Маханбетова күНСҰлу нұраддинқызы



бет45/46
Дата07.04.2022
өлшемі368,58 Kb.
#30253
түріДиссертация
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46
Байланысты:
Қазақ тілі білімінде лексикалық семантиканың зерттелуі, сөз мағынасын оқыту

ҚОРЫТЫНДЫ
Жалпы лингвистикада тіл құдіретін, сөздің табиғатын, сөздің пайда болуы туралы зерттеулер аз емес. Алайда тіл табиғаты түпкілікті шешілген мәселе болмай тұр. Алғаш жаралып, пайда болған сәттен-ақ, адамзат тілі дүниені танып-түсінудің әмбебап құралы ретінде қызмет етіп келеді. Алайда дүниенің барша құбылысын танып - білуге қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан осынау тіл – құрал өзінің тарихи тегін, түп негізін танып-білуде күні бүгінге дейін дәрменсіз болып келуі қалай? деген ғалым Ш.Бекмағанбетовтың пікірі ащы да болса шындық. Сөз табиғатын зерттеуде айтылған пікірлерді, ой -тұжырымдарды жоққа шығарып, сынамақ емеспіз, қай тұжырымды саралай қараған жөн деп семантика ғылымының зерттелу тарихына тоқталдық.

Қандай ғылымның болса да өмірге келу, қалыптасып, біртіндеп даму тарихы болады. Сондай тарих семантика ғылымында да бар. Семантиканың тіл білімінің дербес саласы, жеке ғылыми пән ретінде қалыптасуы француз ғалымы М.Бреаль есімімен байланысты. М.Бреаль «семантика» терминін 1897 жылы өз еңбегінде пайдаланып, ғылыми айналымға енгізеді. Ал, неміс және орыс тіл білімінде осы ұғымның синонимі ретінде «семасиология» термині қолданылады. Неміс зерттеушісі К.Райзиг латын тілі бойынша жазылған лекцияларында семасиология атты жеке пәнді сөз мағынасының өзгеру заңдылықтарын зерттеу барысында осы терминді қолданынады. Осылайша ғалым К.Райзиг грек тіліндегі semasia «мағына» және semanio «білдіру» деген сөздермен қосып, «мағына туралы ғылым» деген ұғымды ғылымға қосады. Ал кейіннен француз тілшісі М. Бреаль өзінің атақты «Essai de semantique» яғни «Мағына туралы ғылым. Семантика» еңбегінде «семантика» терминін қолданады.

Семантика ғылымының зерттелу тарихы орыс тіл білімінінде де жан-жақты зерттелінді. Орыс тіл білімінде семантика ғылым ретінде ХІХ ғасырдың 2-жартысынан бері В. фон Гумбольдт идеясының негізінде X. Штейнталь, А. А. Потебня, В. Вундттың күрделі еңбектері жарық көрген соң дами бастады. Бұған негіз болған 1963 жылы МГУ – де тілшілер мен философтардың қатысуымен өткен жиналыста В.М.Мальцевтің жасаған баяндамасы еді. Баяндамада сөз мағынасына байланысты бірнеше мәселелердің басын ашып алу үшін мынадай сұрақтарға жауап іздеу керек деген болатын: «Тіл материалдық құбылыс па, идеялық па? Жоқ әлде екеуінің қосындысы ма? Ұғым тілдің құрамына ене ме, жоқ әлде осымен байланысты, объектив дүниені бейнелей ме? Сол заттармен тікелей байланысқа түседі ме? Әлде ұғым арқылы байланысады ма? Сөз мағынасы ұғым ба? Әлде дүниенің жалпыланған бейнесінің бір формасы ма? Сөз мағынасы өзі білдіретін зат емес пе? Әлде дыбыстар комплексінің затпен байланысы ма? Немесе сөз мағынасы ұғым не басқа ой элементтерімен қарым – қатынасы ма?» Осы сұрақтарға жауап беру барысында орыс тіл білімінде семантика ғылымы айтарлықтай дами түсті.

Орыс тілінің лексикалық семантикасын тереңінен зерттеген ғалымдар: Ю.Д.Апресянның «Лексическая семантика» 1995 жылы, В.А.Звегинцевтің «Семасиология» 1957 жылы, Л.А. Новиковтың «Семантика русского языка» 1982 жылы, Д.Н.Шмелевтің «Современный русский язық» 1977 жылы, И.М.Кобозеваның «Лингвистическая семантика» 2000 жылы т.б.лардың еңбектері семантика ғылымының дамуына үлесін тигізді.

Ал, лексикалық семантиканың қазақ тіл білімінде зерттелуі ХХ ғ. басындағы қазақ тілші-ғалымдарының еңбектерінен басталса да, өткен ғасырдың орта шеніне, әсіресе соңғы кезеңдеріне қарай біршама толық игеріле бастады деуге болады. Сөз табиғаты жайлы А.Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов еңбектерінен бастап, белгілі лексиколог ғалымдар І.Кеңесбаев, К.Аханов, А.Ысқақов, Ә.Болғанбаев, Ғ.Мұсабаев, М.Оразов, А.Айғабылов, Е.Жанпейісов, т.б. тарапынан жан-жақты қарастырылды. Тарихи тұрғыдан Ә.Қайдаров, Б.Сағындықұлы, А. Салқынбай, Ж.Манкеева т.б. ғалымдардың еңбектері жарыққа шыққандығы белгілі.

Қазіргі тіл білімінде лексикалық семантиканың семасиологиялық және ономасиологиялық бағыттар бойынша зерттелуі қалыптасқан. Ю.Д.Апресян бастаған Мәскеу лингвистикалық мектебінің ғалымдары орыс тілі лексикасының тіркесімділік жүйесі бойынша өнімді еңбек етіп, үлкен-үлкен сөздіктер жасады. Ал, қазақ тіл білімінде соңғы кездерде бұл мәселеге қатысты Ғ. Хасановтың «Қазақ тілінің лексикалық синтагматикасы» (А., 2009ж) атты еңбегі мен бірқатар авторлардың ғылыми мақалаларын атауға болады. Қазақ тіл білімінде лексикалық семантика мәселелері семасиологиялық және ономасиологиялық тұрғыдан дәстүрлі түрде біршама зерттелгенімен, оны генетикалық тұрғыдан қарастыру жайы әлі сөз болған емес.

Лингвистикалық семантиканың саласы әр алуан, мысалы, олардың бірқатары мыналар:а) лексикалық семантика; ә) грамматикалық семантика; б) мәтін семантикасы; в) когнитивті семантика;г) стилистикалық семантика т.б.

Осылардың ішінде біздің қарастырған мәселеміз – лексикалық семантика. Бірақ біз мұны дәстүрлі түрдегі сөз мағынасын бүгінгі тіл тұрғысынан түсіндіру бағытында қарастырмаймыз. Мәселе сөз семантикасының бастау көздерінің қайда жатқандығын саралауға, тіл мен ойлаудың байланысынан пайда болатын сөз табиғатын тереңдей тануға бағытталады.

Қазіргі тіл білімінде сөз мағынасын анықтаудың екі бағыты қалыптасқан. Семасиологиялық және ономасиологиялық.

Семасиологиялық бағыт арқылы сөздердің қазіргі тілдегі алуан түрлі мағыналық ерекшеліктерін (синоним, антоним, көп мағыналылық т.б.) зерттейді. Онамасиологиялық бағыт арқылы сөз бен мағына арасындағы байланысты, затқа сол аттың берілу принципін анықтайды.

Біз өз жұмысымызда лексикалық семантика мәселесін ономасиологиялық бағыт бойынша зерттеуге бағытталдық. Ономасиологиялық бағыттағы зерттеу қатарына жатқанымен, тіл біліміндегі мүлде жаңа бағыт болып есептелетін тілдік негіздер теориясын негізге алдық. Зерттеу тақырыбын қарастыра отырып, сөз семантикасын зерттеудің мүлде жаңа бағыты – тілдік негіздер арқылы зерттеу бағытының болашағы зор екендігіне көз жеткіздік. Тілдік негіздер теориясын ұсынған – Ш.Бекмағамбетовтың тіл табиғаты, философиясы, жалпы, тілдің пайда болуы туралы жазылған «Тілдік таным негіздері және тілдік символдар» атты ғылыми еңбегі тілді тереңінен анықтауға септігін тигізді. Аталған еңбекті негізге ала отырып, тілдік символдар арқылы бүгінде тіліміздегі сөздердің түпкі мағынасын ашуға тырыстық.

Сондай-ақ тілдік негіздер теориясы арқылы көптілді салыстырмалы таңба-нышандық сөздік жасау үлгісі ұсына отырып, Уп тілдік негізіне қатысты 300-ден аса сөздің пайда болуының таңба-нышандық негіздері көрсетіліп, олар семантикалық өрістер бойынша ұяларға топтастырылды. Ең бастысы, сөз семантикасын тек бір ғана тілдің (қазақ тілінің) емес, қазірде генетикалық жақтан өзара туыс деп есептелмейтін орыс, ағылшын түркі тілдері деректері арқылы зертеудің тәжірибесі көрсетілді. Себебі, қалыптасқан түсінік бойынша, дүние жүзі тілдерінің шығу тегіне қарай бөліп келген үнді-европа, фин-угор, кавказ, түркі тілдері бір-бірімен туыс емес, сондықтан салыстыра зерттеу қажетсіз деп келді. Ал, біздің мақсат – тіл атаулының барлығы бір негізден шыққандығын көрсету. Бұлардың барлығы да тіл білімінде бұрын қарастырылмаған жаңа бағыттағы ізденістер болып табылады.

Сонымен біз қазіргі тіл білімінде лексикалық семантиканың зерттелу жайына тоқатала отырып, сөз мәселесін қазіргі тіл біліміндегі зерттелуін, негізгі бағыттарын қарастырдық. Әлемдік деңгейдегі ғалымдар У.Куайн, Д.Дэвидсон, С.Крипке, П.Стросон, З.Вендлер, Г.Грайс, И.М.Кобозевалардың орыс тіл білімі өкілдері Ю.Д.Апресян, Е.В.Падучева, Н.Д.Арутюнова, Т.В.Булыгина т.б. ғалымдар еңбектерін саралай қарасақ, тілдің пайда болуы туралы, жалпы сөз табиғаты жайлы мәселелер толық, анық ашылмағандығы байқалады. Әрине біз, ғалымдардың тұжырымдарын жоққа шығармаймыз. Осы уақытқа дейін айтылған ой-пікірлерді негізге ала отырып, тілдік негіздер теориясына тоқталдық. Осылайша сөз семантикасын тілдік негіздер теориясы тұрғысынан зерттеу жолдарын қарастырдық.

Тіл білімінде сөздің табиғатын анықтауда «Семантикалық үш бұрыш» түсінігі де қалыптасты Бұл терминді алғаш рет ғылымға қосқан 1927 жылы «Значение значения. Исследование влияния языка на мышление и научный символизм» деген еңбегінде американдық ғалымдар К.Огден мен И.Ричардс болды. Содан бастап басқа ғалымдар да сөз табиғатын семантикалық үшбұрышпен анықтауды жөн санады. Осыдан барып, Ч.К. Огден и И.А. Ричардстың семантикалық үш бұрышынан бастау алған басқа да сөз табиғатын анықтауда көптеген ғалымдар түрлі фигуралар ұсынды. Мысалы, И.А.Новиковтың трапециясы, Г.П. Мельниковтың төрт бұрыш және синсемитикалық кубы, яғни «трехмерной модели типов отношений между формой, значением и смыслом языковых знаков» Ж. Верньо өз тұжырымдамасын диаграмма түрінді ұсынса, К. Харди динамикалық спираль түрінде анықтауды жөн көрді. Сөз мағынасын үш бұрыштан басқа геометриялық фигуралармен көрсеткен – А.А.Новиков болды. Ол трапеция түрінде анықтауды ұсынды. Бұл жоғары ұсынылған семантикалық үшбұрыш сөз мағынасын толық әрі анық ашып тұр дегенге сену қиын. Біріншіден, әр ғалым семанткалық үшбұрыштың атауын әр алуан береуі; екіншіден ғалымдардың бұл тұжырымдарына сенсек, зат (денотат) болады екен де (Д), ол бірден адам санасында ұғым тұрінде (В) қалыптасып, сонан соң оп-оңай сөзге (А) айнала қалады екен. Бірақ мұнда болмыстағы заттың адам санасында бірден ұғым түрінде қалайша қалыптаса қалатыны түсініксіз; үшіншіден, сөз мағынасын анықтауда ғалымдар В бұрышынан бастап анықтауды ұсынған. Бұған сенксек, адам санасында бірден ұғым пайда бола қалып, ол бірден сөзге айнала қалған. Бұл қисынсыз тұжырым.

Семантикалық үшбұрыш және генетикалық ромба сызбаларын салыстыра келіп, генетикалық ромбаның (генетикалық ромбты ұсынған Ш.Бекмағамбетов), тілдік негіздердің және тілдік таңба туралы жаңаша көзқарстың артықшылықтарын көруге болады.

Осылайша, біз сөздің мағынасын анықтауда тілдік негіздер теориясы арқылы, Уп тілдік негізінің семантикалық өрістері бойынша талдау жүргіздік. Ғалым Ш. Бекмағамбетов Уп тілдік негізінің 30-ға жуық логикалық ұғымдары бар деп көрсетеді. Сол бойынша семантикалық өрістерге топтастырылған. Осы бағытты негізге ала отырып, Уп тілдік негізінің семанткалық өрістері: шар-қоршау, бүтін, толық, кемел, айналу, күш, су, мән, пішін т.б. талдау жасадық. Уп тілдік негізінің логикалық ұғымның бірі – «Қоршау» ұғымы. «Қоршау» ұғымының түп тамырында «Ғалам» түсінігі тұр деп білеміз. Осы ұғым арқылы тіл-тілде мыңдаған сөздер жасалған. Ал осы логикалық ұғым деп отырғанымыз: Ең ежелгі тілжасам дәуірі адамдарының дүниетанымдық ойлауының жемістері болып табылады деп білеміз.

Мәселен, мастер сөзді тілдік негіздер теориясы арқылы бақсақ, мастер < ма (уп- толық, кемел, әдемі,) +с (ус / іс-жұмыс) +ут ет-етістік) + ур (етістік) түрінде таратар едік. Сонда аталмыш сөздің мағынасы «әдемі іс етуші» дегенді білдіріп тұрғанын көреміз. Алайда қазіргі тілімізде бұл сөз орыс тілінен енген деген тұжырым беріліп жүр.

Біз тілдегі сөздердің шығу төркінін қалыптасқан дәстүрлі түрдегі этимологиялық сипаттағы әдістен өзгеше әдіспен - тілдік негіздер теориясы әдісімен түсіндірдік. Осылайша, тілдегі барлық сөздердің мағынасын, шығу тегін тілдік негіздер теориясы еркін шешіп бере алатынына көз жеткіздік. Осы жаңа бағыт тіл білімінде сөз мағынасын анықтауда үлкен жетістіктерге жете алатындығы күмәнсіз.

Сонымен, тіл тарихын зерттеу - кез-келген тілші-зерттеушілердің тісі бата бермейтін аса күрделі мәселе. Осы мәселені тілдік негіздер теориясы бойынша анықтасақ, тіл тарихының қыр-сырын оңай түсіне аламыз. Уп тілдік негізіне қатысты көптеген сөздердің генетикалық негіздерін таңба-нышандық жүйе арқылы көрсетуі тартымды да, түсінікті және ең бастысы – ғылыми тұрғыдан дәлелді көрінеді.

Әрбір адамның өзінің ана тіліне деген көзқарасы, ана тіліне деген шынайы махаббаты – оның ана тілімінің құнын біліп, қадір қасиетін түсінуі деп білемін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет