Уп «Күш» логикалық ұғымының семантикалық өрісі. Тілдік негіздер теориясы арқылы Уп (пе) тілдік негізінің «күш» ұғымын білдіруін де көруімізге болады. Бұл ұғымның уп негізі арқылы берілуін – ғаламдық құрылымның беріктігімен, мықтылығымен байланыстырған жөн, - дейді автор. Тіліміздегі берік, бек/бекіту, мық/мықты сөздерінің пайда болу негізіндегі бе, мы элементтері – уп тілдік негізінің дыбыстық нұсқалары. Орыс тіліндегі крепкий сөзінің құрамын қазақтың берік сөзімен салыстыра отырып, автор бұл сөздердің тілдік негіздері бір екенін көрсетеді: берік <> креп. «Уп» тілдік негізіінң күш ұғымын білдіруі қазақтың ауызекі тіліндегі «періп жіберу» тіркесі құрамындағы пер түбірінен де көрінеді. Сондай-ақ батыр сөзінің арғы негізінде де осы тілдік негіз тұр. Осы негізде халықаралық қолданыста Петр түріндегі ат-есім қалыптасқан. Қазақ тілінде де Батыр ат-есімі аз емес. Кей авторлардың бұл сөзді парсы тілінің баһадур сөзімен байланыстыратыны да бар, бірақ біз бұл жерде тілдік негіздердің жалпы тіл атаулыға ортақ екендігін еске алған жөн болады дейміз. Тілдегі пысы (мысы) басу, балуан, айбат т.б. сөздердің құрамынан да автор уп тілдік негізінің «күш» ұғымын көреді. Ал қазіргі түсінік бойынша түсіндірме сөздіктерде: «Батыр – ел қамы үшін жауымен сайысқан тарихи қаһарман, эпостық жырлардың геройы, алып, ер» 41. 152 б ,- деген анықтама берілген. Уп тілдік негізінің күш ұғымын білдіруінің деректерін алуан тілдердегі көптеген сөздерден көруімізге болады. (Біз мұның бірнеше тілдер бойынша 25 мысалын келтірдік )
Семантикалық өрістердің тілде қарама-қарсы полюстер (шектер) бойынша көрінетініне мына деректер мысал бола алады: бір ғана тілдік-дыбыстық негіз (материал) арқылы жоғары-төмен, ақ-қара, жақсы-жаман т.б. тәрізді семантикалық өрістегі сөздер жасалады. Бұл да – жаратылыс-болмыстағы қарама-қарсылықтардың бірлігі заңдылығына сәйкес құбылыс екенін айтады автор. Осыған орай тілдегі берік, мықты ұғымдарымен қарсы шектегі бос (жұмсақ), болбыр тәрізді сөздердің жасалуын да түсінуге болады. Бұл сөздердің таңба-нышандық бейнесі «шар-қоршаудың» ішкі тығыздығымен, яки оның физикалық күйімен байланысты түсіндіріледі. Шар-қоршаудың ішкі тығыздығы үнемі бірдей болмайтыны белгілі: ол кейде өте тығыз (қатты) болуы мүмкін, кейде бос (жай) болуы мүмкін. Бұлда тілдің ғаламдық-жаратылыстық болмыспен сәйкестігінің көрінісі. Бұл жерде бос сөзінің орыс тіліндегі пустой сөзімен сәйкесетін мағынасы туралы да айта кеткен жөн. Бұл ұғым шар-қоршаудың ішінің бостығы арқылы пайда болған делінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |