатар, біздің зерттеулердің көрсетуі бойынша, оқу пәндерінің
мазмұны мен көлемі көбінесе принциптер мен нормаларға емес, дәстүрлерге
байланысты болып келеді, яғни арнайы пәндер бойынша бағдарламалар
архаикалық ұғымдар мен ескірген теориялық жолдармен толтырылған. Орталық
фигурасы оқытушы болып табылатын дәстүрлі оқытуға қарағанда, ақпараттық
және коммуникациялық технологияны қолдануда орталық оқу ортасында белгілі
бір траекторияны таңдау арқылы өз оқу үрдісін белсенді түрде құрастыратын
студентке негізделеді. Ал оқытушының маңызды функциясы – студентті қолдап,
оқу ақпараттының ішінде сәтті әрекет жасауына септіні тигізу, түрлі ақпаратты
қабылдауға көмектесу. Әлемдік оқыту ұйымында бұнымен байланысты жаңа
термин – facilitator (оқуға көмектесетін, оқуды жеңілдететін) қолданыла бастады.
Біздің тәжірибеміз көрсеткендей, ақпараттық және коммуникациялық
технологияны қолдану нәтижесінде келесі мәселелерді шешу мүмкін болады:
студенттерді, дайындық курстары оқушыларының материалмен танысу
жылдамдығын арттыру;
оқу үрдісін жекешелендіру. Мысалы, оқулық барлық студенттерге
арналған, және оқытушыға да жалпы әдістемелерді қолдануға тура келеді, ал
компьютер оқытуды арнайы жеке бағдарлама бойынша жүзеге асыруға мүмкіндік
береді.
нәтижелі кері байланысты жақсарту. Оқулықпен жұмыс барысында
мұндай кері байланысты орнату мүмкін емес. Сонымен қатар, нәтижелі кері
байланыс арқылы компьютерлер кестелерде келтірілген білімді тексеру,
арифметикалық және логикалық операцияларды жүргізу, т.б. жұмыстарды өзі
атқарып, оқытушының шығармашылық жұмыспен айналысуға мүмкіндік береді.
Ақпараттық және коммуникациялық технология негізінде дамытылған оқу
материалы оқушылардың білім деңгейіне, мүмкіндіктеріне, оның психологиялық
ерекшеліктеріне, оқушы топтың тиісті мінездемесіне оқытуды сәйкестендіреді
және бұл, өз кезегінде, филиал оқытушыларын оқу барысында студенттердің білім
деңгейін, ерекшеліктерін, мінездерін зерттеуге ынталандырады.
52
Оқу үрдісіне ақпараттық және коммуникациялық технологияны енгізу
сәттілігінің куәсі бірінші кезекте оқытушы болғанымен, біздің ойымызша, жаңа
технология мүмкіндіктері толыққанды іске асырылмай жатыр, өйткені
оқытушылардың бір бөлігі ғана компьютер және басқа да ақпарат және байланыс
құралдарын жеткілікті мөлшерде қолдана алады.
Жоғарғы білім беру жүйесінде жұмыс істейтіндердің барлығы психолого-
педагогикалық ғылым саласындағы біліммен қатар, ақпараттық және
технологиялық ғылым саласындағы білім қажет, сондықтан да қолданыста бар
технологияны тиімді пайдалану, заманауи ақпараттық және коммуникациялық
технологияны және компьютерлік білімділік саласындағы біліктілігін арттыруын
белсендендіру мәселесін шешу қажет.
Қазіргі таңдағы жағдайда оқытушылар:
өз оқу курсы бойынша ақпарат элементтерінің көздерін біліп, оларды
курс бойынша студенттерге әдебиеттер тізімі ретінде беруі керек;
зерттеулік сипаты бар ақпарат элементтерінің тәжірибелік қолданылуын
нақты мысалдар арқылы студенттерді оқыту керек;
студенттерді оқытуда ақпараттық көшбасшы болып, ақпараттық
белсенділікті танытуы керек.
Оқытушылар қазіргі таңда жаңа кәсіби қабілеттерді иемденіп, келесідей іс-
әрекеттерді жасайтын ақпараттандырушы болуы керек:
студенттерді ақпараттық іс-әрекеттің негізгі үрдістерімен, қоғамның
ақпараттық ресурстар құрылымымен таныстыру;
болашақ мамандардың түрлі массивтер мен мәліметтер банктерінен,
соның ішінде Интернет ресурстарынан ақпарат іздеу қабілеттерін қалыптастыру;
электронды ақпарттық-іздеу жүйелерін қолдану, кәсіби және өзін-өзі
оқыту іс-әрекеттерінде ақпараттық технологияларды қолдану, алынған
деректердің жүйеленуін жүргізу, жеке картотекалар, компьютерлі деректер қоры
түрінде ақпараттық базаны ұйымдастыру сияқты іс-әрекеттерге үйрету.
Студенттер тек оқытушылардың ғана емес, басқа студенттермен өзара
интербелсенді қарым-қатынасы білім алудың маңызды көзіне айналады. Бұл
әдістердің дамуы оқытатын ұжымдық дискуссиялар мен конференцияларды
өткізумен де байланысты. Аудиографиялық және аудио-видеоконференциялық
технологиялар инновациялық оқытуда мұндай әдістерді белсенді түрде дамытуға
мүмкіндік береді. Оқу үрдісінде компьютерлік конференциялардың да рөлі
ерекше. Ол арқылы дискуссия қатысушылары жазба хаттармен алмасып, басқа
оқу орындарындағы қызметтестерінен ақпарат алып, оны кері жіберу
мүмкіндігіне ие болады, бұның өте зор дидактикалық құндылығы бар. Ол
оқытушыларға да, студенттерге де маңызды [34].
Сонымен қатар, ақпараттық және коммуникативтік технологиялар – бұл
ғылымға енгізетін нағыз атмосфераның, яғни құрамында ойлардың қарама-қайшы
келуі, нәтижесінде жаңа білім пайда болатын дискуссиялық қуаты бар
53
атмосфераның алмастырушысы емес, маңызды қосындысы болып табылады. Бұл
жағдайда жаңа қабылдаулардың негізінде өзгермейтін дәстүрлі оқыту өрісі туралы
ұмытуға болмайды.
Мультимедиялық оқытудың көптеген артықшылықтары бар, бірақ оқу
үрдісінің кез келген басқа түрі сияқты, кемшіліктері де жоқ емес. Оның басты
кемшілігіне дискуссия жүргізу, дауласу және студенттерге аса қызықты
тақырыптарды талқылау мүмкіндігінің жоқтығы жатады, бұның салдарынан ойлау
қабілеті бір қалыпта болады да, сөйлеу қабілеті дамымайды. Студенттер «нағыз
оқытушымен» сөйлеспегендіктен, тек құрғақ фактілерді ғана алады – оқу
үрдісінің «жаны» болмайды, және де нәтижесінде институт бітіргесін біз жанды
тұлғаны емес, жоғары кәсіби маманды ғана ала аламыз. Ақпараттық және
коммуникациялық технологияның өзі емес, оның білім алу мақсаттарына жетудегі
қолданылуы маңызды. Дәстүрлі оқыту маңыздылығын жойған жоқ, бірақ егер
оған мультимедиялық оқыту элементтерін енгізсек, ол одан да тиімділеу және
қызықтау болады.
Ақпараттық және коммуникациялық технологияларды кез келген деңгейдегі
оқытуға енгізу, білімдерді және адамзаттың жинаған технологиялық пен
әлеуметтік тәжірибені тек ұрпақтан ұрпаққа емес, бір адамнан екіншісіне берілуін
жылдамдатады. Заманауи ақпараттық және коммуникациялық технологиялар
білім беру мен оқудың сапасын жоғарылатып, адамның қоршаған ортаға және
ондағы әлеуметтік өзгерістерге тезірек үйренуіне мүмкіндік береді.
Ақпараттық және коммуникациялық технологияларды оқытуға белсенді
және тиімді түрде енгізу оның сапасын жоғарылатуға септігін тигізеді,
инновацияларды қабылдау үрдісін жақсартады, студенттер белсендендіреді және
қазіргі заманғы ақпараттық қоғамның талаптарындағы дәстүрлі оқыту жүйесін
жаңадан қалыптастыру үрдісі болып табылады.
Ақпараттық және коммуникациялық технологияларды оқытуға енгізудің
келесідей сатылары бар. Бірінші сатыда дербес компьютерлерді жеке қолдану
негізінде оқу жүйесі ұйымдастырылатын, олардың әкімшілік басқарылуы
жүргізілетін, ақпаратты сақтау үрдістері жүйеленетін. Екінші сатыда
компьютерлік жүйелер, интернет құрылып, ақпараттық және телекоммуникативті
технологиялардың конвергенциясы жүргізілетін. Қазіргі заманғы сатыда жана
ақпараттық және коммуникациялық технологиялар оқыту технологияларымен
интеграцияланады. Оқыту сферасындағы ақпараттық және коммуникациялық
технологияларды қолданудың қазіргі заманғы сатысы оқыту технологияларының,
электронды оқытудың түрлі формаларының кең ауқымда қалыптасуы, және де
ақпарттық жүйелердің оқыту мекемелерін басқару үрдісіне енуімен сипатталады.
Алдымен, оқытушы оқыту іс-әрекетіндегі негізгі субъект бола тұра, студент
өзінің дәрежесін сақтап, оқыту іс-әрекетінің объектісінен оның белсенді
субъектісіне айналады. Бұл жағдайлар объективті түрде оқыту үрдісіне
ақпараттық және коммуникациялық технологияларды белсенді түрде енгізуге
әкелді.
54
Бұдан ақпараттық және коммуникациялық технологияны және мультиедиа
құралдарын географияны оқытуда және білім үрдісін жобалауда ақпараттық және
коммуникациялық технологияның әртүрлі аспектілерін тәжірибеде қолдану
мұхият дайындықты қажет етеді.
Студенттердің оқу белсенділігін арттыру үшін зерттеу жұмысымызды
педагогикалық тәжірибеден бастауды жөн көрдік. Зерттеудің көздеген негізгі
міндеттері мынадай:
1. ақпараттық және коммуникациялық технологиялар оқушылардың оқу
белсенділігін арттырудағы алатын орнын, атқаратын қызметін анықтау;
2. пән сабақтарында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды
қолдану арқылы студенттердің оқу белсенділігін арттырудағы бастапқы деңгейін
байқау және анықтау;
3. ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы
пән сабақтары мен сабақтан тыс уақыттарда студенттердің оқу белсенділігін
арттырудағы мүмкіндіктерін анықтау.
Анықтау тәжірибесі бойынша студенттерге сауалнама сұрақтары таратылып,
жауаптар алдық. Сауалнаманы іріктеу мен құрастыру мақсатында студенттердің
ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдануға дайындығын
анықтауға арналған сауалнама мен тапсырмалар кешені жасалды.
1. сауалнаманы жүргізу арқылы студенттердің ақпараттық және коммуникациялық
технологияларды қолданудағы дайындық деңгейі анықталды;
2. сауалнама өңдеу нәтижесінде студенттердің ақпараттық және коммуникациялық
технологияларды қолдану кезінде бірқатар қиындықтарға кездесетіні анықталды;
3. студенттердің ақпараттық және коммуникациялық технологияларды
қолданудағы кездесетін қиындықтарын жіктеп көрсетуге мүмкіндік туды.
(кесте 1)
Кесте 1 - Студенттердің ақпараттық және коммуникациялық технологияларды
қолдану деңгейінің көрсеткіштері.
Достарыңызбен бөлісу: |