Маханбетова күНСҰлу нұраддинқызы


Сөз семантикасын оқытудағы сабақ жоспарының үлгісі



бет40/46
Дата07.04.2022
өлшемі368,58 Kb.
#30253
түріДиссертация
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   46
Байланысты:
Қазақ тілі білімінде лексикалық семантиканың зерттелуі, сөз мағынасын оқыту

3.3 Сөз семантикасын оқытудағы сабақ жоспарының үлгісі

Семинар сабағы
Сабақтың тақырыбы:

Қазіргі қазақ тілі лексикасының семасиологиялық сипаты.


Сабақты өткізу формасы – семинар сабақ.
Оқыту әдiстері: сұрақ-жауап, гипотеза әдісі, сөздікпен жұмыс әдісі т.б.
Сабақтың мақсаты:

Сөздің терең мағыналық құрылымын тілдік негіздер теориясына сүйене отырып анықтай білуге үйрету және сөз табиғатын ашып көрсету, түсінік қалыптастыру.


Сабақтың жоспары:

  1. Лексикалық семантиканың қазақ тіл білімінде зерттелуі.

  2. Сөздің лексикалық мағынасы және мағына элементтері.

  3. Сөз мағынасын анықтаудағы тілдік негіздер теориясы.


Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Лексикалық мағыналардың негізгі типтері.

  2. Сөздің лексикалық және грамматикалық мағынасы.

  3. Сөз мағынасы және ұғым.

  4. Сөз мағынасының құрылымдық элементтері.

  5. Тілдік таным теориясы туралы түсінік

Сабақтың барысы.

І. 1 деңгейстуденттік деңгей тапсырмасын орындайды.



Тапсырма. Ауызша сұрақ-жауап әдісі бойынша. Әрбір студент берілген сұраққа ауызша жауап береді. Қалған студенттер олардың жауаптарын талқылайды, толықтырады.

а) Тіл білімінің лексика ғылымы мен семантика ғылымы жайлы түсінік.

б) Екі ғылым саласының байланысы қандай?

в) Лексикалық семантика туралы не білесіздер?

Лексика – көне гректіктің Lexiros (сөздік) деген сөзі. Лексикология тілдегі барлық сөздердің жиынтығын, сөз байлығын зерттейді, тілдің негізгі сөздік ќұрамының келелі мәселелерін түгел қамтып, оны егжей-тегей түсіндіруді маќсат етеді. Ал, семантика – (көне грекше: σημαντικός - танбалаушы, білдіруші) Семантика сөз мағынасын, сөз құрамындағы элементтердің өзара мағыналық қарым-қатынасын, сөз мағынасы түрлерінің даму зандылықтарын зерттейді.

Семантиканың тіл білімінің дербес саласы, жеке ғылыми пән ретінде қалыптасуы француз ғалымы М.Бреаль есімімен байланысты. М.Бреаль «семантика» терминін 1897 жылы өз еңбегінде пайдаланып, ғылыми айналымға енгізеді.


2 деңгей - алгоритмдік деңгейде өз білімдерін түрлі жағдайда қолдана білуі, оқу материялын талдау іскерлігі талап етіледі.

Тапсырма. Ш.Бекмағанбетовтың «Тілдік таным негіздері және тілдік символдар» атты монографиясында 57 бетінде «Ұғым» тақырыбына еркін конспект жасау.

Тіл білімінде ұғым мәселесі әлі күнге дейін анықтала қоймаған мәселе. Ұғымды мағынамен, оймен, түсінікпен тең дәрежеде қарастырғандар да болды. Дегенмен ұғым мәселесін Ш.Бекмағамбетов бір сөзге негіз болған ұғым ежелгі дәуір адамдарына тән ұғым деп түсіндіреді. Сондықтан тілдің пайда болуын түсіну үшін сол ежелгі адамдардың дүние заттары мен құбылыстары туралы ұғым-түсініктерінің пайда болу принциптерін түсіну қажеттігін айтады...


3 деңгей - ізденімдік деңгейде студенттер танымдық-ізденімдік сипаттағы тапсырмаларды орындайды. Бұл деңгейде де берілген тапсырманы жалпы адамзат баласының танымына негіздеп берген жөн. Сөздікпен жұмыс жасайды. Тапсырма. Түсіндірмелі сөздіктен Ук тілдік негізі бойынша, логикалық ұғымы беріледі, соған байланысты сөздерді қарап, орысша, ағылшынша аудармаларын береді.

Сөздер

Семантикалық өріс/ логикалық ұғымдар

Орысша

Ағылшынша



  1. Кесек

  2. Қабір, көр

  3. .....



Жер


Ком


Кладбище

Cemetery




4 деңгей - шығармашылық деңгейде студенттер өз бетімен зерттеушілік әдісті

пайдаланып, білімдерін қалыптан тыс жағдайында қолдана білуге жұмыстанады.



Тапсырма. «Тілдің пайда болу негіздері» атты тақырыпта эссе жазу.
Бағалау: Студенттердің сабақта алған білімді терең түсінгендігінің дәлелі мен айғағы ретінде олардың сабақ соңында балл бойынша бағаланады. Оны мына кесте үлгісін ұсынуға болады.


Студенттің аты-жөні

Бағалау деңгейі


  1. Мәмбетов Б

  2. Мұратова С

  3. Қалжанова А

  4. ....

І дең

ІІ дең

ІІІ дең

IV дең

қорыту

+

+

+


+

-



+

-

+



+

-

+



+

2 балл


3 балл

4 балл






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет