Маханбетова күНСҰлу нұраддинқызы



бет37/46
Дата07.04.2022
өлшемі368,58 Kb.
#30253
түріДиссертация
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   46
Пәнді оқыту мақсаты: Сөздің мағынасы толық айқындалып, тыңдаушыға түсінікті болу үшін, ең маңызды жайт – сөз мәнін дұрыс айтылуы, толық ұғынылуы болса керек. Сөз таңбаның екі жағы бар екені аян: оның дыбыстық көрінісі және мағыналық сипаты. Бұл екеуін бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Дей тұрғанмен, қазақ тіл білімінде сөздің формальдық сипаты тереңдей зерттелгенімен, мағыналық сипатына назар аударылмағаны мәлім, сондықтан да қазақ тілінің семантикасының негізгі теориялық ұғымдарын меңгерту, сөздің мағыналық құрылымын «формадан мазмұнға принципі» негізінде оқыту.

Пәннің міндеттері:

- семантиканың негізгі теориялық ұғымдарын меңгерту;

- лексикалық мағына, грамматикалық мағына, сөзжасамдық мағынаның бір-бірінен айырмашылығы мен ұқсастығын аңғару;

- сөздің терең мағыналық құрылымын анықтай білу;

- семантикалық ұшбұрыш теориясын меңгерту;

- сөз мағынасының макрожүйесін құрайтын бөлшектері мен микрожүйесін құрайтын мағыналық бөлшектерді анықтау;

- сөз семантикасының жүйелілігін көрсету;

- парадигматикалық және синтагматикалық қатынасты талдай білу;

- семантикалық өріс теориясын меңгеру;

- сөз мағынасының когнитивтік негізін саралай білу.

Жоғарыда айтылған мақсат, міндеттерді оқи отырып, семантика пәнін жоғары оқу орындарының оқу ісіне қосу орынды екенін көруге болады. Себебі, заман талабы жан-жақты сауатты білімді ұрпақ тәрбиелеу. Тіл білімінде зерттелу жайы енді ғана бой алып келетін жаңа ғылым саласы семантиканы оқытудың маңызы зор. Осы пәнді оқу арқылы студенттер мынадай мәселелерді тереңінен біліп, ғылыми сауатты болып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде пайдасы зор болары анық:


  • «Қазақ тілінің семантикасы» пәнінің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері, өзге ғылымдармен байланысы

  • Тілдік бірліктердің мағыналық құрылымы мен олардың өзгешеліктері

  • Сөз мағынасы және контекст.

  • Сөздің грамматикалық мағынасы. Лексикалық мағына

  • Семантикалық ұшбұрыш

  • Таңба теориясы. Сөз семантикасындағы макромағыналар.

  • Денотат және референт

  • Сигнификаттық мағына

  • Реляциялық мағына. Сезімдік мағына

  • Сөздердің метафорлы мағынасы. Фразелогиялық мағына

  • Сөз семантикасындағы макрожүйе

  • Сөздің ішкі формасы

  • Тіл бірліктерінің ішкі құрылымдық мағынасы

  • Лингвистикалық мағынаның берілу жолдары

  • Тілдегі жүйе мен құрылым

Қазіргі дүниежүзілік тіл білімінің даму барысында оның өзекті мәселелерінің бірі – тілдік нысандарды прагматикалық, когнитивтік, лингвомәдениеттанымдық тұрғыдан зерттеу жұмыстарын қолға алу болып отыр. Семантика ғылымын оқыту арқылы тілді танымдық тұрғыдан қарастыруға мүмкіндік береді. Ал тілді танымдық тұрғыдан оқыту қазіргі тіл білімінің негізгі талабы.

Әдіскер ғалым Қ. Ұйықбаев: «Тіліміздегі сөздердің мағыналарын жете түсіну үшін, олардың тарихын білу керек. Сөз тарихы тіл тарихымен, халықтың тарихымен тығыз байланысты» 52. 86 б,- дейді. Бүгінгі күнге дейін сөз тарихын зерттеу оның этимологиясымен тығыз байланыста деген пікір айтылып келеді де, сөз мағынасының негізін этимологиядан тарайтын ғылыми және халықтық этимология арқылы анықтауға тырысады. Әрине лексикологияның бір саласы этимология ғылымы сөз пайда болуын зерттеп, олардың алғашқы мағынасының қандай болғандығын айқындайды. Бірақ тілдегі сөздердің шығуын этимологиялық зерттеулер көбіне болжамдап қана айтып, көбіне сөз табиғатын нақты барлай алмай қалып жататыны белгілі. Өйткені бұл бағыт бар болғаны тек құрылымдық тіл білімінің деңгейінде ғана қарастыра алады. Ал тіл табиғатын терендей тану үшін құрылымдық тіл білімінің деңгейі тарлық етеді. Әрине біз, бүгінге дейінгі этимологиялық зерттеулерден жеткен ғылыми жетістіктерді жоққа шығара алмаймыз. Алайда, біз сөз сырын, оның пайда болу негіздерінің сара жолын қалыптастырып, тілдік негіздер теориясы арқылы жоғары оқу орындарында лексикалық семантиканы оқытудың тиімді әдісін ұсынамыз.

Осы уақытқа дейін құрылымдық тіл білімі тілдің материалдық, формалық жағын қарастыра келіп, сөз табиғатын түсіндіруде грамматикалық белгілерін алдыңғы қатарға қойды. Алайда тіл табиғаты ерте кезден-ақ мағыналы құбылыс және қарым-қатынас құралы екендігін ескеруіміз керек. Сол себепті сөздің мағынасын танымдық тіл білімі тұрғысынан қарастыруды жөн санаймыз. Тілдік таным бағыты – тіл білімінде жаңа бағыт. Тіл – қатынас құралы, ойды білдірудің құралы десек, тілді танымдық тұрғыдан зерттеуде әуелі «тіл және ойлау» мәселесі алға қойылады. Қазіргі таңда тілді танымдық тұрғыдан зерттеуші ғалымдар баршылық. Олар тіл болмысты, әлемді, өмірді бейнеледі, сондықтан тіл мен ойлау байлынысты деген тұжырымдар бергенімен, ол екеуінің қалай байланысатынын нақты пікір келтірмейді. Алайда өзіміздің ұстазымыз Ш.Бекмағамбетов тілдік негіздер теориясы бойынша, бұл мәселелерді айқын түсіндіріп береді. Нақтырақ айтар болсақ, «Тіл – ғаламдық болмыс бейнелеуші құрал, Ғалам қандай болса, Тіл де сондай» 53. 205 б. Яғни Ғаламдық заңдылықтар нені бейнелесе, тіл заңдылықтары да соны бейнелей алады деп түсінуіміз керек.

Қазақ тілі оқулықтары мен ғылыми еңбектерде сөздің мағынасы жан-жақты талданып, түсіндіріліп келсе де, сөз табиғаты туралы осы кезге дейінгі көзқарастардың мүлде дұрыс айтылмауы, тілдік негіздер теориясы тұрғысынан қарастырылмауынан деп білеміз. Сондықтан жұмысымызға негіз болып отырған тілдік негіздер теориясы сөз мағынасын анықтауда тигізер пайдасын ескере отырып, жоғары оқу орындарында осы теорияны сөз семантикасын оқытудың әдістемесінде пайдаланудың маңызы үлкен екеніне сенеміз.

Сонымен, сөз семантикасын оқытуда, алдымен тіліміздегі барлық сөздердің шығу төркінін анықтау керек. Содан кейін сөз мағынасының құрылымдық түрлеріне топтастыруға болады. Сөз мағынасының анықтау, сөз пайда болуының құпия кілтін тілдік негіздер теориясынан іздейміз дедік. Ендігі мәселе жоғары оқу орындарында тілдік негіздер теориясына сүйене отырып, лексикалық семантиканы оқытудың тиімді технологиясы мен әдіс-тәсілдері болмақ.

Қорыта келгенде, сөз семантикасын оқытуды екі тұрғыдан қарастыруға болады. Оның біріншісі – қазіргі семасиологиялық бағыт. Екіншісі – генетикалық бағыт. Бірінші бағыт бойынша, бүгінгі күнге дейін көптеген зерттеу жұмыстары жүргізіліп, оны жоғары оқу орындарында оқытып жүр. Ал, екінші бағыт – жаңа бағыт. Бұл бағыт арқылы сөздің терең түпкіріне еніп, сөз бен оның мағынасын айқын ашуға мүмкіндік жасайды. Бұл бағыт тілдік негіздер теориясы арқылы қарастырылады. Сондықтан генетикалық бағыт арқылы жоғары оқу орындарында сөз мағынасын оқытуды дұрыс деп көреміз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет