Уп «Бөлу / бөлік / бөлек» семантикалық өрісі. Уп тілдік негізі бүтін ұғымына қарама-қарсылықты ұғымды – бөлік ұғымын да білдіреді. Себебі, әр бүтін – өзінше бөлек, бөлік. Тіліміздегі бөлік, бөлек, басқа, бөтен сөздерінің шығу негізі уп-тілдік негізі екені осы сөздердің бө/ба негіздерінен көрініп тұр. Осы негізден бөлу, бөліну (ажырату) ұғымы да шығады. Мұнан бөлу, айыру, ажырату ұғымдары тарайды: аборт, абзац, оппозиция, т.б.
Уп «тараптар» (алд, арт, жоғары, төмен) семантикалық өрістері.Уп «бүтіндік» ұғымын бейнелейтін «шар-қоршау» бейнесінің бөліктері түріндегі жарты шарлар (жазықтықта – жарты шеңберлер) бейнелерінен ойыс(опус, опусить)[ ], бүк, бүркеу, бугор, бүкір (дөңес) [ ], алд (бет, пешене, мұрын, перед) [ ] арт ( ма, ме, ба, бе, па, пе болымсыздық тұлғалары) [ ] сөздері мен грамматикалық тұлғалары жасалғанын көреміз. Тіл-тілде осы ұғымдардан жасалған өзге сөздер де мол. Мысалы, перде, пленка сөздері «жабу, бүркеу» ұғымынан, пеленка сөзі «орау» ұғымынан т.б. шығып отыр. (Жұмыста бұл ұғымға қатысты 50 сөз келтірілді).