Маханбеталиева к. Т., Мухамеджанова с. Н


 Малиполь және Тафтинг тоқып-тігу



Pdf көрінісі
бет136/150
Дата30.04.2022
өлшемі3,7 Mb.
#32911
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   150
 
4.11. Малиполь және Тафтинг тоқып-тігу  
машиналары 
 
Малиполь    машинасында  ұзын  түкті  ілмектер  жасайтын  тігу 
жіптермен  каркасты  тоқылған  немесе  трикотаж  жаймаларын  тоқу 
жолымен пүлішті немесе түкті жаймалар өндіріледі. 
Жайманы  тоқу  процесі  былай  жүзеге  асырылады.  Соңғы  сол 
жақтағы  жағдайдан  соңғы  оң  жақтағы  жағдайға  саңылаулы  7  ине 
ауысқан  кезде  ол  каркасты  материалды  тесіп  шығады,  мұндай 
жағдайда  қозғалтқыш  8  ине  күзуін  ашады,  ал  планка  саңылаулы 
инелермен  бірге  ауысып  кетпеуден  каркасты  материалды  ұстап 
қалады. 
Соңғы  оң  жақтағы жағдайда  саңылаулы  инеге  көзшемен  4  тігу 
жібі  төселеді.  Саңылаулы  иненің  қайтымды  қозғалысында  қайта 
қойылған  тігу  жібі  ілгек  астынан  шығарылады,  ілгек  қозғалтқыш 
арқылы жабылады және тігу жібі платинамен 6 ұсталынып қалынатын 
каркасты материал арқылы көтеріледі. 
Ілмекқалыптастырудың  келесі  циклында  тігу  жібі  саңылаулы 
инелер арасында орналасқан платинаны 2айналып көрші инеге көзше 
4 арқылы төселеді. 
Малиполь машинасы 10,12 және 14 класты болып шығарылады. 
Тоқу жылдамдығы 900-1100 тігіс минутына. 
Тайтинг  тоқып-тігу  машинасы  аралас  технология  бойынша 
жаймаларды  және  кілемдерді  өндіруге  арналған.  Машинада  тігу 


159 
 
жіптерімен  каркасты  тігу  арқылы  түкті  қалыптастырудың 
механикалық  тәсілі  қолданылады,  ал  түкті  бекіту  желімді  тәсіл 
арқылы жүзеге асырылады. 
Тафтинг    машинасында  түкті  қалыптастыру  процесі  Малиполь 
машинасында каркасты тоқу процесіне ұқсас болып келеді. 
Тігу жібі 2 өтетін көзшелі ине 3 (46-сурет) каркасты жайманы 1 
тігеді. 
Ине  соңғы  төменгі  жағдайға  түскенде  ілгек  ине  көзшесінен 
жоғарғы  деңгейде  оңға  қарай  орналасады.  Ине  жоғарғы  қарай 
қозғалған  кезде  ілгек  жіпті  өзіне  тартып  ілмек  4  тоқиды.  Ине 
каркасты жайма үстінде болғанда, жайма тігіс ұзындығына қарай оңға 
қарай  жылжиды.  Одан  кейін  цикл  қайталанады.  Түкті  жіп  ілмегінің 
ұзындығы  жіптің  қоректендіргіш  біліктерімен  беріліс  ұзындығына 
байланысты. 
Кескінді  ілмектері  бар  жаймалар  өндіретін  машиналарда  ілгек 
түбегі  жайманың  қарама-қарсы  қозғалыс  жағына  қарай  бағытталып 
орнатылады.  Мұндай  жағдайда  жайма  жылжыған  кезде  ілмектер 
ілгекке  тізіледі,  ал  онымен  бірге  бір  мезетте  жұмыс  істейтін  пышақ 
ілмектерді кесіп түк жасайды. 
 
   
 
                     а                                                            б  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет