Маханбетова күНСҰлу нұраддинқызы


Уп «бірінші/алд/» логикалық ұғымының семантикалық өрістері



бет27/46
Дата07.04.2022
өлшемі368,58 Kb.
#30253
түріДиссертация
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   46
Уп «бірінші/алд/» логикалық ұғымының семантикалық өрістері. Біз уп «шар-қоршау» таңбасының статикалық және динамикалық қалыптағы бейнелерімен осы бейнелер арқылы сөз жасалуының кейбір деректерін келтірдік. Сонымен қатар, тілде осы уп тілдік негізінің «шар-қоршау» бейнесі өзінің бөліктері арқылы да сөзжасамдық қызмет атқаратыны көрінеді. Шар-қоршаудың бөліктері сызба бейнеде мына түрде көрінеді:
уп- теріс (минус) уп- оң (плюс)
10– сызба
Берілген таңба-нышандар бейнелері – шар-қоршаудың оң және теріс бөліктері бола тұра, бұлар да уп тілдік негізі арқылы дыбысталып, тілде алуан түрлі сөздер жасайды. Мұндағы оң өрістер алд (алдыңғы жақ) және жоғары ұғымдарын білдірсе, теріс өрістер арт (артқы жақ) және төмен өрістеріндегі сөздерді жасайды. Мысалы, алдыңғы ұғымы тілде бірінші ұғымымен семантикалық байланыста екені белгілі. Бұл ұғым қазақ тілінде бет (бет алды), орыс тілінде перед, аванс, авангард, т.б. көптеген сөздер жасайды. Тілдік негіздер теориясы бойынша, аванс сөзін ав(уп - алд)+ан (ун)+с (ус «зат, ақша») түрінде оқуға болады. Түсіндірме сөздікте аванс сөзіне – алатын жалақының есебінен алдын ала берілетін ақша, зат деген анықтама берілсе, авангард сөзіне – шабуыл кезінде алдыңғы майданның шебінде жүретін жауынгерлер тобы деп түсіндірген 41. 41 б.

Ал авангард (Уп+Ун+гард) ав <уп (алды) + ан<ун (бағыт) + гард (қоршау, қорғаныс) түрінде оқылады. Ирландықтар полицияларын гард деп атаса, ежелде суық қарудың аты болған. Сондай-ақ, гард сөзінің орыстың город (қоршау, қорған) сөзімен де байланыстылығын байқауға болады. Осылайша тілдік негіздер теориясы арқылы сөздердің құпиясын оңай ашуға болатынын көреміз. Уп «алд» ұғымына бет сөзінің қатыстылығын да тілдік деректер дәлел болады. Бет сөзіне түсіндірме сөздікте – адамның алдыңғы жағы, жүзі деген анықтама берілген. Ал тілдік деректер бойынша, «бет» сөзі «алд», «алдыңғы жақ» ұғымын білдіретінін көруге болады. Бұған өзге түркі тілдерінің де (тува, тофа тілдері) деректері дәлел бола алады. Яғни бет: уп (бе/еб <уп алд)+ут/ет/ету) түрінде оқуға болады. Сондай-ақ, маңдай сөзі де уп «алд» ұғымы арқылы жасалғаны көрінеді. Мұндағы ма элементі уп тілдік негізінің дыбыстық нұсқасы. Бұл сөздің де «алдыңғы жақ» ұғымын білдіруін тілдік деректер айғақтайды. Маңдай сөзі түркі тілдерінің барлығында дерлік осы ұғымды білдіріп, осылай аталады. «Түркі тілдерінің ішінде өзбектерде «маңдай» сөзінің орнына парсы тілінен ауысқан «пешана» жиі қолданылады» 49. 201 б,- дейді ғалым. Біздің тілімізде де пешене сөзі маңдай ұғымымен сәйкес келеді. Тілдік негіздер теориясы бойынша, Ш.Бекмағамбетов маңдай-пешене сөзін пе (маңдай, алд)+ше (жазу) + не (не болатын тағдыр 37. 159 б, - түрінде оқуды ұсынады. Сондай-ақ, автор еңбегінде орыс тіліндегі перед, правда, т.б. сөздердің мысалдары келтірілген.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет