Уп «су» семантикалық өрісі. УП «шар-қоршау» ұғымы «дөңес», «ойыс» ұғымдарымен байланысып, тіл-тілде көптеген сөздер жасайды. Осы Уп «қоршау» ұғымынан су, сұйықтық ұғымындағы сөздер жасалғанын байқауға болады. Адамзат баласының ерте кезден-ақ жоғары әлем мен төменгі әлемді айқын ажырата білген. Осы жоғары әлем мен төменгі әлемнің аралық үшінші әлемі ретінде – су әлемін де анық түсінген. Ежелден дүние-ғалам – жер, ауа, су бірлігін құрайтын Ұлы Қоршау ретінде танылып келген. Уп «су» ұғымына бату, малыну, матыру, орыс тіліндегі вода, аква (ланг,риум...) сөздері мысал бола алады. Ал, балшық сөзін этимологиялық сөздікте: «балшық көне түркі тіліндегі бал деген түбірден жасалған. Бұл түбірден жасалған сөздердің бәрі жұмсақ, сұйық, тез езіліп кететін, жайылып кететін нәрселермен байланысты ұғымда жасалған» 50. 55 б ,- деген анықтама береді. Ал тілдік негіздер теория бойынша, балшық сөзі «бал» ұғымына емес, «су» ұғымына сәйкес келеді деп тұжырымдаймыз. Тіпті бал сөзінің өзі «су» ұғымының қатарынан көрінеді.
Бұл ұғымның қатарына «мәйек» сөзін де келтіруімізге болады. Түсіндірме сөздікте – жас төлдің ұлтабарынан алынып, сүттен ірімшік жасауға пайдаланылатын іріткіш деген мағына білдіреді. Мәйек сөзінің «су» ұғымын білдіруі туралы ғалым: «араб тілінде «муййе» сөзі «су» мағынасын береді» 49. 206 б деген тұжырым жасайды. Тілдік негіздер теориясы арқылы да бұл сөздің «су, сұйықтық» ұғымына қатыстылығын көреміз. Дегенмен мәйек сөзінде май ұғымы айқынырақ көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |