Махамбет Өтемісұлының 200 жылдығына арналады Махамбеттің бір күні



Pdf көрінісі
бет5/8
Дата09.03.2017
өлшемі0,57 Mb.
#8580
1   2   3   4   5   6   7   8

Жәңгір:

 

Бірлігің болған шағында

 

Оны істеген сіз емес



 

Ел бастаған біз едік.

 

Шараңнан асып тасысаң,



 

Жӛнге салар тез едік.

 

Басыңа қауіп Махамбет



 

Жолықсаң тағы кез келіп...

 

 

 


Махамбет:

 

Шыдамың таусылды ма,



 

Түсіндік Жәңгір тұспалыңа,

 

Азу тісің кӛріне бастады,



 

Бӛрілігің ұстады ма...

 

 

Жәңгір:

 

Хан еліне қасқыр ма?..

 

Кешегі Қасым, Жәнібек –



  

Әбілқайыр, Абылай,

 

Елімді ел қылам деп



 

Жүрегіне дерт толған!

 

Ел үшін деп еңбек қып,



 

Жалғыз сен бе екен мерт болған!

 

Хан баласы шаян ба?..



 

Жүрген жоқ па осы елдің

 

Бектері мен билері,



 

Тентегі мен телісі

 

Жалғыз менің саямда?..



 

 

Махамбет:



 

Ұмытпасам есте жоқ

 

Саялы ма едің соншалық?..



 

 

Жәңгір:



 

Есіңде болар Махамбет,

 

Ағайыныңмен кетісіп,



 

Мұз қатқанда ӛкпеңе,

 

Қарындастың қастығы



 

Жер


-

жебіріңе жеткенде –

  

Іс түсіп еді



-

ау басыңа,

 

Келіп едің



-

ау сонда Сен, 

 

Мына менің қасыма!



 

Жұбатқанмын сонда мен,

 

«Жасыма досым, жасыма!».



 

Жолыңа деп тай сойып,

 

Сыбаға деп қой сойып,



 

Үстіңе деп үй тігіп,

 

Алыстан жыршы алғызып,



 

Түнімен жырды салғызып,

 

Қамыққан қаяу кӛңілді, 



 

Жабыққан жадау ӛңіңді,

 

Келтіріп едім орнына...



 

Соны қалай ұмыттың,

 

Түкіріп адал асыма,



 

Тебесің қалай Махамбет, 

 

Хан дәрежелі менің басыма!



 

 

Билер шуласып: кӛргенбіз, есімізде, қатысқанбыз деп жатады.



 

 

Махамбет:



 

Әй, Жәңгір

-

ай, Жәңгір



-

ай!,


 

Келтірме кісі күлкісін.

 

Құрметің бір күндік.



 

Тыныштығың бір түндік,

 

Тойғызғаның бір түстік,



 

Ұмыта алмай жүрмісің...

 

Қара бастың қамымен



 

Ӛмір сүрген мен емес.

 

Маған емес барыңды,



 

Анау қара халқыңа істе, Жәңгір хан!

 

Соларға деп ататын болсын әрбір таң!



 

Елге бас ет, сол қарадан шыққан алғырдан!

 

Сонда саған сенерміз,



 

Соңыңнан біз ерерміз!

 

 

Жәңгір:



 

Елде болар би мен бек,

 

Бектерден елі именбек.



 

Елде болар би мен бек,

 

Билерді жұртта сүйген кӛп.



 

Хан да халық данасы,

 

Хан да елдің баласы.



 

Оны ӛмірге әкелген

 

Халық атты анасы.



 

Хансыз ӛмір сүрем деп

 

Кетірдің елдің тірлігін.



 

 

Шонты би:



 

Дәл айттың

-

ау, хан


-

ием!


 

 

Махамбет:



 

Сен екен ғой қамқоршысы халықтың?

 

 

Балқы би:



 

Енді кім?

 

 

 



 

Махамбет:

 

Кешіріңіз тақсыр хан, 

 

Біз осыдан артық қызбалық,



 

Сӛзіміз жараспауға айналды, 

 

Тойыңызды бұзбалық.



 

Сіз ұрқсат етсеңіз

 

Қаралардың 



 

Ортасына отыралық біз барып.

 

 

Жәңгір:



 

Барыңыз.


 

 

Махамбет пен Тӛлеген жырау шығып кетеді



 

 

Шымылдық жабылады.

 

 

 

 

 

 

4-

шымылдық

 

 

 

 

1-

көрініс

 

 

Шымылдық ашылады. Махамбет пен Тӛлеген жырау шығады.

 

 

Махамбет: 

 

О, Тәңірім не жаздым!?.

 

Қамын ойлап халық деген жаныңның,



 

Қарсы болдым қаһарына ханыңның!

 

Ақын едім,  мен ер едім, енді не,



 

Мына заман не дейді,

 

Тентек деген атпен елге танылдым!



 

Тағы міне құрбандыққа шалындым!

 

Қарындастың ары



 

үшін,


 

Қыз


-

келіннің сәні үшін,

 

Қарттарымның жаны үшін –



  

Кӛз жасы боп егілдім!,

 

Ӛлең болып тӛгілдім!,



 

Қырық рет сӛгілдім!..

 

Ақын еттің, ер еттің,



 

Ақырында кім еттің?..

 

Сӛгетіндей не деппін?



 

 

Төлеген жырау:



 

Мұңайма батыр, мұңайма,

 

Мұңайғанмен бола ма?



 

Ендігі жерде мақсатың

 


Жұртыңа қалар ұран боп,

 

Сенің от сӛзіңді жаттаған,



 

 

Ұрпақ ӛсер қыран боп...



 

 

Махамбет:



 

Ай Тӛлеген інім

-

ай!


 

Еділ үшін егестік,

 

Жайық үшін жандастық,



 

 

Қиғаш үшін қырылдық,



 

 

Тептер үшін тебістік.



   

Теңдіксіз малға кӛнбедік.

 

Со секілді асқан қайраттан



 

Ойлашы, кәне, не таптық?

 

 

Төлеген жырау:



 

Еділ үшін егессең

 

Ерлігіңді білдірдің.



 

Жайық үшін жандассаң

 

Ел қондырып үлгердің.



 

Қиғаш үшін қырылсаң

 

Артта қалған жұртыңа



 

Қоныс қып, ӛмір сүрдірдің.

 

Істеген істің құны жоқ,



 

Сӛйлеген сӛздің міні жоқ,

 

Ердің елсіз күні жоқ,



 

Ерсіз елдің күні жоқ,

 

Енді ойлансаң Махамбет



 

Мәні сол ма, тірлікте,

 

Ӛмір деген құрғырдың...



 

 

Махамбет:



 

Бұ тірлікке ойласаң

 

Кім келіп кім кетпеген...



 

Мақсатына ойлаған

 

Ерлердің кӛбі жетпеген...



 

...Қоғалы кӛлдер, құм, сулар

 

Кімдерге қоныс болмаған?!



 

Саздауға біткен құба тал

 

Кімдерге сайғақ болмаған?!



 

... Мынау жалған дүние

 

Кімдерден кейін қалмаған?!



 

Бірақ бес күн тірлікте –

  

Адал жүрер қалтаңдап, 



 

Арамза жүрер алшаңдап,

 

Түсініксіз сол маған!..



 

Түсініксіз сол маған!..

 

 



Төлеген жырау:

 

Ақын аға Махамбет,

 

Мынау бес күн тірлікте



 

Сен кім болдың, ойланшы...

 

Жетім менен жесірді



 

Қыдыр атадай жебедің.

 

Аласа кӛрсең кішірген,



 

Жесірдің жанын түсінген

 

Әлсіздерге еп едің!



 

Адуынды батырдың

 

Кӛкірегіне бітер жел едің!



 

Ақын халық қазақтың

 

Болмысы ӛзің дер едім!..



 

 

Махамбет: 



 

Ӛтті ғой заман, ӛтті ғой,

 

Кешегі Исатайдың барында,



 

Мен, Мен едім, Мен едім!

 

Алақандай Нарында,



 

Басушы едім құлаштай.

 

Енді мына заманда



 

Жәбір беріп, жала етсе,

 

Былғанған басым ласқа



-

ай.


 

Мен бір шарға ұстаған

 

Қара балта едім,



 

Шабуымды таппай кетілдім,

 

Қайраса, тағы жетілдім!..



 

 

Төлеген жырау:



 

Қайраса тағы жетілдің,

 

Қазақтың ӛзі секілдім!



 

Жүрегі жоқ, сезім жоқ

 

Заманға соғып кетілдің!



 

Жетім, жесір зарына

 

Жүрегіңді малып ап



 

Қатайдың, тағы жетілдің!

 

Еңку


-

еңку жер шалып,

 

Домбыраны қолға алып,



 

Зорлықты


 

алдың алқымнан,

 

Алғыс жауды халқыңнан.



 

Сағынды елің ӛзіңді,

 

Естісін тыңдап сӛзіңді,



 

Ортасына баралық,

 


Домбыра қолға алалық

 

Кӛтерелік кӛңілді



 

Уайым, қайғы қуылсын,

 

Кӛңілдің кірі жуылсын.



 

 

Махамбет:



 

Баралық інім, баралық

 

Кетер ме мұңым таралып.



 

Сӛз тыңдалық

 

халқымнан,



 

Асылын теріп алалық...

 

 

 



Екеуі сахнадан кетеді.   Шымылдық.

 

 

 

 

 

2-

көрініс

 

  

Тойдағы  ел.  Жыршыны  тыңдап  отыр.  Жыршы  Доспамбет 

жырларын айтады. Тӛлеген жырау Махамбет жырларын жырлайды.

 

 

Қарт кісі:

 

Мынау Еділ

-

Жайық ортасы 



 

Қашаннан да жыраулардың

 

ордасы.


 

Сӛз қадірін бала екенсің білетін,

 

Жырау інім Доспамбеттен қозғашы.



 

 

Жыршы:



 

Тыңдаңыздар. Білгенімізді ортаға салып кӛрелік.

 

 

Жырлап кетеді.



 

Балпаң, балпаң басарсың

 

Басуға табан шыдаса,



 

Қызыл алмас жан қияр

 

Қызыл талға қынаса,



 

Жол болмасқа немене

 

Тарығып шын жыласа,



 

Мал бітпеске немене

 

Жігіт жанды бұласа,



 

Ел шетіне жау келсе,

 

Алдына сірә дау келсе,



 

Батырсынған жігіттің

 

Күшін сонда сынаса!



 

 

 

 



Кӛпшілік қошамет сӛздерін айтып жатады.

 

Жырау:

 

Заманда жаугершілік ӛмір сүрген,



 

Доспамбет  батыр екен, ақын екен.

 

Сӛздері әлі күнге ұмытылмай,



 

Халықтың арманына жақын екен.

 

 

Төлеген жырау:

 

Кӛзсіз батырлығы бойында, 

 

Уытты сӛздері ойында, 



 

Жалынды жігерлері 

 

Бір


-

бірінене ұқсас жатқан,

 

Кшегі Асан қайғы мен Қазтуған, 



 

Доспамбет пен Шалгездер 

 

Осы топырақтың шаңын жұтып, 



 

Еділ


-

Жайық суын ішкен ерлер екен.

 

Сӛз саптауға келгенде



 

Теңдесі жоқ зергер екен. 

 

Бір тамырдан нәр татқан,



 

Нәрмен қоса зәр татқан, 

 

Сол ұлылар тізбегіне 



 

Біздің Махамбет аға да жол тартқан.

 

Елі кәзір солай деп бағалайды,



 

Қара халық ортасында 

 

Хандай дәрежелі, ағалайды.



 

 

Махамбет:



 

Ағаның сұрағы аяқсыз қалмасын,  

 

Жырау жігіт Доспамбетті жалғасын.



 

 

Жырау:



 

Айнала бұлақ, басы Тең,

 

Азаулының Стамбұлдан несі кем,



 

Азаулыдағы Аймедет

 

Ер Доспамбет ағаның



 

Хан ұлында қолында бардан несі жоқ,

 

Би ұлынан несі кем!



 

Тәңірдің ӛзі берген күнінде

 

Хан ұлынан



 

Артық еді менің несібем!

 

Азаулыда 



 

Аға болған ерлер кӛп еді,

 

Әйтсе де 



 

Алмаға ат байлағаны жоқ еді!

 

Бірікпей басы барады



 

Түркінің, шіркін, кӛп елі...

 

 

Қошамет сӛздер.



 

 

Сере, сере, сере қар,

 

Асты кілең, үсті мұз,



 

Күн


-

түн қатса жібімес.

 

Кұректей мұзды тоңдырып,



 

Кірмебас ауыр қолға бас болып,

 

Күңіреніп күн түбінде жорытқанмын!



 

Уа, жігіттер, жігіттер!

 

Дүниенің басы сайран, түбі ойран,



 

Озар бастан бұ дүние

 

Азаулының Аймедет



 

Ер Доспамбет ағадан.

 

 

Қошамет сӛздер.



 

Айналайын Ақ Жайық

 

Ат салмай ӛтер күн қайда,



 

Еңсесі биік боз орда

 

Еңеке кірер күн қайда,



 

Қара бұлан терісін,

 

Етік қылар күн қайда,



 

Күдеріден бау тағып

 

Кіреуке киер күн қайда,



 

Күмбір, күмбір кісінетіп

 

Күреңді мінер күн қайда,



 

Алты құлаш ақ найза

 

Ұсынып шаншар күн қайда,



 

Садақ толған сайгез оқ

 

Масағынан ӛткеріп,



 

Басын қолға жеткеріп

 

Созып тартар күн қайда,



 

Кет


-

Бұғадай билерден

 

Кеңес сұрар күн қайда,



 

Еділдің бойын ен жайлап,

 

Шалғынға бие біз байлап



 

Қасиетті қара сабадан

 

Бозбаламен күліп



-

ойнап,


 

Қымыз ішер күн қайда!

 

 

Қошамет сӛздер.



 

Тоғай, тоғай, тоғай су

 

Тоғай қондым, ӛкінбен,



 

Толғамалы ала балта алып

 

Топ бастадым ӛкінбен,



 

Тобыршығы биік жай салып

 

Дұспан аттым, ӛкінбен,



 

Тоғынды сарты нар жегіп

 

Кӛш түзедім, ӛкінбен,



 

Ту құйрығы бір тұтам

 


Тұлпар міндім, ӛкінбен,

 

Туған айдай нұрланып



 

Дулыға кидім, ӛкінбен,

 

Зерлі тӛсек үстінде,



 

Ақ шымылдық ішінде

 

Тұлымшағын тӛгілтіп



 

Ару сүйдім, ӛкінбен!

 

Бүгін, соңды ӛкінбен,



 

Ӛкінбестей болғанмын!

 

Ер Мамайдың алдында



 

Шаһид кетсем ӛкінбен!..

 

 

Қошамет сӛздер

 

 

Жыршы:

 

Уа, мына біздің

 

Еділ


-

Жайық арасы,

 

Талай қырғын болған жер.



 

Еділ


-

Жайық арасы

 

Талай сүргін болған жер.



 

Атқа қонған бір күні

 

Ханға да қайрат қылған жер.



 

Тартқызам деп жазаңды

 

Билеп тұрған Қазанды,



 

Ханның туған шешесі

 

Сүйінбике ханымды



 

Тұтқын қылып буған жер.

 

Қашып кеткен ноғайды



 

Қайырмаққа

 

серт етіп



 

Ат сабылтып қуған жер.

 

Сүйініштің ұлы Қазтуған



 

Туған жерін қия алмай,

 

Қонысын жоқтап еңіреп



 

Жаспенен бетін жуған жер.

 

 

 



Қошамет сӛздер айтылады. Жыршыны кӛтермелейді.

 

 

Жыршы:



 

Еділ мен Жайық арасын 

 

Жатқа қалай қиярсың?



 

Сол талаппен талай керім ӛткен ғой. 

 

Исатай да солай жылап ӛткен ғой.



 

 

Жырлап кетеді.



 

 

Исатай қандай ер еді

-

ай...


 

Әділдігін сұрасаң –

  


Қастаспаған момынға

 

Жәбір



-

жапа қылмады.

 

Қайсарлығын сұрасаң –



  

Бӛксе бұрып орнынан

 

Хан келсе де қыңбады.



 

Сабырлылығын сұрасаң –

 

Ӛзі айтқанда аз сӛйлеп



 

Кісінің сӛзін тыңдады.

 

Батырлығын сұрасаң –



  

Ерегескен жауымен

 

Қан тӛгіспей тынбады.



 

 

 



Жыршы:

 

Ал, енді кезекті Тӛлеген жырауға берелік.

 

 

Төлеген жырау: 

 

Мен Махамбет сӛздерінен айтып кӛрейін.

 

 

Тӛлеген жырау жырлап кетеді.

 

 

Құлжа қуған текешік

 

Құлдырайды құты ұшып.



 

Айшықты мүйіз тигенде,

 

Бас ұрмай ма, баз кешіп?!



 

Біздер


-

дағы, жігіттер 

 

Бірлестірсек білекті,



 

Шынтуайттасақ тілекті,

 

Халық қамын ойлайтын



 

Басымызға бір заман

 

Орната білсек керек



-

ті...


 

 

Қарт кісі:



 

Махамбет шырағым! 

 

“Құлжа қуған текешік” –



   

Айшықты әсем, сӛз екен.

 

Дәл таныған қандай кӛз екен!



 

Олар кімдер?

 

 

Махамбет:



 

Қарауыл қожа бес жүз  қолмен 

 

Исатайдан қашқанда, 



 

Екі жүз сарбаз қасында

 

Исатай бағы асқанда,



 

Айтылып кеткен бір сӛз ғой,

 

Шағыңда шалқып, тасқанда.



 

 

 

Кӛпшіліктің қошамет сӛздері.



 

 

Қарт кісі:

 

Бәрекелді!

 

Жырлай бер інім.



 

 

Төлеген жырау:



 

Арғымақтың баласы

 

Аз оттар да, кӛп жусар –



 

Талаудан татқан дәні бар;

 

Азамат ердің баласы



 

Аз ұйқтар да, кӛп жортар –

  

Дұшпанға кеткен ары бар.



 

Барымтаға түскен малы бар.

 

 

Кӛпшілік кӛтерме сӛздермен қоштап қояды.



 

Табаны жалпақ тарлан боз

 

Шабарында есінер.



 

Бір мінезі келгенде

 

Жібектей жұмсақ есілер.



 

Жауда қалса жолдасы,

 

Мақтанады несіне ер!



 

Тастай қатты тағдырың

 

Исатаймен шешілер.



 

Айтып


-

айтпай немене –

 

Қор болды



-

ай, қайран, есіл ер!

 

 

Кӛпшілік кӛтерме сӛздермен қоштап қояды.



 

Атадан туған аруақты ер,

 

Жауды кӛрсе жапырар



 

Үдей соққан дауылдай.

 

Жүйрік аттың белгісі



 

Тұрады құйрық жалында

-

ай.


 

Айтыл


-

айтпай немене,

 

Халық қозғалса,



 

Тұра алмайды хан, тағында

-

ай!


 

 

Кӛпшілік кӛтерме сӛздермен қоштап қояды.

 

Күн қақты ердің астында



 

Кӛп жүгіретін күлік бар.

 

Кӛп садақтың ішінде



 

Кӛбе бұзар жебе бар.

 

Исатай міне сол еді.



 

Жауырынан жарып ӛтін алса да

 

Жамандарға жалынбас,



 

 

Кӛпшілік кӛтерме сӛздермен қоштап қояды.

 

Жоқтаған жоғын қарындас,



 

Исатай емей кім еді?

 

Қарайғанның, жігіттер



Бәрін кісі демеңіз,

 

Кӛпе


-

күндіз тайраңдап,

 

Түзге шықпас ерлер бар.



 

 

Кӛпшілік кӛтерме сӛздермен қоштап қояды.

 

Арқаның қызыл изені



 

Басы күрдек түбі арал,

 

Қыдырып шалар аруана.



 

Кәрісі кімнің жоқ болса,

 

Жасы болар диуана.



 

Бір сынаған жаманды

 

Екіншілей сынама



Тіріде сыйласпасаң ағайын,

 

Құм құйылсын кӛзіңе,



 

Ӛлгенде бекер жылама! 

 

   


 

Кӛпшілік кӛтерме сӛздермен қоштап қояды.

 

-

 



Қалай айтады?

 

-

 



Рас

-

ау, тіріде  ұрысып, ӛлгенде жылап...

 

 



Қарт кісі:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет