Уп «Жазық» логикалық ұғымы: Уп «шар-қоршау» домалақ, шеңбер бола отырып, айналу ұғымын білдірсе, жұмыр жер дөңес, ойыс болуымен қатар жазық та болады. Сондықтан тілімізде Уп «жазық» ұғымын білдіретін сөздер қатары: байтақ, палас, бетпақ, плантация т.б. болып келеді.
Тілдік деректерге назар аударсақ, өткен ғасырда «байтақ» сөзі өте жиі кездескен. Көбіне жыраулар поэзиясында актив қолданылған. Және сол кездері байтақ ұғымы «жеке бір хандықты, ел-жұрт» дегенді білдірсе керек деген тұжырым жасаған болатын ғалым Р.Сыздық 51. 53 б. Қазіргі кезде байтақ сөзі ұшы-қиыры жоқ, кең деген ұғымды білдіреді. Тілдік негіздер теориясы да бұл сөзді Уп «жазық» ұғымына қатыстылығын көрсетеді. Талдап көрсететін болсақ, байтақ (Уп+Ут+Уқ) ба/аб <уп (жазық) + ут (тегіс/тақыр)+ уқ (кеңістік орын) деп көрсетеміз.
«Бүтіндік» ұғымының қатарында көрінетін бұқарасөзі араб тілінен еніп, қазіргі түсінік бойынша, «жұртшылық, қара қауым» деп анықталады. Тілдік негіздер арқылы талдасақ, бұқара сөзі өзіміздің түркі сөзі екеніне көз жеткіземіз. Айталық, бұқара (Уп+Уқ+Ур) бұ/ұб<уп (бүтіндік, толықтық) + қара (қара халық, көпшілік), яғни көпшілік қауым болары белгілі. Сол себепті бұқара сөзінің «бүтіндік» ұғымына қатысы бар деп білеміз.
Қорыта келгенде, жұмысымызда Уп «шар-қоршау» тілдік негізіне қатысты 300 - ге жуық сөздерді қазақ, орыс, ағылшын тілімен салыстырып қарастырдық. Біз тілдегі сөздердің шығу төркінін қалыптасқан дәстүрлі түрдегі этимологиялық сипаттағы әдістен өзгеше әдіспен – тілдік негіздер теориясы әдісімен түсіндірдік. Осылайша, тілдегі барлық сөздердің шығу тегін тілдік негіздер теориясы еркін шешіп бере алатынына көз жеткіздік.
Достарыңызбен бөлісу: |